Липидтекті пигменттер алмасуының бұзылуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Аралас дистрофия
2. Липидтекті пигменттер алмасуының бұзылуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Дистрофия (грекше: - бұзылу, бүліну және dys -қоректендіремін, нәрлендіремін) - тінның (жасушаның) метаболизмі (зат алмасуы) бұзылуынан құрылымдық өзгерістер дамитын күрделі патологиялық үдеріс. Дистрофия - зақымның бір түрі.
Трофика - тін (жасуша) өзінің арнаулы қызметін атқару үшін қажетті, оның метаболизмі мен құрылысының қалыптасуын қамтамасыз ететін механизмдер жинтығын қамтитын ұғым. Бұл механизмдерің - жасушалық және жасушадан тыс деп аталатын аса маңызды екі түрі бар. Жасушалық механизмдер жасуша құрылысының калыптасу ерекшеліктері және оның өздігінен реттелуі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, жасушаның трофикасы - өздігінен реттелетін күрделі жүйе жасушаның өзіне ғана тән қасиет. Жасушаның тіршілік әрекетін оны қоршаған орта қамтамасыз етіп, организмнің бірқатар жүйелері реттейді. Сондықтан трофиканың жасушадан тыс мезханизмдері тасымалдау (қан, лимфа, микроциркуляциялық арна) және интегративтік (нейроэндокриндік, нейрогуморальдық) жүйелерді қамтиды.
Дистрофия дамыған жасушалар мен (немесе) жасушааралық заттарда ферменттік үдерістер бұзылуының салдарынан сандық немесе сапалық сипаты өзгерген әр түрлі зат алмасу өнімдері жиналады (белок, май, кемірсу, минерал, су).
Паренхималық дистрофиялар - заттардың алмасуы орындайтын қызметі жағынан жоғары специализациялы жасушаларда бұзылатын үдеріс. Алмасуы өзгерген заттың түріне қарай, паренхималық дистрофиялар белокты (диспротеиноздар), майлы (липидоздар) және көмірсулы түрлерге бөлінеді.
Строма-тамырлық (мезенхималык) дистрофия кезінде зат алмасу үдерісі мүшелердің стромасы мен тамырларының қабырғасындағы дәнекер тінде бұзылады. Үдеріс гистионды қамтиды. Гистионның құрамына микроциркуляциялық арна мен оны қоршаған дәнекер тіндікэлементтер (негізгі зат, талшықты құрылымдар, жасушалар) және жүйкелік талшықтар кіретіні белгілі. Сондықтан да строма-тамырлық дистрофиялардың басты механизмі трофиканы қамтамасыз ететін тасымалдау жүйесіндегі өзгерістер болып, оларың түрлерінің өзара сабақтастығы мен морфогенезінің ортақтығы және бір түрінің екінші түріне ұласа беретіні түсінікті жайт. Дәнекер тінде зат алмасуы бұзылса, қан немесе лимфамен келетін, дұрыс түзілмеген, дәнекер тіннің негізгі заты мен талшықтары ыдырағанда пайда болатын метаболизмдік өнімдер, әдетте жасушааралық затқа жиналады.
Негізгі бөлім
1. Аралас дистрофиялар дегеніміз - зат алмасу өзгерістерінің морфологиялық белгілері ағзаның паренхимасы мен стромасында бірдей көрінуін аталады. Аралас дистрофиялар күрделі белоктар және минералдар алмасуының бұзылуы кезінде пайда болады.
Аралас дистрофиялар дамыған кезде бұзылған метаболизмнің морфологиялық бейнесі мүшелер мен тіндердің паренхимасында ғана емес, олардың стромасында және қан тамырларының қабырғасында қалыптасады; күрделі белоктар - хромопротеидтер, нуклепротеидтер мен липопротеидтер және минералдардың алмасуы бұзылады.
Хромопротеидтер -- мал организмінде синтезделіп, ағза мен тіндерге белгілі бір түс беретін химиялық күрделі зат болып табылады. Құрылымы бойынша (грекшеде chroma - түс, бояу +протеид), боялған белок болып табылады. Хромопротеидтердің қатынасуымен тынысалу (гемоглобин, цитохромдар), секреттердің (өт) түзіліп бөлінуі, организмді сәулелік энергиядан қорғау, темірдің (ферритиннің) қорын толықтыру, витаминдердің қажетті мөлшерін қамтамасыз ету және т.б. әрекеттер жүзеге асырылады. Пигменттердің алмасуы вегетативтік жүйке жүйесі мен эндокриндік бездер арқылы реттеліп, қан жасам мүшелері мен ретикула-эндотелийлік жүйелердің кызметімен тығыз байланысты.
Жіктелуі : Тегіне байланысты 3 топқа бөлінеді:
1.Гемоглобиногенді, гемоглобиннен түзілетін әртүрлі заттар;
2.Протеиногенді немесе тирогиногенді, тирозин белогының алмасу бұзылыстарыныан түзілген заттар
3. Липидогенді немесе липопигменттер, май алмасуынан пайда болған заттар.
Пигменттің мөлшеріне байланысты:
Мөлшері көбеюі мүмкін азаюы мүмкін толық жойылуы мүмкін
Үрдістің таралуына байланысты: 1.жалпы 2. жергілікті
Этиологиялық фактор
- тұқым қуалайды
- жүре пайда болған
-біріншілік, өз алдына пайда болған аурулардың морфологиялық субстраты болып табылады
- екіншілік, әртүрлі сырқаттардан және патологиялық жағдайлардан, кейін дамиды
Көбінесе гиперпигментациялық жағдай, қалыпта кездесетін пигменттердің мөлшерден тыс жиналуынан пайда болады, ал кейде тек патологиялық жағдайда кездесетін пигменттер ғана жинала бастайды.
2. Липидгендік пигменттер (липопигменттер)
Бұл топқа майлы - белокты пигменттер - липофусцин, гемофусцин, Е-витамині жеткіліксіздігінің пигменті мен цецироидтың химиялық және физикалық (гистохимиялық) қасиеттері біттекті, сондықтан олар бір пигменттің - липофусиннің өзгеше түрлері деп есептеледі.
Липофусцин - құрамында майлар, әсіресе фосфолипидтер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Липофусцин пигменті
Бауырдың майлы дистрофиясы
Паренхималық дистрофиялар
Амилоидоз (мәні, себептері, амилоидозды анықтау әдістері)
Патологиялық анатомия лекция кітапшасы
Организмде минерал алмасуының бұзылуы
Минералдар алмасуының бұзылуы
Нуклеопротеидтердің алмасуының бұзылыстары
Бауыр қызметтерінің жеткіліксіздігі
Витаминдер классификациясы
Пәндер