Бұршақ тұқымдас өсімдіктер өніміндегі азоттың мөлшері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Теориялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
0.1. Бұршақ тұқымдас өсімдіктерге биологиялық сипаттама ... ... ... ... ... 5
0.2. Биосферадағы азот айналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
0.3. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер өніміндегі азоттың мөлшері ... ... ... ...12
0.4. Молекулалық азоттың өсімдікте игерілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
0.5. Нитрагиннің тиімділігі және оны қолдану шарттары ... ... ... ... ... ... 20

ІІ. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Балама егіншілік жүйесін енгізудегі бұршақ тұқымдас өсімдіктердің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...30
Ү. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Кіріспе
Біздің елімізде өсірілетін дәнді бұршақты дақылдар тобына сыртқы ортаның негізгі факторларына- жылылыққа, ылғал мен қорекке қатысы жағынан биологиялық тұрғыдан алғанда өзара айырмашылығы күшті өсімдік жатады. Алайда олардың барлығында бұршақ тұқымдас өсімдіктің қайсысына болса да тән бір ғана айрықша ерекшелігі - әдеттегі және басқа өсімдіктердің бірден бір көзі - топырақ азотына қосымша атмосфераның газ тәрізді азотын сіңіру қабілеттілігі байқалады.
Мақсаты: Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің азотты қоректенуін анықтау.
Міндеті:
1. Бұршақ тұқымдас өсімдіктерге биологиялық сипаттама беру.
2. Биосферадағы азот айналымын зерттеу.
3. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер өніміндегі азоттың мөлшері анықтау.
4. Молекулалық азоттың өсімдікте игерілуін анықтау.
5. Нитрагиннің тиімділігі және оны қолдану шарттарымен танысу.
6. Балама егіншілік жүйесін енгізудегі бұршақ тұқымдас өсімдіктердің маңызын зерттеу.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктер климаты құрғақ болып келетін субтропикалық, сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандардағы өсімдіктер жабынының қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Егін шаруашылығы практикасында бұршақ тұқымдас өсімдіктердің маңызы зор, себебі олар түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп, ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады. Осы қасиетіне байланысты балама егіншілік жүйесін енгізуде де бұршақ тұқымдас өсімдіктерді қолдану жақсы нәтиже береді.
Бұршақ тұқымдас дақылдардың бір азық өлшеміндегі белок мөлшері басқа астық дақылдарына қарағанда екі - үш есе артық болады. Ал, белок дегеніміздің өзі адамзат тағамының ең негізгі, басқа затпен алмастыруға келмейтін құрамы болып табылады. Сондықтан да өсімдік белогын өндіру, дақылдарды азот тыңайтқыштарымен қамтамасыз етуге, топырақтағы азоттың құрамына, топырақтың табиғи құнарлығына тығыз байланысты болады.
Азоттың көзі ретінде өсімдіктер азот қышқылының және азотты қышқыл тұздарын - нитраттар мен нитриттерді, аммоний тұздарын, кейбір органикалық азотты қосындыларды, несеп нәрі мен амин қышқылдарды пайдаланады.
Азоттың жалпы тірі организмдердегі маңызы оның амин қышқылдардың , нуклеин қышқылдарының, нуклеопротеидтердің, ферменттердің, витаминдердің, басқа да толып жатқан биологиялық ырықты заттардың негізгі құрылыстық бөлігі екендігіне байланысты.
Өсімдіктердің аммиакты және нитратты азотты пайдалануы туралы ғалымдар арасында көптеген пікір таласулар болды. Мысалы, Ж.Буссенко өсімдіктер тек аммиакпен ғана қоректенеді деп ұйғарды.
ХIХ ғасырдың аяқ кезінде осы мәселені шешу үшін және жалпы азотты қосындылардың алмасу жолдарын зерттеуге Д.Н.Прянишников кірісті. Ол өз тәжірибелерінде өнген тұқымдардағы белоктардың ыдырауынан аммиак бөлінетіндігін, соңынан оның қайтадан пайдаланылатындығын байқады. Осыған байланысты Прянишников аммиакты өсімдіктердегі азотты қосындылардың алмасуының альфасы мен омегасы, яғни бастамасы мен аяқталуы деген өте маңызды тұжырым жасады.
Д.Н.Прянишников шәкірті И.Г.Дикусор өсімдіктердегі нитратты және аммиакты азоттың әсерін зерттеп реакциясы бейтарап ортада - аммиактың, қышқыл ортада - нитраттың қолайлы болатындығын анықтады. Сонымен бірге қоректік ортадағы катиондар аммиактың өсімдікке сіңуін тежеп нитраттың сіңуін жеделдететіндігін байқады.
Әлемдік масштабтағы экожүйе азоттың бағалы санын осы бұршақ тұқымдас өсімдіктер мен түйнек бактерияларының селбесуімен байланыстырады, яғни ол әлемдік азот шығынын денитрификация процесі нәтижесінде түгелімен жабады. [1;2;3;4;]

0.1. Бұршақтар тұқымдасына биологиялық сипаттама
Бұршақтар тұқымдасы - Fabaceae, Papilionaceae. Бұршақтар тұқымдасының 120 мыңдай түрі, 490 туысы бар. Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы БОР - дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық, сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабынының қалыптасуына маңызы аса зор.
Негізгі өмірлік формалары: ағаштар, бұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай, тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан, ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор. Олар түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп, ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады. Бұршақтар тұқымдасының жапырақтары көп жағдайда күрделі болып келеді. Тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, бес тісті, дұрыс немесе зигоморфты. Күлтесі зигоморфты, бес күлте жапырақшадан тұрады: олардың үшеуі бос орналасқан желкенше және екі ескекше, ал жоғарғы жағынан біріккен екеуі қайықша түзеді. Андроцейі 10 аталықтың жиынтығынан тұрады. Бір түрлерінде аталықтарының 10 - ы да бос болады, екінші біреулерінде аталықтары жіпшелері арқылы бірігіп бір ағайынды андроцейді, яғни түтік түзеді, оның ішінде аналық орналасады, алайда көптеген туыстарының аталықтарының 9 - ы жіпшелері арқылы түтікке бірігеді де, бір аталығы бос орналасады. Тек екі ағайынды аталығы бар гүлдер ғана шырынды заттар бөліп шығарады. Аталықтардың бірігуінен пайда болған түтіктер бір жағдайда тігінен, ал екінші жағдайда қиғаш кесілген болады. Гинецейі бірмүшелі апокарпты, гүлтүйіні жоғарғы. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің гүлінің формуласы мынандай: ↑ Са(5) Со3+(2) А(9)+1 G1 .
Жемісі боб, ол не ішінде дәні көп екі жақтауы арқылы қақырайтын немесе ішінде бір - бірден ғана дәндері болатын бөліктерге бөлінген, не бір жемісті қақырамайтын болып келеді. Дәндерінің құрғақ салмағына шаққанда ондағы белоктың проценттік мөлшері өте жоғары: асбұршақта - 34% дейін, ноқатта - 31%, люпинде - 61% - ке дейін болады. Тамаққа пайдаланылатын белоктың сапасы бойынша бірінші орында фасоль мен жасымық тұрады. Белоктардың құрамында адамдар мен малдарға аса қажетті аминокислоталар болады.
Бұршақтар тұқымдасының көптеген түрлерінің халық шаруашылығында маңызы аса зор. Олар азықтық, жем - шөптік, балжинайтын, сәндік, дәрі - дәрмектік өсімдіктердің топтарын құрайды. Бұршақтар тұқымдасының азықтық, жем - шөптік сапасы кейде олардың құрамында глюкозидтердің немесе алкалоидтардың, мысалы люпиннің көп мөлшерде болуына байланысты біршама төмендейді.
Ауыл шаруашылық өндірісін ұлғайту үшін дәнді- бұршақты дақылдардың егіс аумағын күрт ұлғайтып, өнімін арттыру көзделген, өйткені ол дақылдар халықтың азық-түлігіне, сол сияқты малдың азығына өте қажетті өсімдік белогының негізгі көзі болып табылады.
Ауыл шаруашылық малының өнімділігін арттыру үшін қазірдің өзінде әрбір азық өлшеміндегі белоктың мөлшерін 1,5-2 есе көбейту керек. Келешекте мал шаруашылығын өркендету ісі өсімдік белогын бірнеше есе көп өндіруді қажет етеді.
Елімізде ұзақ жылдар бойына дәнді -бұршақты дақылдар егісінің аумағы 1-2 млн. гектардан аспады, бұл жыртылған жер аумағының 1-1,5% ғана. Көптеген шаруашылықтар дәнді-бұршақты дақылдарды өздерінің мұқтажына ғана егіп келді және бұл дақылдардың өзіне немқұрайлы қарады. Оларға тиісті назар аударылған жоқ, осыған байланысты орташа өнімінің өзі шамалы болып келді.
Қазіргі уақытта дәнді-бұршақты дақылдарды көп өндіру көзделіп отыр. Дәнді - бұршақты дақылдар егісінің аумағы 28 млн. га жеткізілді. Дәнді-бұршақты дақылдар өсімдігінің ішінде ас бұршақ егілетін жердің аумағы ұлғайтылуға тиіс. Ас бұршақ көптеген облыстардың жерінде егіледі және дұрыс агротехниканы қолданғанда гектарына 40 ц, одан да артық өнім береді.
Дәнді-бұршақты дақылдардың өнімділігін арттыру үшін ең жақсы аудандастырылған сорттарды егу, тұқым себу мерзімі мен әдісін белгілеу, егіп өсіру тәсілдерінің барлығын әсіресе жинау процестерін механикаландыру сияқты шаралардың айрықша маңызы бар. Дәнді-бұршақты дақылдардардың өнімділігін арттыруда тыңайтқыштарды тиімді қолданудың да мәні аз емес.
Сонымен қатар, дәнді-бұршақты дақылдар өсірудегі топырақ өңдеу тәсіліне де байланысты. Топырақ өңдеу жүйесі - егіншілік саласының үлкен бір тармағы болып саналады. Топырақтың түзілуі белгілі бір сыртқы орта жағдайында биологиялық факторлар мен қатты және сұйық фазалардың өзара әсері арқасында болады. Топырақ түзілуі мен бір уақытта физикалық, химиялық, физико-химиялық, биохимиялық қасиеті механикалық және минералогиялық құрамы, ылғал, жылу, ауа және қоректік режимімен байланысқан оның құнарлылығы да түзіледі.
Топырақ өңдеу тәсілдеріне байланысты оның бөлшектерінің арасындағы қуыстарының мөлшері де өзгереді. Ол өз кезегінде топырақтың ылғал режиміне, топырақ пен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасуына әсер етеді. Топырақ өңдеудің әр түрлі тәсілдері топырақ ортасының тек физикалық жағдайына ғана әсер етіп қоймай, жыртылатын қабатқа өсімдік қалдықтары мен тыңайтқыштардың таралуына биологиялық процестердің қарқынды жүруіне де мүмкіндік туғызады.
Топырақ өңдеудің жаңа теориялық және практикалық түрде пайдаланылып жүрген бағыттарының бірі- жеңіл өңдеу және топырақты өңдемей, тікелей себу. Осы топырақ өңдеу түрлерін қолданған кезде жасалатын операциялардың санын кеміту немесе одан мүлде бас тарту арқылы энергия мен еңбек шығынын азайтып, ауыл шаруашылығы техникасын топыраққа тигізетін кері әсерін төмендетуге болады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық тіршілік процестері клеткаға қажетті ылғал жеткілікті мөлшерде болған жағдайда ғана жүреді. Топырақта ылғал жеткіліксіз болғанда өсімдік нашар дамып ғана қоймай, аз өнім береді. Су-көмірқышқыл газымен қатар өсімдік үшін бірінші құрылыс материалы болып, фотосинтез процесіне, органикалық затты түзуге қатысады. Суда қоректік заттар еріп, топырақ ерітіндісімен өсімдікке жетеді. Ылғал буланғанда көп мөлшерде жылу шығын да болғандықтан, ол топырақ пен өсімдіктің жылу реттегіші ролін де атқарады. [1;2;3;4;5]

0.2. Биосферадағы азот айналымы.
Азот табиғатта өте көп тараған элементтің бірі болып есептеледі. Жер бетіндегі оның негізгі түрлері - литосферадағы байланысқан және атмосферадағы молекулалық азот. Атмосфера құрамында 75 - 76% - ке жетеді. Бірақ жоғары сатыдағы өсімдіктер азоттың бұл түрін өздігінен игере алмайды.
Литосферадағы байланысқан азоттың жалпы мөлшері 18 . 105 т деп есептеледі. Бірақ оның 0,5 - 2,5%- тейі ғана өсімдікке оңай сіңетін күйде. Ол азот негізінен NH4 + және NH3[-] иондары түрінде болады.
Нитрат иондары өте жылжымалы болғандықтан топырақтағы сумен оңай шайылып, терең қабаттарға сіңіп кетеді. Бірақ, көктемде нитраттаушы бактериялардың тіршілік әрекеттерінің ырықтануынан топырақтағы нитрат мөлшері біраз көбейеді.
Аммоний катионы баяу жылжымалы, теріс зарядты бөліктермен жақсы байланысып топырақта іркіліп ұзақ сақталады.
Өсімдіктердің қалыптағыдай өсіп - дамуы үшін біраз азот қажет болады. Мысалы, ноқаттың дән түсімі 35 цга, сабағы мен жапырақтар түсімі 50 цга болғанда, топырақтан осы түсім құрамында 85кг азот алынады. Ауыл шаруашылығында өсімдіктерді азотпен қамтамасыз ету үшін жасанды минералдық азотты тыңайтқыштар қолданылады. Ал табиғи жағдайда өсімдіктердің азотпен толық қамтамасыз етілуі негізінен бос молекулалық азотты игеруші микроорганизмдерге байланысты. Топырақ бактерияларының тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде азоттың органикалық қосындылары минералданып, өсімдікке оңай сіңетін нитраттарға және аммонийге айналады.
Топырақтағы органикалық азоттың аммонийге айналу процесі аммонийлену немесе аммонификация деп аталады. Ол гетеротрофты микроорганизмдердің тіршілік әрекеттері нәтижесінде төмендегіше жүзеге асады. Топырақтағы органикалық азот -- RNH2 + СО2 + қосымша өнімдер:
RNH2 + Н2О -- NH3 + RОH
NH3 + Н2О -- NH4+ + ОН-
Топырақтағы органикалық заттардың ыдырауының өсімдіктерді азотпен қамтамасыз етудегі маңызы зор. Бұл процесс микроорганизмдердің тіршілік әрекеттеріне қолайлы әсер ететін жағдайларға, яғни қалыпты температура, ылғал, рН- қа байланысты.
Аммоний күйдегі азоттың нитратқа дейін биологиялық тотығуы, яғни нитриттену екі сатыдан тұрады. Бұл процесс хемосинтездеуші автотрофты Nitrosomonas және Nitrobacter бактериялардың қатысуымен жүзеге асады. Бірінші топтағы бактериялар аммиакты азотты қышқылға дейін тотықтырады:
2NH3 + 3О2 -- 2 HNО2 + 2Н2О
Nitrobacter азотты қышқылды азот қышқылына дейін тотықтырады.
2 HNО2 + О2 -- 2 HNО3
Нитриттеуші бактериялар тыңайтқыштардағы аммонийді де тотықтырып, оның топырақтан шайылып кетуіне мүмкіндік туғызады. Сондықтан, тыңайтқыштар құрамындағы азотты өсімдіктер тиімдірек пайдалану үшін кейінгі кезде нитриттену процесін тежегіштер кеңінен қолданылады.
Топырақтағы азоттың мөлшері нитритсіздендіру процесіне байланысты да азаюы мүмкін. Анаэробты микроорганизмдердің тіршілігі нәтижесінде жүзеге асатын бұл құбылыс топырақтағы ылғал молайған сайын күшейе түседі.
Молекулалық түрін құратын азот атомдары арасындағы химиялық байланыс өте жоғары болғандықтан, азоттың басқа элементтермен - оттекпен немесе сутекпен (азотфиксация процесі) - қосылу процесі көп мөлшерде энергияны қажет етеді, өнеркәсіпте азотты алуға катализаторлар мен қатар 5000 С шамасындағы температура мен 300 атм. қысым қолданылады. Биосферадағы азотты бекітуді қалыпты температура мен қысым жағдайында тиімділігі өте жоғары биокатализ процесі арқылы анаэробты бактериялардың және цианобактериялардың бірнеше топтары өткізеді. Жылына бактериялар 1 млрд.т жуық азотты байланылған түрге айналдырып отырады. Бұршақ тұқымдас өсімдіктеріндегі түйнек бактерияларында азотты бекіту процесі оттектің артық мөлшерінен арнайы өсімдіктік гемоглобинмен қорғалған күрделі ферментті жүйенің көмегімен жүреді. Биологиялық азот бекіту процесінің тікелей өнімі болып саналатын аминтобы бүкіл организмдер қатысатын айналымға қосылады, бірақ бастаушы роль атқаратындарға тағы да топырақ пен су бактерияларының үш тобы: азоттандырушылар, нитраттүзушілер және азотсыздандырушы бактериялар жатады. Бактериялардың бірінші екі түрі атмосферадағы молекулалық азотты байланыстырып, оларды өсімдіктердің азотты қоректенуіне қажетті түрлерге - нитрит пен нитратқа, аммоний тұздарына айналдырып, сондай - ақ органикалық азотты қосылыстарды - аминқышқылдары, пептидтерді және белоктарды түзеді. Топырақ пен су бактерияларының тобы, яғни азотсыздандырушы бактериялар азот қышқылының тұздарын нитриттерге, молекулалық азот пен аммиакқа дейін ыдыратады.
Қазіргі кезде өнеркәсіптік азоттың бекітілу жолы дамуда. Осы жағдайдың салдарынан егістікке енгізілетін азоттың біраз мөлшері көл, өзен, жер асты суларымен шайылып, суқоймаларындағы эвтрофикацияға себеп болып келе жатыр. Азоттың едәуір мөлшері атмосфераға өнеркәсіп және көлік тастандыларымен ластануы салдарынан түсуде. Азоттың табиғи айналымын қазіргі деңгейде сақтау үшін азот тыңайтқыштарын өндіруді азайту, атмосфераға азот оксидтерінің шығарындыларын іштен жанатын қозғалтқыштар шығаратын газды жағу үшін катализаторлар қолдану, жанар майларды алтернативті экологиялық тұрғыдан таза түрлеріне ауыстыру, ал өнеркәсіптік кәсіпорындардың түтін шығаратын құбырларында азотсыздандыратын қондырғылардың түтін шығаратын құбырларында азотсыздандыратын қондырғыларды орнату тиімді жолдарды қарастыру қажет.
Топырақта 130 млд.т азот қоры бар. Оның мөлшері топырақтың түріне қарай анықталады. Мәселен, қара топырақтың 1 гектарында 30т болса, ал топырақтың басқа түрлеріндегі оның мөлшері 2-4 т аспайды.
Азотты қолдану күрделі процесс. Оның топырақта болуы, әсіресе уақыт пен ылғал, суға байланысты. Азот топырақтан тез жоғалады. Тіпті кейбір бактериалар оны денесіне жинақтап та басқа жерлерге таратады. Азот көбіне ауаға көтеріліп те жоғалып отырады. Азотты топырақта тұрақты сақтау үшін оның табиғи айналымын білу керек. Ауыл шаруашылығында азотты дұрыс пайдалану көп пайда әкеледі. Яғни, мол өнім алынады. Ал оның мөлшерінің асып кетуі немесе қолдану тәртібін бұзу керісінше қайтымсыз зардап әкеледі. Бактериялардың азотты жинақтау процесі ауыл шаруашылығында қолданылатын технология болмақ. Мәселен, Санк-Петербург ҒЗИ ғалымдары бүгінгі күні осы проблемамен айналысуда. Микробиологтар мұндай бактерияларды көбейту технологиясын меңгере отырып, топырақтағы азотты реттеуге болатынын дәлелдеді. Бұл жағдайды бұршақ тұқымдастардың ролі зор.
Ғалымдар мұның да жолын тауып жатыр. Зерттеу нәтижелерінде жүгері, күріш, тары, сұлы, бидай дақылдарында және оның егістік топырағында азот жинағыш бактериялар түрі табылды. Оларды практикада қолдану дақыл өнімдерін 3-4 ц өсіретінін ғалымдар алдын-ала болжап отыр. Қазіргі кезде топырақты тыңайту үшін жауын құртын пайдалану практикада қолданыс тапты. Мәселен, жауын құрты 1 тонна қиды өңдегенде 25-40% қара шірік түзілсе, оның құрамында 1 % -азот жинақталатыны анықталды. Біздің республикамызда калифорниялық жауын құртын өсіру және қолдану жақсы нәтиже беруде.
Қазір Ресейде, басқа да елдерде жасанды тыңайтқыштарды қолдану өріс алуда. Мәселен, Донецселиокционерлерлері жасанды тыңайтқыштарды қолдану арқылы сұлының өнімін 30,7-52,7 ц жеткізген. Әрине бұл технология әлі де жан-жақты зерттеулерді қажет етері анық. Соңғы жылдары Батыс елдерінде азотты тыңайтқыштарды топыраққа берудің компьютерлік технологиясы жасалды. Оның маңызы сол азот тыңайтқышының беру дозасын, мерзімін, қай егістікке беру керектігін тез әрі дәл анықтайтыны дәлелденіп отыр. Бұл технология барлық пестицидтерді, минералдық тыңайтқыштарды қолдануда қолдау табары сөзсіз.
Сонымен азот атмосфера, топырақ және тірі организмдер араларында үздіксіз айналымда болатын тұрақсыз элемент. [2;3;4;5;6;7]

0.3. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер өніміндегі азоттың мөлшері
Көптеген ғалымдардың мәліметтеріне қарағанда, дәнді - бұршақтылар дәні мен сабанының құрамы жағынан өзге дақылдардан, соның ішінде дәнді астық тұқымдастардан азотының мол болуымен ғана емес, сонымен бірге фосфордың, кальций мен калийдің, көбінесе магний мен күкірттің өте көп болуымен көзге түседі.
Сондықтан дәнді - бұршақтардың жақсы өнімі топырақтан көптеген мөлшерде азотты және басқа да қоректік элементтерді алып кетеді.
Дәнді - бұршақтылар өніміндегі азоттың орташа мөлшері
Дақыл
Өсімдік бөліктері
N

Ас бұршақ

Фасоль

Жем бұршақ

Соя

Люпин (көк)

Жасымық

Сиыр жоңышқа

Дәні
Сабаны
Көк массасы

Дәні

Дәні
Сабаны

Дәні
Сабаны

Дәні
Сабаны
Көк массасы

Дәні

Дәні
Сабаны

4,50
1,4
0,65

3,68

4,08
1,25

5,80
1,20

4,80
1,00
0,55

4,80

4,55
1,40

Приморье тәжірибе станциясының мәліметтеріне қарағанда, соя өнімі гектарынан мынадай мөлшерде азот алынады N-142.
Гектарынан 20 ц ас бұршақ өнімі үшін шамамен сондай мөлшерде фосфор мен калий және азот қажет. Өнімі бірдей дәрежедегі дәнді астық тұқымдастар азотты 2-2,5 есе кем және фосфорды шамамен 50 % кем қажет етеді.
Дәнді - бұршақты дақылдарда азоттың орыны әсіресе атмосфералық азотты сіңіруі есебінен толтырылады. Алайда, дәнді - бұршақты өсімдіктің азотты жалпы жинақтауы, ауадан сіңірілетін азоттың мөлшерінен әрдайым артық болады. Дәнді- бұршақтылар өнімге қажетті азоттың едәуір бөлігін топырақтан алады. Дәнді бұршақтылар өнімінің жер бетіндегі бөлігі - дәні мен сабаны немесе көк массасы- оны азыққа пайдалану мақсатымен егістіктен шығарылатынын ескерсек, онда дәнді бұршақты дақылдың өнімін жинағаннан кейін сол егістік топырағында, әдетте азоттың жинақталуы байқалмайды, оны тіпті бірсыдыра кеміп кетуі де мүмкін, өйткені ауадан сіңірілген бүкіл азот өсімдіктің жер бетіндегі бөлігінде болады.
Мұны Д.Н. Прянишниковтың Өсімдік тірішілігіндегі азот деп аталатын кітабында жазылған екі американ зерттеушілерінің тәжірибе мәліметтерінен байқауға болады.
Азоттың мөлшері
Дақыл
Азоттың жалпы қосылуы
Жер бетіндегі бөлігінде болатын азоттың мөлшері
Азоттың қосылғаны (+) немесе жоғалғаны (-)
Лобия
Соя
Ас бұршақ
Сиыр жоңышқа
71,2
127,5
57,5
81,2
83,7
132,7
61,5
69,1
- 12,5
-5,2
-4,0
+12,1

Тәжірибе 10 жыл бойы жүргізілген, түрлі бұршақтылар екі танапты ауыспалы егістегі тәрізді дәнді дақылдармен кезектестіріліп егілді. Өнімнің барлығы да ондағы азоттың мөлшерін білу үшін тексерілді; сонымен бірге тәжірибе жасауға дейін және тәжірибе жасағаннан кейін топырақтағы азоттың мөлшері анықталды.
Сонымен, бір жылдық бұршықтыларды дәнді дақылдармен кезектестіріп еккенде сол ауданның топырағы азоттың белгілі бір мөлшерін жоғалтты, ал оның ауадан сіңірген артық мөлшері өсімдіктің жер бетіндегі бөлігінде қалып қойды.
Дәнді - бұршақтылар өнімін мал азығына пайдаланатын шаруашылық үшін азоттың жалпы балансында өсімдіктің жер бетіндегі бөлігінің азоты да ескерілуге тиіс, өйткені ол сол шаруашылық егістігіндегі басқа өсімдікке пайдаланылатын көңге барады. Бұдан кейін Д.Н.Прянишников азоттың шамамен жинақталу мөлшерін де белгілейді.: Сұлымен бірге егілетін сиыр жоңышқа 50 килограмнан 80 килограмға дейін ауадан алынған қосымша азот береді деп топшалауға болады. Дәнді - бұршақтылар да ең кемі сондай мөлшерде қосымша азот беретін сияқты, бізде олардың аумағы едәуір ұлғайтылуға тиіс, өйткені өзге жаздық дақылдармен салыстырғанда дәнді - бұршақтылардың мынадай артықшылықтары бар: астық тұқымдастарға қарағанда дәнді дақылдарда белок екі есе артық болады, оның үстіне азотты да қажет етпейді, сондай - ақ астық тұқымдастардікіне қарағанда олардың сабанында белок молырақ болады; сондықтан олар азық - түліктік және малазық балансымызды белоктың жалпы тапшылығын толықтыру үшін қайнар бұлақ бола алады, ал сондай тапшылық қазіргі кезде бізде орын теуіп отырғаны мәлім.
Мұнда мынадай жәйтке көңіл аударуға болады: біріншіден, Д.Н.Прянишников өз заманында дәнді - бұршақтылар егісінің аумағын ұлғайту қажеттігін атап көрсетті, екіншіден, өзге жаздық дақылдармен салыстырғанда олардың артықшылығын байқады, өйткені дәнді- бұршақтылар біздің азық - түліктік және малазық балансымызды белоктармен байытып қана қоймайды, сонымен бірге олар азот тыңайтқыштарын қажет етпейді.
Прянишниковтың бұл дәлелді пікірін атап көрсеткен жөн, өйткені соңғы уақытта дәнді - бұршақты дақылдарды егіп - өсіру жөнінде арнаулы ұсыныстарда көбінесе бұл дақылдарға өзге бұршақты емес дақылдарға енгізілетін мөлшерден кем түспейтін мөлшерде азот тыңайтқыштарын енгізу талап етіледі. Мұның ең дәлелдісі - егістік тәжірибелерде азот тыңайтқыштарын енгізуден алынған қосымша өнімге сүйену. Ал енді ол тәжірибелерде, әдетте, бұршақ тұқымдастарға ғана тән келетін атмосфералық азотты сіңіру қабілеттілігін ашу үшін аз да болса жағдай туғызуға ешбір шара қолданылмағаны ешкімнің де есіне келмейді. Мұндай тәжірибеде азот тыңайтқышын енгізу дәнді - бұршақты дақылдардың өнімін арттыруы мүмкін, бірақ осының салдарынан бұршақты азот жинағыш әдеттегі азот тұтынушыға айналады. Дәнді - бұршақтыларға азот тыңайтқышын қолдану әсіресе біздің елімізде агрономиялық ағаттық, өйткені өте көп жерде егілетін, азотты мейлінше қажет ететін жүгері, қант қызылшасы, техникалық және көкөніс дақылдар, бидай сияқты аса маңызды дақылдар азот тыңайтқыштарын мүлде ала алмай келеді.
Ерекше жағдай ретінде соя сияқты аса құнды бұршақты дақылдар үшін және көктемде азот қышқылды тұздардың пайда болуы шамалы келетін, азоты мейлінше тапшы топырақта азот тыңайтқыштарын аз ғана мөлшерде ерте көктемде қолдануға болады. Бұршақты дақылдардың азот тыңайтқышын енгізбестен - ақ жақсы өнім құрастыра алтыны - шынында да олардың артықшылығына жатады, сонымен қатар дәнді - бұршақтылардың ауыспалы егісте өздерінен кейін егілетін дақылдарды азоттық қорекпен жақсы қамтамасыз етуге әсерін тигізетінін де ескерген жөн. Шаруашылықтағы азоттың жалпы балансы көңнің есесінен көбейетінін былай қойғанда, дәнді - бұршақты дақылдардан кейін тікелей әр танапта, басқа бұршақты емес дақылдардан қалған танаптардың топырағымен салыстырғанда, топырақты азотпен неғұрлым толық қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азот тыңайтқыштарының түрлері
Аммофос мочевина
Макроэлементтердің физиологиялық ролі
Өсімдікте макроэлементтердің физиологиялық рөлі
Мал азығын консервілеуде қолданылатын бактериялы ашытқылаодың түрлері
ОҚО Төлеби ауданы Зертас ауылы жағдайында сұлы дақылынан жоғары өнім алудың технологиясын жасау
Табиғатта микроағзалардың әсері туралы
Табиғатта микроағзалардың әсері жайлы
Микроб ферменттері, классификациясы
Азотты заттардың микроорганизмдердің әсерінен өзгеріске ұшырауы
Пәндер