Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы кейіпкерлеріне сипаттама



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Лобанов орта мектебі КММ
Лобанов селосы

Армия Астана

7 А сынып

Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы кейіпкерлер әлемі

Секциясы: Тіл білімі

Жетекші: Рашова Зульфия Жумаханавна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні

Саумалкөл
2018 жыл

Мазмұны

1. Кіріспе
2. Зерттеу бөлімі
2.1 Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы кейіпкерлеріне сипаттама
2.2 Ақынның өлең өрнегін өру кезінде кейіпкерлерін тиімді пайдалануы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Аннотация
Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы кейіпкерлерге мінездеме беру
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Зерттеудің мақсаты - Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы кейіпкерлер әлемін тану және оларды бүгінгі күн кейіпкерлерімен салыстыру
Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: жинақтау, саралау, дайын материалдарды мақсатқа сай іріктеу, салыстыру.
Зерттеу жұмысының дерек көздері: зерттеу еңбектері, отандық ғалымдардың диссертациялық еңбектері, мектеп оқулықтары
Зерттеудің нысаны: Мектеп бағдарламасындағы Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы кейіпкерлер

Жұмыс нәтижелілігі жалпы жұмыс барысында Мағжан шығармаларына талдау жасай отырып анықталады.
1.Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы кейіпкерлердің сипаттамасы;
2.Ақынның өлең өрнегін өру кезінде кейіпкерлерін тиімді пайдалана білуі.

Актуальность темы исследовательской работы: характеристика героев в произведениях Магжана Жумабаева
Цель и задачи исследовательской работы:
Цель исследования-познание мира героев в произведениях Магжана Жумабаева и сравнение их с героями сегодняшнего дня
Методы и приемы, используемые в исследовательской работе: сбор, анализ, целесообразный отбор, сравнение готовых материалов.
Источники исследовательской работы: научные труды, диссертационные работы отечественных ученых, школьные учебники
Форма исследования: персонажи из произведений Магжана Жумабаева в школьной программе

Результативность работы в целом определяется в ходе работы с анализом произведений Магжана.
1.Общие положения Характеристика героев в произведениях Магжана Жумабаева;
2.Умение эффективно использовать героев при плетении стихотворного выражения поэта.

Relevance of the research topic: characteristics of the characters in the works of Magzhan Zhumabayev
Purpose and objectives of the research work:
The purpose of the study is to understand the world of heroes in the works of Magzhan Zhumabayev and compare them with the heroes of today
Methods and techniques used in research: collection, analysis, appropriate selection, comparison of finished materials.
Sources of research: scientific works, dissertations of domestic scientists, school textbooks
Form of research: characters from the works of Magzhan Zhumabayev in the school curriculum

The effectiveness of the work as a whole is determined in the course of work with the analysis of Magzhan's works.
1.General characteristics of the characters In the works of Magzhan Zhumabayev;
2.The ability to effectively use the characters in weaving poetic expression of the poet.
Кіріспе
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Алаш арысы, көрнекті жазушы, публицист, қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі атанған талантты ақын - Мағжан Жұмабаев халықты жаңашылдыққа бет бұрып, тәуелсіз ел болғанын көруді аңсады. Мағжанның жалынды жырларына ұлттық рух, ұлттық болмыс, ұлттық сезім, тарих, тіл арқау болды. Ол - ұлттық мүддені жеке басының мәселесінен жоғары қойды. Не көрсем де алаш үшін көргенім, Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! - деп ұлтына деген шексіз махаббатын жалындаған жырларында бейнеледі. Қысқа ғұмырын ел тағдырына арнап, Алаш ұранын аспандатып, халық игілігі үшін қара басын қатерге тігіп, күллі адамзаттың мүддесін көздеген Мағжан Жұмабаев замана сырын ашып, болашаққа жол сілтеген ұлт ақыны. Өмір шындығын поэзия шындығына айналдырып, таланты мен көрегендігі тоғысқан Мағжан ақынның туындыларын толыққанды талдап, санамызға сіңіре алған жоқпыз. Сондықтан зерттеген сайын зерттеуді қажет етіп, терең ойға, сырлы сезімге, тұңғиық әлемге батырып жіберетін ақын өлеңдерін жүрек түкпіріне қонақтату - бүгінгі ұрпақ, біздің еншімізде.
Кейіпкер - көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ. Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де анық байқалатындай етіп суреттейді. Көркем бейненің типтік өзгешелігі қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралық, жекелік сипат-белгілері адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылық қалпында көріп-білу үшін сондайлық қажет. Көркем бейнеге тән типтік және даралық сипат-ерекшеліктер - тұтас ұғым. Кейіпкердің іс-әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік сипат-белгілер өзінің даралық, нақтылық қалпын сақтай отырып, типтік мағынаға да ие бола алады. Кейіпкердің типтік бейнесін суреттеу үшін қоғамдық өмірді жан-жақты, терең зерттеп, білу шарт. Өйткені, көркем бейненің типтік қасиет-сипаты неғұрлым жоғары болған сайын, оның танымдық күші де соғұрлым арта түседі. Кейіпкердің драмалық шығармада атқаратын міндеті басымырақ. Мұнда оқиға бастан-аяқ қатысушы персонаждардың айтқан сөздері (реплика) арқылы өрбиді. Әр кейіпкердің көркем бейнесі оның өз сөзі арқылы ашылады. Көркем шығармада жан-жақты толық суреттелетін, негізгі тұлға басты кейіпкер болады. Мыс., "Абай жолы" эпопеясындағы Абай бейнесі. Сонымен қатар, бір шығармадағы басты кейіпкер бірнеше болуы мүмкін. Мыс., М.Әуезовтің "Айман - Шолпан" пьесасында бірнеше кейіпкер бар, онда жеке біреуді басты кейіпкердеп көрсету мүмкін емес. Кейіпкердің тұлғасын, мінезін, іс-әрекетін суреттеу өзгешелігі әдебиетте, көркемөнерде қолданылатын әдіске сәйкес болады. Айталық, романтизм әдісі қолданылған шығармадағы кейіпкерлерді суреттеу тәсілі реалистік әдебиеттегі кейіпкерді бейнелеу тәсілінен бөлек. Реализм әдісі әдебиет пен көркемөнер шығармасында кейіпкерлердің тұлғасын, мінез-әрекетін мейлінше шынайы суреттеуге мүмкіндік береді. Адам мінезін, тұлға бейнесін өзгерісті даму үстінде алып, өмірлік күрес-тартыспен ұштастырып көрсету - реалистік әдістің ең ұтымды жағы.

Негізгі бөлім
Поэзияға шын берілген жан. Оның поэзиясы әр салаға терең батырады, тұңғиыққа терең сүңгітеді, әсем суреттейді, әр түрлі сезімдерге бой алдырып, сезім сырынан сусындатады.
Сондай өлеңдердің бірі деп Сағындым өлеңін алуға болады. Сағындым деп қойылған атаудан адам бойындағы көптен көрмегендік, аңсау, іздеу, көрісу, құшақтасу, иіскеу секілді сезімдерді түсінуге болады. Тақырыпты оқығаннан ақынның көптен, халықтан, отбасынан, анадан алыс шығар деп түйіп, оның шексіз сағынышын түсінерсің. Дегенмен өлеңмен танысқаннан кейін ойың біршама өзгереді. Сағындым сөзі жай жүріп сағыну емес, еріксіз болып тұтқында отырған кездегі жанның ащы тұңғиығынан атқылап шыққан, зорлық пен қорлықтың уымен толған жүрек сағынышы екендігін түсінесің. Елім, жұртым, жерім, анам деп соққан, әділдік аңсаған жүректі еркіне жібермей, инелі торда ұстап, азапта сарғаю болып келеді өлең жолдарында.
Ақынның ұлтым, елім деп еңрегені үшін оны кінәлі деп, халық жауы деп санап, тар, қара көлеңке басқан темір тордың артында ұстауы бұл асқан озбырлық, зорлық, қанаушылық.
Ақын тар қапаста отырып, кең сары даласын, туған елін, еркелеген анасын аңсайды, дос - жаранды, таныс дауысты іздейді. Жырлай отырып, оқырман көңіліне де сағыныш, қадір қасиет сезімін байқатпай ұялатып кетеді.
Сағындым өлеңіне сатылай кешенді талдау элементтерін енгізу.
Тақырыбы: еліне, жеріне, анасына деген сағыныш.
Идеясы: Шындық өмір көріністерін суреттей еркіндікті, бостандықты бағалау.
Шумақ - аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. 6 шумақты өлең.
Тармақ - өлеңнің әр жолы. 4 тармақты.
Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты
Ұйқас. Қара өлең ұйқасы. а - а - б - а
Әдеби теориялық ұғымдар. Теңеулер бар.
Түсіндірме сөздік. Абақты - түрме, ауыр иіс - жаман иіс, жүйрік жел - қатты жел.
Өлеңнің негізгі түйіні. Туған жерге, туған табиғатқа, туысқан - бауырға деген махаббат.
Әдебиет теориясы: Адамның көңіл - күйін, жүрек сезімін, күйінгенін, сүйінгенін, ішкі жан сырын жырлайтын өлең - лирикалық өлең деп аталады. Лириканың бас кейіпкері - ақынның өзі.
Лириканың бір үлгісі - Мағжанның өлеңдері. "Мағжан өлеңдері өкіндіреді, мұңайтады, жылатады, аятқызады, есіркетеді, жігер береді"
Мағжан өзіне дейінгіге де,кейінгіге де ұқсамайды,өзіндік қолтаңбасы бар ақын.Ол өмірдегі біртұтас құбылыс,көрініс ретінде,ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы,бөлшегі ретінде қабылдайды.Құбылыстың мәнін кең көлемде,жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап,ішкі астарына үңілді. Әдебиеттің хaлық алдындaғы биік мақcaт-мұpaтын дұрыс түсініп бaғалаған, сөз өнерінің құнын apдақтай сыйлaған, өмір шындығын, қaт-қабат құбылыстapын оның терең мaзмұнына үңіле отырып суреттей aлған aқын жыры әрқaшан қоғaмдық, aзаматтық мәселелерді көтереді. Aқынның aзaматтық тұлғacын оның шығармалapының aзаматтық үні ғанa тaныта aлады. Осы тұрғыдан Мағжанның азаматтық үнін танытатын Мен жастарға сенемін өлеңі жас ұрпақтың жанына жігер, жүрегіне рух пен айбындылық, көңіліне сенім ұялатар ұлтжандылықтың ұраны дейміз. Өлеңінің өзекті ойы мен қазіргі таңда елді, ел тұтқасын ұстар өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі мән-маңызын зерттеп, бүгінгі күнмен үндестік тапқан ақынның азаматтық үнін зерделеуге арналды.
Ел алдындағы басты мұрат - тәуелсіздік алып келген ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа насихаттау болмақ. Ел болашағы - өскелең ұрпақты елінің көркеюіне үлес қосар азаматы етіп, ұлт болашағын тәрбиелеудегі Мен жастарға сенемін өлеңінің қосар үлесі мен руханият таразысынан алар салмағын екшелеп, көңіл көзінен өткізіп, мейлінше жіті зерделеп, бүгінгі күнмен сабақтастырылған.Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес,айналасындағы жастарды да арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты қалыпта көргісі келеді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш-жастар.
Өз өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті,таза жүрек пен ер мінезді,туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады. Шабыттана жырлайды. Мен жастарға сенемін деп асқақтай сөйлейді. Өлеңдегі қайраттылық, рух-жігер, табандылық, әділеттілік, бәрі-бәрі тәрбиеден бастау алады. Тәрбиелілікті көрсетеді. Әрине, ондай тәрбиені біз басты ата-анадан,ортамыздан және осы өлеңнен аламыз.
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!-деп жастарды намыстылыққа, қыздарымызды атақ-абыройларына дақ түсірмеуге шақырады. Жастарды ақиқаттың ауылынан алшақтатпай, ар намысын бірінші орынға қоюға үндейді. Намыс-адам тұлғасының күзетшісі. Мағжан да әділетсіздікке қарсы шығып, ар-намысын алға қойып өмірден озбады ма...Сондықтан осындай Мағжан салып кеткен өлең жолына жастарды бағыттау үшін тәрбие керек. Сонда ғана сенім ақталып, білім парасатына сай, жастарымызға елдің ары мен намысын таптатпауға,болашақтың тізгінің жастарга сеніп Алаш атын аспанға шығарар.
Мен кім? Астарлы ойдың тұнығына шомылған әрбір пенденің түптің түбінде осындай сұраққа кез болары анық. Ал Мағжан Жұмабаев риторикалық сұрақпен берілген Мен кім? өлеңінде ерекше жігерімен, асқақ рухпен былай жауап береді:
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім - патша, өзім-қазы, өзім- би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?, - бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына, керек десеңіз, тағдырына кәміл сенетінін байқаймыз. Мұның алдында:
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын маған қарсы кім тұрар-деген жолдар бар. Осының бәрі асып-тасудың, астамдылықтың реті емес, асылдылықтың, жайдың жасылындай өткірліктің жөні. Ақын сөзі ащы шындықтың айнасы болып отырған, өзі оны түсінген де, білген де. Асыл сөздің қадірменді иесі бар екенін кәміл ұққан. Ол- парасат қайнары, мейірбан жүректі туған елі еді.
Ақынның лирикалық кейіпкері - аса батыл, нені болса да кесіп айтатын өткір жан.
Туған халқының, түркі дүниесінің басындағы ауыр халді, мұңдана баяндаған өлеңдерінің өзін Мағжан айрықша оптимизммен қорытып отырады. Ақынның лирикалық кейіпкері -- аса батыл, нені болса да кесіп айтатын өткір жан.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте -- бұлт, жерде желмін гулеген,
Жер еркесі -- желдің жөнін кім сұрар? --
деп басталатын "Мен кім?" атты өлеңінде Мағжан өзінің лирикалық кейіпкернің дәл осындай айбатты да қайратты, адал да қайсар бейнесін ашьш береді. Ақынның "мені" өзін көктегі күшке, түпсіз теңізге, кызуы мол жалынға, жүйрік тұлпарға теңейді. Патшадай қаһарлы, казыдай әділ, бидей шешен де өзі. Олай болса, оған қарсы тұрар күш бар ма?
Өзім -- тәңірі, табынамын өзіме,
Сөзім -- кұран, бағынамын сөзіме!
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе, -- деген лирикалық кейіпкер сөзінде алапат күш-жігер мен шынайы шындық қатар өрілген.
Мен кім? СКТ
1.Авторы: Мағжан Жұмабаев 1893- 1938 жылдары өмір сүрген ақын, қоғам қайраткері
2.Тақырыбы: Мен кім?
3. Жанр түрі: Лирика (арнау)
4. Идеясы: Көкте -күнмін, көпке нұрым шашамын...
5.Шумақ саны: 3
6. Тармақ саны: 9
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны: 11
9.Ұйқас түрі: қара өлең
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) синоним- шеті, түбі
ә) антоним-көкте- жерде
б) метафора- көкте- күнмін,арыстанмын, жолбарыспын, жерде- желмін, тұлпармын, теңізбін, жалынмын,
в) табу- көк
11. Түсіндірме сөздік: түсінуге қиын сөз жоқ
12. Өлеңнің түйіні: ...Жалынмын мен, келме жақын-
жанарсың
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Қорқыт поэмасы - қазақ ауыз әдебиетіндегі белгілі аңыздық кейіпкер - Қорқыт туралы туынды. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы кейіпкерлердің сипаттамасы
Мағжанның жаңашылдығы
Батыр Баян поэмасы
Мағжан Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Көркем прозадағы психологиялық талдау
Мағжан Жұмабаев еңбектері
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Көркем прозадағы психологиялық талдау жайлы
Мағжан Жұмабаевтың педагогтық қызметі
Мағжан Жұмабаев - қазақтың ұлы ақыны
Пәндер