Ұлтаралық қатынас құралы қызметі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

  1. 5-6жас балаларының ойын түрлері . . . Іскерлік ойын . . .

1. 2 Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту . . .

2. 5-6 жас балаларды ойын арқылы әрекетін дамыту . . .

2. 1 Ұлттық ойындар мен мектепке дейінгі балалардың әрекетігн дамыту . . .

2. 2 Дидактикалық ойындар . . .

2. 3 Мазмұнды ойындар . . .

2. 4 Құрылыс ойындар . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

КІРІСПЕ

Мектепке дейінгі білім беру - бұл үш пен жеті жас аралығындағы баланы оқыту, дамыту, тәрбиелеу, қарау және күту. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Жеті жасқа дейінгі балалар бірдеңені шындап үйрену үшін тым кішкентай болып көрінеді, алайда жете дайындалуынсыз балаға кейіннен мектепте оқу қиын болады.

Мектепке дейінгі мекемелердегі сабақтардың мектептегі сабақтардан айырмашылығы айтарлықтай. Кішкентай балалар бір орнында

қырық-қырық бес минут отыра алмайды. Сондықтан балабақшаларда және даму орталықтарында сабақтар әдеттегідей қысқа, олардың ұзақтылығы отыз минуттан аспайды.

Білім балаларға ойын түрінде ұсынылады, мектеп жасына дейінгі баланың ойын арқылы сабаққа көңілін аударуға оңай. Ойын түрінде қажетті дағдылар қалыптап, олар ойын барысында пысықталады. Бұл ретте оқытушылар мектепте оқығанда керек болатын дағдыларды қалыптастыруға ерекше назар аударады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға бірдей оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндеттік стандарт негізінде әзірленеді. Олардың негізінде мемлекеттік және мемлекеттік емес мектепте дейінгі балалар мекемелерінде 2-3 жас аралығындағы балаларды 6-7 жасқа дейін мектепке дейін тәрбиелеу және оқыту жүргізіледі. Балдырғанға мәдениет негіздерін, сондай-ақ жалпыға бірдей қабылданған тәртіп және қарым -қатынас үлгілерін мектепке дейінгі жаста дарыту өте маңызды, бұл оның кейіннен бастапқы мектепте бейімделуін едәуір жеңілдетеді. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту арқылы бала өзі және өз мүмкіндіктері туралы бастапқы түсініктерді алады, онда қоршаған ортаның толық бейнесі және оған деген дұрыс көзқарасы қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста баланың зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық және дене тұрқы мен жеке басы қасиеттерінің негізі салынады.

Оқыту мен тәрбиенің екінші бөлігі - мектепке даярлау - 4-5 жастан басталады, бұл кезде баланың бастауыш оқу, жазу, есептеу дағдылары қалыптасады, тіл арқылы қатынасу тәжірибесі дамиды. Бұл мектепке дейінгі мекеме түрі 6-7 жсатағы балалардың негізгі бөлігін қамтиды.

Балабақшаларды балалар жастық топтарға бөлінеді: ерте жастағы топ- 1 жастан 2 жасқа дейін; бірінші кіші топ - 2 жастан 3 жасқа дейін; екінші кіші топ - 3 жастан 4 жасқа дейін; ортанғы - 4 жастан 5 жасқа дейін; мектепке дейінгі топтар: ересектер тобы - 5 жастан 6 жасқа дейінгі және мектепалды даярлық тобы - 6 жастан 7 жасқа дейінгі балалар.

Іс-әрекет түрлері дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам үшін іс әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Адам әрекеті санаулы. Оның негізгі түрлері ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Осы әрекетің бірі- ойын.

Ойын- бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтар, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым- қатынасқа түседі, атын- түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады. С. А. Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады.

Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет.

Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық осы әрекеттің белсенді сипаты.

Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, кақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы .

Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет пеномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

Әлеуметтендіру қызметі.

Өйткені, ойын- баланы күшті қоғамды қатынастар жүйесіне еңгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.

Ұлтаралық қатынас құралы қызметі.

Себебі, ойын- балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені, ойын- әоі ұлттық әрі интернационналдық, сонымен бірге, жалпы азаматтықта көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиыедықтарды жою жобасынтексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесін олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.

Ойынның қатысындық қызметін- балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкінідік беретін керегін айқын көрсетеді.

Ойынның диагностикалық қызметі- педагогика баланың әр қырынан интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық, және тағы басқа көрінуін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттігі мүмкіндіектерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.

Ойынның түзеу қызметі деп- баланың тұлғалық құрылымның көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді. Шығыстың ұлы ойшылы Абу-Насыр Әл-Фараби өзінің «Бақыт жолында» атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана ойы бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқтасақ, ұлы Абай өзінің 43-ші қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытипаса, өзінің із түссіз жоғалып, жойылып кететінін айтады. Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі- оқу, білім деп тұжырымдайды. Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балад оқу мен білімінің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да- ойын әрекеті болып саналады.

Орыс педагогы Б. А. Сухомлинский «ойын баланың алдынан өмір есігі ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін де емес» десе, ғалым Е. А. Покровский өзінің балалардығ ойындарына арналған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Мысалы, ежелгі гректерде «ойын» түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында «ойын» сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды- деп барлық халықтың ой түсінігінің түп-тамырын сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды. Ойын -таным процесінің дамытудың негізгі болғандықтан әрбір тәрбиеші ұстаз оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру керек.

Ойын ерекшелікетері. Адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, қарысм-қатынасын бейнелеу- балалар ойынының негізгі ерекшелігі. Ойында төселген кілемнің үсті теңіз, орындық кеме, пойыз вагоны болуы мүмкін және өздері қалай ойластырып алса, соған лайықты мазмұн береді. Оған мысал ретінде орыс жазушысы Л. Н. Толстойдың «балалық шақ» повесінен мына үзіндіні алуға болады: повестің басты қаһарманы- Николенько былай дедеі: «таяқ пен құсты атып түсірмек былай тұрсын, одан оқ шығаруға да ешбір болмайтынын өзім де білемін. Бұл- ойын. Егер өйтіп ойласақ, орындықтарға мініп шабуға да болмайды; қыстың ұзақ кештерінде біз креслоға орамал жауып, одан арба жасайтынбыз, біреуімз көшір, екіншіміз малай болатынбыз, қыздар ортаға отырады, үш орындықты үш ат етіп, жолға шығатынбыз. Сол жолда қанша қызықты оқиғалар болушы еді! Және қаншалық көңіл өсіп, қысқы кештерде тез өтуші еді. Егер бәріне шындап қарайтын болса, онда түкте ойын шықпайды»

Бұдан балалар іс-әрекетінің басқа барлық түрлеріне ойынның өзгеше екендігін байқалады. Балалар ойындағы өз іс-әрекеттерінің шындығана сенгендіктен уақытпен, әрекеттердің қатаң дәйектілігімен санаспайды. Бөлменің ішінде ойнап жүріп балалар буырқанған теңіз ішінде жүзіп жүргеніне сенеді, қорқынышты бастарынан кешіріп, қиындықты жеңген қуаныш сезіміне бөленеді. Олар айға ұшады, одан қайтып оралады, ертегідегідей оқиғалар «күн сайын немес сағат сайын» дамиды.

Ойынның тағы бір ерекшелігі- оның әрекеттік сипаты. Ойынды балалар өздері шығарады, ойынды өздері жасайды. Олар ойында өздеріне белгілі өмір құбылыстары мен оқиғалар туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.

Ойынның келесі ерекшелігі бейненің ойын әрекетінің, сөздің ұштасуы және өзара байланысуы. Бала өзі бейнелеген ойын еһкейіпкеріне толықтай еніп, соның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейіпкер бейнесіне толық енген бала ойындағы бейне атына жауап береді; «мен Нұржан емеспін, жүргізушімін» дейді, сол бейнеге лайық әрекеттерді ықыласпен істейді.

Бала жалғыз ойнағанның өзінде үгсіз ойнамай, ойыншықтармен сөйлеседі, «ойынға қатысушылармен» әңгімелеседі, өзі үшін, анасы үшін, анасыи мен үйге келген қонақтар үшін сөйлейді.

Сөйлесудің ойын барысында рөлі үлкен. Балалар сөйлесе жүріп ойынның мақсаты мен мазмұнын анықтайды. Сөз арқылы ойын ұйымдастырылады, балалар өзара түсініседі, балада қоршаған өмірдің кейбір жағдайлары мен құбылыстарына көзқарас пайда болады, жолдастық пен дочтықтың дамуына көмектеседі.

Ойынның мақсаты, ойынның мазмұныі ойын әрекеттері, рөлдер, ойын ережесі- ойынның негізгі құрылымдық элементтері.

Ойынның мақсаты- балалардың нені ойгау керектігін және қалай ойеау керектігін жалпы анықтау, мысалы: «дүкен», «отбасы», «аурухана», «балалар бақшасы», «мектеп» және тағы басқа ойнау. Ойынның мақсатына қарай ойындарды мынадай топтарға бөлуге болады:

а) тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар- «отбасы», «балалар бақшасы», «емхана» және т. б

ә) еңбекті бейнелейтін ойындар- метро, үйлер салу, дәрігерлердің еңбегі, стадиондар тұрғызу және т. б

б) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар- мерекелер, шерулер, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар, т. б

Ойынның мазмұны- оның жанды тұлғасын құрайды, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуы, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны қызықты болса, балалардың ойнауға деген ықылас пен ынта тудырады.

Ойындағы бала атқаратын рөл- ойынның құрылымдық ерекшелігі болып табылады. Рөлдің маңызына қарай ойынды рөлді немесе мазмұнды рөлді ойын деп атайды.

Ереже- ойыншылардың мінез-құлқымен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейді. Мұны ойын әрекетінде балалардың өздері, кейде ересектер белгілейді. Ереже балаларды ойын кезінде ұйымшылдыққа тәрбиелейді, ойынға тұрақтылық сипат береді, қарым -қатынас пен өзара қарым-қатынастарын дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сондай-ақ ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсенді қатысуына көмектеседі.

Ойынның бұл құрылымдық элементтері типтік болып табылады, бірақ олардың түрлі маңызы бар жіне әр түрлі ойындарда түрліше арақатынаста болады.

Ойын- тәрбие және даму құралы. Ойын мектепке дейініг балалар үшін тәрбие және даму құралы. Ол педагогикалық үрдісте ғана тәрбие және даму құралына айналады. Педагог ойынды жоспарлауда балалар игеруге тиісті бағдарлама мазмұны, дидактикалық және ойын міндеттерін, қимыл мен ережелерді, нәтижені белгілейді.

Педагог ойынды педагогикалық үдеріске енгізе отырып, балалрды ойнауға, «жақсы ойын» жасауға үйретеді. Жақсы ойын мыналарды қажет етеді:

  • Ойын мазмұнының тәрбиелік- танымдық мәнінің болуы;
  • Бейнеленетін іс-әрекетін түсінікті, толық, дұрыс және орынды болуы;
  • Балалар белсенділігін, ұйымшылдығының болуы;
  • Ойнаушылардың ережеге бағынуы және оларды басшылыққа ала білуі;
  • Ойыншықтар мен ойын материалдарын нақты мақсатқа пайдалану,
  • Балалардың жағымды қарым-қатынастары және шаттық көңіл-күйлері;

Тәрбиеші ойынға басшылық жасай жүріп, баланың санасына сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына әсер етеді, ойынды ақыл ой, адамгершілік эстетикалық және дене тәрбиесін беру үшін пайдаланады.

Балалардың білімі мен ұғымы ойын барысында айқындалады, тереңдейді. Кейбір рөлді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетінде бейнелеуге тиіс. Ейде балалар адамдардың ебегі туралы, нақ іс- әрекеттер, өзара қарым-қатынастар туралы блімдері мен түсініктері жеткілікті болады да, соларды толықтыру үшін жаңа білім қажеттігі туындап, ойын барысында тәрбиешіден сұрайды. Тәрбиеші ол сұрақтарға жауап беріп, олардың ойын кезіндегі әңгімелерін тыңдап, ойыншылардың өзара түсінісуіне, келісуіне көмектеседі.

Балалар ойында білімдері мен түсініктеірн жетілдіреді, жаңа білім меңгереді.

Мектепкеи дейінгі ұйымда балаларды өмірге жағымды көзқарас, отанға, өз халқына сүйісаеншілік қалыптастыруға, қоғамдық мінез-құлық ережесіне үйретуге бағытталады. Ойын арқылы балаларда батылдық, адалдық, бастамашылдық, ұстанымдылық сияқты сапалық қасиеттер дамиды.

Ойын- балаларға адамда мінез-құлқының ержелері мен нормаларығ еңьекке, қоғамдық меншікке көзқарасын, өзара қарым-қатынасты меңгеруге мүмкіндік жасайды.

Тәрбиеші ойынды ұйымдастыра басқара жүріп, балалар ұжымына, ұжым арқылы әр бала ықпал жасайды. Ойында бала өзінің әрекетін басқалармен үйлестіруге, ойын ережелеріне бағынуға тиісті болады. Педагогикалық басшылықсыз ойындар балаларға кейде жағымсыз ықпал жасауы да мүмкін. Педагогикалық басшылық қатігездікке, дөрекілікке дағдыландарытын, өшпеділік тудыратын, жүйкеге жағымсыз әсер ететін, менмендік туғызатын ойындардың орнына зор тәрбиелік мәні бар, ерікті нығайтатын, әділеттік сезіміне, қиын жағдайда көмектесе білуге тәрбиелейтін ойындар таңдауда үлкен маңызға ие.

Ойын дене тәрбиесі құралы ретінде де маызды. Ойын кезінде қимыл-қозғалыс балаларда қан айналысын күшейтеді, зат алмасуын жақсартады. Белсенді қозғалыс тұлғаның дұрыс қалыптасуына, икемділікке, ептілікке жәрдемдеседі. Педагогикалық басшылық болмаса ойын баланың дене құрылысының дамуына зиян келтіруі де мүмкін. Тәрбиеші ойын кезіндегі гигиеналық шарттарының сақталуын қадағалайды: балалар ұзақ уақыт бір қалыпта тұрып немесе керісінше, шамадан тыс көп қимылдап, қатты шаршап қалмауы керек.

Эстетикалық тәрбие құралы ретінде де ойын кеңінен пайдаланылады: балаларп өздерін қоршаған дүниені рөл, бейне арқылы көрсетеді. Ойындардың мазмұнына енгізілген таныс әндер, билер, тақпақтар, жұмбақтар балалардың эстетикалық әсер алуына мүмкіндік береді. Балалардың ойында өз құрылыстарын безендіруі оларды көркемдік талғам тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Ойынның ролі. Ақылмен, дұрыс ұйымдастырылған ойын- балаларүшін нағыз өмір.

Балалардың өмірімен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру- оларды тәрбиелеу болып табылады.

Адамдардың белгілі қылықтарын, жеке ерекшеліктерімен өзара қарым-қатынаста ойында бейнелегенмен баланың өзінің жеке басының сапасымен қасиеті мен сапасы анықталмайды: ойында кішіпейілділікпен қамқорлық көрсететін рөлді ойнап тұрған бала өмірде өзімшіл және дөрекі болуы мүмкін. Сондықтан ойында педагогикалық басшылықтың тиімді болуы тиісті.

Дұрыс таңдалған ойында маңызды. Тәрбиеші күнделікті басшылық жасай отырып, әрі баланы зерттейді, балалар бірлестіктерін, өалыптаса бастаған ойын ұжымдарын ашады.

Тәрбиеші сәбилер әлі ойнай білмейтіндіктен ойынды ұйымдастыра жүріп, оларды ойнауға үйретеді. Толық меңгерілген ойын балаларды тәжірибе жинақталған соң олардың өз бетінше әрекетіне айтылады.

Тәрбиеші ойынды ұйымдастыра отырып балаларддың ортақ мүддесінебағыттайды, дамытады, балалар ұжымын топтастыруға күш салады. А. С. Макаренко балалар өмірін ұйымдастырудағы ойын рөлін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің рөлі туралы былай деп жазды: «менде педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін егермен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істеп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап етемін».

Педагог балалар ойындарына қатысушы бола отырып, ойынның мазмұнын, ережесін, өзінің ойындағы рөлін пайдаланып, ойынның барысына бағыт береді, олардың өзара қарым- қатынасын реттеп отырады.

Ойынның күнтәртібіндегі уақыты қатаң сақталуы тиіс, ойынды балалармен жүргізілген жұмыстың басқа бір нысанымен ауыстыруға болмайды.

Таңертең сабақ пен тамақ арасындағы 8-10 минутта балалар әбетте басталған ойынды жалғастырады немесе ойыншықтармен стол үстіндегі ойындармен ойнайды.

Қысқа 8-10 минутқа көзделген сабақ аралығындағы ойында ересек балалардың демалуы үшін қажет, бірақ ол ойында тым көп қимылды талап етпеуге, ақыл-ойға айтарлықтай салмақ түсірмеуге тиіс.

Ойынға ең ұзақ(1 сағаттан- 1 сағат 20 минутқа дейін) уақыт серуен кезінде бөлінеді. Серуенді дұрыс ұйымдастыру, қызықты ойындардың болуы пайдалы етеді. Серуен сияқты құрылыстарда ойнайды, құрылыс материалдарын- зембілдер, күректер, доптар, секіргіштер, шеңберлер т. б пайдаланылады.

Күннің екінші жартысында ұйқыдан кейін және бесін астан кейін ойын үшін уақыт бөлінеді. Ойын таңдау жыл мезгілдеріне, балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жыл мезгілінің салқын кездерінде топ бөлмесінде, ал көктем мен жазда таза ауада мазмұнды-рөлді ойындар ұйымдастырылады немесе балалар ойыншықтармен, құрылыс материалдармен, үстел үстіндегі ойындармен ойнайды. Ермек элементтері бар ойындарда сол кезде пайдаланылады.

Ойын, еңбек және оқыту: Ойын еңбекпен, оқытумен өзара тығыз байланысты, яғни, олардың арасында ұқсастық пен айырмашылдықтың болуы. Еңбек ету үшін күш жұмсағаны сияқты, ойында да дене күшімен ой күші жұмсалады. Ой мен еңбектен айырмашылығы: еңбекте адам қоғамдық өндіріске, материалдық, мәдени, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысты болса, ойында дамдар пеңбегін бейнелей отырып, еңбек үшін қажетті дене күші мен психикалық күш жұмсауға үйренеді.

Кейде балаларға ойында ойыншық немесе қандай да бір құрал жасау, қажет болады. Жапсыру, құрастыру әрекеттерінде балалар тәрбиешісінің басшылығымен ойында пайдаланылатын ойыншықтар, құралдар жасайды, сөйтіп, еңбекте өз бетінше игерілетін дағдаылар ойынға көшіріледі.

Мектепке дейінгі ұйымдағы әр түрлі топтарда ойын мен пеңбектің өзара байланысы түрліше сипатта болады.

Мектепке дейінгі сәбилер тобында қарапайым еңбек дағдылпры, әсіресе, өзіне өзі қызмет ету, мәдени қарым-қатынас, заттарды күтіп ұстау дағдылары қуыршақтар мен ойында, қимыл дағдылары, кеңестікті бағдарлау- қимылды ойындардв игеріледі. Ересек балалар өз бетінше еңбек ете алады, дегенмен ойын мен еңбектің өзара байланысы сақталады. Мысалы, балалар қол еңбегі үстінде қолдан жасалған ойыншықтарын ойында шын ықыласымен пайдаланылады.

Ойын балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейту қажеттігін туғызады. Ойын алған білімдерін қайталауға, олар ойын әрекетінде, ережелерде жүзеге асыруға үйретеді.

Мектепке дейінгі балалық шақта ойын мен оқыту арасындағы өзара байланыс өзгереді. Сәби топтарында ойын оқытудың негізгі нысаны. Ересек, мектепке даярлық топтарда сабақтың рөлі артады, мектепте оқыту балалардың тілегіне айналады. Олар оқушы болуды аңсайды.

Дегенмен, ойын олар үшін қызықтығын жоймайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді.

Ойындардың түрлері. Балала ойындары өздерінің мазмұнына, өзіндік ерешеліктеріне, балалар өміріндегі, тәрбиесі мен оқуындағы рөліне қарай ажыратылады.

Мектепке дейінгі ұйымдағы балалар ойындары үлкен екітопқа бөлінеді:

  • Шығармашылық ойындар;
  • Ережелі ойындар;

Шығармашылық ойындарға мазмұнды рөлді, драмалық және құрылыс ойындары ережелі ойындарға дидактикалық қимыл, ермек ойындар жатады.

Балалар үшін ересектер белгілеп берген ережесі бар ойындар да пайдаланылады. Ережелі ойындар бағдарламалық мазмүнға, дидактикалық себептерге, мақсат қойып үйретуге негізделген. Ойын тәжірибесін игеріп, ұйымдастыру қабілеті дамыған соң балалар бұл ойындарды да өздері жүргізеді.

  1. 5-6 жас балаларының ойын түрлері

1. 1 Іскерлік ойын

Мектепке дейінгі балалар іс- әрекетінің негізгі түрі - ойын. Ол бала дамуы мен балалар ұжымы қалыптасуында маңызды роль атқарады.

Ойынның шығу тарихын, оның бала өміріндегі орнын, тәрбиелік міндеттерді шешу үшін ойындарды пайдалануды философтар, тарихшылар, этнографтар, психологтар педагогтар зерттейді.

Педагогика ойынның әлеуметтік тарихи негіздеріне сүйене отырып, ойынның баланың әлеуметтік жағдайларына, оның аға буын тәжірибесін меңгеруге байланысты екендігін дәлелдеген.

Ойында балалар өмір құбылыстарын бейнелейді, сондықтан ойынды қоршаған болмыс жөніндегі әсермен ұғымды кеңейтудің құрағы деп қарауға болады. Мектепке дейнгі балалар ойын арқылы білім меңгереді, ойын арқылы еңбекке үйренеді, ойын арқылы тәрбиенің негізі қаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі
Саяси процестер жүйесіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеу
Қазақстандағы ұлт саясатының болашағы
Этникалық психологияның ғылым ретіндегі пәні, әдістемесі
Полилингвалық тұлға
ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОТАНДЫҚ БАҚ-ДА НАСИХАТТАЛУЫ
Тіл саясатының республикадағы ұлтаралық қарым-қатынастарға ықпалы
Қазақстандағы жаһандану кезіндегі ұлтаралық қатынастар
Оқушыларға адамгершілік-патриотта тәрбие берудегі көпұлтты мектептің қызметін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz