Көшеттіктерде гербицидтерді қолдану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Арамшөптер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.1. Арамшөптермен күресудің химиялық әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.2. Агротехникалық күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.3. Биологиялық күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
3. Эксперименталды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14 Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

1. Кіріспе
Тіршілікке жоғары бейімділікке ие арамшөптер, өсуге қажетті негізгі түрткіжайттар үшін, мәдени дақылдармен бәсекелесте басымдылық көрсетуде. Олар топырақтан ылғалдың басым бөлігін сініреді, мәдени дақылдарды көлеңкелейді, сондай-ақ енгізілген тыңайтқыштардың элементтерінің едәуір бөлігін пайдаланады. Арамшөптерден келетін шығын, шетел мамандарының есебі бойынша, аурулар мен зиянкестерден келтіретін шығын жиынтығына жақындайды, тек су және жел эрозиясының шығынынан кемдеу екен [1]. Арамшөптерді жоюға егіншіліктегі бүкіл еңбек шығынының 30%-на дейін еңбектің жұмсалатынын есептеулер анықтады. Осы айтылғандардың бәрі қазіргі егіншілікте арамшөптерге мұқият бақылау жүргізудің маңызды міндет екендігін жер пайдаланушылар ескерулері қажет. Қазіргі таңда бірқатар себептерге байланысты елімізде негізгі ауылшаруашылық дақылдарының егістіктерінде арамшөптердің басымдылығы сақталуда. Егістікті ластаушы арамшөптердің ішінде басым бөлігі мыналар: талшықты сүттіген (Euphorbia virgata), қалуендер (Cirsium arvense), танаптық шырмауық (Convolvulus arvensis), кәдімгі қарасұлы (Avena fatua), тауық тарысы (Еchinochloa crus galli), көк итқонақ (Setaria virides) және қазіргі кезде 2,4 Д тобына төзімді түрлер, айталық иіссіз түймедақ (Matricaria inodora), кәдімгі жусан (Artemisia absinthium), қызығылт у кекіре (Acroptilon repens) кеңінең тарала бастады [2].
Арамшөптерді жою шаралары - ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлерде және егістікте өсетін арамшөптерді, топырақтағы олардың генеративті және вегетативті көбею органдарын жою және арамшөптердің тіршілік қабілетін төмендету.
Арнайы шаралар - арамшөптердің әрі қарай таралу аумағын азайтып, зияндылығын азайту, содан кейін ең зиянды, потенциалды қауіпті, әсіресе карантиндік арамшөптерді жойып жіберу.
Екінші белгі бойынша арамшөптерге қарсы қолданылатын құралдың сипатына байланысты күресу тәсілдері мына түрлерге бөлінеді: физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық, фитоценотикалық, экологиялық, ұйымдастыру, кешенді әдістер.
Физикалық тәсіл - отты пайдалану, учаскелер мен егістікті сумен бастыру, электрді, электр магниттік өрісті қолдану және арамшөптердің көбею мүшелерінің өміршеңдігінен айыру.
Механикалық тәсіл - қолмен немесе топырақ өңдеу құралдарының арамшөп өсімдіктерін жұлу немесе кесу. Арамшөптердің барлық биологиялық топтар өкілдерімен ластанған егістіктерде қолданылады. Әдіс - негізгі, себу алдындағы, себу кезінде және себу соңындағы өңдеу жүйесінде тиімді.
Химиялық тәсіл - оларды гербицидтердің көмегімен жою.
Биологиялық тәсіл - оларды мамандандырылған зиянкестердің, саңырауқұлақ және бактериялардың көмегімен азайтатын немесе жоятын тәсілі.
Фитоценотикалық тәсіл (бой көтертпей тұншықтыру немесе бәсеке әдісі) - ауыл шаруашылық дақылдарының арамшөптермен салыстырғанда жоғары бәсекелестік қабілеті пайдаланылып, арамшөптердің өніп-өсуін нашарлату.
Экологиялық тәсіл - мәдени өсімдіктердің мұқтажын толық қамтамасыз ету, ал арамшөптерге теріс әсер ететін жағдайларды, әсіресе топырақ қасиеттерін күшейту арқылы іске асырылады (аэрация, ылғал, температура, топырақ реакциясы, биологиялық әрекеті, мұндағы қоректік заттардың мөлшері)
Ұйымдастыру тәсілі - ауыл шаруашылығында жерлердің жалпы мәдени агротехникалық жағдайын жақсартатын немесе жанама көмегі болатын тәсілдер мен жұмыстардың түрлері, танаптардың арамшөптену картасын жасау.
Кешенді тәсіл - бірін-бірі толықтырып, әсерін күшейтетін, арамшөптердің түрлерін және санын едәуір азайтатын ғылыми негізде қолданылатын күресу шараларының жиынтығы.
Арамшөптермен күрес шараларын жоспарлауда олардың түрлі құрамы, биологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ арамшөптер өсімдіктерінің жағдайы негізге алынады. Әсіресе егістіктердің ластану дәрежесінің елеулі мәні бар.
Ауыл шаруашылығында арамшөппен күресті жыл бойы жүргізеді, олардың түрлі шараларын оның ішінде ең тиімді тәсілдері мен әдістерін орынды пайдалана білу қажет.[3]
Зерттеулеріміздің мақсаты - Қазақстанның солтүстік құрғақ далалы аймағында топырақты негізгі және тұқым себер алдындағы өңдеулерді азайту (минималдау) технологиясын қолданғанда арамшөптермен күресудің кешенді шараларын әзірлеу. Зерттеулерге мынадай міндеттер жүктеледі:
-топырақты негізгі және тұқым себер алдындағы өндеуді азайту технологиясын қолданғанда, арамшөптердің түрлік құрамының сипатын анықтау;
-жаздық бидай егістігіндегі арамшөптердің зияндылық шығынын анықтау;
-топырақты негізгі және тұқым себер алдындағы өндеуді азайту технологиясын қолданғанда, арамшөптермен күресудің әр-түрлі шараларының агроэкономиялық тиімділігін анықтау. [4]
Зерттеу әдістері: Ғылыми зерттеулер төрт танапты дақыл алмасу ауыспалы егісінде дақылдардың мынадай кезектесуінде жүргізілді: ас бұршақ - арпа қоспасы - жаздық бидай - ноқат (асбұршақ) - жаздық бидай. Арамшөптермен күрес: ас бұршақ - арпа қоспасынан кейін, орналасқан жаздық бидай егістігінде төмендегідей сұлбасы жүргізілді:
1.Агротехникалық - 22-25 см терең қопсыту, ерте көктемде БМШ - 15 тырмалау, тұқым себер алдында культивациялау, жаздық бидайды, жебе табанды Джон - Дир егіс кешенімен, әр гектарға 2,8 млн. өнгіш тұқы-мын себу;
2.Кешенді - егін жиналғаннан кейін танапты РЧ - 4 чизельді қопсытқышымен өңдеу, егін себер алдында Ураган форте гербицидінің 2 лга енгізу, жаздық бидайды жебе табанды Джон - Дир егіс кешенімен, әр гектарға 3,5 млн. өнгіш тұқымын себу;
3.Химиялық - егін себер алдында Ура-ган форте гербицидінің 2 лга енгізу, жаздық бидайды анкерлі шүмекті тұқым сепкішпен, әр гектарға 2,8 млн өнгіш тұқымын себу.[5]
Зерттеу нәтижелері- Ылғалдануы бойынша 2008-2009 ауылшаруашылық жылдары шамалы құрғақтау болды. Өсінді кезеңде (маусым - тамыз) 115,1 мм жауын-шашын түсті. Бұл көпжылдықпен салыстырғанда (134 мм) 13 мм кем. 2009-2010 ауылшаруашылық жылдары өте құрғақ болды, жауын-шашын мөлшері 286,4 мм, ал 2010-2011 жылдар жайлы болып, жауын-шашын мөлшері 392,2 мм құрады. Тәжірибе механикалық құрамы орташа саздақты қарақызыл-қоңыр орташа қуатты топырақта жүргізілді. Топырақтың қарашіріндісі 3,8-4,1% арасында. Топырақтың орташа сапалылығы (бонитеті) 34-ке тең. Бұл топырақтың тығыз қабатының тепе-теңдігі салыстырмалы төмен, су өткізгіштігі жақсы және бір метр топырақ қабатында ең төмен су сыйымдылығында 178,9 мм сіңімді ылғал ұстай алады. Тәжірибе жоғары тілімінің топырағы жеңіл гидролизделінетін азоттың төмен мөлшерімен, жылжымалы фосформен орташа және калиймен жоғары мөлшерде қамтамасыз етілуімен сипатталынады. Топырақтың тығыздығы құнарлылықтың түрткіжайты іспеттес. Тығыздық тепе-теңдігі, көптеген танаптық дақылдар өсіруге, оңтайлығы жақын топырақтарға, топырақты механикалық өңдеу, ең алдымен егістікті арамшөптерден тазартуда, яғни фитосанитарлық рөл атқарады. Бұдан басқа топырақтың тығыздығы белгілі бір деңгейде арамшөптердің түрлеріне әсер етеді, себебі арамшөптердің түрлері топырақтың жырту қабатының жайласуын әртүрлі сезінеді.

2. Арамшөптер
2.1. Арамшөптермен күресудің химиялық әдістері
Арамшөптер - адамдардың қатысуынсыз мәдени дақылдармен бірге өсуге бейімделген ерекше өсімдіктер тобы. Мәдени дақылдарды өсіру үшін адамдар қолданған агротехника жүйесі арамшөптер үшін де қолайлы болды. Арамшөптер топырақтан керекті коректік заттар мен ылғалды бойына сіңіреді, арамшөптер жер өңдеу, егін жинауды ауырлатады, дақылдың өнімі мен сапасын төмендетеді. Олардың ішінде өте зияндылары карантинді шөптер тобы болып саналады.
Өсімдік қорғау және карантин департамен - тінің мәліметі бойынша, карантинді арам - шөптер арамсояудың 19 түрі 180 мың гектар жерге таралған. Сондықтан күрес уақытында барлық жерлерде жүргізіліп, агротехникалық, биологиялық және химиялық әдістерді қолдану арқылы ғана жоспарланған, сапасы жоғары өнім алуға болады
Арамшөптермен күресудің химиялық әдісі гербицидтер қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда гербицидтерді егістердегі арамшөптерді құрту үшін бірінші рет 1954 жылы пайдаланды. Сол жылы гербицид 1300 гектар егіс алқабында, ал 1964 жылы ол 13 млн. гектардан астам егіс көлемінде қолданылды. Бірақта, кейінгі жылдары әр түрлі себептерге байланысты (ірі шаруашылықтардың тарап кетуі, кіші шаруашылықтардағы қаржы тапшылығы, гербицидтерді қолдану техникаларының қолдану жоқтығы және басқалар) гербицид қолданылатын егіс көлемі азайып кетті. Мұның өзі егістіктердің арамшөптермен қатты ластануына әкеліп соқтырды. Арамшөптерге қарсы қолданылатын гербицидтердің түрлері өте көп, сондықтан оларды жіктеуге тура келді. Өзінің химиялық құрамына қарай гербицидтер органикалық емес және органикалық болып бөлінеді. Органикалық емес гербицидке кальций цинамиді және басқалары жатады, ал органикалық гербицидтерге ДНОК, ПХФ, 2,4-Д тобындағы гербицидтерді жатқызуға болады.
Гербицидтер өсімдіктерді зақымдайтын әсеріне қарай екі топқа бөлінеді.
Біріншісі жаппай әсер ететін, ал екіншісі-талғамды әсер етуші гербицидтер. Жаппай әсер ететін гербицидтер барлық өсімдік түрлерін жояды, сондқтан оларды мәдени дақылдардан бос жерлерге, яғни таза парларда, автомобиль және теміржол тараптарының жиектерінеде, су жүретін каналдардың жағалауында және тағы басқа жерлерде қолданады.
Талғамды әсер ететін гербицидтер егістіктегі арамшөптерді жояды. Олар жылымалы және жанаспалы болып екі топқа бөлінеді. Жанаспалы гербицидтер өсімдік мүшелерінің тиген жеріне ғана әсер етеді. Яғни, жапырақтарын немесе сабақтарын күйдіреді, сөйтіп олардың тіршілік қабілетін жояды. Гербицидтер өздерінің физикалық жағдайына байланысты ертінділер, суспенция, эмульсия түрлерінде шығарылады.
Егіншілікте арамшөптерді жою үшін Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігінің ұсынысы бойынша 2010-2015 жылдар аралығында иллакцонды (48%) жаздық бидай, арпа егістерінде қарасұлыны жою мақсатымен егін себер алдында жаздық бидайдың түптену -түтіктену фазасында әр гектарға әсер етуші заты 1,7-3,4 лга мөлшерінде, мақта егісінде прометринді (50%) әр гектарға 3,5-5,5 кг және дуалды әр гектарға 1,6-2,6 литр мөлшерінде топыраққа бүрку тәсілімен қолданылуды ұсынды.
Көшеттіктерде гербицидтерді қолдану. Орман шаруашылығында гербицидтерді қолдану жөнінде ғалымдар арасында бірыңғай көзқарас жоқ. Орман шаруашылығы мамандарының біртобы гербицид адамдарға, малдарға, жалпы айтқанда тірі организмдерге зиянды, сондықтан оларды қолданбау десе, ал екінші тобы гербицидтер экономикалық жағынан тиімді және еңбек өнімділігі жоғары деп есептеп, көшеттіктерде гербицид қолдануға абайлап қарау керек деген пікір айтады. Сондықтан, орман көшеттіктеріне республикадағы сыналған, тиімді және адамдар мен малдар организдеріне (келеңсіз) кері әсері жоқ гербицидтерді қолданған жөн. Орман көшеттіктерінде жатаған бидайықты, қамысты, тарамбидайықты жою үшін суда жақсы еритін әсерлі заты 85% далапанды (натрий тұзы), 10-20 кг мөлшерінде бүрку керек. Азжылдық тұқымымен көбейетін арамшөптердің жас өскінін жою үшін әр гектарға 4-15 кг әсерлі зат мөлшерінде ДНОК-ты бүріккен дұрыс. 2,4 Д тобынан қосжарнақты егістік қалуен мен егістік шырмауықты жою үшін амин тұзын немесе эфирді әсерлі зат есебімен әр гектарға 2-6 кг мөлшерінде қолдану керек.
Қарағайдың, шыршаның, кейде балқарағайдың көшеттіктеріндегі біржылдық арамшөптерді жоюға 2,0 кгга әсерлі зат есебінде симазин гербициді қолданылады. Қазақстанның орман көшеттіктерінде осы топқа жататын пропазин, симазин, атразин, прометрин гербицидтерін қолданылады.
Шетелдік гербицидтен 1,5 кгга мөлшерінде раундап гербициді сынақтан өтуде. Республиканың орман көшеттеріне өте зиянды жатаған бидайық, тарамбидайық сияқты көпжылдық арамшөптерді жою үшін топырақ өңдегеннен 2-3 аптадан соң әсерлі зат есебінде 15-20 кгга далапонды қолданған тиімді. Содан 10-12 тәуліктен кейін топырақты культивациялаған соң арамшөптер қайта шықса көшеттіктерді екінші рет осы гербицидпен 10-15 кгга қайта бүрку қажет.
Қазақстанда көшеттіктердің егістік бөлімдерінде негізінен үш гербицид, яғни симазин, пропазин және уайтспирт жақсы зерттеліп, олар кеңінен қолданылып жүр. Аталған гербицидттің ішіндегі ең тиімділері симазин мен пропазин болды. Іле Алатауы жағдайында орман көшеттіктерінде аталған гербицидтерді қолдану арқылы арамшөптерді жоюға, ал шырша, қарағай себіндіктеріне олардың әсер етпегені байқалған.
Гербицидтермен жұмыс істеген кезде қолданылатын сақтық шаралары. Арамшөптерді жою үшін гербицидтер тек егіншілікте емес, сонымен қатар орман шаруашылығында да, дәлірек айтқанда көшеттерде қолданылады. Егіншілік шаруашылығымен салыстырғанда гербицидтерді көшеттікте қолданудың өз ерекшелігі бар. Біріншіден, көшеттіктер қоршалған ортаға, малдар кіре алмайды, сондықтан олардың уланып қалуы мүмкін емес. Көшеттіктерді жаңбырлатып суару әдісін қолданса, гербицидтер топыраққа ағып кетпейді. Оның қоршаған ортаға зияны жоқ. Көшеттіктер адамдардың тамағы үшін пайдаланылмайды, сондықтан адамдар одан уланбайды. Дегенмен, көшеттіктердегі арамшөптерді жою үшін гербицидтер қолданғанда сақ болған дұрыс. Ауылшаруашылық өндірісінде қолданылатын гербицидтер адамдар мен малдарға қауіпті емес. Әйтседе, олардың ішінде улы, кейде тіпті аса улы түрлері де кездеседі. Сондықтан, олармен жұмыс істегенде кейбір сақтандыру шараларын жүзеге асыру керек. Гербицидпен жұмыс істейтін адамдар нұсқаудан өтулері, арнайы киімдермен, атап айтқанда комбинезон, халат, қолғап, көзілдірік, респиратор және басқа жабдықтармен қамтамасыз етілулері керек. Кәмелетке жасы толмаған, балаларды, екіқабат және жас балалары бар әйелдерді гербицидпен жұмыс істеуге жіберуге болмайды. Гербицидпен жұмыс істеп жүрген мезгілде тамақ, су ішуге, шылым тартуға болмайды, ал жұмыс істеп біткеннен кейін қолды, бет-ауызды сабынмен мұхият жуу керек. Гербицидпен жұмыс істегеу уақыты күніне 6 сағаттан аспауы керек, ол адамдарға күніне кемінде жарты литр сүт ішу қажет. Гербицидтер үйлерден, тамақ және жем сақтайтын қоймалардан, мал қораларынан 250-300 метр қашықтықта сақталуға тиіс. Адамдар үзіліске кеткенде күзетші қою қажет, кері жағдайда балалар, малдар уланып қалуы мүмкін. Гербицид қолданылған жерлерге бір айға дейін малдарды жаюға, үй құстарын жіберуге болмайды. Әрине, бұдан басқа да сақтық шаралары бар. Олар арнайы өткізілетін нұсқаулар кезінде айтылады.
Біздің тәжірибемізде жаздық бидайды себер алдында нұсқалар арасында топырақтың тығыздығы бойынша, арамшөптермен химиялық күресу амалынан басқа, елеулі айырмашылықтар байқалмады: арамшөптермен күресу амалы бойынша 0-20 см топырақ қабатында көлемдік массасы 1,16 гсм3 шегінде болды, кешенді тәсіл нұсқасында- 1,19 гсм3 . Арамшөптермен күрес тек гербицидтермен жүргізілген нұсқада өңдеу қабатының көлемдік массасы 1,22 гсм3 болып, егін сепкенге дейін арамшөп тұқымдарының жаппай өсуіне мүмкіндік туғызды. Арамшөптердің санына және түрлік құрамына топырақтың ылғалдану күйі елеулі әсер етеді. Ал, ол өз кезегімен арамшөптермен күресу тәсіліне тәуелді. Одан басқа топырақта ылғал жинау мәдени дақылдарының арамшөптермен бәсекелесу мүмкіндігін арттыруда үлкен мәнге ие. Егін сепкенге дейінгі топырақтағы ылғал қоры тек күзгі-қысқы түскен жауын-шашынның есебінен қалыптасты. Топырақты терең өңдеу нұсқасындағы қар қалындығы орташа есеппен үш жылда 14,8 см және 24,6 см болды. Арамшөптермен күресуді химиялық тәсілмен жүргізілген нұсқада қар қалыңдығы 27,9 см жетті. Бұл нұсқадағы қосымша қардың жиналуына егін жинағаннан кейінгі қалған егіс паясы мен арамшөптер себепкер болды. Тұқым себер алдындағы арамшөптердің өнуіне және одан әрі олардың дамуы көбінесе топырақта ылғалдың болуымен байланысты. Топырақтың тереңінен ылғалдануы және өнімді ылғал қоры арамшөптермен кешенді күресу тәсілінде байқалды және сәйкес 82,3 см және 100,1 мм, ал басқа нұсқаларда ол 76,2 см және 85,2 мм аспады. Тәжірибе танабында арамшөп басуының аралас түр тегі қалыптасты: қосжарнақты көпжылдық арамшөптерден танаптық қалуен, танаптық шырмауық, талшықты сүттіген, біржылдық астық тұқымдастардың ішінде кәдімгі қарасұлы және тауық тарысы, мысыққұйрық, қосжарнақтылардан - кәдімгі жабысқақ басым болды. Тұқым себер алдындағы өңдеулерді өткізу алдында тәжірибенің нұсқалары бойынша орташа есеппен үш жылда арамшөптердің жалпы саны 36,7-38,7 данам2 , яғни арамшөп басуының орташа деңгейіне сәйкес және де азжылдықтар басым болады. Айталық, жаздық бидайды себер алдында азжылдық арашөптердің саны - 28,4-29,9 данам 2 , ал көпжылдықтар - 8,2-9,4 данам2. Азжылдықтардың көпжылдықтарға арақатынасы 1:3, 0-1:3, 6. Қолдынылған шаралардың нәтижесінде жаздық бидайдың егістігін жинар алдында егісті арамшөп басуы күрт төмендеді және тәжірибе нұсқаларында 4,6-9,6 данам2 болды. Тәжірибе нұсқауларында орташа есеппен арамшөптердің жойылуы 71,8-86,6 % болды. [6]

2.2. Агротехникалық күресу шаралары
Агротехникалық шаралар мәдени өсімдіктерге қолайлы жағдай жасап, ал зиянкес ағзаларға және ауру қоздырғыштарға қолайсыз жағдай туғызады. Өсімдіктерді қорғайтын шаралардың ішінде өте маңыздылары: ауыспалы егістер, топырақ өңдеу жүйесі, тыңайтқыштарды қолдану, арамшөптермен күресу, егінді себу және жинау тәсілі мен мерзімі.
Ауыспалы егісте кейбір дақылдарды бірнеше жылдар бойы бір танапта егу арнаулы зиянкестердің және ауруларының көбеюіне әкеліп соқтырады. Мысалы, қатты бидайды қайталап бір танапта себу гүл кенесінің көбеіне мүмкіндік тудырады.. Тыңайтқыштарды қолдану - зиянкестер мен аурулармен тиімді үрес шараларының бірі. Мысалы, түйіршікті суперфосфатты шаш жалаңаш шырыштармен күресудің тиімді тәсілі. Осыған қоса тыңайтқыштар өсімдіктердің регенеративтік қабілетін арттырады. Топырақты өңдеу зиянкестерді тікелей құртуға немесе олардың сан мөлшері мен зиянды әрекетін төмендетуге мүмкіндік береді.Өңделмейтін жерлер шегірткенің көбйетін орны. Бидайды көктемде кешіктіріп себу сұр көбелектің жұлдызқұрттарын азайтады. Ерте көктемде шағатын крестгүлді бүргелердің қоңыздары крестгүлді арамшөптерде қоректеніп, содан соң мәдени дақылдарға зиян келтіреді. Сондықтан арамшөптермен күресті жүйелі жүргізу керек. Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестермен зақымдануына төзімді сорттары да бар. Мысалы, қатты бидайдың кейбір сорттарына гессен шыбынының личинкалары зиян келтірмейді.
Ауыл шаруашылық ғылымы мен практикасында зерттеліп дәлелденген алуан түрлі арамшөптермен күресу әдістері мен тәсілдері айтарлықтай. Олардың мәнділігі биологиялық және шаруашылық тиімділігіне, орындалу қиындылығына және материалдық шығындарына байланысты өзгеше болады. Сондықтан, арамшөптермен күресудің шаралары мен әдістерін жүйелеп, орынды пайдалана білу өте қажет.
Арамшөптермен күресу принципінің негізіне арамшөп өсімдіктерінің басты биологиялық, ең алдымен олардың тұқымдарымен және жер астындағы вегетативті органдарымен өніп-көбею ерекшеліктері алынған. Жаңа өсімдік тек тұқымы арқылы өсіп шығатыны белгілі, сондықтан олармен күресудің бірінші принципі - арамшөптің тұқым салуына, тұқымдануына жол бермеу, сонда ғана тұқымның топыраққа түсуі болмайды. Бұл принципті аз жылдықтармен қатар көп жылдық арамшөптерге де қолдануға болады, оның сақталуына бірқатар зерттеушілер айрықша мән беріп арамшөптердің тұқымының топыраққа түсуіне жол беруге болмайтындығын бірнеше рет дәлелдеген.
Топырақта болатын арамшөптер тұқымы - жаңа өсімдіктің шығатын тұрақты көзі. Арамшөптер тұқымының қаулап өсуі, олардың оянуын және биологиялық тыныштық қалпынан шығуын қамтамасыз ететін белгілі жағдайда ғана мүмкін. Сондықтан күресудің екінші принципі - тұқымның өніп-өсуіне жағдай жасап, онан әрі олардың көгін өңдеумен құрту болып табылады. Іс жүзінде бұл принцип өршіту (қозғау салу) деген атақ алды. Өршіту жолымен арамшөптердің үлкен бөлігін мәдени дақылдар себілгенге дейін құртуға жол ашылады. Көпжылдық арамшөптер тұқымын басқа, едәуір елеулі дәрежеде вегетативті органдарымен көбейеді. Вегетативті органдарының көмегімен арамшөптер әзірге олардың қоректік заттарының қоры болғанға дейін жаңаруы мүмкін. Сондықтан олардың жер асты бөлімдеріндегі жиналған қоректік заттардың қоры тез таусылуын қамтамасыз етіп, ұсақ бөлшектерінің тамырлануына жол бермеу керек. Ол үшін арамшөп жаңадан көктеп шыққан кезде оны үзбей құртып отыру керек. Осыған орай күресудің үшінші принципі - фотосинтезді және қоректік заттардың жиналуын болдырмау арқылы жер астындағы органдарын (тамырларды, тамыр сабақтарын) күш жиғызбай әлсірету болып табылады.
Сонымен аталған принциптерді еске ала отыра, арамшөптермен күрес әдістерін жіктеу үшін негізі ретінде екі маңызды белгі алынған, олар: біріншіден, нысандарына байланысты арамшөп өсімдіктерінің пайда болу көзі (өсімдік тұқымдары, жемістері, тамыр сабақтары, тамыр өркендері және т.б.), олардың таралу жолдарын жою және соған бағытталған шаралар; екіншіден, арамшөптердің өсуін тежейтін, жоятын немесе олардың пайда болу көзін ысыратын және оларды болдырмауға бағытталған тәсілдер мен әдістер.
Бірінші белгі бойынша арамшөптермен күресу үш типке бөлінеді: алдын ала сақтандыру, жою және арнайы шаралар.
Алдын ала сақтандыру шаралары - арамшөптердің ұрығын егістікке жібермеу мақсатымен олардың өсу ошақтарын жою, таралу жолдарын бөгеу.
Оларға жататындар:тұқымды тазалау, көңді дұрыс дайындау және қолдану, суғару суының тазалығы, азықты малға дұрыс дайындап беру, өнімді дер кезінде жинау, жолдың жағалауындағы және басқа өңделмейтін жерлердегі өсетін арамшөптерді ұдайы отап отыру, машиналарды (сеялка ж.б.) арамшөп тұқымдарынан тазарту және карантиндік шаралар.
2.3. Биологиялық күресу шаралары
Арамшөптермен химиялық әдіс арқылы күресу өнімді және тиімді деп кеңінен қолданылғанмен, экологиялық тұрғыдан, яғни қоршаған табиғи ортаны қорғау жағынан алып қарағанда, оның көптеген зиянды жақтары бар. Сондықтан да кейінгі кезде ғалымдар арамшөптермен биологиялық әдіспен күресу жолдарын зерттеп іздестіруде.
Биологиялық күрес дегеніміз арамшөптердің табиғи жауларын, яғни насекомдарды, фитофагтарды, ауру таратқыш жәндіктерді, нематодаларды, саңырауқұлақтарды, вирустарды, бактерияларды оларға қарсы пайдалану. Мысалы, күнбағыс сұңғыласына қарсы фитомиза шыбыны қолданылады. Ол сұңғыланың 82-90 пайызын жояды.
Кейінгі кезде арамшөптермен биологиялық әдіспен күресу жолдары біздің республикада да кеңінен зерттеле бастады. Бұл бағытта Қазақстан ғалымдары П.И.Мариковский мен А.И.Иванниковтың жүргізген зерттеулерін атауға болады. Олардың зерттеулерінің нәтижесінде кекіре құртын республикмыздың солтүстік-шығыс облыстарында кеңінен қолдануға болатындығы дәлелденсе, ал бұл тәжірибе Қазақстанның оңтүстігіндегі Жамбыл және Алматы облыстарында жүргізілген өндірістік тәжірибелердің нәтижесінде, қызғылт укекіре ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егісте арамшөптерге қарсы химиялық және биологиялық күрес шараларын ұйымдастыру
Тәлімі егіншілік аймағындағы арамшөптермен күресу шараларының ерекшеліктері
Арамшөптердің зиянды шегі
Арамшөптер және өсімдіктерді қорғау мәселелері
Өсімдіктер биотехнологиясы
Шөпжойғыш пестицидтер- гербицидтер
Ылғалды сақтау ресурстары технологиясы
Ауыспалы егістердің жіктелуі
Бидай өнімдерінің сақтау технологиясы
ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ БИДАЙДЫҢ ҮНДІ ҚАРА КҮЙЕСІ
Пәндер