Зергерлік өнер - кәсіптік өнер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .
1. Сәндік қолданбалы өнердің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
2. Зергерлік
өнер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
3. Мектепке дейінгі мекемеде сәндік қолданбалы өнер туралы
түсіндіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..
4. Бейнелеу өнері оқу қызметін
жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
IV. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Елімізде Қазан революциясына дейін Алматы, Орынбор,
Астана, Пртропавл, Семейде жетім балаларға арналған үйлер
ашылды. 1917 жылы мамырда Алматы қаласында мектепке дейінгі
қоғамдық тәрбиенің тұңғыш негізін қалаған балабақшасы ашылып,
100-ге жуық балалар барды.1919 жылы Торғай губерниясында 37
балабақша ашылып, 1000 баланы қамтыды.Сол кездегі қазақ
әйелдерінің өндіріс орындарына жұмысқа шығуы, мектепке дейінгі
балаларды тәрбиелейтін балабақшалардың ашылуына сұраныс
жоғарылай түсті. 1920 жылы елімізде 115 балабақша ашылып, оған
600-ге жуық бала тартылды. Қазақ тілінде мамандар
дайындалмауына байланысты қазақ балаларына арналған топтар
ашылмады. Дегенмен, Республикамызда мектепке дейінгі балаларды
балабақшаға тарту, ел арасында мектепке дейінгі балаларды
тәрбиелеу туралы түрлі бағытта жұмыстар жүргізілді. Осы жылы
Қостанай, Орынбор, Семей т.б. губернияларында мектепке дейінгі
бөлім ашылып, желтоқсан айында “Балалар апталығы” өткізіліп,
оның мақсаты көпшілік арасында насихат жүргізу. Халық ағарту
бөлімдерінң қызметкерлері ауылдарды аралап,. Халық арасында
белсенді үгітшілер мен насихатшылады даярлады. Баспасөз
беттернде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жөніндегі
мақалар жарияланды. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысының мақсаты
мен міндеттерін, балабақшалар, оның құрылымын, оның бала
тәрбиесіндегі орнын, озық тәжірибелер мен әдістемелік
еңбектерді сол кездегі “Әйел теңдігі” журналында арнайы
айдармен жарияланып отырды. Журналдың мектепке дейінгі тәрбие
бөлімін басқарған, тұғғыш мектепке дейінгі тәрбие теориясынның
негізін салған Н.Құлжанованың ”Мектептен бұрынғы тәрбие”,
“Ана мен бала” еңбектері сүбелі болып саналды. Елімізде
М.Жұмабаевтың “ Педагогика”, Н.Құлжанованың “Мектептен бұрынғы
тәрбие”, “Ана мен бала” атты еңбектерінде мектепке дейінгі
тәрбие мәселелері көтеріліп, ғылыми-пдагогикалық , әдістемелік
тұрғыдан ашып берген.1917 жылдан кейін де қазақ әйелдері
баланың денсаулығына медициналық көмек көрсету туралы
білімдерінің жоқтығына байланысты бала өлімі де көп болған.
Осыған орай 1922 жылы “Ана мен баланы қорғау ғылыми-зерттеу
институты” ұйымдастырылды. Осы салада 1959-1980 жылдар
аралығында институтта басшылдық жасаған А.Бейсенованың 1965
жылы “Ана болу және балалық шақ”, 1968 жылы “ Ана мен баланың
денсаулығын сақтау” еңбектері жарық көрді.
1922 жылыОрынборда және 1924 жылы Қызылорда қаласында
әйелдер курстары ашылыып, екі жылда 80 тәрбиеші даярланды.
1926-1929 жылдары халықшаруашылығынң өркендеуіне
байланысты балабақшалар, титік балабақшалар, мерзімді балалар
үйлері ашылып, “мектепке дейінгі киіз үй”, “көшпелі киіз үй”,
“ қызыл отау” атты мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа формалары
ашылып, алыс малшылар ауылында, қырман басында жұмыс істеді.
1927 жылы Қаз АССР Халық ағарту комиссариатының шешімі бойынша
өткізілген мектепке дейінгі тәрбие туралы конференцияда
балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысын жоспарлау, тәрбие
әдістері, мектепке дейінгі ұйымдас сауат ашу, мектеппен
байланысы, жүргізілген жұмысты есепке алу бойынша өзекті
мәселелер қарастарылды. Осы жылдары “Мектепке дейінгі саяхат”
деп аталатын мектепке дейінгі ұйымдарды салу құрлысы
жүргізіліп көпшілік қатысты. 1929 жылы 85 балабақшаболды.
1933 жылы республи бойынша балабақша мамандарын
дайындайтын 8 айлық курстар жүргізіліп, ресейдің белгілі
мамандары лекция оқыды.
Алматыда, Оралда, Семейде педтехникумдардың жанынан
мектепке дейінгі бөлімдер ашылды.
1938 жылы РСФСР Халық ағарту комиссариаты шығарған
балабақшаның уставы және ”Балабақшаның тәрбиешісіне жетекші
құрал”, “Колхоз балалар алаңдарының жұмысына басшылық” аударма
түрінде пайдаланылды.
1964 жылы 2-7 жасқа дейінгі балаларды оқыту және
тәрбиелеу туралы тұңғыш бағдарлама жарық көрді. 1955 жылы
Г.П.Охотская ” Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие очеркі”
деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаса, 1961 жылы
В.И.Андросова “Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың
поэзиялық шығармаларға қызығушылығын арттыру”, 1969 жылы
Б.Баймұратова “ Сәбилердің сөздік қорымен сөз игеру
ерекшеліктері”, 1970 жылы Л.И.Давиденко ”Қазақстанның селолық
балабақшалары”, Р.М.Жұмағожина”Соғыс жылдарында Қазақстанда
балалар мекемелерінің дамуы” дессертациялық жұмыстар жазды.
1980-2000 жылдар аралығында Қ.М.Меңдаяқова, М.Т.Тұрыскелдина,
М.С.Сәтімбекова, Г.Ж.Меңлібекова, Р.К.Аралбаева,
А.К.Меңжанова, Ф.Жұмабекова, Ә.С.Әмірова, С.Н.Жиенбаева,
Т.Иманбеков, С.Ғ Бәтібаева, Г.Метербаева, Ғ.З.Таубаева және
т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мектепке дейінгі ұйымға
арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі
және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы"
халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.
1996 жылы алғашқы ұлттық Балбөбек бағдарламасының жобасы
дайындалып, 2006 жылы өңделіп қайта баспадан шығарылды.
1999 жылы Елбасының жарлығымен Балаларды міндетті
мектепалды дайындау тұжырымдамасы қабылданды. Оның негізінде
Мектепалды дайындау (Семей), балабақшада және отбасында
баланы мектепалды дайындау (2000) бағдарламалары әзірленді.
Кейін Қайнар, Қарлығаш Жеке тұлға атты балама
бағдарламалар іске қосылып, эксперименттен өткізілді.
2004 жылы алғашқы мектепке дейінгі білім беру стандарты
дайындалды. 2008 жылы мектепке дейінгі білім беруге тұлға
бағдарлы, құзыреттілік тұғыры негізінде жалпыға міндетті білім
беру стандарты дайындалды. Оның негізінде Алғашқы қадам,
Зерек бала, Біз мектепке барамыз атты бағдарламалар
дайындалды. Елбасының ұсынысымен 2010 жылы балаларды мектепке
дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-
2014 жылдарға арналған Балапан бағдарламасын
жарияландыМектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты осы жас
кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім,
білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады.Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты:1.балаға өмір бойы қажетті
жеке қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болып табылатын жалпы
адамзаттық құндылықтарды баулуға;2.халықтық салт-дәстүрлер мен
әдет-ғұрыптарға,әдебиет пен өнерге,фольклор мен еліміздің
мәдени мұрасына негізделген білім беру мазмұнын іске
асыруға;3.ерекеше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті
білім беру үшін жағдайлар жасауға;4. мекетепке дейнігі тәрбие
және оқытумен қамтылған және қамтылмаған балаларды дамыту
мәселелерінде ата-аналардың біліктілігін арттыру, оларды
психологиялық-педогогткалық консультациялық қолдаумен
қамтамасыз етуге бағытталған. Мектепке дейнігі тәрбие мен
оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымтастыру арқылы
кірістіру жолдарымен іске асырылатын: денсаулық,
коммуникация,таным, шығармашылық, әлеуметтік орта бес
білім беру саласына негізделген.Сонын ішінде: Шығармашылық
білім беру саласы.
Мақсаты: баланың шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі
ретінде оның сезімдік-эмоциялық саласы мен қиялын дамыту.
Шығармашылқ білім беру саласы сурет салу;
мүсіндеу,жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді
дамытуды,қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды;
өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды;
музыканы, отандық композиторлардың шығармаларын,ұлттық
музыкалық аспаптарды, көркем әдебиетті, фольклорды
қабылдауды; көркем шығармалардың кейіпкерлердің жанашырлықты
ынталарндыруды; балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске
асыруын қамтиды.
Шығармашылық білім беру саласының ұйымдастырылған оқу
қызыметі:1.сурет салу;2.мүсіндеу;3.аппликация;4.музы ка;

Сәндік қолданбалы өнердің пайда болуы.
Сәндік қолданбалы өнер деп эсететикалық салаларға ие
практикалық пайдалы заттар жасауды айтады. Бұл өнер өзінің
табиғаты жағынан сәулет өнеріне жақын: онда пайда мен әсемдік
бірлесіп жатады. Сәндік қолданбалы өнер халық шығармашылығымен
тығыз байланысты. Мұндай өнер туындыларына
жиһаздар,кілемдер,ыдыс-аяқтар, үй іші тұрмысында қолданылатын
басқа да тұрмыстық заттар және ойыншықатр жатады.Қолданбалы
өнердің дамуына әр халықтың тұрмыс жағдайы тұрғылықты жерінің
табиғаты әсер етті.Ерте дәуірде адамдар өздерін түрлі
әшекейлермен, сақиналармен, білезіктермен, сырғалармен
сәндейді.Кейінірек киімді әшекейлеу бұйымдары, содан соң
тұрған үйлеріне әшекейлеу дами бастады. Мысалы, кілемеді жерге
төсемей, жарға іліп сәндік бұйым ретінде қолданды, немесе
үлкен аяқты вазалар су, шарап құюға, гүл отырғызуға
қолданылмай , залдарда әдемілік ретінде қызымет атқарады.
Мұндай өнерді XVIII-XIXғасырларда сәндік өнер деп атады
француз тілінен аударғанда декор- сәнділеу сөз. Қазақ халқы
өте ерте заманнан бастап осы өнер түріне жататын қолөнер
түрімен айналысты. Мысалға алатын болсақ, киіз үй, оның
ішіндегі жабдықтар: түскиіз, кілем, алаша, ши, текемет,
сандық, жастықағаш, төсекағаш, торсық , саба т.б көптеген
бұйымдар осы бағытта орындалыд. Оларды ата-бабаларымыз тұрмыс
қажеттілігіне байланысты жасап қана қойған жоқ, сонымен қатар
әр түрлі ою-өрнектермен, материалдармен, әшекейледі.Қазіргі
кезде бұрынғы негізді сақтай отырып, жаңаша бағытта орындалған
сәндік –қолжанбалы шығармалар көптеп саналады. Сәндік-
қолданбалы өнер ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы
алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол
халықтың қарапайым түсінігінде, қолөнер ұғымының аясында
қабылданып, пайдаланылып келді.Халықтық сәндік-қолданбалы өнер-
әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің
таусылмас қайнар көзі.Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды:
ағаш,саз,жүн,металдарды өңдеу тәжірбиесі
бейнеленген.Көне дәстүрлерді көздің қарашығындай сақтап және
байыта отырып, халықтың көркем қолөнер кәсібі қазіргі
мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және
бөлінбес құрамына айналады.Қол өнер туындылары қайталанбас
және алуан түрлу: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан
бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді
кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды,
шыны, ағаш және металл бұйымадарын қамтиды. Пішіндердің ықшам
да мәнді үйлесім, түстердің, жоғары талғамы, өрнектердің
әсемдігі, композициялық шешім, көздің мүлтіксіздігін , қолдың

дәлдігін және қияал ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән
тәсілдермен орындауына жеткізеді.
Қазақ хылқының дәстүрлі қолданбалы өнері-көшпелі түркі
тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы. Ол
ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін
қызықтыраған.
Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: Олардың барлық
затты алтын мен мыстан жасалған жайдың металдан істелеген
бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киім мен
белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған . Сонлдай-ақ ат
омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы
ауыздағы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен
әшекейлендіріп, безендірілген. Геродат пен бірге Ктесий,
Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен
массағаттардың барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің
өзіне тән үлгісі барын айтады. Қай хылықтың болмасын заттық,
рухани мәдениетінің жиналуы, жариялану, зерттелу тарихының
басталған уақыттан дөп басып айту қиын. Халықтың мәдениет
қаншалықты көне болса, оның зерттелу тарихы соншалықты терңге
бой тартады. Сол сияқыт қазақ халқының рухани мұраларының
бірі қолданбалы өнерінің тасқа қашалған көне іздерін 5-8
ғасыр ескерткіштері мен Орта Енисей жазбаларынан тапсақ, одан
бергі орта ғасырлық жазба деректердің барлығында да халық
мұрасы өз желісін үзбей , әр түрлі деңгейде бой көрсетіп
отырады. Қазақ халқы мұқтаждықты жою үшін, баршылықты молайта
беру үшін, үй жиһаздарын тиімді, қолайлы, сәнді де ұнамды етіп
жасады. Соның нәтижесінде біздің бабаларымыз бен аналарымыз
кейінгі ұрпақтар үшін көптеген өнер мұраларын қалдырды.
Халқымыз от пен судың тар жол тайғақ кешулерінен өтіп,
өрнектерінің мұрасын қалдырды. Ол қолөнер туындыларын қазіргі
музейлерден көруге болады.Қолөнер шеберлері байлыққа қосып,
молшылық жасаумен қатар, сол баршылықты байыпты етуге
тұрмыстық жиһаз-мүліктерімізді сәндендіре түсуге үлкен үлесін
қосты. Қолөнердің әсем туындылары рухани азық болатын
эстетикалық талғамын қанағаттандыратын сұлу да әдемі, тиімді
де ұнамды ұлттық киімдер мен жасау- жабдықтар жасады.Қазақтың
қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылар
мен коллекционерлердің ғана емес, ғалым – этнографтар,
археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келген. Қазақ
қолөнерінің өткендегісі мен бүгінгі жағдайын, оның өзіне тән
методологиясын зерттеу, қазірдің өзінде де  мәселелердің бірі
болып табылады.Халықтың қолөнері өзінің тарихы мен кейбір
ұйымдастыру мәселелерінің жеткілікті зерттелмегеніне
қарамастан, күнделікті тұрмысқа қажетті қоршаған затты,
көпшілік тұтынатын бұйымды әсемдеуге бейім өнер ретінде, жалпы
мәдени дәрежені жоғары көрсетуге тән дамып келе жатыр.Көне
заманнан келе жатқан қолөнері өзінің өсу жолында өз халқының
дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалды. Қоғамдық дамудың қай
сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде
өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір
тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырды. Қолөнерінің
қазіргі дәуірдегі дамуы күрделі де аса бай. Еліміз егемендік
алып, өз салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, тарихын зерттеп ,
дінін, тілін қайта жаңғыртып жатыр. Онымен бірге ол күнделікті
тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді жан-жақты бейнелеуде,
халықты эстетикалық жағынан тәрбиелеуге қызмет етеді.
Олөнершілер қазақ ауылдарында ата бабасынан зергерлік жасап,
ағаштан түйін түйіп, металл бұйымдарынан алуан түрлі тұрмыстық
заттар жасайтын шеберлер де болды, бірақ олар өте аз болған.
Негізінен , қазақ қолөнершілерінің қатары 19 ғасырда көбейді.
Бұл туралы революцияға дейінгі зерттеушілердің еңбегінде де
айтылған. Ол кезде қолөнер бұйымдарын алушылар өте аз болды.
Сондықтанда қолөнершінің еңбегі құнсыз болып, кейде істелген
еңбек, төгілген терді ақтамайтын да болды. Сол себепті
қолөнершілер бір жағынан егін, мал шаруашылығынан қол
үзбеді.М. А. Леванский: Қазақтың қандай кәсіпке болмасын
табиғатынан қабілеттілігіне тек сүйсінесің, қарапайым
құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем
бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтардың
тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы  деп жазды.
Қазақ халқы күнделікті тіршілігіне керек заттарды өз
қолдарымен жасаған. Жасаған заттарын әдемілеп, әшекейлеп
отырған. Бұл өнер түрін қолөнер дейміз. Өнер көзі – халықта
демекші, халық қолөнері жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға
дамып, жетіліп отырған. Әрине, жоғарыда  аталған қолөнерлердің
бірқатары өте көп еңбек етуді керек етті. Бертін келе, адамзат
қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа әдіс тауып, жаңа
түрге ие болды. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну
бұйымдары мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың
әрі үнемді, әрі сәнді болуын қалады. Еңбек үстіндегі
твочестволық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керекті заттардың
жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Сонымен қатар жиһаздардың
ою-өрнектері де талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы әшекейлермен
безендірілу және жиһаз-мүліктердің жаңа түрлерін шығару талабы
да арта түсті.Қазақтың көп ғасырлы өзіндік халықтың өнері
патриархалды-феодалды тәртіп пен қазақ халқының көшпелі өмір
салты жағдайында қалыптасты. Қазақтардың әлеуметтік
–экономикалық құрылысының ерекшеліктерінің тарихи қалыптасуына
қарай сәндік-қолданбалы өнер түрі көбірек дамыды.Әсіресе киіз
үйдің сүйегі мен ағаш төсектерді жасау, ағашқа өрнектер ою,
кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік,
сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау
кең етек алды.Өз тұрмысын әдемі заттармен безендіруге тырысу-
адамға қашаннан тән қасиет. Халық арасында құмыра жасау
,тоқымашылық, металды әдемілеп өңдеу сияқты қолөнер түрлері де
кең тараған. Ұлттық сән өнері әрқашан халықтың материалдық әл-
ауқатының артыуна, сондай- ақ туризімінің, елдер арасындағы
техникалық және мәдени алмасулардың даумына байланысты.
Шетелден келген қонақтар алғашқы кезде Қазақстанның ескерткіші
ретінде тек керамикалық бұйымдарды ғана әкете алатын. Ал
қазіргі таңда ұлттық зергерлік бұйымдар, ұлттық үлгіде
тігілген киімдер, былғарыдан, ағаштан, сүйек пен мүйізден
жасалған көркем бұйымдар, кішкене көлемдегі сыйлық кілемдер,
тұс киіздер және тағы басқалары пайда болды. Қазақтың сәндік-
қолданбалы өнері өте ерте заманнан келе жатқан ежелгі және
мәңгі жас өнер болып табылады. Өйткені бұл өнер адамдарыдың
тұрмысын безендіруге, үй ішін әсемдеуге, өзінің шындықты
эстетикалық қабылдауын бейнелі түрде көрсетуге ұмтылысымен
байланысты. Кез келген халықтық сәндік өнердің өзіндік
қайталанбас ерекшелігін айқындайтын ұлттық стильдің
қалыптасуна жағдай жасай отырып, халық шеберлері инемен,
қашаумен өзінің бай тәжірбиесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.
Бейнелеу өнерінің кейбір салаларының аттары қалыптасыт .
Қолөнер маманданған шеберлер ( зергер, бәдізші, сәулетші, т.б)
шықты . Суреттердің мазмұны байи түсті.[1]
Зергерлік өнер
Шығыс Қазақстандағы археологиялық олжалар өткен заман
зергерлерінің  асқан шеберліктерін паш етеді.  Мысалы, Алматы
облысы, Есік қаласында табылған қалыптау, ойма, батырма, көз
салу техникасында орындалған әйгілі Шілікті бұйымдары (б.д.д.
7 – 6 ғ.ғ.), киім-кешегі жануарлар бейнеленген алтын жалпақ
қаңылтыр белгімен сәндендірілген (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.) ертедегі
жауынгер (Алтын жауынгер) жерленген бірегей комплекс. 
Өздерінен кейін хайуанаттар стилінің (б.д.д.  ІҮ ғ.) тамаша
үлгілерін қалдырған ертедегі берелдік шеберлер өз өнерлерімен
таңқалдырады. Зевакино, Ақмер, Құлажорға, Славянка, Юпитер,
Пчела селоларының маңындағы зираттардан  әдемі ат әбзелдері,
үзеңгі және белдік жиынтықтары табылған. Әшекейлердің кейбір
түрлері, мәселен, қимасында дөңгелек болып келетін білезіктер
ұзақ хронологиялық кезең бойында көрініс табуда. Оларға ұқсас
білезіктер қола, ертедегі темір дәуірлеріндегі зираттардан,
ХІІ ғасырдағы Отырар қазынасынан табылды. Қазақтардың
зергерлік өнері кәсіби сипат алды, бұл өндіріс ерекшелігімен
байланысты болды. Алтынмен және күміспен жұмыс істейтін
шеберлердізергерлер деп атаған, зер
- парсыша алтын, алтын әшекей деген сөзді білдіргендіктен
де зергерлердеп атаған. Зергерлер жеке дара жұмыс істеген,
шеберліктерін көбіне өз ұрпақтарына мирас етіп қалдырып
отырған. Халқымыздың дәстүрлі қолөнер –қайнар бұлақ, сарқылмас
қазына, бай мұра. Бұл-ұлттық санадағы сұлулыққа деген
іңкәрліктен пайда болған эстетикалық талғам. Халық зергегрелі
әсем бұйымдарды дүниеге әкеліп, сұлулықтың санадағы бейнесін
жасағанғ Сөйтіп, ұрпақты тәрбиелеп, көркем дүниені меңгеріп,
одан әрі жетілдіре берген.Зергерлік өнер-кәсіптік өнер. Бұл
зергерлік бұйымдар адам тіршілігінің қажеттілігін орындап
қана қоймай, олардың өнер әлеміне деген көзқарасынан да хабар
береді. Зергерлердің кәсіптік деңгейі ғасырлар елегінен өтіп,
бізге жетті. Қазақтың зергерлік өнерінің дамуына көне
дәстүрлерді жалғастыру және көршілес елдер мәдениетінің өзара
әсері де ықпал етті. Мұны бұйымдардың жасалу технологиясы мен
көркемдік ерекшелігінен байқауға болады. Қазақ қолөнерінің
тағы бур ерекшелігі- жас зергерлер ұстаздарынан үйреніп, содан
кейін өздері жеке-жеке өнерлерін жетілдіріп отырған.
Халқымыздың дәстүрлі қолөнері –қайнар бұлақ , сарқылмас қазына
, бай мұра. Бұл – ұлттық санадағы сұлулыққа деген іңкәрлікпен
пайда болған эстетикалық талғам. Халық зергерлері әсем
бұйымдарды дүниеге әкеліп, сұлулықтың санадағы бейнесін
жасаған. Сөйтіп ұрпақты тәрбиелеп, көркем дүниені меңгеріп,
одан әрі жетілдіре берген. Зергерлік өнер- кәсіптік өнер. Бұл
зергерлік бұйымдар адам тіршілігінің қажеттілігін орындап қана
қоймай, олардың өнер әлеміне деген көзқарасына да хабар
береді. Зергерлердің кәсіптік деңгейі ғасырлар елінен өтіп,
бізге жетті.Қазақ қолөнерінің тағы бір еркешелігі- жас
зерттеулер ұстаздардың үйреніп, содан кейін өздері жеке-жеке
өнерелерінің жетілдіріп отырған. Әр зергердің өз құпиясы
болған. Ол құпия отбасындағы осы кәсіпке бейімделген адамға
мирас болып қала берген. Халқымыз қолөнерінің, зергерлік
бұйымдарының сан-салалы нақыштарының қалай аталатынына,
қандай мағына беретіні, қай салада қолданылатын, өрбу, даму
тегі зерттеуді қажет етеді.
Зергер жасайтын бұйымдардың түр-түрі бай болған: бұған
әйелдер әшекейлері, киімге арналған заттар, дене тазалығының
жабдықтары, асқа байланысты құралдар, киіз үйдің ағаш
бөлшектерін сәндендіруге арналған белгілер, жиһаздар, ағаш
және былғары ыдыстар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, ат
әбзелдері енеді. Материал ретінде алтын, күміс, асыл тастар,
інжу, маржан, түрлі-түсті шынылар  пайдаланылған. Зергерлердің
басты өнімдері қоғамның барлық жіктері арасында үлкен
сұранысқа ие болған әйелдердің зергерлік әшекейлері болған, 
бұдан эстетикалық табиғатына ғана емес, сонымен бірге салт-
санаға, дәстүрге, барлық идеялық-діни кешендерге байланысты
бірқатар функциялық мән-мағынасы  айқын танылған. Кейбір
деректер бойынша,  қазақ зергерлері ХІХ ғасырдың басынын
бастап  металды, күмісті, алтынды Орта Азияның, Шығыс
Түркістанның базарларынан сатып  алатын болған. Сонымен бірге,
материалдарды  әсіресе ХІХ ғасырдың екінші жартысынан
Қазақстанда көптеп келген татар көпестерінен де  сатып алып
отырған.
Оттың жалынында, көріктің көмейінде металды балқытып,
зергерлер еліне, батырларына арнап алмас жүзді айбалта, жебе,
сауыт, дулыға жалаулы найза жасаса, ағаштан бесік, домбыра,
кебеже, жүкаяқ, сыбызғы, асатаяқ, т.б. тұрмыстық заттар мен
аспаптарды халқының игілігіне жаратқан. Зергерлердің арқасында
білезік, жүзік, шашына сыңғырлатып шолпы-шашпау тақпайтын қыз-
келіншектер некен-саяқ кездескен.Бағалы металдардың ішінде
зергерлер күмісті ең қолайлы әрі денсаулыққа пайдалы деп жиі
қолданған. Күмістің жалтыраған түсін, әртүрлі техникалық
тәсілдерге икемделуін, жұмсақтығын және тазалығын жоғары
бағалаған. Сонымен қатар әртүрлі күміс әшекей бұйымдарын
әсемдеу үшін ақық, маржан, т.б. асыл тастарды
пайдаланған.Зергерлер аса қажетті қасиет - суретшілік, дәлдік,
икемділік, ептілік. Әсемділігіне, салтанаттылығына ерекше
мән берілетін әйел әшекейінің ең қымбаты - ұзатылатын қыз
киетін сәукеле. Оның негізін ақ киізден биік конус тәрізді
етіп тігіп, сыртын қызыл барқыт немесе мақпалмен тыстаған.
Бетін жарқыраған асыл тастармен, алтын-күміс әшекейлермен
безендіріліп, құндызбен жиектелген. Сонымен қатар сәукелеге
немесе самайға ілінетін шекелік ілінген. Кей жерлерде оны
самайсырға деп атайды. Шекелік тізбектеле орналасқан
тербелмелі, сыңғырлаған салпыншақтардан, кішкене шынжыр
тәрізді бөліктерден тұрады. Қазақ әйелдерінің ежелден қасиет
тұтар күнделікті тағып жүретін әшекейінің бірі - сырға. Олар:
ашық сырға, тұмарша сырға, салпыншақты сырға, көзді сырға,
қоңырау сырға, күмбезді және сабақты сырғалар.Шашбау мен шолпы
- әйел әшекейлерінің ішіндегі сәнді әрі күрделілерінің бірі.
Шашбау салпыншақтары бір-біріне тиіп, сыңғырлап, сүйкімді
дыбыстар шығарады. "Сыңғырлаған күлкісіне солдырлаған шолпысы
үн қосар" деген әдемі тіркес осыдан қалған. Шашбаудың
пішіндері мен көлемі әйелдің жасына қарай өзгеріп
отырады.Көлемді де көрнекті зергерлік бұйымның бірі -
өңіржиек. Ол - қалыңдыққа арналып жасалады, мереке тойларда
тағылатын негізгі әшекей бұйымдардың бірі. Өзара бір-біріне
үзбелеп бекітілген бірнеше үлкенді-кішілі өрнекті таспалардан
тұратын салмақты да салтанатты өңіржиектер өзінің
сәнділігімен, үйлесімділігімен ерекшеленеді. Таспалар -
төртбұрышты, ал ең төменгісі бес бұршыты болып аяқталады.
Өңіржиекте ромб өрнекті толықтырып отырады. Ромб -
өсімталдықтың белгісі. Өңіржиектің мағынасы ұрпақтың өсіп-
өркендеуі, оның жалғастырушы әйел адамның рөлі, қауіп-қатерден
сақтану сияқты жайларды білдіреді. Ертедегі сенім бойынша,
өңіржиек әйел адамның құрсағын және кеудесін тіл-сөзден
сақтайды деп сенген. Өңіржиектің қыз балаға арналған түрі.
"Өңіртал" деп аталады. Өңіртал көбінесе қызыл түсті шыныдан,
не ақық тастан көз салынып, шынжырмен мойынға тағылады.Мойынға
тағып жүретін әсем шынжыр бауы бар әшекейдің бірі - бойтұмар
мен тұмарша. Күмістің зиянды микробтарды өлтіретін қасиеті
күшті. Сондықтан әрбір қазақ әйелінің қолындағы жүзік не
сақина ол пісірген астың адалдығының куәсіндей болған.
Жүзіктердің қалыбы да әр түрлі, құдағи жүзік, құсұмсық жүзік,
отау жүзік т.б. түрлері бар. Құдағи жүзік екі саусаққа қатар
тағылады. Мұндай жүзік түрі құдаласқан екі жақтың бір-біріне
сыйластығы, ынтымағы үшін сыйға тартылған.Құстұмсық жүзік -
бақыттылықтың, тәуелсіздіктің, еркіндіктің белгісін
білдіретін, бойжеткен қыздар тағатын жүзік. Жүзіктің қалыбы
құс тұмсығы тәрізді.Отау жүзік - атынан білініп тұрғандай
отауды бейнелейді. Бұл жүзікті күйеу қалыңдығына таққан.
Жүзіктің үсті конус тәрізді.Әйелдерге арналған әшекей
бұйымдардың ең көп тараған түрі - білезік. Білезікті қыз-
келіншектерде, орта жастағы әйелдер мен үлкен әжелер салған.
Білезіктердің сыңар білезік, қос білезік, бес білезік, жұмыр
білезік, көзді білезік, топсалы білезік т.б. түрлері
болады.Қос білезік - екі қолға тағылатын жалпақ бауырлы
білезік. Бес білезік - білезікпен бірнеше сақиналардан тұратын
тойлармен салтанатты жиындарға тағылатын әшекей түрі. Осындай
қазақ мәдениетіне қайталанбас қолтаңбалар қалдырған зергерлік
еңбегі үлкен құрметке лайық. Халқымыздың қанына сіңген
зергерлік өнер мен ұлттық болмысымыздың жақұтындай болған
зергерлік бұйымдар - ұлтымыздың баға жетпес байлығы, мол
мәдени мұрасы. Әсем нақышталып жасалған зергерлік бұйымға
қондырылған бағалы, сондай-ақ табиғи жарқырауық тастар әдемі
өң беріп, бағасын арттырады. Бұл тастар шартты түрде бағалы,
жартылай бағалы және әшекейлік деп бөлінеді. Бағалы тастарға
— алмас, лағыл, изумруд, сапфир, та биғи інжу, александрит;
жартылай бағалыға — ай тасы, аквамарин, аметист,
берилл, гранат, көгілдір ақық, гиоцинт, тау хрусталі, жадеит,
морион, опал, топаз, турмалин, хризоберилл, хризолит,
хризопраз, шпинель, циркон, цитрин, хромдиопсид, қолдан
өсірілген інжу; әшекейлік тастарға — авантюрин, агат, малахит,
янтарь, маржан, лазурит, нефрит, родонит, сердолик, кровавик,
яшма және басқа жарқырауық тастар жатады.Зергерлік істе
бойында табиғи асыл тастардың барлық қасиеті бар синтетикалық
лағыл,
сапфир, александрит тастары кеңінен қолданылады. Тиісті
температура мен қысымда гауһар, аметист, алтын жалқынды топаз
және басқа бағалы тастардан жасалатын иттрийлік — алюминийлік
гранаттар да кең таралған.Қазақ қолданбалы өнер туындылардың
шығармашылық бейнесіне жалпы алғанда көркемдік тіл ықшамдығы
және сәндеу шешімдерін жалпылау тән, бұл қазақ
шеберлерініңқоршаған ортаны ерекше қабылдауымен айқындалады.
Қазақтардың түйсігінде әлем сандық және кеңістік өлшемдермен
айқын құрылымдаған , деңгейі мен дүниенің төрт бұрышы айқын
көрініс тапқан.Осы түсініктен сәндік композицияқұрайтын
қарапайым симметриялық пішіндер туындайды.
Тұмарша (Бойтұмар) Бұл – ырымдық зат. Оған кез-келген
бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат
заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер
түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға
салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған
қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз
тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.
Жүзік сақина-  Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік
бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады.
Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп,
қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша
өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер
жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау
жүзік,құс мұрын жүзік, тасбақа жүзік т. б. деп аталған. Жүзік
дегеніміз- әр түрлі пішінде әзірленген алақаны бар, саусаққа
сәндік үшін киілетін әшекей бұйым. Жүзіктің қарала, құстұмсық,
құдаги, отау, күміс, алтын, гаһар, т.б түрлері бар. Сақина
күмістен, алтынан дайндайды. Ал жүзік жасау өте күрделі.
Жүзіктің үстіңгі бетінде асыл тастар
(жақұт,нефрит,перуза,лағыл) түсті шынылардан жаслады. Жүзіктің
беті көлемді келеді. Жүзіктің осындай түрлерін байдақ дейді.
Балдақ сақинаны неке суын ішкенде, үйленген жастар оң қолының
төртінші саусағына кигізеді. Жүзіктік мөр іспеттес жасалған
түрлері де кездеседі. Мұндай бұйымдарды мөрлу жүзік дейді.
Сол сиқты жүзіктің 2-3-4 саусаққа лайықтап жасалған тұрін
келін жүзікдейді.
Шолпы шаш теңге Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының
ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған
күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз –
қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан
ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі.
Шашбау Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі.
Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен
құралады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді.
Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай
төгіліп тұрады.
Білезік Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла
береді. Бірнеше бөлшектен құралған, ашпалы-жаппалы, сом
темірден тұтас құйылған жұмыр түрлері болады. Соған орай
оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік т. б. деп
әртүрлі атайды. Олардың ішінде шынжырмен жалғасып жататын
бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі. Оларға неше түрлі
өрнектер салып, тас қондырып, қарала жүргізіп, сіркелеп,
бұрала ширатып әсемдеген. Олар көбіне күмістен соғылады.
Білезік дегеніміз- әйел адамдардың білекке тағатын әшекейлі
сәнді бұйым. Білезік сөзінің шығу төркіні- білек пен жүзік
сөз тіркестерінен құралған немесе білекке салынған жүзік
деуге де болады. Білезік те жасалған материалдар мен түр-
тұлғасыгна қарай: алтын білезік, мыс білезік,сом білезік,
сағат білезік, құйма білезік, бұрма білезік, топсалы білезік,
лағыл білезік, гаһар білезік, бес біллезік, т.б атала береді.
Сырға Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік
бұйымдарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының қолөнер түрлері
Зергерлік бұйымдар сыры Қазақ зергерлік бұйымдарының шығу тарихы
Мектеп оқушылар сәндік қолданбалы өнер үйірмелерінде оқыту әдістемесі
Қазақ халқы қолөнерінде шәкірт тәрбиелеу жүйесі – дуальді оқыту бастауларының негізі
Ою-өрнекті әр түрлі әзірлемелерді дайындауда дағдылы сәндік жұмыстарды қолдану
Сәндік қолданбалы өнер
Мектеп оқушыларын ұлттық өнерге баулудың теориялық негіздері
Қазақтың зергерлік өнері
Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлау жүйесі
Оқушыларды зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясының әдістемелік ерекшеліктеріне бейімдеу
Пәндер