Наркоздың теориялары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Наркоздың жіктелуі,өтуі
2.2 Жануарларды наркозға жалпы дайындау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жалпы жансыздандыру немесе наркоз (грек - естен айырылып сіресіп қалу) организмге наркотикалық дәрілер енгізу арқылы орталық нерв жүйесінің жұмысы терең тежеу: наркозға ауру дегенде біртіндеп есінне айырылып, ауыру сезімі жойылып, бұлшықеттер босаңсып қозғалу және рефлекстер бәсеңдейді. И.П.Павловтың теориясы бойынша наркоз Орталық нерв жүйесінің уақытша жұмысының салдануы (паралич).Наркотикалық дәрілерді организмге ендіру жолдарына байланысты наркоз ингаляциялық және ингаляциясыздеп бөлінеді. Организмге әртүрлі наркотиктердің буы дем алу арқылы енгізілсе оны ингаляциялық немесе маскалы наркоз дейді. Егер бу және газ кеңірдекке түтік арқылы енгізілсе бұндай наркозды эндотрахеалды, интратрахеалды немесе интубациялық наркоз деп атайды. Қазіргі кезде ингаляциялық наркоз беру үшін көптеген наркотиктер қолданылады.Оларға келесіталаптар қойылады: кең терапевтік әсерлі,паренхиматозды мүшелердің жұмысына қатерлі болмау, наркозға ену өте жұмсақ және тіндерді тітіркендірмеу, организмнен тез шығу, жарылудан қауыпсыз, арзан болуы тиісті. Ингаляциялық наркозға негізінде келесі наркотиктер пайдаланылады: оттекті азот, хлорлы этил, этилді эфир, фторотан. Бұл дәрілердің физико-химиялық және басқа қасиеттері фармакология, клиникалық фармакология, анестезиология және жалпы хирургия кафедраларында кеңінен беріледі. Наркозға қарсылық. Жалпы жансыздандыруға абсолюттік қарсылық жоқ, егер жоғарғы тыныс жолдарының, өкпенің жедел ағымды қабынуы және геморрагиялық диатездер болмаса. Басқа ағзалар мен жүйелер дерттерін наркоз берер алдында және наркоз кезінде қатты ескеру қажет. Наркоздардың клиникалық ағымы көптеген себептерге байланысты. Олардың ішінде: жануардың жалпы жағдайына, жасына, дертке, наркотиктерге, анестезиологтар мен хирургтардың өнеріне т.б.жағдайларға байланысты. Бірақ, барлық наркоз түрлеріне тән жалпы клиника бар. Наркоздың жалпы үш клиникалық үш клиникалық кезеңі болады.
1) Наркозға ену:
2) а) аналгезия фазасы;
3) б) қозу фазасы.

Наркоздың теориялары
Жалпы анестетиктердің әсерінің клиникалық көріністері ертеден белгілі болғанымен, олардың әсер ету механизмі ұзақ уақыт бойы белгісіз болды және осы кезеңге дейін толық түсінікті емес. Наркоздың тарихи маңызы бар теориялары мен жалпы анестезияның әсер ету механизмі жөнінде заманауи түсініктер бар. Кронның коагуляциялық теориясы (1864ж.). Бұл теория бойынша анестетиктер клетка ішіндегі белоктарды ұйытып, жүйке клеткаларының қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады. Германның липоидтық теориясы (1866). Бұл теория анестетиктердің майларда ертін қасиетіне негізделген. Ми тінінде липоидтердің мөлшері өте көп (лецитин, холестерин). Осының салдарынан анестетиктер липоидотроптық қасиетіне байланысты орталық жүйке жүйесіне жеңіл өтіп, наркоздық ұйқы шақыратын өзгерістер туғызады. Анестетик май тіндеріне неғұрлым тез өтетін болса, соғұрлым оның анестетикалық қуаты басым болады (Мейер-Овертон заңы). Траубенің адсорбциялық немесе беттік керілу теориясы (1904- 1913жж.). Жоғары липоидтропты анестетиктер жүйке клеткаларының майлы қабығы мен қоршаған сұйықтың шекарасында беттік керілудің күшін азайтады. Осы кезде жүйке клеткаларының сыртына анестетиктер сіңеді. Клетка жарғақшасының химиялық қасиеттері бұзылып, ферментативтік процестер баяулайды, клетка ішіндегі зат алмасу процестері өзгереді. Мұның барлығы наркотикалық ұйқы түрінде клиникалық көрініс береді. Варбург (1911ж.) пен Ферворнның (1912ж.) тотығу -- қалыптастыру теориясы. Бұл теория бойынша анестетиктер ми тіндері клеткаларындағы тотығу -қалыптастыру процестерін реттейтін ферменттерді тежейді. Асфиксия теориясы немесе гипоксиялық теория (Ферворн, Макинтош) наркозды ми клеткаларындағы тотығу процестерінің бұзылуымен түсіндіреді. Ми клеткасы кислородты сіңіру қабілетінен айырылып, оттегінің жетіспеушілігі пайда болады. Дегенмен, клетка ішінде оттегінің мөлшерінің азаюы наркоздың себебі емес, оның салдары болып табылады.Поллингтің су кристалдары теориясы (1961ж).Бұл теория бойынша анестетик сулы ортада катиондардың клетка жарғақшасы арқылы көшуіне кедергі жасайтын кристалдар түзейді де, синапстар арқылы өткізу процестерін ішінара бәсеңдетеді. Нәтижесінде сезімталдық жойылады. Хобер (1907ж.) мен Винтерштейннің (1916ж.) жарғақшалық (мембраналық) теориясын кейінірек көптеген авторлар жетілдірді. Анестетик клетка жарғақшасының физико-химиялық қасиеттерін өзгерту, Ка+, К+ және Са+ иондарының тасымалдану процестерін бұзу арқылы қимыл потенциалдарының жасақталуы мен өтуіне әсер етеді. Апиын қабылдағыштарымен (рецепторларымен) өзара әсерлесу теориясы. Апиын қабылдағыштарын (рецепторларын) және эндогендік морфин тәріздес заттар -- эндорфиндер ашылған соң, жалпы анестезия эндорфиндердің қанға бөлінуінен болады деген болжам пайда болды. Наркоз жөніндегі заманауи түсініктер Қазіргі кезде жалпы анестетиктердің әсер ететін нүктесі жүйке клеткаларының жарғақшасы деген көзқарас басым. Анестетиктердің фосфолипидтік екі қабықшаға енетіні дәлелденген, олардың клетка жарғақшаларының гидрофобтық аймақтарына да өтуі мүмкін деген болжамды әзірге жоққа шығаруға болмай отыр. Қазір анестетиктердің молекулаларының орналасқан жерін ядролық магниттік резонанс әдісімен анықтайды.
Анестетиктердің клетка жарғақшасына әсері жөніндегі пікір екі түрлі: біреулері клетка жарғақшасын кеңейтеді десе, енді бірі оны жоққа шығарады. Қазіргі дәуірде жарғақшаның көлемінің өзгеруіне емес, клетка жарғақшасын реттеудің бұзылуына көңіл ауып отыр. Анестетиктердің әсер етуінің нәзік механизмдері жөніндегі мағлұматтардың бағалылығына қарамастан, наркоз орталық жүйке жүйесінің өзіндік функционалдық жағдайы деп қарастырылуда.
Осы концепцияны әзірлеу ісіне Н.Е. Введенский, А.А. Ухтомский және В.С. Галкин көп үлес қосты. Парабиоз теориясына (Н.Е. Введенский) сүйенсек, анестетиктер жүйке жүйесіне күшті қоздырғыштар тәрізді әсер етіп, бөлекше нейрондар мен жүйке жүйесінің физиологиялық құбылмалылығын төмендетеді. Соңғы кезде көптеген мамандар ретикулярлық теорияны (П.К. Анохин) қолдап отыр. Бұл теория бойынша анестетиктердің тежеу әсері мидың ретикулярлық формациясында көрініп, мидың жоғары жатқан бөліктеріне қарай өрлеу процестерінің төмендеуіне әкеп соқтырады

2.1 Наркоздың жіктелуі
Наркоз терең және беткейлік болып бөлінеді (естен тандыру,раушнаркоз). Наркоз қалпына әртүрлі химиялық препараттар енгізгенде - фармакодинамикалық наркозға жетіледі.Орталық жүйке жүйесін электр тоғымен әсерлегенде - электронаркоз жасалады.Медицина тәжірибесінде гипноз арқылы гипнонаркоз өндіріледі.
Енгізу жолдарына қарай,яғни таңдалған есірткелік заттың практикалық қолданылу түріне қарай наркозды 2 негізгі топқа бөледі. Ингаляциялық (тыныс алу жолдары арқылы) және ингаляциялық емес (парапульмональдық).Бірінші түрде ұшқыш ерітінділер (фторотан,хлороформ,хлорэтил,эфир және т.б) немесе газ тәрізді заттарды циклопропан,азоттың закисы,этилен және т.б) тыныс алу жолдары арқылы дем алғызады (инсульфациялық наркоз).Екінші түрде ингаляциялы емес есірткілерді ксилазин,кетамин,морфий,хлоралгидра т алкоголь, барбитураттар-пентотоал-натрий калипсол т.б) организмге тыныс алу жолдарынан тыс енгізеді.
Оның кең тараған түрі,тез әсер ету және аз уландыртпайтын дозасы болу үшін,тамыр ішінен енгізуді қолданады. Кейбір есірткелік заттарды асқазанға,тік ішекке,интраперитональды,сүйек ішіне енгізу арқылы наркоздың белгілі бір тереңдігін тудыруға болады.Осыған байланысты наркозды тамыр ішіне,оральды,тік ішекті (тамыр ішіне енгізудің бір түрі) және т.б ажыратады.
Бір наркотик енгізілгенде (мысалы гексенал)-таза наркоз,егер бірнеше наркотиктар енгізсе (мысалы эфир және фторотан) аралас наркоз, және наркозды бір препаратпен бастап екіншісін қостаса( мысалы хлорэтилмен бастап ұйықтағаннан кейін этиленмен жалғастырса ) немесе бастапқы ингаляция арқылы жіберілгенде (фторотан) ұйықтағаннан кейін тамыр ішінен (калипсол) - құрама наркоз аталады.
Сонымен біре наркоз біркомпонентті( наркоз үшін бір зат қолданады)-хлороформды,эфирлі,хлора лгидратты,пентоталды,морфий,промедо л, омнопон және көпкомпонентті,мысалы ингаляциялық хлороформ - эфирді наркоз.

Кіріспе және базистік наркоз ажыратады.Кіріспе наркозды ауруға қозу кезеңін болдырмау және негізгі есірткінің дозасын азайту амалында тез ұйықтату үшін жасалады.
Алдымен қысқа ұйқыны және сезгіштікті төмендететін (кіріспе наркоз) бір затты қолданады (пентотал натрий) ал содан кейін есірткі затты енгізеді эфир,хлороформ осының әсерінен наркоз жалғасып, операция өтеді.
Базис - наркоз - сыртқы наркоз,операцияға дейін , операция кезінде және операциядан кейін бірталай мезгіл әрекет ететін сыртқы наркоз. Базис - наркоз әсеріне қоса негізгі есірткі препаратары енгізеді. Базис- наркозды негізгі есірткі препараттың дозасын азайту үшін қолданады.
Әсер етуіне байланысты толық наркоз оны ұзақ мезгілді операцияларда қолданады,толық емес наркоз қысқа мезгілдік операцияларда (буынды орнына салу,абсцессты тілу,құйрықты кесу) пайдаланады.

2.2 Жануарларды наркозға жалпы дайындау
Жануарларды наркозға дайындау екі кезеңнен тұрады:
1) алдын ала даярлау және
2) тіклей наркоз жасардың алдында даярлау.
Алын ала даярлауда есірткелік затта әсер ететін ағзаларды және мүшелерді толық тексеру. Егерде оларың қызметінде нұқсан табылса оған лайықты ем тағайындау қажет.Алдымен 18-24 сағаттық ашық диета қажет.Ет қоректілердің тамыр ішіне апоморфинді енгізіп,жасанды құсуды шақыру арқылы асқазанды босатады.Операция жасайтын күні малды мүлдем суармайды себебі оның қаны сұйықталып операция кезінде және онан кейін қан ұйюы төмендеп қан кетуі мол болуы мүмкін.
Қазіргі уақыт кездегі наркоздың ең маңызды кезеңі фармакологиялық дайындық - премидикация. Ол а) наркоздың жасау техникасын жеңілдетеді,
б) есіркенің жағымсыз әсерін жояды,
в) қауіпті вегетативті рефлекстерін азайтады және жояды.
Премидикацияға есіртке емес бірақ наркозды тереңдету және жақсарту үшін қолданады.Премидикация қолданатын препараттардың есіртке заттардан айырмашылығы жүйке жүйесінің арнайы бөлімдеріне әер етеді.Олардың әсерінен наркозға қолданатын препараттардың дозаларынан біралай кемітуге болады.
Премидикациялық заттарды келесі топтарға бөлеміз
1.Седативтік премидикаияның заттары, нейролептиктер.Оларға фенотиазин қатарының,препараттары,аминазин,три фтазин,пропазин,феназепам,амизил,ме протан,дроперидол,комбелен жатады.Мидың стводық бөлімінің ретиулярлық формациясы фенотиазин туындыларының әсер ететін орны болып табылады.
Онда спецификалық емес сезімталдық импульстар тежелуімен седативті әсер тудырады.Сонымен қатар бұл зттарды түрегеп тұрған малдарға қолданғанда олар гипотензивті тән қасиетіне байланысты қан қысымы төмендеп,ми анемиясы ұшырап,малдың аяқ астынан құлауы мүмкін. Бұндай малдарға осы препараттарды бұлшық етке енгізгені дұрыс болады.

Наркоздың ағымы мен сатылары
Наркотикалық затты организмге енгізген кезде заңды түрде белгілі бір сатылық болатыны анықталды. Наркоздың сатыларын эфирмен наркоз берген кезде анық байқауға болады. Осыған байланысты, эфир наркозының сатылары анестезиологияда стандарт есебінде қолданылады.Ұсынылған жіктеулердің ішінде кең тарағаны Гведелдің жіктеуі (классификациясы) болды. Бұл классификация бойынша наркоздың 4 сатысы бар. Бірінші сатысы -- анальгезия сатысы. Ұзақтығы 3-8 минут. Сананың біртіндеп бәсеңдеп, әрі қарай -- толық жойылуымен сипатталады. Температуралық, тактильдік сезімталдық және рефлекстер сақталады, ауырсыну сезімі күрт азаяды. Бұл кезде сыртқары орналасқан ағзаларға қысқа мерзімді операциялар жасауға болады. Бұл наркозды рауш-наркоз деп те атайды. Артурзио (1954ж.) наркоздың бірінші сатысын 3 кезеңге бөледі: Біріншісі -- шаршау кезеңі, толық анальгезия мен амнезия бола қоймаған кезеңі; Екіншісі -- толық анальгезия мен ішінара амнезия кезеңі; Үшіншісі -- толық анальгезия мен амнезия кезеңі. Екінші сатысы -- қозу сатысы. Науқастың санасы жойылған соң басталады. Ұзақтығы 1-5 минут. Сана толық жойылып, сөздік және қимылдық қозу процестерімен сипатталады. Бұлшық ет тонусы көтеріліп, тамыр соғуы жиілейді, қан қысымы жоғарылайды. Наркоздың екінші сатысы ми қабаты астындағы түзілістердің белсенділігінің артуымен сабақтасты. Үшінші сатысы -- хирургиялық саты (наркоздық ұйқы сатысы). Анестезия басталған соң 12-20 минуттан кейін басталады. Организмді анестетикпен қанықтырған сайын, мидың жоғарғы қабаттары мен ми қабаты астындағы құрылымдардағы тежелу процестері одан әрі тереңдейді. Хирургиялық сатының клиникалық көрінісі сезімталдықтың барлық түрінің жойылуымен, бұлшық еттің босаңсуымен, тамыр соғуының сиреуімен және қан қысымының төмендеуімен сипатталады. Хирургиялық сатының 4 деңгейі бар. Бірінші деңгейі -- көз алмасы қозғалатын деңгей. Науқас тыныш ұйықтап жатады, бұлшық ет тонусы, рефлекстер сақталған. Көз алмасы жәй, айналып қозғалып тұрады. Тамыр соғу жиілігі мен қан қысымы бастапқы деңгейде тұрады. Екінші деңгейі -- мүйіз қабық рефлексінің деңгейі. Көз алмасы қозғалыссыз, қарашық тарылған, жарық реакциясы сақталған, бірақ мүйіз қабық және басқа да рефлекстер жойылған. Бұлшық ет тонусы төмен. Г емодинамика тұрақты. Тыныс алуы біркелкі, баяу. Үшінші деңгей -- қарашықтың кеңею деңгейі. Қарашық кеңейіп, жарық реакциясы әлсірейді. Бұлшық ет тонусы күрт төмендейді. Тамыр соғуы жиілеп, қан қысымы сәл төмендейді. Қабырғалық тыныс әлсіреп, диафрагмалық тыныс өріс алады, тыныс жиілігі минутына 30 ретке дейін. Төртінші деңгей (ІІІ4) -- диафрагмалық тыныс деңгейі -- клиникалық тәжірибеде наркозды бұл деңгейге дейін жіберуге болмайды. Бұл деңгей наркоздың шамадан тыс болып кеткендігінің және ақырғы кезеңнің белгілері болып табылады. Клиникасы: қарашық кеңейген, жарық реакциясы жоқ. Тамыр соғуы жіп тәріздес, қан қысымы өте төмен. Тыныс диафрагмалық, ырғағы бұзылған. Егер анестетикті организмге енгізуді тоқтатпаса, тамыр мен тыныс орталықтарының қызметі өшеді де, қан айналысы мен тыныс алу тоқтайды. Наркоздың ІІІ, ІІ сатысына жетуге қажетті мөлшері мен улы мөлшеріне дейінгі аралықтағы анестетиктің концентрациясының диапазоны анестезиологиялық дәліз деп аталады. Ол неғұрлым кең болса, наркоз соғұрлым қауіпсіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наркоз .ИНГАЛЯЦИЯЛЫҚ НАРКОЗДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Антигистаминді препараттар
Наркозға арналған заттар (жалпы анестетиктер)
Жануарларды наркозға дайындау
Наркоздың сатысы және дәрежесі
Жалпы және жергілікті жансыздандыру
Наркоздың өту сатылары
Наркоздың жіктелуі
Жануарларды жалпы наркозға дайындау
Наркоздың түрлері
Пәндер