Жанама әсері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

Миорелаксанттардың жалпы сипаттамасы.

Негізгі бөлім

  1. және деполяризациялаушы миорелаксанттар
  2. Әсер ету механизімі
  3. Миорелаксанттар және холинэстеразаның баяулатқыштары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Миорелаксанттар - қозғалысқа келтіретін жүйкелер ұшының аймағына әсер ететін заттар.

Өткен ғасырдың басынан бастап-ақ оңтүстік америкалық саятшылар аң аулауға ұшына стрихнос өсімдіктерінің сөлі жағылған садақтарды қолданған. Мұндай садақпен жараланған жануарлар қаңқа бұлщық еттерінің босаңсуы (миорелаксация) салдарынан қозғалу қабілетінен айырылған. Садақтың ұшына жағылатын уытты зат кураре деген атқа ие болды. Әсер ету механизімін зерттеу, оның көлденең салалы бұлщық еттердегі Н-холинореактивтік жүйені блокадалайтынын көрсетті. Мұндай жағдайда қозғалыс жүйкесінің медиаторы ацетилхолин өз қызметін атқара алмайтыны белгілі болды.

Көлденең салалы бұлщық еттерді босаңсыту немесе қозғалыссыз күйге енгізу асау малдарды үйреткенде, наркоздар кезінде және малды етке сояр алдында маңызды рөл атқарады. Сол себепті, зерттеушілер нәтижелілігікураре тәрізді, бірақ жалпы организмге қолайсыз әсер етпейтінзаттар алу жолын қарастыра бастады. Ғалымдардың зерттеушілері арқылы алынған препараттар және одан бөлінген тубокурарин кураре тәрізді әсер ете отырып, тек қана қаңқа бұлщық еттерінің Н-холинореактивті жүйесін ғана блокадалады. Айта кетерлік жәйт, алғашқыда олар артқы аяқтың, соңынан алдыңғы аяқтың, құрсақ қуысының, ал мөлшерін арттырғанда көкірек қуысының бұлшық еттерін босаңсытты.

Босаңсудың мұндай түрінде жүрек, қан айналу, ас қорыту жүйесінің қызметі айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Әртүрлі заттардың әсер ету ерекшеліктері бар. Осыған байланысты препараттар және деполяризациялайтын препараттар түрлеріне бөлінеді. Алғашқы препараттарға тубокурарин, диплацин, парамион, мелликтин, кондельфин жатады. Бұл заттар ацетилхолиннің бәсекелес антагонистері болып табылады, яғни Н-холинореактивтік жүйелердің ацетилхолинге сезімталдығын бәсеңдетеді.

Деполяризациялайтын препараттар ацетилхолинге ұқсас заттардың нәтижесін көрсестеді. Ацетилхолиннің көптігі синапстық аймақтың тұрақты электрге қарсы әрекетін туғызады, соның салдарынан әуелі бұлшық еттердің жиырылуы бұзылады, сонан соң тоқтайды.

Мұндай әсер ететін әртүрлі қосылыстардан дитилин препаратын ерекше атап кеткен жөн.

Диплацин - Diplacinum. Суда еритін кристалды ұнтақ. Ампулада 5 миллитрден құйылған 2 проценттік ерітінді түрінде шығарылады. «А» тізімі бойынша сақталады.

Диплацин қаңқа бұлшық еттерінде жүйке бұлщық ет өткізгіштігін бұзады. Неғұрлым көп мөлшерде қолданылғанда көкірек қуысының бұлшық еттері босаңсиды, ал мұның өзі тыныс алуға әсер етеді. Қан қысымының төмендеуі де байқалады. Физостигмин, прорезин және галантамин диплациннің әсерін тез бәсеңдетеді. Хирургиялық практикада қаңқа бұлшық еттерін босаңсыту үшін қолданылады. Әсері 7-10 минуттен кейін басталып минуттен кейін басталып 30-50 минутке дейін созылады. Релаксация 1 сағатқа жуық уақытқа дейін созылады.

Дитилин - Dithylinum. Суда жақсы еритін ақ түсті кристалды ұнтақ. Ыстыққа төзімді. «А» тізімі бойынша сақтайды. Деполяризациялайтын кураре тәрізді препараттар тобына жатқызылады. Организмдегі жалған холинэстеразаның әсерінен және сілтілі гидролиздің салдарынан тез бұзылады, сондықтан қысқа мерзімді әсер етеді. Қайталап енгізгенде әсерді бір сағатқа дейін ұзартуға болады. Дитилинді наркоз берудің барлық түрлерінде, әсіресе қысқа мерзімді операцияларда миорелаксант ретінде қолдануға болады. Бұлшық еттер арқылы қолдану мөлшері дененің 1 кг салмағына шаққанда: сиырға 0, 0001 г, жылқыға 0, 001 г, шошқаға 0, 0008 г, итке 0, 00025 г. Дитилинді новокаинмен бір мезгілде қолдануға болады.

Осы топтағы көптеген препараттардан сондай-ақ тубакуаринхлорид, квалидил, анатрусоний, циклобутоний, мелликтин және кондельфин де көңіл бөлуне тұрарлық. Жаңа препараттар ретінде тубокурарин, панкуроний, галламин, квалидия, ардуан және атракуриум сияқты дәрілік заттарды қолдану ұсынылған. Бұл препараттардың әсері жоғарыда аталған препараттарға ұқсас.

Негізгі бөлім

  1. және деполяризациялаушы миорелаксанттар

Миорелаксанттар - жүйке-ет талшығы синапсындағы Нм - холинорецепторларына таңдамалы әсер етіп, қаңқа бұлшық етінің қайтармалы параличіне әкелетін дәрілер. Бұл топтың дәрілерін анестезиологияда қолданады.
Кураре-Ориноко және Амазонка үндістерінің жебе ұшының уы жылан уы қосылған Itrychnos toxifera мен ағаштарының шырындарының және экстракттары қоспасы. Кураренің әсер етуші заты - d тубокурарин алколоиды

миорелаксанттар (пахикураре)
миорелаксанттардың қатаң молекулалары арасындағы ширек азот атомдары қашықтығы 1, 0 ±0, 1 нм. Молекула құрамына гидрофобты ароматикалық және гетероциклды радикалдар енеді (пахикуаре - сөзбе сөз мес куаре, грекше pachys - мес, жалпақ) .

миорелаксанттардың механизмі - қаңқа мускулатурасы Н - холинорецепторларында ацетилхолинмен бәсекелес антогонизмге түсу. Миорелаксанттар рецепторлардың аниондық орталығын тежейді, сонымен қатар аниондық орталықты қоршап тұрған рецептор бөліктерімен вандерваальс байланыстарын түзеді. Шеткі пластинкада тыныштық потенциалын тұрақтандырып, Н - холинорецепторларды тежеу қаңқа еттерінде әлсіз паралич шақырады. Миорелаксанттар жағары концентрацияда қаңқа еттерінің ашық натрий каналдарында өткізгіштікті тікелей бұзады.

Деполяризациялаушы миорелаксанттар (лептокураре)
Деполяризациялаушы миорелаксанттардың өкілі - дитилен. Бұл ширек амин екі ацетилхолин янтар қышқылының дихолин эфирі молекуласының қосылған сызықты структуралы, ширек азот атомдары ара қашықтығы 1, 45 нм болады (лептокуаре - «жіңішке куаре», грекше - жіңішке, нәзік) . Дитилин Н - холинорецепторлармен гидрофобты байланыс түзбейді, миорелаксанттарға қарағанда ет талшықтарында 20 есе артық жиналады.

Дитилин, Н-холинорецепторларды қоздыра отырып, қаңқа еттерінің ұшындағы пластинкаларында қайтымсыз, тұрақты деполяризацияға әкеледі. Бұл әсер потенциалын өткізуді бұзады. Дитилин енгізген алғашқы кезде еттердің фасцикуляциясы, кейін әлсіз паралич дамиды.

Деполяризация кезінде қаңқа еттері калий иондарынан айырылып, ет әлсіздігінің себебі болып, әрі аса жоғары гиперкалиемия байқалады.
Соңғысы жүрек тоқтауына жүрек шамасыздығы бар, жүрек гликозидтерімен зәр айдаушы дәрілер қабылдаушылар, сонымен қатар күйікте, жарақатта, рабдомиолизде, жұлын жарақаттанған ауруларды әкеледі

Миорелаксанттарды қолдану

  • Өңеш пен жұтқыншақ еттерін ингаляциялық наркозды жеңілдетумен өкпені жасанды желдету үшін босаңсыту үшін (қысқа әсерлі миорелаксант - дитилин қолданылады) .
  • Шығуларды салу, сүйек сынықшыларын репозициялау (дитилинді тыныс мускулатурасының параличіне әкелмейтін аз мөлшерде салынады) .
  • Кеуде мен іш қуыстарындағы операцияларда өкпені жасанды желдендіру жүргізілетін наркозда (наркоз терңдігін тек естен айырылу мен рефлекстер тоқтау шегіне дейін ғана береді) .

Тырысқақ, ауыр тырыспа ұстамалары электротырысу терапиясы.
Пирамида мен экстрапирамида жүйесі жүмыстары бүзылғанда, арахноидитте, энцефалитте, Парксинсон ауруларында тырысуда (милликтинді транквилизаторлармен немесе баклофенмен бірге ішуге беру)

Миорелаксанттарды қолданғанда болатын асқынулар
Тубокурарин хлорид вегетативті ганглийлерді тоқтатып, артериалды гипертензия секрециясы тежелуінен артериалды гипотензия байқалады. Танкуроний бромид басқа миорелаксанттарға қарағанда М-холинорецепторларды күштірек тежеп, тахикардия мен артериалды гипертензия дамытады.

2. Әсер ету механизімі

Миорелаксанттар - қаңқа бұлшықеттерінің шеткі холинорецепторларын тежейтін кураре тәрізді заттар (кураре - қаңқа бұлшықеттерінің салдарын туғызатын, өлім әкелетін у) . Әсер ету механизмі бойынша олар үшке бөлінеді:

1) үйексізденуге қарсы дәрілер - тубокурарин хлорид, панкурония бромид, пипекурония бромид,

2) үйексіздеуші дәрілер - суксаметония хлорид.

3) араластық түр әсері бар - диоксоний.

Орталыққа әсер ететін миорелаксанттар - мелликтин, баклофен.

Миопаралитикалық ықпалының ұзақтығына байланысты:

1) қысқаша әсерлі 5-10 минут - суксаметония йодид,

2) орташа әсерлі 20-30 минут - атракурий, векуроний,

3) ұзақ әсерлі 30-40 минут - тубокурарин, пипекурония, панкурония.

Препараттардың әсер ету механизмі ацетилхолиннің үйексіздену әсеріне кедергі жасайтын Н-холинорецепторларды тежеумен байланысты. Үйексізденуші заттардың әсер ету механизмі Н-холинорецепторларды шамадан тыс қоздырумен байланысты және нәтижесінде синапсттан кейінгі мембрананың тұрақты үйексізденуі жүреді. Бұл бұлшықеттің тарылуымен, кейін миопаралитикалық ықпалы басталады.

Аралас түрде әсер ететін препараттар үшін үйексізденудің бірігуі, үйексізденуге қарсы тежелумен байланысты болатын үйексізденуге қарсы ықпалдармен бірге жүруі тән. Миорелаксанттар бет, мойын, аяқ, тұлға және соңында көк еттің бұлшықеттерінің жүйке- бұлшықет синапстарын тежейді, ол тыныстың тоқтауына әкеледі, сондықтан алдын ала жасанды тыныс алу жабдығына қосылады.

Үйексізденуге қарсы препараттар үшін антагонист ацетилхолинэстеразаны тежейтін прозерин және галантамин болып келеді, нәтижесінде синаптикалық саңылауда ацетилхолин құнарлығы жоғарлайды, ол Н-холинорецепторлармен байланысқан препараттарды ығыстырады және жүйке-бұлшық өткізгіштерін қалпына келтіреді.

Үйексізденуші заттар үшін (дитилин) антагонисттер жоқ, бірақ мөлшерден тыс қолданғанда плазмада болатын жаңа цитратты қан енгізеді, холинэстераза дитилиннің әсерін бейтараптайды.

Миорелаксанттардың жалпы сипаттамасы.

Әсер ету механизмі
Көрсеткіштері
Кері көрсеткіштері
Жанама әсері
Әсер ету механизмі: Үйексізденуге қарсы: Н-холинорецепторларды тежеу арқылы мембрананың үйексізденуіне кедергі жасайды. Үйексізденуші: мембрананың толық үйексізденуі жүреді.
Көрсеткіштері: Көкірек және құрсақ қуыстарына операция жасауда; аяқ және қолдарға жасалатын операциялар. Үйексіздену үшін поликлиникалық жағдайларда қысқа операция кездерінде.
Кері көрсеткіштері: Миастения, жүктіліктің ерте мерзімдерінде, емшектегі балалараға, глаукома, бауыр, бүйрек, жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, гиперкалемия.
Жанама әсері: Тахикардия (ваголитикалық әсері), аритмия (қаңқа бұлшықетінен К шығуынан), бронх тарылуы (гистаминнің шығуынан), көзішілік қысымның жоғарлауы, бұлшықет ауырсынулары ж. т. б.

Тубокурарин хлориді(Tubocurarini chloridum) басым түрде қаңқа бұлшықеттерінің Н-холинореактиві жүйелерін тежейді, аз дәрежеде вегетативтік жүйке тораптарындағы холинорецепторларына әсерін тигізеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Анестезиологияда операция кезінде қаңқа бұлшықетін босаңсыту үшін миорелаксант ретінде, сынықтың репозициясы кезінде, күрделі буын шығуын салу үшін, тоникалық тырысуларды шеттету үшін, сіреспеде және стрихнинмен уланған кезде қолданылады.

Жанама әсерлері. Кейде бронх бұлшықеттерінің тарылуы мүмкін, гипотензия, терінің қызаруы және басқа да анафилактикалық реакциялар.

Шығарылу түрі. 1% ерітіндісі егуге арналған 1 мл ампулада (10 мг-1мл) .

Рецепт үлгісі Rp. : Sol. Tubocurarini chloridi 1%-1, 5 ml

D. t. d. N. 6 in amp

S. Көк тамырға 0, 5-1, 4 мг/кг дене салмағына.

#

Суксаметоний йодиді (Suxamethonii iodidum), дитилин. Суксаметоний иодиді өзінің химиялық құрылымы бойынша қосарланған ацетилхолин молекуласынан тұрады және ацетилхолин тәрізді синапстан кейінгі мембрананың үйексізденуін туғызады, нәтижесінде қаңқа бұлшықеттерінің тарылуына әкеледі. Бұның барлығы жүйке-бұлшықет өткізгіштігін бұзады және қаңқа бұлшықетін босатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Трахея интубациясы, эндоскопиялық емшаралар, қысқа операциялар (буын шығуларын салу және сүйек сынықтарын қалпына келтіру), сіреспе кезіндегі тоникалық тырысулар.

Кері көрсеткіштері. Глаукома, гиперкалиемия кездерінде, қан плазмасында холинэстеразаның төменгі белсенділігінде.

Жанама әсерлері. Аритмия, тахикардия, көз іші қысымының жоғарылауы, гиперкалиемия, гипертермия байқалуы мүмкін.

Шығарылу түрі. Егуге арналған 2% ерітіндісі 5 және 10 мл ампулада N. 10.

Рецепт үлгісі Rp. : Sol. Suxamethonii iodidi 2%-5 ml

D. t. d. N. 6 in tab.

S. Көк тамырға 0, 0015 г/кг дене салмағына.

Шығарылу түрі. Егуге арналған 0, 2% ерітіндісі 2 мл ампулада.

Пипекуроний бромиді(Pipecuronii bromidum), ардуан. Пипекуроний бромиді - ұзақ әсер ететін миорелаксант, панкуроний бромидінің аналогы. Одан айырмашылығы ваголитикалық және симпатомиметикалық әсерге ие емес және жүрек-тамыр жүйесіне әсері жоқ.

Кері көрсеткіштері. Миастения және жүктіліктің ерте мерзімдерінде, бүйрек, бауыр қызметтерінің бұзылыстары мен айқын жүрек жеткіліксіздігінде.

Жанама әсерлері. Қаңқа бұлшықетінің салымен болатын тыныс алужетіспеушілігінің дамуы, артериалды гипотензия, брадикардия, аритмия, миокард ишемиясы, гипогликемия, гиперкалиемия, анурия ж. т. б.

Шығарылу түрі. Егу ерітінділеріне арналған лиофилизирленген ұнтақ 4 мг, сонымен бірге 2 және 4 мл NaCI изотоникалық ерітіндісі ампулада.

Рецепт үлгісі. Rp. : Pipecuronii bromidi 0, 004

D. t. d. N. 10 in amp

S. Күре тамырға 0, 07 мг/кг дене салмағына.

#

Атракурия безилаты(Atracuriі besilatum), тракриум. Атракурия безилат - үйексізденбейтін әсер етуі орташа болатын миорелаксант, жинақталатын қабілеті аз және бұлшықетті босататын ықпалы жеңіл және тез қайтымды.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Алдында аталған препаратқа ұқсас.

Шығарылу түрі. Егуге арналған 1% ерітіндісі 2, 5 және 5 мл ампуласы N. 5.

Мелликтин (Mellictinum) препарат өсімдіктен алынған және әсер ету механизмі бойынша тубокураинге ұқсас, ол жүйке-бұлшықет өткізгіштігін тежейді, сонымен қатар, аздаған ганглиотежегіш әсері де бар. Мелликтин үшін антагонист - прозерин мен галантамин.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Негізінен Паркинсон ауруындағы пирамидтік жеткіліксіздік кезіндегі, арахно-энцефалиті мен арқа арахноидитте және өзгеде экстрапирамидттік аурулардағы бұлшықет тонусын төмендету үшін қолданады. Таблетка түрінде 20 мг мөлшерлемесінде күніне 1 реттен бастап, кейіннен 5 ретке жеткізіп береді, емдеу ұзақтығы 3 аптадан 2 айға дейін.

Кері көрсеткіштері. Миастения және өзгеде бұлшықет тонусы төмендеумен жүретін ауруларда, жүрек қызметінің декомпенсациясында, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылыстарында.

Жанама әсерлері. Әлсіздік сезімі мен тыныс алу күйзелістерінің белгілері дамуы мүмкін. Мұндай жағдайларда оттегіні тағайындаумен бірге өкпенің жасанды желдетуін өткізу керек және атропинмен қоса прозерин енгізу қажет.

3. Миорелаксанттар және холинэстеразаның баяулатқыштары

Хирургияда қолданылатын миорелаксанттарға суксаметоний, алкуроний, векуроний және т. б. жатады. Неостигмин және пиридостигмин сияқты холинэстераза баяулатқыштары гравис миастениясын симптоматикалық емдеуде қолданылады. Олардың әсері ацетилхолинэстеразаны баяулатумен байланысты, соның салдарынан ацетилхолиннің әсері ұзарады және жүйке-бұлшық ет өткізілуі күшейеді. Ол көптеген миастения науқастарының жағдайын бір шама жақсартуға әкеледі, бірақ бұлшық ет тонусының толық қалпына келуі сирек болады. Холинэстераза баяулатқыштары ішке қолдануға арналған, тек науқаста жұту қиындаған кез жағдайларында. Пиридостигмин баяу әсер ете бастайды (көбінесе 30-60 минут барысында), бірақ әсер етуі ұзақғырақ жүреді, неостигминге қарағанда; сонымен қатар ол диарея, ішек шаншуы және шамадан тыс сілекейдің бөлінуі сияқты мускаринді белсендіру ықпалын аз туғызады, сондықтан оған көп мән береді. Мөлшерін сақтықпен талдайды, шамадан тыс көп қолданғанда науқасты холинергиялық кризге енгізу мүмкін. Аурудың үдеуімен байланысты және мөлшердің жеткіліксіздігінен болатын осыған ұқсас жағдайды миастения ұстамасынан ажырата білу керек; екі жағдайда да болатын негізгі көріністер - бұлшық ет әлсіздігігінің үдеуі. Егер науқас миастениялық ұстамалар кезінде тыныс алу немесе жұтыну қиындықтарын сезінсе, холинэстераза баяулатқыштарын бұлшық етке немесе тері астына енгізу крек; көбінесе неостигминді қабылдаған дұрыс. Мускаринді белсендіргіш ықпалын төмендету үшін атропин қолданылады (1. 3 бөлім) . Кортикостероид, мысалы преднизолон (18. 1 бөлім), гравис миастениясын емдеу үшін қолданылады; азатиопринді қосу (8. 1 бөлім) кортикостероидтардың да, антихолинэстеразды заттардың да мөлшерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Неостигмин (neostigmine)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 0, 05% [ӘДҰ ұсынылған] . ; таблеткалар 15 мг.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішек цестодоздарын емдейтін дәрілер
Жалпы фармакология
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі
Жүйке жүйесі аурулары фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клиникалық-фармакологиялық жолдар принциптері.
Аритмия этиологиясы мен түрлері
Препараттың токсикалық әсері
Дофаминергиялық синапстан қозудың берілуіне әсер ететін заттар
Эндокриндік жүйеге әсер ететін дәрілік заттар
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға әсері
Антибиотиктердің медицинада қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz