Шығыстар есебінің шоттары
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017 жылғы 12 сәуірдегі Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында елбасымыз: Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады,- деп атап өтті. [1]
Бүгінгі таңда кез келген кәсіпорынның басты міндеті оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бұл әрине бәсекелік күрестің қатандығы мен сыртқы ресурстарының шектелуімен байланысты. Бұл жағдай бизнестің даму мүмкіндігінін шектелуіне, жаңа нарықтарға шыға алмауының нәтижесінде бәсекеге қабілеттілігінің нашарлауына алып келеді. Осындай жағдайда қоршаған ортада болып жатқан келеңсіз жағдайларға жауап бере алатындай, өзі реттеп отыра алатын бизнес жүйесін құру қажеттігі туады.
Бюджеттеу экономикалық басқару жүйесін қалыптастырудың бірінші кезеңі болып табылады. Бұл кәсіпорынның ресурстарының және қаржылық ағымдарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсеке қабілеттілікті арттыруға жол ашады. Ерекше атап өту керек бюджеттеу, нәтижесінде бәсеке қабілеттілікті арттыратын, кәсіпорынның экономикалық үдерістерін біріктіруге бағытталған барлық шаруашылық операцияларын стратегиялық және оперативтік басқарудың арасындағы байланыстырушы маңызды звено болып табылады. Сонымен мемлекеттің қаржы- экономикалық жүйесін құрайтын әр түрлі құрылымдар үшін бюджеттеудің қажеттілігі туындайды, және осы арқылы таңдап алынған тақырыптың өзектілігі анықталды.
Нарықтың даму жағдайында, бизнестің бәсекеге қабілеттілігі кезінде,тауарөндіруші кәсіпкер тек қана дағдарыстан аман қалуды ойламай, пайда табуды жоспарлау қажет. Мұндай жағдай бизнесінің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіпкер өнім өндірудегі бағытын анықтап, фирманың қандай деңгейге жетуін қалайтынын жоспарлауға міндеттә. Қазіргі таңда бізге бюджетті жетілдіру елесі өзекті мәселе болып отыр, өйткені ол отандық кәсіпорындардың қаржы- шаруашылық қызметін жоспарлау ерекшеліктерін ескере отырып шешім қабылдауға және бухгалтерлік есеп қағидалары мен әдістерін тікелей байланыстыра отырып , компанияның экономикалық нәтижесін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл бюджеттеу тәртібін жетілдірудің маңызды мәселерінің бірі болып табылады. Басқарушылық шешімдерді қабылдауда ұйыммен әзірленген бюджет маңызды рөл атқарады.
Курстық жұмыстың мақсаты- ұйымның кірістері мен шығыстарын бақылау және бюджеттеуді қарастыру.
Осы қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:
- кірістер мен шығыстар туралы жалпы түсінікті айқындау;
- бюджет мәнін және оның түрлерін қарастыру;
- ЭлектроМонтаж ЖШС- нің бюджетін жоспарлау;
- ЭлектроМонтаж ЖШС- нің кірістері мен шығыстарын бақылау;
- қаржылық көрсеткіштер негізінде ауытқуларды талдау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - ЭлектроМонтаж ЖШС жөңдеу- құрылыстық цехі. Кәсіпорын өндірістегі цехтарды жөндеумен және қызмет көрсетуші шаруашылықтарға арналған құрылыс жұмыстарымен айналысады. Прожекторлар электр жарығын орнату үшін кабель және резисивті провод қолданылады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі бюджетті болжау саласындағы еңбек еткен шетел және отандық экономистердің жұмыстары, заңнамалық құжаттар болып табылады.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы бюджеттік жоспарлаудың сапасын бағалауға, бюджет қаражаттарын басқару жауапкершілігін нығайтуға және шығындарды қаржыландырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы. Курстық жұмыстың теориялық мәні мен оның нәтижесінде өндірістік кәсіпорында бюджет есебін ұйымдастыру бойынша басқару есебінің жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік базасын кеңейтеді және тереңдетеді
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде жұмыстың мақсаттары мен міндеттері айқындалады.
Бірінші бөлім кірістер мен шығыстар туралы жалпы түсінігі және бюджеттің мәні мен түрлері қарастырылған.
Екінші бөлімде бюджет кірістері мен шығыстарын жоспарлау үдерісі талданып, ЭлектроМонтаж ЖШС-нің қаржылық көрсеткіштері негізінде ауытқуларды талдау жүргізілген.
1 Кірістер мен шығыстарды бюджеттеудің теориялық негіздері
1.1 Кірістердің мәні және кәсіпорын қызметіндегі рөлі
Кіріс- белгілі бір уақыт аралығы ішінде кәсіпорынның тауарлар жасау мен қызмет көрсетуінің динамикалық процесі.
Кірістер ұйымның өмір сүру көзі болып табылады. Кіріссіз пайда жоқ, пайдасыз кәсіпорын жоқ. Сондықтан да әрбір кәсіпорынның шаруашылық процесіндегі негізгі мақсаты- табыс табу болып табылады. Табыс - төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражаттарының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді. Яғни, кірістер (табыс) - есептік кезең ішінде экономикалық пайданың көбеюі немесе активтердің ұлғаюы, міндеттемелердің азаюы. Алайда құрылтайшылардың салымдары кәсіпорынға табыс болып саналмайды. Кәсіпорын табысының негізгі функциялары:
- ол мемлекеттік бюджеттің табыстарының көзі болып табылады;
- ол кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі.
Табысқа тез қол жеткізу үшін кәсіпорын өз әрекетінің өрісінде төмеңгі қағидаларды басшылыққа алу қажет:
- бір өнімге, не қызметке монополиясының болуы;
- экономикалық циклдың кезеңдеріне бизнестің өсуі тәуелсіз болуы қажет, яғни өндірістің құлдырау уақытында фирманың айналымы өсуін тоқтатпайды;
- кәсіпорын өз кірісін өнімді өткізуд
ен алса, коммерциялық табысқа жету үшін сатылатын тауардан алынатын пайданың үлесі жоғары болады;
- кәсіпорынның пайда мөлшері және тапсырманың өсу қарқыны әрқашан жоғары болып, өнімге қайталап берілетін тапсырма мол болу қажет;
- кәсіпорын баяндамалар мен биржаның операвтивтік есептерінде аз жазылатын бизнес өрісінде қызмет істеуі қажет;
- кәсіпорын өз шаруашылық әрекетіне, менеджерлердің қабілетіне тәуелді өрісті таңдауы қажет;
Нарықтық экономикада кәсіпорын кірісінің рөлі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде кірістер бірқатар маңызды функцияларды атқарады.
Біріншеден, кіріс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. Басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның кірістілігі деген деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда, бұл көрсеткіш кәсіпорын иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы жағдайдың дәлелі бола алама? Әрине жоқ, себебі кәсіпорынға кез-келген бір кіріс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері қажет. Кіріс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері кәсіпорынның қолынан келмейтін шаралар болып табылады.
Екіншіден, кіріс ынталандырушы функция қызметін атқарады. Кәсіпорындардың қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, кіріс нарықтық шаруашылық өмірде шешуші рөл атқарады. Кіріс кәсіпорынның басты мақсаты деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің игіліктерге ұласуы кірістің мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне байланысты.
Кіріс-меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын кіріс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивиденттік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.
Нарықтық экономикада кіріс-өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғушы күші болып табылады.
Тағы да айта кететін жағдай кіріс - кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып табылады. Салықтарды, дивидендтерді және де басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалатын кіріс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.
Үшіншіден, кіріс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Кіріс мемлекеттік бюджет қазынасы салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде кездеседі. Бұл қаражаттар,өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген мақсаттарына бағытталады.
Сонымен кәсіпорынның кірісі - оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл қорытынды кәсіпкерлік қызметтің түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі заманғы батыстық экономика ғалымдары кәсіпорындардың мақсаттарын келесідей тәртіппен тұжырымдайды:
-акционерлік меншікті арттыру;
- кірісті арттыру;
-басқарушылық сыйақыларды арттыру;
- әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.
Кәсіпорын кірісінің қалыптасуы және оның орналастырылуы (үлестірілуі, пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады. Кәсіпорынның жалпы кірісі оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған кірістерінің жиынтығынан қалыптасады.
Жалпы кірістың құрамында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған кірістері кіреді. Бірінші кезекте жалпы кіріс өнімді өткізуден, яғни негізгі қызметтен алынған кірісті қамтиды. Бұл кіріс жалпы өнімді өткізуден түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді өнімді өндіруге, өткізуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.
Екіншіден, жалпы кірістің құрамына тауарлық емес өнімдерді сатудан алынған кіріс, яғни кәсіпорынның балансында есептелетін қосалқы өзгерістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің, көлік шаруашылығының және басқа да шаруашылықтардың) кірістері кіреді.
Үшіншіден, жалпы кірістің құрамына негізгі қорларды және өзге де мүліктерді сатудан түскен кіріс кіреді.
Сондай-ақ, жалпы кіріс өткізілімнен тыс алынған кірістер мен шығындарды, яғни тауар немесе қандай да бір активті сатудан тыс операциялардың нәтижесін қамтиды.
Кәсіпорынның қарамағында қалатын жалпы кіріс әрі қарай үлестіру объектісі ретінде қарастырылады. Оны үлестіруді кірістің бір бөлігін мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге, ал қалған бөлігін кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау деп түсінуге болады. Кірісті үлестіру заңдылығы-салықтар мен басқа да міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі. Содан кейін қалатын кірісті үлестірудің бағытына анықтау кәсіпорынның құзыретіне жатады.
Кірісты үлестірудің негізгі принціптері келесілер:
- кәсіпорынның өндірістік -шаруашылық, қаржылық және инвестициялық қызметтерден алынған кірісі шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорын арасында бөлінеді;
- мемлекет қазынасына түсетін кірістің бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі. Салықтардың құрамы,мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде бегіленеді;
-салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын кіріс мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек.
Қорыта келе, кіріс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын рөлі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының жалпы әлеуметтік- экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорын табысы іскерлік белсенділіктің дәрежесін және қаражаттың жетістігін сипаттайды.
1.2 Шығындар және шығыстар туралы ұғым, олардың классификациясы
Өндірістегі жұмыстарды орындауға қатысты активтердің азаюы немесе міндеттердің көбею процесі шығындар ұғымына кіреді. Фирманың жұмсаған ақшалай шығыны өндірілген өнімнің өзіндік құны болып табылады.
Шығындар мен шығыстар бір бірімен теңдестіруге болмайды. Қазіргі замаң талабына сай шығындарды жіктеу мен бөлудің жолы төмендегідей суретке сай бөлінеді. (1 сурет)
Шығындар есебін жүргізу шоттары
Өнім өндіру (жұмыс пен қызмет) шығындары
Өндірістік есептің
8 бөлімі (ш.ү.ж.)
Шығындар есебінің шоттары:
8100-8410
Фирма шығындары
Шығыстар есебінің шоттары
Табыс есебінен фирма шығыстары
7 бөлім
Шығыс
Кіші бөлімдер:
7000
Шығыстар есебінің шоттары: 7000- 7710
Сурет 1 - Тұтыну шығындарын жіктеу
Шығыстар- ағымдағы есептік кезеңге жататын тұтынубаптары. Ағымдағы уақыт кезеңіндегі табыс табу үшін жұмсалған ресурстарды шығыстар деп атауға болады.
Қаржылық есептілік стандарттары бойынша есепті кезеңде табыстың есебінен шығысқа шыққан немесе пайдаланылған активтерді, сонымен қатар, капиталдың азаюына әкелетін міндеттемелердің пайда болуын шығыстар деп атайды,оған қатысушылар (құрылтайшылар) арасында бөлінетін капитал кірмейді.
Фирманың шығыстары- олар, сатылған өнімнің өзіндік құны, өнімді сатуға кеткен шығыстар, әкімшілік шығыстары, қаржыландыруға жұмсалған шығыстар, ұйым залалы ішіндегі үлестер, корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар, басқа да шығыстар.
Стандартқа сәйкес, өнімнің (жұмыс пен қызметтің ) өндірістік құнына қосылмайтын шығыстар, есепті кезеңнің шығыстары болып танылады, олар:
- қорларды сату бойынша шығыстар;
- фирманы (ұйымды) басқаруға байланысты әкімшілік шығыстары;
- қаржылық жалдау бойынша төленетін пайыздық шығыстар;
- қаржылық инструменттердің өзгеруінен пайда болған шығыстар;
- активтердің есептен шығарылуына қатысты шығыстар;
- активтердің құнсыздануы бойынша шығыстар;
- бағам айырмасы бойынша шығыстар;
- резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар;
- операциялық жалдау бойынша шығыстар және т.б.
Зиянды шығыстар:
- өндірістік қорлар бағасы арзандауының шығыстары;
- жұмыссыз тұру, айыппұл, үстемақы ,тұрақсыз;
- кінәлі тұлға анықталмаған кездегі шығыстар;
- сот, арбитраждық шығыстар;
- тоқтатылған күрделі құрылыс объектілерін және негізгі құралдарды ұстау бойынша шығыстар;
- күрделі қарыздар сомасы;
- дебиторлық берешектерді есептен шығарудан келген зиян.
Қазіргі замаңда нарықтық жағдайға байланысты фирманың Есеп саясатын жасау кезінде, өнім өндірудің шығындар есебіне жүргізу саласына қатысты объектілер бойынша шығындар есебін жүргізу саласына қатысты объектілер бойынша шығындар есебін бизнес- жоспарды ескере отырып ұйымдастыру қажет. Нақты шығындардың жұмсалуымен қатар, ескерілмеген шығындары, өндірістік процестерді цехтар бойынша экономикалық тетіктер арқылы, дәлірек айтқанда цифрларды цифрларды негізге ала отырып бақылау үшін бизнес- жоспар жасалынады. Бұл уақыт талабына сай, нарықтық экономиканың қалыптасуына орай, өнім өндірудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, өндірістік шығындарды азайту, табыс табу мен оны көбейту жолдарын іздестіру мақсатында іске асырылады.
Өнім өндірудің (жұмыс, қызмет) шығындар есебін ұйымдастыру, өндіріс тиімділігі көрсеткіштерінің бірі ретінде, өнімді өндіру, өңдеу мен өткізу фирма үшін қаншалықты сомаға түсетінін көрсетеді.
Өндірістік шығындар- өнімдерді, тауарларды (атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет) дайындауға кеткен нақтылы және қоғамдық еңбек шығындарының жиынтығы деп айту қабылданған.Өнім өндірісімен байланысты шығындар өзінің құрамы жағынан да, экономикалық мазмұны жағынан да, өнім өндірісіндегі рөлі мен өнімнің өзіндік құнына енгізілу тәсілі бойынша біртекті (бірыңғай) емес. Сондықтан шығындарды әртүрлі белгілері бойынша топтастырады. Шығындардың негізгі классификациясы төмендегідей. (1- кесте).
Кесте 1
Шығындардың жіктелуі
Классификация (жіктелу) белгілері
Шығындардың бөлінуі
1. Өндіріс процесіндегі экономикалық белгілері бойынша
Негізгі және қосымша
2. Құрамының бірыңғайлығы бойынша
Бір элементті және кешенді
3. Өндіріс көлеміне қатыстылығына байланысты
Айнымалы және тұрақты
4. Жеке өнім түрлерінің өзіндің құнына енгізілу тәсілі бойынша
Тікелей және жанама
5. Пайда болу кезеңділігі бойынша
Ағымдағы және бір жолғы
6. Өндіріс процесіне қатысуы бойынша
Өндірістік және өндірістік емес
7. Шығын шығарудың мақсатқа лайықтылығы (тиімділігі) бойынша
Өнімді және өнімсіз
8. Жоспарды қамту мүмкіндігі бойынша
Жоспарланған және жоспарланбаған
Басқару есебінде шығындар жіктемесінің мақсаты басшыларға дұрыс, негізделген шешім қабылдауға көмектесу. Сол себепті шығындар жіктемесі процесінің мәні- бұл шығындардың басшылар әсер ете алатын бөлігін бөліп көрсету. Басқару есебі көздеген мақсаттарына өзінің функциялары арқылы жетуге бағытталған. Әрбір функцияның өз бағыты, мақсаты, міндеті, сонымен қатар, оларға қол жеткізудің өзіндік әдіс- тәсілдері бар.
Қорытындылай, шығындарды жіктеудің таңдалған бағыты шығыстарды пайда болған жерлерінде бір шектен шығармауға, кәсіпорын қызметі бойынша шығындардың мазмұның ашуға мүмкіндік береді және оларды өнім түрлеріне де, өндірістік шығыстарға да, жұмыс күшін ұстауға да және т.б. бөлу мен қайта бөлу мүмкіндіктерін жасайды.
1.3 Бюджет мәні және түрлері
Батыс елдерінің басқарушы есебінде кездесетін "бюджет" термині біздегі "смета" терминіне жақын ұғым екенінде дау жоқ. Кейде басқарушы есебіндегі "бюджет" ұғымын "жоспар" ұғымының синонимі ретінде пайдаланады.
Бюджет - жорамалданған әрекеттерді орындауға дейін жасалатын қаржылық құжат болып табылады. Осы әрекет болашақ қаржылық операцияның болжамы ретінде саналып, содан соң ол бюджеттеу кезеңіне өтеді. Басқару есебіндегі бюджеттеуді жоспарлау процесі деп түсіндіріледі. Жоспарлау процессі бақылау процесімен тығыз байланысты. Жоспарлау мен бақылау ұйымды басқарудың ең қажет атрибуттары болып табылады.
Бұл кезде басқару деп белгіленген жоспарға сәйкес, ұйымның өз мақсатына жету үшін жасалатын қызметтің қамтамасыз етілгенін айтады. Басқарудың кейбір жекелеген түрлерін, яғни олардың нақты мазмұндылық қызметін практиктер мен теоретиктер әртүрлі бағалайды.
Жалпы алғанда шешім қабылдау процесін, еркін қалыптасатын процесс іспеттес,болашақпен байланысты жасалатын жоспарлау процессі ретінде қарастыруға болады.Осыдан, жоспарлауды кең мағынада қарастырсақ,онда ол болашақтағы оқиғалармен байланысты болатын басқарушылық шешімдерін жүйелі түрде дайындау негізінде қабылданатындығын білдіреді,ал оны шұғыл мағынада ұғынатын болсақ,онда ол болашақтағы оқиғаларды анықтаумен байланысты, тек ағымдағы шаралардың болашақтағы шешімдерімен үлесімді дайындалғанын көрсетеді.
Жоспарлаудың басты мағынасы ол жұмыстың тиімділігі мен өнімділігін арттырудан тұрады,ал олар өз кезегінде мыналар арқылы жүзеге асырылады:
- ұйымдағы барлық оқиғаларды үйлестіру және мақсатты бағдарлау;
- тәуекелділікті анықтау және олардың деңгейін төмендету;
- бөлшектеу, демек соның арқасында процестерді оңайлату;
- өзгеріске бейімдеу,икемділігін арттыру.
Сондықтан біз бюджетті басқаруды интеграция мен координация тұрғысынан қарастырамыз. Координация - бұл белгіленген мақсаттарға жету үшін ұйымның функциональды бөлімшелері мен цехтары бойынша, өндірістің барлық факторларын теңгеру және олардың қолайлы жағдайын тауып алу. Координация тұжырымдамасының байымдауынша, мысалы,жабдықтау бөлімі өзінің жоспарларын өндірістік қажеттіліктермен интеграциялайды, ал өндірісті басқару бөлімі болса,олар құрал-жабдықтардың пайдалануын және персоналдардың тұтынуын жоспарлау үшін сату бюджетімен байланыстырады. Ұйым басшыларының мүдделері менеджерлердің мүдделерімен қақтығыспауын қадағалап отырады. Өйткені, жоспарлау жүйесі жаңа көкжиектерді түсінуге және өндірісті ұлғайтуға, сәтсіздіктерден сақтануға көмектеседі. Одан басқа да, бюджеттелетін қызметтер ұйымның тұтас жылдық циклін қамтуы мүмкін, бұл жерде басшы жаңа жылдың бюджетін үйлестіреді және талқылайды, содан соң ұйым ішіндегі әртүрлі бөлімдердің, топтардың және цехтардың нақты өнімділік көрсеткіштерін қадағалайды.Бұл жыл сайынғы қайталанатын процестің жиынтық шоттары емес,керісінше, ақша қаражаттарының қозғалысын және міндеттемелерге тиесілі тоқсан сайын,тіптен ай сайын қажет бюджеттерін жасауға бағытталған іс-әрекеті.Демек,жоспарлау ұйымды басқарудың бірінші кезектегі технологиясы. Бюджеттеу процесі ұйымда мынадай ретінде қолданылады:
1.Потенциалды нарықтық мүмкіндіктер тұрғысынан ұйымдардың пайдаланған ресурстарын жоспарлау әдісі;
2. Болжау бойынша ұйымның қызметін үнемі және жүйелі қадағалап отыратын құралы (негізінен бұл болжау бюджеттің жоспарлық аспектісімен үйлестіріліп жасалады);
3. Ұйымның ішкі әр түрлі топтарының қызметін бақылау құралы;
4.Ұйымның мақсатына жетуге арналған жергілікті жердегі басшыларды ұмтылдыратын желісі;
5.Жоғарыдағы басшымен субъект ішіндегі басқа да мүдделі топтардың ынталары мен ұмтылыстарын байланыстыратын құралы;
6.Ұйым ішінде әртүрлі мүдделі топтардың арасындағы қақтығыстарды шешетін құралы;
Осы алты алғы шарттардан шығындардың жіктемесі сияқты, бюджеттеу де басқарудың әртүрлі мақсаттарына жауап беретіндігін түсінуге болады.
Осы алты негізі себептерді зерттей келе, яғни ондағы бюджеттеудің көрініс табуы,келесідей әрекеттердің пайда болуымен,атап айтсақ: өндірістің жоспарлануын жөнге қою үшін технологияларды ірікеу процесімен; қажет инвестицияның деңгейін белгілеумен және ұйым қаржыландырудың нысандармен байланысты.
Ұйымдағы бюджеттің жасалу процесін бюджеттік цикл деп атайды және ол мына кезеңдерден тұрады:
- жалпы ұйымның және құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жоспарлау;
- шаруашылық қызметті бағалау кезінде пайдаланатын көрсеткіштерді анықтау;
- жаңа оқиғалардың пайда болуына байланысты,жоспарға енетін өзгерістерді талқылау;
- ұсынылған түзетулерді ескере отырып жоспарларды түзету.
Бюджеттер кең мағынада екі негізгі бөліктен тұрады: ағымдағы бюджеттер, яғни ұйымның өндірістік қызметін көрсететін бюджет, қаржылық есеп берудің болжамын көрсететін қаржылық жоспар.
Негізінде өндіріс процесі жаңа өнім шығаруға арналған.Бұл процесте жұмысшылар еңбегімен еңбек құралын пайдаланып, еңбек заттарынан жаңа өнім шығарады. Өндіріс процесінде экономикалық тұлға - ол адам еңбегі, еңбек құрал-жабдығы шығыны, еңбек материалдары қосылып жаңа өндіріс шығынын құрайды. Бұл экономикалық элементтердің нақты нұсқасы жаңа өнім шығыны ретінде үш түрге бөлінеді. Олар - жұмысшылар еңбек ақысы, өндіріс материалдарының құны және өндіріс процесіне қатысатын еңбек құралдарының амортизациясы.
Өндіріс процесіне қатысты бұл шығындарды өндірістің негізгі немесе тікелей шығындары деп атайды. Бұл шығындардан басқа өндіріс процесінде қосалқы шығындар болады, оларды өндірісті басқару және өндіріске қызмет ету шығындары деп аталады.Өз кезегінде, осы өндіріс процесінің қосалқы шығындары күрделі екі топқа бөлінеді: жалпы өндіріс шығыны және жалпы шаруашылық шығыны болып табылады.
Ал енді, осы өндіріс процесіне қатысты шығындардың бәрі қосылып өндіріс өнімінің нақты өзіндік құнын құрайды.Немесе осы шығындардың қорытындысының жиынтығын жаңа өнімнің өндірістік өзіндік құны деп атайды.
Өндіріс процесінің ең соңғы нәтижесі ол жаңа өнім.
Операциялық бюджет - ұйымның шаруашылық қызметінің арнайы техникалық - экономикалық көрсеткіштері арқылы баяндалады, онда оның сатып алынатын материалдық ресурстарының бағасы, сатылатын өнімнің бағасы, өнімді сатудың көлемі, өндіріс көлемі,өндірістік - шаруашылық қызметінің кезеңі және басқа да жекелеген жақтары сипатталады.
Операциялық бюджет келесідей жоспарлы құжаттардан тұрады:
1. Сату бюджеті;
2. Өндіріс бюджеті;
3. Тікелей материалдық шығындардың бюджеті;
4. Тікелей материалдық ресурстарды сатып алудың жоспары;
5. Тікелей еңбек шығындарының сметасы;
6. Жоспарлы кезең аяғына қалатын өндірістік және тауарлы қорлардың жоспары;
7. Сатылған өнімнің өзіндік құнындағы тікелей және үстеме шығындардың сметасы;
8. Сатылған өнімнің өзіндік құнындағы жалпы әкімшілік шығындарының сметасы;
9. Операциялық қаржылық нәтижесінің жиынтық есебі.
Бюджеттің атқаратын қызметі (функциясы) бақылау мен бағалаудың құралы ретінде, ол нақты көрсеткіштерді болжамдық көрсеткіштермен салыстырғанда ғана шаруашылық етуші субьектісінің қызметін аша түседі.
Бюджеттік бақылау үш сатыдан тұрады:
- жоспарлауға әзірлеу;
- жоспарлау;
- бақылау.
Жоспарлауға әзірлеу- жеке келіссөздер мен талқылауларды талап ететін процестің аса маңызды бөлігі. Фирманың мақсаттары мен саясаты бастан- аяқ баян етілуі керек, өйткені әр түрлі ұйымдардың мақсаттары әр қилы болады.
Жоспарлау процесі шектеуші факторларды іріктеуден басталады. Көптеген кәсіпорындар үшін бұл бәсеке аумағы мен клиент санын қоса ескеріп нақты қол жеткізуге болатын сату көлемі болуы мүмкін. Бәлкім, бұл болжам жасауға келе бермейтін қиын сала шығар, десе де ол дұрыс есептеуде әлдеқайда маңызды орын алады. Ал қалған жоспарлар негізінен өткізу жоспарына , әсіресе, тікелей шығын және ақша ағынына байланысты болады.
Бақылау- не жоспарланды және нақты не болды, осылардың арасында айырмашылық болғанда қолға алынатын әрекет. Бақылауды жүзеге асырмас бұрын ең алдымен қолда жоспар болуы керек. Бақылау нақты іс пен жоспардың арасындағы айырмашылық алдын ала анықталған белгілі бір саладағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz