Губкалар типінің классификациясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Систематикалық орны . . . 4

I Губкалардың биологиясы . . . 5

1. 1 Губкалардың сыртқы және ішкі құрылысы . . . 5

1. 2 Губкалар типінің классификациясы . . . 9

1. 3 Губкалар экологиясы . . . 10

Тәжірибелік бөлім

2. 1 Тұщы су губкасы бадяганың тіршілігін зерттеу . . . 12

2. 2Губкалардың қолданылуы. . 14

Қорытынды . . . 19

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 20

Қосымшалар


Кіріспе

Губкалар өте төменгі құрылысты көпклеткалы, негізінен теңіз жануарлары, жабысып қозғалмай тіршілік етеді. Денесі мүшелер мен ұлпаларға бөлінбеген. Қазіргі фаунада 5000-ға жуық губкалардың түрлері кездеседі. Губкалардың пішіні қапшық сияқты, үлкен тесігі жоғары қарайды. Бұл тесіктен губканың қабырғаларындағы ұсақ тесіктер ішкі парагастраль қуысына барып жалғасады. Денесі екі қабат клеткалардан тұрады: сыртқы - эктодерма, ішкі - энтодерма. Олардың арасында ерекше құрылымсыз заттардан тұратын қабат - мезоглея болады. Көпшілік губкалардың мезоглеясы өте қалың, онда қаңқа жасалады. Гастраль қабаты ерекше жағалы клеткалардан құралады.

Губкалардың ең қарапайым құрылысы аскон типті деп атайды. Жеке даму кезіндегі күрделену сикон типті форманың шығуына әкеліп соғады немесе бұл әрі қарай лейконға айналады. Губкалардың қоректенуі хоаноциттер мен амебоциттер арқылы жүзеге асады. Губкалардың тыныс алуы мен зәр шығаруы диффузды жүреді. Кейбір губкалардың ғана денесі жұмсақ болады, ал көпшілігін қаңқасы қатты және дене мен өзектер жүйесінің қабырғасына тірек қызметін атқарады. Қаңқасы минералды зат - көмір қышқыл ізбестен немесе кремнеземнан, органикалық зат - қасиеті ұқсас спонгиннен, кремнезем мен спонгиннің қосылысыныан тұруы мүмкін. Қаңқа түзетін клеткаларды склеробластар және спонгиобластар деп атайды.

Көпклеткалылар бірклеткалылардан шыққан. Біршама қарапайымдылардың әр топтарында көпклеткалы құрылысы жасауға бейімділіктері байқалады. Қарапайымдылар қауымының көпклеткалы дараға, яғни бір-бірімен физиологиялық нашар байланысқан талшықтылар клеткаларының бірігіп - қарапайымдыларға қарағанда жоғарырақ деңгейдегі организмдерге айналу заңдылықтары болатыны белгілі.

Курстық жұмыстың мақсаты: Губкалар типінің биологиясын анықтау

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Губкалар типінің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу
  2. Губкалар типінің классификациясын анықтау
  3. Губкалар типінің экологиясы мен қолданылуын бақылау

Зерттеу обьектісі: Губкалар типі

Зерттеу әдісі: Бақылау, бағалау


Систематикалық орны

Дүниесі: Жануарлар-Zoa немесеAnimalia

Тип: Губкалар-Sponqia

Класс: ізбесті губкалар - Calcarea немесе Calcispongia

Класс: Шынылы - Hyalospongia

Класс: Кәдімгі губкалар - Demospongia.

Өкілі: Тұщы су губкасы - Бадяга

Губкалардың биологиясы және қолданылуы

  1. Губкалардың сыртқы және ішкі құрылысы

Губкалар типі - SPONGIA НЕМЕСЕ PORIFERA

Губкалар тұщы суларда, басым көпшілігі теңіздерде, су түбіндегі түрлі заттарға табаншасымен бекініп, қозғалмай тіршілік ететін жәндіктердің бірі. Олардың 5000-нан астам түрлері белгілі. Дене пішіні терең бокал, цилиндр, шар тәрізді; ұзындығы 5-10 мм-ден 1, 5-2 м-ге дейін; ақ, сары, қоңыр-сарғыш, жасыл түсті болып келеді. Жасыл түсі - балдырлармен селбесіп тіршілік етуіне байланысты.

Құрылысы және физиологиясы . Губкалардың денесі сыртқы дермальды-эктодерма және ішкі гастральды-энтодерма клеткалы қабаттарынан құралған. Екеуінің аралығында мезоглея деп аталатын құрылымсыз, қоймалжың зат орналасқан. Денесінің ішіндегі кең қуысты - парагастраль қуысы деп атайды. Парагастраль қуысы сыртқы ортамен оскулум (osculum) деп аталатын арнайы тесігі арқылы байланысады. Губкаларға тән қасиет - денесінде көптеген саңылауларының (пораларының) болуы. Саңылаулары (поралары) арқылы су парагастраль куысына еніп, оскулум арқылы қайтадан сыртқа шығады[1] .

Губкалар денесі көп клеткадан тұрады. Бірақ, ол клеткалар белгілі бір қызмет атқаратын ұлпалар түзбейді. Губка денесінде мынадай клеткалар кездеседі:

1. Пинакоциттер-губканың сыртын жғне пораларын қаптап жатқан клеткалар. Олар жалпақ жғне жиырылуға қабілетті.

2. Хоаноциттер (жағалы-клеткалар) -цилиндр немесе шар тғрізді клеткалар. Губка денесінің ішкі қуысын қаптап жатыр. Бұл клеткалардың талшығы бар, ол плазмалық жағамен қоршалған. Хоаноциттер паргастраль қуысына енген суды талшықтарының қозғалысы арқылы жылжытып, оның қүрамынан қоректі заттарды ұстап, клетка ішіне енгізіп отырады. Хоаноциттер ас қорыту қызметін атқарады. Губкалардың ас қорытуы клетка ішінде жүреді. Қорытылмаған ас қалдығы ас қорыту вакуолінен сыртқа лақтырылады да, қуыстан оскулум тесігі арқылы сумен шығады.

3. Амебоциттер - ірі клеткалар, олар фагоцитозға қатысады жғне ас көбейгенде хоаноциттерге көмектесіп, ас қорытуға қатысады. Губкалар денесі сыртқы эктодерма, ішкі-эндодерма, ортаңғы-мезоглеядан тұрады. Мезоглея - сұйық масса. Амеббциттер осы жерде жылжып жүреді. Мезоглея сұйықтығы осы қабаттар клеткаларын байланыстырып отырады.

4. Колленциттер - жұлдызды клеткалар, өз ұштарымен бір-бірімен бірігіп, тірек қызметін атқарады.

5. Археоциттер - артық клеткалар жиынтығы, қай қабатта клетка тапшылығы пайда болса, сол қабат клеткасына мамандануға қабілетті.

6. Жыныс клеткалары - археоциттерден пайда болады да көбеюге қатысады.

Губкалар жануарларға ұқсамайды. XIX ғ. басына дейін оларды жануарлар мен өсімдіктердің шекаралық формасы деп санаған. Олардың пішіндері алуан түрлі: қап тәрізді, бокал тәрізді, цилиндрлі, бұтақталған өсімдік тғрізді т. б. Олар кеме астында, кез келген заттың үстінде, шаяндар мен кейбір теңіз жануарында мүк тәрізді жабысып өседі.

Губка денесі бірнеше миллиметрден 1, 5м дейін ұзындықта кездеседі. Ал диаметрі 2м-ге жетеді. Теңіз губкалары ашық түсті болып келеді. Түсті мезоглеяда орналасқан пигмент клеткалары қамтамасыз етеді.

Губкалар өз бойынан жағымсыз иіс шығарады жғне өзі улы. У мезоглеяда метаболизм өнімдерінен жиналады. Улы болғандықтан ешбір жануарлар жей алмайды[2] .

1-сурет. Губкалардың әр түрлі құрылысы

Губкалардың сыртқы эктодерма қабаты пинакоцит деп аталатын жалпақ клеткалардан құралған. Олар эпителидің жабындық қызметін атқара отырып, губканың ішкі ортасын сыртқы орта әсерлерінен қорғап тұрады. Пинакоциттермен қатар ұзынша келген пороцит клеткалары да дамыған. Олар пинакоцит клеткаларының бір түрі. Эктодерма қабатынан энтодерма қабатына қарай созылып орналасқан. Әрбір пороцит клеткаларының ортасында түтікше болады, сол себептен пороциттер губкалардың денесінде көптеген саңылауларды (пораларды) құрайды. Пороциттер жиырылып саңылаулардың ашылып-жабылуына себепкер болады.

Энтодерма қабаты хоаноцит деп аталатын талшықты жағалы клеткалардан құралған. Хоаноцит клеткаларының талшықтары бір бағытта қозғалып, судың үнемі парагастраль қуысына қарай өтуін камтамасыз етеді және сол талшықтары арқылы сумен бірге келген ұсақ жәндіктерді, бактерияларды ұстап клетка ішінде қорытады.

Губкалардың мезоглея қабатында көптеген әр түрлі клеткалар кездеседі. Колленциттер - жұлдыз тәрізді клеткалар, түрлі бағыттарда айқаса және ұштарымен жабыса орналасады да тірек, тасымалдаушы, түйістіруші қызметін атқарады. Склеробласт, спонгиобласт клеткалары - әр түрлі инелерді дамытып губканың каңкасын қалыптастырады. Амебоцит клеткалары - еркін қозғалатын, мезоглеяға түскен ұсақ қоректік заттарды ұстап қорытады. Амебоциттердің бір түрі - археоциттер - бұлар толық дифференцияланбай резервтегі клеткалар болып саналады, жоғарыда атап кеткен клеткаларға оңай айнала алады, сонымен катар жыныс клеткаларға да бастама береді[3] .

Губкаларда регенерациялык қабілеттілігі күшті дамыған. Губкаларды мезоглея қабатының қалыңдауына, талшықты жағалы (хоаноцит) клеткаларынын орналасуына және осы клеткалар аркылы қорегін ұстап, қорытуына байланысты, оларды морфологиялык кұрылысы жағынан -аскон, сикон, лейкон деп аталатын үш типке бөледі.

Ең қарапайым құрылысты - аскон. Асконның мезоглея қабаты жүқа және талшықты жағалы клеткалары біркатар орналасып, парагастраль қуысын түгелімен астарлап жатады. Денедегі поралары тікелей парагастраль қуысына ашылады. Осы куысқа су арқылы түскен ұсақ қоректік заттарды талшықты жағалы клеткалары толығымен ұстап ала алмайды.

Сикон қүрылысты губкалардың мезоглеясы қалың, ішкі қабаты мезоглеяның ішіне ойысып, талшықты жағалы клеткаларымен астарланған көптеген қалталар түзіледі. Осы қалталарды талшықты калталар деп атайды.

Күрделіленген лейконнында мезоглея қабаты әлдекайда қалыңдап, оның ішінде талшықты жағалы клеткалармен астарланған көптеген бірінші, екінші реттік камералар орналасады.

Талшықты қалталар мен камералар, сыртқы ортамен және парагастраль куысымен, су алып келуші және су алып кетуші түтіктері арқылы байланысады. Су арқылы камераларға, қалталарға түскен қорек заттар толығымен ұсталынып қорытылады[4] .

2-сурет. Сиконның құрылысы

Қаңқа . Губкалардың басым көпшілігінде қаңқалары жақсы дамыған. Олар мезоглея қабатында орналасып, дене пішінінің, тірек қызметін орындап, саңылаулар жүйесінің қабырғасын да құрайды.

Губкалардың қаңқасы минералды заттардан - кремнезем (кремнидің оттегімен қосылысы) немесе көмір қышқыл ізбестісінен және органикалык заттардан - спонгиннен немесе кремнезем мен спонгиннің қосындысынан тұрады.

Минералды қаңқа спикула деп аталатын инелерден кұралған. Спикулалар мезоглея қабатында орналасқан ерекше скелет түзуші клеткалардан - склеробластардан дамиды. Спикулалар бір осьті, үш, төрт және көп осьті болып келеді. Спикулалар бір-біріне байланыссыз орналасып немесе өзара бірігіп, тіркесіп тор тәрізді немесе бірыңғай қаңканы құрады.

Органикалық каңқа ұсақ қаңқа түзуші клеткалардан - спонгиобластардан дамиды. Қаңканың құрамы мен құрылым ерекшеліктері - губканың негізгі систематикалық белгілері болып табылады[5] .

Көбеюі және дамуы. Губкалар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүреді. Дененің сыртқы қабатында бүршік пайда болады. Бүршіктің құрылысы губканың құрылысына ұқсас. Ол өсе келе аналық губканың денесінен бөлініп, субстратқа бекініп жеке тіршілік ете бастайды.

Көп жағдайда бүршіктер денеден үзілмей, аналықпен қарым-қатынасын сақтап - колония түзеді. Кейбір губкаларда бүршіктердің шекарасы жойылып, бүршіктер анасының денесімен бірігіп тұтас қомақты колонияға айналады, осындай колониядағы бүршіктердің санын оскулумдардың санына қарай білуге болады. Сыртқы бүршіктенуден басқа іштей бүршіктену де кездеседі. Жынысты жолмен барлық губкалар көбейеді. Губкалардың басым көпшілігі гермафродиттер. Жыныс клеткалары мезоглея қабатында орналасқан археоцит клеткалардан пайда болады. Аталық гаметалар мезоглея қабатынан саңылаулар жүйелері арқылы парагастраль қуысына түсіп, одан судың ағынымен оскулум тесігі арқылы сыртқы су ортасына шығады. Жетілген жұмыртқасы бар басқа губканың денесіне еніп, оларды ұрықтандырады.

Ұрықтанған жұмыртқаның алғашқы даму кезеңі аналық организмнің ішінде өтеді. Ұрықтанған жұмыртқа толық және біркелкі бөліне отырып 8 бластомерлерге бастама береді. Одан ары үрық 8 майда үстіңгі және 8 ірі астыңғы бластомерлерге бөлінеді. Әрі қарай даму барысында майда бластомерлер ірілерге қарағанда тез бөліне бастайды. Осының нәтижесінде бір кабатты шар тәрізді ұрық - бластула түзіледі. Оның үстіңгі жартысы майда цилиндр тәрізді, талшықты, микромералар деген клеткалардан, ал төменгісі ірі дәнді, талшыксыз макромералардан тұрады. Губкалардың осындай құрылысты бластуласы амфибластула болып табылады.

Аналық организмнің ішінде амфибластула өзіне тән өзгерістерге ұшырайды. Оның ірі макромера клеткалары майда микромераларға карай ығыса бастайды. Бірақ бұл процесс біраздан кейін тоқтайды да, ірі клеткалар қайтадан кері шығып амфибластула бұрынғы күйіне қайта оралады. Бұдан кейін амфибластула саңылаулар жүйесі аркылы губканың денесінен су ортасына шығып, еркін жүзіп (талшықтардың көмегімен), біршама уақыттан кейін майда талшықты клеткалары бар жағымен субстратка бекінеді. Осыдан кейін майда талшықты клеткалары ірі клеткалар жағына қарай еніп, екі қабатты ұрық пайда болады да, ол ересек губкаларға айналады.

Ұрықтың майда талшықты клеткалары губканың ішкі қабатын, ал ірі клеткалары - сыртқы, дермальды қабатын, мезоглеяны және оның барлық клеткалык элементтерін кұрайды. Осындай даму кезеңі барлық ізбесті губкаларда жүреді[6] .

3-сурет. Ізбесті губкалардың көбеюі

Губкалар типінің классификациясы

Классификациясы. Губкалардың систематикасы қаңкасының құрылысы мен құрамына негізделген. Губкалар типі үш класқа бөлінеді: ізбесті - Calcarea немесе Calcispongia, шынылы - Hyalospongia және кәдімгі губкалар - Demospongia.

Ізбесті губкалар. Қаңқасы көмірқышқыл ізбесті инелерінен (спикулалардан) құралған, олар өте ұсақ, бір, үш немесе төрт осьті, бір-бірімен байланыссыз бос орналасқан. Тек қана теңіздердің таяз жерлерінде жеке немесе колония түзіп тіршілік етеді. Денесі ұсақ, түтік, цилиндр, күбі тәрізді. Құрылысы аскон, сикон, лейкон типті. Жиі кездесетін Sycon, Leuconia, Leucosolenia, Sycetta-туыстары.

Шынылы губкалар класы. Терең теңіз суларын мекендейтін губкалар, биіктігі 50 см-дей болады. Денесі түтік, қапшық және бокал тәріздес, сикон типті жеке өмір сүретін губкалар. Қаңқасы әртүрлі, үш осьті кремнийлі инелерден тұрады. Кремнезем инелерінен (ұсақ - микросклера, ірі - макросклералардан) құралған, негізінен үш осьті немесе алты сәулелі, бір-бірімен өзара байланысты тор тәрізді қаңқасы болады. Теңіздердің терең жерлерінде ғана жеке тіршілік етеді. Ұзындығы 50 см-ге дейін, түтік, қап, бокал тәрізді. Құрылысы сикон типтес, талшықты қалталары ірі, ұзын болып келеді Кластың ерекшелігі - мезоглея қабаты нашар дамыған, барлық клеткаларының мембраналары жартылай ерігендіктен цитоплазмалары өзара жалғасып - синцития деп аталатын құрылым түзейді. Euplectella туысына жататын кейбір түрлерінің биіктігі 1 м шамасында, ал оның су түбіне қадалатын инелерінің ұзындығы 3 м-ге дейін жетеді. Жиі кездесетін Euplectella және Hyalonema туыстары[8] .

4-сурет. Ізбесті губка 5-сурет. Кәдімгі губка

Кәдімгі губкалар класы. Губкалар типінің кластарының негізгі өкілдері. Қаңқасы кремнилі немесе спонганді, кейде екеуі де аралас күйде құрылады. Инелері бір, төрт, көп осьті. Теңіздерде, тұщы суларда, судың жағалауынан тереңдігіне дейін кең тараған, жеке немесе колония түзіп тіршілік етеді. Құрылысы лейкон типтес, талшықты камералары ұсақ, дөңгелек (жұмыр) болып келеді. Бұл класқа қазіргі уакытта көп кездесетін губкалар жатады. Олар екі отрядқа бөлінеді: төрт сәулелі - Tetraxonida және кремнилі мүйізді губкалар - Cornacuspongida. Төрт сәулелі губкалар отряды - Tetraxonida. Қаңқасы кремнезем инелерінен құралған, олар бір осьті, жұлдыз тәрізді көп осьті, ал негізінен төрт осьті инелері бір осьтілермен аралас күйде түзіледі. Инелерінің көп болғандығына байланысты кейбір түрлерінде тері қабаты қалыңдап, сауыт сияқты денесін жауып тұрады (Geodia туысында) . Төрт сәулелі губкалар теңіздерде кең тараған. Жиі кездесетін туыстары: шартәрізді ірі - геодиялар - Geodia; қызғылт түсті, шартәрізді -теңіз апельсині -Tethya; қомақты, ашық түсті пробкалы губкалар - Suberites; бұрғылаушы губкалар - Cliona. Кремнилі мүйізді губкалар отряды - Cornacuspongida Қаңқасы мүйізді спонгин жіпшелерінен, кремнилі, бір осьті инелерінен (ұсақ - микросклера, ірі - макросклералардан) немесе екеуінен аралас түзіледі. Бір осьті кремнилі инелері өзара спонгинмен желімделіп бір буда немесе тор тәрізді қаңқаны құрайды. Негізінде колониялы формалар, теңіздерде және тұщы суларда тіршілік етеді. Жиі кездесетін түрлері: туалет губкасы (Spongiidae тұқымдасынан), тұщы су губкасы - бадяга (Spongillidae тұқымдасынан), байкал губкасы (Lubomirskiidae тұқымдасынан) [10] .

1. 3 Губкалар экологиясы мен қолданылуы

Губкалардың басым көпшілігі әлемдік мұхиттың тропиктік және субтропиктік аймақтарында кең тараған, аз ғана түрлері тұщы суларда кездеседі. Олар жағалаудан бастап, теңіздегі 500 м-ге дейінгі аралықта жиі кездеседі, тек шынылы губкалардың қаңқасы өте нәзік болғандықтан, олар теңіздің 7000 м-ге дейін терендігінде мекендейді.

Губкалар көп жағдайда таза суларда, тасты, топырақты жерлерде өмір сүреді, себебі лайлы су қоймаларындағы өте ұсақ шөгінді тұнбалар олардың саңылауларын бітеп тастап, өмір сүруіне кедергі жасайды. денесін субстраттан биік көтеріп тұрады.

Губкалар - күшті биофильтраторлар. Олар суды денесі арқылы көп сүзетіндіктен оны механикалық және органикалык ластанудан сақтайды. Мысалы, үзындығы 7 см-лі ізбесті губка Leuconia aspera бір тәулікте денесінен 22, 5 л суды сүзіп өткізеді және тазалайды.

Губкалар басқа организмдермен селбесіп кейде қауымдасып та тіршілік етеді. Кейбір көпқылтанды буылтық құрттар, шаянтәрізділер, жылан-құйрықтылар (тікентерілілер) губкаларды жауынан жасырынатын баспана ретінде пайдаланады, ал өз кезегінде губкалар да крабтардың, бауыраяқты моллюскалардың бақалшағына қоныстанып тіршілік етеді.

Губкалардың тәжірибелік маңызы онша үлкен емес. Туалетті немесе грек губкасының (Spongia officinalis) спонгинді қаңқасын техникалық мақсатта - өнеркәсіпте және медицина саласытнда - қан ағысын тоқтататын тампон ретінде, бұғақ (зоб) ауруын емдеуде қолданылады[7] .

Туалетті губкалар көбінесе Жерорта, Қызыл және Кариб теңіздерінде, Үнді мұхитының Австралия жағалауларында кездеседі. Шынылы губкаларды (Euplectella туысы) сәнді бұйымдар, сувенирлер жасау үшін пайдаланады. Оларды Жапония жағалауларында аулайды. Тұщы су бадягасының (Spongillidae тұқымдасы) қаңқасын ревматизм ауруын емдеуге, сонымен қатар косметика ретінде пайдаланады. Кептірілген бадяганың қаңкасымен денені ысқанда, қан айналымы жақсарып, ем жүре бастайды. Губкалардың жағымсыз ащы иісті заттары болғандықтан, олармен қоректенетін жануарлар да аз.

Тәжірибелік бөлім

2. 1 Тұщы су губкасы бадяганың тіршілігін зерттеу

Мақсаты: тұщы су губкасы бадяганың ерекшеліктерін анықтау

Құрал-жабдықтар: компьютер, видео материалдар, әдебиеттер

Зерттеу обьектісі: тұщы су губкасы бадяга

Зерттеу әдісі: бақылау жүргізу

Тапсырмалар:

Тұщы су губкасы бадяганың сыртқы және ішкі құрылысын зерттеу Бадяганың көбеюін зерттеуБадяганың түрлерін анықтау Тұщы су бадяганың маңызы және қолданылуы

Жұмыстың барысы

1. Тұщы су губкасы бадяганың сыртқы және ішкі құрылысын зерттеу

Бадягалар тұщы сулы губкалар. Бұл губкалардың бірнеше түрлері бар.

Сыртқы пішіні: бадягалардың тұрақты пішіні болмайды. Олар жастық сияқты томпақ, не күрделі бұтақты құрылыс түрінде де болады. Бадягалардың түсі сары қошқыл не жасыл. Губканың түсіні жасыл болуы оның тканінде өмір сүретін жасыл балдырдың болуына байланысты. Бір бадяга дегеніміз көбінесе бірнеше бадягалардың бірігуінен түзілген. Олардың санын ауыздарына қарай білуге болады, Бадягалардың тұла бойы не дермалық мембранамен қапталады. Бұлардың тесігі саңылаулы болады.

6-сурет. Тұщы су губкасы - бадяга

Тұщы су губкасы бадяганың пішіні қапшық сияқты, үлкен тесігі жоғары қарайды. Бұл тесіктен губканың қабырғаларындағы ұсақ тесіктер ішкі парагастраль қуысына барып жалғасады. Денесі екі қабат клеткалардан тұрады: сыртқы - эктодерма, ішкі - энтодерма. Олардың арасында ерекше құрылымсыз заттардан тұратын қабат - мезоглея болады. Көпшілік губкалардың мезоглеясы өте қалың, онда қаңқа жасалады. Гастраль қабаты ерекше жағалы клеткалардан құралады.

7-сурет. Тұщы су губкасы - бадяганың қаңқасы

Ішкі құрылысы: Дермалық мембрананың астында кең елдік не дерма астылық қуыс болады. Бұл қуыстың түбінен кірпікшелі камераларға баратын түтіктердің күрделі системасы басталады. Осы түтіктерден парагастраль қуысына каналдар барады. Канал системаларының аралықтары қоймалжың мезоглеямен толған, онда әр түрлі клеткалар мен скелеттік заттар болады. Бұл скелеттік заттар мөлшері әр түрлі бір спикулдар микросколиттер. Мегаскелеттер әдетте белгілі қатармен орналасқан және өзара органикалық затпен желімделген.

8-сурет. Тұщы су губкасы - бадяга

2. Бадяганың көбеюін зерттеу

Көбеюі: Бадягалар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жынысты жолмен көбеюі. Бадяганың барлық түрлерінде айырымашылық болады. Бөліну нәтижесінде іші клеткаға толған және кірпікшелі сыртқы қабығы бар личинка пайда болады. Мұндай личинка ұрғашы бадяганың организімінен шығады және аз уақыттан кейін еркімен жүзеді. Содан кейін бір нәрсеге бекіпгубкаға айналады. Бұл өзгерілуінде сыртқы қабатының клеткалары денесінің ішіне батып, онда кірпікшелі жиекті клеткаларға айналады.

Жынысыз көбеюі: Жыныссыз көбеюді бүршіктену әдісімен жүреді. Мұның өзі жолмен жүреді, сыртқы бүршіктену қомақты коллония құрады, ішкі бүршіктену гемулля пайда болады.

9-сурет. Тұщы су губкасы бадяганың көбею мүшелері

10-сурет. Тұщы су губкасы бадяганың көбеюі

3. Бадяганың түрлерін анықтау

Бадягалардыңда губкалар сияқты регенерациялық қабілеті күшті. Егер бадяганы езіп жиі маталар арқылы сүзсек және клеткаларданқұралған эмульсия түзіледі. Бұл клеткалар бір бірімен жабысып, клетка жиынтығын құрады. Бұл клеткалар жиынтығы жақсы жағдайда өсіп бірнеше күшпен кейін кішкене губкаға айналуы мүмкін. Губкалардың мұндай регенирациялық қабілеттілігі губкалардың қарапайым екендігін жәнеолардың жеке клеткаларының белгілі қызмет атқаруға нашар бейімделгенін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Субстраттың жануарлар үшін маңызы
Протозоа дүние тармағы
Өсімдіктер мен балдырлар
Губкалар типі
Зоология пәні мен оның міндеттері
Зоологияның даму тарихы, жануарлар әлемінің жүйесі
Жануарлардың құрылысы мен тіршілк әрекеттері
“Зоология” курсының кіріспесі
Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz