Аурудың клиникалық белгілері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Ауруға сипаттама

2. 2 Аурудың клиникалық белгілері

2. 3 Ауруды балау және емдеу

2. 4 Сақтандыру шаралары

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бұл мақалада, диспепсия ауруына шалдыққан бұзауларға Монклавит-1 препаратын В. В. Мосин бойынша плевра үсті новокаинды блокадасымен бірге қолданудың терапевтикалық тиімділігін анықтау мақсатында қанның кейбір гематологиялық өзгерістеріне салыстырмалы баға беріледі. Түйін сөздер: диспепсия, бұзау, Монклавит-1, В. В. Мосин бойынша плевра үсті новокаинды блокада. Диспепсия - әр түрлі факторлардың салдарынан туындайтын ауру. Белгілі болғандай, жаңа туылған бұзаулардың диспепсия ауруы шаруашылыққа айтарлықтай зиян келтіреді. Солардың бір қатарына тоқталып кетер болсақ: жаңа туылған төлдердің өлімге ұшырауы, диспепсия ауруымен ауырған малдардың ет және сүт өнімділігінің төмендеуі және олардың жарамсыздыққа ерте шығып қалуы, ветеринарлық іс-шараларға кеткен шығын және т. б . Жаңа туылған бұзауларды өсірудің ең тиімді, яғни ағзаның жоғары резистентілікке ие болуын және де өміршең, өнімділігі мол болуын қамтамасыз ететін, инновациялық тәсілдерді ойлап табу және іздестіру, заманауи мал шаруашылығында үлкен маңызға ие. Жаңа туылған бұзаулардың табиғи резистентілігін арттыру үшін спецификалық әсері бар (вакцина, сарысу) және спецификалық емес (химиопрепараттар және т. б. ) бағытта әсер ететін әр түрлі препараттар қолданылады. Осы топтағы заттардың әмбебап өкілі Монклавит-1 жаңа препараты болып табылады, ол құрамында йоды бар полимер ретінде жануарлар ағзасына айқын антимикробтық және физиологиялық белсінді (микроэлемент секілді) зат ретінде әсерін тигізеді . Міне, сондықтан да, бұзауларға, құрамында поли-N- сулы ерітіндісі түрінде йод болатын, Монклавит-1 препаратын қолдану, бұзаулар диспепсиясын спецификалық емес түрде алдын алуда - өзекті. Зерттеу мақсаты. Зерттеудің мақсаты - бұзаулардың ас қорыту ағзаларының ауруларын бастапқы постэмбриальды кезеңінде емдік-алдын алу іс-шараларының тиімділігін жақсарту үшін, заманауи, Монклавит-1 препаратымен В. В. Мосин бойынша новокаинды блокада қолдану.

Негізгі бөлім

Диспепсия - жаңа туған төлдердің азық қорыту және зат алмасу процесінің бұзылып, организмнің құрғауы және улануы салдарынан тез арада пайда болатын ауру.

Бұл аурумен бұзаулар, торайлар жиірек, ал қозылар мен құлындар және боталар сирек ауырады.

Сипаттама: Ұрықтанған буаз аналық малдардың азық мөлшерінде протеиннің, витаминнің, минералдық заттардың жетіспеушілігі болып табылады;

Кейбір шаруашылықтарда буаз сиырларды құнарсыз, құрамында май қышқылдары бар қызылшаның сығындысымен немесе сондай сүрлеммен азықтандырғанда бұзылады, ал шошқаларды, торайларды сапасыз картоппен қоректендіргенде, ал саулық қойларды ұрықтанғаннан кейін және ұрықтың іште дамуы кезінде сапасыз шөппен азықтандырғанда қозыларда жиі кездеседі.

Сонымен қатар уыз сүтті бірінші рет кешіктіріп немесе суыған, ластанған түрде беру, не емшегі қабынған сиырлардың уыз сүтін беру жаңа туған төлдердің осы аурумен ауруларына себепші болады.

Мұндай жағдайларда жаңа туған төлдердің ішектеріндегі керекті, пайдасы бар микрофлораның құрылу процесі бұзылады.

Жаңа туған төлдердің сызды, суық бөлмелерде болып тоңазуы немесе жаздың ыстық кездерінде далада көлеңкесіз күн астында қалуы олардың ауруға шалдығуына әсер етеді.

Аурудың клиникалық белгілері үш сатыда өтеді.

1) Бұзау азыққа селсоқ қарайды, жалпы күйі нашарлайды. Іші өтеді, нәжісі сұйықтау, кейде сұйық болады. Оның түсі сарғыш, өткір иісті, жабысқы аралас келеді.

2) Ауру белгілері 3-5 күнде жақсы білінеді. Ауру жіті түрде өтеді. Төлдің жалпы жағдай нашарлап, сүт ішпей қояды. Іші қатты өтеді. Біртіндеп организм уланып, көз жанары мұнартып көзі шүңірейіп кетеді. Төл денесінің суы азайып, тез арықтайды, жата бергіш келеді.

3) Төлдің іші тоқтаусыз өтеді. Жүрек, бүйрек қызметі нашарлап, ауру төл орнынан тұра алмайтын халге жетеді. дер кезінде емделмесе төл шығынға ұшырайды

Дамуы. Жаңа туған төлдерді қоректендірудегі кездесетін қателіктер олардың организмінде уыз сүттің ыдырау процесінің бұзылуына, ал жас организмнің салқындап, не ыстықтап тұруы ішек жиырылуы процесінің бұзылуына әкеп соғады.

Организмде судың жетіспеушілігі ас қорыту бездерінің секрецияларының төмендеуіне, қарын мен ішектегі сүт және басқа қоректік заттардың химиялық алмасуына бірден бір әсерін тигізетін ферменттердің түзілуі процесінің бұзылуына әсер етеді.

Бұзауларға уыз сүтін шелектен беру немесе беру мезгілін сақтамау олардың берілген уызды қомағайлана, көп бөлшекпен қабылдауына әкеп соңады. Мұндай жағдайда уыз сүт қажетті мөлшерде сілекеймен араласа алмайды да, өңеш науасына келіп тығыздалады. Оны кеңейтіп созып, одан асып әлі жетілмеген, өз қызметін атқарауға дайын емес алдыңғы қарыншаларға келіп туседі. Онда шіру процесі басталады, сонымен қатар шала қортылған заттар, ащы ішекте ондағы ас қорыту процесінің бұзылуын туғызады.

Уыз сүтте қарын ферменттерінің әсерлері жеткіліксіз болады да, ащы ішекке түскен ас қалдығының одан әрі ыдырау, сіңу процестері бұзылады. Соның салдарынан іштің өтуі пайда болады.

Ішектің ауруға қарсы тұру қабілеті бұзылады, бауырдың қанға түскен зиянды заттарды зарарсыздандыру қабілеті нашарлайды. Бұл өзгерістер организмде улы заттардың көпткеп жиналуына әкеп соғады.

Олардың әсерінен ОЖЖ - нің қызметі бұзылап, қозғалуы нашарлап жатып қалады, сіңірі тартылып, тыныштала алмайды.

C:\Users\Makpal\Desktop\imagesCAMRJJKX.jpg http://t3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSzjel-VZQ_E_1HLnlFRrHj8kVupPOXTatZp5nhge73HuJ9zcxhlA

Жай диспепсияда ас қорытылуынан басқа, мал организмде айтарлықтай терең өзгерістер байқалмайды, дене қызуы қалыпты, іш өтуі жиі - жиі болып тұрады;

Токсикалық диспепсияда ауру мал азық қабылдамайды, тоқтатылмайтын іш өту, организмнің улануы және сусыздануы, ауру малдың жалпы жағдайы нашарлайды. Іш өтуі тұрақты үнемі болып тұрады. Нәжіс өте сұйық, сасық иісті, қышқыл - сары немесе жасыл сары түсті.

Ауру малдар организмінің тез улануы болады. Олардың жалпы күйлері нашарлап, бұлшық еттерінде діріл пайда болады, тері сыртынан сезімталдылығы азайып, малдың бағытты жүрісі бұзылады, организмнің сусыздануы байқалады, дене қызу әртүрлі болады, жүрек қызметі бұзылады.

http://t0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTOXwla2zyY7wbezQw2Qcr477DoNmEfX-uvSFRbwQLMCriCpLfhKQ C:\Users\Makpal\Desktop\imagesCAWCAFGV.jpg Өлер алдында жатқан малда қозғалыс болмайды. Олардың басы артқа қарай қайырылып, тыныс алуы үздіксіз болып, ауырлапғ артқы саңылаудан еріксізден су сияқты зат бөлініп жатады. Құлақтары мен аяқтары суып қалады.

Балау. Ауруға диагноз қою үшін алдымен төлдер мен аналық малдарды қандай жағдайда күтіп бағатындарына, қалай және немен азықтандырғанына талдау жасау керек. Содан кейін аурудың белгілерін анықтап, өлген мал бар болса өлекседегі өзгерістерді тексеріп, бактериологиялық әдіспен зерттеу жүргізеді.

Емдеу. Бұзаулар жасына, аурудың пайда болу мерзіміне және тірілей дене саламғына қарай таңдалынып, топтастырылды. Барлық үш топтағы бұзауларды күтіп-бағу жағдайлары мен азықтандыру принципі бердей болды. I-ші топтағы диспепсия ауруына шалдыққан бұзауларға келесідей емдік іс-шаралар жүргізілді: 2 л суға 75 г Редиарды езіп күніне 2 рет ішке енгізу; бұлшықетке фармазин-50 препаратын тәулігіне 5 мл мөлшерінде енгізу; жасанды асқазан сөлін ішке сүтпен (уызбен) азықтандыруға дейін 10-15 минут қалғанда 50 мл мөлшерінде. II-ші топтағы бұзауларға көрсетілген емдік курсы: В. В. Мосин бойынша плевра үсті новокаинды блокадасын қою; Монклавит-1 препаратын бірінші күні 90 мл дозасында бір рет, ал келесі күндері, яғни толық сауыққанға дейін тәулігіне 2 рет 40 мл-ден ішкізеді; емен қабығынан жасалған қайнатпаны (1:10) ішке, күніне 3 рет азықтандырудан 30 минут бұрын 250 мл мөлшерінде беру.

Кешенді түрде жүргілізеді. Ол үшін малдың күтімін, азықтандыруын жақсартумен қатар патогенетикалық, симптоматикалық және диеталық емдеу әдістерін белгілі мөлшерде жан - жақты пайдалану қажет.

Ауру малдарға ашығу диетасын тағайындайды. Бұзауларға 6-12 сағ., қозылар мен торайларға 4-6 сағ.

Ас қорыту процесін қалыпты жағдайға келтіру үшін 30- 50 мл табиғи қарын сөлін және сондай мөлшерде қайнаған сумен араластырып азықтандырудан 10-15 мин бұрын береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқының жұқпалы анемиясы
Инфекциялық ауруларды клиникалық балау
Стахиботритоксикоз ауруының белгілері
Ит қарынының жіті кеңеюінің патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
БАЛАЛАРДАҒЫ ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕР
Листериоз ауруының сипаттамасы
Маңқа ауруы
Иттердегі парвовирустық энтериттің сипаттамасы
Инфекциялық ауруларды болдырмау
Тыныс алу жолдарынының аурулары жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz