Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ПӘН БОЙЫНША: Бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі және теориясы

ТАҚЫРЫБЫ: Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану

тобының студенті _____________
(қолы)
Жобаның жетекшісі _________________
(қолы)

Курстық жоба (жұмыс) бағаға қорғалды

Хаттама № 20 ж.

Мазмұны:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

I ТАРАУ. МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі ... ... ... ... ... ... . 8
1.2 Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылар-дың шығармашылықтарын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

II ТАРАУ. МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫ-НАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Бастауыш сыныптың математика сабағында сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

ҚОСЫМШАЛАР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі - математика. Әрбір оқушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу - әр мұғалімнің негізгі міндеті. Математика - ерекше құдіретті ғылым.
Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс- әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор .
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.
Тиімді оқыту жолдарын бүкіл әлем педагогтары іздестіруде. Біздің елімізде де нәтижелі оқыту мәселесі психология мен педагогиканың соңғы жаңалықтарын белсенді қолдану негізінде шешілуде. Қазіргі мектептер практикасында оқытуды ізгілендіру, демократияландыру бағытындағы әдіс тәсілдерге көп орын беріледі. Дегенмен оқыту процесінде әлі де болса, сабақ өтудің фронтальды және әр оқушының танымдық белсенділігінен түзілген формасы, иллюстрациялы-түсіндірмелі әдістері мен оқу әрекеті арасындағы қарама-қайшылықтар орын алуда. Жалпы білім беретін мектептердің тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіне жаппай көшуі оқушының сабақта өзін-өзі дамытатындай, өзі оқи алатындай мүмкіндігі болуын көздесе, ол мұғалімнің жұмыс істеу, позициясының өзгеруіне тікелей байланысты. Бұл жағдайда мұғалім оқушының білім алу ісін басқарады, ұйымдастырады, білім алуға ынталандырады, бағыт береді.
12 жылдық білім беру тұжырымдамасында орта білім берудің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдынды тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс- әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті, іздемпаздықты қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.
Заман талабына сай білім беру - бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамассыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.
Ондағы негізгі мақсат оқушының барлығын және әр қайсысын жақсы оқыту болып табылады.
Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интерактивті тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат - оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қәзіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігімен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болады.
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып , белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткізуге болады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша оқыту барысында білім көлемі де күрделенуге, кеңеюге тиіс деп есептелген.Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында соның ішінде , білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығатын қуатты талпыныстарға жол ашты. ҚР заңы осының дәлелі.Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Заман ағымына сай жиырма бірінші ғасырдың озық ойлы, зерделі, дарынды, саналы, азаматтарын оқытып, тәрбиелеп шығару үшін, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін қарастырып, ғылыми тұрғыда зерттеп, практикада қолдану қажеттігі туындауда. Сондықтан, бастауыш сынып оқушыларының құзіреттілігін қалыптастырып, дүниетанымын кеңейтуде сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта қолданудың маңызы зор деп ойлаймын.
Курстық жұмыстың нысаны: Бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыда ойлау қабілеттері.
Курстық жұмыстың пәні: Бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі және тоериясы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бала бастауыш сыныпты бітірген кезде төңірегіндегі оқиғалар жайлы әсерін, қисынды да , жүйелі баяндап, жанындағы адамдармен ешбір қиындықсыз белсене қарым-қатынас жасауды үйрену, алған білімін түсініп, өмірде қолдана білу.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Оқушының өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру;
-Жекелей, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйрету;
-Өз білімінің нәтижесін бағалай білуге дағдыландыру.
Сын тұрғысынан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұрын ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады.
Курстық жұмыстың құрылымы: 2 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.

І. Математика пәнін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың теориялық негіздері

1.1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты рөл атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы RWCT Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Эльконин-Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізгі Ж. Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, Сорос-Қазақстан қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
Сын тұрғысынан ойлау ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды.
Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылардан осыған байланысты:
- сенімділікпен жұмыс жасау;
- бар ынтасымен оқуға берілу;
- пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
- өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Тек сонда ғана олар:
- мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
- осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?
- осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?
- маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? - деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау - өзіндік ойлау. Сыни ойлау - сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сыни ойлау - әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез - келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарға үйрету. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден - бір тиімді технология. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым - қатынасқа деген де көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды.
Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады:
I.Қызығушылығын ояту( көпір жасау, ой қозғау) - Эвокация - қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы. Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, аршылады. Сабаққа белсенділігі, ынта - жігері артады. Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады. Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді. Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі.
ІІ. Мағынаны таныту ( мағынаны ажырату) - Реализация - оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.
III. Ой - толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады) - Рефлексия - тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.
Құрылым былай болуы да мүмкін: ER ( ERR) R. Бұдан шығатын тұжырым: сабақ кезеңі тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Ендеше, дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса, сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.
Сын тұрғысынан ойлау мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:
СТО сабақтарда
Дәстүрлі сабақтарда
Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.
Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.
Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым.
Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.
Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым.
Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.
Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Технологияның басты мақсаты - дамыта оқыту негізінде "Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту" бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу - әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы - ағылшын тілінен аударғанда "Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу" дегенді білдіреді.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсетілген.
Жаңа педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс - әрекеттер жиынтығы.
Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбекті тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.
Жаңа технологиялардың басты міндеті - оқушының оқу - танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
- Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
- Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
- Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
- Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
- Баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
- Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндігіне орай оқыту;
- Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
- Оқу үрдісін оқушының сезінуі;
Жаңа технология үрдістерінің талабы - оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс - әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу - танымдық іс - әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу.
Белгілі бір дәрежеде оқу - танымдық іс - әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды.
Жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту барысында оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруға бірден - бір әсер етеді. Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы топ басшысы, оқушылардың ынта - ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді. Жаңа технология оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтанда олар ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір - бірімен байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесінде бір - бірінің жауаптылығын сезінеді.
Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту бағдарламасын тек білім алу үшін ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының тәрбиеленуіне, жеке тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтенуіне, қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді. Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту бағдарламасын пайдалану барысында мұғалім әрбір оқушының өзін - өзі білім алуына ыңғайлы психологиялық-педагогикалық жағдай туғызуы қажет. Осы орайда мен сабағымда көбіне үлестірме және қиынды қағаздарды көбірек пайдаланамын. Оқушыда қолымен ұстай отырып сыни тұрғыда ойлануына мүмкіндік туады.
Оқушыларды оқытуда Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту бағдарламасын қолдану барысында төмендегідей міндеттерді шешуге болады:
оқушылардың өзара бірлескен іс - әрекетін ұйымдастыру, соның нәтижесінде олардың бойында өзара көмек көрсету;
еркін түрде өз ойларын көпшілік алдында қорғау;
басқалармен өзін салыстырып түзеу;
өз - өзіне сыни көзқараспен қарау;
сыни ойлауды дамыту;
еркін қарым - қатынас жасау;
өзін - өзі жетілдіру.
Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі акпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс- әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады. Математика сабағында сын тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа акпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың кұзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.
Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағыдыларын дамыту, баға жетпес құндылыктардың бірі.

1.2 Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Математиканы оқытудағы негізгі талап - оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде мұғалім, шәкірт және интерактивті тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютер ойына үрдістер арқылы қозағау салып, шәкірттердің құзіреттілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйретемін. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.
Математика сабағында сыни тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа ақпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.
Оқушылардың тапсырмаларының негізі болып оқушылардың ақыл-ойымен іс-әрекеттерін шығармашылықпен дамитынын көрсетеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін аттыру мақсатында әр-түрлі есептер дайындап келулерін ұсынамын.
Оқушылар тапсырманы орындауға теориялық дайындықпен келулері тиіс. Оқушылар жұмысты аяқтағанан кейін тексеру парағын таратамын.
Оқушы шығарған есептерін мұқият тексеріп өзіне-өзі баға береді. Өзін-өзі бағалау оқушыны шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды.
Мұғалімнің білімі - оның негізгі құралы, білімсіз мұғалімнің бір сарынды. Леонардо да Винчи Сүйкімді асты қабылдаудың еш жағымды әсер болмайтыны тәрізді, ынтасыз, зердесіз білім қабылдауда ақыл ойды тоздырады, айтылған ақпараттар бойға сіңбейді, жақсы тәрбиелі ұрпақ қалыптаспайды - деген еді. Яғни оқушыларды тәрбиелеу мұғалімнен басталады.
Мектептерде математика пәнін оқытудың алдында жалпы мақсаттармен қатар осы ғылымның ерекшеліктеріне сүйенетін спецификалық мақсаттар да тұр. Олардың бірі - математикалық ойлауды қалыптастыру және дамыту. Бұл оқушылардың математикалық жетістіктерінің пайда болуына және нәтижелі дамуына себеп болады.
Баланың интелектуалдық ойлау қабілетін үш бағытта жылдамдатуға болады: ойлаудың түсінікті құрылуы, сөйлеу интелектісі және жоспар құру.
Жақсы білімді қалыптастыру белгілі бір мақсатқа бағытталған ойлаусыз жүзеге аспайды, сондықтан ол қазіргі уақытта мектептегі оқытудың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
Балалардың қарапайым есептеуді үйренуі жайлы алғашқы ақпараттар Ежелгі Шығыс елдерінің тарихи жазбаларында кездеседі. Мектептегі математикалық білім берудің дамуына Ежелгі Грециядағы математикалық мәдениет үлкен септігін тигізді, мұнда б.з.д. 5 ғасырда сауданың және теңізде жүзудің дамуына байланысты бастауыш мектептерде есеп және практикалық геометрия оқытылды.
Уақыт өте келе білім берудің мақсаттарының көбеюіне, мектептегі дайындауда жаңа шарттардың пайда болуына, білім беру стандартының өзгеруіне байланысты бұл оқу пәнінің мазмұны өзгеруде.
Сонымен қатар, ғылымның үздіксіз дамуы, оның жаңа бөлімдері мен бағыттарының пайда болуы математика пәнінің мазмұнының өзгеруін талап етеді: тәжірибелік құндылығы жоқ бөлімдер қысқартылады, жаңа актуальді және перспективті тақырыптар кірістірілуде. Осы айтылғандардың барлығымен қатар педагогикалық білім де өз орнында тұрған жоқ.
Математиканың оқу курсы үнемі математика - дамушы ғылым мен математика - оқу пәні арасындағы келіспеушіліктерді жеңіп отыруы тиіс. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын сабақ технологиясы
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы ұғымына жалпы түсінік
СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының интербелсенді әдістері
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ДАМЫТУ
Физика сабағын оқыту үрдісіне көптілділік білім беруді енгізу жұмысының нәтижесі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктері
Пәндер