Шап жарықтары және оны емдеу тәсілдері
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Жарықтардың құрамы және этиологиясы
2.2. Интравагинальды ұма жарықтары. Ұмалық жарыққа операция жасау
2.3. Шап жарықтары және оны емдеу тәсілдері
2.4. Өзіндік зерттеулер
2.4.1. Proanamnesis
2.4.2. Anamnesis morbi
2.4.3. Status prоesens communis universale
2.4.4. Status prоesens localis
2.4.5. Diagnosis
2.4.6. Еріkrisis
2.5. Техника қауіпсіздігі
III. Қорытынды
IV. Пайданылған әдебиеттер тізімі
I. Кіріспе
Жарық грыжа, грызть - мұжып, сыздап ауыру, немесе мұжылған, кемірілген тесік деген ұғымнан шыққан түсінік. Ерте кездегі мамандар жарықты - ruptura - жыртық, үзік деп те атаған. Кейде жарықты кила, грекше - kele, латынша - hernia - өсінді, бұтақша, бұтақ, түйіншек деп те атаған.
Жарықтың ішкі (hernia interna) және сыртқы (hernia externa) түрлері бар.
Ішкі жарықтар анатомиялық қалталар, ойықтарда (recessus ileocoecalis, r.intersigmoideus - ащы ішекпен соқыр ішек арасындағы қалта, сигма ішегінің қалтасы) кездеседі. Iшкі жарықтар өте сирек жағдайда кездеседі.
Жарықтардың негізгі және жиі байқалатын түрлері сыртқы жарықтар болып табылады.
Жарық ауруы көне заманнан белгілі. Гиппократ (б.д. дейінгі V ғасырда) жарықтың, киланың, ал Цельс (б.д.) гернияның жеке түрлері туралы кітап жазған. Дегенмен шап және сан жарықтарының анатомиялық ерекшеліктері тек 18-19 ғасырда анықталған.
Іш қабырғасының жарықтарының жіктелу принциптері
1. анатомиялық;
2. этиологиялық - себебіне сәйкес;
3. клиникалық.
I. Анатомиялық жіктелуі
а) шап жарығы;
б) сан жарығы ;
в) кіндік жарығы;
г) құрсақ жарығы;
д) белдеме жарығы;
е) шонданай жapығы;
ж) көкет жарығы.
Шап жарықтары жарықтардың барлық түрлерінің 87%, жамбас жарықтары - 8%, кіндік жарықтары - 2% құрайды.
II. Этиологиялық жіктелуі
a) тya пайда болған - hernia congenitaiis;
б) жүре пайда болған - hernia acquisita.
Жарықтардың кейін пайда болуына әзір шап, жамбас, кіндік сияқты әлсіз жұқа opындapдaғы (hernia praeformatae) және - жарақаттар мен операциялардан соң пайда болған түрлерге бөледі.
III. Клиникалық жіктелуі
Жарық аурулары жергілікті және жалпы көріністермен сипатталады.
Жарықтың ішіне енген мүшенің жағдайына байланысты ауруды екі топқа бөледі:
1) Бос, байланбаған, қысылмаған, орнына салынатын (h. nonincarcerata, reponibilis);
2) Байланған, қысылған (h. incarcerata).
Қысылмаған, еркін жарықта жарықтың ішіне енген мүшенің жағдайы бұзылмаған болса, қысылған жарықта мүшенің қан айналысы бұзылған. Қысылмаған жарықтар орнына салынатын және орнына салынбайтын болып екіге бөлінеді.
Қысылған жарықтарда жарық қапшығына енген ішкі мүшені қайтадан өз орнына - ішке енгізу мүмкін емес. Қысылмаған жарықта жарық қапшығына енген ішкі мүше өз орнына - ішке жеңіл енеді және қайта шығады. Бұл аталған екі жағдайда жарық қапшығына енген мүшенің қан айналысы бұзылмайды.

Жарықтың құрамы: жарықтың қақпасы, жарықтың қалтасы және жарықтың ішіндегі зат.
Сурет № 1
Жарықтың қақпасы - немесе жарық тесігі - hiatus hernia жарықтың сыртқа шығатын тесігі. Оның түрі, кендігі әртүрлі.
Дені сау жануарларда сыртқы жарық кақпасы жоқ. Өйткені шап және жамбас тесігінің аумағы, олардан шығатын шәует жүретін жол және қан тамырларының жуандығына сай. Тек жарық пайда бола аталған тесіктер және өзектер кеңейіп 1-2 саусақтар сиятын жарық қақпасы пайда болады. Жарықтың қалтасы - saccus hernia - жарық қақпасы арқылы тері астына шығатын мүшені жабатын париетальды іш пердесі. Қалтаның туа пайда болған және жүре пайда болған түрлері бар.
Қалтаның іштей созылуы - немесе ішпердесінің эмбриональды қалтасының сақталуы - ішпердесінің қынапты бұтағының (processus vaginalis) бітелмей ашық сақталуы.
Туа пайда болған жарық қапшығы - бұл жаңадан пайда болатын ішперденің қалтасы. Бұл жағдайда алдымен жарық шығатын аймақтарда кішкене ойық пайда болады. Одан әрі ойшық тереңдеп, ішперденің дивертикулы - қалтасы пайда болады. Қалта кеңейіп, жануар күшенгенде, жөтелгенде, ауыр жүк көтергенде шапта немесе санда жарық төмпешігі көрінеді.
Жарық қалтасының - шұңқырын, ішкі мүшенің қалтаға енетін есігін, қалтаның мойынын, денесін және түбін бөледі.
Жарық қапшығының пішіні домалақ, саусақша, сопақ т.б. болуы мүмкін. Капшықтың 2-3 бөліктен құралуы да мүмкін. Пайда болған уақытына және жиі жарақаттануына сәйкес жарық қапшығының қалыңдығы әр түрлі болады. Ескірген, жиі қысылу, қабыну үрдістеріне ұшыраған қапшықтар қатты, қалың, айналасындағы тіндермен жабысқан.
Ceбeбi: туғаннан жарық, саңылауының кең болуы және туғаннан кейінгі жарақаттану. Атап айтқанда құрсақ қуысын тұяғымен тепсе, мүйізімен сүзгенде. Кейбір операцияларда тігілген ұлпалар дұрыс жазылып бітелсе де жарық пайда болады. Ал осы патологияның дамуына себепші болатын жағдайларға: азықта витаминдер, микро-, макроэлементтері жетіспесе, малдың тұрған жеріне күннің көзі түспесе, моцион аз болса. Аталған патологияның түсіндісіне байланысты да жіктеледі:
* Ішке салынатын;
* Ішке салыбайтын.
Ішке салынбайтын жарықтардың өзi eкiгe бөлінеді. Эластикалық қысылу -- сақина мен осыған көршілес жатқан сірлі қабықшаның, ұлпаларының тартылуынан болады. Сақина өзінен шығып тұрған iшекті не болмаса басқа мүшені айналдыра қысып тастайды, содан соң рефлекторлы қысым болып одан әpi қысылады.
Химуспен қысылу түскен шектің екі иіндісі болады, ішке түсетін және шығатын, түсетін иінді химусқа толып шығатьн иіндіні толтырғанда, химус тез шыға алмай екі иіндіде қысылу болады, бұған рефлекторлы спазм қосылады. Бұнымен қоймай химуспен қысылғанда түскен мүшелердің ұлпаларының кан және лимфа ағуы қиындайды, қысылған бөлім көк түске айналады 10-12 сағаттан соң өліеттену басталып ішекте ipiңдi өзектер пайда болады. Проляпспус деген ұғым -- сірлі қабық созылып ғана қоймай, басқа қабықтарда бүлініп, iшкi мүшелер тepiгe дейін шығады. Ал егерде тері жарылып, мүшелер сыртқа шықса оны -- эвестрация деп атайды.
2.2. Интравагинальды ұма жарықтары
Ұма аумағындағы жарықтардың жіктелуі төмендегідей: құрсақ қуысы; Сірлі қабық;
а) қынап түтікшесі;
б) қынап қабығы жарығы;
в) шап түтігінің жарығы;
г) ен қабығының, жарығы
Ен жарықтарының басты белгілері ұманың бip жағы ғана үлкейеді, ұстап қарасақ ішектің перистальтикасы білінеді Шап түтікшесінің сақинасынан итеруге (ішіне салуға) болады. Торайда шап қабығының немесе ен қабығының жарығың тек операцияда толыктай бiлeмiз.
Сурет №2. Жылқының ұма жарығы
Еркек безінің қабы - (saccus testiculorum) күйіс қайтаратындарда және жалғыз тұяқтыларда сандардың арасында, ал қалған малда анусқа жақын маңда орналасады. Ол қос қуыстың - ұмадан, еркек бездің қос сыртқы көтергіші және қос жалпы қынаптық қабықтан түзеледі.
1. Ұманың терісі ең жуан бұқаларда, онда терілік және май бездері орналасады. Орта сызықпен ұма тігісі жүреді.
2. Бұлшық ет - серпімді қабық (tunica dartos) терімен тығыз қосылған оның мазмұнында бұлшық ет шоқтары көп және арасында серпімді талшықтарды болады. Ортаңғы сызықта қалыңдап ол ұманы екі қуысқа бөледі. Кәрі қойларда сол қабықтың астында майлы клечатка дамиды.
3. Ұманың фасциясы (fascia subdartoica) ең көп бұқаларда және қабандарда дамыған, жалпы қынаптық қабықпен болбыр ал алдыңғы қабатпен берік байланған.
4. Жалпы қынаптық қабық (tunica vaginalis communis) іш пердесінің париентарлдық және көлденең фасцияның өсіндісі, ұманың әрбір жартысыныда төселіп, жалпы қынаптық қабық қуысын құрастырады (cavum vaginalis), құрсақ қынаптық канал арқылы құрсақ қуысымен хабарласады. Қабықтың латералдық қабырғада, сыртқы еркек безді көтергіші (m. cremaster ext.) орналасқан, ол бұқада, айғырда және қабанда жақсы белгіленеді. Ол ішкі қиғаш бұлшық еттің бір бұтағы болып келеді.
Еркек бездің арнайы қынаптық қабығы (tunica vaginalis propria) еркек безді, қосалқаны және ен бауын жабады. Ашық пішу тәсілде оны тіліп жарады.
Сурет №3
Еркек без (testis, didymis, s. orchis) сырттан қынаптық арнайы қабықпен жабылған. Арнйы қынаптық қабық белоктық қабықпен тығыз байланысқан. Еркек безінің бас жағынан ішке қарай тартымдар кетеді одан трабекулалар тарайды. Трабекулдар бездік элементтер толтырылған камераларды құрады онда жыныс клеткалары спермилер және андрогендік гормон тестостерон өндіріледі. Еркек бездің басы бұқада жоғары айналған, айғырда алға, қабанда төмен қарай орналасқан. Қосалқы (epididymis) күйіс қайырушыларда ол еркек бездің каудальдық жағына, ал айғырларда, қабандарда, төбеттерде және еркек мысықтарда дорсолатералдық беткейде орналасқан. Оның басы, денесі және құйрығы болады. Қосалқының құйрығынан ұрық өткізгіш басталады; буда арқылы қосалқының құйрығы еркек безбен, ал қынаптық будамен - жалпы қынаптық қабықпен қосылады. Ең бауы (funiculus spermaticus) сырттан құрсақтың висцеральдық бүрмесімен жабылған, ол еркек бездің іш майына айналып сол арқылы жалпы қынаптық қабықпен қосылады. Оның құрамында:
А) Ішкі тұқымдық артерия (а. Spermatica interna) ол құрсақ аортасынан бөлініп шығады.
Б) Ұрық өткізгіштің артериясы (a. Deferentis) кіндік тамырынан бөлініп, ең бауының құрамында ұрық өткізгішпен қасында жүреді. Сыртқы ең артериясы терең жамбастық артериясынан немесе құрсақ артериясының тармағынан алыстайды. Ол ең бауының құрамына енбейді тек сыртқыда ең көтергіште және ең қабықтарында тармақталады.
В) Ішкі ен көтергіш - (m. Cremaster internus) тегіс бұлшық ет талшықтардан түзіледі, олар ең бауын бойлай жүріп белоктық қабықта жоғалады (ірі мүйізді малда осы бұлшық ет жоқ болады);
Г) Ішкі ен өмірі (plexus spermaticus internus, s. hervus spermaticus internus) каудалдық іш май түйінінің постганглионарлық талшықтарынан құрылады;
Д) Лимфа тамырлары еннен және қосалқыдан басталып 18 - 38 (айғырларда) дейін ірі және ұсақ діңдерімен ен бауымен бірге жүріп бел лимфа түйіндіріне ағып құйылады;
Е) Ұрық өткізгіш (ductus deferens, s. Ductus spermaticus) қосалқының каналының жалғасы, оның құйрығынан шығады. Ол ен бауында медианалық жақта орналасады. Қынаптық канал арқылы құрсақ қуысқа кіріп, қуық мойынның артынан көпіріктік бездің ағыспен қосылып, әрбір жақтан ұрыққұйғыш ағыс құрастырады. Ұрық өткізгіштің соңғы бөлігі жүзім түрді бездері бар ампуло тәрізді кеңейтуді құрастырады. Ен баудың тұқымдық артерия және күре тамыры орналасқан көлемі тамырлы бөлім деп аталадаы, ал медиально жатқан ұрық өткізгіш орналасқан көлемі ұрық өткізгіш бөлімі болады.
Ұманың жүйкеленуі және қанмен қамтамасыз етуі. Ұма және ұма көтергіш сыртқы еннің және жыныс тамырлардың бұтақтары арқылы қан мен жабдықталады. Ұма және жалпы қынаптық қабық сыртқы тұқымдық, құрсақшаптық және мықын құрсақтық жүйке бұтақтарымен, ал ұманың арты өлімі шапаралық жүйкесімен жабдықталады. Ұманың тамырларынан қан кетуі айғырларда жиірек кездеседі, ұманың ішкі беттерінен қан жиі тамшылап тұрады. Егер қан кетуі жақын арада операциядан кейін жарым сағат ішінде дербес тыйылмаса, оны тоқтатуға кіріседі. Малды бар болса станокта бекітеді. Көмекшілер кеуде аяғын аздап жоғары көтереді, ал жамбас аяғын станок бағанасына белдік пен тартып байлайды. Ұма жарасын арасын іскекпен немесе күршекпен ашып, гемостатикалық іскекпен қанаған тамырларды бұрап қан кетуін тоқтатуға тырысады. Егер қан аққан тамырлар анықталса, ұма қуысына 3 - 4 сағатқа стерилденген дәке анжыларын тығыз салып, жара жақтарын сол мезгілде 1 - 2 тігіспен жақындатып қан кетуін тоқтатады.
Ұмалық жарыққа операция жасау Құлынға операция жасалмайды, жас кезінде наркозбен түсіндіні iшiнe қайта салсақ сақина құлын өскен сайын өзi кiшipeйiп бітеледі. Бұзау мен торай жарықтарының операция техникасы бірдей. Операцияның ең басты мақсаты еннің түсіндісін құрсақ қуысына салып, жыртылған сірлі қабықты бітеп тігу.
Сурет №4. Жергілікті жансыздандыру
Операцияны бастағанда шаптан тepiнi кесеміз, қабықты ажыратамыз, ал оның қуысында ең ен бауы, шарбы, шек бар. Бұл жерде сақинаны бітегенде биологиялық тампонада әдісін қолданған тиімді. Cipлі қабықтың iшiндeгілepiн құрсақ қуысына салып, ен мен ен бауын кесіп тастаймыз да, сақинаның ішіне ен бауының тұқылын қосып тiгiп тастаймыз. Торайға операция жасағанда басын төмен, арт жағын жоғары көтеріп байлап бекемдейміз.
Е м і: шыққан бөлігіне антисептикалық ерітінділермен жуып шайып, қан ағуын тоқтатамыз, жансыз өлі еттенген жерінен кесіп тастаймыз. Алдын-ала себебін жойып малды пішкенде сақ болып, барлық ережені сақтаған жөн.
2.4. Шап жарықтары
Өзінің атына сай шап жарығы шап арнасы тұсында, пупарт жалғамынан жоғарыда шап үш бұрышында орналасады. Жарықтың бұл түрі аталған орынның әлсіздігіне байланысты өте жиі кездеседі.
Шап үшбұрышынан өтетін ұрық түтігі немесе жатыр жалғамы осы тұста іш бетінің әлсізденуінің себебі болып, шап жарығының басталуына жағдай туғызады.
Шап жарықтары шеткі және орталық шап ойшықтары арқылы пайда болуы мүмкін.
Шеткі ойшық арқылы шығатын шап жарықтары қисық, қиғаш немесе түзу емес жарықтар деп аталады.
Сурет №5
Орталық ойшық арқылы шығатын шап жарықтары ішкі немесе тік жарықтар деп аталады. Ішкі ағзалардың құрсақ аумағынан шаптық канал қуыстарына шектеуін шап - ұмалық жарық деп атайды. Мына жарық ең жиі түрі - ішкі ағзалардың қынаптың каналға және жалпы қынап қуысына енуі. Мына оқиғада жарықты интравагинальдық (жалған ұма жарығы) - hernia intravaginalis деп атайды. Шарбының немесе ішек ілмектердің қабырғалық іш пердемен бірге ұма және жалпы қынаптық қабықтың аралығына енуін қынаптан тыс жарық - hernia extra - vaginalis, s. Scrotalis vera (нағыз ұма жарығы) деп атайды. Ең көбірек жарықтың бірінші түрі көп таралған; оны түрі әдетте қабандарда жолығады, айғырлар және басқа еркек түрлерді малда сирек кездеседі.
Анатамо - топографиялық деректері. Шаптық канал (canalis inguinalis) - сыртқы (тері астындағы) және ішкі (құрсақтық) екі шаптық сақинасы бар, құрсақтың қиғаш бұлшық еттерімен құрастырылған, құрсақтың вентральдық қабырғасындағы орналасқан май құйғыш тәрізді саңылау (айғырда ұзындығы 10 - 12 см).
Ең ұзын шап каналы бұқаларға, ең ұзын шап сақиналар айғырларда болады. Үй қояндарына шаптық каналы өте кең болады. Шаптық канал ішінде құрсақ пердесінің париенталдық өсіндісі төселіп (көлденең фасциямен жабылған) қынаптық канал (canal vaginalis) құрастырады. Ұма шектерінде қынаптық канал кеңейіп және жалпы қынаптық қабық қуысына (cavum vfginalis) кешіп өтеді. Қынаптық каналда, шаптық сақиналарға лайықты келетін сыртқы және ішкі қынаптық сақиналары болады. Қынаптық каналдан басқа, шаптық каналда сыртқы Семенниковый көтергіші, сыртқы күре артериялары және күретамырлары, сыртқы еркек безінің жүйке бұтақтары және лимфа тамырлары, айғырларда кейде қосымша шаптықтар лимфа түйіндері орналасады.
Шап жарығының түрлері:
а) Сыртқы, қиғаш, түзу емес (hernia inguinalis obliqua, externa, indirecta) жарықтар аурудың ең жиі кездесетін, туа біткен және жүре пайда болатын, бір жануардың екі шабындада, көбінесе бір шабында басталатын түрі. Жарық шап өзегінің бағытымен жоғарыдан, арттан, сырттан, төменге, алға, ішке бағытталған. Ұрық жолы каналындағы ішперде бұтағы бітелмесе іштей басталатын жарық қездеседі. Бұл кезде ұрық жарық қабының ішінде орналасады. Кейін басталған шап жарығында жарық қапшығы жаңадан пайда болады, ұрық қапшықтан тысқары орналасады.
Басталу кезіне сай жарықтың келесі түрлерін бөледі - егер шап арнасының сыртқы тесігі кеңіп, ол саусақтың ұшын ғана кіргізсе және жөтелдегі итеру синдромы анықталса шап арнасының кеңейуі деп аталады (dilatatio canalis inguinalis).
Жөтелгенде, күшенгенде шапта жұмсақ "ісіктің" пайда болуын жаңа басталған қиғаш жарықты (hernia inguinalis obliqua incipiens) атайды.
Егер шап арнасы кең созылса және жарықпен толы болса жартылай шап жарығы деп аталады (hernia inguinalis obliqua incomplecta).
Егер жарық ұмаға енсе - бұны ұма жарығы (h. inguinalis scrotalis) деп атайды. Өте аумақты, ұманы толық толтыратын жарықтар hernia ingunalis scrotalis permagna деп аталады.
Кесте №1
б) Ішкі түзу, тік шап жарығы - (hernia inguinalis directa interna) барлық жарық ауруларының 5-10% құрайды. Бұл жарықтардың бағыты тік, түзу, жоғарыдан, төмен. Олар ішкі шап ойшығында пайда болады. Көбінесе кәрі малдарда кездеседі және шаптың екі бетінде де қатар байқалады, еш уақытта ұмаға жетпейді және іштен пайда болмайды. Ұрық жолдары жарық қапшығының сыртында және артында орналасады. Тік жарықтың ішіне ащы ішек, шарбы майы немесе қуық енеді.
Сұрыптау диагнозы:
1) Ең бірінші шап жарығын сан жарығынан айыру қажет. Бұл үшін жарықтың шыкқан орнын анықтау керек, жарық пупарт байламынан жоғары, немесе төмен орналасқан ба? Егер жарық пупарт байламынан жоғарыдан шықса - шап жарығы.
2) Ұрық безінің шемені - қабыну үрдісі салдарынан ұрық қапшығына су жиналуына байланысты ұрық ісініп үлкейеді. Бұны жарықтан айыруда ұрықты саусақпен тексерудің маңызы зор. Шеменде "ісіктің" аумағы, түрі анық және олар өзгермейді, консистенциясы тығыз эластикалы -желдетілғен резенке тобына ұқсас. Жарық "ісігі" жұмсақ. Ұрық шеменінде перкуссиямен жуан дыбыс естілсе, жарықта жіңішке тимпанит дыбыс естіледі. Ұрыққа жиналатын су таза болатындықтан ол жарық сәулені жақсы өткізеді. Бұны сәулені өткізу симптомы деп атайды. Симптомды анықтау үшін электрикалық лампасын ісінген ұмаға қарсы қояды да одан өткен сәулені стетоскоп арқылы көреді. Жарықта бұл симптомы жоқ. Өйткені жарық қапшығындағы ішек немесе шарбы майы сәулені өткізбейді. Диагноз қоюдың қиындауы ұрықтың ауыспалы шеменінде байқалады. Бұл сәтте ауру малды шалқасынан жатқызып, оның ұмасын жоғары көтерсе "ісік" жоғалады. Ауру мал түрегелгенде "ісік" қайта пайда болады.
Жарық "ісігі" алдымен жоғарыда шап арнасы тұсында пайда болады да, одан соң үлкейе келе ұмаға енеді. Шеменде керісінше алдымен су ("ісік") төменде жиналады да "ісік" төменнен жоғарыға жайылады.
3) Ұрық бауының липомасы айналасындағы тіндерге жайылмаған кішкене мөлшерлі жұмсақ ісік. Бұл ісіктің аумағы қолмен басқанда, ауруды тұрғызып-жатқызғанда өзгермейді. Ісік ішпен қатынаспайды.
4) Лимфаденит - шаптың лимфа бездерінің қабынып ісінуінің жарықтан ерекшеліктері лимфаденит ісігі өзгермейді, ішке енбейді, шап каналы кеңімеген, жөтел синдромы жоқ. Денеде қабынудың сыртқы көріністері - қызару, қызу, ауырсыну байкалады.
5) Суық абсцесс омыртқаның туберкулез ауруы салдарынан басталу, даму белгілері анық емес, ақырында шап аймағында "ісік" пайда балуымен сипаттанатын іріңдік. Бұл абсцесстерде шап каналы бұзылмаған, ісік ішке енбейді, жөтел синдромы жоқ. Бірақта флюктуация синдромы анық. Суық абсцесстер омыртқа түберкулезі салдарынан басталатындықтан дигнозды анықтау үшін анамнездің, рентгенді тексерудің маңызы зор.
Жарықпен ауыратындарды емдеу - жарықтың тек операциямен емделетіндігі жоғарыда айтылды. Көне заманнан бері операцияның көптеген тәсілдері ұсынылды. Олардың кейбіреулері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz