Жобаларды басқару үрдістері
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Жобаларды басқару
1.1 Жобаларды басқарудың пайда болуы мен дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Жобалық қызметтегі стандарттау және сертификациялау
... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Қазақстанда жобаларды басқарудың жағдайы мен даму болашағы ... ... .14
2. Жобаны басқарудағы жүйелік аспектілер.
2.1 Жобаны басқарудың объектілері, субъектілері, үрдістері мен функциялары

... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Жобаны стратегиялық басқару
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3 Жобаларды басқару үрдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... .32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Кіріспе.
Адамдар іс-әрекетінің көп түрлері жобаларды жүзеге асырумен байланысты,
ал жобалаудың тарихы көптеген мыңжылдықтарды қамтиды.
“Жоба” ұғымы толық негізінде көптүрлі обьектілерге қолданыла алады.
Мысалы, жоба ретінде, басқалардан өз миссиясы, масштабы, күрделілігі және
т.б. ерекшеленетін, жаңа құрылыс немесе жаңартылып жатқан кәсіпорын бола
алады. Жоба дегеніміз қойылған мақсатқа жетудің әдістері бола алады. Жоба
дегеніміз нақты тәртібі, шығындары бар нақты мәселелерді шешу үшін жүзеге
асырылатын үйлескен іс-әрекеттердің жиынтығы бола алады.
Кез-келген жобалар үшін келесі белгілер ортақ болады: 1 – олар нақты
мақсаттарға жетуге бағытталған, 2 – оларды жүзеге асыру үшін өзара
байланысты іс - әрекеттердің кешенін орындау қажет, 3 – олардың нақты басы
және соңы бар, яғни олардың ұзақтылығы уақыт бойында шектелген, 4 – олардың
әрқайсысы бірегей және қайталанбас. Бірнеше рет орындалатын типтік
жобалардың өзі нақты шарттарға байланысты талап етеді. Бұл қатынаста да
олар бірегей болып табылады.
Жобалардың көптүрлілігі оларды классификациялаудың қажеттілігін
тудырады.
Заттық сипаты бойынша жоба ғылыми – зерттеу, оқу– білімдік,
инвестициялық, әлеуметтік, мәдени, аралас және т.б. категорияларына жата
алады.
Іс - әрекеттің негізгі салалары бойынша жобалардың келесі түрлері бар:
техникалық, ұйымдық, экономикалық, әлеуметтік және аралас жобалар.
Жобалардың құрамы мен құрылымы бойынша олардың келесі кластары бар:
моножобалар, мультижобалар, мегажобалар.
Масштабы бойынша жобалар ұсақ, орташа, ірі және аса ірі жобалар, ал
күрделілік дәрежесі бойынша – қарапайым, күрделі және аса күрделі болып
бөлінеді.
Жүзеге асыру кезеңінің ұзақтылығы бойынша жобалар қысқа мерзімді, орта
мерзімді және ұзақ мерзімді болады.
Бизнес саласында жүзеге асырылатын жобалар (бизнес-жоспар) қаржылық
есептің халықаралық стандарттарына сәйкес болуы керек, оған сәйкес кез –
келген кәсіпорынның қаржылық– шаруашылық қызметі операциялық, инвестициялық
және қаржылық бағыттар бойынша жүргізілуі қажет. Бұл позициядан
операциялық және инвестициялық жобаларды айыру, ал соңғысынан инновациялық
және венчурлықты айыру мақсатты. Жобаларды осылайша топтаудың артықшылығы
– бизнестің қаржылық нәтижелеріндегі әрбір жобаның үлесін анықтау
ммкіндігі. Ал бұл бизнес – жобаларды басқарудың тиімді жүйесін құруға
мүмкіндік береді.
1.1 Жобаларды басқарудың пайда болуы мен дамуы.
Әрбір жобаның өмірлік циклы болады: ол жоба идеясы пайда болғанда
басталады да, жобаның мақсатына жеткенде немесе оны жалғастырудың
қажетсіздігі жайлы шешім қабылданғанда аяқталады. Осы екі жағдайдың –
жобаның басталуы мен аяқталуы арасында тлығымен жобаның мазмұнын құрайтын
өзара байланысты жұмыстар мен әдістердің жиынтығы орналасады.
Жобаның өмірлік циклы үш негізгі сатыдан құрылады: бастапқы, жобаны
жүзеге асыру сатысы және жоба бойынша жұмыстардың аяқталу сатысы. Бірінші
сатыда екі кезең бар: жобаның қалыптасу кезеңі мен оны жоспарлау кезеңі.
Жобаның қалыптасу кезеңінде оның басталуы, бейнелеуі мәселелері,
қажеттілік, қаржылық мүміндіктер, тәуекелдер мен басқа факторларды есепке
алғандағы баламалы жобалардың ішінен жобаны таңдау мәселелері шешіледі.
Жобаны жоспарлау оның барлық өмірлік циклының бойында жүзеге асырылады.
Басында, жобаның алғашқы (шамаланған) жоспары құрылады, ал оны жүзеге асыру
жайлы шешім қабылданғанда, оны толық талдап жоспарлау жүзеге асырылады, бұл
жобаның аяқталу кезкңіне дейін жалғасалы. Жобаны тура жоспарлаудың
қажеттілігі, оны жүзеге асыру үрдісінде алғашқы жобалық жұмыстардың
орындалуынан мүмкін ауытқулар пайда болумен түсіндіріледі. Сондықтан
жасалынатын жоспарларға қажетті түзетулер енгізуге тура келеді.
Жобаны жүзеге асыру сатысында жобалық жұмыстардың орындалуы бақыланады.
Осы мақсатпен орындалған жұмыстардың көлемі, мерзімі мен құны жайлы
деректер жиналады да, жоспарланған мәндермен салыстырады. Егер едәір
ауытқулар пайда болса, оларды жоюға бағытталған басқарушылық шешімдер
қабылданады.
Жобаның аяқталу сатысында оны тапсырыс берушіге тапсыруға дайындық
жүзеге асырылады, жобада әрекет еткен қорлар босатылады да, басқа жобаларды
орындауға жіберіледі, жобаның орындалуы жайлы қорытынды,и есеп беру
құралады, ал барлық жобалық құжаттар архивке тапсырылады. Кейбір
жағдайларда, мысалы жобаны басқару тоқтатылса, оның толық аяқталуы мүмкін
болмайды. Сонымен қатар аяқталмаған шығындар жәненемесе жобаны орындау
мерзімінің ұзаруы жағдайлары да мүмкін. Сондықтан болашақта мұндай
жағдайларды болдырмау мақсатымен жоба сәтсіздіктерін тәптіштеп талдау
қажет.
Жобаларды жүзеге асыру сапалы, тиімді болуы үшін, белгісіз уақытқа
созылмауы үшін және аса көп ақша қаражаттарын салуды талап етпеуі үшін,
олардың сапасына қойылатын талаптарды есепке алу арқылы басқарылуы қажет
және нақты уақыттық шектеулерге, қорлық шектеулерге және лимиттерге сай
келуі қажет.
Жобаларды басқарудың осы және басқа да күрделі мәселелерін шешу сәйкес
әдістемелік және құралдық қамсыздандыруда талап етті. Сондықтан
менеджменттің теориясы мен тәжірибесінде жобаларды басқару деген басты
бағыт пайда болды, ол бүгінгі күні барлық қаржылық жүйесі дамыған елдерде
кеңінен таралған.
“Жобаларды басқару ” ұғымына жобаны немесе жобаларды басқаруға
қабылданған әдісіне, оның масштабы, күрделілігі мен басқа факторлаға
тәуелді түрлі анықтама береді. Бұл терминнің көбінесе қолданылыатын
синонимдері – “жобаны (жобаларды) басқару”, “жоба (жобалар) менеджменті”,
“жоба – менеджмент”. Сонымен қатар жобалық менеджмент жайлы басқару ғылымы
мен тәжірибесінің қазіргі бағыты деп те айтуға болады. Одан басқа жобаларды
қаржыландыруды басқарушылық мәдениеттің немесе кәсіби қызметтің ерекше
саласы деп қарастыруға болады, бұл түрлі жобаларды - ғылыми, білім,
өндірістік, әлеуметтік, мәдени, әскери және т.б., жасап шығару мен жүзеге
асырумен байланысты.
Жобаны басқарудың қазіргі технологиясының қалыптасуы мен дамуының
тарихы шамамен жарты ғасырға созылған. Өткен ғасырдың 50 – ші жылдардың
соңында “Дюпон” (АҚШ) фирмасында ауыспалы жол әдісі - АЖӘ (Critical
Path Method- CPM) жасалды, ол ЭЕМ көмегімен осы фирманың зауыттарын
модернизациялау бойынша жұмыстардың күрделі кешендерін орындаудың
жоспарларын бақылауға мүмкіндік береді. Сол уақытта “Локхид” компаниясының
мамандарымен бағдарламаларды талдау мен бағалау әдісі – ПЕРТ (Program
Evolution and Review Technique - PERT) жасалды, оның көмегімен “Поларис ”
ракеталық жүйесінің жобасы сәтті жүзеге асырылды. Осыдан кейін бұл
әдістерді АҚШ пен әлемдік басқа ірі өнеркәсіптік және құрылыс компаниялары
қолдана бастады. Бірақ есептеу машиналарының жоғары құны жобаны басқарудың
жаңа және тиімді технологиясының таралуын шектеді.
Бұл жағдай 80–ші жылдардың ортасында түпкілікті өзгерді, осы кезде
персоналды компьютерлер пайда болды, олар арзандылығы мен пайдаланудағы
қарапайымдылығының арқасында көптеген компаниялар мен ондағы мамндарға
қолайлы болды. Компьютерлік техниканың осындай артықшылықтарының көмегімен
түрлі масштабтар мен күрделіліктегі жобаларды басқару мәселелерін шешу
мүмкін болды.
Жобаларды басқарудың қазіргі әдістемесі мен инструментарийі үлкен
әмбебаптылығымен ерекшеленеді және түрлі елдерде, салаларда және қызметтің
түрлерінде сәтті қолданады.
Жобалық қызмет байырғы Кеңес Одағында да аса дамыған болатын, бірақ ол
жоспарлы әкімшіл - әміршіл жүйе шарттарында жүзеге асырылып, жалпыодақтық
және республикалық ірі мемлекеттік институттарда шоғырланды. Бұл
институттардың басты мәселесі – экономика салаларының жоспарлы және
пропорционалды дамуының мемлекеттік саясатын жүзеге асыру болып табылды.
Бәсекелік заңы ол шарттарда әсер етпеді, бұл жобалардың сапасы мен құнына
теріс әсерін тигізіп, оларды қалыптастыру мен жүзеге асыру мерзімінің тым
ұзаруына алып келді.
1.2 Жобалық қызметтегі стандарттау және сертификациялау.
Жобаны басқару стандарты нені және қашан, қандай түрде жасау керектігін
және нәтижені кімге беру керектігін анықтайды. Стандарттаудың құралы –
жобаны басқару ұғымы, үрдістері мен мәселелерді шешу әдістері болып
табылады. Стандарттар көмегімен доба бойынша жұмыстарды бірыңғайлауға, жоба
қатысушыларының “өздік әрекетінен” құтылуға, олардың жұмыстарының
үйлесімділігін жақсартуға, негізсіз шешімдерді қабылдаудың тәуекелін
төмендетуге болады.
Жобалардың көптүрлілігі мен оларды басқаруға ықпалдың айырмашылығы
себебінен, осы уақытқы дейін жобалық менеджмент бойынша халықаралық
стандартттардың біртұтас жүйесі құрылмаған. Сонымен қатар жобалық
менеджменттің жеке аспектілерін сапа менеджментінің ISO 9000:2000, 10005,
10006,10007 және т.б. халықаралық стандарттарында кездестіруге болады.
Сонымен қатар техникалық және ақпараттық жүйелерді басқару СА ласында
да халықаралық стандаттар баршылық, олар жобалаудағы үрдістерді басқарудың
нормалары мен ережелерін айқындайды, мысалы: ISOIEC 12207, Inmormation
Technology – Software Life Cycle Processes (1995); ISOIEC TR 15271,
Inmormation Technology – Guide for ISOIEC 12207 (1998); ISOIEC 15288
CD2, Life Cycle Management – System Life Cycle Processes (2000) және т.б.
Өнеркәсіпті дамыған елдерде жобаларды басқарудың ұлттық стандарттары
жасалып, қолданылуда. Оның ішіндегі ең айрықшасы – жобаларды басқарудың
Британдық стандарты. Оған 1981жылы үш стандарт кірген: Жүйелік жоспарлау
мен жобалық бағалауды пайдалану бойынша нұсқау, Қорларды талдау мен
шығындарды бақылау бойынша нұсқау және Есептеу техникасын пайдалану
бойынша нұсқау. 1984ж. төртінші стандарт енгізілді - Басқару,
жоспарлау, бақылау және есеп беру процедураларын пайдалану бойынша нұсқау.
Оның негізінде 1987ж жобаларды жүйелік жоспарлауда қолданылатын терминдаер
глоссариі жасалынып енгізілді. Жобалық менеджменттің Британдық
стандарттарының екінші кезегі 1992ж .пайда болды, ал 2000ж. келесі жаңа үш
стандарт жасалды: Жобалық менеджмент бойынша нұсқау, Жобалық менеджмент
сөздігі және Бизнеспен байланысты тәуекелдерді басқару бойынша нұсқау.
Кәсіпорын стандартын жасап шығаруда бар ұлттық немесе халықаралық
стандарттарды негізге алуға болады. Бұл жағдайда кәсіпорын стандартында
ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі жобаларды басқарудың стандарттарына
талптар нақтыланады және тәптіштеледі.
Жобаларды басқару стандартын жасап шығару мен пайдаланудың өзі,
кәсіпорындарда басқару үрдістері нақты жетілу (кемеліне келу) деңгейіне
жеткендігін куәландырады. Бұл деңгейді бақылау үшін және компанияны жобалық
басқарудың болашақтағы дамуының бағытын анықтау үшін түрлі әдістер
қолданылады. Бұл мәселені шешудің мүмкін бір ықпалы жетілу (кемеліне келу)
үлгілерін пайдалану.
Қарапайым үлгі жетілудің үш деңгейін пайдалануды ұйғарады жобаны
басқарудың концепциясы, әдістемесі мен операциялық стандарты.
Одан күрделі жобаны басқару үрдістерінің бес деңгейлі жетілу үлгісінің
(PM) – Project Management Process Maturity Model жетілу деңгейлерінің
сипаттамалары келесідей.
Жетілудің бірінші деңгейі – бастапқы, клмпанияда жобаларды басқару
процедураларының жоқтығын, жобаларды орындаудың жоспарлары жасалмайтын, ал
басшылық жобаларды басты мәселелерін түсінбейтін жағдайды сипаттайды.
Жобалық жұмыстар мазмұны, көлемі мен құны жағынан шамаланып алынған. Осының
салдарынан олар әлсіз бақыланады. Мұндай жағдайда жобалардың сәттілігі
жобаны басқару үрдістерін ұйымдастыруға қарағанда, үлкен дәрежеде
жұмысшылардың жеке күштеріне тәуелді болады.
Жетілудің екінші деңгейі – жобаларды жеке жоспарлаудың деңгейі, ол
жобаларды басқарудың бір – бірімен байланыспаған және формальсіз жеке
процедураларын қолдаумен сипатталады. Мұнда әрбір нақты жобаны жоспарлау
мен басқару оның басқарушысының жеке ықпалына тәуелді болады.
Жетілудің үшінші деңгейі – басқару деңгейі, жобаны басқару үрдісінің
бөлшектей формальданғанын, персоналды, жобалық әдістемелерді және сәйкес
аспапты құралдарды іс жүзінде қолдануға дайындықты, ұйымда жобаларды
жоспарлау мен басқарудың жүйесін пайдалануды білдіреді.
Жетілудің төртінші деңгейі – интеграция деңгейі, толық
формальданғандықты, құжаттануды, стандарттауды және жобаны басқарудың
барлық үрдістерін ресми бекітуді білдіреді. Жобаларды басқару үрдістері
айқындалған, сапалы бағаланған, персоналмен түсінілген және іс жүзінде
енгізлген. Сонымен, негізделген шешімдерді қабылдауға, компаниямен
орындалатын көптеген жобаларды басқару мен бақылауға сенімді негіз
жасалған.
Жетілудің бесінші деңгейі – жетілдіру деңгейі, компаниядағы жобаларды
басқару үрдістері, жобалық бейімделген ұйымдық құрылымдар, ақпараттық
технологиялар мен процедуралар көмегімен әрдайым жетілдіріледі. Басқару
үрдістерін одан әрі жетілдіру мүмкіндігін анықтау мақсатымен, жобаларды
басқару деректерінің мониторингі, оларды талдау мен бағалау, аудит пен
сараптау жүргізіледі.
Соңғы уақытта жоғарғы дәрежеде жобаларды басқарудың ұйымдық жетілу
үлгісін құру жайлы хабарлар пайда болады. Осындай үлгілердің бірі - OPM -
The Organizational Project Management Maturity Model, Германияда жасалған.
Жобаларды басқару бойынша мамандар кәсіби ұйымдарға біріккен, олар осы
саладағы стандарттарды және талптарды айқындайды. Осындай ұйымдардың бірі-
АҚШ құрылған Жобаларды басқару институты (Project Management Institute -
PMI). Ол жалпы халықаралық стандартты - Project Management Body of
Knowledge (PMBoK) жасаумен және басып шығарумен шұғылданады.
PMBoK стандартына сәйкес жобалық менеджмент саласындағы маман жоба
қрдісінің келесі сатыларын ұйымдастыра білу керек: инициация, жоспарлау.
орындау, бақылау мен аяқтау. Сонымен қатар. Ол жобаның құралдық аумағын
басқару,мерзімдерді,жоба бюджетін басқару, тәуеклдерді басқару, жоба
сапасын басқаруды білуі қажет.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ірі жобаларды басқару жобалық менеджменттің
тек сертификацияланған мамандарына жүктеледі.
Жобаларды басқарудың халықаралық ассоциациясы (International Projekt
Management Associoation – IPMA) – ұлттық, негізінде еуропалық
ассоциацияларды біріктіреді және жобаны басқару бойынша мамандарға өз жеке
талаптар тізімі – International Competence Baseline(ISB) шығарады. Оның
негізінде жобалық менеджерлерге ұлттық талаптар қалыптасады. Олардың
хабарлардағы сертификациялық сынақтар арқылы бағаланады.
Жобалық менеджмент институтында (PMI, АҚШ) қабылданған сертификациялау
жүйесіне үміткер хабардарлығының тек бір деңгейі кіреді. Емтиханды сәтті
тапсыру жағдайында үміткерге Жобалық Менеджмент Профессионалды (Project
Management Professional) атағы беріледі. 2000ж. бастап Internet арқылы
емтихандарды дистанциондық тапсыру жолымен, үміткерлер өздері келмей- ақ
сертификациялық сынақтан өте алады. Бірақ емтиханға қатысу үшін берілген
құжаттар негізіндегі сұрыптаудан өту қажет. Үміткерлерді таңдаудың басты
критерийі – оларда жобалық менеджмент бойынша кәсіби іс-әрекеттің
жеткілікті өтілінің болуы.
Жобаларды қаржыландырудың Халықаралық Ассоциациясымен (IPMA) берілген
сертификат хабардарлықтың 4 деңгейі бойынша бағалауды қарастырады, оларға
сәйкестік IPMA-мен уәкіл етілген асессорлармен анықталады. Сертификатты
алуға үміткерлер сынақтар процедурасына міндетті түрде қатысады. IPMA
стандартын негіз ретінде қабылданған елдерде сертификаттау жүйесі ұқсас
түрде жүргізіледі.
AIPM австралиялық сертификаттау жүйесі үміткерлерді хабардарлықтың 7
деңгейі бойынша бағалайды, ал емтихан бірнеше кезеңнен тұрады.
1999 ж. Ресей Федерациясында IPMA сертификаттаудың халықаралық жүйесі
шеңберінде жобаларында басқару бойынша мамандарды Сертификациялаудың ұлттық
программасын жүзеге асыру басталды. Осы программаға сәйкес Хабардарлыққа
ұлттық талаптар жасалды, ол төрт бөлімнен құралады: басқару объектілері,
жобаны басқарудың субъектілері мен аспаптары, жобаларды басқару үрдістері,
жобаны басқарудың дамуының тарихы мен тенденциялары. Сертификациялаудың
СОВНЕТ СЕРТ сәйкес жүйесі үміткерлердің келесі атақтарды алу үшін
хабардарлығын бағалау мен мақұлдауды қарастырады: бағдарламалар немесе
жобалардың сертификацияланған басқарушысы (В деңгейі); халықаралық
жобалардың сертификацияланған басқарушысы (В1 деңгейі); жобаны басқару
бойынша сертификацияланған профессионалы (С деңгейі); жобаны басқару
бойынша сертификацияланған маман (Д деңгейі).
Жоба менеджерлері мен жобалық менеджмент мамандарының білімі,
тәжірибесі мен шеберлігіне қойылатын талаптар сәйкес “Білімдер жинағында”
(Body of Knowledge) айқындалған, олар халықаралық және ұлттық кәсіби
ассоциациялармен қолданған және даму үстінде. Қазіргі уақытта әлемнің 20
елінде ресми ұлттық Body of Knowledge on Project Management (PM BoK) және
ұлттық сертификациялау жүйелері бар.
Халықаралық Білім жинағы - International Competence Baseline(ICB)
жобалық менеджмент саласындағы біліктілік пен хабардарлықты, сонымен қатар
сертификатты алуға үміткерлерді бағалау принциптерін айқындайды. Оның жоба
менеджментіндегі тұлғалардың білімі, шеберлігі мен кәсіби өтіліне қойылатын
талаптарын айқындайтын 42 элементі (28 негізгі және 14 қосымша) бар.
IPMA енетін әрбір ұлттық ассоциация хабардарлық бойынша ұлттық
талаптардың жасалуы мен бекітілуіне және олардың елдің ұлттық ерекшеліктері
мен мәдениетін есепке алғанда ICB–ға сәйкестігі үшін жауапкершілікте
болады.
Жобалық менеджерлердің хабардарлығы бойынша ұлттық талаптар IPMA–ның
арнайы Комитетімен бағаланады.
Мысалы IPMA–ға кіретін жобалық менеджерлердің Ресей ұлттық
ассоциациясы Жобаларды басқару бойынша хабардарлыққа ұлттық талаптарды
жасап шығарады және бақылайды.
Көптеген компаниялар өз менеджерлерінің сертификат алуына қызығушылық
білдіретіндіктен, Ресейде жобалық менеджмент саласында көптеген білім
орталықтары құрылып, сәтті қызмет атқаруда.
IPMA мүшелігіне кірмейтән елдер (АҚШ, Австралия, Оңтүстік Корея және
т.б.) өздерінің Ұлттық білім жинақтары мен сертификациялау процедураларын
жасап шығарады.
Сертификациялық сынақтар жүйесінің кемшіліктері бар екендігі де мәлім.
PMI жүйесі негізінде, ұйымда жобаны басқаруға үрдістік ықпал болған
жағдайға сәйкес келеді. Егер де басқару негізіне жүйелік ықпал қойылса,
онда AIPM үлгісін пайдалану ыңғайлы. Ал егер менеджерлік ықпал күштірек
болса, IPMA үлгісін қолданған жөн.
1.3 Қазақстанда жобаларды басқарудың жағдайы мен
даму болашағы.
Қазақстан зкономикасының одан әрі сәтті дамуы қазіргі басқарушылық
әдістемелерді, технологиялар мен құралдарды, оның ішінде жобаларды
басқаруды игерусіз мүмкін емес.
Соңғы жылдары Қазақстанда кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңартуға,
коммуналдық сала обьектілерін жаңартуға, өнеркәсіптік және үй
құрылыстарының көлемін ұлғайту қажеттілігі едәуір күшейді. Бұл мәселелерді
шешу едәуір инвестицияларды, жобалық жұмыстар мен программалар көлемдерін
күрт ұлғайтуды талап етеді, сонымен қатар оларды ұйымдастыру мен орындауда
жоғары білікті басшылар мен мамандардың қатысуын қажет етеді. Осымен
байланысты елде жобалық менеджменттің қалыптасуы мен дамуына бағытталған
нақты қадамдар жасалуда.
Бұл жұмыста Қазақстан Республикасының Өкіметі, негізгі министрліктер
мен ведомстволар, ҚР жобалық менеджерлер одағы, Халықаралық бизнес
университеті, Алматыдағы АҚШ – тың жобалық менеджмент институтының Қазақ
Бөлімі (PMI Almaty Kazakhstan Chapter), Project Management Center (Алматы
қ.) сонымен қатар ААҚ Қазақтелеком , Казатомпром және т.б. сияқты ірі
кәсіпорындар мен ұйымдар қатысады.
2003ж. 26 наурызда №22 – 15 181 ҚР Премьер- министрінің Тапсырмасына
сәйкес жобаларды басқарудың басшылары мен мемлекеттік қызметкерлерін IPMA
және PMI стандарттары бойынша оқытудың инвестициялық программалары
жасалды. Жобаларды басқару бойынша үш халықаралық симпозиум өтті. Шетел
тренерлерін шақыру арқылы ірі шетел және отандық компаниялардың өкілдері
үшін жобалық – программалық менеджмент бойынша кәсіби тренингтер әрдайым
жүргізіле бастады.
Project Management Center, ҚР Жобалық менеджерлер одағы және PMI
Almaty Kazakhstan Chapter сияқты ұйымдар ашық және жабық (корпоративті)
тренингтер, мастеркласстар мен презентациялар жүргізуде жеткілікті өтіл
жинады, оларға 500 – ден астам билік пен басқарудың орталық және жергілікті
органдарының, ұлттық және салалық компаниялардың, ҚР шағын және орта бизнес
кәсіпорындарының мамандары қатысты.
2002 ж. қазанында Алматы қаласында Жобаларды басқару: Қазақстан –
2002 I Халықаралық симпозиум өтті. Симпозиум тақырыбы: Инвестициялар.
Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі салаларында жобаларды басқару
мен қаржылық лизинг. Симпозиум жұмысында Қазақстан, Ресей, АҚШ,
Ұлыбритания, Германия, Израиль, Чехия, Италиядан 130 басшылар, ғалымдар,
сарапшылар мен мамандар қатысты. Симпозиум қатысушыларының пікірі бойынша
қазақстандық мамандар жобаларды басқару бойынша кәсіби білім алуға және
нақты бизнес- үрдістерге енгізуге дайын. Қазақстандық экономика үшін мұндай
шаралардың аса мәнді екенін есепке ала отырып, оларды әрдайым жүргізу жайлы
шешім қабылданды.
2003 ж. қазанында өткен Жобаларды басқару. Қазақстан 2003 ІІ
Халықаралық симпозиумының қорытынды құжатында Қазақстан Республикасының
халықаралық стандарттарына сәйкес жобаларды басқару саласында ұлттық
инфрақұрылымды құрудың әдістемелік, ұйымдық, программалық – техникалық және
ақпараттық негіздерін тез арада жасап шығарудың мәнділігі белгіленді.
Симпозиум қатысушылары бизнес қоғамдарда, ғылым мен білім саласында,
Қазақстан Республикасында Жобаларды басқарудың дамуының мемлекеттік ұлттық
бағдарламасын жасап шығаруды ынталандырды.
2004 ж. қазанында өткен Жобаларды басқару. Қазақстан–2004 ІІІ
халықаралық симпозиумының тақырыбы жобаларды және программаларды басқару
саласында ұлттық инфрақұрылымды қалыптастыруға; басқару саласында Project
& Program Management, PMI( Project Management Institute, АҚШ), IPMA
(Жапония) және AIPM (Автралия) қазіргі кәсіби білім мен әдістемесін
белсенді енгізуге бағытталған. Симпозиумға Қазақстан, Ресей, АҚШ, Канада,
Кувейт, Литва, Румыния, Автралия, Қырғыстан, Сингапур өкілдері қатысты.
Олар Қазақстан Республикасында халықаралық стандарттар бойынша жобалар мен
прграммаларды басқаруының дамуы атты Ұлттық Инвестициялық Программаны
аяқтау және жүзеге асыру және Қазақстан Республикасында жобалар мен
программаларды халықаралық стандарттар бойынша басқарудың жетілу деңгейін
бағалау жобасын жүзеге асыру ұсынысын қолдады. Сонымен қатар Қазақстанның
экономикасы, ғылымы мен біліміне жобалық – программалық менеджменттің
қазіргі әдістемесін енгізуге бағытталған жаңа жобаларды ұсынды. Және де
Жобалық менеджердің хабардарлығына ұлттық талаптар қазақстандық стандартын
жасап шығару бойынша жұмыс тобын қалыптастыру ұсынылды.
Симпозиумда келтірілген Қазақстан Республикасында жобалар мен

бағалау жобасы келесі мақсаттарға бағытталған:
- Қазақстандық мамандарды жобаларды басқару бойынша, халықаралық
стандарттардың талаптарына сәйкес оқыту мен сертификаттаудың жүйесін
құру;
-Қазақстан экономикасының салаларында жобаларды және программаларды
басқару бойынша кәсіби басқарушылық, аудит пен консалтингті ұйымдасттыру;
-Қазақстандық нарыққа білім және басқарушылық жобалы программалық
консалтинг саласындағы жаңа қазіргі өнімдер мен қызмет көрсетулерді құру
және енгізу;
Бұл жобаны жүзеге асырудың негізгі нәтижесі – Қазақстан Республикасында
жобаларды және программаларды халықаралық стандарттар бойынша басқарудың
жетілу деңгейін сапалы салыстырмалы бағалау (benchmarking).
Халықаралық бизнес университетінде Жоба – Менеджмент Орталығында және
РМІ-дің Қазақстандық бөлімінде жасалған “Қазақстан Республикасында
халықаралық стандарттар бойынша жобаларды және программасында басқарудың
дамуы” атты 2004-2006 ж.ж. Ұлттық Инвестициялық Программасының мақсаттары
келесідей:
1) Қазақстан Республикасы кәсіпорындары мен ұйымдарының жоғарғы және
орта басқару звеноларының 5000 жетекшісін, оның ішінде 1500 адам
мемлекеттік қызметкерлерді оқыту;
2) Қазақстан Республикасы кәсіпорындары мен ұйымдарының жоғарғы және

мемлекеттік қызметкерлерді Халықаралық сертификаттаудан өтуі;
Келтірілген программалық инновацияларға кіреді:
1) Қазақстан экономикасының мемлекеттік және меншік секторының
кәсіпорындары мен ұйымдарының экономикасына жобалар мен
программаларды әлемдік стандарттар бойынша кәсіби басқарудың
әдістемесі, технологиясы мен құралдарын енгізу;
2) Жобаны басқару саласында халықаралық стандарттар бойынша
сертификацияланған мамандар, оқытушылар мен тренерлерді дайындау;
3) Меншік инвесторлар мен өкілетті мемлекеттік органдармен жасалынатын
әрекет ететін және болашақтағы инвестициялық келісім шарттар
бойынша аударымдардың бөлігін жобалық менеджментті үйрету саласына
бағыттаудың мәселесін шешу;
4) Халықаралық стандарттар бойынша жобаларды және программаларды
кәсіби басқару негіздерін үйрету үшін, ұлттық вертуалды INTERNET –
Университетін құру жобасын инициациялау;
5) Әрекет ететін халықаралық және ұлттық стандарттар негізінде жобалар
мен программаларды басқарудың ұлттық стандартын жасап шығару
жобасын инициациялау.
Жалпы алғанда соңғы жылдары Қазақстанда жобаларды қаржыландыру
саласында жұмыстар белсенді жүргізілетінін айтуға болады. Бірақ Қазақстан
экономикасының дамуына үлкен үлес қосатын осы бағыттағы әрекеттер қысқа
мерзімде және жоғары кәсіби деңгейде шешілуге жеткіліксіз екені де мәлім.
2.1 Жобаны басқарудың объектілері, субъектілері,
үрдістері мен функциялары.
Соңғы жылдары жобалық менеджмент саласында жұмыс істейтін мамандар
қолданылатын терминологияны үйлестіретін
объектілер,субъектілер,функциялар,ү рдістер кезеңдер,процедуралар мен
т.б.құрамын нақты дәл айқындайтын жобаларды басқарудың біртұтас жүйелік
үлгісін құра отырып, өз білімдері мен тәжірибесін жүйелендіре бастады.
Жобалық менеджменттің осындай үлгісінің болуы осы салаға қатысты
мәселелерді дәл топтауға және олардың сәтті шешілуіне мүмкіндік береді.
Мысал ретінде жобаны басқарудың жүйелік үлгісін
қарастырайық, ол негізгі үш блоктан тұрады: басқару субъектілері, басқару
объектілері мен жобаны басқару үрдісі.
Басқару субъектілері – жобаны жүзеге асыру үрдісінде өзара
әрекет ететін жобаның белсенді қатысушылары. Оларға заказ беруші,
инвесторлар, подрядчиктер, жеткізушілер, орындаушылар жатады. Жобаны
басқару командасының мүшелері – жоба менеджерлері мен оның функционалды
менеджерлері.
Басқару объектілері – программалар,жобалар,келісім-
шарттар,сонымен қатар басқару объектілерінің жеке өмірлік циклының фазалары
(концепция,жасап шығару,жүзеге асыруға,аяқталуы).
Жобаны басқару үрдісі – ол жобаны жасап шығару, жүзеге
асыру мен аяқталуы, басқарудың келесі деңгейлерінде басқару функцияларын
орындау жолымен жүзеге асыруға бағытталған әрекеттер жиынтығы:
- стратегиялық (жобаның барлық өмірлік циклын қамтиды);
- жылдық (жобаның жыл ішіндегі орындалатын жұмыстарын қамтиды);
- кварталдық (жобаның квартал ішіндегі орындалатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz