Витамин алмасуының бұзылуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім
2.1. Витамин алмасуының бұзылуы
2.2. Витаминдер классификациясы. Майда еритін витаминдер
* А витамині, биомедициналық қызметі, авитаминозы
* Д витамині, биомедициналық қызметі, авитаминозы
* Е витамині, биомедициналық қызметі, авитаминозы
* К витамині, биомедициналық қызметі, авитаминозы
* А витамині, биомедициналық қызметі, авитаминозы
2.3. Витаминдер алмасуы бұзылуын анықтау

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Витамин -- адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta - тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, организм әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.
Витаминнің мал үшін маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Витамин алмасуының бұзылуы
Ауыл шаруашылық малдары организміндегі витаминдердің жетіспеуінен немесе мүлде болмауынан туындайтын аурулардың табиғатын: эндогенді және экзогенді деп жіктейді.
Витаминдер:
* тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді;
* организмнің қорғаныштық қабілетін арттырады;
* жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті;
* белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдатады және реттейді.
Витаминдерді 4 топқа бөледі:
1) алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы);
2) алициклды витаминдер қатары;
3) ароматикалық витаминдер қатары;
4) Гетероциклды витаминдер қатары.
Авитаминоз дегеніміз белгілі бір витаминнің организмде өте аз мөлшерде, немесе жоқ болуынан туатын зат алмасу проце - сінің қалыптан тыс өзгерістері. Мұндай өзгерістер денсаулыққа өте зиянды, кейде өлімге әкеліп соғуы ықтимал.
Гиповитаминоз - кейбір витаминдердің организмде көп мөлшерде жетіспеуінен болатын зат алмасудағы өзгерістер.
Поливитаминоз - организмде көптеген витаминдердің аз мөлшерде болуының нәтижесіндегі метаболизмдік өзгерістер.
Гипервитаминоз деп кейбір витаминдердің организмде шектен тыс көп болуының әсерінен туатын зат алмасудағы, неме - се физиологиялық функция процестеріндегі өзгерістерді айтады.
Авитаминоз өте жиі кездеседі. Авитаминоздың себептері (экзогенді):
1) Әлеуметтік факторлар:
витаминдер мөлшері жеткіліксіз біртекті немесе бір азықпен (тағаммен) қоректену, тұрмыс жағдайының төмен болуы;
2) Азықтың (тағамның) өңдеу технологиясының қателігі: ұзақ уақыт қыздыру немесе азықты бірнеше рет қыздыру витаминдерді жояды;
3) Темекі шегу, этанолды (арақ) ішу (алкоголизм)
4) Биологиялық факторлар:
сәбилік немесе қартаңдық, жүктілік, лактация кезеңі.
Авитаминоздың себептері (эндогенді):
5) организмнің патологиялық жағдайы:
а) асқазан-ішек жолдарында сіңірілуі;
б) ішек инфекциясы:
қалыпты жағдайдағы ішек микрофлорасының қызметіне әсер ете отырып, В витаминдер тобының синтезін бұзады;
в) Бауыр қызметінің бұзылуы:
- провитаминдердің витаминдерге айналуын
- әртүрлі биосинтезге витаминдердің қатысуын
- бауырда витаминдердің жиналуын тежейді.
6) Өте көп мөлшерде дәрі-дәрмек қабылдау - бірінші кезекте антибиотиктерді қабылдау қалыпты жағдайдағы ішек микрофлорасының қызметін бұзады.

2.2. Витаминдер классификациясы. Майда еритін витаминдер
Барлық витаминдер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді. Майда еритіндерге А, D, Е, К витаминдері жатады. Суда еритін витаминдерге С, РР және В тобындағы барлық витаминдер жатады.
А витамині (ретинол, антиксерофтальмиялық витамин)
Ретинолды зерттеу 1909 жылы басталып, 1933 жылы синтезделген. А витаминінің бірнеше витамерлері бар - А1, А2, А3; ішінде ең көп тарағаны - А1 (теңіз балықтарының бауырында көп болады). Химиялық құрылымы жағынан А витаминдері құрамында β-ионон сақинасы, оның бүйірінде изопреннің екі қалдығы және гидроксил тобы бар спирттер. А витаминдері сары түсті, 59-64°-та балқиды, оттексіз 100°-қа дейін қыздыруға төзімді, жылдам тотығатын кристалды заттар. Организмде ферменттердің қатысуымен ретинол (спирт) тотығып, витаминдік қасиеті бар ретинальға (альдегид) айналады.
Ұлпаларда, бауырда А витамині әр түрлі қышқылдармен (сірке, пальмитин, янтар) қосылып, күрделі эфир түрінде болады.
А витамині тек жануардан алынған азықтарда болады: балық майында, бауырда, етте, жұмыртқада, сары майда, т.б. Ал өсімдіктерде А витаминінің провитаминдері - каротиндер түзіледі. Каротиндер (лат. carota - морковь) - ең алғаш сәбізден бөлінген, сары түсті пигменттер.
Каротинге сәбіз, асқабақ, қымыздық, қара қарақат, қара жидек, қарлыған, қызыл бұрыш, қызанақ, т.б. өсімдіктер бай. Осы кезде зерттелгендері - α-, β-, γ-каротиндер. Бауырда және ішекте каротиназа ферментінің әсерімен β-каротиннен А витаминінің 2 молекуласы түзіледі.
А витамині авитаминозының клиникалық белгілері
* көздің тор қабығының зақымдануы (ксерофтальмия, панафтальмия, іріңді конъюктивтит);
* эпителийдің қабынып, зақымдануы (тері мен мұрын, жұтқыншақ пен көмей, бронхылар мен өкпе, ас қорыту және несеп бөлу орталық жүйке жүйесі органдарының кілегей қабаты қабыршақтанып, тері құрғақ тартып, оның беті кедір - бұдырланады, өкпеге зиянды микробтар ауа арқылы кіріп, қабынады, организмнің инфекцияға төзімділігі әлсіреп, фолликулярлы гиперкератозға, дерматитке ұшырайды);
* ұрғашы малдың қынабы мен жатырының кілегей қабығы қатайып, ұрықтанған соң төлдің бекуі нашарлайды, жыныс циклі бұзылады, шудың шығуы тоқталып, іш тастауы мүмкін немесе төлі кішкентай болады өлі туады;
* жүні қылданады және тікірейіп түсе бастайды, тұяқтары өсіп, жұқарып, жұмсарып, қабынып, жарылады;
* Еркек малдың жыныс бездері өзгеріп, сперматогенез немесе ұрықтың пайда болуы бұзылады.
А витаминінің жануарлар организміне қажетті мөлшері: тірідей салмағының 1 кг мөлшеріне 6 мкг (1 микро-грамм = 10-6 г).
Д витамині (кальциферолдар, антирахиттік)
Д витаминінің бірнеше витамерлері бар. Олардың ішінде ең көп тарағандары - Д2 (эргокальциферол), Д3 (холекальциферол) витаминдері. Химиялық құрылымы жағынан бұл витаминдер, жоғары молекулалы циклді спирттер - стеролдардың туындылары:
Д2 мен Д3 витаминдері ультракүлгін күн сәулесінің әсерінен эргостерол мен холестерол провитаминдерінің В сақинасындағы 9-шы және 10-шы көміртек атомдары арасындағы байланыстың үзілуі арқылы активтеліп, синтезделеді.
Д2 витамині ультракүлгін сәулесінің әсерімен эргостеролдан бірнеше аралық заттар (люмистерин, тахистерин) түзілу арқылы пайда болады.
Қазіргі кезде бұл реакцияның барлық өнімдері таза күйінде бөлініп алынған.
Д2 және Д3 витаминдері дәмсіз, түссіз, иіссіз кристалдар, 115-117°-та балқиды. Органикалық еріткіштерде: хлороформда, бензолда, эфирде, ацетонда, спиртте жақсы ериді де, су мен глицеринде ерімейді.
Бұл витаминдер тотықтырғыштардың әсерінен В сақинасындағы 7-ші және 8-ші көміртек атомдары арасындағы қос байланыстары үзіліп, өте тез бұзылады.
Д3 витамині ас арқылы түспесе де, организмде тиісті провитаминнен синтезделе береді. Д - авитаминозы көбінесе солтүстік жақта, қыста кездеседі.
Биомедициналық қызметі
Д витамині организмде фосфор мен кальцийдың ащы ішектің сілемей қабатының клеткаларында сорылуына әсер етеді. Қанда кальцийдың фосфорға қатынасы 2:1 (CaP=21) болатындықтан, осы тепе-теңдікті сақтайды, сүйектің беріктігін қамтамасыз ететін фосфор-қальций тұздарының түзілуіне қатысады, қалқанша безінің функциясына әсер етеді. Кальциферол қанның белоктарымен кешен түзе отырып тасымалданады. Бұл кешен Д витаминін биологиялық тотығудан сақтайды.
Д витамині тағамда жетіспегенде балалар - мешел (рахит; грек. zhachіs - арқа қыры, омыртқа бағанасы), ересектер - остеомаляция (ostean - сүйек, malatіa - жұмсару), немесе остеодистрофия, ал бөгде адамдар остеопороз (грек. poros - саңылау, тесік) ауруларына шалдығады.
Аурудың себептері: азықта Д витаминінің жетіспеуі, қарбалас қалқанша бездері қызметінің бұзылуы, азық пен суда кальций мен фосфор тұздарының аздығы, күн сәулесінің жетіспеуі.
Д витаминдері балық майында, сары майда, жұмыртқа сарысында, бауырда, сүтте көп болады.
Организмге Д витамині көп түскен кезде гипервитаминоз орын алады. Бұл жағдайда ішкі органдарда кальций тұздары көбейеді, сүйек ерте минералданады, балалардың өсуі тежеледі.
1936 жылы Брокман Д3 витаминін балық майынан бөліп оны холестерин туындысы екендігін анықтайды. Ғалым Виндаус 1937 жылы шошқа терісінің үстіңгі қабатынан 7-дегидрохолестеринді бөліп, оның ультракүлгін күн сәулесінің әсерінен активті Д3 витаминіне айналатындығын анықтайды.
Д витамині авитаминозының клиникалық белгілері
* Рахит грекше Rhachis - арқа қыры, омыртқа бағанасы - мешел құныс ауруы организдегі кальций мен фосфор алмасуының өзгеруінен болады. Кальций мен фосфор тұздарының өсіп келе жатқан сүйектерде қабаттануы нашарлап, олардың әктенуі бұзылады.
* Остеомаляция грекше ostean - сүйек, malakia - жұмсару сүйек жұмсаруы, басқаша - остеодистрофия ауруы.
* Остеопороз грекше ostean - сүйек, poros - саңылау, тесік сүйек қалыптасқан кезде сіңу процесінің түзілу процесінен анағұрлым басым болуына байланысты сүйек тканінің селдіреуі болады. Фосфор-кальций алмасуындағы тепе-теңдік жойылып, сүйектің табиғи формасы мен құрылысында күрделі өзгерістер туады.
* D-авитаминоз кезінде малдың өнімі бірден төмендейді, тауықтың жұмыртқасы кемиді.
Ауыл шаруашылығы малдарының D витаминің мөлшері: тірідей массасының әр 100 кг мөлшеріне 25 мкг
Е витамині (токоферол, антистерильдік)
1920 жылы Маттилл мен Конклин аралас азықтың құрамында жануарлардың қалыпты ұрықтануына өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клиникалық биохимия пәні
Минералдар алмасуының бұзылуы
Спазмофилия
Витаминдер алмасуы бұзылуын анықтау
В, В1 тобының витаминдері
Бауыр ауруларының түрлері
Витаминдер классификациясы
Минералды заттардың организмде жетіспеуі
“Клиникалық биохимия” пәнінен дәрістер
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
Пәндер