Ашық тұқымды өсімдіктер арқылы емдеу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Қылқанжапырақтыларға жалпы сипаттама

2. 2. Ашық тұқымды өсімдіктер арқылы емдеу

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қылқан жапырақтылар ашық тұқымды өсімдіктер бөліміне жатады. Олардың бірнеше кластары бар. Солардың ішіндегі көбірек таралғанықылқан жапырақтылар класына жататын қарағайлар қатары. негізінен алғанда ағаштар мен бұталар.
Ашық тұқымды өсімдіктер табиғатта және халық шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Қылқан жапырақтылар оттегін бөліп, көмірқышқыл газды сіңіреді. Сондықтан адам қылқан жапырақты өсімдіктер өскен аумақта жақсы тыныс алып, тынығады. Үй бұйымдары, құрылыс материалдары, отын да солардан алынады. Қылқан жапырақтылардан шайыр, эфир майы, дәрі-дәрмектер дайындалып, медицинада қолданылады.
Қарағай, шырша, самырсын және өзге ашық тұқымды өсімдіктердің халық шаруашылығында да маңызы зор. Қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Балқарағай, қарағай, кинкго сүрегі - қағаз жасауға қажетті негізгі шикізаттар. Олардың сүрегінен жоғары сапалы қағаз өндіріледі. Балқарағай - Қазақстанда кездесетін (Алтай, Сауыр Тарбағатай) биіктігі 30 метрге дейін жететін ерекше қылқанды ағаш. Оныңі Сібірлік балқарағай дейтін түрі қыста жұмсақ қылқанын түсіріп тастайды. Мәңгі жасыл, бірүйлі - қосжынысты, жарық сүйгіш өсімдік. Ол ыстыққа, суыққа, түтінге, шаңдаққа, дауылға және ауа ылғалдығына өте төзімді. Балқарағайдың сүрегінен қағаздан басқа медицинада қолданылатын, спирт, скипидар, қабығынан илік зат, бояу алынады. Жасыл бұтақтарынан дәруменді малазық дайындап, үй жануарларына береді. Ал қабығынан шайыр алып, сағыз ретінде пайдаланады. Сәндік өсімдік ретінде де пайдалануға болады. Сүрегі өте берік, қатты, шірімейтін болғандықтан, суасты құрылысына пайдаланылады. Орман өсімдіктері, ғалымдардың есептеуі бойынша, 1га орман жылына 10 тоннаға жуық көмірқышқыл газын сіңіреді.

Негізгі бөлім

Қылқан жапырақтылар - сүректі ағаш және бұта түрінде өсетін ашық тұқымды өсімдіктер класы. Қазақстанда 2 тұқымдасы бар: қарағай тұқымдасы- қарағай, балқарағай, шырша, майқарағай және кипарис тұқымдасы- арша, кипарис; мәңгі жасыл (қыста қылқаны түсіп қалатын балқарағайдан басқасы) өсімдіктер. Тұқымы арқылы, кейде вегетативтік жолмен өніп-өседі. Жапырағы қылқанды, жіңішке, түкті не қабыршақты болып біткен, сағақсыз, өркендері қысқа, шоқтанып орналасқан. Мамыр-шілдеде гүлдеп, шілде-тамызда жеміс береді. Қылқан жапырақтардың сүрегінен құрылыс материалдары жасалады, қағаз жасайтын үгінді, канифоль, скипидар.

Тұқымның сыртын жидек тәріздес түзіліс қаптайтын қылша да ашық тұқымды өсімдік. Оның тұқымындағы тұқымындағы қаптайтын түзілісті жеуге болады. Бұл ащық тұқымды өсімдік қос масақшалы қылша деп аталады. Қос масақшалы қылша (двухколосковая эфедра) - ашық тұқымды екі үйлі өсімдік. Оның аталық бүрі бір өсімдікте, аналық бүрі екіншісі өсімдіктерге орналасады. Сырт көрінісі қырықбуынға ұқсайтын бұл қылшаның биіктігі (ұзындығы) 15-40 см болады.
Қос масақшалы қылша - жапырақтары ұсақ қабыршаққа өзгерген бұта. Қабыршақтары тез түсіп қалатындықтан, фотосинтез процесі бұтақтарында жүреді. Бұтақтарын өң қаптайды. Лептесіктері сабақ ұлпасына тереңірек батып орналасады. Бұтақтарында маңызды дәрілік өнімдер болғандықтан, медицинада емге қолданылады. Қылшадан алынатын тамырларды тарылтып, ауа - тамырларды кеңейтетін дәрі эфедрин деп аталады. Әсіресе орталық жүйкені қоздыруға, өкпе демікпесі мен аллергияны емдеуге пайдаланады. Ашық тұқымды өсімдіктер тамыры тереңге бойлайтындықтан, топырақты эрозиядан сақтайды. «Эрозия» ˗ латынша «эрозио» ˗ жегідей жеу, бүлдіру. Топырақтың ең құнарлы бөлігінің судан шайылуы, жел ұшыруы. Ашық тұқымдылар өскен жерде қар және нөсер суы да топырақты бүлдіре алмайды. Сөйтіп табиғаттағы су айналымын реттейді. Бұлар басқа жасыл өсімдіктермен бірге органикалық зат түзеді. Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат - фитонцид (грекше «фитон» өсімдік + латынша «сэдере» - өлтіру) бөлінеді. Шырша, қарағай, балқарағай, самырсынды ормандар ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі. Бұл - ашық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы маңызы.

Қылқан жапырақты мәңгі жасыл болып табылады өсімдіктер, яғни сәндік жыл бойы сақтайды. Tall қарағай Өсімдіктер ірі, даңғылдар жасау, ленталы құрттары ретінде пайдаланылуы мүмкін шығармалар. Атап айтқанда, құнды бар қылқан жапырақты алуан мәдениет енгізіледі инелер өсу сипаты өзгерістер тәжі ерекше пішіні, түрі мен түсі. Бұл өсімдіктер әдетте шағын биіктігін немесе ергежейлі нысаны бар. Олардың түрлі комбинациясы Сіз қылқан жапырақты mixborders жасауға мүмкіндік береді бір groundcover ретінде пайдалануға рок бақтар мен олардың сән жағалау сулары.

сәйкес Аспен қарағанда мамандар қылқан жапырақты antidust бойынша 30 есе көп және 12 есе көп жапырақты қарағанда fitontsidov 2 есе көп қайың және секретировать өсіру. Қылқанды мәміле жоқ сөзбен айтқанда, қазіргі заманғы ландшафттық дизайн қиын. Жыл ішінде қылқан жапырақты бірдей көрінеді, олар Балабақшада неприглядный дақтар маскировки үшін өте ыңғайлы, немесе жасау үшін оқшауланған отыруға аудандары. Сіз құруға болады қылқан көнбейтін сәні, қалыптастыру үшін кеңістік кескенде жасыл қабырғалары, «бөлмелер», бір немесе топ екпелер түріндегі геометриялық фигураларды құру, салтанатты даңғылы мен тірі қоршаулар.

Қоңыр Сіз түсін немесе жарық жасау керек болған кезде бағында қылқанды таптырмас қаптап Контрасты. Олардың аясында, атап айтқанда, мәнерлеп әсем бояу көрінеді түсті, жеңіл топ жапырақты бұта немесе Балғын, шырынды түстер маникюр көгалдарға. Қылқан жапырақты тарапынан Керісінше, көрініс (Сахна негізінде) балабақша ашығырақ бөлігі неғұрлым әсерлі нәтиже болады оның контраст.

әсерлі Conifers қарап және басқа да ағаш түрлерімен төңірегі асимметриялық пішіні, геометриялық фигуралар қарсы ретінде әрекет.

Арша(Можжевельник обыкновенный)

Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3, 5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы. Ащы мия. Оны ақ мия деп те атайды. Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Бүкіл шөбі мен тұқымы дәрі. Басты ем болатын аурулары: жедел және созылмалы ди-зентерияға; асқазан ауырып, аздап запыран құсқанда; шиқан, сыздауық және басқа жарақаттың іріңдеуіне, жара-ларға; қышыма, бөріткен, ес-кілікті теміреткіге; ақ кір көп келуге. Улы дәрі. Абайлап қолдану қажет. Ащы қарбыз. Көп жылдық өрмелегіш сабақты өсімдік, ұзындығы он сантиметрдей. Тамыр түйнегі етті, сабағы көп бұтақты, мұртша ширатылып өседі. Басты ем болатын аурулары: кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына; кеуде толып, тынышсызданып ауырғанда; жүрек шаншып ауырғанда; емшек безінің шұ-ғыл қабынуына; жұтқыншақ ауырып, үн қарлығуына. Ащы қарбыз тамыры қанды несеп ауруына ем болады.

Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.
Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3, 5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы.

Таралуы. Республикамыздың солтүстік аймақтарында тау беткейлерінде, орман арасында, құмды-далалы жерлерде жиі кездеседі.

Химиялық құрамында 35-40%-дай қантты заттар; шайыр; балауыз; сірке; құмырсқа, алма, аскорбин, қышқылдары; минералды тұздар; бояғыш заттар; эфир майлары және фитонцидтер бар.

Қолданылуы. Мал дәрігерлерінің тәжірибесінде зәр айдайтын, асқазан-ішек жұмыстарын жақсартатын, өңеш бездерінің қызметін арттыратын дәрі ретінде қолданылады. Эфир майлары асқазан мен ішектердің кілегейлі қабықтарын тітіркендіру арқылы олардың жиырылуын үдетеді, зиянды газдардың шығуын жылдамдатады. Олар бүйрек және өңеш бездері арқылы бөлінетіндіктен олардың жұмыстарын жақсартады.

Тұнба, ботқа және болюс түрінде беріледі. Ауру малдарға берілу мөлшері: жылқыға 25-50г, ірі қараға 50-100г, қойға 5-10г, тауыққа 0, 2-0, 5г.

Дәрілік шикізат ретінде күзде піскен жемісін жинап алады. Оны ашық жерде кептіреді де, кардон, фанер жәшіктерге салып, бетін жауып, құрғақ бөлмелерде үш жылға дейін сақтауға болады.

Қарағай (Сосна обыкновенная) . Биіктігі 35-40 метрге дейін жететін, көп жылдық ағаш. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Үнемі жасыл түсте болатын қылқан жапырақты ағашты басқа өсімдіктерден ажырату өте оңай.

Таралуы. Республикамызда Ертіс өзенінің жағалауында, Іле мен Жоңғар Алатауында, Алтай мен Тарбағатайда, Бурабайда, Астана аймағында, Баянауыл, Қарқаралы маңында, Қатонқарағай, Семей, Алматы аймақтарында өседі.

Дәрілік шикізаты ретінде жас бұтақтарын, қылқандарын, бүршіктерін жаз, күз айларында жинап, дайындайды да, кептіріп, құрғақ жерде сақтайды.

Химиялық құрамында фитонцидтер, крахмал, ащы заттар, эфир майлары, минералды тұздар бүршіктерінде болса, жапырақтары мен қылқандарының құрамында Р, К, В тобының витаминдері, эфир майлары, аскорбин қыщқылы, каротин, илік және ащы заттар болады.

Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде қылқан жапырақтары, бүршіктері ауырып, арықтаған малға қосымша витаминдік азық ретінде де, дәрі ретінде де беріледі. Қуаңшылық жылдары қарағайдың қылқан жапырақтары, бүршіктері мен жас бұтақшалары жаз, күз айларында дайындалып, кептіріледі де, азық цехтарында буландырылып, мал азығына араластырылып құнды жеп-шөп ретінде беріледі. Тәулігіне берілу мөлшері орта есеппен: ірі малға 300-500г, қой мен ешкіге 100-150г, бұзауға 150-200г.

Жалпы статистика бойынша, ауруларды клиникалық белгілері арқылы анықтағанда, барлық ішкі жұқпалы емес аурулардың ішінде 7- 15 %-на дейінгісі зәр шығару және жыныс ағзаларының ауруларына жататын көрінеді. Ал сойылған малдарды тексергенде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары екендігі байқалады. Бұл мысал мал тірі кезінде ауруды анықтаудың кейбір қиыншылықтарына байланысты екенінің дәлелі.

Зат алмасу процесіндегі пайда болатын метаболиттердің қалыптан тыс шоғырлануы организмді уландырып, торшалардың тіршілігін жояды. Сондықтан да ондай заттар қалыптан тыс жинақталмай тұрғанда, уақытында организмнен шығарылып отырылуы қажет. Ондай бөлу ағзаларына бүйректер, тері бездері, өкпелер және ішектер жатады. Солардың ішінде зәр шығару ағзаларының атқаратын қызметтері ерекше. Белоктың алмасуынан пайда болатын көптеген метаболиттер, су, минералды тұздар негізінен организмнен зәр арқылы бөлінеді.

Зәр шығару және жыныс ағзаларының қызметтері орталық жүйке және қан- тамырлары жүйелерінің, зат алмасу процесінің деңгейлеріне тікелей байланысты. Сондықтан оларды емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттар белгілі бір мөлшерде зәр шығару және жыныс ағзаларының ауруларына да әсер ететіні сөзсіз.

Зәр айдайтын дәрілік заттар зәрдің түзілуін жылдамдатады және зәрдің организмнен шығуын жылдамдату арқылы сұйықтың жиналуын азайтады. Оларды қолданған уақытта негізгі патологиялық процеске әсерін пайдалана білу керек. Мұндай заттарға көптеген химиялық қосылыстармен қатар дәрілік өсімдіктер де жатады.

Сонымен қатар, қазіргі кезде малдарда зат алмасуының бұзылуынан болатын 30- дан астам аурулар белгілі. Бұл аурулар көп себепті аурулардың қатарына жатқанымен, сол себептердің ең бастысы оларды азықтандырудың дұрыс болмауы екені сөзсіз. Ауруларды анықтаудың өз ерекшеліктері бар: организмге азықпен түсетін қоректік заттардың организмдегі метаболиттерін зерттеу, олардың ішіндегі зиянды заттардың ары қарай ыдырау процесін білу, зат ламасу процесінің бір-бірімен тығыз байланыста жүретінін ескеру, топты малдың ауыратынына көңіл бөлу, заттардың ыдырауына ферменттердің әсерінің зор екенін біле отырып, оларды анықтау әдістерін үйрену және т. б. жағдайлар.

Аурулардың себептері мен клиникалық өзгерістеріне зер қоя отырып оларды 4 топқа жіктеуге болады:

1. Организмдегі негізгі заттардың (көмірсутегі, белок, май) алмасуларының бұзылуларының басымырақ болуынан болатын аурулар;

2. Минералды заттардың алмасуларының бұзылуларының басымырақ болуынан болатын аурулар;

3. Микроэлементтердің жеткіліксіздігінен немесе олардың организмге қалыптан тыс, артық түсуінен болатын аурулар;

4. Гиповитаминоздар.

Кез келген зат алмасуының бұзылуы жеке ауру түрінде кездесе бермейді және аурудың негізгі белгілері бірден көзге түспейді. Аурудың басталуы мен оның клиникалық белгілерінің білінуге дейінгі аралығы ұзаққа созылуы мүмкін. Бірақ, ауру малдың өнімділігі төмендейді, организмнің резистенттіліг нашарлайды. Ондай аналық малдан толық жетілмеген, әлсіз, әлжуаз төл алынады.

Зат алмасу процесінің бұзылуынан болатын аурулардың ішінде қазіргі шаруашылықтарда жиі кездесетіні витаминдердің алмасуларының бұзылуларынан болатын аурулар. Витаминдердің өздеріне тән жалпы биологиялық заңдылықтары бар: «К» және «В» тобының витаминдерден басқа витаминдер тек қана организмнен тысқары жерде түзіледі. Ал : «К» және «В» тобының витаминдерінің түзілуіне малдың азығының құрамы және ас қорыту жүйесінің микрофлорасы қатысады. «А» және «Д» витаминдері өздерінің провитаминдерінен, мал организмінің тіндерінде түзеледі.

  • Витаминдер организмде пластикалық зат немесе энергия көзі ретінде пайдаланылмайды. Олар коферменттердің құрамына кіру арқылы организмде болатын химиялық процестерге әсер етеді;
  • Организмде витаминдердің жеткіліксіздігі патологиялық процесс тудырады. Оны емдеу үшін тиісті витаминдер қолданылады;
  • Витаминдердің жоғарғы дозасы күшті фармакологиялық препарат ретінде қолданылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық практикадан есеп
Кетоз ауруын балау
Бұғы шаруашылығы
Қарағайлар тұқымдасы
Қауын - бақша дақылдары, біздің түсінігімізде көкөністен гөрі жеміс
Дәрілік өсімдіктер туралы ақпарат
Қазақстанның дәрілік өсімдіктердің таралуы
Сезімтал өсімдіктер
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қызанақ дақылы мен оның аурулары
Бақша дақылдарының аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz