Аурудың қоздырушысы және төзімділігі
Жоспар:
І. Кіріспе
1.1. Ауруға жалпы сипаттама және тарихи деректер
ІІ. Негізгі бөлімі
2.1. Аурудың қоздырушысы және төзімділігі
2.2. Індеттік ерекшеліктері
2.3. Дерттенуі. Өтуі және симптомдары
2.4. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер.
2.5. Балау. Ажыратып балау.
2.6. Емі және иммунитеті
2.7. Дауалау және күресу шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Жұқпалы атрофиялық ринит (Rhinitis atrofica infectiosa, инфекционный атрофический ринит) - созылмалы түрде өтіп, танаудың кілегейлі қабығының сірі-іріңді қабынуымен, кеңсіріктің семуімен және бас сүйектерінің өзгеруі- мен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Алғаш 1830 ж. ауруды неміс ғалымы Франк сипаттады. Ұзақ уақыт бойына ол жүқпайды деп есептелінді. Л. Радтке 1938 жылы ауру жануардан алынған материалмен сау торайларды тәжірибе жүзінде жұқтырып, аурудың жұқпалы екенін дәлелдеді. Бірақ көп уақытқа дейін оның негізгі қоздырушысы анықталынбады. Әр түрлі ғалымдар аурудың негізгі қоздырушысы ретінде микоплазманы, вирусты, пастерелланы, бордетелланы, т.б. қабылдады. Соңғы жылдары көптеген мамандар аурудың негізгі қоздырушысы Bordetella bronchioseptica деген тоқтамға келді. Оған негізгі дәлел аталған микробтың таза өсіндісі арқылы торайларды осы ауруға тән клиникалық белгілері бар дертке шалдықтыруға болатындығы.
Үстіміздегі ғасырдың 50-60-шы жылдары ауру дүниежүзінің көптеген елдерінде кең таралып, 1958 ж халықаралық ветеринариялық конгресте арнайы мәселе болып қаралған болатын, содан бері қарай әлі күнге дейін бұл ауру күн тәртібінен түскен жоқ. Ауру шыққан шаруашылыққа үлкен экономикалық нұқсан келеді. Атрофиялық ринитпен ауырған 6 айлық торайлардың сол жастағы сау торайларға қарағанда салмағы 15-20 кг кем болады.
ІІ. Негізгі бөлімі
Қоздырушысы - Bordetella bronchioseptica - Brucellaceae тұкымдасты- ғының Bordetella туыстастығына жатады. Көлемі 0,4-0,5 х 1,5-2,5 мкм, қоз- ғалмайтын, спора және капсула түзбейтін, грамтеріс таяқша. Құрамында ыс- тыққа төзімді 0-антигені және ыстыққа төзімсіз К-, Н-антигендері бар. Теріні өліеттендіретін экзо- және эндотоксиндер түзеді, тыныс жолдарының кілегейлі қабығына жабысып өсуге бейім келеді (адгезиялығы).
Зертхана жағдайында қоздырушының таза өсіндісін немесе ауру шошқаның танау қуысының кілегейлі қабығының жуындысын 1-15 күндік торайдың, көжектің, күшіктің, мысықтың танау қуысына жіберіп, оларды ауыртуға болады.
Төзімділігі. Қоздырушының төзімділігі әлі толықтай зерттелмеген. Мал қораларында ауру қоздырушысы тіршілігін 16 тәуліке дейін жоймайды. Мұз- датылған күйінде 4 айдан артық сақталады. Күйдіргіш натрийдің 3%, фор- мальдегидтің 1% және жаңадан сөндірілген әктің 20% ерітінділері ауру қоз- дырушысын 3 сағатта зарарсыздандырады.
Індеттік ерекшеліктері. Қалыпты жағдайда ауруға шошқалар жасына қарамай бейім келеді, алайда клиникалық белгілері 1-2 айлық торайларда анық білініп, олар жиірек шалдығады. Сондай-ақ, қоян, егеуқұйрық, тышқан, теңіз тышқаны сияқты кемірушілер бейім келеді, сирегірек ит, қой, құлын ауырады.
Ауру қоздырушысының бастауы ауру шошқалар, олар микробты сыртқы ортаға жөтелгенде, түшкіргенде, танаудан аққан сорамен бөліп шығарады. Сақа шошқалар көбінесе жасырын түрде ауырып, қоздырушының таралуына себепші болады. Әсіресе, бұл түрғыдан мегежіндер жас торайларға аса қауіпті ауру қоздырушысының бастауы болып есептелінеді.
Табын ішінде ауру негізінен ауа арқылы тарайды. Сау шаруашылыққа індет көбінесе жасырын ауру малмен, әсіресе, тұқымдық малмен енеді. Харристің (1968) деректері бойынша аурудан сау емес шаруашылықтарда бордетелла алып жүрушілер 25-50% болады.
Атрофиялық ринитте індеттік процесс жай өрбіп, 2-4 жыл өткесін ең шырқау шегіне жетеді. Әдетте шаруашылық ауру жөнінен тұрақты сау емес болып есептелінеді. Ауру алғашында жеке мегежіндердің бауырындағы торайлардың арасында байқалады, кейіннен олардың саны көбейеді. Ауру мегежіндер қоздырушыны сыртқы ортаға 2-3 торайлағанша бөліп шығарады.
Індеттің шығуына және таралуына шошқаларды жемдеу, күтім жағдайының талапқа сай болмауы әсерін тигізеді. Әсіресе, жемнің құрамында минералды заттар, витаминдердің жеткіліксіздігі, қораның ішіндегі ылғалдылықтың өте жоғары (90-100%) болуы, серуеннің жоқтығының нәтижесінде торайлар арасындағы ауруға шалдығу 50-80%-ға жетеді.
Қолайсыз жағдайларды жөндеп, жем-шөпті жақсартып, шошқаларды лагерлі жайылымды ұстауға көшірсе, індеттік процесс бәсеңсіп, ауру көбінесе клиникасыз жасырын түрде немесе аздаған кеңсіріктің семуімен білінеді. Бірақ, соның өзінде де торайлардың жақсы салмақ алмауынан шаруашылыққа келетін экономикалық нұқсан 20%, одан да жоғары болады.
Қазіргі өнеркәсіптік бағыттағы ірі шошқа шаруашылыктарында жалпы ветеринариялық-санитариялық шаралардың өндіріс технологиясының құрамына енгізілуі атрофиялық ринитті шектеуге толық мүмкіндік береді.
Дерттенуі. Ауру қоздырушысы шошқа денесіне ауамен бірге еніп, та- наудың кілегейлі қабығын қабындырады. Қабыну деңгейі жалпы шошқа организмінің ауруға қарсы тұру қабілетіне, фосфорлы-кальцилі зат алмасудың бұзылуына, витаминдердің жетіспеушілігіне (әсіресе, Е витамині), әр түрлі қосалқы микрофлоралардың қатысуына байланысты болады.
Әдетте зардапты өзгерістерге кілегейлі қабықтың астындағы қабаттар, танау кеңсірігінің шеміршектері, бас сүйегінің беткі бөлігі ұшырайды. Қабынудың әсерінен сол жердегі қан айналымы бұзылып, сүйектегі кальций бірте-бірте шайылып, сүйек ұлпасы кеміктеніп, өсуі тоқтайды. Соның нәтижесінде жоғарғы жақ сүйегінің өсуі тоқтап, төменгіге қарағанда 3-5см қысқа болып қалады. Жоғарғы жақ сүйегінің деформациялық өзгерістерінің әсерінен шошқаның тұмсығы үстіне қарай қайқайып (мопсовидность) немесе бір жағына қарай қисайып кетеді. Малдың тістері бір-біріне дұрыс беттеспей, жем жеуі қиындайды, соның салдарынан қарын, ішектің катарлы қабынуы өрбиді. Танау кеңсірігінің семуі салдарынан ауа алмасу бұзылып бронха, өкпе қабынады. Ауру малдың жүйке-гормонды күйі өзгеріп, табиғи ауруға қарсы тұру қабілеті нашарлап, өсуі тоқтап, қатарынан қалады.
Танаудың, кілегейлі қабығының атрофиялық қабынуының себебі жоғарғы мойын симпатикалық жүйке түйіннің дегенеративті өзгерістерінің әсері деп есептейді. Басқа пікір бойынша өзгерістер ауру қоздырушысының ішкі жэне сыртқы уларының әсерінен ғана және сол малдағы қуыстардың кілегейлі қабықтарының өліеттенуінің нәтижесінде өрбиді. Өліеттену ауру қоздырушысының иммундік жүйенің торшаларымен әрекеттесуіне кедергі жасап, нәтижесінде атрофиялық ринитпен ауру шошқалардың қанында телімді антиденелер байқалмайды, болған күнде аз мөлшерде кездеседі.
Өтуі және симптомдары. Аурудың жасырын кезеңі 7-15 тәулік. Ауру негізінен баяу өршіп созылмалы түрде өтеді. Бас сүйегінің беттік бөлігіндегі деформациялық өзгерістер пайда болғанға дейінгі аурудың клиникалық белгілері өзіне тән болмайды.
Әдетте торайлар ауруға туғаннан кейінгі алғашқы күндері шалдығады. Аурудың алғашқы белгілері - зарарланғаннан кейін 7-12 тәулік өткесін торайлар жиі түшкіріп, танаудың кілегейлі қабығы қабынып, сора ағады. Қатты зақымданған жағдайда танаудан қан ағады. Кейіннен танаудан аққан сора кілегейлі-іріңді болып, көзінен жас ағып, төменгі қабағы ісіп, көздің ішкі бұрышында қара дақтар пайда болады. Бұл кезеңде мегежіндер мен торайлардың күтімі нашар болса торайлардың басым көпшілігінде (10-90%) өкпе, бронханың қабынуы және іші өту белгілері байқалады. Нәтижесінде торайлардың бір бөлігі өліп, қалғандары титықтап, өспей қалады.
Кейбір торайларда танаудың кілегейлі қабығы жіті қабынғаннан кейін (2- 3 аптадан аспайды) ауру жасырын түрге ауысады. Ондайда аурудың негізгі белгісі - кеңсіріктің семуі байқалмайдь., байқалған күнде де анық білінбей тек кейбір торайларда жақтарының беттесуі қалыптағыдай болмайды. Басқа торайларда аурудың белгілері, яғни, танау кеңсірігінің және бас сүйектің беттік бөлігінің семуі анық байқала бастайды, соның салдарынан күрек тістердің бір-біріне беттеспеуі 1-2 айлық торайларда 0,5-1 см болса, ал 3-6 айлық торайларда ол 1-3 см жетеді. Ауру торайлардың көпшілігінің жағының терісі қыртыстанып, жиырылып, төменгі еріні жоғары қайқайып, малдың жем жеуін қиындатады. Танау кеңсірігінің екі жағы бірдей - зақымданғанда торайдың тұмсығы жоғары қайқайып (мопсовидность), кежірейеді, ал бір жағы зақымданған торайдың жоғарғы жақ сүйегі бір жағына (не оңға, не солға) қарай қисаяды. Мұндай өзі ерістер ауру торайлардың 3-4 айлығында тең жарымында кездесуі мүмкін. Егерде қабыну процесі кеңсірік пен ми қабықтарын қамтыған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz