Асқабақ тұқымдасының биологиялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І Асқабақ тұқымдасының биологиялық ерекшеліктері . . . 5

  1. Асқабақ тұқымдасының морфологиялық ерекшеліктері мен классификациясы . . . 5
  2. Асқабақтың пайда болу тарихы . . . 8
  3. Асқабақтың түрлері мен олардың сұрыптары . . . 9
  4. Асқабақ өнімдері мен емдік қасиеттері және олардың шаруашылықтағы маңызы . . . 12
  5. Асқабақ аурулары және олармен күресу жолдары . . . 19

ІІ Тәжірибелік бөлім . . . 24

2. 1 Асқабақты өсіру технологиялары . . . 24

Қорытынды . . . 28

Пайдаланған әдебиеттер . . . 29

Қосымшалар

Кіріспе

Асқабақтар тұқымдасына 1 мыңдай түр, 120 туыс жатады. Олар тропикалық және субтропикалық аймақтарда кең таралған өсiмдiктер, қоңыржай климатты облыстарда аздап өседi. Түрлерiнiң шыққан жерi Гималайдың шығыс бөлiгi, Азияның Оңтүстiк шығысы және Оңтүстiк Америка.

Асқабақтар туысының өкiлдерi бiржылдық немесе көпжылдық шөптектi өсiмдiктер. Туыстың табиғи жағдайда 18 түрi кездеседi, 5 түрi мәдени жағдайда өсiрiледi. Табиғи түрлерi Мексикада, Гватемалада, Гондураста кездеседi. Iрi асқабақ деп аталынатын түрiн ТМД елдерiнiң европалық бөлiгiнiң орталық аудандарында (Украина) және Приморский аймағында өсiредi. Мускатты асқабактың жемiсiнде 13% қант, 16% крахмал, 25% ақуыз (белок) болады. Пiсiп жетiлген тұқымында 52% дейiн май болады. Қазақстанда асқабақтар тұқымдасынан итжүзiмнiң (преступень - Bryonia) үш түрiн, aтпа қиярдың (бешенный огурец - Ecbollium) бiр түрiн оңтүстiк аудандардан кездестiруге болады. Өз атына сәкес атпа қиярдың жемiсiнде қысымның жоғары болуына байланысты, тұқымдарын сыртқа шашады. Тұқымдастың тағы бiр маңызды өкiлi ожау қабақ (горлянка обыкновенная - Lagenaria vuegaris) . Ол Қазақстанда тек мәдени жағдайда өсiрiледi.

Асқабақтар тұқымдасының басым көпшілігі бір жылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сирек жағдайда жартылай бұталы және бұталы, өте сирек жағдайларда аласа ағаштар. Бұл тұқымдастың қосалқы жапырақтары жоқ, жапырақ тақталары өте үлкен, көбінесе жылдам өсетін өсімдіктер. Асқабақтардың өркендерінің түрі түрі өзгерген бір бөлігі мұртшаларға айналған. Мұртшалардың төменгі бөліктері сабаққа, ал тітіргенгіш тармақталған бөлігі метаморфозға ұшыраған жапырақтарына сәйкес келеді. Сабақтары жерге төселіп немесе өрмелеп өседі. Гүлдері цимоздық гүлшоғырларында немесе жеке-жеке орналасады. Әдетте дара жынысты, бірақ қарама-қарсы жыныстық рудименттері сақталған төот шеңберлі дұрыс гүлдер. Тісшелі тостақаншалары жасыл түсті. Ірі немесе кішірек келген, ашық реңді күлтелері бес мүшелі. Андроцейі 3, 5 кейде 2 аталықтан тұрады. Аталықтары өте сирек жағдайда бос немесе екі-екіден кіріккен күйде болады, ал бесінші аталығы бос күйінде қалады немесе редукцияланады. Жалғыз аналық мойнының 3 аналық ауыздары болады. Жемістері ірі жидек тәрізді немесе қорапша.

Асқабақтар тұқымдасының халық шруашылығындағы маңызы. Бiрiншiден қауын, қарбыз, қияр, асқабақтар диетикалық тағамдар. Екiншiден олардың төртеуi де дәрiлік өсiмдiктер. Шикiзат ретiнде осы өсiмдiктердiң жемiстерiнiң етжендi жұмсағы, тұқымы, шырындары пайдаланылады. Олар әртүрлi ауыруларға ем. Әсiресе қарбыздың несiп айдайтын, өттi тазартатын, iштi жүргiзетiн қасиеттерi бар. Осы қасиеттер қауын, қияр, асқабақтан да тбылады. Сонымен бiрге асқабақтың тұқымы iшек құрт ауыруына бiрден-бiр ем. Iшек - қарынның жұмысын жақсартады және зат алмасуды реттейдi.

Асқабақтар тұқымдасының көпшiлiгiнiң дәнiнде май болады, оны тамаққа да, технекалық мақсаттарда да пайдаланады. Колоцинт және итжүзiм туыстарының түрлерi де дәрiлiк өсiмдiктер болып табылады. Кейбiр түрлерiн сәндiк өсiмдiктер ретiнде өсiредi. Ожау қабақтың жемiсiн ыстық күлге кептiрiп су құятын ыдыс ретiнде пайдаланады.

Жұмыстың мақсаты: асқабақтың биологиялық ерекшеліктерін анықтау.

Жұмыстың міндеті:

  1. Асқабақ тұқымдастарының ерекшеліктерін зерттеу
  2. Асқабақтың биологиялық ерекшеліктерін анықтау
  3. Асқабақтың кең таралған аурулары мен зиянкестерін анықтап, олрамен күресу шараларын қарастыру.

Зерттеу әдісі: анықтау.

Зертеу нысаны: асқабақ.

І Асқабақ тұқымдасының биологиялық ерекшеліктері

  1. Асқабақ тұқымдасының морфологиялық ерекшеліктері мен классификациясы

Асқабақтар тұқымдасы (Cucurbіtaceae) - қос жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер тұқымдасының ғылыми атауы. Кейде бұта не кішігірім ағаш түрінде өседі.

Асқабақтар тұқымдасына 1 мыңдай түр, 120 туыс жатады. Олар тропикалық және субтропикалық аймақтарда кең таралған өсiмдiктер, қоңыржай климатты облыстарда аздап өседi. Түрлерiнiң шыққан жерi Гималайдың шығыс бөлiгi, Азияның Оңтүстiк шығысы және Оңтүстiк Америка. Түрлерiнiң басым көпшiлiгi өрмелеп, сиректеу ұзын өркендерi арқылы жерге төселiп өсетiн бiржылдық өсiмдiктер. Көп жағайда пальмалардың арасында өседi, сабақтарының сыртын қатты, қалың түктер жауып тұады. Жапырақтары үлкен, бөбешiк жапырақтары болмайды. Жапырақ тақталары жүрек тәрiздi, шеттерi саусақ салалы тiлiмделген, сабаққа кезектесiп орналасады. Қарапайым немесе бұтақталған мұртшалары болады[3] .

Дұрыс гүлдi өсiмдiктер. Гүлдерi 5 мүшелi, әдетте дара жынысты болады. Гүлдерi жапырақтың қолтығында бiреуден немесе бiрнешеуден орналасады. Бiр үйлi немесе екi үйлi өсiмдiктер. Гүл серiгi қосарланған, түп жағынан түтiкке қоңырау тәрiздi бiрiккен. Өзара бiрiккен 5 тостағаншасы, 5 күлте жапыракшасы болады, желектерi ашық-сары түстi. Аталық гүлдерiнде 5 аталық болады, олардың төртеуi екеу-екеуден қосарланып бiрiгедi де, бiреуi бос орналасады. Аталықтары өте сирек жағдайда бос немесе екі-екіден кіріккен күйде болады, ал бесінші аталығы бос күйінде қалады немесе редукцияланады, кейде аталықтарының барлығы кірігеді. Аталық жіпшелерінің төменгі бөліктері кірігіп түтік түзеді. Тозаң қабы екi ұялы. Кейбіреулерінің ғана тозаңқабы тік келген, ал басым көпшілігінің тозаңқаптары имек болып келеді. Түтіктің жатынмен кірігуі нәтижесінде, жатыны төменгі жағдайда қалады. Паракарпты геницейі әдетте 3 жеміс жапырақшаларынан тұрады. Тұқымбүршіктері көп, сирек жағдайларда жалғыз. Жалғыз аналық мойнының 3 аналық ауыздары болады. Жемiсi жидек тәрiздi-аскабақ жемiс немесе қорапша. Сиректеу жемiсi жидек болып келетiн түрлерi де болады (итжүзiм) . Олардың нағыз жидектерден тек үлкендігінде ғана емес, сонымен бірге жидек тәрізді жемісінің эндокарпийі қалың, қатайыңқы келеді және мезокарпийге жанаса орналасады. Жемістерінің пішіндері мен өлшемдері әртүрлі. Ең ірі жемiстердiң үлкен болатындығы сонша, кейде олардың салмағы 100 кг астам болады. Тұқымдары көп Тұқымдарында эндоспермдері болмайды. Бұл тұқымдастың басым көпшілігі омыртқасыз жәндіктермен тозаңданады [1] .

Гүл формуласы:

Аталық гүл: *♂Т(5) К(5) А(2) +(2) +1Ж0;

Аналық гүл: : ♀*Т(5) К(5) А0 Ж(3) ;

Асқабақ тұқымдастарының классификациясы

Асқабақтар туысының өкiлдерi бiржылдық немесе көпжылдық шөптектi өсiмдiктер (1-сурет) .

Тұқымдас құрамында 760-тан астам түрлері бар. Суық аймақтардан басқа жерлерде кең таралған, басым көпшілігі құрғақ тропиктік және субтропиктік аймақтарда шоғырланған. Кейбір түрлері көкөніс дақылдары ретінде ертеден белгілі. Көптеген түрлері декоративті мақсатта өсіріледі.

Туыстың табиғи жағдайда 18 түрi кездеседi, 5 түрi мәдени жағдайда өсiрiледi. Табиғи түрлерi Мексикада, Гватемалада, Гондураста кездеседi. Iрi асқабақ деп аталынатын түрiн ТМД елдерiнiң европалық бөлiгiнiң орталық аудандарында (Украина) және Приморский аймағында өсiредi. Мускатты асқабактың жемiсiнде 13% қант, 16% крахмал, 25% ақуыз (белок) болады. Пiсiп жетiлген тұқымында 52% дейiн май болады. Қазақстанда асқабақтар тұқымдасынан итжүзiмнiң (преступень - Bryonia) үш түрiн, aтпа қиярдың (бешенный огурец - Ecbollium) бiр түрiн оңтүстiк аудандардан кездестiруге болады[1] .

Екпе қияр (Cucumis sativus) бір жылдық шөптесін өсімдік. Жерге жайылып немесе өрмелеп өсетін, сабағының ұзындығы 1-4 метрге дейін барады. Жапырақтары бес бөлікті. Дара жынысты гүлдері сары түсті. Гүл түйiнi цилиндр тәрiздi, тiкенектi түктерi болады Жапырақ қойнауындағы аналық гүлдері жекелеп, аталық гүлдері топтанып орналасады. Жемісі жидек тәрізді - қабақ. Жемісі піспеген кезінде ғана жеуге жарамды. Қияр - жемісінің құнарлылығы бойынша ең төмен өсімдік. Жемісі ең ірі мәдени өсімдіктер: қияр - 1989 жылы Квинслендегі (Австралия) Эйлин Чаппел 30 кг салмағы бар қияр өсірген, қауақ - Петропавловск-Камчаткадағы жылыжайда ұзындығы 107 см қауақ өсірілген. Қиярды теплицаларда жыл бойы өсіреді.

Қиярдың Африка мен Азияда таралған 30-дай түрi бар. Жабайы түрi белгiсiз, қазiргi кезде көптеген аудандастырылған сорттары бар.

Шығыс Еуропаның оңтүстігінде, Қырымда, Кавказда, Орта азияда және Қазақстанда кәдімгі атпа қияр (Ecballium elaterium) өседі. Бұл өсімдіктің жеміс ішінде түзілген қычымға байланысты жеміс сағағы үзілген жерінен тұқымдары белгілі бір қашықтыққа атқылап шашылады. Бұлар көбінесе теңіз жағалауларында өсетін арамшөп ретінде танымал[1] .

Қауын (Melo) жылу сүйгіш біржылдық өсімдіктер. Қоңыржай климатты аудандарда кең таралған 10 түрi бар. Жатаған сабақтарының ұзындығы бірнеше метрге дейін барады. Гүлдері ақшыл сары түсті. Жемісі хош иісті жидек тәрізді. Олар бунақденелілер арқылы тозаңданады. Кейбір Орта Азялық қауындар дәмі жағынан, алыс жерлерге тасымалдауды көтергіштігі және сақталғыштығы жағынан дүние жүзінде ананас және басқа да тропиктік жемістерден жоғары бағаланады. Қауынның әр түрлі іріктемелері (әңгелек, қара күләбі, дәмбілше, торлама) бар. Қауыннан әр түрлі тағамдық өнімдер даярлауды. Жемісін тіліп, келтіріп қақ жасайды, қауынқұрт қайнатады. Шырынын бу лап, «бал» дайындайды, ол бал «бекмес» деп те аталады. Бекместің құрамында 60% қант болады. Қауын тұқымынан 25-30% тағамдық май алынады[1] .

Арам қауын (Мelo agrestis) атына сәйкес қауын егетін жерлерде өсетін арамшөп ретінде белгілі. Кейінгі кездері әртүрлі сорттарының шығуына байланысты қауындарды Солтүстік аймақтарда да өсіре бастады.

Қазақстанда қауынның 22 аудандастырылған сорттары егiледi. Олардың үшеуi: «жергiлiктi әңгелек», «шекер-пәлек»554 және «отызкүндiк» сорттары ерте пiседi. Бұл сорттарда өскiн пайда болған уақыттан алғашқы өнiм жиналғанға дейiн 65-80 күн өтедi (көп жағдайда 70-75 күн) . Ерте пiсетiн сорттардың жемiстерi ұзақ сақталмайды және тасмалдауға келмейдi. Сондықтан олардың жемiстерiн пiсiсiмен тағам ретiнде пайдаланып отырған жөн. Пiсу уақыты орташа қауындардың 14 сорты аудандастырылған. Олардан алғашқы өнiм 80-95 күнде жиналады (көп жағдайда 85-90 күнде) . Кейде пiсу уақыты орташа сорттардың жемiсiнiң толық жетiлуi 100 күнге дейiн созылады. 6 сорты кеш пiсетiн қауындар. Бұлардың жемiстерi 100-115 күнде, кейде одан да кештеу пiседi. Қауынның Қазақстан селекционерлерi шығарған жергiлiктi сортарына мыналар жатады: «Жергiлiктi әңгелек», «Жергiлiктi қара-Гулябы», «Жергiлiктi Сары-Гулябы», «Жергiлiктi торлама».

Арбыз (Citrullus) туысының басты ерекшеліктерінің біріне тармақталған мұртшалары жатады. жерге жайылып немесе өрмелеп өсетін сабағы қатты түктенген. Ұзын сағақта орналасқан жапырақтары екі рет тілімделген. Күлте жапырақшалары сары түсті. Үлкен жидек тәрізді жемістері шырынды. Көбінесе далалы аймақтарда өсіріледі[1] .

Бақшаларда жмісінің салмағы 20 киллограмға дейін жететін кәдімгі арбыз (C. vulgaris) өсіріледі. Жемістерінің қызыл, ақшыл-қызыл кейде ақ тұсті шырынды, жұмсақ етжеңді бөліктеріндегі қант мөлшері 6-10% жетеді. Жемістерінен жеміс балы нардек даярланады.

Шөлді аймақтарда сүрлеп даярлауға қолданылатын мал азықтық арбыздың маңызы зор. Мал азығы ретінде өолданатын арбыздардың ақ-сары, солғын жасыл түсті қатты, қышқылтым дәмді бөліктеріндегі қантың мөлшері аз[1] .

Бұлардың тұқымдарынан алынатын майлар тамақ және сабын өндірістерінде қолданылады. Мәдени және мал азықтық арбыздардың отаны Африка шөлдері болып саналады. Калахари шөлейттерінде жемістерінің үлкендігі үлкен түймедей-ақ жабайы түрлері әлі де кездеседі.

Қазақстанда арбыздың 14 сорты аудандастырылған. Қарбыздың құрамындағы 12% дейiн жеңiл қорытылатын қант бар. Сонымен бiрге арбызда витамин А, В, С болады. Қарбыздан бал алынады, оның құрамында 65% дейiн қант болады[1] .

Солтүстік Африка мен Оңтүстік Азия шөлдерінде арбыздарға өте жақын, бір туысқа жататын колоцинт немесе колоквинт арбызы (Citrullus colocyntthis) кездеседі. Бұл төсемелі сабақты, тамыр жүйесі өте күшті дамитын көп жылдық өсімдік. Топыраққа кәдімгі мұртшалары арқылы бекінуімен ерекшеленеді. Ұсақ өте ащы жемістері жеуге жарамсыз. Жемістерінің етжеңдігі бөліктерінің тұнбалары өте күшті іш жүргізуші дәрілік өсімдіктер ретінде қолданылады.

Оңтүстік аймақтарда цилиндрлі (Luffa cylindrica) және қырлы (L. Acutangula) люффалар өсіріледі. Жемістерінің қатты талшықтарынан жөкелер, шомылуға арналған шәркейлер, бас киімдер, қлтарақтар және басқа да тұрмысқа қажетті заттар жасалынады[1] .

Қазақстанда бұталы өсімдіктер түрінде кездесетін туыстарның бірі сыртдән итжүзімі (Bryonia alba) өте улы, көпжылдық шөптесін өсімдік. Шалқанға ұқсас етжеңді тамыры бар. Жіңішке сабағының ұзындығы 2-4 метр, жай мұртшалы өсімдік. Тостағанша жапырақшалары ақшыл-жасыл түсті, бір үйлі, дара жынысты. Гүлдері қалқанша гүлшоғырларына инақталған. Жемісі қара түсті шар тәрізді жидек. Тамырлары медицинада қолданылады.

Асқабақ (Cucurbita) туысы бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Жатаған сабағының іші қуыс, ұзындығы кейде 8 метрге дейін жетеді. Жапырақтары сабақта кезектесіп орналасады. Жекелеп оналасқан ірі сары түсті гүлдері бір үйлі, дара жынысты. Мәдени асқабақтардың отаны Ортлық Америка юолып саналады. Асқабақтардан тағамдық, азықтық және декоративтік өте көп сорттары шығарылған. Біздің аймақта негізінен кәдімгі (C. pepo) және ірі (C. maxima) асқабақтардың көптеген сорттары егіледі[1] .

Асқабақ кулинария және кондитерлік мақсаттарда қолданылады. Кабачок пен патиссон кәдімгі асқабақтар тұқымдасының өкілдері болып табылады. Жылы аймақтарда жемістері әр түрлі құмыралар, графиндер, шақшалар және басқа да тұрмысқа қажетті ұсақ-түйек ыдыстар жасауға қолданылатын қабақ (Langeria) туысына жататын асқабақтар өсіріледі.

Асқабақтар тұқымдасының шегір гүлділер қатарының кейбір тұқымдастарымен, атап айтқанда өркендерінен асқабақтардағыдай мұртшалар түзілетін пассифлора (Passifloraceae) тұқымдасымен көп ұқсастықтары бар. Ал күлтелерінің кіріккедігі жөнінен папайялар тұқымдасына жақын. Сол сияқты бегониялармен де көп ұқсас белгілер бар. Осыған орай, кейбір системаларда асқабақтар тұқыдасы шегір гүлділер қатарының құрамында қарастырылады. Екінші жағынан күлтелері мен аталықтарының кіріккендігі асқабақтардың күрделігүлділер, қоңыраугүлділер тұқымдастарымен де жақындастырады. Бірақ, бұл тұқымдастарда тозаңқаптар бір-біріне жабыса өсетін немесе арнайы түктердің көмегімен ілінісетін болса, ал асқабақтарда тозаңқаптар түгелдей кірігеді[1] .

1. 2 Асқабақтың пайда болу тарихы

Асқабақ - асқабақ тұқымдасына жататын, 13-27 түрі бар өсімдік. Оның 6 түрі культивацияланады, ал қалған өкілдері жабайы болып саналады. Асқабақ ежелгі заманнан белгілі. Негізгі отаны ретінде Солтүстік және Орталық Америка болып саналады[3] .

Бұл өсімдікті алғаш рет Мексиканың үндістері осыдан 5 мың жыл бұрын қсіре бастаған. Мексика елінде қазба жұмыстарын жүргізу барысында сүйектерінің жәнінен асқабақ дәндері, сабағы және қабығының қалдықтары табылған. Еуропа еліне асқабақтың тұқымдары Колумбтың саяхатынан кейін XVI ғасырда әкеліне басталған. Ол кейіннен Ресей мен Украина елдерінде кең таралған. Америкалық зерттеушілердің деректеріне сүйенсек «жүгері, бұршақтар және асқабақ» бұл ацтектер мен инктердің цивилизациясының гүлденуінің негізі болған делінеді.

ХХ ғасырдың 30-жылдарында бүкіл ресейлік өсімдіктану институтының бастауымен экспедиция құрылып, олар асқабақтың систематикасын жасап шығарған. Сол жұмыстың барысында олар селекциялық мақсаты үшін Оңтүстік және Орталық Американың, Шығыс Африканың, Үндістанның жерінен арнайы тұқымдары алынған.

Украина елінде асқабақ барлық климаттық аумақтарда өсіріледі. Ол Ресей Федерациясынан кейін ТМД елдері арасында бақша өсімдіктерін өсіру бойынша 2-орынды алады[3] .

Асқабақтың барлық түрлері әлемнің бүкіл бақшаларында өсірілетін, кең таралған өсімдік. Жақсы баптап өсірсе ол мол көлемді өнім береді. Шаруашылық маңызына ие бірнеше түрлері белгілі. Олар қарапайым немесе қаттықабықты асқабақ, іріжидекті және мускатты асқабақтар.

Морфологиялық ерекшеліктері

Тамырлық жүйесі - мықты, әрі бас тамыры 2-3 метр тереңдікке жетеді. Одан жан-жаққа бүйірлік тамырлары тармақталады. Бүйірлік тамырлардан сорушы тамырлар пайда болады.

Сабағы - өрмелегіш немесе тік өсетін болуы мүмкін. Олардың ұзындығы 2-5 метрге дейін жетеді.

Жапырақтары - 12-30см-ден тұратын ірі болып келеді. Олар сабақта кезектесіп орналасады. Сабақтағы 6-7-ші жапырақтардан кейін мұртшалары өсе бастайды. Ол мұртшалар асқабақтың субстратқа бекінуіне көмектесіп, қатты желге төзімділігін арттырады[3] .

Гүлдері - даражынысты, яғни бір өсімдікте аталық және аналық гүлдері де кездеседі. Олар біршама үлкен болып келеді. Пішіні қоңырау тәрізді, ашық сары түсті болып келеді. Олар бас сабақта және бүйірлік өскіндерде жеке жеке орналасады.

Асқабақ шілде-қыркүйек айларында гүлдейді. Қабақ пайда болу үшін аналық гүлдің ауызына аталық тұқым келіп түсуі қажет. Асқабақ тек ара, көбелек секілді насекомдармен тозаңданады. Себебі олардың тозаңдары ауыр болып келеді. Олардың ірі гүлдері насекомдардың түнгі уақытта суықтан жасырынатын орны болып табылады. Насеком денесіне жабысқан тозаң басқа гүлдерге таратылатын болады.

  1. Асқабақтың түрлері мен олардың сұрыптары

Асқабақтың 3 мәдени түрі белгілі. Олар іріжидекті, қаттықабықты немесе астық және мускатты асқабақтар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қауын - бақша дақылдары, біздің түсінігімізде көкөністен гөрі жеміс
Морфологиялық, экологиялық және биоэкологиялық классификация
Асқабақ жайлы
Асқабақ тұқымдас өсімдіктердің агротехникасы
Жидек және бақша дақылдары
Асқабақ - асқабақ тұқымдасына жататын бір және көпжылдық шөптесін өсімдіктер
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Шырынды жемістерден тұқымын алу
Жамбыл облысының бақша дақылдарын өсірудегі экологиялық жағдайы
Асқабақтың емдік қасиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz