Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы әрекет етуінің қағидалары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКАНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жалпы құқықтық және арнайы пәндер кафедрасы

Мемлекет және құқық теориясы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мемлекет механизімі: түсінігі, негізгі белгілері, құрылымы.

Орындаған: Ю-11cк

Дуйсенов С

Тексерген:

Қарағанды 2014ж.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

Мемлекет механизмі және мемлекеттік органдар 3

1. 1. Мемлект механизімі: түсінігі, негізгі белгілері, құрылымы . . . 2

1 . 2. Мемлекеттік органдар . . . 6

2. 3. Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы әрекет етуінің қағидалары . . . 8

2. 4. Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері . . . 10

2. 5. Мемлекеттік биліктің бөлінуі . . . 18

2. 6. Мемлекеттік биліктің өзге органдарының құрылуы және әрекет ету тәртібі . . . 26

Қорытынды . . . 30

Қолданылған әдебиеттер . . . 37

Қосымша . . . 38

КІРІСПЕ

Мемлект механизімі - мемлекет әрекеттінің негізгі бағыттарын жүзеге асыратын қоғамды басқаруды жүргізетін, белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі.

Мемлект механизімі шынайы ұйымдастырушылық және материалдық күш, мемлекет оны қолдана отырып, билікті жүзеге асырады және белгілі бір саясатты жүргізеді. Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекет механизмі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктер синоним сездер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі - бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағьггталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппартының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдык өмірдің барлык салаларының тиісті ұйымдаусы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызметті құрайды.

Сондай-ақ, мемлекет аппараты ретінде тұрақтылықты (статика) алынған мемлекеттің барлық органдарын, ал мемлекет механизмі ретінде осы органдарды қозғалыста (динамикада) қарастырған ғылыми көзқарастар да бар. Мемлекет аппартын зерттеу барысында белгілі бір мемлекеттік органының маңызы, құрылу тәртібі, құзіреттілігі туралы мәселелер көтеріледі, ал мемлекет механизімін зерттеу барысында мемлекеттік органдардың әрекеті, олардың мемлекеттің белгілі бір қызыметін жүзеге асыру үрдісіндегі өзара байланысы қарастырылады. Аталған көзқарасдың авторларлары ретінде В. В. Лазеров пен С. В. Липенді атауға болады.

Мемлекет механизімінің маңызды белгілеріне мыналар жатады:

  • ол өзара байланысты мемлекеттік органдардың тәртіптелінген жиынтығын, яғнижүйесін көрсетеді. Мемлекет механизіміне заң шығару органдары (парламент), өз әкімшілігімен қоса призидент, атқару аргандары (үкмет, министірліктер, ведомствалар, мемлекттік камиттеттер, әкімиаттар), сот органдары, пракуратурлық және өзге де қадағалау органдары, полиция, салық полициясы, қарулы күштер және тағы басқалар кіреді. Олар жиынтығында билік құрудың бір тұтас жүйесін құрайды;
  • оның біртұтастығы ортақ мақсаттар мен міндеттер арқылы қамтамасыз етіледі. Мақсат пен міндеттер жағарыда көрсетілген сан алуан мемлекеттік құрылымдарды тұтас ағзаға айналдырады, ортақ мәселелерді шешуге бағыттайды;
  • мемлекет механизмінің негізгі элементі ретінде биліктік өкілеттіктерге ие мемлекеттік органдар танылады;
  • мемлекеттік билікті жүзеге асырудың, нақты нәтижелерге жетудің ұйымдастырушылық және материалдық күші, құралы болып табылады.

Бұл кызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдары мен құкықтық механизмдердің колданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп карастыруға болады:

  1. Тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқыктык, сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
  2. Құқықтык нысандар - құқықтық. заңды сипаттағы қызмет тұрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік-міндетті салдарды туындатады.

Мемлекет аппараты кызметінің негізгі құқықтык нысандарына мыналар жатады:

а) құкық шығармашылык қызмет - бүл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байлнысты қызмет;

ә) кұкык колданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;

б) құкык корғаушы қызмет - бүл заңдардың сакталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі түлғаларды занды жауапкер шілікке тартумен т. б. байланысты қызмет.

Мемлекет механизімінің құрылымы деп оның ішкі құрылысын, оның аралық элементтерінің орналасу тәртібін, олардың өзара бағыныштылығын, қатынасын және байланысын айтамыз. Мемлекет механизімінің құрылымы мынандай элементтерден тұрады:

1. Мемлекеттік органдар, олар өздерінің тікелей биліктік функцияларын атқару барысында тығыз өзара байланыста және бағыныштылыққа болады. Мемлекеттік органдардың ерекшелігі сонда, олар мемлекеттік- билік өкілеттіліктерге, яғни мемлекеттік күшімен жалпыға міндеті басқармашылық шешімдер қабылдаумен байланысты құралдарға, ресурстарға және мүмкіншіліктерге ие болады. Оларға парламент, призидент, үкімет, министірліктер, ведомоствалар, мемлекеттік комиттер, әкімияттар жатады;

2. Мемлекетік ұйымдар, оны басқаша, мемлекет механизімінің «материалдық қосымшалары» деуге де болады, олар мемлекеттің қорғау әрекетін жүзеге асыруға арналған. Қатарына қарулы күштерді, полицияны, салық полициясын және тағы басқаларын жатқызуға болады;

3. Мемлекттік мекемелер - мемлекет механизімінің биліктік өкілеттіктері болмайтын (олардың әкімшілігін есепке алмағанда), әлеуметтік, мәдени, тәрбиелеу- білім беру, ғылыми аймақтардағы мемлекет атқару бойынша поактикалық әрекеті тікелей жүзеге асыратын бөлігі. Оның институттарын, мектеп, бала-бақша, жоғары оқу орындарын, тиаторларды және тағы басқаларын көруге болады;

4. Мемлекеттік кәсіпорындар - бұлар да әкімшілігін есепке алмағанда биліктік өкілеттіліктері болмайтын, шаруашылқ- эканомикалық әрекеті жүзеге асыратын, өнім шығаратын немесе өндірісті қамтамасыз ететін, әртүрлі жұмыстар атқаратын және қоғам қажеттілігін қанағаттандыру, пайда табу үшін көптеген қызымет көрсеттетін мемлекет механизімінің құрамдас бөліктері. Оларға қазыналық зауыт, фабрикалық және тағы басқалары жатады;

5. Мемлекеттік қызыметкерлер-басқарумен арнаулы түрде айналысатын мамандр;

6. Ұйымдастырушылық және қаржылық құралдар, мемлекет аппараттының әректін қамтамасыз ету үшін қажетті мәжбірлеу күштері.

Мемлекет механизімі мен оның құрылымы өзгерместей қалып қалған құбылыстар емес, олар қоғамның даму үрдісіне сәйкес өзгеріп, жетілдіріп отырады. Олардың өзгеру деңгейіне ішкі факторлар: елдің аумағы, зканомикалық даму деңгейі, саяси күштер ара қатынасы, мәдени-тариғи, ұлттық- психологиялық, діни-адамгершілік ерекшеліктері және сыртқы факторлар: халықаралық жағдай, мемлекеттің өзге елдермен өзара қатынасының сипаты әсерін тигізеді.

Мемлекет механизмінің қүрылымы.

Бүл құрылымға мыналар кіреді:

  1. Өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыр барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
  2. Биліктік өкілетгіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т. б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекетгік мекемелер мен кәсіпорындар;
  3. Басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік кызметшілер;
  4. Мемлекеттік аппараттың кызметін камтамасыз ету үшін кажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.

3. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның кызметінің кағидалары - бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың кызмет етуінің негізгі бағыттарын анықтайтын бастамашылык ережелер. Оларға мыналар жатады:

  1. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылыгы кағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс;
  2. Демократиялық қағидасы, бул кагида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең келемде катысуын білдіреді;
  3. Биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген;
  4. Заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдар мен заңга сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді;
  5. Жариялылык қағидасы, бұл кағида нақты бір мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің ақпараттармен танысуын білдіреді;
  6. Кәсібилік кағиадсы, бүл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде мейлінше кәсіби қызметкерлерді пайдалануға колайлы жағдайлар жасайды;
  7. Алқалык пен дербестіктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппараттың демократиялык және бюрократиялык бастамаларының саналы сәйкестігін қамтамасыз етеді;
  8. Сайлаушылық пен тағайындаушылыктың үйлесу қағидасы, бұл кағида мемлекеттік басқарудағы орталыктандыру мен орталықсыздаңдырудың тиімді байланысын білдіреді;
  9. Бағыныстылық (иерархичность) қагидасы, бұл қағида мемлекеттік органдардың мемлекеттік аппараттағы әртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді.

1 Мемлекеттік орган.

Мемлекеттік орган деп - мемлекет қызыметін жүзеге асыруға көмектесетін, мемлекет механизімінің құрылымдық бөлігі болып табылатын, биліктік өкілеттіктерін жүзеге асыруы мемлекеттік мәжбірлеу күшімен қамтамасыз етілетін мекемелер мен жеке лауазымды тұлғалар.

Мемлекеттік орган - бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы жэне осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме. Әрбір мемлекеттік органға мыналар тиесілі:

а) оның оралымды басқаруындағы мемлекеттік, казыналық мүліктер;

ә) қаржы құралдары, банктегі есепшот, бюджеттен қаржыландыру;

б) өзіне тән ұйымдастырушылык құрылымы. онымен баиланысты қызметтік бағыныстылык және қызметтік тәртіп иесі;

в) биліктік өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдык тұлғалар мен алкалық органдар занды әрекеттерді жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың түрлері:

  • мемлекеттік кызметті жүзеге асыру нысанына карай мемлекет органдары өкілдік, атқарушылық, сот, прокурорлық және басқа да бақылаушы-кадағалаушы органдар болып бөлінеді.
  • биліктін тармақтарга бөліну қағидасы бойынша - заң шыгрушы, атқарушы және сот органдары.
  • Қызметінің құқықтык нысандары бойынша - құқықшыға}: шы, кұқыққолданушы және кұкыққорғаушы органдар.
  • бағыныстылык деңгейіне байланысты - республикалық жәь жергілікті органдар.
  • өкілетгіктерінің мерзіміне байланысты - тұрақты (қызме ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады) және уакытша (қысь мерзімді максаттарғажету үшін құрылады),
  • құзіретінің сипатына қарай - жалпы (мысалы, Үкімет) арнайы (мысапы, министрлік) құзіретті органдар.

Әрбір мемлекеттік орган мемлекеттік мппаратың салыстырмалы дербес, құрылымдық ерекшеленген, мемлекетпен қатаң анықталған әрекет түрін жүзеге асыру мақсатында құрылған бөлігі болып табылады:

- мемлекеттік органдар мемлекет механизімінің дербес элементі, біртұтас мемлекеттік ағзаның өзіндік арнаулы орыны мен сипатталатын ажырағысыз бөлігі;

- мемлекет атыннан және оның өкілеттілігімен әрекет етеді;

- мемлекеттік органдар нормативті-құқықтық актілер (конституция, заңдар және заңға бағынышты актілер) негізінде құрылған және әрекет етеді;

- әрбір мемлекеттік орган тек өзіне тән міндеттер мен функцияларды атқарады және сол үшін тиісті нысандар мен әдістерді қолданады (биліктік өкілеттіктерді иемденген, соның ішінде қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбір ету шараларын қолдану да қарастырылған) ;

- мақсат орталығымен сипатталатын мемлекеттік қызыметкерлер мен тиісті құрылымдардан (бөлім, басқарма, аппарат, кеңсе, және өзгелерден) тұрады;

- органдардың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық база (құрылым, көлік, ұйымдастырушылық техникалары және тағы басқалары) мен қаржылық құралдар (банктегі есеп шоты, қажетті қаржы қорлары тағы басқалары) берілген;

- мемлекеттік органдар белгілі бір құқықтық мәртебеге ие болады, онда берілген мемлекеттік органның жағдйы және оның нақты әлеуметтік мазмұны көрініс табады;

- мемлекеттік органдардың өзіне тиісті құзіреті болады. Құзірет - ұйымның заңмен бекітілген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Ол нақты органға немесе лауазымды тұлғаға мемлекеттік, яки қоғамға маңызды міндеттер мен тиісті қызыметтрді тиісті дәрежесінде жүзеге асыру мақсатында беріледі;

- мемлекеттік органдар өз құзіретін үш тәсілмен:

А) нормативті актілер (жалпы сипаттағы пұсқаулар) қабылдау жолымен;

Ә) құқық қолдану актілерін (жеке сипаттағы нұсқаулар) қабылдау жолымен;

Б) нақты-ұйымдастырушылық әрекеттер жолымен жүзеге асырады;

- мүліктік құқықтарды жүзеге асыру барысында заңды тұлға ретінде көрінеді, яғи өз жауапкершілігі бойынша оған сеніп тапсырылған мүлікпен жауап береді, сондай-ақ өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемдене және жүзеге асыра алады, міндеттерді атқарады, сотта талапкер және жауапкер бола алады;

- мемлекеттік органдар белгілі бір аумақта әрекет етеді.

Мемлекеттік органдар көп түрлі. Олар әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Құрылу тәртібіне байланысты мемлекеттік органдар тікелей халықпен сайланатын органдар (ҚР Парламенті, ҚР Призиденті, мәслихаттар) және өзге мемлекеттік органдармен қалыптастырылатын органдар (ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі) болып бөлінеді. Мемлекет әрекетін жүзеге асыру нысандарына байланысты заң шығарушы, атқарушы-жарлық етуші, сот және бақылау-қадағалау органдары ретінде айырылады. Заң шығару органдары мысалы Қазақстан Республикасының Парламенті, заңдарда қоғам еркін және мүддесін көрсетуге лайықтаған арнаулы органдар; атқарушы-жарлық етуші органдар (ҚР Үкіметі, министірліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімиаттар) қабылдаған заңдар мен заңға бағынышты актілердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге арналған; сот органдары (конституциялық, жалпы құзіретті, әскери, өзге де арнаулы соттар) әділсотты іске асыруға, жеке және заңды тұлғалардың мүліктік дауларын қарастыруға, адам және құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге арналған; бақылау - қадағалау органдары (прокуратура, өндірістік бақылау органдары, радиациялық қауіпсіздікті бақылау органдары) мемлекеттік басқару органдарының, кәсіп орындардың, мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың және азаматтардың заңдарды дәлме-дәл және біркелкі орындалуын қадағалайды.

Мемлекеттік органдар билікті бөлу қағидасына сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына жіктеледі. Келесі сұрақтаосы жіктелуді негізге ала отырып, дамудың қазіргі кезеңіндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік блік органдарына тоқталамыз.

Мемлекеттік органдар орналасу ирархиясына сүйене отырып, республикалық (мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары) және жергілікті болып екіге бөлінеді. Бағыныштылық сипатына байланысты «вертикалды» бағыныштылықтағы органдар (прокуратура, сот тағы басқалары) және екі жақты «вертикалды - горизанталды» бағыныштылықтағы органдар (милиция, мемлекеттік банктер тағы басқалары) болып бөлінеді. өкілеттік мерзіміне байланысты тұрақты, яғни әрекет ету мерзімі шектелместен құрылған органдар (оларға прокуратура, милиция, сот тағы басқа органдар жатады) және уақытша, белгілі бір міндетті шешу үщін құрылатын органдар түрінде беріледі. Шешім қабылдау тәсіліне байланысты мемлекеттік органдар алқалы және органдар ретінде көрінеді.

Әрекет етуінің құқықтық нысандарына сүйене отырып, мемлекеттік органдарды құқықшығармашылық (парламент, үкімет, мәслихат және тағы басқалары) құқыққолданушы (сот, әділет басқармалары, әкімшіліктер және тағы басқалары) құқыққорғаушы (салық полициясы, кеден органдары және тағы басқалары) органдар деп бөлуге болады. Құзіреттілігінің сипатына байланысты жалпы құзіретті органдар және арнаулы құзыретті органдар деп бөліп қарастырамыз. Жалпы құзыретті органдар мемлекеттің қоғамдық өміріне қатысты кез келген мәселе бойынша шешім қабылдауға құқылы және оның шешімі барлық субъектілермен орындалуға міндетті. Ал, арнаулы құзіреттегі органдар өздеріне заңмен бекітіліп берілген мәселелер көлемінде ғана әрекет ете алады. Мысалы, ауылшаруашылық министірлігі, білім беру департаменті.

1. 1 Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы мен әрекет етуіеің қағидалары.

Мемлекетіміз егемендікке қол жеткізіп, шаңырағын көтергеніне он жылдан астам уақыт асты. Заман талабына сай, жаңа мемлекеттік қызмет негізін қалаудың қажеттілігі туды. Қабылданған заңнама жаңа қазақстандық мемлекеттік қызмет моделінің негізін қалады. Алайда, өмір бір орында тұрмайды. Қоғамдық қатынастар күнделікті өзгеріске ұшырап, жаңа мағынаға ие болуда. Егер реформалардың бастапқы кезеңінде мемлекеттік қызметтің құқықтық негіздемесінің қалануы мемлекет алдында тұрған көкейкесті мәселе болып табылса, қазіргі кезеңде мемлекеттік қызметкерлер дайындығының сапасын көтерудің жаңа модельдерін енгізу, мемлекеттік қызмет беделін арттыру мәселелері кезек күттірмей шешілуге жататын мәселелердің бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси салаларда болып жатқан өзгерістер мемлекеттік қызметті ұйымдастыруды және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеп тұруын қалыптастыруды бүгінгі күннің ең маңызды мәселелерінің бірі ретінде қояды. Ол үшін Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнықтыруына мүмкіндік беретін экономикалық ынталандыру және құқықтық реттеудің тетіктерін ойластыру қажет. Осының барлығы заң саласында қызмет жасайтын адамдардың бүгінгі заманға сай ойлау қабілеттіліктерін жоғарлатуды, сондай-ақ қоғамның даму үрдісінде туындайтын мәселелерді ғылыми-тәжірибелік тұрғыда шеше алатын мамандарды тәрбиелеуді талап етеді.

Мемлекеттік аппарат - ұйымдастырылу мен әрекет етудің жалпы қағидаларымен өз ара байланысқан мемлекеттік органдар жүйесі. Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы мен әрекет етуінің қағидалары ретінде оның құрылуы мен қызмет етуінің негізінде болатын маңызды, негізгі идеялармен ережелерді айтамыз. Олар мемлкекеттік аппараттының негізгі мақсаты мен міндеттерін, әлеуметтік-таптық мәнін, әлеуметтік мазмұнын ашады.

Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы мен әрекет етуінің қағидалары мемлекет механизімінің көп жылдық әректі барысында жасалған, негізделген және өмірге енгізілген. Олардың қатарына мына қағидаларды жатқызуға болады:

- мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы мен әрекет етуінің заңдылық қағидасы. Бұл қағида барлық мемлекет қызыметкерлерінің Конституцияны, заңдарды және заңға бағынышты актілерді міндетті түрде сақтауын және орындауын білдіреді. Осы тұста айта кететін бір мәселе, бұл қағиданың заңдық ғана емес, саяси да сипаты болады, әртүрлі мемлекет органдар мен ұйымдардың қызымет етуінің негізгі әдісі ретінде көрінеді. Заңдылық қағидасы оған бағынышты органдардың, ұйымдар мен мекемелердің қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерді қатаң және бұлжытпай орындауын қамтамасыз етуді, коррупциямен, сондай-ақ қандай да болмасын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен күресті білдіреді. Заңдылық негізін Конституциялар және оны дамыту үшін қабылданатын заңдар құрайды.

- адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы. Құқықтық мемлекет құруға талпыныс жасап отырған қазіргі кезеңдегі мемлекеттерде негізгі қағиданың бірі ретінде маңызды орынға ие болған аталмыш қағида мемлекеттік қызыметкерлердің адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын тануын, сақтауын және қорғауын білдіреді.

- демократизм қағидасы. Ол азаматтардың мемлекеттік органдарды қалыптастыруға және әректін ұйымдастыруға кең түрде қатысуын білдіреді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың демократизм қағидасының әрекет етуіне мысал ретінде, ҚР Призидентін, ҚР Парламенті депутаттарын, жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауға кәмелетке толған барлық азаматтардың қатысатындығын көрсетуге болады. Мемлекеттік органдар басым түрде өз әректін ұйымдастыру барысында да халықтың пікірімен санасып, оларды негізгі бастау ретінде қолданады.

- біртұтас мемлекеттік билікті тәуелсіз заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлу қағидасы билік органдары мен лауазымды тұлғалардың тарапынан болуы мүмкін талан-тараждың деңгейін жоққа шығару мақсатына көздейді және соның механизімін қалыптастырады.

- жариялық қағидасы - құқық субъектілерінің нақты мемлекеттік органның практикалық әрекеті туралы хабардарлығын қамтамасыз етеді.

- кәсібилік қағйдасы мемлекеттік органдардың кәсіби негізінде құрылуын білдіреді. Бұл өз алдына мемлекеттік аппарат әрекетінде барынша білікті мамандарды пайдалануға жағымды жағдайлар жасайды, мемлекеттік өмірдің негізгі мәселелерін шешуде ел тұрғындарының мүддесіне назар аударудың жоғарғы деңгейіне жетудің кепілі болады.

- алқалық пен жеке шешімдерді тиімді ұштастыру қағидасы - мемлекеттік аппараттың демократиялық бюрократиялық бастауларының қажетті арақатынасын қамтамасыз етеді.

- сайланбалылық пен тағайындалмалықты ұштастыру қағидасы - мемлекеттік басқарудағы орталықтандырудан бас тарту мен орталықтандырудың тиімді арақатынасын көрсетеді.

- сатылық (иерархиялық) қағидасы мемлекет органдарының әр түрлі деңгейін, бір-біріне бағыныштылық жүйесін, жоғарғы органның шешімінің төменгі органдарға міндеттілігін көрсетеді.

Аталған қағидаларды мемлекеттік органдарды құру барысында және олардың қызыметінің барысында жан-жақты есепке алу қоғамды мемлекеттік басқарудың барынша тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

1 . 2Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері.

Қазіргі мемлекеттік басқарудың концепциясының әдістемелік негіздерін қалыптастыру Қазқстан Республикасындағы мемлекеттік құрылыс пен басқарудың тәжірибесі мен теориясын дамытуда өте маңызды орын алады. Мұнда әңгіме мемлекеттік аппараттың республикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылыстарды жылдамдатуға арналған жаңа бағыттары туралы болып отыр. Еліміздің Президентінің Қазақстанның халқына арналған «Қазақстан 2030» жолдауында олар республиканың дамуының басымды бағыттары ретінде көрсетілген.

Басқару әр түрлі нысандарда адамзат қоғамы пайда болғаннан бастап орын алған. Қоғамның неғұрлым дамуына байланысты басқарудың да, оған деген қажеттіліктің де мәні артып отырған.

Басқарудың ажырамас қасиеті ретінде билік болып табылады. Бұл жерде екі жағдайды қарастыру қажет. Біріншіден, кім басқарады соған биліктік өкілеттіктер беріледі. Мұндай өкілеттіктер көлемі ұжымның алдына қойылған сұрақтарды тиімді және ұтымды шешу үшін жеткілікті болуы тиіс. Екіншіден, басқаруда бірлескен қызметтің қатысушылары басқарушы субъектінің (жетекшінің) еркіне бағынуы тиіс.

Сонымен, біз басқарудың әлеуметтік институт ретіндегі мынадай мәнді белгілерін қарастырдық:

а) басқару қоғамдық қажетті қызмет, жалпылама сипатқа ие, және адамдардың ұжымдасқан қызметі жүзеге асырылатын жерде көрініс табады;

ә) басқару бұл басқарушылық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және іс жүзіндегі жүзеге асырудағы адамдардың саналы, ерікті және мақсатты қызметі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы
Мемлекет механизмінің құрылымы
Мемлекет органы - мемлекет қызметін жүзеге асыруға көмектесетін мемлекет механизмінің құрылымдық бөлігі
Мемлекет механизмі және басқару органдары
Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары
Мемлекеттік басқарудың функциялары мен қағидалары
Жеке тұлға, құқық және мемлекет
Конституция
Тұлға туралы ұғым. Заңды тұлға
Басқару нысанының негізгі ережелері мен түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz