НАРКОЗДЫҢ САТЫЛАРЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.2 Жансыздандыру жалпы сипаттама
1.2 Наркоз түрлері
1.3 Беткейлік анестезия
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Жансыздандыру туралы түсінік. ХХ ғасырдың басына дейін
жануарларға операция жалпы жансыздандыру жасалмай жасалды. Қатты
ауырсыну сезімінің нәтижесінде, мал мазасызданып, операция жүргізу
қиындыққа соқтырған, сонымен қатар малда, оташы да қасындағы
көмекшілері зақым алатын болған. Аурсыну сезімі қатты болғанда мал
операциялық шокқа ұшырап, өлім жағдайларыда кездескен.
Көптеген зерттеулер дәлелдеген, ауырсыну сезімі жануарлар
организіміне қолайсыз жағдай туғызады. Орталық жүйке жүйесінің қызметі
өзгереді, соған байланысты ұлпаның қоректенуі, бүкіл ағзаның және жүйенің
жұмысы бұзылады.
Қазіргі кезде ветеринарлық хирургияда операцияның барлық түріне
жансыздандыру жасалады, тек қарапайым немесе қысқа мерзімді
операцияларда жасалмайды.
Барлық үй жануарларының ауырсыну сезімі жоғары, тек құстың
сезімталдығы төмендеу. Терінің, көздің, ауыздың, танау қуысының,
қынаптың, тік ішектің кілегейлі қабықтарының және т.б. сезімталдығы
жоғары.
Құрсақтың, өкпенің, ішектің, талақтың, жатырдың, мидың ауырсыну
сезімі төмендеу.

Наркоздың түрлері
Наркотикалық заттарды енгізу жолдарына қарай, наркоздың мынадай
түрлерін ажыратады:
ингаляциялық наркоз-наркотикалық затты тыныс жолдары арқылы
енгізеді;
(бу тәрізді наркотикалық препараттарға эфир, хлорэтил, хлороформ,
флюотан және т.б. немесе газ тәрізді препараттарға азот тотығын,
циклопропан, этилен және т.б.)
ингаляциялық емес наркоз-наркотикалық затты басқа жолдармен
енгізеді: веналық-есірткі зат венаға енгізіледі, ректальді - есіртікі затты
әртүрлі майлардың немесе қайнатпалардың көмегімен тік ішекке, пероральді-
азық немесе зонд арқылы ауызға, перитониальді-құрсақ қуысына,
бұлшықетке және тері астына есірткі затты енгізеді.

Терминальді жансыздандыру -- беткейлік жансыздандыру немесе ауырсынуды басу Ағза ұлпаларының жансыздандырғыш ерітінділермен тікелей әсерлесуі арқылы іске асырылады.. Хлорэтилді тері бетіне бүрку өңделген аумақтың салқындауына және ауырсынуды сезу қабілетінің төмендеуіне әкеледі, осы әдіс майда абсцестерді, гематомаларды кесіп өңдеуге мүмкіндік береді. Осы жансыздандыруды қолдану арқылы күрделі хирургиялық операцияларды жүргізе алмаймыз. Терминальная анестезия негізінен офтальмологияда, стоматологияда және урологияда кең тараған. Терминалді анестезияның тәсілдері: кілегейлі қабаттарға жағу немесе тамызу арқылы іске асырылады. Терминалді анестезияны қолданбастан бұрын седативтік препараттарды қолдану қажет. Осы тәсілді іске асыру үшін: 1 -- 3% кокаин ерітіндісі, 0,25 -- 2% дикаин, лидокаиннің және ксилокаиннің, және тримекаина 1 -- 5% ерітіндісі қолданылады.
Жансыздандыруға алдын-ала дайындық (премедикация) және
наркоздың өту сатылары. Қазіргі уақытта наркоздың ең маңызды кезеңі
фармакологиялық дайындық - премидикация. Ол наркоздың жасау
техникасын жеңілдетеді, есірткінің жағымсыз әсерін жояды, қауіпті
вегетативті рефлекстерін азайтады немесе жояды.
Премедикация қолданатын препараттардың есіртке заттарынан
айырмашылығы жүйке жүйесінің арнайы бөлімдеріне әсер етеді. Олардың
әсерінен наркозға қолданылатын есірткелік препараттардың дозалары
кемітіледі.

НАРКОЗДЫҢ САТЫЛАРЫ
Наркоздың клиникалық ағымы 4 сатыдан өтеді:
I сатысы-анальгезия. Наркоздың басталуынан 3-5 минут өткеннен
кейін басталады. Есі жоғалады, бірақ терісінің түсі өзгермеген, гемодинамика
мен тыныс алуы өзгеріссіз болады. Рефлекстері жоғарылаған. Ауыру сезімі
үдемелі түрде тежеліп, толық анальгезия дамиды. Оны қысқа уақыт
жасалатын операция кезінде қолданылады.
II сатысы-қозу. Есі толық жоғалғаннан кейін пайда болады. Бұл кезде
ауру мал қозушаң болады, тынысы жиілеген, тахикардия, көздің
қарашықтары кеңейген, жарыққа жауап бермейді. Ауру мал құсуы мүмкін.
III сатысы - хирургиялық ұйқы - жансыздандырудың міндеті болып
табылады. Бұл сатыда хирургиялық операция жасалады. Хирургиялық ұйқы
сатысы 4 деңгейге бөлінеді. Олар бір - бірінен тыныс алу жағдайына, жүрек
- қан тамыр жүйесінің қызметіне, бұлшықеттердің босаңсуы мен
рефлекстердің жойылуына қарап ажыратылады. Хирургиялық ұйқы
сатысының деңгейін көздің рефлекстері арқылы анықтау ыңғайлы, өйткені
олар сопақша мидың көзді қозғаушы орталығымен тығыз байланыста болады
және тыныс алу мен қан айналым орталықтарына жақын орналасады.
Сондықтан, қарашықтардың реакциясына қарап, тыныс алу мен жүрек
қызметінің жағдайын анықтауға болады.
1 деңгей - көз алмаларының қозғалу деңгейі. Осы деңгейдің аяғында
көз алмаларының еріксіз қозғалысы тоқтап, олар орталық қалыпқа келеді.
2 деңгей - қасаң қабық рефлексі. Бұл деңгейдің аяқталуы қасаң қабық
рефлексінің жоғалуымен сипатталады.
3 деңгей - қарашықтардың кеңею деңгейі.
4 деңгей - диафрагмальді тыныстың қатты тежелуі байқалады.
Наркоздың ары - қарай тереңдетсе, тыныс алу және тамыр қозғалтқыш
орталықтардың салдануы дамып, өлімге алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы және жергілікті жансыздандыру
Наркоздың өту сатылары
Наркоздың түрлері
Наркоздың теориялары
Жалпы жансыздандыру
Залалсыздандырудың физикалық әдістері
Антигистаминді препараттар
Жануарларды наркозға дайындау
Наркозға арналған заттар (жалпы анестетиктер)
Наркоздың жіктелуі
Пәндер