Гельминтоздардың диагностикасы
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлімі
2.1. Гельминтоздардың диагностикасы.
2.1.1. Гельминтоздарды жануарлардың тірі кезінде балау
2.1.2. Гельминтоздарды жануарлардың өлі кезінде балау
2.2. Жануарлар гельминтоздарымен күресудің жалпы принциптері
2.3. К.И. Скрябиннің девастация жөніндегі ілімі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Гельминтология көне грек сөздерінен құралған: һelmins - құрт, logos - ілім - паразит құрттар, яғни гельминттер және олар қоздыратын аурулар - гельминтоздар жайындағы ғылым. Гельминттерді ертеректе глист деп те атаған. Кейіннен академик К.И. Скрябиннің ұсынысы бойынша глист деген сөз гельминт деген атауға ауыстырылған.
Гельминтология паразит құрттардың қандай ауру тудыратынын, оның тіршілік ететін ортасын, адамға, малға, өсімдікке келтіретін алуан түрлі зиянын, емдеу жолдарын, күрес шараларын зерттейді. Бұл ғылым медициналық, малдәрігерлік және агрономиялық болып үш салаға бөлінеді.
Гельминтоз дегеніміз - іш құрттар немесе гельминттер тудыратын жұқпалы ауру. Бұл кесел адамда, жануарларда, өсімдіктерде кездеседі. Олар адам мен жануарлардың ішкі мүшелерінде (органдарында), мәселен өкпесінде, бауырында, мида, ішек-қарында және т.б. орналасады. Паразиттік тіршілік ететін құрттар әр түрлі болып келеді. Жалпақ құрттар қатарына трематодалар немесе сорғыш құрттар, цестодалар немесе таспа қүрттар жатады. Нематодалар жұмыр құрттар тобын құрайды. Мал мен құс денесінде (организмде) акантоцефалар немесе тікенбасты құрттар да кездеседі. Сондықтан, гельминтоздарды олардың қоздырғыштарының атауына байланысты трематодоздар, цестодоздар, нематодоздар және акантоцефалездар деп жіктейді.
Гельминттермен жас төлден бастап, ересек малға дейін зақымданады. Ішқұрт әсерінен жануардың ас қорыту, тыныс алу, тағы басқа мүшелері зардап шегеді, олардың қызмет атқару қабілеті бұзылады. Паразиттер мал денесінде қанмен, сөлмен, торшамен (клетка) қоректенеді. Организмде паразиттердің саны көбейсе, мал дертке шалдығып, шығынға ұшырайды. Гельминтозға іліккен түліктің өнімі кемиді, басқа жүқпалы ауруға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Қайсыбір құрттар түрлері мал атаулының бірнеше түлігінде (мысалы, күйіс қайыратындарда) кездессе, екінші біреулері бір ғана түлікте (мысалы, жылқыда) өмір сүреді. Құстарда болатын гельминттер сүтқоректілерде тіршілік ете алмайды. Ішқұрт ауруларының кейбіреулері адам өміріне де өте қауіпті. Құрттар малдан адамға, ал кейде керісінше, адамнан малға жүғып отырады. Бұлар адамға да және жануарларға да тән зооантропоноздар (zoon -- хайуан, anthropos -- адам, nosos -- ауру деген грек сөздерінен шыққан) немесе антропозооноздар деп аталады.
ІІ. Негізгі бөлімі
Гельминтоздардың диагностикасы. Гельминтоз ауруын дұрыс анықтап білсе, малды емдеуге және оны дерттен тез жазуға мүмкіншілік туады. Демек, гельминтоз түрі дәлелденген соң ғана, індеттің мал арасына одан әрі таралуына жол бермеуге болады.
Диагноз қою үшін әуелі жануардың қашан кеселге шалдыққанын, дерттің қандай белгі бергенін, қандай жөм-шөп жегенін, жайылымын, суатын, мұндай дертпен түліктің бұрын-соңды ауырған-ауырмағандығын, бірден қанша бас дертке шалдыққанын сұрастырьш біледі. Осыдан кейін малға тексеру жүргізеді. Алдымен ауру маддың жасына, жынысына, қоңдылығына, азыққа тәбетіне, жүріс-тұрысына назар аударады.
Іш құрт ауруларын анықтаудың өзіндік ерекшелігі бар. Гельминттер дене мүшелері мен ұлпалардан табылса да, жануар гельминтозға ұшыраған деп кесіп айтуға болмайды. Іш құрт ауруларын жануардың тірі кезінде және мал өлген соң анықтайды.
Гельминтоздарды жануарлардың тірі кезінде балау
Тірі малға диагноз қою үшін аурудың клиникалық сырт белгілері анықталады, эпизоотологиялық деректерге сүйенеді, арнаулы зертханалық лабораториялық және иммунобиологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Клиникалық белгілері. Гельминтоздардың клиникалық сырт белгілері кейде айқын білінеді. Ал аурудың созылмалы түрінде олар көбінесе білінбейді, көмескі (субклиникалық) немесе жасырын түрде өтеді. Көбінесе тыныс алу жүйесінің немесе асқорыту ағзалары қызметінің бұзылуы салдарынан мал демігеді, жөтеледі, іші өтеді, қоңы мен жалпы күйінің төмендеуі, сүт, ет, жүн өнімдерінің азаюы мүмкін. Жоғарыда аталған белгілер анық біліне тұрса да бұған сүйеніп, ауруды анықтау қиынға соғады, өйткені мұндай белгілер басқа дерттерде де кездеседі. Р.С.Шульц (1959) айтқандай ауруды анықтауда клиникалық белгілер шешуші емес, ба- ғыттауыш деп қарау керек.
Эпизоотологиялық деректерге гельминтоздардың белгілі бір маусымға тәуелділігі, малдың тұқымы, жынысы, жасы ескерілуі, аурудың жаппай етек алуы және жануар денесінде құрттардың өсіп-жетілуіне қолайлы жағдайлар болуы, мал өзара жанасуы, т.б. жөніндегі мағлұматтар жатады.
Арнаулы зертханалық зерттеулер. Гельмннттер жануарлардың ұлпалары мен мүшелерінде қоныс тебуіне байланысты, өздерінің өсіп-өну барысында сан алуан жолмен, яғни мал нәжісімен, қанмен, көз жасы, басқа да денеден бөлінетін заттармен сыртқы ортаға жайылады. Мысалы, тыныс алу немесе асқорыту жүйесіндегі құрттардың жұмыртқалары және личинкалары түліктің нәжісі арқылы бөлініп шығады.
Ішқұрт ауруларын анықтау мақсатымен жиі қолданылатын негізгі тәсіл -- гельминтокопрология, гельминтоовоскопия, яғни нәжісті зерттеу. Нәжісті тікелей тік ішектен алған жөн. Әдетте бұл тәсілмен тұтастай гельминттердің өзін, не оның үзігін, бунақтарын табу (гельминтоскопия), гельминт жұмыртқаларын іздеу (гельминтовооскопия), балаңқұрттарын ажырату (гельминтоларвоскопия) болып үш бағытқа жіктеледі
Гельминтоскопия. Жануарлар қай гельминттердің түрлерімен зақымдалғанын аңықтау үшін ең қарапайым әдісін гельминтоскопияны қолданылады. Тірі кездегі гельминтоскопияда бөлінген нәжісте жай көзбен қарап бөлек бөлшектер немесе бүтін паразиттерді табады. Жиналған нәжістерді қаранғы кювертаға салып, оған су құяды, араластырады, содан кейін үлкен емес порцияларды лупаның астында немесе көзбен қарайды.
Суда жүзетін құстарда болатын цестодалардың стробиласы өте жіңішке болады. Сондықтан нәжісті беткі қарағанда, олар көрінбей қалуы мүмкін. Осы мақсатпен зерттелетін нәжісті шыны ыдысқа салып, 10-20 еседей су құю керек, содан кейін жақсылап араластыру керек. Тұнғаннан кейін сұйықтың ұстінгі қабатын төгеді. Осыны тұнба толық жарықтанғанша дейін бірнеше рет қайталайды. Тұнбаны түбі қара немесе ақ кюветтерге төгеді, содан кейін лупа және препаровальді иненің көмегімен паразиттердің үзінділерін немесе бүтін паразиттерді жинайды.
Гельминтоовоскопия. Шаруашылықтарда гельминтоздық жағдайды аңықтау үшін овоскопия әдісін қолданады. Овоскопияның жеңіл және ауырлау әдістері болады. Біріншісіне арнайы аппаратураның қажеті жоқ, ал екіншілерге центрафуга, әр түлрі қосымша құралдар және арнайы реактивтер қажет.
Нативті жұғындының әдісі. Нәжістің сынамасын қарапайым заттық шыныға салады, оған сумен жартылай араласқан глицериннің бір тамшысын қосады. Зерттелетін массаны араластырғаннан кейін, оны жапқыш шынымен жауып, микроскоппен қараймыз. Бұл әдісті зақымдалу қарқыны жоғары болғанда қолдануға болады.
Шөгеру, тұндыру әдісі, яғни нәжісті біртіндеп шаю. Бұл негізінен алғанда сорғыш құрттардың жұмыртқаларын іздестіруге арналған. Ұсақ тұяқтан 3-5 г жас құмалақ, ірі малдан 5 г мөлшерінде нәжіс алынады. Оны арнайы фарфор келішеге (ступка) салып, үстіне шамалы су құйып келісаппен езіп, қойыртпақ дайындайды. Қойыртпақты дәке не темір елеуіш, не капрон сүзгімен астына тосылған кішкене шыны аяққа (капрологиялық стакан) сүзіп құяды. 3-5 минутта тұндырып, тұнбаның бетіндегі сұйықты ептеп төгіп тастап, оның орнына бұрынғы мөлшердегідей етіп су қүяды. Осылай бірнеше рет қайталап шайқағаннан кейін, ыдыс түбіндегі тұнба тазарады. Ақырында бетіндегі мөлдір сұйықты соңғы рет төгіп тастап, шөгіндіні аз мөлшерден құйып алып, микроскоппен зерттейді
Қиын әдістерге флотация жатады. Кейбір таспа және жалпы жұмыр құрттардың жұмыртқаларын табу үшін бірнеше күрделі әдістерді пайдалануға болады. Бұлардың қатарына паразит жұмыртқаларымен қаныққан ерітінділердің меншікті салмақ айырмашылығына негізделген қалқыту немесе флотоциялық (кұрт жұмыртқалары ерітінді бетіне қалқып шығуы) әдісі жатады. . Ал қаныққан ерітінділерді әр түрлі тұздардан жасайды
Фюллеборн әдісі ең тараған болып табылады. Ол үшін қаныққан ас тұзының ерітіндісін (тығыздығы 1,18; 1 л суға 450 г тұз), шыны таяқшалардың және стакандардың жиынтығы және де мақта, марля, металдан жасалған ілмек қажет.
Сынамана стаканға салады, оған аз мөлшерде ерітіндіні қосады, содан кейін жақсылап ысқылайды. Алынған массаға 1:20 ерітіндіні қосады. Оны шыны немесе ағаш таяқпен араластырып, таза ыдысқа метал немесе марля елек арқылы фильтрлейді. 30 - 40 минут тұндырады, жүзіп шыққан жұмыртқаларды ерітінді бетінен ілмекпен жинап, заттық шыныға апарады, жапқыш шынымен жабады және микроскоптың астында зерттейді. Бұл әдісті егер гельминттер жұмыртқаларының салыстырма өлшемі ас тұзының ерітіндісінен төмен болса қолданылады.
Осы әдісті тауықтардың аскаридозы мен гетеракидозында, амидостомоз, трихостронгилез, гангулетеракидоз, гименолепидоз, дрепанидотениоз аурулары суда жүзетіндердің және басқалардың гельминтоздарында қолданады.
Калантарян әдісі Фюлеборн әдісінен айырықша болады, өйткені флотоционды сұйықтық ретінде қаныққан натрии азотының қышқылын қолданады (1:1 натрий азот қышқылы және ыстық су). Оны кристалды көпіршіктер пайда болғанша дейін қайнатады, содан кейін суытады және фильтрациясыз құрғақ бутелкілерге құяды. Зерттуеді Фюлеборн әдісін өткізгендей өткізеді. Ерітіндінің салыстырмалы мөлшері жоғары болса, бұл әдіс дұрысырақ және гельминттердің көп түрін табуға болады. Ол құстардың нематодоздары мен акантоцефалездарында диагноз қою үшін қолданылады.
Дарлинг әдісі қиыстырылған әдістерге жатады және алдынғыларға қарағанда қиынырақ. Нәжістің аз бөлігін жартылай сұйық консистенцияға дейін сумен араластырады, содан кейін центрафуганың түтігіне сүзеді және 2 - 3 минут бойы центрафугтайды. Сосын сұйықтықтың жоғары қабатын төгеді, ал тұнбаға бірдей мөлшерде глицеринді және қаныққан ас тұзының ерітіндісін қосады. Кайта центрафуктағаннан кейін ілмекпен жүзіп шыққан жұмыртқаларды жинап, микроскоппен зерттейді.
Щербовичтің әдісі қаныққан магнезияның күкірт қышқылы ерітіндісінің қолдануымен негізделген (1 л ыстық суға 920 г магнезийдің ерітіндісі). Нәжісті жартылай сұйық консистенцияға дейін сумен араластырады, фильтрациядан кейін массаны 1 - 2 минут центрафугтайды. Сосын тұнба үстіндегі сұйықтықты төгіп, қаныққан магнезий ерітіндісін қосады. Центрафугтағаннан кейін ілмекпен үстінгі қабатын алады және микроскоппен зерттейді. Бұл әдіс нематодалармен қоздырылатын гельминтоздардың көбін диагноздауға көмектеседі.
Демидов әдісінде қалқыту-тұндыру амалдары қарастырылады (қаныққан ас тұзы ерітіндісін пайдаланады). Бұл әдіс, әсіресе сорғыштардың, кейде таспа және жұмыр құрттардың жұмыртқаларын ажыратуға септігін тигізеді.
Вишняускас әдісінде шөгеру-қалқыту тәсілдері қайталанып отырады. Уақ тұяқтылардан 1 г, ірі малдан 3 г нәжіс алып, оны 40-50 мл сумен фарфор келішеде езіп, араластырып, мөлшері 100 мл стаканға сүзеді. Қоймалжынды 5 минут тұндырып, сұйықтың жоғарғы бетін төгіп тастап, ыдыс түбінде қалған көлемі 10 мл тұнбаны тепкіш түтікке құйып, айналдырғыш центрифуга аспабы ұясына орналастырып, минутына 1500 рет айналымда 1 минут айналдырады. Шыны түтік аппараттан алынып, оның үстіңгі бетіндегі сұйық қабатын еппен төгіп, қалған тұнбага мырыш күкірт қышқылының (цинк сульфаты - ZnSO4) қаныққан ерітіндісі құйылып, пробирка қайта толтырылады. Түтік аузы жиектерін жұқа жапқыш шынымен сүйкете бастырғанда ыдыстағы сұйық жапқышқа тұтастай тиіп тұруы шарт. Түтікті екінші рет жарты минут (1500 рет жылдамдықта) айналдырғанда сұйықтағы құрт жұмыртқалары жапқыш шыныға жабысып қалады. Жұқа жапқыш жұмыртқалармен бірге төсеніш шыны үстіне орнатылып микроскоппен зерттеледі. Бұл әдіспен (орындау техникасының сәл қиындығына қарамастан) гельминтгердің барлық түрінің жұмыртқаларын табуға болады.
Гельминтоларвоскопия әдісі нәжістен, т.б. заттардан балаң құрттарды бөліп шығаруға арналған. Бұл әдісті күйіс малының тыныс алу жүйесіндегі нематодалар балаң құрттарын ажырату үшін пайдаланады. Ескеретін жәй тыныс гельминттерінің балаң құрты мал тезегімен сыртқы ортаға түседі. Олар тірісінде ылғи қозғалыста болады. Гельминтоларвоскопиялық әдіс диктиокаулез, мюллериоз, протостронгилидоз және тағы басқа күйiс қайыратындардың асқорыту жолының стронгилятозын балау үшiн қолданады.
Вайда әдісі. Ұсақ күйістінің 2-3 құмалағын төсеніш шыныға (сағаттың қақпақ әйнекшесіне, зертханалық Петри тостағаншасына) орналастырып, әрқайсысына 1 -2 тамшыдан жылымшы су тамызып, 10-20 минут өткен соң, құмалақтарды алып тастап, шыныда қалған сұйықтан қылқұрттың (диктиокаулдың) личинкасын іздейді. Ал простостронгилидтердің балаң құрттарын іздестіру үшін құмалақты қақ жарып, екі түйіршігіне су тамызған соң, оларды 30-40 минут ұстайды.
Берман және Орлов әдiсi. Нәжiс сынамасын (10 г) Берман аппараты воронкасына металл торда немесе марлыда оралған күйiнде салады. Алдын-ала воронкаға бөлме температурасында суды құяды. Сынамамен толтырылған аппаратты бөлме температурасында 3-6 сағатқа қалдырылады. Осы уақытта диктиокаулюс личинкалары сынамадан сұйықтыққа жылжып шығады да, түтiк бойымен пробирка түбiне түседi. Сосын абайлы резеңкелi түтiктен ағытып, жылдам қозғалыспен, тұнбаны араластырмай әр пробиркадағы сұйықтықты тұнбаға дейiн төгiп алады (суды пипеткамен сарып алуға болады). Пробиркаларды штативке қояды. Тұнбаны араластырғаннан кейiн төсенiш шыныға құяды да, кiшi өлшемде микроскоппен қарайды. Нематода личинкалары қозғалмалы, оңай байқалады. Берман аппаратында воронка орнына сынама салатын түбi тiлiнген резеңкелi алмұрт қолдануға болады. Соңдарында гельминтологиялық пробирканы жалғайды немесе Мор қысқышымен жабады.
Котельников, Корчагин, Хренов ұсынған шұғыл тұндыру әдісі. 3-5 г қой не ешкінің жас құмалағын тепкіш шыны түтікке салып, үстінен жылылығы 25-26°С су құяды да айналдырғыш аспабымен (минутына 1000-1500 рет айналымда) 2 минут айналдырады. Қысқашпен түтіктегі құмалақтарды салып, суды тұнбаға дейін төгіп, қалдықты шайқап, төсеніш шыныға оны сілкіп, шыны жапқышпен жауып, микроскоппен қарайды. Төсеніш шыны орнына сағаттың қақпақ әйнекшесін де пайдалануға болады. Бұл тәсілдің диагностикалық тиімділігі 100%, яғни сынама нәжістегі балаң құрттар түгелімен тұтқынға алынады.
Диагностикалық дегельминтизация. Жануардың нактылы қандай іш құрт ауруына тап болғанын гельминтокопрологиялық немесе басқа тәсілдермен диагноз қою қиынға соққанда қолданылады. Бұл үшін әуелі 10-20 шақты малды дәрілейді. Егер бұдан кейін дәріленген малдың жөтелі басылып, іш өтуі тиылып, нәжісімен құрт бөлшектері бөлінсе, ондай сәтте барлық мал емделуге тиіс.
Иммунобиологиялық диагностика малдәрігерлік тәжірибеде әзірге кең қолданылмайды. Бірақ өндіріс-шаруашылық жағдайында гельминтоздарды жедел айқындау үшін өте тиімді тәсіл, себебі мұны қолданғанда бір мезгілде жүздеген, мыңдаған малды тексеруге мүмкіншілік бар. Бұл әдіспен тірі жануар денесіндегі, мысалы ақтық иесі организміндегі нематодалардың жыныс органдары жегілмеген сатыларын немесе аралық иесінің үлпалары мен мүшелерін мекендейтін балаң құрттарды (ларвоцисталарын) анықтауға болады. Атап айтсақ, иммунобиологиялық зертгеулер көмегімен бүгінгі таңда ірі қара мен доңыздың (етқүрт), күйіс малының эхинококкозын (бершімектер), қойдың ңенурозын (айналма), цистацеркозын (жылауық) ажырата аламыз. Малдың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz