Клетканың зерттеу әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Биологияның зерттеу әдістері
1.1 Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Клетканың зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Адам генетикасының зерттеу әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

2
Кіріспе
Биология- Жер бетіндегі тірі ағзалардың орасан зор сан алуан формаларын және түрлерін зерттейтін тіршілік туралы ғылым. Оның атауы гректің екі сөзі: bios (тіршілік) және logos (сөз,ілім) деген тіркесінен шыққан.Биология сонымен бірге бактерия ,саңырауқұлақ,өсімдік,жануар және адамның тіршілік ортасының пайда болуын,құрылысын зерттейді.Ғалымдар қазіргі уақытта ғаламшарымызда өсімдіктердің 500мыңға, жануарлардың 2миллионға,саңырауқұлақтардың 100мың және ұсақағзалардың (микроорганизм) 10 миллионға жуық түрлері мекендейді деп есептейді.
Биологияның міндеті-тірі ағзалардың қасиеттерін зерттеу және олардың сан алуандығын, құрылыстарының өзара байланыстары мен қоршаған орта жағдайларын түсіндіре білу.Биология анықтап тексеретін маңызды проблемалардың бірі-Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және оның даму заңдылықтары.
Тірі табиғаттың қандай зерзаттарын зерттеуге байланысты биология әр түрлі білім салаларына бөлінеді.Мәселен, бактериялардың құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің қасиеттерін микробиология, ботаника барлық өсімдіктердің құрылысы және физиологиялық қасиеттерін ,жануарлар дүниесін-зоология,саңырауқұлақтар дүниесін микология зерттейді.
Сонымен бірге биологияның жеке салалары тірі ағзалардың жалпы қасиеттерін зерттейді.Мәселен, генетика ағзалардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін,ал ағзалар құрылымына енетін химиялық заттардың құрамын, таралуы мен өзгеруін биохимия зерттейді.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Биологияда тірі ағзаларды зерттеу үшін қандай әдістер қолданылатынын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Зерттеу әдістерінің түрлерімен танысу.
- Тірі материяны зерттеу әдістерін анықтау.
- Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.
- Клетканың зерттеу әдістерін зерттеу.
- Адам генетикасының зерттеу әдісін анықтау.

3
1.1 Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері
Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараған үш ғылыми әдісті атап өтуге болады. Олар: бақылау, эксперимент және теориялық зерделеу әдістері.
Бақылаулар негізінен ғылыми деректер жинақтау үшін қолданылады. Алынған деректерді езара салыстырып, жүйеге түсіру арқылы заңдылыктар ашылды.
Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін ғалымдар логикалық ой қорыту амалдарын, яғни теориялық зерделеуді рет-ретімен пайдаланады. Өуелі олар бақылау арқылы деректер жинайды. Жаңа деректерді бұрыннан белгілі деректермен салыстырып, олардың арасында себеп-салдарлық байланыстар бар ма? деген негізгі сұраққа жауап іздейді. Негізгі сұраққа жауап іздеу барысында көптеген жаңа сұрақтар туындайды. Мысалы, құбылыстардың арасындағы байланыс нақты заңдылықтар түрінде анықталған болса, ол заңдылықтар жалпыға бірдей ме, әлде жекелеген құбылыстарға ғана тән бе? деген келесі сұрақ туады. Бұл сұрақтардың барлығына да жауап ізделіне бастайды.
Егер кұбылыстар арасындағы заңдылық олардың барлығына ортақ болса, онда оны табиғат заңы түрінде сипаттайды. Жекелеген заңдылыктар арасында жуйелі байланыстар табылатын болса, онда оларды ғылыми теория ретінде ұсынады.
Табиғат құбылыстарының арасындағы байланыстарды ашуда мәселені ғылыми проблема түрінде айқындаудың маңызы орасан зор. Ғалымдардың пайымдауынша, проблеманың дұрыс қойылуы, оны шешуге кеткен жалпы еңбектің жартысына тең болады.
Табиғатты танып зерделеудегі ең жауапты кезең - қуібылыстың мәнділік қырларын ашатын ғылыми болжамды үсыну. Құбылыстың мәнділік қырларын айқындау зерттеуші білімі мен ойының ауқымдылығын, батылдығын, болжағыштығын, көрегендігін талап етеді. Адамның мұндай қасиеттері шешілуге тиіс проблеманың жауабы болатын ғылыми болжам жасауға мүмкіндік береді. Болжамда құбылыстың туу себептері, әр түрлі кұбылыстардың арасындағы байланыстар, жаңа құбылысты қалай алуға болатыны және одан қандай салдарлар туындайтыны түсіндіріледі.
Ғылыми деректермен негізделген жорамал - болжам (гипотеза) деп аталады.
Ғылымның даму тарихында шындықтан алыс жалған болжамдар да, сондай-ақ өркениетті өрге тартқан акиқат ғылыми болжамдар да болды. Мысал ретінде табиғи құбылыс - найзағайдың пайда болуы туралы екі түрлі болжамды айта кетейік.
Ежелгі заманнан бастап біздің заманымыздан бұрын найзағайдың ойнауы, күннің күркіреуі адамдарға қоркыныш сезімін ұялатты. Әсіресе домалақ
4
найзағайдың кенеттен пайда болуы адамдардың зәре-кұтын алатын. Ертедегі адамдардың жорамалы бойынша найзағайды Жерге ерекше бір қүдіретті күш жібереді деп есептеген. Бұндай болжам жалған гипотеза болып табылады.
Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды В.Франклин (1706 1790) ұсынды. Оның болжамы бойынша найзагай - әр турлі зарядталган бұлттардың арасындагы немесе булт пен Жердің арасындагы аса қуатты электр ушқыны Ондай ұшқын әр түрлі электрленген денелердің араларында да байқалады Өзінің болжамының дұрыстығын В. Франклин бұлтты күні аспанға ұшқыш батпырауықты (змеевиктерді) көтеріп тексерді. Батпырауыққа байланған ұзын жібек баудың Жер бетіндегі ұшына темірден жасалған салмақты кілт ілінді. Аспанды калың бұлт қаптаған күні ол кілтке саусағын жакындатып, күшті электр ұшқынынан есеңгіреп калады. Сөйтіп ол: найзағай - электр ұшқыны деген өзінің болжамын тәжірибе жасап дәлелдеді.
Найзағайдың пайда болу сырын ұққан В. Франклин одан қорғану жолын да іздестірді. Ол найзағайдан сақтандыратын жайқайтарғышты ойлап тапты.
В. Франклиннің тәжірибесіне ұксас, бірак одан да күрделі тәжірибені жасау үстінде М.В.Ломоносовтың досы Г. В. Рихман күшті электр ұшқынының бір түрі - домалақ найзағайдан 1753 жылы қайтыс болды.
Бұл мысалдардан мынадай қорытынды жасаймыз. Ғылыми болжам усыну - ашылған ациқат. жаңалық емес. Кез келген болжамның да, теорияның да шынайылыгын тек практикалық тәжірибе, ягни эксперимент қана дәлелдей алады.
Өр түрлі эксперименттер жүргізуде адамдарға арнайы жасалған құралдар мен аспаптар үлкен көмек жасайды. Кейбір физикалық аспаптар өте карапайым болып келеді. Олардың қатарында сызгышты, тіктеуішті,таразыны атауға болады. Сондай-ак термометр, секундомер, әр түрлі ток көзі (батареялар, аккумуляторлар) сиякты аспаптар тұрмыста да, экспериментте де кең колданылады. Сонымен қатар ғылым мен техниканың дамуына аса қажетті күрделі аспаптар да бар. Ондай физикалық қондырғылардың қатарында элементар бөлшектердің (мысалы, электрондардың) жылдамдығын аса үлкен шамаға (жарық жылдамдығына жуык) жеткізетін алып удеткііитерді атаға болады. Физикалық эксперименттер жасауға арналған үдеткіштердің алғашқыларының бірі Мәскеуге жақын Дубна қаласында 1957 жылы салынды . Оның диаметрі 72 м болса, ал одан кейінірек Серпухов қаласында салынған үдеткіштің диаметрі 6 км жетті.
Астрономиялық бақылаулар үшін де әр түрлі құралдар мен аспаптар қолданылады. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы - телескоп . Оның жәрдемімен жакын тұрған аспан денелерінің (Айдың, Күн жүйесіндегі планеталардың және олардың серіктерінің) козғалыстарын бақылап, бет-бедерлерін көруге болады. Телескоптың арқасында көзге көрінбейтін баска да аспан денелерін зерттеп, ғылыми деректер жинақталады.
5

1.2 Клетканы зерттеу әдістері
Қазіргі кезде цитологияның зерттеу тәсілдері мен әдістері әр алуан. Цитологиялық әдістерді оптикалық, цитофизикалық, ультрақұрылымды зерттеу, цитохимиялық, гистохимиялық және т.б. әдістерге топтастыруға болады. Клетка органоидтарының құрылысы, ультрақұрылымы мен функциясы жарық және электронды, қараңғы өрісті, фазалы-контрасты, поляризациялы, люминесцентті микроскопия және тағы басқа әдістер арқылы зерттеледі.
Жарық және электронды, қараңғы өрісті, фазалы-контрасты, поляризациялы, люминесцентті микроскопия әдістері фиксацияланған клеткалардың құрылысы мен ультрақұрылымын зерттеуге қолданылатын болса, дифференциалды центрифугалаудың көмегімен алынған жеке органоидтар цитохимиялық, биохимиялық, биофизикалық және т.б. әдістермен зерттеледі.
Цитологияда негізгі қолданылатын әдістердің бірі - жарық микроскопы тәсілі. Жарық микроскопия әдістерінде объект арқылы жарық шоғы өтіп, объектив линзалар жүйесіне түсіп, алғашқы сурет пайда болады да, окуляр линзаларының көмегімен ұлғаяды.
Оптикалық жүйе ретінде микроскоптың басты сипаты - шешушілік қасиеті, яғни бір-біріне жақын орналасқан екі объектіні жеке-жеке көрсету. Микроскоптың шешуші қабілеті жарық толқынның ұзындығымен есептеледі: толқынның ұзындығы неғұрлым қысқа болса, соғұрлым шешуші қабілеті жоғары. Жарық микроскопта көбінесе спектрдің көру облысындағы жарық көзі (400-700 нм) қолданылады, сондықтан бұл жағдайда микроскоптың максимальді шешуші қабілеті 200-350 нм-ден жоғарыламайды (0,2-0,35 мкм). Яғни жарық микроскопының шешуші қабілетінің соңғы деңгейі жарықты көру аймағын пайдаланғанда 0,2-0,3 мкм тең.
Қараңғы өрісті микроскопия. Қараңғы өрісте препараттарды арнайы конденсордың көмегімен қарастырады. Қараңғы өрісте бақылау кезінде объектіге жарық шоғының сәулелері түспейді, оның орнына шоқтың шеттік сәулелері қолданыс табады. Шеттік сәулелер объективке түспейді, сондықтан микроскоптың көру аумағы қараңғы болады да, шашыраңқы жарықпен көрінген объект ашық түсті болып көрінеді. Клетка препараттарында түрлі оптикалық тығыздықтағы құрылымдар болады. Жалпы қараңғы өрісте бұл құрылымдар түрлі жарықтандырулардың көмегімен анық көрінеді. Жарықтандыру кезінде жасушада жарық сәулелеріндегі шаңдарға ұқсас (Тиндаль эффектісі), өте ұсақ, кішкентай бөлшектер (0,2 мкм-нен кем) жарқырайды, шағылысқан жарық сәулесі микроскоп объективіне түседі.
Бұл әдіс тірі клеткаларды зерттеуде жиі қолданылады.
Фазалы-контрасты (фазасы қарама-қарсы) микроскопия әдісі. Клетканың кейбір бөліктері жұқа болғанымен, бір-бірінен тығыздықтары мен жарықсындырғыштықтарымен ерекшеленеді, клеткалардың осындай

6

қасиетіне фазасы қарама-қарсы микроскопия әдісі негізделген. Фазалы-
контрастық микроскоптың объективіне арнайы пластинка қондырылған, сол пластинка арқылы жарық сәулесі тербеліс фазасының қосымша жылжуын сезеді. Суретті қалыптастыру кезінде бір фазада немесе қарама-қарсы фазада болатын, бірақ әр түрлі амплитудалы сәулелер өзара қарым-қатынасқа түседі, соның салдарынан объектінің ашық қою түсті контрасты суреті пайда болады. Фазалы контрасты микроскоптың ерекшелілігі - тірі клеткаларды, боялмаған объектілерді зерттеуге мүмкіндік береді.
Интерференциялы микроскопия әдісі жарықтың екі полярланған сәулелерінің бірі объект арқылы, енді біреуі объектінің қасынан өтуіне негізделген. Бұл жағдайда бірінші сәуленің фазасының кешігуі туындайды. Осы сәулелердің қабаттасуы (интерференциясы) суреттің пайда болуын туғызады. Егер екі полярланған сәулелердің екі толқынының аралығындағы арақашықтық толқын ұзындығының толық санына тең болса, сурет ақшыл өрісте қара түсті дақ ретінде көрінеді, ал егер де екі толқын арасындағы арақашықтық жартылай толқындардың тақ санына тең болса, сурет қараңғы өрісте ақшыл дақ ретінде суреттеледі.
Интерференциялы микроскопта сәулені екі перпендикуляр жазықтықта поляризациялау конденсордың фокальды жазықтығында орналасқан поляризатор мен кварцтан жасалған Волластон призмасының көмегімен жүреді. Волластонның екінші призмасы осы екі сәулені объективтің артқы фокальды жазықтығында жинақтайды.
Интерференциялы микроскоп көмегімен тірі объектілерді бақылауға болады, сондай-ақ клетка құрылымдарының құрғақ салмағы, клеткадағы құрғақ затпен судың концентрациясы, құрылымдардың қалыңдығы туралы мәліметтер алуға болады. Мұндай мәліметтер алу үшін микроскоптың тубусының жоғарғы жағында орналасқан компенсатор қолданылады.
Рентген сәулелерін сіңіру тәсілі. Әр түрлі заттар толқындардың белгілі бір ұзындықтарында рентген сәулелерін әр қалай сіңіреді, міне осы қасиетке рентген сәулелерін сіңіру әдісі негізделген. Спектрорентгенограмма көптеген заттар үшін белгілі. Рентген сәулелерін ұлпадан жасалған препарат арқылы өткізе отырып, сіңіру спектрі көмегімен оның химиялық құрамын анықтауға болады. Осы әдістің көмегімен микрофотографиялардан клеткадағы құрғақ заттардың құрамы анықталады. Фотосуретке түсіретін құрылымда заттың концентрациясы неғұрлым көп болса, соғұрлым эмульсия аз жарқырайды. Сіңірілуші заттың концентрациясы сол заты бар құрылымның суретінің қараюымен анықталады. Оптикалық тығыздық формуланың көмегімен есептелінеді.
Флуоресценциялық микроскопия. Тірі клеткаларды зерттеуге флуоресценциялы бояғыш заттар және флуоресценциялық микроскопия әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдістің негізінде кейбір заттардың ультракүлгін сәулелерінде флуоресценциялану қасиеті жатыр. Мұндай флуоресценцияны ұлпадан шығаруға болады, ол үшін ұлпа арқылы ультракүлгін сәулелерінің шоғын өткізу керек. Бұл мақсатта конденсорда жалпы жарық шоғынан көк
7
және ультракүлгін сәулелерді бөлетін жарық фильтрі орналасқан арнайы ультракүлгінді микроскоп қолданылады. Бақылаушының көзінің алдында орналасқан басқа жарық фильтрі препарат шығаратын флуоресценция сәулелерін өткізе отырып, көк және ультракүлгін сәулелерді сіңіреді. Жарық көзі ретінде күшті ультракүлгін сәулесін бөлетін сынап шамдары және қыздыру шамдары қолданылады.
Жарық энергиясын сіңіру кезінде бірқатар заттарға жарқырау (флуоресценттік, люминесценттік) қасиеті тән. Флуоресценция спектрі флуоресценцияны қоздыратын сәулелерге қатысты үлкен толқындар жағына қарай ығысады. Бұл принцип қысқа толқындардың аймағында флуоресценциялаушы объектілері анықталып, қарауды қамтамасыз етеді. Мұндай микроскоптардың көкшіл-күлгін аймағында жарық беретін фильтрлер пайдаланылады.
Цитологиялық зерттеулерде ультракүлгін люминесцентті микроскоптар да пайдаланылады. Бұл әдісте тірі клеткаларға флуоресценттеуші заттарды енгізеді. Ол заттар клетканың белгілі бір құрылымдарымен байланысқа түсіп, олардың қайта люминесценциялануын туғызады.
Ультракүлгін микроскоптарында жеке флуоресценциялы объектілерді бақылауға болады.
Радиоавтография әдісі клеткадағы зат алмасу үрдісін зерттеуде қолданылады. Ол үшін фосфор, көміртегі, сутегі радиоактивті элементтер немесе олардың қосындылары пайдаланылады. Зерттеліп отырған ортаға немесе ағзаға метоболизм үрдісі кезінде, жасушалармен сіңірілетін радиоактивті изотоп енгізіледі. Изотоптардың радиоактивті сәулеленуі салдарынан олардың орныққан жерін анықтауға болады. Бұл әдісті қолдану кезінде клеткалардың жұқа кесінділерін үлбірге салады. Радиоактивті изотоптар бар жерлерде үлбір қараяды.
Изотопты енгізгеннен кейін біраз уақыт өткеннен соң, яғни метоболизмнің белгілі бір кезеңдері өткеннен кейін препарат даярланады. Заттардың таралуы нақты анықталады. Заттардың тек қана клеткада емес, сондай-ақ клетка мембраналарына орналасуларын анықтауда бұл әдістің мәні зор.
Поляризациялық микроскоптың көмегімен изотропты объектілерді (бөліну ұршығының талшықтарын, микрофибрилдерді және т.б.) зерттейді.
Мұндай микроскоптың конденсорының алдында поляризатор орналастырылады, ол белгілі полярлану жылдамдығы бар жарық толқындарын өткізеді. Препарат пен объективтен кейін полярланудың сол жазықтығымен жарық өткізе алатын анализатор орналастырылады. Қиысқан призмалар ортасында сәулені екі есе сындыратын объекті орналасқаннан кейін, объект қараңғы аумақта жарқырап көрінеді. Поляризаторлық микроскоп көмегімен өсімдік клеткасының қабықшасында мицеллийлердің орналасуын қарастыруға болады.
Рентген сәулелерін дифракциялау әдісі. Рентген сәулелері кристалдар арқылы өткен кезде дифракцияға ұшырайды. Олардың осы қасиеті рентген
8
сәулелерін дифракциялау әдісінің негізін қалайды. Егер кристалдардың орнына биологиялық объектілер, мысалы, сіңір, целлюлоза немесе тағы басқа объектілерді қолданған кезде, олар тура сондай дифракцияға ұшырайды. Бұл жағдайда экранда немесе фотоүлбірде дақтар мен жолақтардан түзілген сақиналар қатары пайда болады.
Дифракция бұрышы объектідегі молекулалар мен атомдар топтарының арақашықтығымен анықталады. Құрылымдық бірліктер арасындағы қашықтық неғұрлым алшақ болса, дифракция бұрышы соғұрлым аз болады, немесе, керісінше, зерттеліп отырған заттың атомдары мен молекулаларының арасындағы арақашықтық аз болса, дифракция бұрышы үлкен болады. Ал экранда бұл қара түсті зоналар мен орталықтар арақашықтықтарына сәйкес келеді.
Бұл әдістің атомдар мен молекулалардың топтарының кеңістікте таралуын анықтауда және заттың ішкі құрылымы туралы мәлімет алуда мәні зор.
Электронды микроскопия әдісі. Электронды микроскоптың құрылысы жарық микроскоп тәрізді, бірақ жарық шоғының ролін электронды шоқ атқарады, бұл шоқ линзалармен емес, электромагниттермен фокусталады. Дегенмен, электрондар шоғы үшін толқындар ұзындығы, көзге көрінетін жарық толқындар ұзындығына қарағанда неғұрлым қысқа, осы қасиеті электронды микроскоптың шешуші қабілеттілігін арттырады. Қазіргі электронды микроскоптардың шешуші қабілеті - 0,2-1 нм.
Электронды микроскоптың астында тірі емес объектілер, яғни препараттар қарастырылады. Объектілер тірі ағзалардың өлуін тудыратын вакуумға салынады. Вакуумда электрондар шашырамай объектіге бірден түседі.
Электронды микроскоптан қарастырылатын объектілердің жұқалығы 400-500 Å-нен қалың болмауы тиіс. Сондықтан жұқа препараттарды даярлау үшін ультрамикротом қолданылады.
Вирустар, фагтер, нуклеин қышқылдары, жұқа мембраналар сияқты биологиялық объектілердің электрондарды шашырататын қасиеттері бар. Олардың контрастылығын ауыр металдармен - алтын, платина, хроммен шаңдату арқылы күшейтеді.
Контрастылықты (қарама-қарсылықты) осмий немесе вольфрам қышқылдарының және ауыр металдардың кейбір тұздарымен күшейтеді, олар препараттың кейбір жеке бөліктерімен қосылыстар түзе алады. Аталған заттар препаратқа фиксациялау немесе бояу кезінде енгізіледі.
Аталмыш әдіс құрылымдарды субмикроскопия (макромолекулалар) деңгейінде зерттеуді қамтамасыз етеді.
Трансмиссионды электронды микроскопта электрондар жарық микроскопындағы объект арқылы өтетін жарық секілді өтеді. Нәтижесінде, электрондар шоғы фотография тақтасында объектінің суретін көрсетеді. Электрондар жақсы өту үшін объект кесінділері өте жұқа болуы тиіс.
Сканерлеуші микроскопта электрондар объектінің бетімен шағылысады
9
да, кері бағытта қозғалу кезінде суретті береді. Сканерлеуші микроскоптың шешуші қабілеті трансмиссионды электронды микроскопқа қарағанда төмен. Сканерлеуші микроскоптың көмегімен қабығы қатты кейбір ағзаларды тірі күйінде зерттеп, кейбір тіршілік иелерінің жабынының ұсақ детальдарын көрсететін тамаша фотосуреттер алуға болады.
Ақырғы бейненің нақтылығын күшейту үшін барлық объектілерді бояйды. Жарық микроскопында бояғыш заттарды, ал трансмиссионды электронды микроскопында құрамында электрондарды сіңіруге қабілетті ауыр металдары бар фиксаторлар (мысалы, осмийдің төрт тотығы, калий перманганат, қорғасын) қолданады. Сканерлеуші электрондық микроскоп үшін мұзбен жабылған бет алуға материалды жиі тоңазытады. Бұл жағдайда суда еритін заттардың суды жоғалтулары тоқтайды, сонымен қатар құрылымдардың химиялық құрамының өзгерулері азаяды. Электрондық микроскоптың көмегімен фиксациялайтын заттардың әсерінен цитоплазманың қозғалғыштығын тоқтату сәтінде жасушаның статикалық күйі зерттеледі.
Жануарлар клеткалары мен ұлпаларын зерттеу үшін клетка өсінділері (культуралары) әдісі пайдаланылады. Кейбір ұлпаларды жеке-жеке клеткаларға бөлгеннен кейін, жекеленген клеткалар өз тіршіліктерін жалғастырады, тіпті көбею қасиетін жоғалтпайды. Эмбрион немесе кейбір жеке клеткалар қолайлы ортада ағзадан тыс өсіп, көбейе алатындығын алғаш рет американ эмбрилогы Р. Гаррисон (1879-1959) дәлелдеген. Клетканы культуралау техникасын әрі қарай дамытқан француз биологы А. Каррель (1873-1959) болды.
Бұл әдістің ең қарапайым тәсілі келесідей: қоректік ортаға толы камераға тірі ұлпаның кесегі салынады. Біраз уақыт өткеннен кейін ұлпа кесегінің шетіндегі клеткалар бөлініп өсе бастайды. Өзге жағдайда ұлпаның кесілген кішкентай кесегі трипсин ферменті немесе хелатон версен ферменті ерітінділерімен сәл өңделеді, бұл клеткалардың толық бытырап кетуіне әкеп соғады. Содан соң клеткаларды шайып қоректік ортаға салады, онда клеткалар тұнбаға түседі де, шыныға жабысып көбейе бастайды, алдымен олар колониялар түзеді, соңынан клеткалық қабат түзеді. Осылай тірі кезінде бақылауға ыңғайлы, бірқабатты клеткалар өсіндісі алынады. Өсінді өсіру кезінде қоректік ортадан басқа температура, стерильділік сияқты факторлар ескерілген жөн. Культурада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цитологияның даму тарихы мен зерттеу әдістері туралы алған ұғымдарын қосымша-материалдар арқылы дамыту
Жасушаның зерттеу әдістері
Вирусология вирустардың жіктелу принциптері. Вирустарлың көбеюінің биогенетикаоық ерекшеліктері және көбейу сатылары
Сабақ оқытудың негізгі формасы және оның маңызы
Қара зере өсімдігінің протопластарын өсірудің қолайлы әдістері
Мембрана құрылысын зерттеу әдістері. Мембраналардың өтімділігінің механизмі
Кейінірек өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы
Жасушаның алуан түрлілігі
Гистология
Цитология тарихы
Пәндер