Малдың тірілей салмағы мен қоңдылығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлімі
2.1. Малдың тірілей салмағы мен қоңдылығы
2.2. Ірі қара қоңдылығын анықтау
2.3. Қой, ешкі қоңдылығын анықтау
2.4. Жылқы қоңдылығын анықтау
2.5. Түйе қоңдылығын анықтау
2.6. Шошқа қоңдылығын анықтау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Алғашқы өңдеу бөліміндегі технологиялық үрдісті ұша қоңдылығын анықтаумен, ұшаға өнімдік баға берумен, таңбалаумен және өлшеумен аяқтайды.
Сойыс малының қоңдылығын сойғаннан кейін де анықтауға болады.
Кейінгі мезгілде ұшаны массасы мен ет сапасына орай қабылдау ет өнеркәсібіннде жиі де, кеңінен қолданылуда. Өйткені, бұндай әдіспен қоңдылықты анықтау өте дұрыс және қателік кетпейді. Тапсырушы мен қабылдаушының арасында да ешқандай талас тумайды.
Массасы мен ет сапасы қарай қоңдылығын анықтауды 5110- 87, 5111-55, 1213-74, 20079-74, МЕМ СТ бойынша малдәрігерлік бақылау бөлімі жүргізеді. Қоңдылығын анықтағанда ет кәсіпорыны жағынан және ет тапсырушы жағынан да жауапты адамдар болуы тиіс. Бұдан басқа ( ӨМББ ) 772-55, 1935-55, 772 - 61, 18292-72 МЕМ СТ бойынша ет категориясы бойынша анықтауды өндірістік малдәрігерлік бақылау бөлімі.
Барлық түліктердің екінші дәрежелі қондылыққа сай келмейтіні арық малға жатқызылады.
Малды етке тапсыру кезінде оның қондылығын ажыратуда мал тапсырушы мен қабылдаушының арасында келіспеушілік тууы мүмкін. Мұндай жағдайда мал қондылығын ажырату үшін тексеру сойысы жүргізіледі. Тексеру сойысы мал тапсырылған немесе келесі күні мал тапсырушы меекменің өкілінің қатысуымен жүргізіледі. Ол үшін мал соятын мекеме, тапсырушы мекемеге күні ілгері хабарлауға тиіс. Ал тапсырушының өкілі келмеген жағдайда, ол хаттамада көрсетіліп, малдың қондылығын, ұшаның қондылық дәрежесі бойынша өндірістік мал дәрігерлік бақылау бөлімі қызметкерлерінің анықтауы бойынша хаттама толтырылады, оның бір данасы мал тапсырушы мекемеге жіберіледі.
ІІ. Негізгі бөлімі
Малдың тірілей салмағы мен қоңдылығы -- сойыс малының сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Малдың күйін оның етінің жетілуіне және тері астына жиылған май мөлшеріне қарап анықтайды. Ол үшін малдың сыртқы пішініне, арқасының тегістілігіне, ішіне, сан, жауырын еттерінің толықтығына назар аударады және тepi астындағы май жиналған жерлерін ұстап көреді. Астына май жиналған жердегі тepici оңай қозғалады. Tepi астына май алдымен құйымшақ, соңғы қабырғаларына жиналады, сонан соң алдыңғы жағына тарайды. Аса ceміз малда май жауырын және алдыңғы қабырғалар шамасында қалыптасады. Жас малда май тері астына қарағанда еттің арасына, ал кәpi малда ішкі ағзаларда және тері астына көбірек жиналады.
Жылқының коңдылығын етінің жетілуімен қатар арқасындағы, кеудесіндегі, беліндегі және жалындағы майды ұстап көру арқылы анықтайды. Түйенің семіздігін оның өркешіне жиналған майға қарап ажыратады. Қой және ешкіде олардың жүнінің тығыздығына және ұзындығына байланысты семіздігін сыртқы пішініне қарап ажырату қиын, тepi астындағы майды арқасын сипап анықтайды. Сонымен қатар құйрықты қойлардың құйрығына жиналған майдың шамасы байқалады.
Шошқаның қоңдылығын оның 6,7-кеуде омыртқаларының үстіне жиналған майдың калыңдығына қарап ажыратады.
Тауықтың семіздігін анықтатанда оны қанатынан басын өзіне қарата ұстап, төс еттерінің жетілуін байқайды және сан eтінe жиналған майды ұстап көреді. Қаз, үйректе май қанат астына жиналады. Майдың қоңдылығын анықтауда оның тірілей салмағын білудің маңызы зор.
Малдың салмағын таразыға тарту немесе кейбір өлшемдер арқылы анықтауға болады. Мал салмағы оны азықтандырудан немесе суарғаннан 2-3 сағаттан соң өлшенеді. Ішек-қарындағы заттар үшін табылған салмақтың 3% -ы кемітіледі. Егер өлшеу 3 сағаттан кейін жүргізілген болса, әр сағатқа салмақты кeміту 0,5% азайтылады, ал таразыға тарту малды азықтандырудан 6 сағат кейін жүргізілсе, ішек- қарындағы заттарға салмағын кемітпейді. Сонымен қатар малдың тірілей салмағы бойынша қабылдағанда терісінің тазалығын, буаздылығын ескереді және малдың салмағын арттыру мақсатында артық жем, су берілмеуін кадағалайды. Малдың тірілей салмағын кейбір өлшеулер арқылы да анықтауға болады. Әрине, бұлай анықтау дәл бола бермейді, бірaқ кейде мал салмағын шамалап анықтауға пайдаланылады. (Ол мал тұқымына, жасына, жынысына байланысты).
Жылқының тірілей салмағын анықтау үшін жауырын артынан өлшенген жуандығын жеңіл жылқы үшін -- 2, 7, орта жылқы үшін -- 3,1, ауыр жылқылар үшін -3,5 коэффициентіне көбейтеді.

Малдың қоңдылық дәрежесі мемлекеттік стандартта көрсетілген бойынша анықталады. Ipi қара (МЕМСТ 5110-87) жасына, жынысына байланысты 4 топқа бөлінеді:
1) сақа мал -- жасы үштен асқан сиыр, бұқа, өгіз және салмағы 350 кг-нан кем бір рет бұзаулаған сиыр;
2) бірінші тума сиыр -- жасы үшке жетпеген, салмағы 350 кг-нан артық (барлық шегерулерден кейін) бір рет бұзаулаған сиыр;
3) жас мал -- жасы үш айдан үш жылға дейінгі тана -- торпақ, өгізше, бұқа;
4) бұзау -- жасы он төрт күннен үш айға дейінгі төл.
Қоңдылығына байланысты әр топтағы малдың eкi категориясын ажыратады. Сақа малдың бірінші дәрежелі қоңдылығына төменгі көрсеткіштер бойынша жатқызады: еттің дамуы қанағаттанарлық, кеудесінің пішіні аздап сүйірленген, жауырыны онша байқалмайды, сан еті толық, омыртқа қыры, жамбас сүйегінің басы, құйымшақ басы аздап шығыңқы. Tepi астындағы май құйрықта және құйымшақ сүйектің басында байқалады. Өгіздің ұшасын аздап май басқан, жұмсақ.
Екінші дәреже -- етінің дамуы аса қанағаттанарлық емес, кеуде пішіні цүшықтау, жауырыны шығыңқы, сан eтi ысылған, арқа және бел омыртқалардың жоталық өсінділері жамбас сүйектің, құйымшақтың басы шыгыңқы, тepi астына май арқада және құйымшақ басында бөлшектене жиналған. Өгіздің ұшасы тартылған май байқалмайды қатпарланған.
Бұқаның бірінші дәрежелі қоңдылығы -- төмендегі көрсеткіштерден кем болмауы қажет: кеудесі жұмыр, eтi жақсы жетілген, арқасы, белі, және сауыры жалпақ емес, саны, жауырыны тартыңқы.
Бірінші тума сиырдың бірінші дәрежелі қоңдылығы - кеудесі жұмыр, еті жақсы жетілген, жауырыны, белі, сауыры және саны толық,басы байқалады, құйрық түбін май басқан. Екінші дәрежелі қоңдылықта малдың кеудесі толық толық жұмырланбаған, етінің дамуы қанағаттанарлық, омыртқарардың жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектердің басы шығынқы, тepi астында май байқалмайды.
Сойысқа арналған жас мал салмағына, жасына байланысты таңдаулы, бірінші, екінші және үшінші болып төрт класқа бөлінеді. Таңдаулы класқа тірідей салмағы 450 кг-нан артық, бірiншi класқа 400-500 кг-ға дейін, екінші класқа 350-350 кг, үшінші класқа 300-350 кг малды жатқызады.
Бірінша класқа жататын малдың кеудесі жұмыр, бұлшық еттері жақсы жетілген, омыртқалардың жоталық өсінділері құйымшақ, жамбас сүйектің басы аздап шығыңы, құйрық түбінде май байқалады.
Екінші класқа жататын мал аса жұмыр емес, омыртқалардың жоталық өсінділері құйымшақ, жамбас сүйектің басы шығыңқы, тepi астында жиналған май байқалмайды.
Бұзаудың қоңдылығы төмендегі көрсеткіштер бойынша ажыратылады: бірінші дәрежелі қоңдылық - тірідей салмағы 30 кг-нан кем емес, сүтпен қоректенeтін, eтi қанағаттанарлық жетіоген, омыртқаның жоталық өсінділері байқалмайды, жүні жылтыр,көзінің кілегейлі қабығы ақ, жілігі ақ немесе қызғылт реңкілі, epiнi, таңдайы ақ немесе сарғыш.
Екінші дәрежелі қоңдылық (қосымша азықтанған) етінің дамуы аса қанағаттанарлық емес, омыртқаның жоталық өсінділері байқалады, көз қабығының, еріннің, жіліктің, таңдайдың кілегей қабығы қызғылт реңді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы қондылығы
Малдың қоңдылығын анықтау
Ірі қара мал қоңдылығы
Сойыс малдарының қоңдылығын анықтау
Қой қоңдылығын анықтау
Жылқының коңдылығы
Ірі қара малдарының қоңдылық дәрежесі
Шошқа қоңдылығы
Сойыс малдары
Ірі қараны нормалап азықтандыру. Буаз сиыр мен құнажынды азықтандыру
Пәндер