Шап - ұмалық жарық және операция жасау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2.1 Интравагинальды ұма жарықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2.2 Жарықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2.3 Кіндік жарықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.4 Шап- ұмалық жарық және операция жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .5
III. Өзіндік зерттеу -- Ауру тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3.1 Анамнез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3.2 Ауруға малға анамнез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
3.3 Жалпылама зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
IV.Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
V. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
VI. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

I.Кіріспе
Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде - мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор.
Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді.
Шап-ұма жарығы - негізінен еркек малдарда болады.Бұл жарық жүре келе немесе туа пайда болуы мүмкін. Өзінің атына сай шап жарығы шап арнасы тұсында, пупарт жалғамынан жоғарыда шап үш бұрышында орналасады.Шап үшбұрышынан өтетін ұрық түтігі немесе жатыр жалғамы осы тұста іш бетінің әлсізденуінің себебі болып, шап жарығының басталуына жағдай туғызады. Жүре келе жарық қапшығы пайда болып, оның ішіне жарық түсіндісі iш май немесе шарбы. Егерде сақинаның диаметрі үлкен болса шекте түсінді болады. Экономикалық шығын шошқа шаруашылықтарында айтарлықтай дамыған. Ауырған торайлар 2-3 ай ішінде өзінің қатарластарына қарағанда салмағы 10 кг аз болады, операция жасауға көп шығын жұмсалады, қысылған жарықтарда, өлімде болады.
Ұма және ұма көтергіш сыртқы еннің және жыныс тамырлардың бұтақтары арқылы қан мен жабдықталады. Ұма және жалпы қабық сыртқы тұқымдық, құрсақ-шаптық және мықын-құрсақтық жүйке бұтақтарымен, ал ұманың арты өлімі шап-аралық жабдықталады. Ұманың тамырларынан қан кетуі айғырларда жиірек кездеседі, ұманың ішкі беттерінен қан жиі тамшылап тұрады.

II. Негізгі бөлім

2.1 Интравагинальды ұма жарықтары

Ұма аумағындағы жарықтардың жіктелуі төмендегідей: құрсақ қуысы;
a) Сірлі қабық;
b) қынап түтікшесі;
c) қынап қабығы жарығы;
d) шап түтігінің жарығы;
e) ен қабығының, жарығы
Ен жарықтарының басты белгілері ұманың бip жағы ғана үлкейеді, ұстап қарасақ ішектің перистальтикасы білінеді Шап түтікшесінің сақинасынан итеруге (ішіне салуға) болады. Торайда шап қабығының немесе ен қабығының жарығын тек операцияда толықтай бiлeмiз.
Құлынға операция жасалмайды, жас кезінде наркозбен түсіндіні iшiнe қайта салсақ сақина құлын өскен сайын өзi кiшipeйiп бітеледі. Бұзау мен торай жарықтарының операция техникасы бірдей. Операцияның ең басты мақсаты еннің түсіндісін құрсақ қуысына салып, жыртылған сірлі қабықты бітеп тігу.
Операцияны бастағанда шаптан тepiнi кесеміз, қабықты ажыратамыз, ал оның қуысында ен, ен бауы, шарбы, шек бар. Бұл жерде сақинаны бітегенде биологиялық тампонада әдісін қолданған тиімді.
Cipлі қабықтың iшiндeгілepiн құрсақ қуысына салып, ен мен ен бауын кесіп тастаймыз да, сақинаның ішіне ен бауының тұқылын қосып тiгiп тастаймыз. Торайға операция жасағанда басын төмен, арт жағын жоғары көтеріп байлап бекемдейміз.

2.2 Жарықтар
Құрсаққуысынын мүшелерінің сірлі қабықты соза, көк еттің жыртылуын жарық деп аталады.
Жарық төмендегіден тұрады: сақинасы, қабы, түсіндісі
Ceбeптері: туғаннан жарық, саңылауының кең болуы және туғаннан кейінгі жарақаттанулар.
Атап айтқанда құрсақ қуысын тұяғымен тепсе, мүйізімен сүзгенде. Кейбір операцияларда тігілген ұлпалар дұрыс жазылып бітелсе де жарық, пайда болады. Ал осы патологияның дамуына себепші болатын жағдайларға: азықта витаминдер, микро-макроэлементтері жетіспесе, малдың тұрған жеріне күннің көзі түспесе, моцион аз болса. Аталған патологияның түсіндісіне байланысты да жіктеледі:
# Ішке салынатын;
# Ішке салыбайтын.
Ішке салынбайтын жарықтардың өзi eкiгe бөлінеді. Эластикалық қысылу -- сақина мен осыған көршілес жатқан сірлі қабықшаның, ұлпаларының тартылуынан болады. Сақина өзіненшығып тұрған iшекті не болмаса басқа мүшені айналдыра қысып тастайды, содан соң рефлекторлы қысым болып одан әpi қысылады.
Химуспен қысылу түскен шектің екі иіндісі болады, ішке түсетін және шығатын, түсетін иінді химусқа толып шығатьн иіндіні толтырғанда, химус тез шыға алмай екі иіндіде қысылу болады, бұған рефлекторлы спазм қосылады. Бұнымен қоймай химуспен қысылғанда түскен мүшелердің ұлпаларының қан және лимфа ағуы қиындайды, қысылған бөлім көк түске айналады 10-12 сағаттан соң өлі еттену басталып ішекте ipiңдi өзектер пайда болады. Проляпспус деген ұғым -- сірлі қабық созылып ғана қоймай, басқа қабықтарда бүлініп, iшкi мүшелер тepiгe дейін шығады. Ал егерде тері жарылып, мүшелер сыртқа шықса оны -- эвестрация деп атайды.

2.3 Кіндік жарықтары
Кіндік жарығы - көбінесе көп төлді малдарда болады, олар торайда, кейде бұзауда, құлында да кездеседі.
Төлдерде жарық сақинасы болуы кіндік саңылауы туғаннан кейін кеңінен пайда болады. Құрсақтық жұқарған сірлі қабығы түсіндінің қабықшасы болса, ал түсіндісі iш май немесе шарбы. Егерде сақинаның диаметрі үлкен болса шекте түсінді болады. Экономикалық шығын шошқа шаруашылықтарында айтарлықтай дамыған. Ауырған торайлар 2-3 ай ішінде өзінің қатарластарына қарағанда салмағы 10 кг аз болады, операция жасауға көп шығын жұмсалады, қысылған жарықтарда, өлімде болады.
Ceбeптері: төлдер іште жатқанда кіндік саңылауының қан тамырлары дұрыс дамымай, аталған саңылау әлсіз және кең болып жаратылып, туған соң мүшелердің салмағын көтере алмай, әлі қабық созылып кетеді және бұл тұқым қуалайды.
Енді туғаннан кейін құрсақта қысым көбейсе азықтың бұзылып, авитаминоз болып және мал төлдегенде қиындық болуынан. Жануарлардың төлдері (әсіресе, шошқа, итте) жатқан жерлері төмен болып, олар емуге ұмтылғанда, кейбіреулері емшекке таласып шалқасынан құлайды. Бұзауды құрсақ қуысында қысым көбейіп, сірлі қабық созылып кіндік саңылауын кеңейтеді.
Клиникасы: өзіне тән анатомиялық орналасуына байланысты, сақинасы бар қозғалмалы ісікті табамыз, жергілікті қызу, ауырсыну байқалмайды. Кейде кіндік жарығының аумағы айналып кететін де жағдай болады, онда пункция жасаймыз.
Дифференциалды балау: абцесстен, қанды ісіктен лимфа экстрвазаттан, залалды ісіктен ажырата білуіміз керек.
Оперативтік ем консервативтікке қарағанда оң нәтиже береді.
Консервативтік емде жарық сақинасының айналасьндағы ұлпаларға 70% спирт инъекцияланады.

2.4 Шап- ұмалық жарық және операция жасау
Ішкі ағзалардың құрсақ аумағынан шаптық канал қуыстарына шектеуін шап - ұмалық жарықдеп атайды. Бұл жарықтың ең жиі кездесетін түрі - ішкі ағзалардың, қынаптың, каналға және жалпы қынап қуысына енуі. Бұндай жағдайда жарықты интравагинальдық (жалған ұма жарығы) - hernia intravaginalis деп атайды. Шарбының немесе ішек ілмектердің қабырғалық іш пердемен бірге ұма және жалпы қынаптық қабықтың аралығына енуін қынаптан тыс жарық - hernia extra - vaginalis, s. Scrotalis vera (нағыз ұма жарығы) деп атайды. Ең көбірек жарықтың бірінші түрі көп таралған; оны түрі әдетте қабандарда кездеседі, айғырлар және басқа еркек малдарда сирек кездеседі.

Анатамо - топографиялық деректері. Шаптық канал (canalis inguinalis) - сыртқы (тері астындағы) және ішкі (құрсақтық) екі шаптық сақинасы бар, құрсақтың қиғаш бұлшық еттерімен құрастырылған, құрсақтың вентральдық қабырғасындағы орналасқан май құйғыш тәрізді саңылаудан (айғырда ұзындығы 10 - 12 см) тұрады.
Ең ұзын шап каналы бұқаларға, ең ұзын шап сақиналар айғырларда болады. Үй қояндарына шаптық каналы өте кең болады. Шаптық канал ішінде құрсақ пердесінің париенталдық өсіндісі төселіп (көлденең фасциямен жабылған) қынаптық канал (canal vaginalis) құрастырады. Ұма шектерінде қынаптық канал кеңейіп және жалпы қынаптық қабық қуысына (cavum vfginalis) кешіп өтеді. Қынаптық каналда, шаптық сақиналарға лайықты келетін сыртқы және ішкі қынаптық сақиналары болады. Қынаптық каналдан басқа, шаптық каналда сыртқы ен көтергіші, сыртқы күре артериялары және күретамырлары, сыртқы еркек безінің жүйке бұтақтары және лимфа тамырлары, айғырларда кейде қосымша шаптықтар лимфа түйіндері орналасады.
Еркек безінің қабы - (saccus testiculorum) күйіс қайтаратындарда және жалғыз тұяқтыларда сандардың арасында, ал қалған малда анусқа жақын маңда орналасады. Ол қос қуыстың - ұмадан, еркек бездің қос сыртқы көтергіші және қос жалпы қынаптық қабықтан түзеледі.
1. Ұманың терісі ең жуаны бұқаларда, онда терілік және май бездері орналасады. Орта сызықпен ұма тігісі жүреді.
2. Бұлшық ет - серпімді қабық (tunica dartos) терімен тығыз қосылған, оның құрылысында бұлшық ет шоқтары көп және арасында серпімді талшықтар болады. Ортаңғы сызықта қалыңдап ол ұманы екі қуысқа бөледі. Кәрі қойларда сол қабықтың астында майлы клечатка дамиды.
3. Ұманың фасциясы (fascia subdartoica) ең көп бұқаларда және қабандарда дамыған, жалпы қынаптық қабықпен болбыр ал алдыңғы қабатпен берік байланған.
4. Жалпы қынаптық қабық (tunica vaginalis communis) іш пердесінің париенталдық және көлденең фасцияның өсіндісі, ұманың әрбір жартысында төселіп, жалпы қынаптық қабық қуысын құрастырады (cavum vaginalis), құрсақ қынаптық канал арқылы құрсақ қуысымен байланысады. Қабықтың латералдық қабырғада, сыртқы еркек безді көтергіші (m. cremaster ext.) орналасқан, ол бұқада, айғырда және қабанда жақсы белгіленеді. Ол ішкі қиғаш бұлшық еттің бір бұтағы болып келеді.
Еркек бездің арнайы қынаптық қабығы (tunica vaginalis propria) енді, ен қосалқысын және ен бауын жабады. Ашық пішу тәсілде оны тіліп жарады .
Ен (testis, didymis, s. orchis) сырттан қынаптық арнайы қабықпен жабылған. Арнайы қынаптық қабық белоктық қабықпен тығыз байланысқан. Еннің бас жағынан ішке қарай тарамдар кетеді одан трабекулалар тарайды. Трабекулдар бездік элементтер толтырылған камераларды құрайды, онда жыныс клеткалары спермилер және андрогендік гормон тестостерон өндіріледі. Еннің басы бұқада жоғары айналған, айғырда алға, қабанда төмен қарай орналасқан. Қосалқы (epididymis) күйіс қайырушыларда ол еннің каудальдық жағына, ал айғырларда, қабандарда, төбеттерде және еркек мысықтарда дорсолатералдық беткейде орналасқан. Оның басы, денесі және құйрығы болады. Қосалқының құйрығынан ұрық өткізгіш басталады; буда арқылы қосалқының құйрығы енмен, ал қынаптық будамен - жалпы қынаптық қабықпен қосылады. Ен бауы (funiculus spermaticus) сырттан құрсақтың висцеральдық бүрмесімен жабылған, ол еннің іш майына айналып сол арқылы жалпы қынаптық қабықпен қосылады.

Оның құрамында:
А)Ішкі тұқымдық артерия (а. Spermatica interna) ол құрсақ аортасынан бөлініп шығады.
Б)Ұрық өткізгіштің артериясы (a. Deferentis) кіндік тамырынан бөлініп, ен бауының құрамында ұрық өткізгішпен қасында жүреді. Сыртқы ен артериясы терең жамбастық артериясынан немесе құрсақ артериясының тармағынан алыстайды. Ол ен бауының құрамына енбейді тек сыртқыда енкөтергіште және ен қабықтарында тармақталады.
В)Ішкі ен көтергіш - (m. Cremaster internus) тегіс бұлшық ет талшықтардан түзіледі, олар ен бауын бойлай жүріп белоктық қабықта жоғалады (ірі мүйізді малда осы бұлшық ет жоқ болады);
Г)Ішкіенөмірі (plexus spermaticus internus, s. hervus spermaticus internus) каудалдық ішмай түйінінің постганглионарлық талшықтарынан құралады;
Д)Лимфа тамырлары еннен және қосалқыдан басталып 18 - 38 (айғырларда) дейін ірі жәнеұсақ діңдерімен ен бауымен бірге жүріп бел лимфа түйіндіріне ағып құйылады;
Е)Ұрықөткізгіш (ductus deferens, s.Ductus spermaticus) қосалқының каналының жалғасы, оның құйрығынан шығады. Ол енбауында медианалық жақта орналасады. Қынаптық канал арқылы құрсақ қуысқа кіріп, қуық мойнының артынан көпіршік бездің өзегімен қосылып, әрбір жақтан ұрыққұйғыш өзек жалғастырады. Ұрық өткізгіштің соңғы бөлігі жүзім түрді бездері бар ампуло тәрізді кеңейтуден тұрады. Енбаудың тұқымдық артерия және күретамыры орналасқан бөлігі тамырлы бөлім деп аталады, ал медиалды жатқан ұрық жол орналасқан бөлігі ұрық өткізгіш бөлімі деп аталады.
Ұманың жүйкеленуі және қан мен қамтамасыз етуі. Ұма және ұма көтергіш сыртқы еннің және жыныс тамырларының бұтақтары арқылы қан мен қамтамасыз етіледі. Ұма және жалпы қынаптық қабық сыртқы тұқымдық, құрсақ-шаптық және мықын құрсақтық жүйке тарамдарымен, ал ұманың артқы бөлімі шапаралық жүйкесімен аяқталады. Ұманың тамырларынан қан кетуі айғырларда жиірек кездеседі, ұманың ішкі бетінен қан жиі тамшылап тұрады. Егер қан кетуі жақын арада операциядан кейін жарым сағат ішінде өздігінен тоқтамаса, оны тоқтатуға кіріседі. Малды бар болса станокта бекітеді. Көмекшілер кеуде аяғын аздап жоғары көтереді, ал жамбас аяғын станок бағанасына белдік пен тартып байлайды.
Операцияның барлық белгілі тәсілдерін екі топқа (шап арнасын ашып және ашпай орындалатын) бөледі. Көбінесе каналды ашып орындалатын тәсілдер пайдаланылады.
Бұл үшін қажетті жансыздандырудан соң шаптың терісі, тері асты май қабаты, фасция, пупарт сіңіріне қатар және одан 2 см. жоғары жерде 8-10 см. ұзындықта тілінеді. Шап арнасының сыртқы тесігінен енгізілген науалы темір сүнгі арқылы өзектің алдынғы беті тілініп ашылады. Жараның төменгі шетінен жарық қапшығы табылады да оны шандырдан және кремастер етінен, жалпы қынапты қапшықтан тазартады.
Тазартылған қапшықтың түбі кесіледі, қапшық ішіндегі мүше ішке енгізіледі. Қапшық ішіне енгізілген саусақ және тупфер көмегімен қапшық мойнына дейін тазартылып босатылады. Қапшық мойын тұсында жібек жіппен байланады да оның денесі мен түбі толық кесіліп алынады. Жарадан қан ағуы мұқиат тоқтатылады. Бұдан соң ашылған шап арнасы белгілі тәсілдердің бірімен қайта құрастырылады.
Бассини (Bassini, 1888 ж.) - жарық қапшығы мүмкіндігінше жоғарыдан алынады. Ұрық жолы кеңінен ашылып, ол жараның бір жанына көтеріліп тартылады да терең тігін деп аталатын тігіндер салынады. Бұл тігінге жоғарыда қиғаш және көлденең бұлшық еттер, көлденең шандыр коса алынады. Кейде шеткі 1-2 тігінге тік еттің шеті де қоса алынып олар шап төмпешігіне тігіледі. Бұдан соң аталған тіндер шап сіңіріне тігіледі. Ұрық жолы тігілген тіндер үстіне жатқызылады да оның үстінен сыртқы қиғаш еттің апоневрозы тігіледі.
Мартынов тәсілі - жарық қапшығын алып тастағаннан соң жіңішке жібек жібімен сыртқы қиғаш еттің шандырының жоғарғы бөлшегін шап жалғамына тігеді. Апоневроздың төменгі бөлшегін жоғарғы бөлшек үстімен онша қатты созбай апоневрозге тігеді. Булшық еттер тігіске алынбайды. Шеткі тігінді салғанда шап өзегінің сыртқы тесігін тарылтып алмауды бақылайды.
Жирар тәсілі - жарық қапшығын тазартады, босатады, байлайды, кесіп алады. Ішкі қиғаш және көлденең бұлшық еттер шетін ұрық жолының үстімен шап сіңіріне тігеді. Бұдан соң сыртқы қиғаш бұлшық ет апоневрозының жоғарғы бөлігін жекелендіріп шап сіңіріне тігеді. Апоневроздың төменгі бөлшегі жоғарғы бөлігі үстімен тігіледі.
Жирар-Спасокукоцкий тәсілі - Жирар тәсілінен айырмашылығы қиғаш және көлденең бұлшық еттердің шеті апоневроздың жоғарғы бөлігінен жекеленбей бірақ тігінмен қоса тігіледі. Ол екі қатар тігінмен шап сіңірін жарақаттандырудан сақтайды.
Кимбаровский тәсілі (1928 ж) - тігін ұрық жолының алдымен салынады. Тігінге сыртқы қиғаш бұлшық ет апоневрозының жоғарғы бөлшегіне қоса ішкі қиғаш көлденең еттің жиегі қоса алынып олар шап сіңіріне тігіледі.
Кукуджанов тәсілі (1949) - сыртқы қиғаш бұлшық еттің апоневрозын тіліп ұрық жолын алға және төмен тартады да жарық қапшығы босатылып ол мүмкіндігінше жоғарыда байланып алынып тасталады. Жарық қапшығының мойны өте кең болса оны үзіліссіз тігінмен тігеді. Көлденең фасция жеке тігіледі. Көлденең ет жамбас жолына және қасаға жалғамына тігіледі де шап арнасының түбі бекітіледі. Тік бұлшық еттің сіңірін шап сіңіріне тігіп ішкі қиғаш бұлшық ет төмендетіледі. Бұл кеңіген шап аралығын тарылтады және шап арнасының артқы бетін күшейтеді. Ұрық жолы тігіндер үстіне орналастырылады.

III. Өзіндік зерттеу -- Ауру тарихы
3.1 Анамнез
Малдың түрі - шошқа
Малдың жынысы - ұрғашы
Малдың жасы - 4
Малдың тұқымы - шведский
Малдың салмағы - 300
Малдың лақап аты - мая
Малдың иесі - Мухпулов Азиз
Мекен - жайы - Алматы обл. Уйғыр ауданы. Кетпен ауылы

Мал иесінің айтуы бойынша малды өте жақсы қоршалған, малдың күтімі өте жақсы, уақытысында әр түрлі құнарлы, витаминедерге бай азықтармен азықтандырып, табиғи суды беруге пайдаланады екен. Ауруға дейін малдың күйі, жағдайы, күтімі, мал өзін - өзі кеңістікте ұстауы, азыққа тәбеті, жатып тұруы, зәр, нәжісі бөлуі жақсы болған. Мал бұрын - соңды осы аурудың өтуіндей ауырмағанын айтады. Ауруға дейін белгілері жақсы болған. Малдың иесінің айтуы бойынша мал ауырғаннан кейін малдың азыққа деген тәбеті төмендеп, мал арықтаған, бойында ауырсыну сезімі барлығын байқатқан, температурасы көтерілген, алдыңғы аяғын сылтып басқан, тік тұрғанда табанын жерге тигізбейді.
Малдың күндіз серуендегенде, кейіннен кіргізуге айдағанда мал енжарлық танытып, жүрмей тұрып алады. Малдың мінез -құлқы өзгерген, қабаған, аяғын басарда сылтып басады. Қара малда бұрын бұрын - соңды мұндай белгілер байқалмағанын айтады. Бұл белгілер 1 апта бұрын байқала бастаған. Малда бұрын ауру белгілер байқалмаған, малды дәрігерге көрсетпеген.
3.2 Ауруға малға анамнез
Ауруға шалдыққан мал мазасыздана бастады. Болмашы қозғалысының өзінде ауырсынуы және сықырлау байқалады. Тәбеті болмай, жүре алмай қалды. Өзіне тән анатомиялық орналасуына байланысты, сақинасы бар қозғалмалы ісік байқалып тұр, жергілікті қызу, ауырсыну байқалмайды. жарығының аумағы айналып кеткен.
3.3 Жалпылама зерттеу
Дене температурасы 1° - 38,0°С
Тамыр соғысы - 60-80
Тыныс алуы -10-20
Малдың жалпы жағдайы - күйзеліңкі
Дене бітімі - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шап жарықтары және оны емдеу тәсілдері
Интравагинальды ұма жарықтары
Интравагинальды ұма жарықтары. Кіндік жарығы
Кіндік жарығының қансыз операция тәсілі
Сперматогенез
Торайдың кіндік жарығын анықтап оны медеу жұмыстарын жүргізу
Диафрагма, құрылысы, диафрагманың «әлсіз орындары», іштің алдыңғы бүйір қабырғасының әлсіз орындары, жарықтар
Иттің түскен тік ішегінің оперативтік емі
Ойық жара ауруларының патогенезі
Қанды әдіс
Пәндер