Күшейткіш каскадтар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
Автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасы

СӨЖ №4

Пән: Электроника
Тақырыбы: Күшейткіш каскадтар. Күшейткіш каскадтар жұмыс режимі.

Орындаған: Қуантқали Т
Топ: АУ-601
Тексерген: Турусбекова Б. Ш.

Семей 2018
Жоспар:
Кіріспе 3
1. Күшейткіш каскады ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Күшейткіштердің шығыс каскадтары. Күшейткіштердің жұмыс режимі 4
3. Күшейткіштердің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Қорытынды 9
Пайданылған әдебиеттер 9

Кіріспе
Күшейту режимінде транзистордың қалыпты жұмысын бірнеше параметрлер анықтайды. Бұл ең алдымен транзистордың коллекторлық тізбегіндегі бастапқы ток , оны көбінесе тыныштық тогы деп атайды, яғни өз кезегінде қоректендіру көзінің кернеуінен және базалық R1 жүктемелік R2 резистордың кедергісінен тәуелді болатын кірістік сигнал болмаған жағдайдағы коллекторлық ток. Жүктемелік резистордың кедергісін кірістік сигнал болмағанда қоректендіру көзінің кедергісі онда және транзистордың эмиттер-коллектор аймағында шамамен тең бөлінетіндей етіп таңдайды.
Транзистордың ұсынылған жұмыс істеу режимін тұрақты ток бойынша R1 резисторын таңдау арқылы орнатады, ол арқылы транзистор базасына (эмиттерге қатысты) оны ашатын біріктіру кернеуін (n-p-n транзисторы үшін оң) береді. Біріктірусіз транзистор күшейетін сигналды бұрмалайды немесе күшейту қызметін мүлдем орындамайды.
Транзистор электрлік тербелісті күшейте алатын негізгі шарт - эммитерлі р-n ауысуда тура және коллекторлыда кері кернеудің бар болуы. Бұл шарт n-p-n құрылымды транзисторға қолданылады, егер Uпит тұрақты ток көзінен эммитерге қатысты коллекторға UКЭ оң кернеуді берсе және Rб базалық резистор арқылы базаны қоректендіру көзінің оң полюсімен қосса. Бастапқы кернеулік қосу деп аталатын базадағы оң кернеу транзисторды ашады, және коллектор арқылы мәні транзистордың күшейтуші қасиетінен және қоректендіру көзіндегі кернеуден тәуелді болатын IКколлектор тогы өте бастайды. Базаға электрлік тербелістер (С1 конденсатор арқылы) берілгенде, коллектордағы ток базалық тізбектегі токты үлкен аралықпен қайталай отырып тербеліске түседі.
Күшейткішті жобалау статикалық режим деп аталатын тұрақты ток бойынша транзистор режимін анықтаудан басталады.
Күшейткіштер деп аз қуатты кірістік сигнал қоректендіру көзінен жүктемеге аса үлкен қуатпен жіберуді басқаратын құрылғыны айтады. Күшейетін шама тегі бойынша кернеуді, токты және қуатты күшейткіштер болады.
Жартылай өткізгішті күшейткіш элементтерден (биполярлы және өрістік транзисторларда) құралған күшейткіштер кеңінен қолданылады. Күшейтуді жүргізу мүмкіндігін беретін қарапайым ұяшық күшейткіш каскад деп аталады.
1. Күшейткіш каскады.
Каскад -- радиотехникада активті элементтен және оның тиісті жұмыс режімін қамтамасыз ететін ең аз элементтерден тұратын түйін.Құрамындағы элементтер түріне қарай бөлінеді:каскадтар резисторлы,трансформаторлы,дроссель ді каскадтар.Күшейткіш элементтер түріне қарай:Бір тактілі каскад - бір күшейткіш элементтен тұратын және шығысынан бір полярлы кернеу алынатын күшейту каскады.Eкі тактілі каскад - екі күшейткіш элементтен тұратын және шығысындағы ортақ шығыс нүктесімен салыстырғанда екі полярлы кернеужәне шамалары жағынан өзара тең, ал бағыттары бойынша бір-біріне қарамақарсы екі ток алуға болатын каскад.Екі тактілі каскадтың күшейткіш элементтер енгізілетін тақ гармоникаларды, ток көзінен енетін тосқауылдар мен фондарьды, шығыстрансформатор өзегіндегі тұрақты қосымша магниггелулерді залалсыздандыратын қасиеті бар.Екі тактілі каскад көбіне трансформатор арқылы жасалады, бірақ ондай каскадты әр түрлі ауысудағы (р-п-р, п-р-гі) транзисторларды аралас қосу арқылы да алуға болады. Екі тактілі каскадтың кірісі де симметриялы болатындықтан, оның алдындағы каскадтың шығысы симметриялы болуы тиіс. Кірісі симметриялы емес, бірақ шығысы симметриялы каскад инверсиялық каскад деп аталады. Ондай каскад екі тактілі каскад пен бір тактілі каскадтар арасына немесе сигнал көзі мен екі тактілі каскад арасына үйлестіруші каскад ретінде қосылады.Ал кірісі симметриялы, бірақ шығысы симметриялы емес каскаддифференциалдық каскад деп аталады.Каскад жүктемесіКаскад жүктемесі (Нагрузка каскада) -- кез келген каскадтың шығыс энергиясы берілетін кедергі.Мысалы, кез келген күшейткіш каскадының кіріс кедергісі алдыңғы каскадтың жүктемесі, сондай-ақ қатты сөйлегіш кедергісі соңғы жүктемесі болып табылады.Каскадтық күшейткішiКаскадтық күшейткішi -- бір каскадқа кіретін екі күшейту элементінен (әдетте, транзисторлардан) тұратын күшейткіш.Транзисторлар тізбектей, мысалы, бір биполярлық (орістік) транзистор екінші транзистордың коллекторлық (бастау) тізбегіне қосылады. Радиотехникада ішкі шуыл деңгейі төмен, кіріс кедергісі үлкен сызба қажет болғанда қолданылады.

2. Күшейткіштердің шығыс каскадтары. Күшейткіштердің жұмыс режимі
Шығыс каскад жүктемеге жоғарғы ПәК кезінде және сызықты емес және жиілікті бұрмаланулардың минималды деңгейінде сигналдың берілген қуатын беру үшін арналған. Максималды бұрмаланбаған қуат және шығыс каскадының ПәК-і транзистор типіне, каскадтың схемасы мен жұмысының режиміне тәуелді.
Шығыс каскадтарындағы үлкен емес шығыс қуаты кезінде (милливатттан ондаған ватт үлесіне дейін) алдынғы каскадтардағыдай транзисторлар қолданылады. Орташа және үлкен қуат алу үшін қуатты транзисторлар қолданады. Шығыс каскадтарда ксбінесе ортақ эмиттермен схемалар қолданылады. Бұл жағдайда қуат бойынша сигналдың күшею коэффициенті үлкен болады, сондықтан алдынғы күшейткіштен азырақ күшеюі талап етіледі. Шығыс каскадтары біртактілі және екітактілі болып жобаланады. Р жұмыс нүктесінің жағдайына байланысты транзистордың сипаттамасында қуатты күшейткіштердің келесі негізгі жұмыс режимдері ерекшеленеді: А, В, АВ, С.
Бұл режимдерді транзистордың өтпелі динамикалық сипаттамасы көмегімен қарастыру жеңіл, яғни транзистордың шығыс тогының Iк кіріс кернеуіне (Uбэ) тәуелділігі. өтпелі сипаттаманы құру үшін шығыс Iк=f(Uкэ) және кіріс Iб = f(Uбэ) сипаттамалар жеткілікті. Шығыс сипаттамаларының құрамында жүктемелік түзуді құру және жүктемелік түзудің қиылысу нүктесінің шығыс тогының статистикалық сипаттамаларына сәйкестенетін барлық база токтарын құру жеткілікті. Осы нүктелерді кіріс сипаттамасына ауыстырсақ Iб=f(Uбэ) Uкэ!=0 болғанда, оларға сәйкес кіріс кернеулерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы негізбен күшейткіш каскадтар
Интегралды микросхема
Күшейткіш элементтер туралы жалпы түсінік
Күшейткіштің құрылымдық схемасын таңдау және негіздеу
Күшейткіштің жұмыс істеу принципі
Қуат күшейткіштері
Транзистордың шығыс және кіріс сипаттамалары
Күшейткіштің жұмыстарының көрсеткіштері
Жүктемемен қосылған тоқ бойынша 20 (bт)-ты шығысы бар дыбыс жиілікті қуатты күшейткіш
Күшейткіштің кіріс кедергісі
Пәндер