Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті
3 деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ПОӘК
042-14.05.01.20.3903-2012
Зоопсихология пәнінің Баспа №3
оқу-әдістемелік кешені 26.02.2010 орнына Баспа
№ 4 ------------

ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ЗООПСИХОЛОГИЯ

ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В050300 Психология мамандықтарына

оқу-әдістемелік кешені

Семей 2012

Мазмұны:

1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық және лабораториялық сабақтар
4. Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
5. Студенттің өздік жұмысы

1 Глоссарий – түсініктемеер

• Зоопсихология – жануарлар деңгейіндегі психикалық бейнелеудің
эволюциясы мен заңдылықтар көріністері жайлы ғылым.
• Зерттеу әдістері – психикалық құбылыстар жайлы мәліметтер жинақтау
құралы., жануарлар психикалық құбылыстардың заңдылықтары,
байланыстары, қарым – қатынастары жайлы ғылыми ақпараттар жинақтау.
• Психика – объективті шындақтың жануар психикасында бейнеленуі қоршаған
ортаны бағдарлауда белсенділік дағдыларын қалыптастырады.
• Қылық – әрекеті – жануарлар психикасының алғы шарты, мінез – қылық
функциясына психикалық әрекет қалыптасып қоршаған ортаға организмнің
белсенділігін тудырады, бағыттайды.
• Экстрополяциялық рефлекстер – заттардың кеңістікте орналасуын алдын –
ала танып білу рефлекстері.
• Таксистер – қарапайымдылардың кеңістікті бағдарлаудағы қозғалыс
белсенділіктің қозғалыс түрі.
• Инстинктер - өмірлік маңызы бар, белгілі бір әрекет істеуге бой
ұрғызатын тұқым қуалайтын қасиет.
• Коацерваттар- белокты молекулалық күрделі қосындысы
• Панпсихизм - психика барлығында бар.
• Антропропсихизм - психика тек қана адамға тән
• Биопсихизм - барлық тірі материяда психика болады.
• Фитопсихизм - психика тек қана өсімдіктер мен барлық тірілерде бар.
• Нейропсихизм - психика жүйке жүйесі барларда болады.
• Анималпсихизм - психика барлық жануарларға тән.
• Тропизм - өсімдікке бағытталған ықпалдарға қозғалысы
• Настия - өсімдіктердің қозғалысы оған ықпал етуші факторлармен сәйкес
келуі.
• Таксистер - грек тілінен аударғанда реттік орналасу көп клеткалы
организмнің сұйықтық қозғалысы
• Хемотаксис – химиялық концентрациялық құрамына қарай градиенттердің
қозғалыстары: -жағымды,-жаағымсыз
• Термотаксис – температураның ықпалына қарай қозғалысы.
• Фототоксис – жарықтың ықпалына қарай қозғалысы.
• Реотаксис – судың немесе ауаның ықпалы арқылы қозғалысы
• Гальвонотаксис – электр тогымен байланысты қозғалыстар.
• Инстинктер – биологиялық қажеттіріктерді қанағаттандыруға бағытталған
ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге организмнің тұқым қуалау арқылы
берілетін күрделі стереотипті қозғалысы, іс-әрекеті, шаралары.
• Қажеттіктер – биологиялық, рухани.
• Вилюнас – генетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған
қажеттілік.
• Латенттік үйрету – жасырын үйрету.
• Қылық-әрекетті жетілдірудің имитациялық тәсілдері еліктеу және
викарлық (латыннан vikarus – орын басатын) үйрету деп бөлінеді.
• Еліктеу дегеніміз – іс-әрекеттің немесе қимылдың мақсатын түсінбей-ақ
тура көшіру арқылы үйрету тәсілі.
• Викарлық үйрету – тілеген мақсатқа жетуде қылық-әрекет формасын
технологиялық үлгі (аналог) ретінде көшіру.
• Импринтинг (алғаш О. Хейнрот пен К. Лоренц сипаттаған, ағылшынның
imprint – із қалдыру, көргенді есте сақтау) дегеніміз – жануар
өмірінің алғашқы минуттары немесе сағаттарында ұмытылмайтындай
жазылып, еске сақталынып қалуға әкелетін тума ерекшеліктердің
қосылуымен шартталған құбылыс
• Үйрету – жаңа тәжірибені меңгеру немесе жаңаға дағдылану,
Провотворовтың анықтамасы бойынша үйрету - жануарлардың белгілі бір
сыртқы әсерлерді қабылдау қабілеті:
• Оқыту – белгілі бір нәтижеге жеткізетін үрдіс (процесс).
• Габитуация (үйрену және бейімделу) жүйке жүйесіндегі реакциялардың
бірнеше рет қайталаудың арқасында тітіркендіргіштердің әлсіреуі немесе
жойылуы.
• Айдия - кез-келген жаңа әсерлерді қолдана отырып, бұрыңғы
тітіркеңдіргіштерге бейімделу процесін тоқтату және жаңа
тітіркендіргіштерге деген реакцияларды қалыптастыру құрылысы (жаңа
әсерлердің бейімделу процесінің бұзылуы).
• Сенсибилизация – тітіркендіргіштердің жағымсыз ықпалдармен үйлесе
отырып, жауап берудің арту құбылысы.
• Гомеостаз–организмнің ішкі жағдайын қалыпта, тұрақтылықта сақтап
отырудағы белсенділігі, яғни өзін өзі реттеуі.
• Биологиялық (ритмдер) ырғақтар немесе био-ритм - космостық уақытпен
организмнің ішкі тұрақтылығы, ішкі ритмінің сәйкестеліп келетін
ырғақтық қозғалыстардың әрекеті.

2 ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ

№ 1-ші дәріс тақырыбы: Жануарлар психикасы мен жүріс-тұрысы
Сұрақтары:
1. Жануарлар психикасы туралы түсініктің дамуы
2. Эволюция процессі.
3. Жануарлар психикасының даму кезеңдері.
4. А.Н.Леонтьевтің зоопсихология дамуына қосқан үлесі.

Психика – ғылым ретінде психологияның зерттейтін көптеген субъективті
құбылыстарын біріктіретін жалпы түсінік. Психика табиғатын түсіндіретін
философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші
түсінік бойынша , психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып
білудегі жоғары дамудағы тірі материяның ерекшелігі. Ал идеалистік көзқарас
бойынша, психиканың түсіндірілуі бір емес екі бастамаға тәуелді. Психика
табиғатын түсіндіруде материалдық және идеалистік көзқарастар бір-біріне
тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін жеке бастамалар. Материалистік
түсініктер бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму негізінде
пайда болды. Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді.

Қазіргі зерттеулер бойынша бір клеткалы қарапайымдылардың психикалық
құбылыстарына тән ерекшелік: биологиялық маңызды деген тітіркендіргіштерге
сыртқы белсенділік, ішкі жағдайдың өзгеруін реттеуге деген қабілеттілік.
Материалистердің айтуынша, психикалық құбылыстар жерде тіршілік болғаннан
кейін, көп уақыт өткеннен кейін ғана пайда болған. Алғашқы кезеңде тіршілік
иесі биологиялық тітіркенушілік пен өзін-өзі сақтау қасиетіне ие болды. Ол
қоршаған ортамен байланыс механизімін жүзеге асырды, көбейді жәнеұлғайды.
Кейін дамудың келесі сатысында оларға сезімталдық пен үйренуге деген
қабілеттілік қосылды.

Жер бетінде алғашқы тіршілік белгісі 2-3 миллиард жыл бұрын химиялық
органикалық қосылулардан басталған, одан кейін қарапайым бір клеткалы
тіршілік иелері пайда болған. Олар биологиялық эволюцияға жол салып, көбею,
генетикалық жүре п.б. ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы беруге жол салды.

Кейін тіршілік иелерінің эволюциялық өзін-өзі жетілдіруі арқылы
организмдерде ерекше органдар п.б. Бұл – жүйке жүйесі. Оның дамуы мен
жетілуіне орай, психикалық өмір сүруге қажетті: түйсік, қабылдау, ес,
ойлау, сана, рефлексия қалыптаса бастады. Ж:Ж құрылысының күрделенуі
психика дамуының қайнар көзі болды.

Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының күрделенуі. Ол
организм құрлысын өзгертуге әкеледі. Дүниені бейнелеу қабілеттілігі п.б.
Психиканың жетілуіне шындық өмір әсерін тигізеді: ол тіршілік иелерінде
Ж.Ж.Ж. мен психиканың бейнелеу деңгейлері болуын талап етті. Психиканың
дамуы мен жануарларда қылық-әрекеттің дамуы қалай жүзеге асты?

Жануарлардың қылық-әрекеттерін зерттеу - адамзаттың күнделікті
тәжірибесі. Біріншіден, біз қайда тұрмайық және немен шұғылданбайық бізге
жануарлармен күнделікті жағдайда қарым-қатынасқа түсуге тура келеді.
Мысалы, аңшы өзінің аңдыған аңының әрекетін білуі керек, фермерші - өзінің
жануарларының қылық-әрекетін және зиян келтіретін (тышқан, қосаяқ т.б.)
жыртқыштардан қалай айырылу керектігін , балықшы – қайда және қалай, қай
кезде балық ауланатынын білу керек. Ал қала тұрғындары үйде үй жануарларын
ұстамаса да (мысық, ит, құс) жануарлармен күнделікті өмірде бетпе-бет
кездесіп жатады. Екіншіден, біз Homo Sapines-тің саналы адамның ерекше
түрі болғандықтан бір-бірімізбен әртүрлі қарым-қатынасқа үнемі түсе отырып,
қарым-қатынас барысындағы қарсыласымыздың іс-қимылы мен көптеген
әрекеттерінен көңіл-күйін, сезімдерін, өзімізге арналған көзқарасын
(жағымды немесе жағымсыз) ықыласын, қылығын, сөзін және т.б. бақылаймыз.
Әдетте біз қарсыласымыздың әдеттеріне баға беріп, жақсы жақтарын
өзімізге қабылдап, өмірлік тәжірибеде қолдана аламыз.

Алайда адам тек бақылауға ғана талпыныс жасамайды, әрдайым өзі
өмір сүріп жатқан әлемін тануға үнемі ұмтылады. Адамның ғылым-білімге деген
қызығушылығы мен құштарлығы жаңаны білуге ұмтылысы мен танымдық
шығармашылық әрекетінің негізінде пайда болды. Сондықтан адамдардың
жануарлар қылық-әрекетін танып білуге деген танымдық қызығушылығы,
жануарлардың қылық-әрекетін ғылыми тұрғыдан зерттеуге әкелді. Енді ғана
қалыптасып, дамып келе жатқан зоопсихология ғылымының аумағы жануарлар
өмірінің жеке қызықты эпизодтарынан ғана тұрмайды. Оның басты мақсаты:
жануарлардың психикасындағы бейнеленудің ерекшеліктері, жануарларды
тіршілікке итермелейтін қандай күш бар және әртүрлі жағдайларда
қимыл–қозғалыстарын қалай өзгертеді, және т.б. жануарлар түсінігіне қатысты
мәселелерді анықтау.

Жануарлардың қылық-әрекеті дегеніміз не? Бұл сұрақтың қысқа,
әрі нақты жауабы жоқ. Дөрекі тілде айтқанда қылық-әрекет дегеніміз – бұл
жануарлардың қимыл-қозғалысы. Бірақ бұл бір жерден екінші жерге орын
ауыстыру түрлері: жүгіру, жүзу, өрмелеу және т.б. ғана емес, сонымен қатар
жануарлардың қоректену, дем алу барысындағы қозғалыстарын да жатқызамыз.
Қылық-әрекетке жатқызылатын қимылдар мұнымен ғана шектелмейді. Сондай-ақ,
құлағын тікірейту, дыбыс шығару да жануарлардың қылық-әрекетіне жатады. Ал
кейбір жануарлардан адам қабілетіне ұқсас ұяттан қызару сияқты әрекетті
байқауға болады. Олар жыртқыштардан қорғану мақсатында, қарсыласына шабуыл
жасағанда, не ұрғашының көңілін аулау мақсатында, өзінің реңдерін түрлі-
түстерге өзгертуде байқалады.

Жануарлардың қылық-әрекетінің көп түрлері бар, оларды ғылыми негізде
түсіндіру, сипаттау және талдау үшін көптеген зоолог ғылымдар зерттеу
жұмыстарын жүргізуде. Екі түрлі жануардың қылық-әрекеті бірдей болмайды.
Мысалы, Зарянка құсының өлең айтуынан қоректену әдісі, ұя салуы, қауіп-
қатер жағдайында түрлі қимылдарды қабылдауы, некелік ойындарын танып
білуге болады. Сондайақ түрлері бір жануарлардың қылық-әрекет типтері де
әртүрлі болады, мысалы: шағалалар суда сүңгіп балық ұстап, не ауру құсты
өлтіріп, не шыбын-шіркей, құртпен қоректенеді; дегенмен жануарлардың қылық-
әрекеті шектеулі болады (шағала балықты сұңқар сияқты ұстай алмайды, ал
зарянка ұяны печник құсы сияқты сала алмайды).
Неге жануарлар қылығы әртүрлі және шектелген? Бұл сұрақ қарапайым
көрінгенімен, толық білу үшін маңызды орын алатын мәселелер жан-жақты
зерттелуде. Жануарлар қалай қоректенеді және неге қоректенеді? Одан қандай
пайда? Бұл сауалдардың алғаш жауабы: тірі қалып, өмір сүру үшін. Қылық-
әрекеттің маңызы, көп пайдасы тіршілік үшін күресте көрінеді. Ешбір қимыл-
қозғалыссыз тіршілік ету мүмкін емес. Қылық - әрекеттің нәтижесі оның
себептері жайлы мәселені қозғайды. Өмір сүруге қажетті қимыл –
қозғалыстарды меңгеріп, күнделікті тіршілігінде қолданып, жаңа іскерлік
пен дағдыларды игере отырып, кез–келген тірі организм сыртқы ортаға
бейімделеді. Орталық жүйке жүйесі жұмысын өз бетімен дербес атқармайды,
басқа бастаулардан әсерлер келеді. Ең алдымен ол сезім мүшелері – құлақ,
көз, мұрын және т.б. Олар жануарларға сыртқы орта жайлы ақпарат береді.
Сондықтан сезім мүшелерінің қызметі – сенсорлық процестерді де зерттеп тану
зоопсихологияның негізгі міндеті. Жануарлар қылық-әрекетінің себептерін
танып білуде өзіндік қиындықтары да баршылық. Әр себептің өз себебі
болады. Жануарлар өмірі көп циклден тұрады: қылық-әрекеттің формалары жиі
қайталанып отырады және қоректену кезеңдері кезектесіп отырады: жануарлар
алдымен тоқ, одан кейін қарындары аши бастайды, соңынан аш болады. Осы
сияқты басқа да циклдер одан көп уақытты қамтиды. Жануарлардың көпшілігі
жылына бір рет қана ұрпақ әкеліп, көбейеді. Біз білетін және білмейтін
жануарлардың түрлері сансыз, үрім-бұтақтары ауысып отырды, олардың қылық-
әрекеттері қазіргі жануарларға қарағанда өзгеше.

Жануарлардың қылық-әрекет қызметінің механизмін қалай атқарады? Кез –
келген жеке түр қалай дамиды? Эволюция барысында қылық-әрекет қалай
қалыптасты? Осы мәселелермен көптеген тәжірибелі зерттеушілер айналысып,
бүгінгі күні белгілі нәтижелерге де жетіп жатыр. Жануарлардың қылық-
әрекетін мұқият зерттеу біздің өзімізді танып білуге көмектеседі.
Сондықтан, жануарлардың қылық-әрекетін, қимыл–қозғалыстарын, тіршілікке
бейімделу ерекшеліктерін зерттейтін зоопсихология ғылымының маңызы өте
зор.

Психикалық бейнелердің даму деңгейі мен стадиясына байланысты болжамдарды
А.Н.Леонтьев өзінің “Писихиканың даму проблемасы” еңбегінде ұсынды. Кейін
оны толықтырып, нақтылаған К.Э.Фабри жануарлар психологиясының соңғы
жетістіктерін пайдалана отырып, дәлелдемелер келтірді.

Жануарлар тәртібі мен психикасының даму деңгейінің стадиялары.

(А.Н.Леонтьев, К.Э.Фабри бойынша.)

Кесте 2

Псикалық бейнелеу Ерекшеліктері Бұл даму деңгейіне
деңгейі мен стадиясы жеткен тіршілік
иелері
І.Элементарлы сенсорлы
психика стадиясы
І.І. Төменгі деңгей – Ортаның биологиялық мәнді Арапайым төменгі,
сезгіштік элементінің ерекшелігіне байланысты нақты, көпклеткалы
примитивтілігі, анық реакцияларды қозғалыс организмдер.
тітіркенушіліктің бағыты мен жылдамдықты
дамуы өзгертуге бағыттау. Қозғалыстың
қарапайым формалары. Мәнерлі
тәртіптің әлсіздігі,
биологиялық бейтарап. Ортаның
өмірлік маңызы бар әсерлеріне
қалыыптаспаған, қабілеттілік
әлсіз, бағытталмаған
қимыл-қозғалыс белсенділігі.
І.ІІ. жоғары деңгей – Биолог. Бейтарап Сақиналы құрттар,
түйсіктің болуы, тітіркендіргіштерге анық бауырымен
манипуляцияның негізгіреакция, дамыған жорғалаушы
органы – жақтың пайда қимыл-қозғалыс, жағымды молюскалар және
болуы. Қарапайым тітіркендіргіштерді белсенді т.б.
шартты рефлекстерді іздеу. Индивидуалды тәжірибе
қалыптастыруға үйрену ролі мөлшерінің аздығы.
қабілеттілігі. Тәртіпте негізгі мән – қатал
туа біткен бағдарламалар.
ІІ. Перцептивті
психика стадиясы.
ІІ.І. Төменгі деңгей –Қозғалыс дағдыларын Балықтар және т.б.
сыртқы әрекетті қалыптастыру. Ригидті, омырқасыз
заттардың формасы, генетикалық бағдарланған жәндіктер.
образына қарай компоненттер басымдылық
бейнелеу. Интеграция көрсетеді. Қимыл-қозғалыс
зат образын жүйелеуде қабілеттілігі күрделі және
әсеретуші факторлерді әртүрлі (сүңгу, жүгіру, секіру,
біріктіру. өрмелеу,ұшу және т.б.., жағымды
тітіркендіргіштерді белсенді
іздеу.Жағымсыздардан бас тарту,
дамыған қорғаныс тәртібі.
ІІ.ІІ. Жоғары деңгей –Әрект-қылықтың жоғары дамыған Жоғары омыртқалылар
ойлаудың элементарлы инстинктивті формалары.
формалары. Үйренуге деген қабілеттілік.
ІІ.ІІІ. Ең жоғары Арнайы маманданған органдар Маймылдар және
деңгей – практикалық манипуляциясын анықтау: табан, кейбір жоғары
әрекеттерде ерекше қол. Әрекет-қылықтың омыртқалылар.
бағдарлама зерттеушілік формаларының
–зерттеушілік, дамуы. Олардың бұрын
дайындық формаларын қабылданған іскерлік, білім
анықтау. Бір міндетті дағдыларын кеңінен пайдалану.
түрлі жолдармен шешу
қабілеттілігі. Бір рет
табылған шешімді жаңа
жағдайға тасымалдау.
Қарапайым құралдарды
әзірлеу, оны
іс-әректте қолдану.
Биологиялық
қажеттіліке
байланыссыз қоршаған
ортаны танып білу
қабілеттілігі.

Жануарлар психикасының ерекшеліктері эволюцияда қалыптасқан тума
(инстинктік. әрект-қылығымен, олардың жеке ауыспалы немесе дағдылы әрекет
формаларыжәне интеллекттік әрекет-қылыққа байланысты анықталады.
Зоопсихология жануарлардың психикасы пайда болғанға дейінгі эволюциялық
дамуын зерттейді. Зоопсихология жалпы психологияның бір бөлімі.
Зоопсихология-ға дейінгі қызығушылықтың өсуі әсіресе соңғы кезінде жан-
жануарлар-ға экспериментік тәжірибенде мен зерттеу жұмыстары мен
творчестволық ойлаудың дамуына байланысты. Зерттеушілер жан-жануарлардың
тәртібін зерттеумен қоса зоологиялық таксондарды амеба мен шимпанзені
жатқызды. Зоопсихологияның міндеті адамның санасы қалыптасуын түсіну үшін
сол сананың қайдан бастаудан белгілеу. Оны білу үшін жануарлардың әр
кезіндегі психикасының қалыптасуын оқу керек, оның эволюциясын, тегін т.б.
білу керек. Зоопсихология адам психикасына қалыптасуын дамуына негіз болды.
Психикалық процестің эволюциялық дамуын ғылыми түрде айтылып көрсетіледі.
Жетілу кезеңдері бір клеткалы жабайы организм көп жасушыға дейін олардың
ерекшелітері қарастырылады.Нерв жануар адам жүйесінде орналасу
ерекшеліктері қызметі. Жануарлар психикасының дамуы онтегенздеген.

Зоопсихология пәні әр түрлі топтардағы жануарлардың нейробиологиялық
механизмін, спецификалық ерекшеліктерін және белсенділігін қарастырады.
Соның ішінде психиканың эволюциялық даму заңдылықтарын, әртүрлі биологиялық
түрлердегі бейнеленудің ерекшеліктерін салыстыру. Этология пәні жануарлар
әрекетінің координацияланған сыртқы белсенділігін зерттейді.

Эпикур, Лукреций жануарларда жанның бастауы бар деді. Жанның бастауы
материалитсік деді. Сократ: жануарлар мен адамда универсалды ақыл парасат
бар. Жан тән мен қосылып сезімдікке әсер етеді де өздерінің қимыл
әрекеттерінде еліктеумен құмарлыққа бағыттанған. Платон жануарлар тәртібі
мен қимыл қозғалысы еліктеумен анықталады, бұл инстинкке анықтамаған алғаш
қадам. Аристотель өлмейтін ақыл парасатты жаны дегенді енгізді. Ерекше
құдай тәріздсе жанға енеді. Аристотель жануарларды бақылау арқылы қорытынды
жасайды. Мысалы: құмырсқалардың белсенділігі сыртқы факторларға
байланыстылығын анықтайды. Аристотельдің еңбегінде тұңғыш рет жануарлар
тәртібінде мінез-құлқы туралы нұсқаулар кездеседі. Мысалы: жаңа туған
баланың анадан ажырауы кезіндегі жылауы бөлек. Содан шыққан қортынды өлең
айтуға (дауыс шығару, жылау) деген қабілеттілік табиғат сиы, дербес үйрету
мен есте сақтаумен байланысты.

ХVІІІ ғ. жан-жақты дамуына көзқарас. Ж.О. Ламеттри жануарлар инстинкт
арқасында қимыл-қозғалыстарды өзінің тәжірибесінде ойлауына байлыныссыз
қолданады деген.Тітіркену барлық тірі организмге тән құбылыс. Объективті
заттың организмде бейнелуі үшін сол заттың қасиеті болу керек. Бейнелену
организм қажетіне байланысты. Психика дамуының негізгі сатысы сезгіштік
сенсорлық. Тітіркену бейтарап, тітіркендіргіш барлық организмде бірдей,
пайдалы және пайдасыз болады. Жоғарғы сатылы айырықша орналасқан қимылға
тән биотикалық организм. Тітіркену сыртқы ортаға жауап береді.

Белокты молекулалық күрделі қосындысы коацеватор . Белоктың ерекшелік
қасиеті сыртқы әсерге жауап қайтарады. Бұл жауап физикалық механикалық
болуы мүмкін. Белоктардың күрделі организмдердің өзіне керектеріне жауап
қайтару, керек еместеріне бейтарап болу яғни бұл тітіркену. Тітіркену
неорганикалық материяның жабайы қасиеті. Неорганикалық тану органикаға
ауысады. Яғни қасиеті күрделінеді. Бұнда ассимиляция мен дессимиляция
жауап қайтарады. Яғни керек емеске жауап қайтару кезінде белоктың қасиеті
өзгереді. Сезгіштік органикалық материяда болады. Сенгіштік тітіркену және
сезімге белгіленгкн. Бұл жоғарғы сатылы қасиет. Бұл психикаға байланысты.
Сенгіштікте белсенділік болады тітіркенудісыртқы орта өзіне бейімдейді.
Мысалы: өсімдіктің күнге қарауы, ылғанды жерге тамырын жіберуі т.б. тек
ғана тітіркену арқылы жүреді.

Биотикалық тіршілік ортаға бейімделу тітіркену организмді әрекеттік
жағдайға итермелеу ол сыртқы ортаға байланысты. Тітіркену барлық
органикалық организмде бірдей емес. Өйткені олардың құрылысы әртүрлі.
Тітіркенудің түрлері көп. Психикалық даму процесі екі түрге бөлінеді:
1.Тітіркену: температуралық, жарықтық, темпералық термомотропизмдер,
химиялық химотропизм, сәуле он гелиомотропизм химиялық, механикалық,
физикалық, биологиялық. 2.Тітіркену арнаулы объектілерге жауап қайтарудан
турады. Жауап қайтару сыртқы ортадағы заттың қасиетіне байланысты.Тітіркену
органикалық ең жабайы организмге (амеба, инфузория туфелькасы т.б.) тән.

№ 2- дәріс тақырыбы: Зоопсихология пәні, міндеттері мен маңызы
Сұрақтары:
1.Зоопсихология пәні жайлы түсінік.
2. Зоопсихологияның міндеттері мен маңызы.
3.Зоопсихологияның ғылым ретінде дамуындағы Ч.Дарвин мен В.А.Вагнер ролі.
4. Зоопсихологияның әдістері мен қазіргі кезеңдегі маңызы.

Зоопсихология жалпы психологияның саласы. Жануарлардың психологиялық
әрекетінің онтогенезі мен даму заңдарын, функциясын зерттейтін ғылым
саласы. Зоопсихология психиканың басқа формаларының салыстырмалы
мәліметтерін жинақтайды. Зоопсихология өзінің ғылыми зерттеу объектісімен
дараланады: зерттеу объектісі жануарлар әрекетінің психикалық ерекшелігі
мен мінез-құлқының ерекшелігі.
Зерттеу пәні: жануарларда қоршаған орта туралы түсініктерінің
психикада бейнеленуі. Психика өзінің даму ерекшеліктеріне қарай бірнеше
формаларға бөлінеді. Жануарлар психикасында қоршаған орта мен заттардың
бейнеленуі. Ортаға байланысты бейнелеудің ерекшелігі мен жануарлардың
тіршілікке қажетті қылық әрекеті қалыптады. Кез келген жануарлардың қылық
әрекеті оның психикасының көрінісі.
Зоопсихологияның негізгі міндеттері:
1) Әр түрлі сатыдағы жануарлардың (амебалардан приматтарға дейін)
психикалық әрекетін зерттеу. Барлық тіршілік иелеріне жан тән, түйсік
психологиялық құбылыстың төменгі деңгейі, ал интеллект жоғарғы деңгейі
болып табылады.
2) Жануарлар психологиялық әрекетінің онтогенездік даму ерекшеліктерін
зерттейді. Жануарлардың психологиялық әрекетін зерттеу үшін олардың даму
деңгейін кезеңін анықтап алған жөн.
Жануарлардың даму кезеңдері:
- эмбрионалдық немесе пренатальдық, құрсақтағы даму кезеңі;
- поснатальдық немесе постэмбриондық туғаннан бастап жануарлардағы
эмбриондық дамудың өзіндік ерекшелігі, яғни туа біткен тану құбылысы;
- импритинг – яғни көргенін есте сақтау, бейнелеу (Лоренцтің пікірінше бұл
саланы этологизм немесе жануарлар тәртібін, мінез-қылығын зерттеу деп
атайды);
- ювенилдік – ойын функциялары, ойын процестерінде туа біткен және жүре
пайда болатын ерекшеліктердің қатнасы.
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру. (Ойлау, қарым-
қатынас, тілдік қауымдастық ерекшеліктерін салыстыру).

Зоопсихологияның негізгі мәселелері

1. жануарлар түрінің сан жағынан көптігі
2. жануарлардың экологиялық қоректену ортасына қарай ерекшеліктері
3. сан жағынан бағалау күрделілігі;
4. жануарлар мінез-қылық ерекшеліктерін жете зерттеу саналы мінез-құлық
әрекеттері мен дағдыларының қалыптасу ерекшеліктері ашып білу.
Зоопсихология көптеген ғылымдармен тығыз байланысты және ғылымдар
саласында алатын орны бар:
-салыстырмалы психологияда - Ярошевскийдің анықтауы бойынша жануарлар
психикасының даму кезеңін салыстыру адам мен жануарлардың психикалық дамуы
мен заңдардың негізін көрсете білу;
-этология – жануарлардың мінез-құлық ерекшеліктерін және жалпы биологиялық
негіздерді көрете білу. Этологтар жануарлардың мінез-құлқын зерттейді.
Сондай-ақ генетикалық ерекшеліктерді қалыптастырудағы тұрақтығын көрсетеді.
Жануарлардың мінез-құлық ерекшеліктері қалыпты табиғи бейнеленген
ортасында зерттеледі. Жоғарғы жүйке әрекетінің физиологиясы, яғни жануарлар
әрекетіндегі жүйке процесімен жұлын мен бас мидың физиологиясын жете
меңгеруде.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып
отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен
қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлталардың, клеткалардың
қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі
өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлесітіріп отырады.
Зоопсихологияның қолданылатын салалары және маңызы
1.Жас кезеңдік психологияда зоопсихологиялық зерттеулер балалар психикасы
дамуының биологиялық негізін анықтауға көмектеседі. Балалардың мінез-құлқы
әсіресе нәрестелік кезеңде негізгі тітіркендіргіштер арқылы қалыптасады.
2.Педагогикалық психологияда зоопсихологияның жетістіктері тәрбиелік
маңызын айқындайды, жануарлармен қарым-қатынасқа түсе отырып, әсіресе
балалық шақта мінез-құлқы адамгершілік қасиеттері, ақыл-ойы қалыптасады.
3.Антропологияда адамзаттың қалыптасып дамуында антропогенездік
қалыптастырылатындығы биологиялық заңдылықтар туралы білімнің қажеттігі.
4.Медицина ғылымында денсаулығы нашар сырқатталған адамдарды емдеуге
жануарлар психикасының өзгерістерімен салыстыра отырып, емдеуге
қолданылады. Кез-келген химиялық препараттың психикаға әсерін жануарлар
психикасына эксперимент жүргізе отырып, тиімділігін қолданады.
5.Ауылшаруашылығында ірі қара малдардың қауымдастықғын білуде, жабайы
жануарлардың құрылымын, адамдардың қарым-қатынасы, балық шаруашылығын
арттыруда (ихтипсихология). Жануарларды қолға үйрету мекен-жайларын
өзгерту; пайдалы жануарларды көбейту (қолға үйрету); жабайы жануарлардың
урбанизация мәселесін шешуге зоопсихология ғылымының жетістіктері өте
қажет.
Зоопсихологияның зерттеу әдістеріне қойылатын талаптар:
- Жануарларды зерттеу міндеті алдын ала ойластырылуы керек. Жүргізілетін
тәжірибелер барысында жануарлардың қимыл қозғалысы арқылы психикалық
сапасын дәл анықтайтындай маңызда болу керек.
- Жүргізілетін әдістер мен сыртқы шарт физиологиялық жағдай және сыртқы
шарттар есептелуі керек.
- Жануарлардың мінез-құлқын анықтауда сандық бағаланудың болуы.
- Бақылау жүргізушінің байқампаздығының жоғарылығы.
- Өткізілетін әдістермен тәжірибенің биологиялық шарттарға сәйкестілігі.
Зоопсихологияның ғылыми зерттеу әдістері
(Жануарлардың психикасын, мінез-құлық әрекетін анықтауда қолданылатын):
Лабиринт әдісі жануарлардың негізгі міндеті: алдына қойған белгіленбеген
мақсатқа жол табу, жол іздеу барысында ауытқушылық туындаса жазалауды
жазалау. Жол табу алдайтын элементтерді (приманка) қолдану. Бұл әдіс
барысында мақсатқа жетудегі жануарлардың шапшаңдығы, жіберген қателердің
саны тіркеледі.
Жолды айланып өту әдісі. Жануарлардың мақсаты алдына қойған мақсатқа жету
үшін бірінші кедергілерді меңгеру (приманка қолданылады). Бұл әдіс
барысында да алдайтын элементтерді іздей отырып, жануарлардың іздену
барысындағы шапшандығымен қозғалыс траекториясы тіркеледі. Зерттеуші
Крушинский осы әдісті электрополяция тәсілімен алмастырады, яғни Алдауға
қолданылатын элементтерді іздестіру негізінде егер де оларды қолданбаса.
Дифференциялық жаттықтыру (дефференциация – жай бөлшектерге бөлу немесе
дресировка) негізгі мақсат: бір мезгілде бірнеше объектілер мен олардың
белгілеріне қарай жүйелі түрде ажырата білу. Мысалы: жануарларға үлгі
ретінде затты көрсету және басқа заттардың ішінен дәл осындай затты табу.
Мұндай әдіс приматтарға жиі қолданады.
Проблемалық клетка әдісі - жануарларға арналған приманканы тордың ішінен
алу, яғни оған жол табу ашу, кіру. Ол жануар үшін оңай емес.
Психикалық пайда болу мәселелері 2 аспектілік бағытта қарастырылады.
1. Психикалық материяның даму деңгейі бойынша қалыптасу аспектісі.
2. Ең алғашқы психика формасының пайда болуы немесе психиканың критериясына
қандай негіз болды деген аспекті.
Психиканың дамуы мен қалыптасуын және шығу себептерін зерттеген
бірінші бағыттылығы зерттеулер бірнеше көзқарастар деңгейінде дамиды. Олар
мынандай көзқарастар:
1. панпсихизм психика барлығында бар;
2. антропропсихизм: психика тек қана адамға тән;
3. биопсихизм: барлық тірі материяда психика болады;
4. фитопсихизм: психика тек қана өсімдіктер мен барлық тірілерде бар;
5. нейропсихизм: психика жүйке жүйесі барларда болады;
6. анималпсихизм: психика барлық жануарларға тән;
7. өсімдіктегі психиканың критерийлары: өсімдіктерге электрлік құбылыстың
арасында өсуімен қозғала білу қабілеті.
Өсімдіктер психикасына тән критерийлер мынандай болып бөлінеді
(көзқарастың негізінде өсімдіктің қозғалыс түрлері алынады):
тропизм - өсімдікке бағытталған ықпалдарға қозғалысы;
настия - өсімдіктердің қозғалысы оған ықпал етуші факторалрмен сәйкес
келуі. Настияның мынандай түрі бар:
- термонастия – (қызғалдақтардың жылы жерде ашылуы);
- ейсмонастия – (сыртқы вибрациялық қозғалыстардан мимоза жапырақтары
жиырылады);
- хемонастия (өсімдіктің белоктік табиғатқа әсері)
Психика дамуы критериялар мәселелерін көптеген ойшылдар қарастырып,
әртүрлі пікірлер қалыптасқан. А.Н.Леонтьев психиканың критерийіне түйсік
жатады (ықпал ету түйсігі жатады), бірақ ықпал ету түйсігі биологиялық
тіршілік негізі деген пікірде. А.Н.Леонтьевтің айтуынша мұндай түйсіктер
сигналдар деп аталады. Мұндай сигналдар төніп келе жатқан қауіп қатерді
немесе жағымсыз биологиялық объектілердің пайда болуын хабарлайды (мыс.
жыртқыштың жақындап келе жатқанын білдіретін вибрациялық жағдайлар,
жануарлар үшін дыбыс, иіс).
Платоновтың пікірінше эмоция және уайымдай білу организмге өте қажет.
Егер сыртқы эмоцияны білдіретін ерекшеліктер болса, оның да психикасы
болғаны. Яғни психика барлық жануарларға тән.
Ал Гальперин – психиканың қалыптасу негізін эволюциялық процесс
барысында түйсіне білу қабілетімен қабылдай білу байланыстылығы негізінде
түсіндіреді. Яғни түйсік пен қабылдау бір қалыпта, бір мезгілде болатынын
айтқан. Ал жақсы жаман ықпалдарды эмоция арқылы білдіру жеткізу жануарларға
да тән.
Симонов – Гальпериннің көзқарасын қолдай отырып, түйсіктің
эмоционалдық ерекшелігін енгізген.
Бернштейн мен Вилюнас: жануарлар психикасының ерекшелігін зерттей келе
белгілі бір туындаған жағдайға байланысты бағытталған іс-шараның
ерекшелігін атайды. Жоғарыда көрсетілгендей психиканың критериялық
мәселелері көптеген ойшылдардың көзқарасында орын тауып, зоопсихиканың
ғылым ретінде қалыптасуына ықпалын тигізіп отырды. Психиканың даму
қалыптасуының критерилары әртүрлі боғанымен, барлығы психикалық бейнелену
мәселелерін қарастырады. Жануарлар психикасының даму деңгейі олардың
қоршаған ортамен қарым-қатынас деңгейімен тығыз байланысты. Өйткені
жануарлардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы өте маңызды. Ғалымның
пікірінше жануарлардың қоршаған ортамен тығыз байланыстылығы мынандай топқа
бөлінеді:
1. жануарлардың тұрған мекен-тұрағымен байланыстылығы (туған аймағымен
байланысты) (ең негізгі сферасы), яғни, тіршілік ету териториясы және оның
құрамы;
2. жануарлардың белгілеріне байланысты бағдарлауы;
3. функционалдық аймақтары (қоректену аймағы, аң аулайтын, тіршілік ортасы,
қауіп қатерлі). Кейбір жануарлар өзіне тұрақты мекен-жайды таңдайды,
бағалайды, ал екінші біреулері тіршілік ортадағы өзгерісті тез байқайды,
бағдарлайды.
Психиканың пайда болуы – генезисі және оның дамуы туралы проблемалар
өзара тығыз бйланысты. Психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың
туындауы жөніндегі мәселенің тоериялық ерекшеліктерімен сипатталады.
Ғылымда бірнеше теориялық бағыт қалыптасқан.
Зоопсихологияның ғылым ретінде қалыптастырылып дамуы және оның ғылыми
маңызы адамзат үшін өте маңызды. Күнделікті өмірде зоопсихологияның ғылыми
зерттеулері кеңінен қолданылады. Жануарлардың мінез-құлықтары туралы ұғым,
білім адамзат үшін ерте кезден қажет болды. Әсіресе аңға шығуға, аңдарды
қолға үйретуде, үй жануарларын ұстауда т.б.
Зоопсихологияның арнаулы салалары бар және бүгінгі күнде олардың
маңызы артуда, мысалы, анималтерапия (анималтерапия психологиялық
диагностика саласы, жануарлардың адамға әсерін зерттейтін ғалым).
Анималтерапия ғылымының жетістігіне сүйене отырып, мынандай мәліметтер
анықталған:
1. жануарлармен қарым-қатынас барысында адамның эмоциялық жағдайы жақсарып
артады;
2. стресс жағдайы төмендейді;
3. қанның артериялық қысымымен зардап шегетін адамдардың қан қысымы
реттеледі (әсіресе гипертоникалық жағдайларда);
4. шизофрениямен ауыратын адамдардағы жануарлармен қарым-қатынас жағымды
әсер етеді (ламамен қарым-қатынас);
5. аутизммен ауыратын балалардың эмоциялық жағдайын арттыруда маңызы зор.
Зоопсихологиялық ғылымның жетістіктері бүгінгі күнде басқа да салаларда
кең қолданылады. Мысалы балық шаруашылығында, аңдарды көбейту, өсіру
жағдайында.

№ 3-ші дәріс тақырыбы: Жануарлардың психикалық әрекеттінің жалпы
сипаттамасы
Сұрақтары:
1. Жануарлар мінез-құлқын реттейтін қарапайым түрлер. Таксистер мен
тропизмдер.
2. Инстинктивті әрекеттер мен құрылымы, түрлері.
3. Үйрету мен оқыту процестері.

Ч.Дарвин жануарлардың психикасын зерттеу әдісінде экспериментальды және
салыстырмалы әдістерді қолданады. Выражения эмоции у животного и
человека (1872 ж.), еңбегінде Ч.Дарвин жанурлармен адамдардың вербальсыз
қозғалысының ерекшелігін зерттей келе, жануарлармен адамдардың эмоциялық
көріністеріндегі ерекшеліктерді атап өтті. Жануарлар мінез-құлқын мынадай
топқа бөлді.
1. инстинкт
2. оқытуға қабілеттілігі
3. ойлау білуге ұмтылысы
Дарвиннан кейінгі ілім 2 бағытта дамыды:
І. Антропоморфизм
ІІ. Механицизм
Фабри - Леонтьев жануарлар психикалық әрекеті ілімінің негізін
салған.
Антропоморфизм ілімінің негізін салушы Джон Ромес. Ол өзінің көз-
қарастарында және жануарлардың ақылы еңбегінде адамдарға тән сезімдік
сапаның барлығын жануарларға да тән; көптеген жағдайда оларда саналы іс-
әрекеттер жасайтындығын дәлелдеген. Механицизм – бұл ілімнің негізін
салушылар Жан Гебб; Джон Уотсон, Павлов. Бұл ілімнің негізгі мақсаты
-жануарлардың қылық-әрекетін тек қана бақылау арқылы ғана болады. Бұл ілім
антропоморфизм іліміне қарама-қарсы ілім. Жак Леб – тропизм теориясының
негізін салушы. Оның тропизм теориясы бойынша жануарлардың жағымды,
жағымсыз жағдайларға қозғалысын генетикалық кеңістікті бағдарлау
механизімімен қозғалыс белсенділігі немесе жануарлар қылығының әрекеттері
деп түсінуінде. Сондай-ақ Леб жүйке орталары теориясында қарама-қарсы
шыққан.
Павлов – жануарлар қылығы атомының негізін рефлекстер арқылы
түсіндіреді. Уотсон Дж. Бихиоверистер ілімнің негізін қалаушы жануарлардың
тәртібі, қылық-әрекеті организмнің ағзалары мен бұлшық еттері реакциясымен
тығыз байланысты. Сыртқы ықпалдармен түсіндірілген. Бихиовиристер жүйке
жүйесінде кез-келген ақпараттың өңделу процесін мойындамай олардың қылық
әрекетін сапалық талдаумен көрсете білген.
Л. Морган – жануарларды үйрету мен инстинктердің рөлін жоғары
бағалаған. Ол инстинктерді туа біткен, ал үйретуді жүре пайда болу
ерекшеліктері деп қарастырылған. Сондай-ақ көптеген жағдайларда қателесу
арқылы танып білуді жануарларға тән деп көрсетеді. Морганның ілімін оқушысы
Торндайк қолдайды.
Таксистер - грек тілінен аударғанда реттік орналасу көп клеткалы
организмнің сұйықтық қозғалысы - клеткасының орналасуы немесе организмнің
бейімделуі және бұл жүйкесіздерде болады.Таксистердің түрлері
(бактериялармен жүргізілетін эксперименттерде олардың бағытталуы
анықталған).
-Хемотаксис – химиялық концентрациялық құрамына қарай градиенттердің
қозғалыстары: -жағымды,-жаағымсыз
- Термотаксис – температураның ықпалына қарай қозғалысы.
- Фототоксис – жарықтың ықпалына қарай қозғалысы.
- Реотаксис – судың немесе ауаның ықпалы арқылы қозғалысы
- Гальвонотаксис – электртоғымен байланысты қозғалыстар.
Таксистердің атқаратын функциялары: белгілі бір ортада генетикалық
қылық-әрекеттің ерекшелігін айқындау үшін, тіршілікке қажеті қозғалыстар.
Тропизмдер – грек тілінен аударғанда бұрылу деген мағына береді. Ең
алғаш өсімдіктің қозғалысын сипаттауда қолданылған. Зоопсихологияда
тропизмдер жануарлардың кеңістікте бағдарлауды қажетті қозғалысы және олар
жүйке жүйесі барларда болады. Мысалы: құстар электромагнит бағытынан әсер
алады.
Инстинктер – биологиялық қажеттіріктерді қанағаттарндыруға бағытталған
ішкі және сыртқы тітіркендіргішке организмнің тұқым қуалау арқылы берілетін
күрделі стереотипті қозғалысы, іс-әрекеті, шаралары.
Қажеттіктер – биологиялық, рухани.
Вилюнас – генетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған
қажеттілік.
Инстинктивті мінез-құлықтың бірліктері - яғни жануарлардың жүйелі және
стереотипті қозғалыс актісіндегі ерекшеліктер. Жануарлардың қозғалыс
актілігіне тән ерекшеліктерді Фабри автономдылығымен шектелгендігі деп
көрсетеді.
Инстинктивті мінез-құлықтың негізгі функциялары:
Кез келген ортаға бейімделу және өмірге қажетті функцияларды атқарады.
Әсіресе приматтарда инстинктивті қозғалыстардың жүйке әрекетіне негізделген
сенсорлық психиканың бейнеленуі байқалады. Инстинктивті ішкі механизмдері
мен рефлекторлық жүйелер маңызды роль атқарады.
Ішкі механизмдері – яғни нейросенсорлық жүйенің жиынтығы, сыртқы
ортаның ықпалына, организмнің белгілі бір қылық-әрекет актілері.
Рефлекторлық жүйелері – жануарлардың қылық-әрекетінің генетикалық түрлері:
1. сыртқы тітіркендіргіштерге анализатордың бағытталуы;
2. танып білуі;
3. тежелуі немесе жүйке орталықтарының белсенділігі.
Туа біткен ішкі механизмдер арқылы жануарлар өзіне қажетті
тітіркендіргіштерді өзіне қабылдайды, бағалайды және соған лайықты жүйке
орталықтары арқылы жауап беруі белсенді не төмен болады. Инстинктивтік іс-
әрекет немесе шаралар мынандай фазалардан тұрады.
- ізденіс фазасы – бұл фазада жануарлар негізгі тітіркендіргіштерге сүйене
отырып, әрекет жасайды;
- аяқталу фазасы – яғни жануарлар тіршілігіне қажетті дағдыларды меңгереді;
- генетикалық – генетикалық өзіне ғана тән қозғалыстардың айқындалуы.
Үйретудің түрлері, латенттік үйрету.
Үйретудің аталған формасы сый берумен байланысты емес. Латенттік
үйрету дегеніміз – табиғатта кеңінен таралған кеңістіктегі ориентация түрі,
ол өз үйі бар жануарлардың барлаушылық (зерттеушілік) қылық-әрекетінде
жақсы көрінеді. Мысалға К.фонКриштің аралардың ориентациялық реакциялары
туралы классикалық жұмыстарын алсақ. Осының нәтижесінде үйрету теориясында
когнитивтік тәсіл пайда болды. Э.Толменнің түсінігі бойынша, қоршаған
ортадан миға көптеген сигналдар түседі, осыдан мида сол ортаның схема-
жоспарлары немесе когнитивті карталары құрылады. Бұның негізінде ағзаның
өзі бір жағдайда кенеттен пайда болатын реакцияның қайсысы неғұрлым
адекватты болатынын анықтайды.

Егеуқұйрықтың лабиринтте өз жемін табуға байланысты тәжірибесін алсақ. Ол
жемге апаратын оптималды жолдарды механикалық емес түрде табатыны ұқсайды.
Э.Толменмен мынандай нәрсе көрсетілген: егер егеуқұйрық жеміне ең қысқа жол
тауып алса, содан соң оған басқа жем табуға міндет қойса (бұнда
егеуқұйрыққа белгілі қысқа жолды жабады), ол өз маршрутын спонтанды түрде
ауыстырып, ешбір қатесіз тамағын табады, бірақ ол енді басқа, сәл ұзынырақ
(бірақ неғұрлым оптималды) жолмен барады. Бұнда жануар лабиринттегі жол мен
бұрылыстарды қадам сайын есептейді деп ойлауға болады, бірақ лабиринттегі
коридорды сумен толтырғанда да егеуқұйрық жүзіп, дұрыс жол табады. Назар
аударсақ – жануар коридорда жүзеді. Жаңа жағдайда жануар алдымен
кеңістіктегі элементтердің қойылуын біледі де, өз есінде сол кеңістіктің
аңғарылған ерекшеліктерін интеграциялайды.

Тамақтан шартты-рефлекторлы түрде қашу. Бұл феноменді түсінудегі
кілт–60 ж басында Д.Гарсиа және оның коллегаларымен тәжірибесі: уланудан
пайда болатын тамаққа деген жиіркеніш (қармақ жемнен қашу) анализі. Бұл
тамаша зерттеулер классикалық шарттық және инструментальды рефлекстерді
өнімдеуді бекіту ролін жақсы түсіндірді. Уланудан кейін тірі қалған жабайы
егеуқұйрықтар дәм сезу мен иіс сезу арқылы қармақ жемнен қаша бастады; олар
өздерінде ауру туғызған құбылыстардан пайда болатын қармақ жемдерден
қауіптеніп, бірақ сол жерден ешқашан қашпайды. Бұл жалпы классикалық шартты
рефлекс пайда болуын көрсетеді: стимул (жұтынылған улы тамақ) шартты
стимулмен (ерекше иіс пен улы тамақ дәмі) қосылып, шартсыз реакцияны (ауру)
туындатады, бұл шартты реакцияның (бұндай тамақтан қашу) пайда болуына
әкеледі. Бірақ бұндай құбылыстың екі қатынаста (дәм сезу, иіс сезу – көру,
есту) радикальды айырмашылықтары бар.

Егер де егеуқұйрықтың рефлексі нақты дәм мен иіс пайда болуын
туындатса, керісінше, құстарда ауруды көру стимулымен ажыратылады.
Гарсианың зерттеулері жануарларда тіршілік үшін күрес үшін елеулі
ассоциациялар пайда болатынын көрсетті. Биологиялық маңызды байланыстар
басқа ассоциацияларға қарағанда, жеңіл бекітіліп, сөнуге жақсы қарсыласады,
олардың пайда болуында бекітудің кеш пайда болуы мүмкін. У пайдаланғаннан
кейін көп уақыт өткен соң улану пайда болады, сондықтан бұндай бекітетін
стимулдың мәулеттенуін (отсрочка) жіберетін үйрету процесі неғұрлым
селективті басымдық береді.

Имитациялық үйрету. Өмірінде әлеуметтік формалары дамыған жануарларда
белгілі бір үлгіге еліктеу арқылы үйрету кеңінен белгілі. Әлеуметтік
белсенділіктің көптеген формалары жас жануармен олар бақылаған басқа
особьтардың істері арқылы жақсы меңгеріледі. Үйретудің имитациялық
тәсілдері құстарда кең тараған. Қылық-әрекетті жетілдірудің имитациялық
тәсілдері еліктеу және викарлық (латыннан vikarus – орын басатын)
үйрету деп бөлінеді. Еліктеу дегеніміз – іс-әрекеттің немесе қимылдың
мақсатын түсінбей-ақ тура көшіру арқылы үйрету тәсілі. Практикалық
мәселенің имитациялық шешімі кезінде міндетті элемент болып бақылау
стадиясы жатады. Жануарларда (қарапайым көруі негізінде) тілеген
мақсаттарға әкелетін іс-әрекеттің қажетті тізбектелген елестер құрылуы
мүмкін. Еліктеуге қабілетті болып тек қана сүиқоректілер (маймылдар, иттер,
мысықтар, тышқандар) келеді. Көбінесе бұл мақсатсыз имитациялық этюд
болып табылады.

Үйде асыралатын маймылдың адам әрекетіне имитациясы сәл өзгеше болып
табылады. Бұнда жануардың бүкіл өмірі адамнан алынған қылық-әрекеттің
үлгісі болып келеді, және де бұны адам мақтайды. Имитациялық қылық-
әрекеттің бұл түрін зоопсихологтар факультативті еліктеу дейді. Викарлық
үйрету – тілеген мақсатқа жетуде қылық-әрекет формасын технологиялық үлгі
(аналог) ретінде көшіру. Онда көшіру және игеру үлгілік формасы алынатын
субъекті орнының салдарларына тәуелді, яғни мұнда өзіндік, бірақ когнитивті
процестің жекеленген элементтерін көруге болады. Викарлық үйретудің ең
жоғарғы деңгейі адамдарға да тән. Сән кумирлардан киім және мәнер стилін
көшіру – бұл үйретуге (өте примитивті инстиктивті программалар көмегімен)
өзіндік тартылу құбылысы.

Эвристикалық үйрету. Бізге белгілі Келердің таяқ арқылы бананды алған
маймылдармен тәжірибесі оны жоғары сатыдағы жануарлардағы үйрету көбінесе
стимул мен реакция арасындағы механикалық ассоциацияның пайда болуымен
шартталмаған деген қорытындыға алып келді. Олар есінде бар тәжірибесі мен
нақты проблемалық жағдайды зерттегенде алатын информацияны қосып, аналогия
тәсілімен қолданады. Мәселені шешудің бұндай тәсілі әр түрлі елде түрлі
аталынады. Ағылшындарда–инсайт (шындыққа жету, түсіну), француздарда –
интуиция (intuition - сезу). Бұндай атауы Архимедтің кері итеруші күш заңын
ашуынан шықты (Эврика!). Бұл тәсілдерді көбінесе эвристикалық дейді,
себебі бұнда мәселені шешу қатесіз, логикалық пайымдаусыз, кенеттен пайда
болды.

Мерзімдік реакцияларды зерттеу жануарларда (немесе кішкентай балаларда)
елестің пайда болуы туралы алғаш сұрақты 1913 жылы Чикаго университетінің
жас зерттеушісі У.Хантер қойды. Ол осы болжамды растайтын тәсілді ойлап
тапты. Мерзімдік реакциялардың мәні – жануарлар қармақ жемнің қайда
тығылғанын еске сақтап, одан соң оны тауып немесе еске сақталынған орынды
немесе жемнің қайтадан қайда тығылғанын анықтауда.

У.Хантер тәжірибесінде баланың немесе жануардың көзінше тәтті нәрсені,
мысалы, шоколад бөлігін бірізді сынауларда әр түрлі орынға жасырды. Әрбір
сынау кезінде бірде баланы басқа орынға апарып, бірде тәтті нәрсенің
тығылған жер мен бала арасына шымылдық тартылады. Бірнеше минут немесе
сағат өткен соң, жасырылған жерге баланы апарады, бірақ бұл орын әр сынау
сайын ауыстырылады. Егер де бала оны тапса, онда сол тәтті нәрсе және
жасырылған орны туралы елесі сақталған деген қорытынды шығады. Және бұл
елес шоколад бөлігін жасыру және табылу моменттері арасындағы интервалада
сақталынады. Балалар секілді жануарлардың көбі бұл міндетті жақсы орындады,
яғни бұл олардың еске түсіру қабілетін дәлелдейді. Мерзімдік реакцияларды
зерттеу 50-70 жылдарда бас миының бөлек учаскелері құрылымының жасанды бұзу
тәжірибесінде қолданыла бастады. Бұл естің орталық механизмдерін зерттеудің
негізін салды.
Импринтинг (алғаш О. Хейнрот пен К. Лоренц сипаттаған, ағылшынның
imprint – із қалдыру, көргенді есте сақтау) дегеніміз – жануар өмірінің
алғашқы минуттары немесе сағаттарында ұмытылмайтындай жазылып, еске
сақталынып қалуға әкелетін тума програмаманың қосылуымен шартталған
құбылыс. Импринтинг құбылысының ашылуы көптеген психологтар мен
нейрофизиологтарды дүр сілкіндірді. Бұл психикалық құбылыс нәтижесінде
жануар өмірінің қатаң белгілі бір кезеңдерінде ерекше кілтті стимулдың
образын еске түсіру процесі іске қосылады. Бұл процестер тума реакциялар
комплексін (инстинктілер) қосуға қабілетті.
Үйретудің классикалық формаларынан ипринтингілік типтің ерекшеленуі:
- Есте қалған образдың сонша мықты болуы инстиктивті программалардың
қосылу(ояну) тәсіліне қайтымсыз әсер етуге әкеледі;
- Импринтинг процесі көптеген қайталау мен бекітулерді қажет етпейді – ол
үлгінің бір рет көрсетуінен кейін аяқталуы мүмкін.
- Жануар психикасының импринтингіге ашық болуы (сенситивті период) уақыт
бойынша қатаң шектелген. Есте сақтаудың бұл кезеңінде кілтті стимул іске
асырылмаса, берілген программа бұрмаланған, толығымен қосылмайды немесе
мүлдем қосылмайды. Бұл – осы программаның геномда болуы мен ағзадағы оның
реализациялануына барлық құрылымдық және функционалдық алғышарттар бар
екеніне қарамастан. Тек психикалық (идеальды, символикалық) құралдар ғана
жоқ.
Ерте кездегі импринтингтеленген кілтті стимулдардың бір емес, екі не
одан да көп инстинктивті программаларды қамтуы сирек емес. Осылайша,
мысалы, қаз бен үйректің балаларындағы ерте импринтинг оларға тек:
-1. қорғаныста болу үшін, тіршілік үшін күрестің дұрыс технологияларын
үйрену үшін кімнің артынан жүру керек екендігін ғана емес, сонымен қоса
-2. жыныстық пісіп-жетілуден кейін қандай түрдің өкілімен шағылысуын
көрсетеді.
Жасанды жағдайлардағы ерте импринтинг стадиясында анасының орнына басқа
бір заттың алмастырылуы сол немесе оған ұқсас зат жыныстық құмарлық
объектісі болатынын алдын ала шешеді. Және де бұл заңдылық тек құстарға
ғана емес, сүтқоректілерге де (маймылдарға дейін) таралады. Маймылдардың
балалары өз ата-анасынан тәуелділігі көбірек, сондықтан да оларда
импринтинг кешірек өтіп, күштірек бейнеленеді.
Осылайша, өткен ғасырда жануарлардың күрделі (және өте күрделі)
реакциялардың таңдамалы байытылуын қамтамасыз ететін үйрету механизмдерінің
қатары ашылды. Әсіресе өзін-өзі үйрету арқылы кеңеюге, түрлі әдістерді
комбинациялауға және әрекеттердің сәтті мақсатталған комбинацияларын есте
сақтауға мүмкіндіктері бар тума программалар ерекше әсер етеді.
Қабілеттерді және тіпті императив–еліктеу арқылы үйретуді болжайтын
программаларды орасан зор мүмкіншіліктер бар. Бұл әсіресе балаларына
маңызды болып табылады. Ата-аналарға, үлкендерге және өз түрінің тәжірибелі
особьтарына еліктеуге болады. Қылық-әрекеттің көптеген инстинктивті
программалары өте күрделі болғандықтан, олардың жас жануарларға нағыз
мақсатталған балуы үшін, әдейі қайта жасау мен коррекцияны талап етеді.
Көбінесе олар жағымды мотивацияларды кіргізетін ерекше имитациялық
жағдайларда – ойындарда қайта жасалынады. Бірақ та дидактикалық мақсаттар
белгілі бір маңызды ұжымдық акцияларда іске асырылуы мүмкін. К. Лоренц бұл
акциялар қатарына әлсіз қаруланған жануарлар мен құстардың жыртқышқа
ұжымдық қарсы тұру қабілетін, мобинг (ағылшыннан mob – топ) деп аталатын,
табындық жануарлардың жыртқышқа қарсы контратакаға қабілетін жатқызады.
Осылайша, үйретуді бағыттайтын қылық-әрекеттің күрделі акцияларына жас
жануарлардың мақсатталған үйретуге қабілеттендіретін механизмдер қоғамдық
жануарларда адамнан бұрын пайда болды. Әрине де, жануарлар
қоғамдастықтарындағы үйретудің технологиялары мүлдем санасыз,
инстинктивті болып табылады және ұжымдарда ғана іске асырылады.
Бірақ та барлығын және барлығынан үйрену пайдасыз болып табылады.
Сондықтан да жануарларда білімнің тума программалары бар – қашан, не
нәрсеге және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зоопсихология пәні
Салыстырмалы психология пәні, міндеттері, әдістері
Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі балаларды жануарлармен таныстыру құралы ретінде
Зоопсихологияның этологиямен байланысы
Өзіндік сана
Ерте сәбилік шақтыңң сипаттамасы
Мектеп психолыгының мектеп оқушыларымен жүргізетін жұмыстары
Бастауыш сынып оқушыларын балалардың эстетикалық тәрбиесінде табиғат мағынасын ашу
Психодиагностиканың этикалық және кәсіби бағыттары
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Пәндер