Несеп жүйесі ауруларының негізгі синдромдары


Жоспары.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Бүйректің атқаратын қызметі.
2. Несеп жүйесі ауруларының жіктелуі.
3. Несеп жүйесі ауруларының негізгі синдромдары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиет
Кіріспе
Малдық жұқпалы емес ішкі аурулары немесе жеке патологиясы бұл ветеринария саласындағы ең басты ілімдік және өндірістік сала болып табылады. Малдың жұқпалы емес ішкі аурулары - бұл ғылыми дәлелденген, аурудың пайда болу себептерінің заңдылықтарын, оның дамуын, өтуін, диагностикалауын, емдік және сақтандыру шараларын жүргізуді оқытатын пән.
Малдық жұқпалы емес ішкі аурулары немесе жеке патологиясы бұл ветеринария саласындағы ең басты ілімдік және өндірістік сала болып табылады.
Малдың жұқпалы емес ішкі аурулары - бұл ғылыми дәлелденген, аурудың пайда болу себептерінің заңдылықтарын, оның дамуын, өтуін, диагностикалауын, емдік және сақтандыру шараларын жүргізуді оқытатын пән. Малдың ауруларын тиімді жолдармен сақтандыру, емдік шараларын жүргізу үшін, ауруды мұқият оқып-білу үшін белгілі бір жоспармен оқытылады.
- Организмде зат алмасуының бұзылу себептерін анықтау.
- Аурудың дамуын анықтайды.
- Аурудың патологиялық көрсеткіштерін анықтайды
- Аурудың белгілерін талдау жасайды. (аурудың белгілерін тексереді, симптоматика-аурудың бегілері туралы ілім), Синдроматика - аурудың белгілерінің жиынтығы
- Аурудың дамуын, өтуін және аурудың асқыну ерекшеліктерін анықтайды.
- Ауруға болжам жасайды
- Ауруға диагноз қояды. Дербестейді
- Тиімді емдеу әдістерін жүргізеді
- Аурудан сақтандыру шараларын ұйымдастырады
Бүйректің атқаратын қызметі
- Несеп бөлу ағзалары қысымды реттеуде, организмде су тепе-тендігін және натрий, калий, хлор, кальций, фосфор және басқада элементтер иондарының концентрациясын сақтауда, зат алмасудың соңғы өнімдерін және организмге жат заттарды сыртқа шығаруда үлкен роль атқарады.
- Сонымен, бөлу жүйесі ағзалары организмде кез келген әсерлер бұза алатын гоместазды қамтамасыз етеді. Гомеостазға әсер етіп жатқан көптеген факторлар организмде дамып жатқан әрбір патологиялық процес несеп бөлу жүйесін зақымдайды.
- Организмнің резистентілігін (төзімділігін) төмендететін көптеген стресс-факторлар шартты микрофлоралардың уыттылығын көтереді. Олардың бөлген токсиндері бүйректе аллергиялық және аутоиммунды реакциялар туындатады, соңында оларда қабыну және дистрофиялық процестер дамыйды.
- Несеп бөлу ағзалары қысымды реттеуде, организмде су тепе-тендігін және натрий, калий, хлор, кальций, фосфор және басқада элементтер иондарының концентрациясын сақтауда, зат алмасудың соңғы өнімдерін және организмге жат заттарды сыртқа шығаруда үлкен роль атқарады.
- Сонымен, бөлу жүйесі ағзалары организмде кез келген әсерлер бұза алатын гоместазды қамтамасыз етеді. Гомеостазға әсер етіп жатқан көптеген факторлар организмде дамып жатқан әрбір патологиялық процес несеп бөлу жүйесін зақымдайды.
- Организмнің резистентілігін (төзімділігін) төмендететін көптеген стресс-факторлар шартты микрофлоралардың уыттылығын көтереді. Олардың бөлген токсиндері бүйректе аллергиялық және аутоиммунды реакциялар туындатады, соңында оларда қабыну және дистрофиялық процестер дамыйды.
Бүйректің қанайналымы екі капиллярлар торы арқылы өтеді
1. Мальпигий капиллярлар шоғыры;
2. Иректі түтікшелердің капиллярларынан қан майда веналарға өтеді, одан майда веналардан құралған веналарға өтеді. Одан қан бүйрек венасына ары қарай төменгі қуыс венаксына өтеді.
Одан басқа бүйрек нефронынан бөлек бүйректе юкстагломерулярлы нефрондар болады олар ми қабатына орналасқан. Олардың бүйрек қан тамыры шоғырының бас жағы бүйрек қыртысы мен ми қабаттарының аралығында жатады, ал олардың тұзағы бүйрек лохангасына (астауша) жетеді. Бүйректің ми қабатының нефроны өзінің қан айналымымен өзгешеленеді, оларға келетін және кететін қан тамырларының қуысы бірдей сол себепті мальпигий шоғырының қысымы жоғары емес.
Шыққан қан тамырлары - капиллярлар майдаланып бүйректің ми қабатына кіреді, олар параллельді орналасады. Бүйректің тамыр шоғырына кіретін артериолдар жуан болады, оны юкстагломерулярлы комплекс деп атайды. Осы клеткалар ренин бөледі, ол артерия қысымын реттеп отырады. Сол себепті бүйрекке қалыпты қан келеді.
Сыртқы ортаның жоғарғы температурасында - несеп аз пайда болады, ал керісінше-сыртқы ортаның төменгі температурасында - несеп көбейеді. Жылқы тәулігіне 3-13 л, ірі қара 5-14 л, қой 1-1, 5 л, шошқа 2-6 л, ит-0, 5 -1 л зәр бөледі. Несептің тығыздығы 1, 018-1, 040, осмотикалық қысымы 23-30 мм сынап бағанасы. Зәрдің реакциясы жылқыда 8, 7-7, 1, ірі қарада 8, 7, итте-7, 0, бұзауда 6, 7 (қышқыл) .
Химиялық құрамы. Ауылшаруашылық малы несебінің 96 %-зы судан, 4 %-зы құрғақ заттан тұрады, олар органикалық-азотты қоспалар (мочевина, несеп-зәр қышқылы, аммиак-пурин негіздері-аденин, гуанин, гипоксантин, креатин, гиппур қышқылы, белокты заттар-индол, фенол, скатол, крезол), ал анорганикалық заттардан-хлорлы натрий, калий тұзы, күкірт қышқылды, фосфорқышқылды тұздар.
Несептің түзілуі 2 фазада өтеді:
1-ші фаза-фильтрационды-сүзгішті фаза. Шумлянский-Бауман капсуласының мальпигий шоғырының капиллярларында өтеді. Онда қанның қысымы өте жоғары 70-90 мм сол себепті өте баяу жүреді.
2-ші фаза-реабсорбция фазасы, яғни қайта сору, иректі түтікшелерде кейбір заттар қайта сорылады. Бұл соңғы пайда болған несепте қант, аминқышқылдары жоқ.
Қолқадан 20 %-дан бүйрекке барады. 1 минутта ірі малда 5 литр қан өтеді, бүйректен, ал тәулігіне 7, 2 тонна, ал адамнан- 1 тонна қан өтеді.
Лабораториялық әдістерді қолданып малды диспансерлік зерттеуде бұл жағдайлар өте ұқыптылықпен жүргізілуі тиіс.
Несеп бөлу жүйесі ауруларының жіктелуі клиникалық-анатомиялық заңдылықтарға негізделген (бүйректер аурулары, бүйректер астаушаларының, несеп жолдары түтікшесінің, қуықтың және уретраның аурулары) .
Бүйректер ауруларын организмнің жалпы реактивтілігін ескере отырып үш негізгі топқа бөледі:
- диффузды гломерулонефрит инфекциялық немесе токсикоаллергиялық аурулар;
- бүйректердің организмнің реактивтілігінің айқын өзгеріссіз өтетін токсикалық және инфекциялық зақымдануы (нефронекроздар, эмболиялық және геморрагиялық нефриттер), бүйректерде зат алмасулары процестерінің бұзылуынсыз дамыйтын дистрофиялық аурулары;
- бүйректердің қызметтерінің бұзылуынан организмде су, электролит және белок алмасулары өзгереді.
Несеп бөлу жүйесі ауруларының негізгі синдромдары
Оған жататындар: ісіну синдромы, жүрек-қантамыр синдромы, несеп синдромы, уремиялық синдром және ауырсыну синдромы.
I. Ісіну синдромы қабақтың, төс астының, іштің ішкі жағының, уманың, аяқтардың тері асты торшасында (клетчаткасында) ісінулер дамуымен байқалады. Қомақты және тұрақты ісінулер негізінде нефрозға тән. Диффузды неффриттерде ісіну аз байқалады, бірақ тез пайда болады, ал ошақты нефриттерде ісіну мүлдем болмауы мүмкін.
Негізгі синдром-ол ісіну (домбығу) синдромы. Бүйрек ауруларының ісінуі жүрек ауруларының ісінуіне қарағанда өзгешеленеді (кенеттен өте тез пайда болады, жергілікті (локальді), бүйрек зақымданғанда) .
Ісінудің дамуы 3 жағдайдан болады:
1. Бүйректің қызметі бұзылғандықтан су мен NaCl сыртқа шығуы бұзылады (бүйректің қан тамырлар шумағында фильтрациялық (сүзгіш) қызметі бұзылғандықтан қанда су көбейеді де, ал ұлпаларда ас тұзы көптеп жиналады) .
2. Капиллярлардың қабырғасының қуысы кеңейгендіктен олардың қызметі бұзылады.
3. Дене ұлпасының қызметі бұзылғандықтан суды бойына сіңіреді.
II. Жүрек-қантамыр синдромы артериялық қысымның көтерілуімен, сол жақ қарыншалардың гипертрофиясымен, қолқа тамырында екінші саздың күшеюімен, тамыр соғуының қатаңдауымен және тахикардиямен сипатталады. Бұл синдром диффузды нефритке және нефросклерозға тән. Нефроздарда, егерде бүйректе қан жүруі бұзылмаса онда артериальді гипертония болмайды.
Ш. Несеп синдромы несептің мөлшері мен бөліну жиілігі өзгеруімен (олигурия, анурия, полиурия, ишурия, поллакиурия) оның физикалық-химиялық қасиеттерінің бұзылуымен (гематурия, протеинурия, глюкозурия) сипатталады (байқалады) .
Полиурия негізінен нефросклерозға және амилоидты нефрозға тән. Олигурия мен анурия жиі диффузды нефритте болады. Поллакиурия -уроциститке тән синдром, ишурия - несептас ауруының, қуықтың сфиктерінің түйілуінің, оның шала салдану мен салдануының негізгі синромы. Протеинурия - нефритке және нефрозға тән несепте қан сарысуы белоктарының пайда болуымен массифті протеинуриямен байқалады.
Полиурия (несеп мөлшерінің көбеюі), олигурия (азаюы) -бұл нефритпен нефрозға тән, ал анурия (несеп мүлдем бөлінбейді) -несеп жолы бітелгенде немесе қуық мойнының түйілуінде.
Полиурия-нефритте, нефросклерозда несептің меншікті салмағы артады. Не төмендейді.
Альбуминурия бүйректен тыс (несепте белок 1 %-дан төмен, патологиялық торша элементтері жоқ - цилиндрлер, эпителий торшалары), ал бүйректік альбуминурияда несепте белок 1 %-дан көп, торшалар бар-цилиндрлер, бүйрек торшаларының эпителийі.
- Глюкозурия - физиологиялық және патологиялық (қант диабеті-сусамыр) .
- Қантсыз диабет- қанда қанттың пайызы анықталмайды, гипергликемия болмайды.
- Зәрмен қан бөлінгенді гематурия деп атайды. Гематурияда несеп бұлыңғыр, қызыл түске боялады, тұнбада қанның формалы элементтері бар.
- Бүйректен тыс гематурияда қанда жаңа ұйыған қан бар, ал бүйректік гематурияда несеп қызыл-қоңыр түске боялады, торшалар бар (цилиндрлер, бүйрек эпителий торшалары) .
- Гемоглобинурияда зәр мөлдір, біріңғай қызыл түске боялады.
- Несеп бөлу жолдары, ағзалары қанталаса, онда қанның пайызы көп, несеп тұнбасында торшалар жоқ.
- Цилиндрурия-несеппен цилиндрлердің бөлінуі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz