Ауру малды емдеудің қағидаттары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
№ 1 тақырып. Ветеринария бойынша жалпы құжаттар
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасында ветеринария ісін ұйымдастыруды регламенттейтін заңнамалық актілермен танысу.
Глоссарий: ветеринария мәселелері бойынша тәртіптер, ережелер, үкімет актілері, ережелері, нұсқаулары, нұсқаулықтары, әдістемелік нұсқаулары, тәртіптері, нұсқамалары, нормалары, нормативтері, ұсыныстары, әдістемелектері мен талаптары.
Материалдары: ҚР Ветеринария туралы заңы, Астана, 2002; Д.Хусаинов., Н.Ахметсадыков, Г.Шабдарбаева, О.Беркинбай, А.Муталиев, Х.Абеуов, Ж.Батанова, М.Бердыкулов, С.Абрахманов. Менеджмент в ветеринарии и организация ветеринарного дела Учебник: - Алматы: Нур-Принт, 2014. - 572 с.
Ветеринария туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының ветеринария ісін ұйымдастыруды ретке келтіретін заңдық күші бар актілері жарыққа шығарылады. Ветеринариялық органдардың, мекемелердің және осы саладағы мамандардың көп бағытты жұмыстарын жүзеге асыру үшін көп жағдайда өкілетті және атқару органдарының жергілікті нормативтік-құқықтық, іс қағаздық құжаттары қажет етіледі. Мысалы, мал шаруашылығын жұқпалы аурулардан сауықтыру, карантинді орнату және оны алып тастау, мал шаруашылығы нысандарына ветеринариялық-санитариялық тәртіпті орнату, нақты аймақта ветеринариялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жергілікті жерлерде ветеринариялық қызмет пен ветеринария мамандарын материалдық-қаржылық және әлеуметтік көтермелеуді іске асыру бойынша шешімдер мен қаулылар және т.б. Көбінесе осындай шешімдер мен қаулылардың жобасын ветеринарияны мемлекеттік басқарудың жергілікті аймақтық органдары әзірлейді. Сондықтан, ветеринария маманы оларды уақытында дайындай білуі қажет. Өз кезегінде көп жағдайды алғанда, бұған ветеринариялық қызмет жұмысының нәтижелігінің тиімділігі байланысты болып келеді.
Бұлардан басқа Қазақстан Республикасының заңдарын дамытуға, толықтыруға және өзгерістер енгізуге Қазақстан Республикасының Парламенті және Үкіметі шешімдер мен қаулылар қабылдай алады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті нұсқаулар, қаулылар, ережелер, нормалар, сілтемелер және т.б. жарыққа шығарады. Бұл құжаттар мал шаруашылығымен, оның өнімдері мен мал тектес шикізаттарды өндіру және қайта өңдеумен байланысы бар меншіктік түріне қарамстан кез келген ауыл шаруашылық кәсіпорындарына және мекемелеріне міндетті болып саналады.
Ветеринариялық заңдылық құрамына келесі құжаттар кіреді: нұсқаулар, нұсқаулықтар, әдістемелік сілтемелер, ережелер, қағидалар, нормалар, ұсыныстар, сілтемелер, әдістемелер және талаптар.
Қағидалар ветеринариялық мекемелер, ұйымдар және ветеринария қызметкерлерінің міндеттерін, ережелерін және заңдық мәртебесін реттеп тәртіпке келтіреді.
Ережелер кәсіпорындардағы малдың ұсталу жағдайы, оларды етке өткізудің реті мен жағдайларын, ветеринариялық-санитариялық қадағалау нысандарына қатысты реті мен мүмкіндікті шешімдерді анықтап белгілейді.
Ветеринариялық-санитариялық талаптар деп малмен, мал тектес өнімдер және шикізаттарға қатысы бар белгілі бір кәсіпорындарға міндетті болып есептелетін ветеринариялық нормалар туралы құжаттарды айтады.
Нұсқаулар ветеринариядағы орындалуы міндетті іс-шараларды белгілейді.
Нұсқаулықтар ветеринариялық жұмысты орындаудың техникасы мен әдістемесін анықтайды.
Нормалар ветеринариялық қызметтің еңбектік және материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуінің мөлшерін белгілейді.
Ұсыныстарда ғылыми мекемелер белгілеген және сәйкес нұсқаулармен бекітілгенге дейінгі кезеңде жүргізілетін міндетті ветеринариялық шаралардың тізімі беріледі.
Сілтемелер - бұл ел, республика, аймақ, облыс көлемінде жүргізілетін бір реттік және кезеңділік шаралар туралы ветеринарияның басқарушы органының құжаттары.
Әдістемелер нақты ветеринариялық жұмыстың орындалуының техникасын анықтайды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қазақстан Республикасының ветеринариялық заңнамаларына кіретін негізгі құжаттарды атаңыз.

№ 2 тақырып. Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы Заңы
Сабақтың мақсаты: ветеринария ісін ұйымдастыруда міндетті нормаларды, жағдайын және тәртібін реттейтін заңнамалық негіздерімен танысу.
Материалдары: ҚР Ветеринария туралы заңы, Астана, 2002; Д.Хусаинов., Н.Ахметсадыков, Г.Шабдарбаева, О.Беркинбай, А.Муталиев, Х.Абеуов, Ж.Батанова, М.Бердыкулов, С.Абрахманов. Менеджмент в ветеринарии и организация ветеринарного дела Учебник: - Алматы: Нур-Принт, 2014. - 572 с.
Ветеринария саласы сау және ауру жануарлар организмінің тіршілік заңдылығын, аурудың пайда болу себептерін, анықтау әдістерін, аурудың алдын алу және малдарды күтіп бағу, азықтандыру, жұмысқа жегу жолдарын ескере отырып, ауру жануарларды емдеу, сонымен қатар адамды жануарлар мен адамға ортақ аурулардан сақтандыру шараларын толық меңгеретін ғылыми білімнің кешені.
Осыған байланысты ветеринариялық істі басқаратын және ветеринариялық қызмет көрсетудің ретін анықтайтын, оның мақсаттарын айқындайтын Ветеринария туралы заң аясында ветеринариялық қызмет жүргізіледі. ҚР Ветеринария туралы заңы бірінші рет 1995 жылы 25 маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады:
Бірінші тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдарға түсініктеме берілген.
2-бап. ҚР ветеринария саласындағы заңдары
1. ҚР ветеринария саласындағы заңдары ҚР Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен ҚР өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер ҚР бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер
Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар: жануарларды аурулардан қорғау және емдеу; халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау; мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; ҚР аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау; ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау; жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және пайдалану, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою; ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат
5-бап. ҚР Үкiметiнiң ветеринария саласындағы құзыретi
6-бап. ҚР ветеринария жүйесi
ҚР ветеринария жүйесiне: ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдары; мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi; мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар; ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалар кiредi.
7-бап. Ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдары
1. Ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдарына: ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; ветеринариялық бақылау постылары бар шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлiмшелерi; ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлiмшелерi; селолық округтердiң, базарлардағы, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аудандық (қалалық) аумақтық бөлiмшелерi жатады.
2. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары - ҚР мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлары, ал олардың орынбасарлары ҚР мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары болып табылады. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң тиiстi лауазымдарына қоса бас мемлекеттiк ветеринариялық инспектор, бас мемлекеттiк ветеринариялық инспектордың орынбасары деген арнаулы атаулар бepyгe құқылы.
8-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi
9-бап. Мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi
10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті;
10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзыретi
11-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар
12-бап. Ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялау
1. Ветеринариялық қызметтi ҚР лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы мiндеттi түрде лицензиялауға тиiс.
2. Ветеринариялық қызметке лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және оны керi қайтарып алу ҚР заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
13-бап. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызмет
3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
14-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
14-1-бап. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібi
15-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерi
Мыналар мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерi болып табылады: жануарлар, жануарлардың жыныс және дене клеткалары; жануарлар ауруларының қоздырушылары; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсiмдiктердiң сынамалары; жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу мен дауалау, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар; жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдары, ыдыстың барлық түрлерi, буып-түю материалдары; жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметi; мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндiрiстiк үй-жайлары мен қызметi; мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бiрдейлендiрудiң рәсiмдерi мен нысандары; ветеринариялық есеппен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау және өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттамалар.
16-бап. Бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыретi
17-бап. Ветеринариялық инспекторлардың құқықтары
18-бап. Ветеринариялық инспекторлардың актiлерi
19-бап. Ветеринариялық инспекторлардың тәуелсiздiгi
Ветеринариялық инспекторлар өз қызметiнде тәуелсiз болып табылады және ҚР заңдарын басшылыққа алады.
20-бап. ҚР аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау
21-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi ҚР аумағында тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiндегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
22-бап. Базарлардағы мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
23-бап. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар айналысын мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
4-тарау. Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою
25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi
26-бап. Ветеринариялық iс-шаралар
27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин
28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
29-бап. Ветеринариялық нормативтер
30-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi алып қою, жою, залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу
31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау
32-бап. Ауыл шаруашылық жануарларын, базарларды, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды бiрдейлендiру
5-тарау. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет
33-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер
34-бап. Ветеринария мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру
6-тарау. Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралызаңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздерi
36-бап. ҚР ветеринария саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
37-бап. Осы заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн айқындайды, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ветеринарияның негізгі міндеттері қандай?
2. Ветеринариялық заңнамалар деп нені түсінеді?
3. Қазақстан Республикасында Ветеринария туралы қашан және кім қабылдады?
4. Ветеринария туралы заңда пайдаланылатын негізгі түсініктер?
5. Мемелекеттік ветеринариялық қадағалау, оның негізгі қызметтері қандай?
6. Жануарлардың ауруларын алдын алуға және жоюға қойылатын талаптар қандай?
7. Қазақстан Республикасында ветеринария жүйесі қандай?
8. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары қандай?
9. Ветеринария инспекторларының қандай құқықтары бар?
10. Ветеринарияны қаржыландырудың негізгі көздерін атаңыз.

№ 3 тақырып. Қазақстан Республикасы ветеринариясының ұйымдастырушылық құрылымы
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасында ветеринария ісін ұйымдастырушылық құрылымымен танысу.
Материалдары: ҚР Ветеринария туралы заңы, Астана, 2002; Д.Хусаинов., Н.Ахметсадыков, Г.Шабдарбаева, О.Беркинбай, А.Муталиев, Х.Абеуов, Ж.Батанова, М.Бердыкулов, С.Абрахманов. Менеджмент в ветеринарии и организация ветеринарного дела Учебник: - Алматы: Нур-Принт, 2014. - 572 с.
Мемлекеттік ветеринария деп - ветеринария саласы бойынша мемлекет аясында ерекше міндеттерді орындаушы және Қазақстан Республикасы Ветеринария туралы Заңы мен бұл заңды дамыту үшін шығарылатын құжаттармен анықталған арнайы құқықтарды иеленген ұйымдар мен мекемелер жүйесін айтады. Бұл құқықтарға ветеринарияны басқарудың мемлекеттік органдары және олардың жергілікті органдары да иелік етеді.
Ветеринарияны басқарудың мемлекеттік органдарына келесілер жатады: негізгі атқаратын міндеті ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуші, ветеринария саласындағы үлестіруші, лицензиялаушы міндеттерін атқарушы, мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастырушы, мемлекеттік қаржылық бағдарламаларды дайындаушы және нормативтік негіздерді құрстырушы ветеринария саласындағы өкілетті орган - ҚР АШМ құрамындағы Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті (ҚР АШМ ВБҚК); ҚР АШМ ветеринарияның аймақтық басқармасының облыстық бөлімдері - олардың негізгі функциялары: облыс бойынша індетке (эпизоотия) қарсы шаралардың жоспарларын дайындау және құрастыру, кейбір ветеринариялық қызмет түрлерін лицензиялау, есепке алу мен есеп беруді жүргізу болып саналады; жүйе бойынша ары қарай ҚР АШМ ветеринарияның аймақтық басқармасының аудандық, қалалық бөлімдері келеді - олардың негізгі функциялары: індеттанулық (эпизоотиялық) мониторинг жүргізу, індетке қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізу, мемлекеттік қаржылық бағдарламалар бойынша орындалған жұмыстардың актілерін бақылау және қабылдап алу, аудан (қала) аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалау функциясын жүзеге асыру болып есептеледі; ауылдық (селолық) округтердің ветеринариялық инспекторлары. Олардың атқаратын негізгі функциялары мыналар: індетке қарсы шаралардың орындалуына бақылау жүргізу, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау функциясын жүзеге асыру, ветеринариялық шаралардың жоспарларын және ветеринариялық препараттарға тапсырыстар құрастыру, соярға дейін малды және сойғаннан кейін олардың ұшалары мен ішкі мүшелерін тексеру арқылы ветеринариялық куәліктер немесе анықтамаларды рәсімдеу, есепке алу мен есеп беруді жүргізу, малды ажыратып ұстауды ұйымдастыру және ауылдық округ аймағындаға малды ветеринариялық есепке алуды жүргізу және жаңадан келген малды карантиндеуді және жіті немесе созылмалы түрде өтетін аурулар қаулаған жағдай болса карантиндік шараларды ұйымдастыру.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. ҚР АШМ құрамындағы Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті ісіне сипаттама беріңіз.
2. Комитеттің негізгі мақсаттарын, функцияларын, құқықтарын және міндеттерін атаңыз.

№ 4 тақырып. Облыстың (қаланың) және ауданның (қаланың) ветеринариялық қызметінің құрылымы
Сабақтың мақсаты: облыстың (қаланың) және ауданның (қаланың) ветеринариялық қызметінің құрылымымен танысу.
Материалдары: ҚР Ветеринария туралы заңы, Астана, 2002; Д.Хусаинов., Н.Ахметсадыков, Г.Шабдарбаева, О.Беркинбай, А.Муталиев, Х.Абеуов, Ж.Батанова, М.Бердыкулов, С.Абрахманов. Менеджмент в ветеринарии и организация ветеринарного дела Учебник: - Алматы: Нур-Принт, 2014. - 572 с.
Облыстық ветеринариялық бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) ҚР АШМ облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады.
Бөлім өз жұмысын ҚР Конституциясына, ҚР Ветеринария туралы Заңына, ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, ҚР АШМ облыстық аумақтық басқармасының Ережесіне және осы Ережеге сәйкес атқарады.
Бөлімнің құрылымы және саны басқарманың бекітілген лимиттік штаттық саны шегінде ҚР АШМ бекітіледі.
Бөлімнің негізгі міндеттері болып мыналар табылады: облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумағында малдарды аурулардан қорғау және оларды емдеу; елді мекеннің денсаулығын малдар мен адамға ортақ аурулардан қорғау; мемлекеттік ветеринариялық қадағалауындағы объектілердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ветеринария саласындағы қызметті жеке және заңды тұлғалар атқарғанда қоршаған ортаның ластануын алдын алу және жою.
Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: облыс, Астана және Алматы қалаларының аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады; облыста, Астана және Алматы қалалларында малдардың аса қауіпті және басқа жұқпалы ауруларының шығуын болдырмау мақсатында індетке қарсы іс-шараларды дайындап жасайды; жұқпалы аурулардың індет мониторингін, болжамын жүзеге асырады; ҚР АШМ аудандық (қалалық) аумақтық басқармаларының ветеринариялық бөлімінің сұраныстарына сәйкес ветеринариялық препараттарға өкілдеме (рұқсат қағаз) жасайды және оларды ҚР АШМ құрамындағы Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетіне тапсырады; мемлекеттік сатып алу жөнінде келіп түскен ветеринариялық биологиялық препараттарды аудандарға бекітілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жоспарына сәйкес бөлуді жүзеге асырады; елді мекенді малдар мен адамдарға ортақ аурулардан және мал немесе өсімдік тегінен шыққан азық-түліктерден уланудан қорғауды қамтамасыз етуде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің органдарымен өз ара бірлесуді жүзеге асырады; мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарына, ветеринария саласында қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік басшылық жасап және олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; заңнамада белгіленген тәртіпте, жеке және заңды тұлғалардың лицензия алуға ұсынған материалдарын қарап шығып және олар жөнінде ұсыныстар енгізеді; өз құзырының шегінде, министрлікке ведомстволық бағыныстағы ветеринариялық профильдегі мемлекеттік кәсіпорындармен және мемлекеттік мекемелермен мал ауруларының бекітілген диагностикалық жоспарының орындалуын, аса қауіпті жұқпалы аурулардың ошақтарын жойылуын бақылайды, ветеринария бойынша ғылыми-қолданбалы тақырыптарды қосып алғанда; өз құзырының шегінде, малшаруашылық объектілерін, өңдеу кәсіпорындарын, сою пункттерін, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларын және мал тегінен шыққан азық-түліктер мен шикізаттарды сақтау пункттерін пайдалануға енгізуге және олардың құрылыс жерін таңдап алуға, жобаларын жасауға ветеринариялық-санитариялық тұжырымдама береді; ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және үлгілерде ветеринариялық есеп және есептілік жүргізеді, оларды ҚР АШМ құрамындағы Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетіне тапсырады; халық арасында ветеринария саласы бойынша және ветеринариялық-санитариялық ағартушылық жұмысты ұйымдастырады; ҚР заңнамаларына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Бөлімнің мамандары - ветеринариялық инспекторларының негізгі міндеттерді және өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мындай құқықтары бар: өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттар сұратуға және алуға; белгіленген тәртіпте, меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдардың ҚР ветеринария саласындағы заңдылықтардың талаптарын орындауын тексеру мақсатында оларды тексеруге; ҚР ветеринария саласындағы заңға сәйкес мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында міндетті түрде орындалу үшін актілерді шығаруға; ҚР заңдылық актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеттерді қарауға; белгіленген заңнамада тәртіпте, ветеринария саласында жеке кәсіпкершілікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелерді және нормативтіктерді бұзған жағдайда олардың лицензиясын тоқтату немесе қайтарып алу туралы шешімді ұсынуға; ҚР қолданылып жатқан заңдылықтарға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.
Бөлімді жоғары білімді ветеринариялық маман - бастық басқарады. Бөлімнің бастығын ҚР АШМ облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық басқарма бастығы ҚР АШМ құрамындағы Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің келісімімен оны қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қызметке тағайындау кезінде оған қосымша Облыстық, Астана, Алматы қалаларының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы атаулары беріледі. Бөлімнің бастығы Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауаптылықта болады. Бастық осы мақсатта: өзінің орынбасары мен Бөлімнің мамандарының міндеттері мен жауапкершілік деңгейін анықтайды; ҚР АШМ аудандық (қалалық) аумақтық басқармаларының бөлім бастықтарын - бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының қызметке тағайындалуына және қызметтен босатылуына келісім береді; қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімнің ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторын қызметтен шеттету туралы шешім шығарады; ветеринариялық құжаттардың, ветеринариялық инспекторлардың актілер бланкілерінің қолданылуына есеп жүргізеді және тоқсан сайын олар жөнінде ҚР Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына есептілік тапсырады; өзінің құзырына қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды; ҚР заңдылықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аудандық (қалалық) ветеринариялық бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) ҚР АШМ аудандық (қалалық) аумақтық басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады.
Бөлім өз жұмысын ҚР Конституциясына, ҚР Ветеринария туралы Заңына, ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, ҚР АШМ аудандық (қалалық) аумақтық басқармасының Ережесіне және осы Ережеге сәйкес атқарады.
Бөлімнің құрылымына Бөлімнің өзі және ауылдық (поселкалық) округтардың ветеринариялық инспекторлары кіреді және Бөлімнің саны басқарманың лимиттік саны қарастырылған шегінде ҚР АШМ Министрімен бекітіледі.
Бөлімнің негізгі міндеттері болып табылады: аудан (қаланың) аумағында малдарды аурулардан қорғау және оларды емдеу жөнінде ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу; елді мекеннің денсаулығын малдар мен адамға ортақ аурулардан қорғау; аудан (қала) аумағында мал тегінен шыққан азық-түліктердің және шикізаттардың қауіпсізді өндірілуін қадағалау; ветеринария саласындағы жұмыстарды жеке және заңды тұлғалар атқарғанда қоршаған ортаның ластануын алдын алу және жою.
Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіпте ауданның (қаланың) аумағында мынадай функцияларды жүзеге асырады: ауданның (қаланың) аумағында ветеринариялық іс-шаралардың қызметтерін мемлекеттік сатып алуының ұйымдастыруына қатысу; жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулары бойынша індет мониторингін жүзеге асырады; бюджеттік бағдарламалардың шегінде келіп түскен ветеринариялық препараттарды бекітілген ветеринариялық іс-шаралардың жоспарына сәйкес ауылдық округтер бойынша бөлістіреді; жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының профилактикасы, диагностикасы және жою (сауықтыру) бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жоспарын жасау және дайындау үшін ауылдық округтардың жоспарларын аудан бойынша жинақтайды; келесі жылға жасалынатын ветеринариялық іс-шаралардың жоспарын еске ала отырып, ветеринариялық препарараттарға сұраныстарды жасайды; малдардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының профилактикасы және жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарының орындалуын ұйымдастыру жөнінде ауылдық ветеринариялық инспекторлардың жұмыстарын, сондай-ақ мал тегінен шыққан азық-түліктер мен шикізаттардың қауіпсіз етіп шығаруын бақылайды; ауданның (қаланың) аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың функцияларының жүзеге асыруын ұйымдастырады; елді мекенді малдар мен адамдарға ортақ аурулардан және мал немесе өсімдік тегінен шыққан азық-түліктерден уланудан қорғауды қамтамасыз етуде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің органдарымен өз ара бірлесуді жүзеге асырады; мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарына, ветеринария саласында қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік басшылық жасап және олардың қызметіне үйлестіруді жүзеге асырады; мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өндіру, дайындау (сою), жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады; ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және үлгілерде ветеринариялық есеп және есептілік жүргізеді, оларды ҚР АШМ облыстық аумақтық басқармасының ветеринария бөліміне тапсырады; халық арасында ветеринария саласы бойынша және ветеринариялық-санитариялық ағартушылық жұмысты ұйымдастырады; ҚР заңнамаларында сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Бөлімнің ветеринариялық инспекторлары негізгі міндеттерді және өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мындай құқықтары бар: өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен аудандық басқарманың өзге де ұйымдарынан қажетті ақпараттар сұратуға және алуға; белгіленген тәртіпте, меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдардың ҚР ветеринария саласындағы заңдылықтардың талаптарын орындауын тексеру мақсатында оларды тексеруге; ҚР ветеринария саласындағы заңға сәйкес мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында міндетті түрде орындалу үшін актілерді шығаруға; ҚР заңдылық актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеттерді қарауға; белгіленген заңнамада тәртіпте, ветеринария саласында жеке кәсіпкершілікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелерді және нормативтіктерді бұзған жағдайда олардың лицензиясын тоқтату немесе қайтарып алу туралы шешімді ұсынуға; өз құзырының шегінде, малшаруашылық объектілерін жануарларды, мал тегінен шыққан азық-түліктер мен шикізаттарды өсіретін, ұстайтын, дайындайтын (соятын), өңдейтін, тасымалдайтын, сақтайтын және сататын ұйымдарды пайдалануға енгізуде мемлекеттік қабылдау комиссиясына қатысуға; ҚР қолданылып жатқан заңдылықтарға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.
Бөлімді жоғары білімді ветеринариялық маман - бастық басқарады. Бөлімнің бастығын ҚР АШМ аудандық (қалалық) аумақтық басқарма бастығы облыстық Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының келісімімен оны қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қызметке тағайындау кезінде оған қосымша Ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы атаулары беріледі. Өз құзырының шегінде, Бөлімнің бастығы Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдылықтарда анықталғандай, лауазымды, заңды және жеке тұлғалар міндетті түрде орындауға тиісті актілер шығарады. Бөлімнің бастығы Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауаптылықта болады. Бастық осы мақсаттарда: Бөлімнің мамандарының міндеттері мен жауапкершілік деңгейін анықтайды; Бөлімнің, ауылдық және базардағы мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының қызметке тағайындалуына және қызметтен босатылуына келіседі; қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімнің Бөлімнің, ауылдық мемлекеттік ветеринариялық инспекторын, базардағы мемлекеттік ветеринариялық инспекторын қызметтен шеттету туралы шешім шығарады; өз құзырының шегінде, қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімнің атынан өкілдік етеді; ветеринарниялық құжаттардың бланкілерінің, ветеринариялық инспектордың актілерінің қолданылуына есеп жүргізеді және тоқсан сайын олар бойынша облыстық Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторға есептілік тапсырады; өзінің құзырына қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды; ҚР заңдылықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Алматы және Астана қалаларының, облыстық ветеринария бөлімдерінің ісіне сипаттама беріңіз.
2. Алматы және Астана қалаларының, облыстық ветеринария бөлімдерінің негізгі мақсаттарын, функцияларын, құқықтарын және міндеттерін атаңыз.
3. Аудандық ветеринария бөлімдерінің ісіне сипаттама беріңіз.
4. Аудандық ветеринария бөлімдерінің негізгі мақсаттарын, функцияларын, құқықтарын және міндеттерін атаңыз.

№ 5 тақырып. Жануарлардың жұқпалы емес аурулары кезінде ветеринариялық шараларды жоспарлау
Сабақтың мақсаты: жұқпалы емес аурулардың алдын алу шараларының жоспарымен танысу.
Материалдары: ҚР Ветеринария туралы заңы, Астана, 2002; Д.Хусаинов., Н.Ахметсадыков, Г.Шабдарбаева, О.Беркинбай, А.Муталиев, Х.Абеуов, Ж.Батанова, М.Бердыкулов, С.Абрахманов. Менеджмент в ветеринарии и организация ветеринарного дела Учебник: - Алматы: Нур-Принт, 2014. - 572 с.
Індетке қарсы шаралардың жоспарынан өзгешілігі жұқпалы емес аурулардың алдын алу шаралары тек шаруашылықта және аудан көлемінде құрастырылады.
Малдың жұқпалы емес ауруларының алдын алу үшін жүргізілетін шаралар жоспарын дайындауға кірісер кезде ветеринария маманы мыналарға талдау жасайды: жұқпалы емес аурулармен малдың аурушаңдығы туралы алғашқы есептің деректері; №2 вет. үлгідегі тоқсандық есептер; азықты, суды және топырақты зертханалық зерттеулердің материалдары; малдың зат алмасуының деңгейін биохимиялық зерттеу материалдары; мал шаруашылығы қора-жайлары микроклиматының параметрлері туралы деректер және жеке жұқпалы емес аурулардың алдын алу үшін қажетті құралдардың барлығын анықтайды.
Малдың жұқпалы емес ауруларының алдын алу үшін жүргізілетін шаралар жоспарын мысал ретінде көрсетілген үлгі бойынша құрастырады.
Дайындалған жоспарды шаруашылықтың өндірістік кеңесінде талқылайды, әр болжамдалынған шараларды орындауға жауапты адамды анықтайды және оны шаруашылық бойынша бұйрық шығарып бекітеді.
БЕКІТІЛГЕН
Әкімдіктің шешімімен
___ __________ 20__ ж.
№__ хаттама

20__ жылға арналған _______________________ ауданы бойынша малдың жұқпалы емес ауруларының алдын алушы шаралардың

ЖОСПАРЫ

Соның ішінде тоқсан бойынша
1 жылда орындал-ғаны
Шаралардың аталуы
Өлшем бірлігі
Жылға жоспар
I
II
III
IV

жоспар
орын-далуы
жоспар
орын-далуы
жоспар
орын-далуы
жоспар
орын-далуы

А
Б
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Клиникалық тексеру:
ірі қара малын
ұсақ түйек малды
шошқаны
жылқыны

Бас
--
--
--

Малды диспансерлік зерттеу:
ірі қара малын
шошқаны
Малдың қыстағанына дейін және одан кейін мал шаруашылық қора-жайының санитариялық жағдайы
Жасына қарай мал топтары ескерілген мал шаруашылық қора-жайларының микроклиматын бақылау
Малдың зат алмасуының деңгейін зерттеу:
ірі қара малын
шошқаны
Сиыр желінінің жағдайын тексеру
Сиырдың және басқа малдың тұяқтарының жағдайын тексеру

--
--

Саны

Саны

Саны
--

--
--

Сиыр мен тайыншалардың буаздығын анықтау
Ультракүлгіндік сәулелендіру:
бұзауларды
торайларды
балапандарды
Дәрумендер концентраттарын қолдану:
бұзауларға
торайларға
балапандарға
Азықтың сапасын зерттеу (паспортизация):
шөпті
сенажды
сүрлемді
концентраттарды
Азықтың сапасын зертханалық зерттеу деректері бойынша рациондардың азықтық құндылығын бағалау
Минералдық-дәрумендік қоспаларды (премикстерді) қолдану:
ірі қара малына
шошқаларға
қойларға
Табиғи және қолдан дайындалған қарын сөлін қолдану:
бұзауларға
торайларға
Ұлпа препараттарын (АБК, ПАБК) қолдану:
бұзауларға
торайларға
қозыларға
балапандарға
Саны
--
Бас
--
--

--
--
--

Сынама
--
--
--

--
Бас
--
--

--
--

--
--
--
--

______________20__ж.

Ауданның Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы ___________
(қолы)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жұқпалы емес аурулардың алдын шараларының жоспарына не кіреді?
2. Жұқпалы емес аурулардың алдын шараларының жоспарын кім жасайды?
3. Жұқпалы емес аурулардың алдын шараларының жоспарын қалай орындалады?

№ 6 тақырып. Жануарлардың жұқпалы аурулары кезінде ветеринариялық шараларды жоспарлау
Сабақтың мақсаты: жануарлардың жұқпалы аурулары кезінде ветеринарлық шараларының жоспарымен танысу.
Материалдары: ҚР Ветеринария туралы заңы, Астана, 2002; Д.Хусаинов., Н.Ахметсадыков, Г.Шабдарбаева, О.Беркинбай, А.Муталиев, Х.Абеуов, Ж.Батанова, М.Бердыкулов, С.Абрахманов. Менеджмент в ветеринарии и организация ветеринарного дела Учебник: - Алматы: Нур-Принт, 2014. - 572 с.
Ауданның, қаланың және облыстың мал шаруашлықтарында елді мекенннің індеттік жағдайына байланысты жыл сайынғы күнтізбелік келер жылға арналған індетке қарсы алдын алушы шаралардың жоспары құрастырылады.
Бұл жоспардың арнайы үлгісі ұсынылған.
Індетке қарсы алдын алушы шаралардың жоспары үш бөлімнен тұрады: 1) диагностикалық зерттеулер; 2) алдын алулық (профилактикалық) иммундеу; 3) емдеу-профилактикалық өңдеулер.
Қабылданған жоспарлау қағидаттары бойынша жалпылай диагностикалық зерттеулер жүргізу келесі аурулар кезінде болжамдалынады: малдың бруцеллезі, туберкулезі, паратуберкулездік энтериті, трихомонозы, ірі қара малының лейкозы, вибриозы, жылқының маңқасы мен су-ауруы, құстың пуллорозы, терісі бағалы аңдардың Алеут ауруы.
Аурудан таза шаруашылықтарда туберкулинизацияны келесі ретпен жүргізуді жоспарлайды: жасы 2-айлық және 1 жылдан жоғары малды жылына бір рет, үлкен сиырлар мен бұқаларды 2 рет - көктем және күз мезгілінде, ал шаруашылыққа жаңадан әкелінген мал басын профилактикалық карантиндеу кезінде туберкулезге тексереді. Туберкулез бен пуллорозға құс шаруашылығындағы барлық құс басын және инкубацияға арналған жұмыртқалар беретін жас құстарды жылына бір рет тексеріп отырады. Ал, өндірістік құс шаруашылығындағы жасы үлкен құстардың 10 %-дан кем емес басын, 6-айлық жасынан бастап өсірілген жас құстардың барлығын туберкулезге және аналық құстардың барлығын қамту арқылы пуллорозға тексерістен өткізеді.
Таза шаруашылықтардағы ірі қара малының, негізгі аналық шошқаның, аналық қойдың, өндіруші еркек малының барлық басын серологиялық және аллергиялық әдістермен бруцеллезге жылына 2 рет - көктемде және күз мезгілінде тексереді. Шаруашылыққа әкелінетін және одан шығарылатын мал басын көрсетілген әдістермен қайталап тексеріп отырады.
Маңқаға тексеру үшін жылқының барлық басын қамту арқылы жылына бір рет зерттеулер жүргізеді.
Шаруашылыққа келіп түскен жыныстық жасқа толған барлық бұқаларды, сиырларды, тайыншаларды арасына 10 күн салып 3 реттен кем емес трихомонозға тексереді. Аталық бұқаларды тоқсан сайын тексереді.
Лейкозға күманды жағдай туындаған кезде малды гематологиялық тексеруден өткізеді (жылына 2 рет).
Қолдан ұрықтандыру станцияларында және асыл тұқымды кәсіпорындарында аталық бұқаларды 6 айда 1 рет вибриозға тексереді.
Ірі қара малын паратуберкулезге тек аурудан таза емес шаруашылықтар ғана, ал етқоректілерді күманды жағдайда ғана Алеут ауруына тексереді.
Сақтандыру мақсатында егулерді келесі ауруларға қарсы келтірілген ретпен жүргізуді жоспарлайды:
топалаңға - тұрақты таза емес және аурудың қауіпі бар мекендерде, ірі қара малының, жылқының, шошқаның және қойдың барлық басы қамтылып егіледі;
қарасанға - тұрақты таза емес шаруашылықтарда, 3 айдан 4 жылға дейінгі жастағы мал басына вакцина егіледі;
шошқаның тілмесіне - аурудан таза емес шаруашылықтарды барлық басын қамтып егеді;
бұзаулар мен торайлардың паратифі мен колибактериозына қарсы - соңғы 2 жыл бойы ауру анықталған шаруашылықтардағы буаз сиырлар мен аналық шошқаларды, бұзауларды және торайларды аталған індеттерге қарсы вакциналармен дауалайды;
ірі қара малының лептоспирозына - аурудан тұрақты таза емес, қауіпті және асыл тұқымды шаруашылықтағы малға вакцина салады;
ірі қара малы мен шошқаның пастереллезіне - аурудан таза емес шаруашылықтардағы барлық мал басына;
шошқаның обасы және Ауески ауруына - аталған аурулардан таза емес және қауіпті шаруашылықтардағы малды сәйкестелінген вакциналармен егеді.
Індетке қарсы алдын алушы шаралардың жоспарын ветеринариялық іс-шараларды жоспарлаудың қағидаттары мен талаптарын қатаң сақтай отырып құрастырады.
Жоспарды құрастыру үшін сәйкестелінген келесі материалдарды дайындайды: жоспарлау кезеңі кезіндегі малдың басы туралы деректер, жоспар құрылатын жылдың басындағы есептегі малдың басы, сонымен қатар жоспарланатын жыл бойы асыл тұқымды және осы мақсатта пайдаланылатын малдан алынатын болжамдалынған төлдің саны; шаруашылықтың, елді мекеннің және ауданның індеттік жағдайы (малдың инфекциялық және инвазиялық ауруларының кездесуі); диагностикалық зерттеулер, алдын ала егулер, емдік-алдын алулық өңдеулер қарастырылуы қажет ауруларды анықтайды; жоспарды орындауға қажетті сәйкестелінген биологиялық, химиялық-емдік дәрмектердің қолда бар және мұқтаждық мөлшерін есепке алады.
Індетке қарсы алдын алушы ветеринариялық шаралар жоспарының бірінші (А) графасында жоспарланатын зерттеулердің реттік нөмірі, екінші (В) графасында - аурудың аталуы мен малдың түрін көрсете отырып жүргізілетін диагностикалық зерттеулердің, алдын алу және емдік-алдын алушылық шараларының түрлері, 1 графага жыл бойы өңдеу жүргізілетін малдың жалпы саны және 2-5 графаларға тоқсан бойынша өңделетін малдың саны көрсетіліп жазылады.
Кейбір жағдайларда бір ауруға қарсы малдың бір түрін екі рет өңдеуге тура келеді, бұл жағдайда 2-5 графаларында көрсетілген малдың саны 1 графада келтірілген мал басымен сәйкес болуы керек, өйткені жоспардың 1-ші графасында өңделетін барлық нақты мал басының саны келтіріледі. 6-шы графада малдың бір басына жүргізілетін өңдеу құнының есептік нормативтік көрсеткіші жазылады. 7-ші графада өңдеу құнының есептік нормативтік көрсеткішін малдың санына көбейту жолымен анықталған сол ауру кезіндегі малды өңдеудің жалпы құны көрсетіледі.
Шаруашылықтағы құрастырылатын індетке қарсы ветеринариялық шаралардың әрбір жоспарында санитариялық күн, санитариялық жөндеу жұмыстары, малдың азықтануына және күтіміне ветеринариялық бақылау (организмнің табиғи ауруға қарсы тұрушылығын жоғары деңгейде қамтамасыз ету мақсатында) сияқты және т.б. жалпы алдын алушылық шаралары келтірілген мәтіндік бөлімі де қарастырылады.

БЕКІТІЛГЕН
Әкімдіктің шешімімен
___ __________ 20__ ж.
№__ хаттама

20__ жылға арналған _______________________ ауданы бойынша ветеринариялық-алдын алушы және індетке қарсы шаралардың

ЖОСПАРЫ

Рет-тік№
Шаралардың түрлері
Өңдеу жүргізілетін малдың жалпы саны
Соның ішінде тоқсан бойынша
Бір басты өңдеу-дің құны
Өңдеу-лердің жалпы құны

I
II
III
IV

1
2
3
4
5
6
7
8
9
А. Диагностикалық зерттеулер
1.

2.

3.

4.
5.

Маңқаға зерттеу (жылқы, есек, мулдар)
Туберкулезге зерттеу:
ірі қара малы
шошқа
құс
Бруцеллезге зерттеу:
Ірі қара малы
қой және ешкі
шошқа
түйелер
Жылқыны су-ауруға зерттеу
Жылқыны мандамға зерттеу (және т.б.)

Кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Б. Профилактикалық иммунизация

Топалаңға қарсы дауалау:
жылқыны
ірі қара малын
қой және ешкіні
басқа мал түрін
шошқаның тілмесіне қарсы дауалау
шошқаның обасына қарсы дауалау
Қойдың брадзотына қарсы дауалау
Қарасанға қарсы дауалау
Құстың обасына қарсы дауалау

1.
2.

Қышымаға қарсы қойды тоғыту
Пироплазмидоздарға қарсы өңдеу: жылқыны
ірі қара малын
қойды

В. Емдік-алдын алулық өңдеулер
3.

4.

Фасциолезге қарсы дегельминтиза-ция:
Ірі қара малын
қойды
Диктиокаулезге қарсы дегельминти-зация:
Ірі қара малын
қойды

______________20__ж.
Ауданның Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы ___________
(қолы)
Шаруашылықта құрастырылған ветеринариялық шаралардың жоспарын ауданның ветеринариялық станциясына ұсынады, онда оны анықтап, нақтылайды да аудан бойынша індетке қарсы шаралардың біріктірілген жоспарына енгізеді. Бұл жоспар жергілікті әкімдікпен бекітіледі.
Аудандық әкімдікпен бекітілген жоспардың орындалуы барлық санататтағы шаруашылықтар мен елді мекендер үшін орындалуы міндетті болып саналады.
Межеленген ветеринариялық шараларды орындау барысында шаруашылықтың, ауданның, облыстың індеттік жағдайларының өзгеруіне байланысты жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Ұсынылатын жоспар аудандағы індетке қарсы ветеринариялық шараларды жоспарлаудың негізгі формасы ретінде есептеледі, жоспардағы көрсеткіштер болжамдалынған шаралардың материалдық қамтамасыз етілуі мен оларды қаржыландырудың көлемін есептеуге негіз болып табылады. Кейбір кездері жоспардағы негізгі көрсеткіштерді нақтылау немесе талдау қажет болады, сондықтан жоспарға қосымшаларды құрастырып тіркейді. Мысал ретінде созылмалы түрде өтетін жұқпалы аурулар (туберкулез, бруцеллез және т.б.) бойынша сәтсіз шаруашылықтарда қосымша емдеу шараларын жоспарлау керек болады. Бұл жағдайда ауданның Бас ветеринариялық инспекторы қосымша зерттелінетін малдың жалпы саны (малдың әр түрі бойынша), ағымдық жылда сауықтырылытын аурудан таза емес мекендердің аталуы мен саны, санитариялық жөндеу жұмыстары жүргізілетін мал шаруашылық қора-жайларының (малдың әр түрі бойынша) атауы мен саны және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргу үшін олардың ауданы (м2), айға бөлінген малды диагностикалық зерттеулердің (туберкулезге, бруцеллезге, және т.б. әр ауруға бөлекше) жоспары келтірілген бөлімі бар толықтырылған кестелерді қосымша құрыстырады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жұқпалы аурулардың алдын шараларының жоспарына не кіреді?
2. Жұқпалы аурулардың алдын шараларының жоспарын кім жасайды?
3. Жұқпалы аурулардың алдын шараларының жоспарын қалай орындалады?

№ 7 тақырып. Әр түрлі жеке меншік түріндегі шаруашылықтарын ветеринариялық-санитариялық тексеруді ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: әр түрлі жеке меншік түріндегі шаруашылықтарын ветеринариялық-санитариялық тексеруді ұйымдастырумен танысу.
Материалдары: ҚР Ветеринария туралы заңы, Астана, 2002; Д.Хусаинов., Н.Ахметсадыков, Г.Шабдарбаева, О.Беркинбай, А.Муталиев, Х.Абеуов, Ж.Батанова, М.Бердыкулов, С.Абрахманов. Менеджмент в ветеринарии и организация ветеринарного дела Учебник: - Алматы: Нур-Принт, 2014. - 572 с.
Малдың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар ветеринариялық іс-шаралар жүйесінде жетекші буын болып есептеледі. Бұл шаралар шарауашылықтық-зоотехникалық істермен (барлық мал басын құнарлы азықтармен, қора-жаймен және тиісті күтіммен қамтамасыз ету) қатар фермадағы зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптардың сақталуы, малды клиникалық тексеру мен диспансеризациялауды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патогенетикалық емдеу дәрілері
Аутогемотерапия қолдану жағдайлары
Қара малдың көз патологиясын П. П. Гатин-Б. К. Ильясов бойынша емдеудің тиімділігі
Жануарлардың ішкі аурулары кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринарлық көмек
Мүйізді ірі қаралардағы желінсау ауруының этиологиясы
Геморрагиялық желінсауды емдеу
Желін үрпісінің аурулары және аномалиялары
Емдік шаралар
Жылқының іріңді пододерматиті және оның емі
Патологиялық анатомиясы
Пәндер