Жіті нефрит



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлімі
2.1. Несеп шығаруды зерттеу
2.2. Бүйрек ауруларының себептері, дамуы және емі
2.2.1. Жіті нефрит
2.2.2. Созылмалы нефрит
2.2.3. Пиелонефрит
2.2.4. Пиелит
2.2.5. Нефроздар
2.3. Қуық ауруларының себептері, дамуы және емі
2.3.1. Цистит
2.3.2. Қуықтың әлсіреуі және параличі
2.3.3. Қуықтың түйілуі
2.3.4.Қуыққа тас байлану ауруы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе
Несеп бөлу мүшелер жүйесі:
Бүйрек -- ren, s. nephros -- пішіні бұршақ тәріздес,
қызыл-қоңыр түсті, қомақты жұп мүше. Ол негізгі зәр бөлу мүшесі. Бүйрек организмдегі қан қысымын және су-тұз алмасуын реттеуге де қатысады. Бүйрек құрсақ қуысының бел аумағында, бел омыртқалардың вентральды бұлшық еттерінің төменгі бетінде, олармен жанасып жатады. Ол сыртынан бүйрек майы қапшығымен (capsula adiposa) қапталған. Оның төменгі беті құрсақ қуысы сірлі қабығы ішпердемен жанасып, онымен тек төменгі және екі бүйір беттері ғана капталған. Бүйректің ішкі медиальды ойыс бетіндегі қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер енетін жерін бүйрек қақпасы (hilus renalis) -- деп атайды.
Бүйректің жарып көрсетілгендегі құрылысы:
1 - қыртысты қабат; 2 - милы қабат; 3 - пирамидалар; 4 - бүйрек емізікшелері; 5 - кіші тостағаншалар; 6 - бүйрек қақпасы; 7 - бүйрек астаушасы; 8 - несепағар.
Нефрон (бүйрек өзекшесі) - бүйрек паренхимасының құрылымдық және қызметтік бірлігі. Жануарлардың түрлеріне байланысты бүйректе 2-8 миллиондай бүйрек өзекшелері болады. Нефронның орташа ұзындығы 2-5 см. Нефрон құрылысы мен қызметі әр түрлі бірнеше бөлімдерден құралған. Оларға: бүйрек денешігі, жоғарғы (проксимальды), жіңішке және төменгі (дистальды) бөлімдер жатады.
Несепағар -- ureter -- бүйрек түбегінен басталып, бел аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше. Ол қүрсақ қуысындағы қысқа қатпарға ілініп, оның бүйір қабырғасында орналасады. Ал жамбас қуысында несепағар несеп-жыныс қатпарының құрамында қуықгың жоғарғы қабырғасымен жанасып, оған қиғаштала еніп, 3-5 см -дей аралықта етті және кілегейлі қабықтардың арасымен өтіп барып, қуық қуысына ашылады. Несепағардың бұлай қуық қабырғасымен өтіп, куықтың қуысына ашылуы зәрдің бүйректен куыққа тек бір бағытта ғана ағуына жағдай тудырады. Зәр қуыққуысынан кері несепағарға өте алмайды. Себебі, қуық зәрге толған сайын, оның етті қабығы несепағарды сыртқы жағынан қысып, зәрдің кері несепағарға өтуіне мүмкіндік бермейді.
Қуық (мочевой пузырь) -- vesica urinaria -- пішіні алмұрт тәрізді зәр уақытша жиналатын қуысты мүше. Оның құрсақ қуысына қараған бөлігін қуық төбесі (vertex vesicae), ұзынша келген ортаңғы бөлігін қуық денесі (corpus vesicae) және жамбас қуысына қараған қуықтың жіңішкерген бөлігін қуық мойны (cervix vesicae) -- деп атайды. Іші бос қуықтың ішкі кілегейлі қабағы қатпарланып тұрады. Көпқабатты ауыспалы эпителиймен астарланған кілегейлі қабықта бездер болмайды. Қуықтың мойын жағындағы кілегейлі қабықтың ішкі бетінде несепағар бідеуліктері (columna ureteris), ал олардың қуық қуысы жағында несепағардың тесіктері (ostium ureteris) көрінеді. Осы тесіктерден қуық мойнына қарай несепағар қатпарлары (plica ureterica) бір-біріне сүйір бұрыш жасай үшкірлене жақындап, қуық үшбүрышын (trigonum vesicae) құрайды. Несепағар қатпарлары өзара қосылып, бірігеді де, қуық мойнының несепшығар өзегіне ауысар жерінде несепшығар қырын (crista urethralis) түзеді.
Несепшығар өзек (мочеиспускательный канал) -- urethra --
қуық мойнынан басталып, өзінің соңғы бөлігімен жыныс мүшелеріне жалғасып кетеді. Еркек жануарларда ол жыныс мүшесі өзегімен қосылып, несеп-жыныс өзегін, ал ұрғашы жануарларда жыныстық кіреберіске ашылып, несеп-жыныс кіреберісін немесе несеп-жыныс қойнауын құрайды. Қынаптың вентральды бетінде қуық мойны мен несеп-жыныс кіреберісі аралығында жатады. Оның сыртқы тесігі кынап пен несеп-жыныс кіреберісінің шекарасына ашылады. Аналық уретраның кілегейлі қабығы көпқабатты ауыспалы эпителиймен астарланған. Онда ұсақ кірмелер болады. Кілегейлі кабықтың астында бірыңғай салалы ет ұлпасынан түзілген етті қабығы жатады.

II. Негізгі бөлімі
2.1. Несеп шығаруды зерттеу. Несеп шығаруды зерттеген кезде алдымен малдың несеп шығар кездегі кейпіне, оның бөліну санына және уақытына көңіл бөлу керек.
Малдың несеп шығару кездегі кейпі оның жынысына және түріне тікелей байланысты болады. Дені сау өгіз, қошқар, текелер несеп шығарар кезде сыртқы кейпін өзгертпейді. Несеп бұларда жіңішке түтіктен аққан тәрізді болып бөлінеді.
Айғырлар несеп шығарған кезде артқы аяқтарын талтайтып азғана отырыңқырайды. Олардың несеп ағыны күшті, соңғы қалдықтары құрсақ еттерінің жиырылуына байланысты бөлініп ағады.
Торайлар зәр шығарғанда несепті бөліп-бөліп шығарады, бұл кезде күпек пен құрсақ еттері жиырылады. Еркек иттер несеп нүктесінің маңына тоқтап несеп шығарады. Ұрғашы иттер несеп шығарған кезде тоқтап кішкене отырыңқырайды. Оларда несеп еркек иттерге қарағанда тез бөлінеді. Несеп шығару саны қалыпты жағдайда мал түріне байланысты болады. Ірі қара мал тәулігіне 10-12 рет, қой-ешкі, иттер 3-4, шошқа 5-6, жылқы 5-8 рет несеп бөліп шығарады. Күндізге қарағанда түнде несеп шығару сирек бөлінеді. Ауру малда несеп бөлінуінің жиілеуі немесе сиреуі, кейде мүлдем тоқталуы немесе несептің тоқталмауы байқалады.
Поллакизурия (поллакурия) деп несептің шектен тыс көп бөлінуін айтады. Бұл жағлар әдетте төменгі несеп жолдарының қабыну ауруларында, асқынған циститте байқалады.
Олигакизурия - бөліну аралығының ұзаққа созылып, несеп бөлудің сиреуі. Көп терлегенде, іші өткенде, жұтыну бұзылғанда, су жетпегенде байқалады.
Ишурия - несептің қуықта бөлінбей шықпай қалуы, сфинктердің қысылуынан, қуықтың салдануынан, уретраның бітелуінен пайда болады. Энурезис - несептің тоқтамауы, жұлынның сакральды бөлігі зақымдалуы салдарынан пайда болады. Странгурия - несептің ауырсынып шығуы, тамшылап бөлінумен сипатталады. Бұл қуық ауруларында (цистит, ісіктер), несеп шығару каналдары қабынғанда кездеседі. Несеп шығарарда ауырсынудың өзгеруі - тенезм деп аталады. Мұндай өзгеріс ауырсыну кейпі көбіне тынжытас (мочекаменный) қуықта тас жиналу кезінде байқалады.

2.2. Бүйрек ауруларының себептері, дамуы және емі.
2.2.1. Жіті нефрит (Nephrinis acuta). Бұл ауру - малдың бүйрек түйнегі қан тамырларының тез өтетін қабыну процесі және онан әрі бүкіл организмнің жіңішке қан тамырлары қабынады.
Аурудың себептері. Ауру мал организміндегі жұқпалы уланудан болған өзгерістердің салдары болып табылуы мүмкін, бұл өзгерістер жіті келген жұқпалы аурулардан, стрептококк тудыратын қабыну процестерінен, сонымен бірге асқазан жүйесінен тыс жолмен бөгде белокты организмге енгізуден пайда болады.
Белгілері. Ауру кенет білінеді. Ауру мал әлсіреп, көп қозғала бермейді, бүкірейіп тұрады. Көзге түсетін жердегі кілегей қабықтары және терісі бозарып кетеді. Жақ сүйектің аралығы, әуке тұсы, құрсағы, жыныс мүшесінің сырты ісіне бастайды. Тәбеті нашарлайды. Қарынның ішкі қабығының қабыну белгілері (гастрит) білінеді. Күйіс қайыратын малдың қан қысымы нашарлайды, алдыңғы қарындар әлсірейді, тіпті тоқ және аш ішектер қабынады. Жүректің соғуын тыңдағанда қолқаның екінші қатардағы сазы естіліп тұрады. Тамыр қатты соғады. Күре тамырлардың қысымы арта түседі. Малдың ентігетіні, өкпесінің сырылдайтыны байқалады. Несепті жиі шығарады. Несептің түсі қызғылттанып немесе күңгірттеніп тұрады, ол біршама қоюланады, аз-аздап қана шығады. Несептен белок, лейкоциттердің, эритроциттердің, эпителийдің және цилиндрлердің қоспасы табылады. Несеп тұнбасының барлық клеткалары несептің қышқыл реакциясы кезінде айқын білініп тұрады. Азоттық заттардың қанда бөгелуі арта түскен кезде малдың тәбеті нашарлайды немесе мүлде болмайды, терісі дуылдап қышиды, құсады, ентігеді, ұйқысы келе береді, дірілдейді. Мал аурудан айыға бастағанда оның жалпы күйі жақсарады, ісігі қайтады, жүрек қызметі қалыпты күйге келеді, несеп молайып, сұйыла түседі.
Аурудың барысы. Дер кезінде емделмеген мал өліп қалады, немесе ауру созылмалы күйге айналады.
Емі. Малға бірнеше апта бойына тыныштық жағдай жасалады. Күн сайын терісін сылап-сипайды. Рационға тез қорытылатын, белоктары мен натрийі мүлде аз азықтар енгізіледі. Шөп қоректілерге әртүрлі өсімдіктің жақсы пішені, тамыржемісті өсімдіктер, кебек ботқасы беріледі; ет қоректілерге -- сүт өнімдері беріледі. А, Е, Д витаминдері қажет. Ісік қайтпай қойған және жүрек дұрыс қызмет етпеген жағдайда қан алынады; ірі малдан 3 литрге дейін, ұсақ малдан -- 50-200 мл қан алынады. Мұнан кейін глюкозаның 25 проценттік ерітіндісі және строфант венаға енгізіледі. Ісік ұзақ уақыт бойына қайтпаса, несеп айдайтын заттарды қолдану ұсынылады: калий ацетаты (сірке суы) сиырға 25-60 г, қой- ешкіге 5- 10 г, жылқыға -- 20-50 г, итке- 0,5-1 г; калий нитраты сиырға 8- 15г, ұсақ мал ман шошқаға -1-3 г, жылқыға -6-10 г, итке -- 0,2- 0,5 г; дикарб -- жылқыға -1,5-2 г, итке -- 0,1- 0,2 г, мысыққа -- 0,04 -- 0,06 г; меркузал -- сиырға -- 3 -- 8 мл, жылқыға -- 3 -- 10 мл, итке -- 0,5 -- 2 мл, түлкіге -- 0,2 -- 0,5 мл. Толокнянка жапырағынан, петрушкадан, қайың бүршігінен, дала қырықбуыны шөбінен әзірленген қайнатпаны беру тиімді.
Сақтандыру шаралары. Жұқпалы аурулардың және іріңді процестер қабат өтетін аурулардың алдын алу керек. Малға бүлінген әсіресе көгеріп-шіріп кеткен жемшөп беруге болмайды. Шіріген шөп уланғыш болады.

2.2.2. Созылмалы нефрит (Nefritis chronika).Малдың созылмалы нефриті жіті нефриттен гөрі жиі кездеседі.
Аурудың себептері. Бұл ауру ем қонбайтын жіті нефриттің салдары болып табылады.
Белгілері: Бүйрек дұрыс қызмет істегеннің өзінде мал азды-көпті әлсірейді. Несепті зертттегенде әр түрлі заттың жинақталғаны шамалы ғана білінеді -- протейн біркелкі жиналған, несепке қызыл қан түйіршіктері араласқан, кейде гиалинді және түйіршікті көпіршік болады. Ауру асқынғанда мал самарқауланады, көп қозғала бермейді, арықтай бастайды. Терісі құрғайды, өңі өзгереді, теңбілдене түседі, жүні-сирейді, құрғап кетеді. Жақ сүйектің аралығы, әуке тұсы, құрсағы, артқы аяқтары, жыныс мүшесінің сырты ісінеді. Жүректің соғуын тыңдағанда екінші саз ырғағы естіліп тұрады. Қан қысымының ұдайы көтеріліп тұратыны байқалады. Несептен белок пен эритроциттер табылады. Ауру үдей түссе, несептің қоюлығы біршама кемиді, несеп шамадан тыс шығады, индиканның жинақталуы кемиді.
Аурудың барысы. Ауру бірнеше жылға созылуы мүмкін, сөйтіп ол бүйрек клеткаларының бүрісуімен аяқталады.
Емі. Аурудың барысы жеңіл күйде өтсе, өнім алынатын малды жайылымда бағуға, жұмыс аттарын жеңіл-желпі жұмысқа пайдалануға болады. Созылмалы нефрит асқына бастаған күнде оны емдеу шараларының жіті нефритті емдеу шараларынан айырмасы жоқ. Азоттық заттардың қанда бөгеліп қалу қаупі күшейген жағдайда малдан қан ағызып алынады, ал онан кейін глюкозаның 25 проценттік ерітіндісін ішке жібереді. Ішек-қарын жолының қызметі бұзылса (алдыңғы қарындардың әлсіреуі, ас корытудың бұзылуы), емдеу жұмысы аурудың белгісіне қарай жүргізіледі.
Сақтандыру шаралары. Малдың жіті нефритін дер кезінде анықтап, оны емдеу жұмысын жүргізу қажет.

2.2.3. Пиелонефрит. Пиелонефрит дегеніміз -- бүйрек түбегінің және оның қалың еті қабатының қабынуы.
Аурудың себептері. Пиелонефрит көбінесе энтерококктардан, әсіресе несептің несеп жолымен дұрыс ақпауынан пайда болады.
Белгілері: Аурудың жіті және созылмалы түрде өтуі мүмкін. Ол жіті түрде өткенде малдың тәбеті қашады, көп қозғала бермейді, дене температурасы көтеріледі. Күйіс қайыратын малдың алдыңғы қарындары әлсірей немесе қызметі бәсеңдей түседі. Қынабынан ірің аралас жалқаяқ ағады, мал жатқан кезде оның мөлшері арта түседі. Қолмен құрсақты баса сипағанда бүйректің ауыратыны байқалады. Малдың несеп шығаруы жиілейді. Тік ішек арқылы зерттегенде несеп жолы қалың тартпа тәрізденіп қолға білініп тұрады. Бүйректер ұлғайған, ауырады. Несепте лейкойиттер (пиурия) көп, сонымен бірге эритроциттердің, цилиндрлердің және микробтардың қоспасы болады. Бүйректер өте қатты зақымданғанда несептегі белоктың мөлшері 2 гл асып кетеді. Аурудың ауық-ауық асқынуы оның созылмалы түрде өтетінін байқатады. Ауру уақытша бәсеңдеген кезде оның сыртқы белгілері онша айқын біліне қоймайды. Кейде ауру белгілері білінбейді, сөйтіп оның түрі анықталмай қалады.
Аурудың барысы. Пиелонефрит көбінесе созылмалы түрде өтеді. Ауру көптеген жағдайда нефросклероздың асқынуымен аяқталады.
Емі. Малға тез қорытылатын жемшөп беріледі. Несеп жолындағы микрофлораларды (өте майда бактерия) құрту үшін антибиотиктермен емдеу курсы тағайындалады, оларды несеппен бірге шығаратын микробтардың антибиотиктерге деген сезімталдығына қарай таңдап алады. Несеп қышқыл реакция баргенде гексаматилентетраминнің 40 проценттік ерітіндісін ірі қараға 10-20 г, ұсақ малға, шошқаға -2050г, итке, түлкіге- 0,3-20г құю қажет. Уробесалды, уросалды, сонымен бірге 8-оксихинолиннің туындысын айталық, 5-НОҚ препаратын пайдалануға болады. Бұл препараттар тиімді.
Сақтандыру шаралары. Іріңді процестер қоса қабат келетін аурулардың алдын алады. Урологиялық шараларды қолданған кезде, әсіресе қуыққа катетер жібергенде және қуықтың ішін цистокоппен қарағанда, сол сияқты малды қолдан ұрықтандырғанда антисептикалық ережелерді қатаң орындау қажет.

2.2.4. Пиелит. Пиелит - бүйрек астауының қабынуы, ол көбіне жылқыда, шошқада, итте кездеседі.
Себебі. Бұл ауру бүйрек астауының кілегей қабығын несеп тасының, несеп ыдырауы нәтижесінде түзілген өнімдердің, паразиттердің тітіркенуінен болады. Кейде пиелит азықтан уланудан, бүйректегі қабыну процесінің бүйрек астауынан ауысуынан сол сияқты кейбір індетті ауру салдарынан жылқының сақауы, шошқа тілмесі және т.б. микроорганизмдердің бүйрек астауына енуі салдарынан пайда болады.
Белгілері. Ауру мал несепті жиі шығарады, бүйректі сырттан сынап қарағанда мал бел тұсын ауырсынады, бүйрек астауы ұлғаяды, тік ішек арқылы бүйректі сипағанда мал оны ауырсынады, несепте сілекей, ірің, кейде эритроцит болады.
Барысы және болжау. Аурудың жеңіл түрінде мал пиелиттен айығады. Іріңді пиелитке көбіне іріңді нефрит ұштасады және несеп жолы бітеліп қалады, осының салдарынан малдың айықпауы да мүмкін.
Ауруды анықтау. Пиелиттер клиникалық белгілеріне және несепте бүйрек астауының эпителийі болуына қарай анықталады, бірақ, бұл жағдайда қуық қабынуын ажырату керек.
Емі. Ауру малға тыныштық жағдай туғызады, рационнан тітіркендіргіш азық түрлері және тұз шығарылып тасталады. Бүйрек астауын дезинфекциялау үшін сульфазол, уротропин немесе салолол, әдеттегі мөлшерде, күніне 2 рет беріледі. Несеп айдағыш дәрі есебінде ересек малға 20-50 г ұсақ малға 1-3 г толокнянка берген жақсы. Сол сияқты сульфаниламид препараттар және антибиотиктер -- пенициллин, стрептомицин және басқалар қолданылады.

2.2.5. Нефроздар. Нефроздарға бүйрек өзгерістері мен түйіндерінде дистрофиялық процестердің дамуымен сипатталатын бүйрек аурулары жатқызылады.
Аурудың себептері. Ауру көбінесе организмде улану-жұғу процестерінің, улы заттармен уланудың негізінде асқына түседі.
Белгілері. Ауру жіті өткенде малдың әуке, құрсақ, аяқтары маңының және басқа жерлерінің ісінгені айқын білініп тұрады. Қан қысымы бірқалыпты. Несептен көптеген белок, эпителий, эпителийлік және түйіршікті цилиндрлер табылады. Гемолиз уымен уланудан пайда болған нефроз несепте гемоглобин бар екені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зәр шығару жүйесі туралы түсінік
Қуық жүйесі
Мысықтарды бекемдеу
Нефроздар
Несепті зерттеудің диагностикалық маңызы жайлы
Нефросклероз
Қандағы биллирудинді, қантты және жалпы белокты анықтау
Несеп жүйесін зерттеу.
Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті өзгерістері
Мал аурулары
Пәндер