Жалбыздың қасиеттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I. Кіріспе
Дәрілік өсімдіктер
II. Негізгі бөлім
1. Жалбызтікен өсімдігі
2. Аюқұлық өсімдігі
I. Қорытынды
II. Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі бөлім

Дәрілік өсімдіктер

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудыңалдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
Республика территориясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына ба йланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті.

1. Жалбызтікен өсімдігі

Жалбыз (лат. Mentha) - ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік.

Қазақстанда жалбыз туысының 10 түрі өседі, соның ішінде дәрілік мақсатта бұрышты жалбыз қолданылады. Жане де бұл өсімдіктің басқа түрлерінен порфюмериялық, кондитерлік, гигиеналық мақсаттарға қолданылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жалпы сипаттамасы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Дәрілік өсімдіктердіӊ бірі - жалбыз. Ол - хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоӊыржай ендікте көп тараған. КСРО-да 20-дан астам түрі өседі. Қазақстанда жалбыздыӊ 9- түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі - ментол. Ментю парфюмерия, косметика кондитер, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай- ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек тамыр жүйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі Валидол осы ментолдан алынады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Биологиялық сипаттамасы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Биіктігі 80-100 см. Сабағы төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқа сағақты, тақтасының жиектері ара тісті иректелген жай жапырақ. Сабаққа қарама қарсы орналасады. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5% эфир майы болады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді. Гүлдері ұсақ, түбі біріккен 5 тостағанша жапырақшасы күлгін түсті. Түбі біріккен 5 күлте, оның екеуі бірігіп жоғарғы ернін, үшеуі бірігіп төменгі ернін құрайды. Сондықтан да, мұндай гүлдерді ерінгүлділер тұқымдасы деп атайды. Аталығы 4, аналық жатыны екі ұялы біреу. Гүлдері сабақ ұшына шашақ гүлшоғырына жиналған. Жемісі- жаңғақша. Жалбызды тамырсабағынан көбейтеді. Эфир майында 55%-ға дейін ментол кездеседі]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жалбыздың қасиеттері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек. Жалбыздың түрлері көп. Қазақстанда оның екі иүрі кездеседі - қара жалбыз, ақ жалбыз. Ол ерінгүлдер тұқымдас, көпжылдық өсімдік. Өзен мен көл жағаларында, тау баурайында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Соның екі қасығын аралыстырып күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен жолының қабынуына қарсы қолданады. Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына сары майға аралыстырып жоғарыдағыдай ретпен қабылдаса демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Тершең адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып демдеп, жатар алдында жарты стаканын ішіп, ал аяғының шуашы барлар сол суға үш мезгіл аяғын жуып жүрсе, бұл жағымсыз иістен арылады. Полиартритпен ауыратын адам кепкен жалбыз шөбін суға қайнатып, күніне бір реттен жатар алдында ванна жасап булап жүрсе сырқатынан сауығады. Ал, соңғы кезде жалбыз тұнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш-қуат беретін, несеп жүргізіп қуықтың қабынуын жазатын, етеккірді шамадан тыс келуін тоқтататын дәрі ретінде қолданып жүр. Сонымен қатар жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып өкпе туберкулезін де емдей бастады. Еті тілініп кеткен жарақатқа, іріңді шиқан сияқты шығулар мен қотырларға жалбыз тұнбасын таңып тастаса, тез жазылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жалбыздың пайдасы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жалбыз қосылған шәй жүрек ауруымен ауыратындарға,тамақтан уланғанда,асқазан -бауырауруы мен ауыргандарга, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас ауырғанда,қатты ашуланғанда ішу керек. Жалбызды 1 стаканға 2-3 еуін салса жеткіліті. Жалбыз қосылған шәйді: қан қысымы жоғары адамдарға,6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды. Жалбыз қосылған шәй адам ағзасын тазалайды.Тағы бұл өсімдіктің дәрі жане құрғатылған шөп дәрі ретінде де қалалардың кез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік өсімдіктердің тарихы
Дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері
Су жағалап өсетін өсімдіктер түрлері
Ерінгүлділер тұқымдасының өкілдері және олардың шаруашылықтағы маңызы
Бұлауға түсу
Дәрілік өсімдіктер жайлы
Ерінгүлділер
Ботаникалық ресурстанудың биология жүйесіндегі орны
Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Киікот өсімдігі жайлы
Пәндер