Бейнелеу өнерін оқыту әдістері
МАЗМҰНЫ
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II.Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Бейнелеу өнерінің
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістері ... ... ... ... ... ... ...
3. Бейнелеу өнерінде әңгіме сабақтарын өткізу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
4. Дәстүрден тыс әдісті бейнелеу өнері оқу қызметінеқоддану
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IV. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Елімізде Қазан революциясына дейін Алматы, Орынбор,
Астана, Пртропавл, Семейде жетім балаларға арналған үйлер
ашылды. 1917 жылы мамырда Алматы қаласында мектепке дейінгі
қоғамдық тәрбиенің тұңғыш негізін қалаған балабақшасы ашылып,
100-ге жуық балалар барды.1919 жылы Торғай губерниясында 37
балабақша ашылып, 1000 баланы қамтыды.Сол кездегі қазақ
әйелдерінің өндіріс орындарына жұмысқа шығуы, мектепке
дейінгі балаларды тәрбиелейтін балабақшалардың ашылуына
сұраныс жоғарылай түсті. 1920 жылы елімізде 115 балабақша
ашылып, оған 600-ге жуық бала тартылды. Қазақ тілінде
мамандар дайындалмауына байланысты қазақ балаларына арналған
топтар ашылмады. Дегенмен, Республикамызда мектепке дейінгі
балаларды балабақшаға тарту, ел арасында мектепке дейінгі
балаларды тәрбиелеу туралы түрлі бағытта жұмыстар жүргізілді.
Осы жылы Қостанай, Орынбор, Семей т.б. губернияларында
мектепке дейінгі бөлім ашылып, желтоқсан айында “Балалар
апталығы” өткізіліп, оның мақсаты көпшілік арасында насихат
жүргізу. Халық ағарту бөлімдерінң қызметкерлері ауылдарды
аралап,. Халық арасында белсенді үгітшілер мен насихатшылады
даярлады. Баспасөз беттернде мектепке дейінгі балаларды
тәрбиелеу жөніндегі мақалар жарияланды. Мектепке дейінгі
тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін, балабақшалар, оның
құрылымын, оның бала тәрбиесіндегі орнын, озық тәжірибелер
мен әдістемелік еңбектерді сол кездегі “Әйел теңдігі”
журналында арнайы айдармен жарияланып отырды. Журналдың
мектепке дейінгі тәрбие бөлімін басқарған, тұғғыш мектепке
дейінгі тәрбие теориясынның негізін салған Н.Құлжанованың
”Мектептен бұрынғы тәрбие”, “Ана мен бала” еңбектері сүбелі
болып саналды. Елімізде М.Жұмабаевтың “ Педагогика”,
Н.Құлжанованың “Мектептен бұрынғы тәрбие”, “Ана мен бала”
атты еңбектерінде мектепке дейінгі тәрбие мәселелері
көтеріліп, ғылыми-пдагогикалық , әдістемелік тұрғыдан ашып
берген.1917 жылдан кейін де қазақ әйелдері баланың
денсаулығына медициналық көмек көрсету туралы білімдерінің
жоқтығына байланысты бала өлімі де көп болған. Осыған орай
1922 жылы “Ана мен баланы қорғау ғылыми-зерттеу институты”
ұйымдастырылды. Осы салада 1959-1980 жылдар аралығында
институтта басшылдық жасаған А.Бейсенованың 1965 жылы “Ана
болу және балалық шақ”, 1968 жылы “ Ана мен баланың
денсаулығын сақтау” еңбектері жарық көрді.
1922 жылыОрынборда және 1924 жылы Қызылорда қаласында
әйелдер курстары ашылыып, екі жылда 80 тәрбиеші даярланды.
1926-1929 жылдары халықшаруашылығынң өркендеуіне
байланысты балабақшалар, титік балабақшалар, мерзімді балалар
үйлері ашылып, “мектепке дейінгі киіз үй”, “көшпелі киіз
үй”, “ қызыл отау” атты мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа
формалары ашылып, алыс малшылар ауылында, қырман басында
жұмыс істеді. 1927 жылы Қаз АССР Халық ағарту
комиссариатының шешімі бойынша өткізілген мектепке дейінгі
тәрбие туралы конференцияда балалармен жүргізілетін тәрбие
жұмысын жоспарлау, тәрбие әдістері, мектепке дейінгі ұйымдас
сауат ашу, мектеппен байланысы, жүргізілген жұмысты есепке
алу бойынша өзекті мәселелер қарастарылды. Осы жылдары
“Мектепке дейінгі саяхат” деп аталатын мектепке дейінгі
ұйымдарды салу құрлысы жүргізіліп көпшілік қатысты. 1929 жылы
85 балабақшаболды.
1933 жылы республи бойынша балабақша мамандарын
дайындайтын 8 айлық курстар жүргізіліп, ресейдің белгілі
мамандары лекция оқыды.
Алматыда, Оралда, Семейде педтехникумдардың жанынан
мектепке дейінгі бөлімдер ашылды.
1938 жылы РСФСР Халық ағарту комиссариаты шығарған
балабақшаның уставы және ”Балабақшаның тәрбиешісіне жетекші
құрал”, “Колхоз балалар алаңдарының жұмысына басшылық”
аударма түрінде пайдаланылды.
1964 жылы 2-7 жасқа дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу
туралы тұңғыш бағдарлама жарық көрді. 1955 жылы Г.П.Охотская
” Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие очеркі” деген
тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаса, 1961 жылы
В.И.Андросова “Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың
поэзиялық шығармаларға қызығушылығын арттыру”, 1969 жылы
Б.Баймұратова “ Сәбилердің сөздік қорымен сөз игеру
ерекшеліктері”, 1970 жылы Л.И.Давиденко ”Қазақстанның селолық
балабақшалары”, Р.М.Жұмағожина”Соғыс жылдарында Қазақстанда
балалар мекемелерінің дамуы” дессертациялық жұмыстар жазды.
1980-2000 жылдар аралығында Қ.М.Меңдаяқова, М.Т.Тұрыскелдина,
М.С.Сәтімбекова, Г.Ж.Меңлібекова, Р.К.Аралбаева,
А.К.Меңжанова, Ф.Жұмабекова, Ә.С.Әмірова, С.Н.Жиенбаева,
Т.Иманбеков, С.Ғ Бәтібаева, Г.Метербаева, Ғ.З.Таубаева және
т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мектепке дейінгі ұйымға
арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі
және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы"
халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.
1996 жылы алғашқы ұлттық Балбөбек бағдарламасының
жобасы дайындалып, 2006 жылы өңделіп қайта баспадан
шығарылды.
1999 жылы Елбасының жарлығымен Балаларды міндетті
мектепалды дайындау тұжырымдамасы қабылданды. Оның негізінде
Мектепалды дайындау (Семей), балабақшада және отбасында
баланы мектепалды дайындау (2000) бағдарламалары әзірленді.
Кейін Қайнар, Қарлығаш Жеке тұлға атты балама
бағдарламалар іске қосылып, эксперименттен өткізілді.
2004 жылы алғашқы мектепке дейінгі білім беру стандарты
дайындалды. 2008 жылы мектепке дейінгі білім беруге тұлға
бағдарлы, құзыреттілік тұғыры негізінде жалпыға міндетті
білім беру стандарты дайындалды. Оның негізінде Алғашқы
қадам, Зерек бала, Біз мектепке барамыз атты
бағдарламалар дайындалды. Елбасының ұсынысымен 2010 жылы
балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз
ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған Балапан
бағдарламасын жарияландыМектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті
алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып
табылады.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мақсаты:1.балаға өмір бойы қажетті жеке қасиеттерін
қалыптастыру үшін негіз болып табылатын жалпы адамзаттық
құндылықтарды баулуға;2.халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптарға,әдебиет пен өнерге,фольклор мен еліміздің мәдени
мұрасына негізделген білім беру мазмұнын іске
асыруға;3.ерекеше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті
білім беру үшін жағдайлар жасауға;4. мекетепке дейнігі тәрбие
және оқытумен қамтылған және қамтылмаған балаларды дамыту
мәселелерінде ата-аналардың біліктілігін арттыру, оларды
психологиялық-педогогткалық консультациялық қолдаумен
қамтамасыз етуге бағытталған. Мектепке дейнігі тәрбие мен
оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымтастыру арқылы
кірістіру жолдарымен іске асырылатын: денсаулық,
коммуникация,таным, шығармашылық, әлеуметтік орта бес
білім беру саласына негізделген.Сонын ішінде: Шығармашылық
білім беру саласы.
Мақсаты: баланың шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі
ретінде оның сезімдік-эмоциялық саласы мен қиялын дамыту.
Шығармашылқ білім беру саласы сурет салу;
мүсіндеу,жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді
дамытуды,қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты
қалыптастыруды; өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді
қалыптастыруды; музыканы, отандық композиторлардың
шығармаларын,ұлттық музыкалық аспаптарды, көркем әдебиетті,
фольклорды қабылдауды; көркем шығармалардың кейіпкерлердің
жанашырлықты ынталарндыруды; балалардың өзіндік шығармашылық
қызметін іске асыруын қамтиды.
Шығармашылық білім беру саласының ұйымдастырылған оқу
қызыметі:1.сурет салу;2.мүсіндеу;3.аппликация;4.музы ка;[5]
2.1 Бейнелеу өнерінің тарихы
Қола ғасыр мен темір ғасыры адамзат дамуындағы асқаралы
баспалдақтар болды. Ұлы өзендер- Нілдің, Еврат пен Тигрдің,
Индтің, Хуанхэнің аңғарларында біздің заманымыздан бұрынғы 3-
4 мыңжылдықтың өзінде алғашқы құл иеленуші мемлекеттер пайда
болды.
Олардың минералдары мен қабырғалары жаңа өнер сәулетінің
ескерткіштеріне айналды.
Рулық құрылыс 2 сатыға бөлінді: аналық ру- матриархат
және әкелік ру- патриархат.
Археологтар белгілі дәуірлердегі еңбек құралдары
дайындалған негізгі материалдардың өзгеріп отыруына сәйкес
алғашқы қауымдық құрылыс тарихын бірнеше сатыларға бөледі:
тас, қола және темір дәуірлері.
Тас дәуірі палеолит ерте тас ғасыры және неолит жаңа тас
ғасыры болып бөлінді.
Палеолит төменгі ертеректегі жаңа жоғарғы кейініректегі
болып бөлінеді. Палеолит пен неолиттің арасындағы кезеңде
энеолит деп атайды. 80 мың жыл шамасында табиғат жағдайы
түбірінен өзгерді. Жердің жедел салқындауының нәтижесінде мұз
дәуірі басталды: мұз Скадинавиядан Оңтүстікке қарай Велнюс-
орша- Вышнии Волочок қалаларында созылды. Осындай қатал
табиғат жағдайында адамдар өмір сүрді. Олармен бірге мамонд,
бұғылар, безондар өмір сүрді.
Палеолит дәуірі мұз дәуіріні соңында аяқталды. Оны біздің
заманымыздан бұрын 14-12 мыңжылдықтан 6-5 мыңжылдыққа
созылған мезолит орта тас ғасыры алмастырады. Мұз дәуірінің
аяғында ірі жануарлардың үйірі көп болған жоқ. Аң аулаушылар
толық тамақтарын таба алмағандықтан, терімшілікке көшті,
балық аулау кең тарай бастайды. Аң аулау шаруашалығы
дағдарысқа ұшырады. Жануарларды қолға үйрете баатады: 1-ші
итті, сосын ұсақ және ірі малдарды үйретті.
Мезолит кезінде біздің еліміздің оңтүстігінде қарудың
жаңа түрі жасалды. Жүзі шақпақтасты, жебе мен садақты ойлап
тапты.
Жоғарғы палеолит пен мезолит кезеңінде өмір сүрген аналық
ру неолит дәуірінде өзінің жоғарғы дамуына жетті. Неолит
шаруашылығы иемдеу формасынан өндіру формасына бірте-бірте
көше бастады. Бұл кезеңде тас құралдарын жасау одан әрі
жетәлдірілді. Адамдар тас балталарды, түрлі сүйек құралдарды
кең пайдалана бастады. Неолит үшін бұрғылап тесілген және
қырнап өндірілген сапты құралдардың қолданылуы, тоқу
станогының пайда болуы, балшықтан ыдыс жасай білуі, ағашты
алуан түрлі етіп өңдеу, қайық жасау, ау тоқу тән болды.
Егіншіліктегі табыс отаршылдыққа әкелді. Үйлердің түрлері
пайда болды, керамика кең етек алды. Қола ғасырдың бастамасы
болып саналатын энеолит мыс тас ғасыры кезеңі басталды.
Энеолит адамдарының сыртқы бенесінде қазіргі адамдардан
айырмашылығы болмады.
Бейнелеу өнерін эстетикалық мәдениеттің
рухани және материалдық саласына жатқызамыз. Бейнелеу өнері
рухани және материалдық құндылықтар саласының қайсысына
қатыстылығын: материалдық құндылықтарға адамға қажетті барлық
материалдық заттарды (олар шаблонды болуы мүмкін)
қарастыратын болсақ. Ал, өнердің руханилығының нағыз
шығармашылықты білдіретініне көңіл бөлу керек. Материалдық
құндылықтардың өлшейтін бағасы болады. Ал, рухани құндылықтар
материалдық құндылықтарға қарағанда өзгешелеу, олар адам
өмірінде көптеген жылдар бойы қалыптасқан, тұрақты
салтдәстүрлермен немесе сакральды қасиеттілігімен
ерекшеленеді және сол өлшеммен бағаланады. Мысалы, мерседес
маркалы машина бұл неміс машинасы. Ол сол халықтың
материалдық және рухани құндылығы бола алады дейтін болсақ,
ал, Рембрандтың картинасы голландықтардың рухани құндылығы.
Демек, рухани құндылықтың да бағасы бар, бірақ бұл критерии
ұлттық құндылық критериіне сәйкес келіп, осының негізінде
бағаланады. Ал ең жоғарғы адамзаттық құндылықтарда орындалған
өнер туындысы бүкіл адамзаттық рухани құндылыққа айналады.
Немесе керісінше кейбір бұйымдар мен өнер туындылары басқа
ұлтта ешқандай сезімді оятпауы да мүмкін. Мысалы, қазақ халқы
үшін домбыра – ұлттық құндылығымыз, домбыра қазақ үшін
музыкалық аспап қана емес, ол ұлттық болмысты ашып көрсетуде
қазақтың архетипті белгісі бола алады. Нағыз қазақ, қазақ
емес – нағыз қазақ домбыра деген сөз осыдан қалған. Домбыра
– қазақтың жаны, түп тамыры, ұлттық психология көзі, ұлттық
ағартушылықтың бастауы, ұлттық тәрбиенің діңгегі. Домбыра
қазақ халқының өнердегі ұйытқысы ретінде, дамытушысы
қызметінен еш төмендетпей, керісінше үдеп дамып келеді.
Домбыраның одан әрі мәртебесін арттыру бүгінгі ұрпақтың
міндеті болмақ (Гүлфарида Зейнуллина). Сол сияқты орыс халқы
үшін – икона, ал француздар үшін – Эйфель мұнарасы, Египет
үшін – пирамида және т.б. ұлттың құнды дүниелерінен көптеп
мысалдар келтіре беруге болады. Халықтың мыңдаған жылдар бойы
қалыптастырған көркемөнер шығармашылығы сол ұлттың ұлттық
рухани құндылықтары мен байлығына айналады. Демек, көркем
шығармашылықтың негізінде жеке адам мен ұлттық ұжымдық
тәжірибелер жинақталған. Ол жеке суретші қолтаңбасы мен әр
халықтың ұлттық стилінде көрініс табады. Бұл жағдайда ұлттық
өнер ғана дәстүрлі деген түсінік қалыптастыру керек. Бізге
белгілі кез келген өнер дәстүрлі, өйткені өнердің бағыты
бірнеше жылдар мен ғасырларда жинақталған тәжірибе негізінде
қалыптасып, дамып, жалғасын тауып келеді. Олай болса
кезкелген өнердің өзіне тән ерекшелігі, бағыты, оның өзінің
даму тарихы мен тәжірибесі, жалғастырушы дәстүрі бар. Жалпы
көркемөнердің барлық түрлерін бүкіл халықтың шығармашылығынан
кездестіргенімізбен әрбір халықтың өнерінде өздеріне тән
сонылық ерекшелігі ұлттық нақышпен ерекшелене түседі. Бұл
өнердің әртүрлігі мен әмбебаптылық мәселесінен шығады. Яғни,
бұл өнердегі әмбебаптылық; бірбіріне ұқсамайтын, әр халыққа
тән бейнелеу өнерінде кездесетін тақырыптық, сюжеттік және
көркем жазу тілінің, композициялық құрылымының және т.б
ұқсастығы. Бұл ұқсастықтар жалпы өнерге ортақ болғанымен,
өнерді бірдей етпейді, олардың тарихи даму барысында түрлі
әсер етуші факторларға (жері, өмір сүру салты, дүниетанымдық,
діни, философиялық, саясиәлеуметтік, психологиялық және т.б.)
байланысты. Бұндай өзгешелік ұзақ тарихи жылдарда қалыптасып,
сол халықтың өнерінің жеке ерекшелігіне айналған және ол
өзіндік бейнелеуші және айқындаушы көркем тілді
қалыптастырады. Бейнелеу өнерінің көркем тілін құрушы
құралдар – сызық, рең, шырай, түс, жарықкөлеңке, жылт,
архитектоника, композиция, т.б. барлық халықтар өнеріне
ортақ. Олай болса, бейнелеу өнерін зерттеуші ғалымдардың
тәжірибелеріне сүйене отырып бейнелеу өнерінің тіліне
тоқталатын болсақ, Б.Р.Виппер: Әрбір өнерге спицификалық
ерекшелік тән, олар алдына мақсаттар қояды және оларды
шешудің спецификалы әдіс–тәсілдері бар. Солай дегенмен оларды
белгілі бір топтарға біріктіретін, барлығына ортақ кейбір
белгілері де бар. Осындай ортақ белгілеріне қарап ажыратуды
өнердің классификациясы деп атаймыз. Бұндай классификациялау
өнердің мәнін түсінуге жақындата түседі 1 , деп бейнелеу
өнерінің мынадай классификациялануын ұсынады: кеңістіктік
және уақыттық. Кеңістіктік өнерге сәулет, мүсін, кескіндеме,
дизайн, қол өнері жатады. Өйткені олардың кеңістікте алатын
белгілі бір орны бар. Мимика, музыка, би, поэзия, кино
өнерлерін уақыттық өнерге жатқызамыз, өйткені олар уақыт
аралығында пайда болып өмір сүреді. Б.Р.Виппер өнердің өмір
сүру кеңістігін үш (биіктігі, ені, тереңдігі) өлшеммен бірге,
төртінші өлшемін уақыт деп алып, оларды келесі түрлерге бөліп
қарастырады: кескіндеме өнері – екі өлшемде өмір сүреді;
мүсін және сәулет өнері – үш өлшемде, ал музыканы, мимиканы,
поэзияны – төрт өлшемді өнерге жатқызады. Дегенмен бұл
өнерлер түрлерінің әрбірі өз өлшемінен келесі өлшемге өтуге
ұмтылады. Кескіндеме мен графика екі өлшемде өмір сүргенімен,
оларды кеңістікте орналастыруға ұмтылады. Ал, мүсін мен
сәулет өнері үш өлшемді болғанымен, біз оны тек айналып жүріп
қозғалыста уақыт аралығында қабылдаймыз, осылай ол төртінші
өлшемге өтуге ұмтылады. Сондықтан сәулет өнері геометриялық
жағынан кеңістіктік өнер, ал эстетикалық жағынан – уақыттық
өнер де бола алады. Бейнелеу өнеріне түсініктеме беруде біз
алдымен графика өнерінен бастаймыз. Графика өнеріне алғашқы
кезде грифель өнері (М.Клингер) немесе қағаз бетінде
орындалатын өнер (Сидоров А.) деген атауларды
ұсынған. Бейнелеу өнерінің ең кең тараған түрі графиканы көп
жағдайда басқа өнер түрлерінің дайындық кезеңіне
жатқызғанымызбен, ол өзінің мақсатміндеттерімен және өзіне
тән ерекше әдістерімен өз бетінше жеке дербес өнер туындысы
бола алады. Графика термині грек тілінен; graphein,
тырнау, жазу деген мағынаны білдіреді. Графика – графикалық
деп аталатын, өнер құрамының ерекше бір түріне негізделетін,
бейнелеу өнері, бейнеленуші беті (көбінесе ақ қағаз),
сызықтар, штрихтар, дақтар, нүктелер 2 . Өнердің графика түрі
тырнайтын, жазатын, грифель құралының көмегінен сызылып пайда
болатындықтан, графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз
байланысты. ХІХ ғасырға дейін графика мен сурет түсініктері
қатаң екіге ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа
техникасымен салынатын жұмыстарды атаса, суретке – қолмен
салынатын жұмыстарды: нобайды, этюдты, наброскаларды
жатқызды. Осылай графиканың орындалу техникасына қарай сурет
және баспа графикасы болып бөлінеді. Бұл екі түрдің
айырмашылығы суретші мен көрерменнің арақатынасынан шығады.
Суретші, суретті көп жағдайда, өзінің бақылауларын,
естеліктерін немесе болашақ жұмысының алдында көркем қиялынан
туған ойын өзінің жеке жұмысы барысында орындайды. Сурет,
суретші шеберханасының ішіне арналған. Сурет монологққа
ұқсас, ол суретшінің қайталанбас өзіне тән қолтаңбасы бола
алады. Сурет аяқталмаған болуы мүмкін, дегенмен осы
аяқталмаған қалпында да ол таңқалдырарлықтай әсер бере алады.
Суреттің тек бір дана ғана болатынын да ескерте кету керек.
Баспа графикасы (эстамп, кітап иллюстрациясы ж.т.б) көбіне
тапсырысты сұраныс бойынша бір ғана дана емес, бірнеше рет
көбейтіліп, қайталанып шығарылатын графика және бұл көбіне
көпшілікке (бұқараға) арналады. Негізінде графиканы, көбейту
үшін ағашта, металда орындалған сурет деп қана қарастыруға
болмайды – бұны өзге әдіс пен материалда немесе басқа
материал мен техникада орындау мүмкін емес, әдейі
ойластырылған ерекше композиция 3. Суреттің ең алғашқы сызығы
адамзаттың даму тарихының өте ерте кезі, біздің заманымызға
дейінгі палеолит дәуірі кезеңінен сақталып жеткені бізге өнер
тарихынан белгілі. Ертедегі суреттер тастың бетінде,
сүйектерде, үңгірлерде және олардың ішкі қабырғалары мен
төбелеріне тырналып жүргізілген сызық арқылы жануарлардың
бейнеленген суреттерінен кездестіре аламыз. Онда: тырналып
жүргізілген сызықтардан із қалдыра бастырылған сызықтарға,
контурлы сызықтан сұлбаға (силуэт), штрихтарға, өңге (тонға),
түрлітүсті дақтарға ұласқан сурет өнерінің даму эволюциясын
көруге болады. Ежелгі дүние өнерінен бастап қарастыратын
болсақ, сурет өнері бейнелеу өнерінің басқа түрлеріне
қарағанда даму сатысы жоғары болған. Дәлірек айтатын болсақ,
мысыр кескіндемесі, грек құмыра жазу өнері сызықтық, контурлы
сурет, өйткені онда бояу белсенді рөл атқармайды, онда бояу
түсінің қызметі тек сұлбаны толтырып тұрушы. Дегенмен, бұл
көне суреттер Ренессанс пен Барокко кезеңіндегі суреттен
ерекше. Мысырдағы сурет жартылай жазба, ал грек
құмыраларында – сурет, сәндікпен қатар құмыраның формасымен
тығыз байланыста болды. Орта ғасыр кезеңінде де кескіндеме
мен сурет арасында айтарлықтай өзгешелік байқалмайды.
Византиялық мозаикада кездесетін сары алтын түсті немесе
көгілдір фонды, жазық сұлбалы фигуралар, жазықтықты иллюзиялы
кеңістіктерге бөле қойған жоқ, оларды орта ғасырлық суреттер
мен өрнекті сәндеу орталығында орналасқан миниатюралы
картиналардан, яғни витраждардан – жарықтандырылған суреттен
көруге болады. Сурет, тек кейінгі Готика мен Қайта
өркендеудің басында, кескіндемеден, сәулет өнерінен ажырай
бастады және кескіндеме мен сурет арасындағы ерекшеліктер
ажыратыла түседі. Дәл осы кезден бастап, графиканың даму
тарихы шын мәнінде жеке өнер ретінде қалыптаса бастады.
Суреттің ең қарапайым түрі төртбұрышты пішіндегі (формалы)
ағаш тақтайшада бейнелеу. Сурет салудың неғұрлым нәзік түрі,
терінің түрлі сорттарынан дайындалған, грунтталған және
өңделген пергаментте орындалады. Кейінірек ол қағазбен
алмастырылды. Ертеректегі қағаз қалың әрі бедерлі (бұжырлы)
болғандықтан, оны пайдаланбас бұрын бетін тегістеп (грунттап)
өңдеп алатын болған. Ал ХV ғасырларда қағаз қатты бола
бастағанымен, көбіне сарғыш немесе қоңырқай түсті болып
келді. Сондықтан ХVІ ғасырға дейін қағаздың бетін тегістеп
(грунттап) отыратын болған. Ал, ХV ғасырдың соңына қарай
Венецияда, мүмкін арабтардың әсері болуы мүмкін көгілдір
түсті қағаз пайда болған 4.. Ерте кездегі суретшінің
пайдаланған құралы – металдан жасалған грифель. Римдіктердің
өздері де тақтайшаларға жазатын болған. ХV ғасырға дейін
металдан жасалған грифель перомен қатар кең тараған құрал
болып келді. Орта ғасырларда жүргізілген сызығы жұмсақ және
оңай өшіруге келетін, қорғасын грифельдерді қолданған.
Сондықтан қорғасынды грифель негізгі жұмысты бастау алдындағы
дайындыққа пайдаланды: кейіннен перомен, сангинамен, итальян
қарандашымен жетілдіре түскен және оны композицияға нобай
жасау үшін пайдаланатын болған. Орта ғасырдың соңына қарай
қорғасынды грифельді ХV ғасырдың сүйікті құралы – күміс
грифельдер алмастырды. Күміс грифельмен тек (грунтталған)
тегістелген және өң берілген қағазға ғана бейнелейтін болған,
ал онымен жүргізілген сызықтар өшіруге келмеген. Күміс
грифельмен жүргізілген сызықтарды өшіруге келмейтін
болғандықтан, суретшіден сызықты түсіруде өте тура дәлдікті
талап етті. Сондықтан күміс грифельді тек нағыз сызық
жүргізудің майталман шеберлері қолданған (Кіші Гольбейн,
умбриилік мектептің басында тұрған Перуджино мен Рафаэль).
ХVІ ғасырдың ортасынан бастап сурет неғұрлым еркін,
кескіндемеге жақын (живописті) бола түседі, сондықтан күміс
грифель бұрынғы беделін жоғалта бастайды. Бірақ ескі
шеберлердің жұмыстарынан шабыт алып рухтанған, ХІХ ғасырдың
суретшілері, күміс қаламды қайта жаңғыртқылары келеді.
Біріншіден олардың арасындағылардан Энгр мен прерафаэлиттерді
атауға болады. Графитпен таныстық XVI ғасырдан басталғанымен,
бұл кезде графитті дайындау жетіле қоймағандықтан, оның нағыз
даму кезеңі XVIII ғасыр тұсына келді. XV ғасырдың соңына
дейін сурет салудың екі жүйесімен тартыс жүріп келді:
готикалық сызықтық, жазық–өрнекті (орнаментальды) және
ренессанстық табиғатты шектеулі қабылдау мен оның формасын
пластикалы модельдеу. Осы кезеңдерде біріншіден, суреттің
жаңа түрі қозғалысты, түрлі қимылды (позаны), тіпті өте
жылдам жүргізілген бастың қозғалысының композициясын эскиздің
тәсілінде тез жүргізіп шығатын перомен салу пайда болады.
Екіншіден, заттың жұмырлығы мен кеңістік тереңдігін иллюзиялы
жазық бетте бейнелеп көрсететін перомен жүргізілген штрихтар
пайда бола бастады. Осыған байланысты контур өзінің
басымдылығын жоғалта бастайды да, сурет сыртқы контурдан ішкі
формаға ауысады 5.Дамудың бұл кезеңіне жататын Жоғарғы Қайта
өркендеу дәуірінің суретшісі, өзінің керемет орындалған
эскиздерімен, тіпті композицияның негізгі элементін штрихтар
арқылы айқындап көрсете білген Леонардо да Винчи суреттерінде
үлкен жетістіктерге жеткен. Суреттің жаңа түріне жататын бұл
перо мен қылқаламды пайдалану. Алдыңғылары сызықты контурдан
бастап жүргізсе, кейінгілері ішкі жағынан тондар мен дақтарды
қылқаламмен бастап, соңынан оның шеткі контур сызығын анықтап
жүргізу арқылы, оның контрастылығын күшейте түседі. Сангина –
суреттің ақсүйектік (аристократиялық) түрі. Сондықтан оны
көбіне ХІІІ ғасыр суретшілері пайдаланған. Мысалы, Ватто.
Нобай (Наброска) үлкен жұмысқа дайындық алдындағы жұмыс
немесе ол өз алдына шығарма да бола алуы да мүмкін. Нобайдың
тартымдылығы – оның жылдам орындалуында, оның негізгі
ерекшелігі суретшінің жеке қолтаңбасында. Эскиз
композицияның негізгі сызығы, негізгі салмақтың қатынасын
және жарық пен көлеңкені бірыңғай жайылта көрсету. Этюд
натураны зерттеумен тығыз байланысты. Бұл біріншіден
композицияны түгел зерттеу емес, оның жеке элементтерін,
суретшіге ұнаған мотивтерін бекіту, сондықтан бұл суретшінің
болашақтағы жұмысының дайын материалы да бола алады. Баспа
графикасы үш түрі бар: 1. Дөңес, томпақ гравюра. Тақтайша
бетінен қағазға ақ болып түсетін жердің барлығын ойып алып
тастайды да, контур сызығын қалдырады. Гравюраның бұл тобына
ағашқа орындалған гравюра (ксилография) және линолеумде
орындалатын гравюра түрін жатқызады. 2. Тереңдетілген
гравюра. Сурет жазық бетке тереңдетіліп ойылған сызықтар
немесе арықша ойындылар арқылы жүгізіледі. Осы тереңдікке
түскен бояу мөрін (печать) алатын тақтайшаның өте қатты
қысымымен қағаз бетіне түсіріледі. Гравюраның бұл түріне
барлық темірде орындалатын гравюралар офорт, т.б. жатады. 3.
Таста орындалған жалпақ гравюра. Бұл жерде сурет пен фон бір
деңгейде орындалады. Бұнда тастың бет жағын химиялық затпен
өңдейді, осылай өңделген бетте тек белгілі жермен ғана майлы
бояуды ағызып жағуға болады да, ал қалған жерлеріне бояу
жағылмай қалады, солай қағаздың фоны таза қалпында қалады,
бұл техниканы литография деп атаймыз. Офорттың кең тараған
түрінің бірі – акватинт. Бұл жартылай тон бере тушь пен
пероның көмегімен бейнеленетін графикалық жұмысқа ұқсайды 6 .
Мүсін өнеріне табиғи материалдан ойылып, қашалып, құйылып
жасалатын бұйымдарды, заттарды және т.б жатқызамыз. Мысалы,
тас дәуірінен жеткен тастан қашалған кішкентай құдай ана
мүсіні немесе саз балшықтан жасалған жануар мүсіні, темірден
құйылған адамның мүсіндері, т.б. Мүсін үш өлшемді өнер
түріне жатады. Оны көру нүктесі жанжақтан болғандықтан оны
айналып жүріп көруге болады. Мүсін көбіне сәулет өнерімен
тығыз байланыста дамиды. Сондықтан да болар, мүсін сәулет
өнерінде тірек қызметін атқарып, құрылыс конструкциясына
қатысты дамыды (кариатида, атланттар, капительдер,
консондар). Нарюрморт, пейзаж тақырыптары мүсінге үйлесе
бермейтін болғандықтан, көбіне гүлдер мен өсімдіктер мүсін
өнерінің тек сәндік қызметін атқарып, олар жазық бетте
рельефті бедерленеді. Негізінен пластикалық шығармашылық
өнерінің объектісі адам және кейбір жануарлар бейнесі бола
алады. Кейбір аңдар мен жануарлар деп айтатын себебіміз,
мүсінде мінез құлықтарының кейбір жақтары адамға ұқсас болып
келетін аңдар мен жануарлар сомдалады. Мүсіншінің
материалдары саз балшық, ағаш, темір, гипс, тас, мәрмәр т.б.
Біздің көп жағдайда мүсін мен пластиканы бір мағынада
қолданғанымызбен, олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері де
бар.[1]
Мүсін неғұрлым қатты денелерден өңдеп жасалады (тас,
ағаш), оның алдында болашақтағы мүсіннің қалай болып
шығатанын алдынала болжап тұрғандай, бүтін бір кесек зат
тұрады. Керісінше пластикада мүсінші жұмсақ материалмен жұмыс
жасайды, ол жапсырады, материалды қосады, бір сөзбен айтқанда
оның жұмыс үрдісі ішкі жақтан сыртқа қарай жүреді. Демек,
пластика – матералды қосу, көбейту өнері, ал мүсін – алу
өнеріне жатады 7. Саз балшықтан күйдіріліп жасалған мүсін –
терракота деп аталады. Су өткізетін – таза терракота – өте
ерте кезден глазурлаумен жетілдіріп отырған. Глазурлаудың ең
көне үлгілері ежелгі Месопотамиялық кезеңдегі өнерден
табылған. Оның алғашқы даму кезеңдері Персияда байқалады.
Арабтардың мавритандық деп аталатын, глазурланған техникасы,
Испанияға өтіп ол майолика (Мойолика Испанияның Майорка
аралына байланысты туса керек) деген атпен таралды. Италияда
глазурланған техника фаянс деп аталды. ХVІІІ ғасырда
майолика техникасының беделі түсе бастайды, оның орнын
неғұрлым жұмсақ материал, неғұрлым нәзік техникаға жақын –
фарфор басады. Саз балшық пен қорғасыннан басқа, воск
материалын да мүсінде пайдаланады. Саз балшық пен восктың
төзімділік сапасы өте төмен, олар кептіру кезінде жарылып
кететін болғандықтан, әдетте олардың дәл көшірмесін гипстен
жасайтын болған. Қайта Өркендеу дәуірінде жас суретшілерді
үйрету үшін гипстен мүсіндердің дәл көшірмелерін құйдыратын
болған. ХVІІ ғасырдан бастап көркемөнерге оқытуда, гипстен
жасалған көшірмелердің суреттерін салып үйрену академиялық
білім беруде мықтап бекітілді. ХІХ ғасырда археологтар мен
мұражайларда, дүниежүзілік өнер туындыларын көрсету үшін
көшірмелерде кең пайдаланды. Қазіргі кезде де гипс оқыту
үрдісінде кең тараған материалдың бірі. Мүсінде пайдаланатын
қатты материалдар: ағаш, мәрмәр, қола, сүйектер және т.б.
Ағаш өте ертеден келе жатқан мүсін өнерінде кең таралған
материалдың бірі. Бейнелеу өнері тарихын парақтап қарайтын
болса, ағашты көне Мысырлықтар өте шебер қолдана білгенін, ал
Гректердің ағаштан монументалды мүсіндер қашағанын көреміз:
өте қарапайым адам бейнесі бейнеленген, формасыз идолдар мен
бағаналар. Итальяндық Қайта Өркендеу дәуірінде ағашты мәрмәр
мен қола материалдары ығыстыра бастайды. ХІХ ғасырға дейін
ағашты мүсіншілердің шеберханаларынан табу қиын болған.
Керісінше, ХХ ғасырда өнерде жаңа тенденцияларды іздестірудің
нәтижелерінде ағаш жаңа гүлдену кезеңіне өтеді. Қытайлықтар,
әсіресе жапондықтар – пластикалық өнердің шеберлері.
Жапондықтар миниатюралы заттарды жасауға деген құштарлығы,
ағаш пен піл сүйегінен жасалатын нэцкэ деп аталатын жаңа өнер
тенденциясын тудырды 8.Піл сүйегінен жасалатын мүсіндер
тарихы ерте тас дәурінен басталады. Піл сүйегінен көбіне
кішкентай мүсіндер ойды. Бірақ грек хризоэлефантия техникасын
миниатюралы мүсінге жатқызуға келмейді. Бұл техника алтын мен
піл сүйектерінен жасалады. Кескіндеме өнері көпшілік қауым
ұнататын өнер түрі. Өйткені кескіндеменің тіліне ұшқыр қиял,
мәңгі идеялар, бір сәттік мезет пен мінезқұлықтың нәзік
құбылыстары мен дүниенің барлық құбылыстарын, сезімдерін,
мінезқұлқын, күйзелістерін, нұсқаның нәзік қатынастырын
бейнелеп көрсету тән. Егер сәулет кеңістікті, мүсін – денені
жасаса, ал кескіндеме дене мен кеңістікті, олар өмір сүретін,
түстер мен ауаның, фигуралар мен оларды қоршаған заттардың
ортасында біріктіреді 9.Бүкіл образдың байлығы мен
жалтылдаған кез келген түстерін жарық арқылы бояу түсімен
кескіндемеде жазып көрсетуді айтамыз. Кескіндеме – бір ғана
көру нүктесі бар және кеңістік пен бейнелеушінің жұмыр көлемі
тек иллюзиялы өмір сүретін жазық бетте орындалатын өнер түрі.
Бұл кеңістік кескіндеменің негізгі шарттылығын құрады.
Батыс Еуропалық кескіндемеде үшінші өлшемнен бас тарту деген
жоқ, ал көрермендер кескіндеменің екі өлшемді екендігін
ұмытып та кетеді. Әрбір картинаның орындайтын екі функциясы
бар – бейнелеуші және экспрессивтісәнді. Кенеп (картина)
кеңістігіндегі декоративтіритмді кім түсінетін болса, сол
адам кескіндемешінің тілін де түсіне алады. Кескіндемені
жазуда ежелгі Мысыр мен Грекияда, Орта ғасырларда, Қайта
Өркендеудің алғашқы кезеңдерінде ағашты қолданған. XVIII
ғасырдан бастап кескіндемешілердің арасында ағаштың беделі
түсе бастайды. XVXVI ғасырдан бастап Падуе мен Венецияда
кескіндемені жазатын кенеп кең тарайды. Венецияндықтардың
әсерінен кенепті Дюрер пайдалана бастайды. Тицианнан бастап
италияда кескіндемеде кенеп күнделікті қолданысқа түседі.
Кенепке қарсы тұрып, ағашты ұзақ сақтап қалған Нидерландықтар
еді. Кенепті пайдалану алдында ерекше грунтовка (тегістеу)
қажет. Тегістеудің мақсаты – кенеп бетін тегістеп,
біркелкілеу, бояуды кенептің сорып алуынан сақтандыру,
сондайақ, картинадағы шырай мен заттардың тонын сақтап қалу.
XVI ғасырдан бастап майлы бояумен кенепті түрлітүсті етіп
тегістеу Италияда қолдау табады. Әсіресе көлеңкелерге жылы
түс беретін, қызғылтқоңыр түсті пайдалану кең таралды.
Дегенмен, Рубенс тақырыбы мен мақсатына байланысты грунттың
түсін өзгертіп отырды: ол кейде ақ түсті, кейде қызғылт
түсті, кейде сұр түсті пайдаланатын. Түрлітүсті грунт
түстердің кереғарлығын, динамикасын күшейте түскенімен,
картинаның төзімділігін кеміте түсті. Сондықтан да,
кватроченто кезеңіндегілерге қарағанда, Барокко кезеңінің
суреттері кейінірек орындалғанымен, олар бізге дейін нашар
сақталып жетті. Кескіндеменің жазылу техникасы тек бояу
түсінің сапасы мен ондағы бояуларды байланыстырушы құрамына
да байланысты. Бояудың құрамының мақсаты – бояуды тегіс бетке
бекіту және оларды бірбірімен байланыстыру. Келесісі, бояу
түстерінің бай болып келуі, әрбір суретте бояудың екі түрі
болуы мүмкін – беткі жағын көрсететін түс және оның
тереңдігін, яғни ішкі түс. Біріншісі, динамикалы, бірақ
түстерге онша бай емес, екіншісі, бірнеше түстердің
қатпарларынан жарып шығып, лаулап жанып тұратын түс.
Бейнелеу өнерін оқытудың негізі
1. Жаллы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында
бейнелеу өнеріне оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттері:
• оқушыларға бейнелеу өнерінің құралдарын жүйелі меңгерту
арқылы айналадағы өмір шындығына эстетикалық көзқарасты
қалыптастыру;
• өмір шындығы көріністеріндегі, табиғаттағы және өнердегі бояу
түстерін, оның сезімдік әсерін оқушылардың көре, сезіне
білуін, бейнелеу іс-әрекеті барысында олардың кеңістік туралы
түсіпігін, қиялын, елестету қабілетін жүйелі түрде дамыту;
• көркем мәдениет және оның қоғамдағы алатын орны туралы
түсінікті дамыту;
• оқушылардың бойында халықтың дәстүрлі өнерін, тарихи
ескерткіштерін эстетикалық тұрғыдан бағалай білуге баулитын
жүйелі білім, шығармашылық икемділік пен дағдыны
қалыптастыру;
• бейнелеу өнері сабақтары барысында дамып қалыптасқан
көркемдік білімдерін, икемділік дағдыларын тұрмыс жағдайында,
еңбек процесінде, қоғамдық жұмыста пайдалана білуге баулу.
Қазіргі кезде жасөслірім жеке тұлғаны тәрбиелеуде
өнердің, соның ішінде бейнелеу өлерінің ықпалы зор екелдігін
педагогика, психология ғылымдары дәлелдеп берді.
Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушылардың ойлау
қабілеті, көргенін есте сақтау, шығармашылық қиялы, көркемдік
икемділігі, адамгершілік және сүлулық сезімі дамиды, әрине
бұл қасиеттер жеке тұлғаның жан-жақты дамуына негіз болары
сөзсіз.
Бейнелеу сабақтары оқушылардың қоршаған ортаға
қызығушылығын арттыру арқылы сұлулық сезімін оятады,
дүниетанымын қалыптастырады, шығармашылық белсенділігін
арттырады. Сонымен қатар жеке тұлғаны ұқыптылыққа,
дербестікке, еңбек сүйгіштікке бейімдейді.
Бейнелеу іс-әрекеті барысында сурет салу біліктілігі мен
іскерлігін меңгеріп, қоршаған ортадағы заттар мен
құбылыстарды байқап зерттеуді үйренеді. Демек, бейнелеу
қоршаған ортаны тану, кеңістікті қабылдау, есте сақтау, қиял,
сезім сияқты тағы басқа лсихологиялық процестердің дамуына
көмектеседі.
Көбінесе бейнелеу іс-әрекеті барысында оқушының ерекше
белсенділігін байқауға болады. Ол әсіресе танымдық
шығармашылық белсенділік тұрғысында байқалады. Бұдан жеке
тұлға өз белсенділігін қоршаған ортамен сезімдік қарым-
қатынас, жұмыс (қоршаған ортаны бейнелеу) процесінде
арттыратындығын көруге болады. Педагогтың ұйымдастыруымен
өткізілген сабақтағы немесе сыныптан тыс шаралардағы
танымдық, эстетикалық тәрбие оқушылардың ғылыми дүниетанымын
қалыптастырады. Сондықтан да педагогика ғылымының оқыту мен
тәрбиені ажыратпай тұтас қарастыруы бейнелеу өнерін оқытудың
негізі болыл табылады.
Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері дәстүрлі бейнелеу
өнерінің түрлерімен, жанрларымен бірге дизайн, оригами,
коллаж т.б. бейнелеу, жапсырмалау жұмыстарын да қарастырады.
Бұл жұмыстар оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық
белсенділігін дамытумен қатар, олардың санасында бейнелеу
өнерінің адам тіршілігінде, қоршаған ортада үлкен орын
алатылдығын дәлелдейді. Түрлі материалдардың көркемдік
қасиеттерімен танысып, оларды өңдеу тәсілдерін меңгереді.[2]
Бейнелеу сабақтарында немесе сыныптан тыс жұмыстарда
оқушылар шетелдердің белгілі бейнелеу өнері шығармаларымен
және көп ұлтты Қазақстан бейнелеу өнерінің даму кезеңдерімен
танысып, жекелеген белгілі бейнелеу өнері туындыларының
композициялық шешімін, түс ерекшеліктерін талдап өз
түсінігін, пікірінәңгімелейді. Бұл оқушыларды өнер
танығыштыққа тәрбиелеп, коммуникативтік қабілеттерін
арттырады. Осыған орай қазіргі кездегі тәуелсіз еліміздің
білім және ғылым жүйесін реформалау нәтижесінде алғаш жарық
көрген бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерін оқыту
бағдарламалары мен оқулықтарына батыс Еуропа, Ресей бейнелеу
өнерінің кейбір белгілі суретшілері, сәулетшілері,
мүсіншілерінің шығармалары, ұлттық қол өнері енгізілген.
Соның ішінде, әрине, көп ұлтты қазақ бейнелеу өнері, ұлттық
қол өнер кеңінен орын алған. Ол оқушыларға басқа да елдердің
бейнелеу өнерімен терезесі тең дамып келе жатқан өз елінің
өнерін талдап, танып, үлкен отансүйгіштік сезімге бөленуіне
мүмкіндік жасайды.
Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің алдына
қойған мақсат, міндеттерін жүзеге асыру арқылы оқушылардың
интеллектуалдық, эмоционалдық, эстетикалық, іскерлік,
коммуникативтік қабілеттерін дамытып, қоршаған ортамен өзара
әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындауды жүйелеудегі оқу
бағдарламасы мен мемлекетік стандарттың және осы құжаттарға
сәйкестендіріліп жазылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік
кешендерінің маңызы зор.
Мектепке дейінгі мекемелерге арналған оқу
бағдарламасында бейнелеу өнері аптасына 1,5 сағат есебінде
қарастырылып, әр сыныпта бір оқу жылына жалпы 51 сағат оқыту
Лекция жоспарыланған. Онда өнер түрлеріне байланысты
тарауларға бөлінген уақыт кестесі мынадай:
Бағдарламадағы көрсетілген әрбір бейнелеу өнері
саласы бойынша оқыту негізі екі бөлім арқылы қарастырылады:
1. Өнерді қабылдау.
2. Машықтық көркем іс-әрекет.
Өнерді қабылдау ол оқушылардың өнер түрлерін, өнер
шығармалары мазмұнын, өнер қайраткерлерінің өмірі мен
шығармашылығы туралы оқытушымен, сыныптағы жолдастарымен
пікірлесе отырып танысуды көздейді.
Ал машықтық көркем іс-әрекет барысында оқушылар заттан
қарап, есте сақтап, елестетіп бейнелеу, мүсіндеу, сәндік
сурет салу, көркем құрастыру, безендіру ереже заңдылықтарымен
(композиция, пропорция, перспектива т.б.) танысып, іс жүзінде
меңгереді.
Бағдарламада көрсетілген бейнелеу өнерін оқытудың
мақсат, міндеттерін мынадай сабақ түрлері арқылы жүзеге
асыруға болады. Ол:
• заттан қарап бейнелеу сабағы;
• тақырыптық бейнелеу сабағы;
• сәндік сурет және көркем құрастыру сабағы;
• мүсіндеу сабағы;
• өнер туралы әңгіме сабағы.
Бұл сабақтарда балалар заттан қарап, есте сақтап
және елестетіп сурет салуға үйренеді, Тақырып бойынша сурет
салып, оқыған, тыңдаған аңыз-ертегілерді иллюстрациялайды.
Көркем еңбек элементтері бар сабақтарда оқушылар түрлі-түсті
қағаздардан, табиғи материалдардан көлемді бұйымдар
құрастырып, сәндеп безендіреді.
Сонымен қатар осы жұмыстар барысында салынатын затты
немесе кұбылысты алдын ала бақылау немесе зерттеу, эскиздер
орындау, долбарлар және қысқа мерзімді суреттер орындау,
заттарды бір-бірімен салыстыру, өз жұмысын салынатын затпен
немесе құбылыспен салыстыру, суретті бейнелеуде әр түрлі
бейнелеу кезеңдерінің ережелерін пайдалану, бейнелеудегі
жалпыдан біртіндеп жекеге көшу немесе жекенің жалпыға
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz