Ауру малды оқшаулау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасы

РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Гепатит ауруының диагностикасы, емі және алдын алу

Орындаған:
Тексерген:

Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бет.
1.Аурудың эпидемиологиясы
2.Клиникалық белгілері
3.Емі
4.Диагностикасы
5.Алдын алу
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Вирусты гепатит (ағылш. Hepatitis B virus, HBV) -- ВГВ вирусымен шақырылатын бауыр зақымы себебінен, сарғаюымен және зат алмасу процесінің бұзылуымен өтетін, өзінен кейін жиі созылмалы гепатитке және бауыр цирррозына әкеліп соғатын инфекциялық ауру.
1967 жылы табылған. Гепатовирустың тобына жатады. Оның геномы 2 жіпшелік ДНК молекуласынан қалыптасады. Ішкі - сыртқы қабыршақтармен қосылған сыртқы ортаға өте төзімді. Кәдімгі бөлме температурасында 3 ай бойы сақталады. Тоңазытқышта 6 ай, қатырылған түрде 15-20 жыл бойы.
ВГВ-ң таралуы өте кең. Инфекция көзі болып әр түрлі клиникалық ауруларымен ауырған адам және созылмалы тасымалдаушылар болып табылады. Зақымдану механизмі:
1. парентеральді;
2. қан.
Берілу жолдары
Табиғи және жасанды.
Жасанды жолдар:
теріні және шырышты қабаттарды зақымдайтын манипуляциялар (операциялар, инъекциялар, эндоскопиялық тексерулер, манипуляциялар, педикюр, татуаж).
Табиғи жолмен:
жарақаттанған тері қабаттары арқылы. Берілу факторлары:
1. қан;
2. плазма;
3. эритроциттер;
4. фибриноген;
5. протромбин.
Негізгі бөлім.

Аурудың эпидемиологиясы:
Вирусты гепатит жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі. Негізінен бауыр зақымданып, зат алмасуы бұзылып, денесінің сарғаюымен қатар басқа да клиникалық көріністері ұқсас вирусты аурулар.
Қоздырғышы:жай микроскоппен табылмайтын вирус. Оның 4 түрі бар: А вирусы, В вирусы, не А не В емес вирус, Дельта-вирус.
Эпидемиологиясы:
1.Ауру көзі-ауру адам, мал және қоздырғыш вирус тасымалдаушы.
2.Аурудың таралу жолдары-А вирусы-фекальды-оральды жолмен; В вирусы дұрыс тазартылып залалсыздандырылмаған медициналық құрал-жабдықтар(шприц, инелер т.б.), қан арқылы; неА емес не В емес вирус-ауыз арқылы да, қан арқылы да, тыныс жолымен де таралады; Дельта-вирус әлі зерттелуде.
3.Төзімділік (сезімталдық)-А гепатитімен ересек малдар, В гепатитімен көбіне жас төлдер.
4.Маусымдылық-А гепатиті күз-қыс айларында жиі кездеседі. В гепатитіне маусымдылық тән емес.
5.Иммунитет-тұрақсыз, әр-түрлі вирусқа бөлек.
Аурудың даму механизмі-қоздырғыш қанға өтеді де, қан ағымымен бауырға жетеді. Осы жерде өсіп-өніп, улы заттар бөліп шығарады, бауыр клеткаларын зақымдайды, бұл зат алмасуының бұзылуына әкеліп соқтырады, бауыр клеткаларының токсиндерге (уыттарға) қарсы қызметін нашарлатады.
Клиникалық белгілері:
Ауырудың барысы 4 кезеңнен тұрады.
Инкубациялық немесе жасырын кезең- А гепатитінде 14-50 күн, В гепитінде 50-180 күн. 2. Бастапқы немесе сарғайуға дейінгі кезең ұзақтығы бірнеше күннен 2 жұмаға созылды ; малдың жалпы жағдайы бұзылады-шаршағыш болып, тәбеті төмендейді, денесінің қызуы көтеріледі, кекіррік пайда болады, буындары сырқырап, бауыр тұсы ауырады, жүрегі айнып құсуы мүмкін. Осы симптомдармен қатар аурудың ерте білінетін белгілерінің бірі зәр түсінің қоңырқай тартып сыра түстес болуы, ал үлкен дәретінің түсі жайылып ағара бастауы да мүмкін.
Аурудың өрістеу кезеңі немесе сарғаю кезеңі-ұзақтығы 2-3 апта. Көздің ауыздың шырышты қабығының , таңдайдың, терінің сәл сарғыштан қою сары түске дейін боялуымен сипатталады. Бауыры мен көк бауыры ісіп денесінде қызарған бөртпелер пайда болады., кейде мұрнынан, қызыл иегінен қан кетіп, денесі қышиды, зәрінің түсі қоюлана түседі. Қанның биохимиялық анализінде биллирубин көрсеткіші жоғары көтеріліп (нормада-20 ммоль) тимол көрсеткіші (4 ед), АЛТ көрсеткіші (0,68 ммоль) жоғары көтеріледі. Аурудың аяқталу кезеңі-бауырдағы қабыну процесі азайып, оның қызметі ретке келеді: малдың жалпы жағдайы жақсарып, зәрінің және нәжісінің түсі дұрысталады. Бауырдың ісігі азайып, сарғаю кетіп, анализдері қалпына келеді. В гепатиті көбіне ауыр өтеді:жалпы жағдайы қатты өзгереді, денесі қатты сарғайып, қандағы биллирубин мөлшері өте жоғарры болады. Кейде ауру бірнеше рет қайталанып созылмалы түріне айналады. Ал созылмалы гепатит бауыр циррозына айналуы мүмкін.
Асқынуы:-бауыр клеткаларының некрозға ұшырауы салдарынан бауырдың жедел дистрофиясының дамуы. Бұл асқыну бауыр комасына жалғасады - малда әлсіздік, қатты бас ауыруы, тәбеттің жойылуы, қайтара құсу, бауыр тұсының ауырсынуы, бауырдың көлемінің тез кішірейіп кетуі, мұрын мен қызыл иектен, ішектен қан кетуі байқалады. Малдың ақыл-есі тұманданып біраздан кейін ұйқы басып кома дамиды. Бұл асқыну көбіне науқастың өліміне әкеліп соғады.
Емі
1. Ауыру малды міндетті түрде
2. Диета тағайындау керек майсыз, коллориясы аз азықтар беру керек 3. Детоксикалық терапия-ауыз арқылы және венаға 5% глюкоза ерітіндісі, гемодез, Рингер ерітіндісі, физиологиялық ерітінділерді құюға болады.
4. Витаминдер комплексі.
5. Өт айдайтын дәрілер.
6. Өте ауыр жағдайда гармондар тағайындалады.
7. Физиотерапиядан: УВЧ, парафин, озокерит пайдаланылады.
Күтімі: Қорада тазалық шаралары қатаң сақталуы қажет, диета сақтауын қадағалау керек.
Алдын алу
1. Ауру малды оқшаулау
2. СЭС-ке №58 форма бойынша хабар беру.
3. Ауру малмен қарым-қатынаста болған адамдарды, малдарды жасырын кезең біткенше бақылауға алып, зәрін және қанын биохимиялық анализге тексеру.
4. Ауру ошағын дезинфекциялау (3% хлорамин ерітіндісімен залалсыздандырылады).
5.Ауру малды бір рет қолданылатын медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету.
6.Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.
Арнайы алдын алуы: вакцинация1-ші күні, 2,4 айлығында 0,5мл бе.
Созылмалы гепатит
(СГ) - этиологиясы әртүрлі, 6 айдан ұзақ бауырдың созылмалы диффузды қабыну-дистрофиялық ауруы. СГ этиологиялық факторлары:
1. Вирус. СГ вирусты гепатиттің А түрімен ауырғаннан соң 1-2% жағдайда, ал вирусты гепатиттің В түрінен соң 20% жағдайда туындайды. Кейде дельта-вирус, вирус С, Е түрлерімен ауырады, яғни олардан кейін бауыр ауруларымен белсенді ауырғаннан кейін 80% кем емес жағдайда туындайды.
2. Алкоголь, ол бауырдың майлы дистрофиясымен қатар созылмалы алкогольды және жіті гепатитті тудырады.
3. Созылмалы өндірістік интоксикациялар (хлорланған көмірсутегілер, бензол және оның гомологтары, қорғасын, фосфор, сынап, марганец және т.б.)
4. Бауырдың гепатотоксикалық әсері бар дәрілермен зақымдалулары (туберкулезге қарсы препараттар, антибиотиктер, сульфаниламидтер, аспирин, аминазин, анаболикалық стероидтар, метатрексат және т.б.). негізінде кез-келген дәріні ұзақ уақыт немесе оны үлкен дозада қолданса, бауырдың қызметіне және құрылымына қолайсыз әсер етеді.
5. Аутоиммунды (люпоидты) СГ - ағзаның иммунды реакциясының өзгеруі нәтижесінде дамиды.
6. Метаболикалық СГ - альфа 1-трипсин жеткіліксіз өндіруінен, Вильсона-Коновалова нәтиджесінде дамиды.
7. Бейспецификалық реактивті гепатит - АІТ аурулары вирусты гепатиттің ағымына қолайсыз әсер етуінде.
8. Холестатикалық гепатит - бауырдың экскреторлы функциясының бұзылуында дамиды.
Патогенезі: СГ кезінде ағзаның иммундық жүйесінің қалыптаспауында, әсіресе генетикалық бейімділігі бар малдарда дамиды. Нәтижесінде вирусқа қарсы антиденелер жеткіліксіз бөлінеді, гепатоциттер Т-жасушалармен және антиденелермен бұзылады, содан гепатоцит элементтеріне аутоантиденелер түзіледі. Содан соң жасушалық лимфоцитарлы инфильтрация, порталды жолдардың фиброзы дамиды. Созылмалы А гепатитінде гепатоциттер сатылы түрде некрозданады.
Клиникасы: әртүрлі, негізінен:
1. Оң жақ қабырға астының тұрақты түрде, сыздап ауыруы
2. Диспепсиялық синдром, тәбеттің жоғалуы, эпигастрийдегі ауырлық сезімі, кекіру, ас дәмінің бұрмаланып сезілуі, ауыздағы ащы дәм, іштің ұлғаюы, іш қату. Жүрек айну тағам және дәрілер қабылдаған соң күшейеді.
3. Астеновегетативті синдром - әлсіздік, шаршағыштық, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, жиі бауырлық жалқаулық - невроздылық, ипохондрия, дене салмағының төмендеуі, ұмытшақтық.
4. Кіші бауырлық жеткіліксіздік түріндегі симптомдар: қызыл иектің қанталауы, мұрыннан қан кету, терінің қышуы, несептің қараюы, нәжістің ақшылдануы, меноррагия, сарғаю, тамырлық жұлдызшалар,
5. Бауырдан тыс симптомдар - кезеңді түрде немесе ұзақ қызба, буындардың ауырсынуы, деформациясыз және қозғалысының шектелуімен, спленомегалия, бұлшықеттердің ауырсынуы. Объективті: қарағанда терінің түсі сұр-қоңыр түсті, дене, мойын, бетте жиі терілік бөртпелер, тамырлық жасушалар, терілік телеангиоэктазиялар, тырналған орындар, ерлерде гинекомастия, бауырлық алақан (алқызыл-қызыл тері), бауырлық тіл, түктердің артуы, тырнақтардың өзгеруі. Васкулит көріністері - қанның ұю қызметінің бұзылуы және тромбоцитопенияға байланысты. Бауырдың 2см-ден жоғары ұлғаюы және оның тығыздалуы - гепатомегалия деп аталады. СГ кезіндегі спленомегалия көбіне порталды гипертензияға байланысты болады. Сарғаю, эпизодты басталады, өршумен байланысты және бауырдың экскреторлы қызметінің бұзылуы туралы мәлімет береді. Лимфоаденопатия - үдерістің белсенділігінің белгісі және ретикулоплазмоцитарлы жүйе реакциясымен байланысты. Қызба - бауырлық жасушалардың ыдырауы және иммунды жүйенің бұзылуы нәтижесінде туындайды, ал буындық синдром бауырдағы патологиялық үдерістің белсенділігін дәлелдейді.

Диагностикасы:
1) УДЗ - бауырдың құрылысы мен өлшемдерін анықтайды.
2) Бауырды сканирлеу - радиоизотопты зерттеу.
3) Магнитті томография.
4) Бауырдың тері арқылы функциялық биопсиясы. Бауыр циррозы (БЦ) - бауыр жасушасының дистрофиясымен, оның құрылымының өзгеріп, тыртықтанып бүрісуімен бауыр қызметінің жеткіліксіздігінің ұдайы өршуімен сипатталады. Бауыр циррозы созылмалы гепатиттің 60% жағдайында кездеседі.
Этиологиясына қарай цирроздың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сау аймақ - малдың жұқпалы ауруларынан таза аймақ
Құтырық ауруы
Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар
Қарасанның індеттік ерекшеліктері және емі
Халықаралық қатынаста жануарларды тасымалдаудағы қауіпсіздігі туралы Евразиялық конвенция
Карантин
Жануарларды автокөлік құралдарымен тасымалдау
Жануарлардың жеуге жарамды майларын өндіру
Шұжық өнімдерін өндіру
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Пәндер