Зоопсихологияның этологиямен байланысы


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлімі
2. 1. Зоопсихология жəне салыстырмалы психология
2. 2. Зоопсихологияның этологиямен байланысы
2. 3. Дильфиндер
2. 4. Жануарлардың ақылды іс-əрекеті
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Зоопсихология - (гр. zoon - жануар және психология) 1) негізінен әр алуан биологиялық түрлердің мінез-қылықтарын салыстырып, психогенетикалық көзқарас тұрғысынан психологиялық процестерді зерттеу, (қ. Салыстырмалы психология) жануарлар қылықтары мен психологиясын зерттейтін психология ғылымының саласы. 2) объектісі жануарлар болып табылатын кез келген психологиялық зерттеу; 3) жануарлар психикасы, осы деңгейде психикалық шағылудың көрінісі мен заңдылықтары туралы ғылым. Зоопсихология жануарлардың психикалық процестерінің онтогенездегі қалыптасуын, психиканың эволюция процесінде пайда болуын және оның дамуын, адам санасының биологиялық алғышарттарын және оның туылу тарихына дейінгісін зерттейді. Жануарлардың психикалық қабілеттеріне антикалық дәуірдің ойшылдары назар аударған. Ғылыми Зоопсихология XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. бас кезіңде пайда болды. Жануарлар психикасын ғалымдар олардың қоршаған ортамен тіршіліктік қажетті байланыс орнататын қозғалыс белсенділігімен диалектикалық бірлікте қарастырды. Психиканың онтогенезде және филогенезде дамуының алғашқы және жетекші факторы pетінде ширығуға, қозғалыс жүйесін байытуға және жетілдіруге алып келетін тіршілік қарекеттің күрделілігін зерттеді. Жануарлардың психикалық қарекетін, перцептивті процестерін, бағдарлы зерттеушілік реакциясын, жадын, эмоциясын, дағдысын және үйреніп алудың өзге түрлерін, зиятын нақты зерттеу жануарлардың өздерін ұстануының құрылымына объективті анализ жасау негізінде және адамға қарағанда жануарлардьщ психикалық қарекеті толығымен биологиялық факторлармен , зерттеліп отырған түрдің экологиялық ерекшеліктерін жан-жақты еске алуды талап етеді. Зоопсихологияның этологиямен және басқа биологиялық ғылымдармен ерекше тығыз байланысы осымен айқындалады.
ІІ. Негізгі бөлімі
2. 1. Зоопсихология - жануарлардың психикалық қызметін барлық көріністе зерттеумен айналысатын ғылым.
Салыстырмалы психология - дамудың əртүрлі деңгейінде психиканы салыстырмалы зерттеу. Салыстыруға психиканың дамуының біртұтас эволюциялық деңгейлері, эволюциялық немесе онтогенетикалық (жеке) дамудың əртүрлі кезеңдеріндегі жекелеген психикалық жүйелі түзілімдері (мысалы, интеллект, ойын, бағдарлаушы-зерттеуші іс-əрекет, қарым- қатынас т. б. ), сондай-ақ əртүрлі эволюциялық деңгейлердегі дамудың (жеке жəне түр-тұқымдық) заңдылықтары енуі мүмкін. Салыстырмалы психологияның едəуір кең тараған салаларының бірі жануарлар мен адам психикасын салыстыра зерттеу, сондықтан бұл саланы қосымша нақтылаусыз-ақ «салыстырмалы психология» деп атайды. Зоопсихология пəнін жануарлар деңгейінде психикалық бейнелеу көріністері, заңдылықтары мен эволюциясы, онто- жəне филогенезде жануарлардың психикалық процестерінің пайда болуы жəне дамуы, адамзат санасының алғышарты мен алғытарихы туралы ғылым пəні ретінде анықтауға болады. Сонымен қатар, зоопсихология пəні жануарларда психикалық қызметтердің пайда болуы мен дамуы, адамзат санасының пайда болуы жəне даму алғышарттары болып табылады.
Зоопсихология пəні психиканы зерттеудің төрт негізгі салаларынан тұрады, олар теоретикалық жəне методологиялық тұрғыдан алғанда жалпы психология үшін стратегиялы болып табылады:
1. Психиканы анықтау;
2. Психиканың пайда болуы;
3. Психиканың дамуының эволюциялық кезеңдерінің бөлінуі;
4. Эволюцияда психиканың даму механизмдерін анықтау.
Психика органикалық дүниенің дамуының белгілі бір кезеңінде ғана пайда болды жəне объективті шындықты жоғары дəрежеде бейнелеу формасы болып табылады. Психика жоғары ұйымдасқан тірі жан иелерінің өздерінің жай-күйлері арқылы қоршаған дүниені бейнелеу қабілеттілігінен көрінеді. Психиканың пайда болуы өмірде жан-жануарлар түрлерінің пайда болуымен тікелей байланысты, себебі өмір жағдайларының өзгеруі кезінде объективті шындықты сапалы, жаңа деңгейде бейнелеу қажеттілігі туындайды. Психика тірі ағзаға өз белсенділігін орта компоненттерімен салыстыруға мүмкіндік береді, сондықтан ортаның өзгермелі жағдайларында қалыпты өмір əрекетін, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету үшін жануарлардың басым көпшілігінде ағзаның жүйке қызметін бақылайтын біріккен орталық - бас миы пайда болды.
Жануарлар психикасы қоршаған ортамен байланыс орнатуға бағытталған сыртқы (қозғалыс) белсенділіктің барлық көріністерін қамтитын мінез-құлықпен тығыз байланысты. Психикалық бейнелеу осы белсенділік негізінде жануарлардың қоршаған ортаға өзара əсері барысында жүзеге асады. Мұнда тек орта компоненттері ғана емес, сонымен қатар жануарлар мінез-құлқы, өзара əсерлесу нəтижесінде жасалатын қоршаған ортадағы өзгерістер де бейнеленеді. Жоғары омыртқалылар психикасында қоршаған дүниедегі заттарды едəуір толыққанды əрі терең бейнелеу жануарлардың мінез-құлықтық актілерінің ықпалынан өзгеруі нəтижесінде жүзеге асады.
Зоопсихология жəне салыстырмалы психологияның теориялық жəне қолданбалы сипаттағы əртүрлі міндеттері бар. Зоопсихология жəне салыстырмалы психологияның шешетін теориялық міндеттері философия жəне жалпы психологияның фундаменталды мəселелеріне жатады. Нақтырақ айтқанда, зоопсихология жанның (психиканың) мəні, оның пайда болуы, эволюциядағы өзгерістері, адам психикасының пайда болуы жəне сапалық ерекшеліктері туралы мəселелерді шешеді.
Жануарлар психикасын зерттеу адам психикасын тану үшін қажет. Бұл қажеттілік келесі жағдайлармен түсіндіріледі:
1. Эволюциялық дамудың төменгі (адамдармен салыстырғанда) деңгейдегі психикалық процестер мен қызметтерді зерттеу олардың құрылымы мен дамуын едəуір егжей-тегжейлі түсінуге мүмкіндік береді;
2. Психикаға (адамға қатысты бола алмайтын) ықпал ететін белгілі бір жағдайларды жануарларға модельдеуге болады. Осындай эксперименттер көмегімен адамзат адамды ғана емес, сондай-ақ жануарларды да қорғауға болатындығын таныды.
Зоопсихология мен салыстырмалы психологияның шешетін қолданбалы міндеттері үш негізгі салаға жатады:
1. Адамның шаруашылық жəне тұрмыстық іс-əрекетінде жануарлар психикасы туралы білімдерді қолдану. Оған адамдардың үй жағдайында ұстайтын ауылшаруашылық жəне кəсіпшілік жануарлар психикасын зерттеу жатады;
2. Адамның табиғатты қорғау іс-əрекетінде жануарлар психикасы туралы білімдерді қолдануы. ХХ ғ. адамның табиғатпен қатынасы жаңа деңгейге бет бұрды: адамзат Жер бетінде барлық тіршілік иелерінің бірегейлігін ұғынып, оларды қамқорлыққа ала бастады. Жануарларды қорғау жəне көбейту үшін олардың психикасы туралы білімдер қажет;
3. Жануарлар психикасы туралы білімдер дамытушы жəне психо-терапевтік мақсаттарда қолданылады. Бұл жерде адам психикасына жағымды əсер етуі мүмкін жануарлар жайында айтылып отыр. Жануарлармен қарым-қатынас балалар психикасына жағымды ықпалын тигізеді. Мұндай өзара əсерлер баланың қабылдауының, зейінінің, қозғалыс белсенділігінің, қарым-қатынасының, танымдық жəне эмоционалды өрісінің дамуына мол мүмкіншілік береді. Дегенмен, кез келген дамытушы əсерлер баланың жас жəне жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылуы тиіс.
2. 2. Жануарлар мінез-құлқын зоопсихологиядан басқа да ғылымдар, мысалы, этология, нейрофизиология, жоғары нерв қызметінің физиологиясы, бионика зерттейді. Жануарлар мінез-құлқы деп организмнің ортамен қажетті байланыстарды орнатуға бағытталған жануарлардың сыртқы қозғалыс белсендігінің көріністері жиынтығын айтады. Ғалым-зоолог психикалық бейнелеу үрдісін оның сыртқы белсендігінің көрінісі ретінде қарастыра отырып, жануарлардың мінез-құлқы мен психикалық қызметі көріністерінің барлық кешенін зерттеді. Бұл үрдісті зерттеу кезінде ол ешқашан жануарлар мінез-құлқымен ғана шектелмей, осы тұрғыдағы мінез-құлықтың пайда болуы мен дамуының барлық психикалық аспектісін қарастыруға тырысады.
Зоопсихология этологиямен тығыз байланысады. Этология ХХ ғ. басында пайда болды жəне ол эволюциялық аспектіде, əсіресе табиғи жағдайда жануарлар мінез-құлқын зерттеумен айналысады. Оның негізін қалағандар австрия ғалымы К. Лоренц жəне нидерландтық зерттеуші Н. Тинберген. Қазіргі уақытта бұл физиология жəне психологиямен тығыз байланысатын биологияның арықша кең саласы.
Жануарлар мінез-құлқын зерттейтін көптеген зерттеулер этологияны, психологияны жəне физиологияны (негізінен нерв қызметінің физиологиясы) біріктіре отырып, пəнаралық болып табылады. Десек те, бұл аталған ғылымдар арасында тепе-теңдік, біркелкілік белгісін қоюды білдірмейді. Аталған ғылымдардың зерттеу пəні əр түрлі. Этология жануарлар мінез-құлқының құрылымын (адам мінез-құлқын - адам этологиясы ХХ ғ. екінші жартысында пайда болды), оның бейімделуші маңызын, эволюцияда дамуын зерттейді. Талдау бірлігі - биологиялық түр болып табылады, ал индивид - түрлердің бірі, түр-тұқым өкілі, оның жеке ерекшеліктері түр-тұқым көрінісі жəне эволюциялық өзгеріс үшін материал ретінде қарастырылады. Этологиямен салыстырғанда зоопсихология субъектінің ішкі психикалық күйін түсіну мақсатында психиканың эволюциялық ерекшеліктерін зерттейді, психологияда талдау бірлігі психика субъектісі болып табылады. Сонымен, аталған ғылымдарда тану үрдісінің бағыты əр түрлі. Бұл айырмашылықтарға қарамастан, этология мен зоопсихологияны жиі ұқсастырады. Бұл қателік, себебі аталған ғылым салаларының зерттеу пəні əртүрлі теориялық тəсілдерді, ғылыми аппараттар мен түсіндіруші принциптерді ұсынад.
Зоопсихология мен этологияны ажырату қиындығы - мінез-құлықпен байланысты. Бірақ, этологияда объект зерттеу пəнімен (мінез-құлық) сəйкес келеді, ал зоопсихологияда жоғарыда айтқандай сəйкестік жоқ. Мінез-құлық зоопсихологиясы мен физиологиясы арасында айқын өзгешеліктер бар, себебі, физиология пəні жануарлар мінез-құлқын қамтамасыз ететін ағзадағы физиологиялық процестер болып табылады.
Зоопсихология жəне салыстырмалы психология объектісі - бұл психика субъектілерінің (жануарлар мен адам) мінез-құлқы.
Мінез-құлық
дегеніміз өмірлік қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған қимыл-қозғалыстар көріністерінің жиынтығы. Мінез-құлық көмегімен тіршілік иесі сыртқы ортамен өзара əрекеттеседі. Психика ішкі механизм болып табылады, психика арқылы мінез-құлық басқарылады. Сондықтан, психика субъектілерінің мінез-құлқын ғана байқауға болады, сондай-ақ осы мінез-құлықтың материалды (адамда идеалды - өзіне-өзі есеп беру) нəтижелері мен іс-əрекет жемісін (сыртқы объектілер немесе ішкі дүниенің еріксіз немесе ерікті өзгерістері) зерттеуге алуға болады. Ішкі дүние өзгерістерінің жемісі бертінге дейін тек адамда ғана тікелей зерттеуге алынды. Соңғы онжылдықтағы жүргізілген зерттеулер мұндай əдістерді понгидтерге (жасанды белгілік құралдарды қолдануға үйренгендер) қолдануға мүмкіндік берді.
Зоопсихологиялық зерттеулердің объектісін - жануарлар мінез-құлқын қарастыра отырып, зоопсихологияның классикалық психологиямен (объектісі адам болып табылады) салыстырғанда қарастыратын объектісінің баршылық екендігін айта кетуге болады. Зоопсихологияның пəнін нақтырақ анықтау үшін психика, жануарлар мінез-құлқы жəне психикалық қызмет ұғымдарына толығырақ тоқталған жөн.
2. 3. Ғалымдар сонғы ондаған жылдардан бері дельфиндер тіршілігіне баса назар аударып келеді, дельфиндерді психикалық-жүйкелік жаратылысы жағынан жоғары дамыған жануарлар қатарына жатқызуға болады екен. Неміс физиологы М. Тидеман дельфин миының даму дәрежесіне таңданғандығын айтқан болатын. Мұндай даму дәрежесі дельфинді адам мен орангутангтардан кейінгі үшінші орынға қоюға, сөйтіп оның ақыл-ой қабілетінің де сол деңгейде екендігін топшылауға мүмкіндік береді. Мәселен, адамның миы орта есеппен 1, 4 килограмм болса, дельфиннің миы - 1, 7 килограмм, ал ми қыртысындағы иірімдер адамның миындағыдан екі есе көп.
Ғалымдардың бақылаулары мен арнайы тәжірибелері дельфиндерде шапшаң қабылдау және «ойлау» қабілетінің бар екендігін дәлелдеп отыр. Ағылшын зерттеушісі Д. Лиллидің айтуына қарағанда, өте шапшаң есептейтін кибернетикалық қондырғының көмегінсіз дельфиндердің психикалық іс-әрекетін зерттеу мүмкін емес.
Швейцария профессоры А. Портман, адам мен жануарларды интеллектік сынау әдісімен зерттей келіп, мынадай деректерді жариялады: адам 215 балл алған (бірінші орын), дельфин - 190 балл (екінші орьш), піл үшінші, ал маймыл төртінші орынды иеленген.
Дельфин тәртіптің, дағдының кез келген туріне өте тез және оңай үйренеді, баулуға көнбіс келеді. Олардың қатынасқа үйірлігі мен дыбыстык белгілерінің сан қырлылығы тән қалдырады. Дельфиндер бір-біріне ұдайы көмектеседі, мәселен, жаралыларын сүйемелдейді. Дельфиндердің суға батқан адамдарға көмекке келуінің талай-талай мысалдары кездесіп қалып жүр. Сонымен, интеллектік мінез-құлық жоғары дәрежедегі дамыған жануарларға, яғни маймылдарға, дельфиндерге, пілге тән. Жануарлардың интеллектік мінез-құлық әрекеті адам санасы қалыптасуының алғы шарты болып табылады.
2. 4. Ресей психологтарының анықтауынша, жануарлар ойлауы мынадай белгілермен ерекшеленеді:
- дайын шешімнің болмауынан жауаптың шұғыл пайда болуы (А. Р. Лурия) ;
- əрекеттерге тəн объективті шарттарды таныммен бөлу (С. Л. Рубинштейн) ;
- шындықты жалпылама, жанама бейнелеу; жаңаны іздеу жəне ашу (А. В. Брушлинский) ;
- аралық мақсаттардың болуы жəне орындалуы (А. Н. Леонтьев) .
Адам ойлауының бірнеше синонимдері бар: «ақыл», «интеллект», «парасат» т. б. Алайда, бұл терминдерді жануарлар ойлауын сипаттау үшін қолданған кезде адамның ойлау қызметтеріне сай элементтер мен белгілер жайында сөз қозғалады. Осыған орай, Л. В. Крушинский жануарлар ойлауына қатысты ақылды іс-əрекет терминін ұсынған. Ол жануарлар мен адамның ойлау процестерін ұқсастыруға жол бермейді.
Қылық-әрекет дегеніміз - бұл жануарлардың қимыл-қозғалысы. Бірақ бұл бір жерден екінші жерге орын ауыстыру түрлері: жүгіру, жүзу, өрмелеу және т. б. ғана емес, сонымен қатар жануарлардың қоректену, дем алу барысындағы қозғалыстарын да жатқызамыз. Қылық-әрекетке жатқызылатын қимылдар мұнымен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, құлағын тікірейту, дыбыс шығару да жануарлардың қылық-әрекетіне жатады. Ал кейбір жануарлардан адам қабілетіне ұқсас ұяттан қызару сияқты әрекетті байқауға болады. Олар жыртқыштардан қорғану мақсатында, қарсыласына шабуыл жасағанда, не ұрғашының көңілін аулау мақсатында, өзінің реңдерін түрлі-түстерге өзгертуде байқалады.
Жануарлардың қылық-әрекетінің көп түрлері бар, оларды ғылыми негізде түсіндіру, сипаттау және талдау үшін көптеген зоолог ғылымдар зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Екі түрлі жануардың қылық-әрекеті бірдей болмайды. Мысалы, Зарянка құсының өлең айтуынан қоректену әдісі, ұя салуы, қауіп-қатер жағдайында түрлі қимылдарды қабылдауы, некелік ойындарын танып білуге болады. Сондай ақ түрлері бір жануарлардың қылық-әрекет типтері де әртүрлі болады, мысалы: шағалалар суда сүңгіп балық ұстап, не ауру құсты өлтіріп, не шыбын-шіркей, құртпен қоректенеді; дегенмен жануарлардың қылық-әрекеті шектеулі болады (шағала балықты сұңқар сияқты ұстай алмайды, ал зарянка ұяны печник құсы сияқты сала алмайды) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz