Деректер қорының жіктелуі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім университеті
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
Автоматика және есептеу техникасы кафедрасы
СӨЖ
Пән: Басқару жүйелеріндегі мәліметтер қоры
Тақырыбы: Деректер түрлері және модельдері
Орындаған: Әбдікәрім Ә. Қ.
Топ: АУ-601
Тексерген: Курушбаева Д. Т.
Семей 2018
Жоспар:
Кіріспе
- Деректер қорының жіктелуі
- Деректердің негізгі түрлері
- Деректер модельдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Еске түсіретін болсақ, деректер қоры - бұл пайдаланушы үшін ыңғайлы нысанда өңделетін, толықтырылатын және жойылатын үлкен көлемдегі деректер. Сондай-ақ ДҚ-да кез-келген ақпарат емес, қандай да бір қасиеттер бойынша ұйымдастыруға болатын ақпарат сақталатынын нақты түсіну қажет. Мысалы, түрлі көп мөлшердегі фотосуреттер мен құжаттар деректер емес, ақпарат болып саналады. Бірақ біз фотосуреттерді ұйымдастыра аламыз, мысалы: адамдардың фотосуреттері, жануарлардың фотосуреттері, қалалар мен т. б. немесе оларды көлемі бойынша ұйымдастыра аламыз: үлкен, орташа, кішкентай. Осылайша ұйымдастырылған ақпарат деректерге айналады және деректер базасын пайдалана отырып автоматты түрде өңдеуге болады.
Деректер қоры түсінігі мен деректер қорын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл программалық құралдар кешені жаңа деректер қорын құру, оның мазмұнын толықтыру, мазмұнын түзету және ақпаратты визуалдауға арналған. Ақпаратты визуалдау түсінігіне ұсынылған критерилерге сәйкес деректерді жинақтау, реттеу, көркемдеу, басып шығару және байланыс каналдары арқылы жіберу түсінігі енгізіледі. Әлемде деректер қорын басқарудың көптүрлі жүйелері бар. Олардың барлығы әртүрлі объектілермен әрқалай жұмыс атқарады, пайдаланушыға әртүрлі функциялар мен құралдарды ұсынады, ДҚБЖ -нің көпшілігі қалыптасқан негізгі түсініктер кешеніне сүйеніп жұмыс жасайды.
1. Деректер қорының жіктелуі
Деректер қоры негізінде үш белгі бойынша жіктеледі:
1. Сақталынған ақпараттың сипатына қарай деректер қоры фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді.
Фактографиялық деректер қоры қатаң анықталған пішінде ұсынылған, жазылған объектілер туралы қысқаша мәліметтерден тұрады. Мысалы: кітапханадағы кітаптар қорының деректер қорында әрбір кітап туралы деректер библиографиялық түрде сақталады: шығарылған жылы, авторы, аты және т. б. Кітаптың мәтіні деректер қорында сақталмайды.
Құжаттық деректер қоры әр түрлі типтегі: мәтіндік графикалық, дыбыстық, мультимедиялық кең көлемдегі ақпараттардан тұрады. Мысалы: заңдық актілердің құжаттық деректер қоры заңдардың мәтінінен тұрады. Құжаттық деректер қоры - бұл архив.
2. Ақпараттарды сақтау әдісі бойынша деректер қоры орталықтандырылған және бөлектелінген болып бөлінеді.
Орталықтандырылған деректер қоры - барлық ақпарат бір компьютерде сақталады;
Бөлектелінген деректер қоры компьютердің жергілікті және ауқымды желілерінде қолданылды және ақпараттың әртүрлі бөліктері бөлек компьютерде сақталуы мүмкін.
3. Ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер қоры реляциялық, иерархиялық, желілік болып бөлінеді.
2. Деректердің негізгі түрлері
Мәлiметтердiң әр түрлi типтерi болады. Ендi информациялық жүйелердегi мәлiметтердiң, яғни өрiс мәндерiнiң типтерiне тоқталайық.
Негiзгi типтер:
Текстiк мәлiметтер (TEXT) . Текстiк мәлiметтердiң мәндерi алфавиттi- цифрлi символдардан тұрады және ұзындығы 255-тен аспауы керек;
Сандық мәлiметтер (NUMBER) . Бұл типтегi атрибуттардың мәндерiмен арифметикалық амалдар орындауға болады. Сандық мәлiметтер ұзындығы бүтiн сан болса 2 байт, бөлшек сан болса жылжымалы нүктелi сан форматында 4 байт орын алады. Бүтiн және бөлшек бөлiктерi санда нүктемен ажыратылады.
Дата немесе уақыт типi (DATE/TIME) . Дата типi белгiлi бiр форматта берiледi, мысалы: кк. аа. жж (күн, ай, жыл) . Алғашқыда бұл текстiк мәлiметтiң бiр жағдайы сияқты көрiнедi. Алайда, информациялық жүйеде дата типтi қолданудың ерекшелiктерi бар:
Жүйе қатты бақылау жүргiзу мүмкiндiгiн алады;
Автоматты түрде датаны әр елдiң дәстүрiне байланысты бейнелеу мүмкiндiгi туады;
Программалау барысында даталарға арифметикалық амалдарды орындау жеңiлдейдi.
Логикалық мәлiметтер (YES/NO) . Бұл типтiң мәлiметтерiн булевтiк деп атайды және мәндерi TRUE немесе FALSE (шартты түрде 1 немесе 0) болады және мұндай мәлiметтер “иә”, “жоқ” болып интерпретацияланады.
OLE обьектiсiнiң алаңы. Бұл ең бiр қызықты типтердiң бiрi болып табылады. Бұл типтiң мәнi ретiнде OLE объектiсiнiң кез-келгенi болуы мүмкiн (егер компьютерде болса) - графика, дыбыс, видео.
Қолданушының типi. Көптеген жүйелер қолданушыларға өздерiнiң типiн жасауға мүмкiндiк бередi. Мысалы: “апта күнi” (дүйсенбi, сейсенбi және т. б), “адрес” (почта индексi-қала-және т. б) .
3. Деректер модельдері
Кез-келген деректер қорының ядросы болып деректер моделi болып саналады. Деректер моделi - деректердiң құрылғылары мен оларды өңдеу операциялардың жиынтығы. Деректер модельдер көмегiмен пәндi облысының объектiлерi және олардың арасындағы өзара байланысуды көрсетуге болады.
Классикалық деректер модельдеріне мыналар жатады: иерархиялық; желілік; реляциялық. Бұдан басқа, соңғы жылдары деректердің мынадай модельдері пайда бола бастады және практикада белсенді түрде енгізіліп жатыр: постреляциялық; көп өлшемді; объектіге бағытталған модель.
Иерархиялық модель - мәліметтер арасындағы байланысты реттелген графтар арқылы сипаттауға болады. Қандайда бір программалау тілінде иерархиялық деректер қоры құрылымын есептеу үшін тармақ мәліметтер типі пайдалынылады.
Иерархиялық модельдің артықшылығы:
- ЭЕМ жадын тиімді қолдану
- Иерархиялық реттелген ақпаратпен жұмыс істеу ыңғайлылығы
- Жұмыс істеу жеңілдігі
- Мәліметтермен жұмыс істеуде негізгі операцияларды орындаудың жоғары жылдамдығы
Иерархиялық модельдің кемшіліктері:
- Қиын логикалық қатынаспен жасалған ақпаратпен жұмыс істеу қиындығы;
- Қарапайым қолданушы функциясын түсінбейді;
- “Көптің көпке” қатынасы орнатылмайды;
- Мәліметтер-дің логикалық тәуелділігі;
- Ақпараттың артықшылығы.
- Иерархиялық структура мына шарттарды қанағаттандыру керек:
- Иерархия міндетті түрде тамырдан бастау алады
- Әрбір түйін бір немесе бірнеше атрибуттардан тұрады
- Төменгі деңгейде тәуелді түйіндер болады. 1-ші деңгей тамыр
Желілік модель - мәліметтердің элементтерінің еркін графтар түріндегі өзара байланысын білдіреді. Желілік деректер қорының схемасын сипаттауға екі тип пайдалынылады: жазба және байланыс. Мәліметтердің желілік моделінде элементтерінің әртүрлі өзара байланысын еркін бұтақ түрінде бейнелеуге болады, сонымен бірге мәліметтердің иерархиялық моделін жалпылайды. Желілік МҚ-ның тұжырымдамасы алғаш рет толық КОДАСИЛ тобының ұсыныстарында баяндалған.
Желілік мәліметтер қорының схемасын сипаттау үшін типтердің екі тобы қолданылады: «жазу» және «байланыс». «Байланыс» типі келесі екі «жазу» типі үшін анықталады: ұрпақ және аталық. «Байланыс» типі айнымалысы байланыс экземпрляры болып табылады. Желілік мәліметтер қоры жазулар жиынтығынан және жиындардың сәйкес байланыстарынан тұрады.
Байланысты қалыптастыру
үшін ерекше шектеулер қажет емес. Егер иерархиялық құрылымда жазу-
ұрпақтың тек бір ғана жазу-аталығы болса, мәліметтердің желілік моделінде
жазу-ұрпақтың жазу-аталықтар саны еркін алынады (өгей аталық) .
Желілік типті қордағы мәліметтердің физикалық орналасуы, иерархиялық МҚ-дағыдай әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін.
Мәліметтердің желілік моделінің жетістігі - жадының пайдалану
көрсеткішінің тиімді жүзеге асырылуы мен жеделдігінде болып табылады.
Иерархиялық модельмен салыстырғанда желілік модельдің еркін байланыстар құруда мүмкіндіктері көп.
Мәліметтердің желілік моделінің кемшілігі МҚ схемасының аса жоғары күрделілігі мен қатаңдығы, сондай-ақ, МҚ-дағы ақпаратты өңдеуді әдеттегі пайдаланушының түсініп, орындауындағы қиындықта болып табылады.
Мұнымен қатар, желілік мәліметтер моделінде байланыстың тұтастылығын бақылаудың әлсіздігінде және жазулардың арасындағы еркін байланыстарды орнату мүмкіндігінің шығуы. Практикада желілік модель негізіндегі жүйелер кеңінен таралмаған. Танымал желілік МҚБЖ-не: IMDS, DB_VISTA III, СЕТОР, КОМПАС жатады.
Реляциялық мәліметтер базасы кесте түріндегі мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып табылады. Бұл деректер моделінің артықшылығы оны қолданудың аспаптық құралының салыстырмалы қарапайымдылығы, ал кемшілігі мәліметтер құрылымына қатаңдығы және оның жұмыс істеу жылдамдығы мәлеметтер базасының мөлшеріне тәуелді болуы.
Реляциялық модельдің негізгі принциптеріне мыналар жатады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz