Бейнелеу өнерінің қысқаша тарихы


Курстық жұмыс
Пәні: Бейнелеу өнері және оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Ересектер тобында сурет салу
Мамандық: Мектепке дейінгі тәрбие және оқу
Қызылорда 2018жыл
Мазмұны
І. Кіріспе . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім.
2. 1 Бейнелеу өнерінің қысқаша тарихы . . . 6
2. 2 Ересек тобында сурет салу оқу қызметін өткізудің мақсаты мен міндеттері . . . 13
2. 3 Ересек тобында дәстүрден тыс сурет салу әдісімен өткізу негізі . . . 17
2. 4 Ересек тобында бейнелеу өнерін өткізуге арналған жоспарлар . . . 20
ІІІ. Қорытынды . . . 29
ІV. Пайдаланылған әдебиет . . . 32
Кіріспе
Елімізде Қазан революциясына дейін Алматы, Орынбор, Астана, Пртропавл, Семейде жетім балаларға арналған үйлер ашылды. 1917 жылы мамырда Алматы қаласында мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің тұңғыш негізін қалаған балабақшасы ашылып, 100-ге жуық балалар барды. 1919 жылы Торғай губерниясында 37 балабақша ашылып, 1000 баланы қамтыды. Сол кездегі қазақ әйелдерінің өндіріс орындарына жұмысқа шығуы, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін балабақшалардың ашылуына сұраныс жоғарылай түсті. 1920 жылы елімізде 115 балабақша ашылып, оған 600-ге жуық бала тартылды. Қазақ тілінде мамандар дайындалмауына байланысты қазақ балаларына арналған топтар ашылмады. Дегенмен, Республикамызда мектепке дейінгі балаларды балабақшаға тарту, ел арасында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу туралы түрлі бағытта жұмыстар жүргізілді. Осы жылы Қостанай, Орынбор, Семей т. б. губернияларында мектепке дейінгі бөлім ашылып, желтоқсан айында “Балалар апталығы” өткізіліп, оның мақсаты көпшілік арасында насихат жүргізу. Халық ағарту бөлімдерінң қызметкерлері ауылдарды аралап, . Халық арасында белсенді үгітшілер мен насихатшылады даярлады. Баспасөз беттернде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жөніндегі мақалар жарияланды. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін, балабақшалар, оның құрылымын, оның бала тәрбиесіндегі орнын, озық тәжірибелер мен әдістемелік еңбектерді сол кездегі “Әйел теңдігі” журналында арнайы айдармен жарияланып отырды. Журналдың мектепке дейінгі тәрбие бөлімін басқарған, тұғғыш мектепке дейінгі тәрбие теориясынның негізін салған Н. Құлжанованың ”Мектептен бұрынғы тәрбие”, “Ана мен бала” еңбектері сүбелі болып саналды. Елімізде М. Жұмабаевтың “ Педагогика”, Н. Құлжанованың “Мектептен бұрынғы тәрбие”, “Ана мен бала” атты еңбектерінде мектепке дейінгі тәрбие мәселелері көтеріліп, ғылыми-пдагогикалық, әдістемелік тұрғыдан ашып берген. 1917 жылдан кейін де қазақ әйелдері баланың денсаулығына медициналық көмек көрсету туралы білімдерінің жоқтығына байланысты бала өлімі де көп болған. Осыған орай 1922 жылы “Ана мен баланы қорғау ғылыми-зерттеу институты” ұйымдастырылды. Осы салада 1959-1980 жылдар аралығында институтта басшылдық жасаған А. Бейсенованың 1965 жылы “Ана болу және балалық шақ”, 1968 жылы “ Ана мен баланың денсаулығын сақтау” еңбектері жарық көрді.
1922 жылыОрынборда және 1924 жылы Қызылорда қаласында әйелдер курстары ашылыып, екі жылда 80 тәрбиеші даярланды.
3
1926-1929 жылдары халықшаруашылығынң өркендеуіне байланысты балабақшалар, титік балабақшалар, мерзімді балалар үйлері ашылып, “мектепке дейінгі киіз үй”, “көшпелі киіз үй”, “ қызыл отау” атты мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа формалары ашылып, алыс малшылар ауылында, қырман басында жұмыс істеді. 1927 жылы Қаз АССР Халық ағарту комиссариатының шешімі бойынша өткізілген мектепке дейінгі тәрбие туралы конференцияда балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысын жоспарлау, тәрбие әдістері, мектепке дейінгі ұйымдас сауат ашу, мектеппен байланысы, жүргізілген жұмысты есепке алу бойынша өзекті мәселелер қарастарылды. Осы жылдары “Мектепке дейінгі саяхат” деп аталатын мектепке дейінгі ұйымдарды салу құрлысы жүргізіліп көпшілік қатысты. 1929 жылы 85 балабақшаболды.
1933 жылы республика бойынша балабақша мамандарын дайындайтын 8 айлық курстар жүргізіліп, ресейдің белгілі мамандары лекция оқыды.
Алматыда, Оралда, Семейде педтехникумдардың жанынан мектепке дейінгі бөлімдер ашылды.
1938 жылы РСФСР Халық ағарту комиссариаты шығарған балабақшаның уставы және ”Балабақшаның тәрбиешісіне жетекші құрал”, “Колхоз балалар алаңдарының жұмысына басшылық” аударма түрінде пайдаланылды.
1964 жылы 2-7 жасқа дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы тұңғыш бағдарлама жарық көрді. 1955 жылы Г. П. Охотская ” Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие очеркі” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаса, 1961 жылы В. И. Андросова “Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың поэзиялық шығармаларға қызығушылығын арттыру”, 1969 жылы Б. Баймұратова “ Сәбилердің сөздік қорымен сөз игеру ерекшеліктері”, 1970 жылы Л. И. Давиденко ”Қазақстанның селолық балабақшалары”, Р. М. Жұмағожина”Соғыс жылдарында Қазақстанда балалар мекемелерінің дамуы” дессертациялық жұмыстар жазды. 1980-2000 жылдар аралығында Қ. М. Меңдаяқова, М. Т. Тұрыскелдина, М. С. Сәтімбекова, Г. Ж. Меңлібекова, Р. К. Аралбаева, А. К. Меңжанова, Ф. Жұмабекова, Ә. С. Әмірова, С. Н. Жиенбаева, Т. Иманбеков, С. Ғ Бәтібаева, Г. Метербаева, Ғ. З. Таубаева және т. б. зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мектепке дейінгі ұйымға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.
1996 жылы алғашқы ұлттық «Балбөбек» бағдарламасының жобасы дайындалып, 2006 жылы өңделіп қайта баспадан шығарылды.
1999 жылы Елбасының жарлығымен «Балаларды міндетті мектепалды дайындау тұжырымдамасы» қабылданды. Оның негізінде «Мектепалды дайындау» (Семей), «балабақшада және отбасында баланы мектепалды дайындау» (2000) бағдарламалары әзірленді. Кейін «Қайнар», «Қарлығаш» «Жеке тұлға» атты балама бағдарламалар іске қосылып, эксперименттен
4
өткізілді.
2004 жылы алғашқы мектепке дейінгі білім беру стандарты дайындалды. 2008 жылы мектепке дейінгі білім беруге тұлға бағдарлы, құзыреттілік тұғыры негізінде жалпыға міндетті білім беру стандарты дайындалды. Оның негізінде «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» атты бағдарламалар дайындалды. Елбасының ұсынысымен 2010 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жарияланды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты:1. балаға өмір бойы қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтарды баулуға; 2. халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға, әдебиет пен өнерге, фольклор мен еліміздің мәдени мұрасына негізделген білім беру мазмұнын іске асыруға; 3. ерекеше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасауға; 4. мекетепке дейнігі тәрбие және оқытумен қамтылған және қамтылмаған балаларды дамыту мәселелерінде ата-аналардың біліктілігін арттыру, оларды психологиялық-педогогткалық консультациялық қолдаумен қамтамасыз етуге бағытталған. Мектепке дейнігі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымтастыру арқылы кірістіру жолдарымен іске асырылатын: «денсаулық», » «коммуникация», «таным», «шығармашылық», «әлеуметтік орта» бес білім беру саласына негізделген. Сонын ішінде: «Шығармашылық» білім беру саласы.
Мақсаты: баланың шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі ретінде оның сезімдік-эмоциялық саласы мен қиялын дамыту.
«Шығармашылқ »білім беру саласы сурет салу; мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді дамытуды, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды; өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды; музыканы, отандық композиторлардың шығармаларын, ұлттық музыкалық аспаптарды, көркем әдебиетті, фольклорды қабылдауды; көркем шығармалардың кейіпкерлердің жанашырлықты ынталарндыруды; балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске асыруын қамтиды.
«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызыметі:
1. сурет салу; 2. мүсіндеу; 3. аппликация; 4. музыка; [1]
5
Бейнелеу өнерінің қысқаша тарихы
Бейнелеу өнері (ағылш) - дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді.
Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.
Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен. Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Аккад патшалығы кезеңіндегі Бейнелеу өнерінің үздік үлгісі - 2 метрлік қызыл қыштан жасалған.
Бейнелеу өнерінің үздік шығармалары қатарында. Ежелгі Мысырдың
6
Бейнелеу өнері әлемдік мәдениетке қосылған ірі үлес болып табылады. Эгей мәдениеті Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде, Эгей теңізінің жағалаулары мен аралдарында өркендеді. Бояуға бай, түрлі түсті суреттер фрескаларымен сарайлардың, қоғамдық ғимараттардың және үйлердің қабырғалары безендірілген. Ежелгі мүсін өнері, ең алдымен, қола статуэткаларымен, жалаңаш бозбалалар мен ұзын киім киген сымбатты қыздардың мүсіндерімен танымал. Қыш құмыраларды безендіру өнері ерекше дамыды. Рим өнеріндегі жетекші орынды портрет жанры алды. Бейнелеу өнері сақтардың “жануарлық стилінің” ықпалына ұшыраған жергілікті өнердің бірегей дәстүрлері мен Көне Шығыс өнерінің әдістерін ұштастырды. Грек-Бактрия патшалығы өнерінде эллиндік көркемдік қағидалардың жалғасын табуы байқалады. Сәулет, мүсін, бедерлеу өнері жетіле түсті.
Бұл дәуірдегі өнердің дамуы қалалардың пайда болуымен тығыз байланысты: ғибадатханалар, билеушілер сарайларының құрылысы, т. б. Ежелгі Қытай өнерінің өзіндік стилі рельеф пен өрнекті жазулармен қапталған рәсімдік ыдыстардағы бейнелерден көрініс тапқан. Аңдардың, құстардың қиял-ғажайып мақұлұқтардың бейнелері, қола ыдыстардағы оюлы өрнектер, алтын, малахит және фирузамен безендірілген қабырғалар, нефриттен ойылып жасалған заттар ақсүйектердің жерасты қабірлерінің ішіне асқан көрік берген. Ортағасырлық бейнелеу өнер деп, әдетте, Батыс және Орталық Еуропа елдері өнерінің ерте және кемелденген кезеңін, Византия мен Ежелгі Ресей өнерін атайды. Бейнелеу өнерінде діни идеялар, діни аңыздар мен хикаялардағы образдар, діни-этикалық нормалар арқылы көрініс тапты
Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық
7
болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.
Қола ғасыры мен темір ғасыры адамзат дамуындағы асқаралы баспалдақтар болды. Ұлы өзендер-Нілдің, Евфрат пен Тигрдің, Инттің, Хуанкенің аңғарларында біздің заманымыздан бұрынғы 3-4 мың жылдықтың өзінде алғашқы мемлекеттер пайда болды.
Олардың минералдары мен қабырғалары жаңа өнер жаңа сәулетінің ескерткіштеріне айналды. Рулық құрылыс 2 сатыға бөлінді: аналық ру-матриархат және әкелік ру-патриархат.
Архиологтар белгілі дәуірлердегі еңбек құралдары дайындалған негізгі материалдардың өзгеріп отыруына сәйкес алғашқы қауымдық құрылыс тарихын бірнеше сатыларға бөледі: тас, қола және темір дәуірлері.
Тас дәуірі полеолит (ерте тас ғасыры) және неолит( жаңа тас ғасыры) болып бөлінеді.
Полиолит төменгі (ертеректегі) және жоғарғы (кейініректегі) болып бөленеді. Полиолит пен Неолиттің арасындағы кезеңді энолит деп атайды. 80 мың жыл шамасында табиғат жағдайы түбірінен өзгерді. Жердің жедел салқындауының нәтижесінде мұз дәуірі басталды: мұз Скандинавиядан оңтүстікке қарай Вернус-орша-вышний Волочок қалаларына созылды. Осындай қатал табиғат жағдайында адамдар өмір сүрді(олармен бірге мамон, бұғылар, бизондар өмір сүрді.
Полиолит дәуірі мұз дәуірінің соңында аяқталды. Оны б. з. б 14-12 мың жылдықтан 6-5 мың жылдыққа созылған мизиолит (орта тас ғасыры) алмастырды. Мұз дәуірінің аяғында ірі жануарлардың үйірі көп болған жоқ. Аң аулаушылар толық тамақтарын тауып ала алмағандықтан, терімшілікке көшті, балық аулау кең тарай бастады. Аң аулау шаруашылығы дағдарысқа ұшырады. Жануарларды қолға үйрете бастады: бірінші итті, сосн ұсақ және ірі малдарды үйретті.
Мизиолит кезеңінде біздің елеміздің оңтүстігінде қарудың жаңа түрі
8
жасалады. Жүзі шақпақ тасты, жебе мен садақты ойлап тапты.
Жоғарғы полиолит пен мизиолит кезеңіде өмір сүрген аналақ ру неолит дәуірінде өзінің жоғарғы дамуына жетті. Неолит шаруашылығы иемдеу формасынан өндіру формасына бірте-бірте көше бастады. Бұл кезеңде тас құралдарын жасау техникасы одан әрі жетілдірілді. Адамдар тас балталарды, түрлі сүйек құралдарды кең пайдалана бастады. Неолит үшін бұрғұлап тесілген және қырнап өндірілген сапты құралдардың қолданылуы, тоқу станогының пайда болуы, балшықтан ыдыс жасай білуі, ағашты алуан түрлі етіп өңдеу, қайық жасау, ау тоқу тән болды.
Егіншіліктегі табыс отаршылдыққа әкелді. Үйлердің түрлері пайда болды, керамика кең етек алды. Қола ғасырдың бастамасы болып саналатын энолит (мыс-тас ғасыры) кең басталды. Энолит адамдардың сыртқы бейнесінде қазіргі адамдардан айырмашылығы болмады.
Қола ғасыры мен темір ғасыры адамзат дамуындағы жаңа баспалдақтар қола және темір ғасырында қаланды. Металл өндіру әдістері жетілдірілді, өнер жаңа формаларға ие болды. Ұлы өзендер бойында жоғарыда айтылғандай, алғашқы құл иеленуші мемлекеттер пайда болды.
Еуропа сәулетінің алғашқы құрылыстар діни сипаттаға алғашқы монумент мегалиттік деп аталатын алып тастардан салынған ғимараттар болды. Рулық құрылыс кезінде алғашқы қауым өнері өзінің шығармалық ұлы күшінің жаңа қырларын дүниеге әкелді. [2]
Скифтер
Скиф өнерінің гүлденуі б. з. б VII-VI ғасырларға жатады. Ол кезде скифиа мемлеттер құлиеленушілік құрлысы енді ғана бастала бастаған, ал рулық негізі жойыла қойған жоқ еді. Көшпелі скифтер киіз үйлерде тұрды. Жылқы еті мен қымыз олардың негізгі тамағы болды. Үйір-үйір жылқы мен ірі қара табындары скифтердің негізгі байлығы еді. Бірақ мал шаруашылығын олар аң шаруашылығы мен қатар жүргізді. Аң олардың қиялында (құбылыс) құбыжық болып, яғни жұмбақ та құдіретті күштің бейнесі болып елестеді.
А. С. Пушкин: «Ғасыр алаңдамай алға жылжи бере алады . . . , бірақ поэзия орнанда қалды. Оның бір ғана мақсаты бар . . . , Көне астрономияның, физиканың, медицинаның ұлы өкілдерінің ұғымдары, еңбектері, ашқан жаңалықтары ескеріп, күн сайын өзгеріп, алмасып жатқанда, хас ақындардың туындылары тап-таза, мәңгі жас қалпында қала берді», -деп айтқан екен. Француз жазушысы Вектор Гюго осы ойды былай білдірген: «Ғылым өзін-өзі сызғылай отырып, толасыз ілгері жылжи береді. Поэзия-қанат серпіні. Өнер
9
шоқтығы өмірге мәңгілік келеді».
Өнер шоқтығы сөзі, әрине, поэзияға ғана емес, өнер саласының қай-қайсысына да болса қатысты. Осы ойды нақты мысалдармен дәлелдеп көрейік.
Дүние жүзіндегі ең ірі, көркем мұражайлардың бірі Санкт-Петербург Эрмиттажының бірнеше залы Алтайдағы Пазырық қорғандарында сақталған ертедегі сібірлік көшпелі малшылар мәдениетінің ескерткіштеріне арналған. 1940 жылы қыркүйекте Францияның оңтүстік-батысындағы монтиньяк қалашығының жақын маңнан біздің дәуірімізге дейін көптеген мың жылдар бұрын өмір сүрген адамдардың үңгірі табылды. Үңгір қабырғаларындағы түрлі аңдардың керемет шеберлікпен салынған суреттері бейнелеу өнерінің сол кездеде жақсы дамығандығының айқын дәлелі. Бұл «алғашқы қауым бейнелеу өнерінің Сикст капеласы» аттанған Ласко үңгірі еді. Үңгірдің бейнелеу өнері осы уақытқа дейін біздерді таңғалдыратын бейнелеу өнерін жасаған адамдардың талпыныстары мен шығармашылық еркінділігін толық білдірді.
Солтүстік Испанияда тамаша бейнелеу өнерімен даңқы шыққан Альтамир үңгірі ашылғанда, тіпті ондағы суреттерден кейін салынғанын дәлелдеу арқылы адамзат тегінің ежелгілігін теріске шығарамыз деп армандаған адамдардың ойы іске аспады. Палеолит термині (гректің «палатос»- көне, «литос»-тас деген сөзерінен) көне тас ғасырын білдіреді. Ласко үңгірінің бейнелеу өнері, негізінен біздің дәуіріміздің басындағы XVIII ғасырда жатса керек. Ласко үңгірінің қабырғалары сарғыш балшықпен, күйемен, ақ балшықпен салынып, қарамен жиектелген жүздеген сары, қызылқ қоңыр кескіндерменб безендірілге: ол кескіндер-кісі таңғараларлық сәндік кенере құрайтын бұгы бастары, өз тұрқымен бірдей дерлік етіп салынған текелер, жылқылар, бизондар, мүйізтұмсықтар. Дегенмен, Ласко үңгірінен әлдененің күрделі сюжеті бар көпшілік көрінісін бейнелеу талабын сиректе болса ұшыратамыз. Найзамен жараланып, ішек-қарны ақтарылған бизон жатыр. Оның алдында шалқасынан құлаған адам. Шеткеріректе мүйіз тұмсық тұр, адам жеңген бәлкім, сол болар. Жартастағы осы бір тұрмыстық суреттің дәл мазмұнын анықтау қиын.
Баланың салған суретіндей, адам домбарланып, олақ бейнеленген. Бірақ бірде-бір бала қансыраған бизоннаң трагедиялық бейнесін дәл осылай бере алмаған болар еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz