Бронхопневмания ауруының белгілері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1. Диспепсия ауруына сипаттама
2.2. Клиникалық белгілері
2.3. Дамуы және ауруды балау
2.4. Емдеу. Сақтандыру шаралары
2.5. Бронхопневмония. Пайда болу себептері мен дамуы
2.6. Патологиялық - анатомиялық өзгерістері және ауру белгілері
2.7. Аурудың емі және балау
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

I Кіріспе
Жас төлдердің ішінде аналық малдың жатырында, ондағы қажетті жағдайлардың бұзылуынан дұрыс өсіп жетілмеген, шала туған төлдер әртүрлі ауруларға жиі шалдығады. Мұндай төлдер ұрықтанғаннан кейін дұрыс күтіп, тамақтандырылмаған, аналық малдардан алынады. Төлдердің жатырда өсіп даму кезі олардың тіршілікке келгеннен кейінгі өсіп жетілуін, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына қарсы тұрып бірден бір анықтайтын кезең. Міне, сондықтанда төлдердің ауруларының алдын алуын, олардың аналық малдың жатырында дұрыс өсіп дамуын қамтамасыз етуден бастау керек.
Төлдердің ауруларының екінші бір ерекшелігі олардың (мүшелерінің) организмінің физиологиялық қызмет атқаруға қалыптасуы үшін белгілі бір уақыт мөлшері (стадия) болуы керек. Сол уақыт аралығында, физиологиялық қызметін дұрыс қалыптасып үлгермеген организм сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төтеп бере алмай, ересек малдарға қарағанда әртүрлі ауруларға жиі шалдыққыш келеді. Ауру өте жылдам барлық организмге тарайды. Сондықтан ондай төлдерді емдеуді аурудың алғашқы белгілері біліне салысымен бастаған жөн. Ол үшін төлдерді бағып, қарайтын адамдар мен мамандарының жаңа туған төлдерге де мұқият көңіл аударғандары жөн.
Аурудың себептерін, өрбіп даму процесін ескере отырып, организмнің ауруға қарсы тұру қабілеттілігін қалыптастыру мақсатымен жан-жақты емдеу тәсілдерін қолданған жағдайда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады.

II Негізгі бөлім
2.1. Диспепсия ауруына сипаттама
Диспепсия - жаңа туған төлдердің азық қорыту және зат алмасу процесінің бұзылып, организмнің құрғауы және улануы салдарынан тез арада пайда болатын ауру.
Бұл аурумен бұзаулар, торайлар жиірек, ал қозылар мен құлындар және боталар сирек ауырады.
Сипаттама: Ұрықтанған буаз аналық малдардың азық мөлшерінде протеиннің, витаминнің, минералдық заттардың жетіспеушілігі болып табылады;
Кейбір шаруашылықтарда буаз сиырларды құнарсыз, құрамында май қышқылдары бар қызылшаның сығындысымен немесе сондай сүрлеммен азықтандырғанда бұзылады, ал шошқаларды, торайларды сапасыз картоппен қоректендіргенде, ал саулық қойларды ұрықтанғаннан кейін және ұрықтың іште дамуы кезінде сапасыз шөппен азықтандырғанда қозыларда жиі кездеседі.
Сонымен қатар уыз сүтті бірінші рет кешіктіріп немесе суыған, ластанған түрде беру, не емшегі қабынған сиырлардың уыз сүтін беру жаңа туған төлдердің осы аурумен ауруларына себепші болады.
Мұндай жағдайларда жаңа туған төлдердің ішектеріндегі керекті, пайдасы бар микрофлораның құрылу процесі бұзылады.
Жаңа туған төлдердің сызды,суық бөлмелерде болып тоңазуы немесе жаздың ыстық кездерінде далада көлеңкесіз күн астында қалуы олардың ауруға шалдығуына әсер етеді.
2.2. Аурудың клиникалық белгілері үш сатыда өтеді.
1)Бұзау азыққа селсоқ қарайды,жалпы күйі нашарлайды.Іші өтеді,нәжісі сұйықтау,кейде сұйық болады.Оның түсі сарғыш,өткір иісті,жабысқы аралас келеді.
2)Ауру белгілері 3-5 күнде жақсы білінеді. Ауру жіті түрде өтеді.Төлдің жалпы жағдай нашарлап, сүт ішпей қояды.Іші қатты өтеді.Біртіндеп организм уланып, көз жанары мұнартып көзі шүңірейіп кетеді.Төл денесінің суы азайып,тез арықтайды,жата бергіш келеді.
3)Төлдің іші тоқтаусыз өтеді.Жүрек, бүйрек қызметі нашарлап, ауру төл орнынан тұра алмайтын халге жетеді.дер кезінде емделмесе төл шығынға ұшырайды
2.3. Дамуы. Жаңа туған төлдерді қоректендірудегі кездесетін қателіктер олардың организмінде уыз сүттің ыдырау процесінің бұзылуына, ал жас организмнің салқындап, не ыстықтап тұруы ішек жиырылуы процесінің бұзылуына әкеп соғады.
Организмде судың жетіспеушілігі ас қорыту бездерінің секрецияларының төмендеуіне, қарын мен ішектегі сүт және басқа қоректік заттардың химиялық алмасуына бірден бір әсерін тигізетін ферменттердің түзілуі процесінің бұзылуына әсер етеді.
Бұзауларға уыз сүтін шелектен беру немесе беру мезгілін сақтамау олардың берілген уызды қомағайлана, көп бөлшекпен қабылдауына әкеп соңады. Мұндай жағдайда уыз сүт қажетті мөлшерде сілекеймен араласа алмайды да, өңеш науасына келіп тығыздалады. Оны кеңейтіп созып, одан асып әлі жетілмеген, өз қызметін атқарауға дайын емес алдыңғы қарыншаларға келіп туседі. Онда шіру процесі басталады,сонымен қатар шала қортылған заттар, ащы ішекте ондағы ас қорыту процесінің бұзылуын туғызады.
Уыз сүтте қарын ферменттерінің әсерлері жеткіліксіз болады да, ащы ішекке түскен ас қалдығының одан әрі ыдырау,сіңу процестері бұзылады. Соның салдарынан іштің өтуі пайда болады.
Ішектің ауруға қарсы тұру қабілеті бұзылады, бауырдың қанға түскен зиянды заттарды зарарсыздандыру қабілеті нашарлайды. Бұл өзгерістер организмде улы заттардың көпткеп жиналуына әкеп соғады.
Олардың әсерінен ОЖЖ - нің қызметі бұзылап, қозғалуы нашарлап жатып қалады, сіңірі тартылып, тыныштала алмайды.
Жай диспепсияда ас қорытылуынан басқа, мал организмде айтарлықтай терең өзгерістер байқалмайды, дене қызуы қалыпты, іш өтуі жиі - жиі болып тұрады;
Токсикалық диспепсияда ауру мал азық қабылдамайды, тоқтатылмайтын іш өту, организмнің улануы және сусыздануы, ауру малдың жалпы жағдайы нашарлайды. Іш өтуі тұрақты үнемі болып тұрады. Нәжіс өте сұйық, сасық иісті, қышқыл - сары немесе жасыл сары түсті.
Ауру малдар организмінің тез улануы болады. Олардың жалпы күйлері нашарлап, бұлшық еттерінде діріл пайда болады, тері сыртынан сезімталдылығы азайып, малдың бағытты жүрісі бұзылады, организмнің сусыздануы байқалады, дене қызу әртүрлі болады, жүрек қызметі бұзылады.
Өлер алдында жатқан малда қозғалыс болмайды. Олардың басы артқа қарай қайырылып, тыныс алуы үздіксіз болып, ауырлапғ артқы саңылаудан еріксізден су сияқты зат бөлініп жатады. Құлақтары мен аяқтары суып қалады.
Балау. Ауруға диагноз қою үшін алдымен төлдер мен аналық малдарды қандай жағдайда күтіп бағатындарына, қалай және немен азықтандырғанына талдау жасау керек. Содан кейін аурудың белгілерін анықтап, өлген мал бар болса өлекседегі өзгерістерді тексеріп, бактериологиялық әдіспен зерттеу жүргізеді.
2.4. Емдеу. Бұзаулар жасына, аурудың пайда болу мерзіміне және тірілей дене саламғына қарай таңдалынып, топтастырылды. Барлық үш топтағы бұзауларды күтіп-бағу жағдайлары мен азықтандыру принципі бердей болды. I-ші топтағы диспепсия ауруына шалдыққан бұзауларға келесідей емдік іс-шаралар жүргізілді: 2 л суға 75 г Редиарды езіп күніне 2 рет ішке енгізу;бұлшықетке фармазин-50 препаратын тәулігіне 5 мл мөлшерінде енгізу; жасанды асқазан сөлін ішке сүтпен (уызбен) азықтандыруға дейін 10-15 минут қалғанда 50 мл мөлшерінде. II-ші топтағы бұзауларға көрсетілген емдік курсы: В.В. Мосин бойынша плевра үсті новокаинды блокадасын қою; Монклавит-1 препаратын бірінші күні 90 мл дозасында бір рет, ал келесі күндері, яғни толық сауыққанға дейін тәулігіне 2 рет 40 мл-ден ішкізеді; емен қабығынан жасалған қайнатпаны (1:10) ішке, күніне 3 рет азықтандырудан 30 минут бұрын 250 мл мөлшерінде беру.
Кешенді түрде жүргілізеді. Ол үшін малдың күтімін, азықтандыруын жақсартумен қатар патогенетикалық, симптоматикалық және диеталық емдеу әдістерін белгілі мөлшерде жан - жақты пайдалану қажет.
Ауру малдарға ашығу диетасын тағайындайды. Бұзауларға 6-12 сағ., қозылар мен торайларға 4-6 сағ.
Ас қорыту процесін қалыпты жағдайға келтіру үшін 30- 50 мл табиғи қарын сөлін және сондай мөлшерде қайнаған сумен араластырып азықтандырудан 10-15 мин бұрын береді.
Ішектегі шіру процесін тоқтауы үшін әртүрлі антибиотиктер қолданылады (тетрациклин,биомицин , синтомицин т.б.)
Ауру малдарда емдеу үшін сульфаниламидтерді де қолдануға болады.
Жүрек қызметін қалыптастыру үшін ауру бұзауларға
20 % - дық камфора майын 2-3 мл мөлшерінде немесе 25% кордиамин ертіндісін 1 - 2 мл мөлшерінде, тәулігіне 1 - 2 рет терінің астына жіберіп емдейді.
Зат алмасуын қалыптастыру үшін майлы ерітінді түрінде витаминдер ( ретинол, эргокальциферол), сүрлем немесе сәбіз сөлін, қылқан жапырақты өсімдіктердің тұндырмасын, шөптің тұндырмасын береді. Ауру малдың денесін, әсіресе қарын жағын жылылап, соллюкс шамын қолданады.
Сақтандыру шаралары. Жаңа туған төлге ең бірінші рет берілетін уыздың неғұрлым ертерек берілуінің маңызы зор.
Жаңа туған төлдерді ұстайтын жердің санитарлы - зоогигиеналық жағдайын дұрыстап шешу керек. Жаңа туған бұзауларды, қозыларды, құлындарды қабылдағаннан кейін оларды кептірып, жылыту керек. Азық беретін, су ішетін ыдыстарының тазалығын қадағалау керек.

2.5. Бронхопневмония - бронхылар мен өкпенің қабынуы (катаральді қабыну, ошақты қабыну, нақтыланбаған қабыну). Бұл бронхылардың куыстарына катаральді экссудаттың толуымен сипатталатын дерт. Бронхопневмониямен көбінесе төлдер және бордақыда тұрған жас мал ауырады.
Малдың бронхопневмониясы - барлық мал шараушылықтарында кең тараған дерт. Бұл ауру республика ауыл шаруашылығына бірталай экономикалық нұқсаны келтiрiлетiні мәлім. Тыныстану жүйесінің аурулары, соның ішінде пневмониялар, бронхиттер және бронхопневмониялар барлық шаруашылықтарда кеңінен таралған, олардың емі және алдын алу шаралары ветеринария саласының өзекті мәселелері болып табылады.
Бронхопневмония пайда болу себептері мен дамуы. Төлдерді бронхопневмонияға ұшырататын себептер әр қилы. Ең негізгісі - аналық буаз малға берілетін азықтардың құнарсыз және сапасыз болуы ( белок, углевод, витамин және басқа минералдық тұздардың жетіспеуі), қышқылды азықтардың (сүрлем, борда, жем) басым болуы, күтудің нашарлығы ( қора тарлығы, ішінің лас, суық, дымқыл болуы ), серуендетудің аздығы болып табылады. Айтылған жайлар әсерінен төл ана құрсағында нашар жетіледі де, әлсіз болып туады.
Ендігі бір қолайсыз жағдай-буаз мал төлдейтін және жаңа туған төлдер тұратын профилакторийдің ластығы, микроклиматының нашарлығы,оларды азықтандыратын ыдыстардың таза болмауы да күрделі әсер етеді.Ауруға шалдығудың тағы бір себебі-төл өсіру техналогиясындағы олқылық,олар:бұзауға уызды не сүтті мезгілінде ішкізбеу,азықтың құнарсыздығы, ультракүлгін сәулелердің тапшылығы, серуенге шығармау, төл рационының салмағына, жасына сай болмауы т.б жайлар. Шаруашылықтарда осы себептердің барлығы бірдей немесе әр түрлі дәрежеде орын алуы мүмкін.
Бронхопневмония көп себепті ауру деп есептелінеді. Ол организмге бірнеше қолайсыз жағдайлардың (стресстер) бір мезгілде әсер етіп, оның табиғи төзімділігін әлсіретуінен пайда болады. Бронхитті тудыратын себептердің барлығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бронхопневмания ауруын балау, амі профилактикасы
Шошқа аскаридозы
Бронхопневмания ауруы
Аурудың жалпы сипаттамасы
Қанды зерттеудің клиникалық маңызы
Ветеринариядағы бронхит, өкпе гиперемиясы мен ісігі, бронхопневмония мен крупозды пневмонияны емдеу
Емдеу әдістері
Зәр шығару жүйесі туралы түсінік
Жоба тапсырмасын жасау
Қанның физикалық қасиеттері
Пәндер