Қарғаның тіршілігін бақылау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
Систематикалық орны 4
1 Қарғаның биологиясы 5
1.1 Торғайтәрізділердің биологиялық ерекшеліктері 5
1.2 Қарғаның биологиялық ерекшелігі және түрлері 9
ІІ Тәжірибелік бөлім 12
2.1 Қарғаның тіршілігін бақылау 12
2.2 Қарғалардың шамадан тыс көбеюіне байланысты деректер 16
Қорытынды 19
Пайдаланылған әдебиеттер 20
Қосымшалар 21

Кіріспе

Құстар - құрлық омыртқалыларының ішіндегі ең көп тобы, ауада ұшып тіршілік етуге бейімделген.
Қарға(Согvidае) -- дене мөлшері орташа, ірі болып келетін құстар. Бірсыпырасы орманда, бірсыпырасы жер бетінде тіршілік етеді. Қарғалар кез келген затпен қоректенеді. Бұл тұқымдасқа -- қүзғын. қарға, қара қарға, ұзақ, сауысқан, самырсын қус, ақтұмсық, қара қарға және қоргаторғайлар жатады.
Қарғалар - барлығымен қоректене беретін құстар. Олар жәндіктермен, балапандармен, жұмыртқамен, кеміргіштермен, кесірткелермен, бақалармен, балықпен; әр түрлі өсімдіктермен- әр түрлі өсімдіктердің ұрықтарымен, сонымен қатар тағамдық қалдықтарме және өлікселермен қоректенеді, бұл санитария үшін өте маңызды болып келеді.
Сонымен қатар қарғалардың қоршаған ортаның заттарын қолдана білу белгілі, мысалы, егер қалада тіршілік ететін қарғаларға қабықшадағы жаңғақ кездессе, ол оны жолға тастап автокөліктің басып кетуін күтіп отырады, содан кейін емін - еркін онымен қоректенеді. 1970-1980 жылдары дүкендерде пирамида тәрізді картон қағаздарда сүт сатылғанда қарғалар бұл пакеттерді жиі ұрлап тұрған, оңаша жерге алвп келіп, картонды тұмсығымен тесіп сүтті ішетін болған. Ұшып бара жатқан кезде тұмсығынан картодағы сүт түсіп қалмас үшін алдын - ала пакеттің бір ұшын тесіп қойған. Қатып қалған нанмен қоректенбес бұрын қарғалар оны шалшық суда жібітіп алған.

Зерттеу мақсаты: Қарғаның биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Қарғаның биологиялық ерекшеліктерімен танысу.
2. Қарғаның тіршілігін бақылау.
Зерттеу обьектісі: қарға
Зерттеу әдістері: бақылау, салыстыру

Систематикалық орны

Тип: Хордалылар - Сhordata
Тип тармағы:Омыртқалылар - Vertebrata
Класс: Құстар - Aves
Класс тармағы: Желпуішқұйрықты немесе Нағыз құстар - Neornithes
Отряды: Торғайтәрізділер - Passerіformes
Тұқымдасы: Қарға

1 Қарғаның биологиясы
1.1 Торғайтәрізділердің биологиялық ерекшеліктері

Торғайтәрізділер (Passerіformes) - құстар отряды. Қазба қалдықтары жоғары миоценнен белгілі. Антарктида мен кейбір мұхит аралдарынан басқа Жер шарының басқа бөліктерінде кең тараған. Құрлықтарда кездесетін 5 мыңнан астам түрі белгілі, құстардың барлық түрлерінің бестен үш бөлігін құрайды, 4 мыңдайы сайрағыш құстарға жатады. 84 түрі мен 66 түртармағы қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітабына" енгізілген. Торғайтәрізлердің ең кішісінің ұзындығы 6 см, салм. 6 г-дай, ал ең ірі түрінің дене ұзындығы 67 см, салм. 1100 - 1500 г-ға жетеді. Аяқтарында 4 саусақ болады, 3-еуі алға қарай, ал ең ірі саусағы артқа қарай орналасқан. Торғайтәрізділердің арқа омыртқаларының саны басқа құстармен салыстырғанда аз. Шалғы қауырсындарының саны - 9 - 10, ал құйрық қауырсындары - 12. Негізінен бұталардың арасы мен ормандарды мекендейді. Жерде жүретін түрлері де бар. Ал суда тіршілік ететіндері жоқтың қасы, тек сушылқара ғана қорегін су ішінде жүріп ұстайды. Торғайтәрізділердің көпшілік түрі моногамды, жылына 2 рет ұрпақ береді, ұяларында 4 - 8 жұмыртқа болады, жұмыртқаларын мекиені де, қоразы да кезектесіп басады. Қоңыржай белдеулердегілері - жыл құстары, тропиктік аймақтардағылары - отырықшы құстар. Жейтін қорегіне қарай өсімдік қоректілер және жануар қоректілер болып бөлінеді. Торғайтәрізділер зиянды жәндіктерді жеп ауыл шаруашылыңына мен орман шаруашылығына орасан зор пайда келтіреді. Торғайтәрізділер 4 отряд тармағына бөлінеді: мүйізтұмсықтылар, тиранналар, қарапайым торғайлар және сайрағыш құстар. Мүйізтұмсықтылардың (Eurylaіmі) Африка мен Азияның тропикті аймақтары мен шығыста Филлипинге дейінгі жерлерде кездесетін 8 туысы, 14 түрі бар. Дене тұрқы 13 - 28 см. Қауырсындары жасыл, көк, кейде қызыл не қара түсті болып келеді. Тиранналардың (Tyrannіdae) Америкада (тек қиыр солтүстігінде ғана кездеспейді) және Галапагос, Фолкленд (Мальвин) аралдарында кездесетін 119 туысы, 365 түрі белгілі. Дене тұрқы 8 - 40 см, қауырсындарының түсі сұр, қоңыр және жасылдау болады. Қарапайым торғайлар (Menurae) Австралияда таралған. Бұлардың көмекейінде 2 - 3 жұп дыбыстық бұлшық еттері жақсы дамыған[1].
Америкада торғайтәрізділердің 70 тен астам түрлері мекендейді. Ерекше түстерімен, тұмсығының құрылысы, өткір тырнақты, және т.б. белгілерімен ерекше. Олардың көбі - орман құстары, басқалар өзен жағалауы қысқасы сулы аймақтарда, ал басқа кейбіреулері дала, ойпатта, кейде теңізде мекендейді.
Олардың кек сақтамауы және ашық көңілді болуының кесірінен көптеген жыртқыш жануарлар және адамдардың жемтігі болады.
Тыныс органдарының - өзіндік ерекшелігі және ауада ұшуға ыңғайлылы, басқа ішкі органдарға қарағанда анағұрлым күштірек және өте айқын көзге түседі. Құстардың танаулары үстіңгі тұмсықтың түбінде орналасқан. Мұрын қуысы анық 2 бөлімге - кіре беріс қуысы және нағыз мұрын қуысына бөлінген, олар бір - бірінен мұрын қуысының түбінен шығатын кіре беріс табалдырығы арқылы бөлінеді. Құстардың кіре беріс қуысында иіс сезу қызметіне қатысы жоқ кеуілжір орналасады, оның қызметі жұтатын ауаны жылыту және ылғалдандыру. Таңдай саңылауының артқы бөлімінде ішкі танау тесігі - хоаналар орналасады.
Мұрын қуысы, хоаналар тесігі және ауыз қуысы арқылы өткен ауа кеңірдектің алғашқы бөлімі - көмекейге келеді. Көмекей саңылауы тілдің түбінің артында орналасады. Көмекей бір оймақтәрізді және екі ожаутәрізді шеміршектермен ұсталып тұрады. Оймақтәрізді шеміршек үстіңгі көмекейді дөңгелене қоршап тұрса, ал ожаутәрізді шеміршектер оның дорсальды бөлімін ұстап тұрады.
Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек қана құстарға тән ерекшелік. Төменгі көмекей кеңірдектің екі өкпеге тарамдалатын жеріне орналасады, оған тірек болатын сүйек тектес сақина бар. Көмекей қуысына, оның сыртқы жағынан келетін сыртқы дыбыс жарғақтары болады, ал осы жерде кеңірдектің төменгі тарамдалған жерінен ішкі дыбыс жарғақтары да келіп түйіседі. Дыбыс жарғақтары бекіген, арнаулы еттердің жиырылуынан, яғни тітіркенуінен олардың формалары және қалыптасуы өзгереді де, дыбысы түрліше құбылып шығарады.
Торғайтәрәздәлердәің өкпесі - біршама жинақты. Әрбір өкпе ұшы алға қарай бағытталған үшбұрыш пішінді. Құстардың өкпесі амфибилердің және кейбір рептилилердің өкпесі сияқты қуыс қапшық емес, тығыз көпіршікті дене тәрізді болып, көкірек қуысының арқа жақ қабырғасына бекиді. Бронхылары өкпе ішіне еніп, бірнеше ұсақ тарамдарға бөлінеді. Олардың кейбір салалары өкпені тесіп өтіп, ауа қапшықшалармен жалғасады[2].
Өкпеден тыс өкпе паренхимасы өтеді және ауа қапшығына ашылады. Королек торғайдың денесінде болатын ауа қапшықтары мойын бөлімінде екеу, бұғана аралығында біреу, кеудеде 2 - 3 пар және құрсағында үлкен 1 пар болады. Ауа қапшықтарының ең басты маңызының бірі құстар ұшқанда, олардың тыныс алу мезанизмін реттейді. Жерде отырғанда құстарда кеуде қуыстарының үлкейіп және кішіреюі арқылы тыныс алады. Құстар ұшқанда кеуде еттері керіліп тұрады, сондықтан көкірек бөлімінің көлемі үлкейіп немесе кішіреймейді. Міне, осы кезде құстар ауа қапшықтарындағы ауалармен және солардың әрекетімен тыныс алады. Құстар қанаттарын көтергенде, ауа қапшықтарының көлемі үлкейіп, ішіне өкпе арқылы ауа толады, ал қанаттарын төмен түсіргенде ауа қапшықтарының көлемі кішірейіп, ауа өкпе арқылы сыртқа шығады.
Ауа қапшықтарының ішінде ешбір газ алмасу болмайды. Анығырақ айтқанда, құстар денесіне ауа ендірген де және шығарғанда да, өкпе арқылы өтіп, қанды ұдайы оттегімен қанықтырады. Бұл құбылыс қос тыныс алу деп аталады. Мұндай жағдай құстардың ұшу кездерінде, денесінің тез қимыл жасауына байланысты, газ алмасу процесін тездетеді. Ұшқанда құстардың тыныс алу олардың қанатының қимылының шапшаңдығына байланысты. Ауа қапшығы тыныс алу қарқындылығын артуымен қатар, жиі қозғалыста организмді қызып кетуден сақтайды, себебі артық жылу тұрақты ауа алмасу нәтижесінде денеден шығып кетеді.
Қан айналу органдары. Торғайтәрізділердің жүрегі төрт бөлімнен тұрады. Оның жоғарғы екеуін жүрекше, ал төменгі екі бөлімін қарыншасы дейді. Қан айналу жүйесі үлкен қан айналу шеңбері және кіші қан айналу шеңбері болып бөлінеді. Сол жақ қарыншадан оң аорта доғасы басталып, бүкіл денеге артерия қанын таратады. Ал денеден жиналған веноздық қан жұп алдыңғы қуыс венаға және тақ артқы қуыс венаға жиналып, оң құлақшаға келіп құяды. Бұл қан айналудың үлкен шеңбері. Ал кіші қан айналу шеңбері оң қарыншадан өкпе артериясы арқылы венозды қанды өкпеге апарып, онда оттегіне қанығып өкпе веналары арқылы сол құлақшаға артерия қанын апарады.
Нерв системасы. Ми сыңарының үстіңгі бөлімі (крыша) ол негізінде бірінші реттегі даму дәрежесінде болған алғашқы күмбез (archipallium) деп аталатын түрінде сақталған[4].
Ас қорыту жүйесі. Шырышты сілекейлерінің арқасында безге түскен қоректері сәл ғана жұмсарып без қабырғасымен төменгі жақтағы темірлі асқазанға түседі кейде бездегі қорек бирден асқазанға түседі. Темiрлi асқазанда, қорек шиқылдай запранының әсерiне ұшырайды және шырынмен бұлшықеттік асқазанға түсіп сонда қорытылады. Асқазан, өт сөлдерінің көмегімен қоректік заттар асқазанда өте майдаланып қорытыла бастайды. Сонымен қатар қоректік заттар, майлар, белоктар, көмірсулар бірте-бірте сұйықтыққа айналып ішектердің қабырғаларына еніп, одан ары қанға өтеді. Қан қоректік заттарды барлық ағзаға тасымалдайды. Қоректік заттар құрамындағы зиянды ыдырау өрімдері бауырдан сүзіліп, барлық ағзаны қоректендіреді (адамдарда секілді).
Бұлшық еттiк асқазанға ұлтабар ұш және нәзiк iшектер жалғасқан. Он екі елі ішекке асқазан асты безден және өт асқорыту сөлiн түзедi. Асқазан асты бездiң шырыны май қышқылдарына, қантқа, белокттар мен май крахмалдарын ыдырататын ферменттері болады. Өт - май қышқылдарын ыдыратады және асқазан асты безінің шырынының әрекетiн күшейтедi. Ал басқа құстардың түрінде ол кездеседі. Соқыр ішек ағзадағы, ішектегі артық су мөлшерін сыртқа шығарады. Сонымен қатар бактерияларды жоятын бірден бір ағза болып табылады. Басқа ірілеу түрлерімен салыстырғанда зат алмасу порцесі жылдам жүреді, олар сусыз және жемсіз ұзақ уақыт шыдай алмайды. Тоқ ішегі тік ішекке жалғасады, ал тік ішекпенен қатар несеп ағар мен жұмыртқа жолы клоакаға ашылады.
Торғайтәрізділердің нәжісі клоакада несеп пен араластырады және ағзадан сыртқа шығарылуы бір мезгілде журеді. Сондықтан да толқынды тотылардын ыдырау өнімдері сұйығырақ болады және жиі - жиі сыртқа шығарылып отырады.
Сезім органдары. Торғайтәрізділердің көздері әлемді, өз түсімен көруге мүмкүндік береді және олардың бір ерекшеліктері олар әлемдегі екі түрлі бейнені бір уақытта көре алады.
Жыныс органдары. Аталық жыныс бездері бұршақ пішіндес, екі бүйрегінің үстіңгі жағында шарбы майына ілініп тұрады. Жыл маусымының өзгеруіне қарай, олардың көлемі де өзгереді. Көптеген құстардың ұрғашысының жыныс органы сол аналық безімен сол жақ жұмыртқа жолынан тұрады да ассимметриялы болып орналасады.
Көбеюі. Торғайтәрізділер есте сақтау қабілеті жақсы дамыған және олар кейде олар жүз сөзге дейін жаттай алады.
Торғайтәрізділердің негізінен аналықтары негізгі 4 тен 6 жұмыртқаға дейін салады, сирек жағдайда ғана 10 жұмыртқаға дейін салғаны анықталған. Бірақ бұл тек көбею үшін ең толық жасқа жеткен аналық Королек торғайда ғана кездеседі. Көбеюге жас құстарда, сондай - ақ кәрілерін де жіберуге болмайды. Ондай жағдайда әлсіз, тіршілікке қабілетсіз балапандар туылады. Торғайлардың аналығы жұмыртқаларын күн ара салып отырады. Бірақ жұмырталарлы басуды бірінші жұмыртқа шығарылғаннан бастайды. Басып шығару уақыты 18 күннен 19 күнге дейін созылады.
Бұлшық еттері - құстардың бұлшықеттері олардың тіршілік әрекеттеріне байланысты бірнеше ерекшеліктерімен сипатталады.
Біріншіден балықтарға, қосмекенділерге және бауырымен жорғалаушыларға қарағанда торғайдың бұлшықеттері біршама жетіліп барып күрделенген. Ол ұшу кезіндегі күрделі қозғалысқа, жүруге, өрмелеуге және тамағын табуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, аяғын қозғауға икемдеген көлемдік бұлшықеттер дене скелетіне орналасып, екінші сіңір ұштарымен аяқтарына бекіген[4].
Үшіншіден негізгі қимылын қанаттары атқаратын болғандықтан, қанаттарын қозғалтатын ірі бұлшықеттер денесінің арқа жағына орналаспай, қанаттары қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс сүйегінің екі жағына орналасқан. Артқы аяқтарын қозғалтатын 35 - ке жуық күрделі бұлшықеттері болады. Бұлардың ішінде көбірек түсетіні оралымды бұлшық ет. Бұл ет жамбастан басталып, ортан жілік бойымен созылып келіп, тізенің үстінен сіңір сияқты, қатты тарамыс түрінде оралып өтіп, одан саусақтарды иіп тұратын тарамыстарға барып жалғасады. Құс бұтаққа келіп қонғанда, тізесі иіліп, оралымды ет созылады, соның салдарынан саусақтарын иіп тұратын сіңір созылады, саусақтары бүгіліп бұтақты бүреді. Құс неғұрлым төменірек басылып, орнықтырақ отырған сайын, оралымды бұлшық ет күштірек созыла түседі де, саусақтар бұтақты бүре түседі. Сондықтан да, бұтақта қонақтап, ұйықтап отырған құстар құлап кетпейді.

1.2 Қарғаның биологиялық ерекшелігі және түрлері
Қара қарға (лат. Corvus corone) -- торғайтәрізділер отряды, қарға тұқымдасына жататын құс.
Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Қара түсіне күлгін немесе қара қошқыл түс қосылып құлпырып тұрады. Денесінің ұзындығы 47 - 50, қанатын жайғанда ұзындығы 100 - 104 см, қанатының ұзындығы 30 см, құйрығының ұзындығы 20 см. Салмағы 400 - 600 г-дай. Тұмсығының жоғарғы ұшы төмен қарай иілген. Тұмсығы қауырсынмен жабылған. Қара қарғалар қорек талғамайды, кейде құстардың жұмыртқаларын жарып, балапандарын да жейді. Отырықшы құс. Ұясын ағаш басына кейде қамыс нуларына салады. Сәуірде ұясына 4 - 5 жасыл қоңыр дақты жұмыртқа салып, оларды аналығы 18 - 20 күн басады. Аналығы мен аталығы 30 - 35 күн ұядағы балапанын бірігіп қоректендіреді. Қара Қарға кемірушілер мен зиянды жәндіктерді жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.[[]
Ала қарға (лат. Corvus cornix) - торғайтәрізділер отрядының қарға тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда кең тараған. Дене тұрқы 47 - 50 см, салмағы 0,6 кг-дай. Ала қарғаның басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Орман шетіндегі, өзен бойындағы тоғайларға, бақтарда, кейде дара өскен ағаш басына ұя салады. Мекиені 4 - 7 қызыл қоңыр, секпілді көгілдір жұмыртқаны 19 күн басады. Балапандарын кезектесіп 35 күндей ұяда негізінде жәндіктермен асырайды. Тамызда балапандары ұядан ұшады. Ересегі қорек талғамайды. Қазан айында Тянь-Шань тауының етегіне қыстауға ұшып кетеді. Ала қарға пайдалы құстардың жұмыртқасын зақымдап зиян келтіреді.[[1]]
Өмір сүруі
Ала қарға - қарғалар туысының адамдарға ең белгілі өкілі. Дене мөлшері қара қарғадай (441-600г) бола тұрып, оның өзіне тән реңі бар: басы, тамағы, қанаты және құйрығы - қара, ал қалған жабын қауырсындары-сұр. Бұл жыртқыштыққа икемдігі айқын көрінетін күшті құс. Ормандағы қарға- барлық ұсақ қанаттыларға төнген қатер, ал көлдерде суда жүзетін құстардың ұяларына үлкен нұқсан келтіреді. Адам үйректің, қасқалдақтың немесе сұқсырдың ұяларына тиіп кетсе-ақ болды ( мысалы, қайықпен қасынан жүзіп өтсе), қарғаны тап сол жерден көруге болады. Сөйтіп , бірнеше минуттан соң ұядан тек жұмыртқаның қабығы ғана қалады. Ол балапандарды да дәл солай жәукемдейді. Қазақстанда ала қарға республиканың бүкіл солтүстік жартысында - суда жүзетін құстары көп көлдерде, дала және орманды дала зоналарында қоныстанады. Қыста Қазақстанның оңтүстік жартысына жылыстайды. Әдетте қыс кезінде тау етегіндегі далада және қалалар мен ауылдардың көшелерінде жүреді. Ала қарғалар қыс жылы болса, тіпті тауға биіктей көтеріледі. Ала қарғаның саны соңғы онжылдықта Қазақстанның барлық аумағында өсе түсуде. Сөйтіп суда жүзетін құстарға маманданған аңшылықтар үшін оның зиянды әрекеті жер-жерден өте күшті сезіле бастады. Сірә ала қарғаның санын ретке келтірудің мезгілі жеткен тәрізді.
Көкқарға (лат. Coracias garrulus) - көкқарғатәрізділер отрядының бір түрі. Қазақстанның оңтүстігіндегі шөлейт аумақты мекендейді, сондай-ақ Жайық өзенімен оның тармақтарындағы аңғарларда, Ертіс өзені маңында кездеседі. Дене мөлшері кептерден сәл кішірек, қанатының ұзындығы 18 - 20 см, салмағы 180 - 200 г. Көкқарғаны басқа құстардан жабын қанатының жасылдау көгілдір реңі бойынша және өте жылдам ұшатынына байланысты оңай ажыратуға болады. Жерде қолапайсыз жүретіндіктен, көбінесе Көк қарға ағаш бұтағына қонақтайды. Көкқарға әдетте, жұп құрады және ұяны бір жұбынан екінші жұбы едәуір алшақ салады. Көкқарға - жыл құсы. Қазақстандағы орманды-далалы аймақтарға, жалғыз ағаш өскен ашық далаға, шөлейтті жерлерге мамырда ұшып келіп, өзен жарқабақтарынан ін қазып не ағаш қуысына, түрлі құрылыстардың бұғат, саңылауларына ұя салады. Ұядағы ақ реңді 2 - 7 жұмыртқаны аталығы мен аналығы кезектесіп басады. 18 - 19 күнде жұмыртқадан қызылшақа балапан шығады. Балапандары 26 - 28 күнде қанаттанады. Қыркүйекте қыстау үшін жылы жаққа (Африкаға) ұшып кетеді. Көкқарға бұзаубас, шегіртке, шекшек, қоңыздармен қоректенеді. Кейде кесірткелерді, бақаларды, тіпті ұсақ кемірушілерді де жейді. Көкқарға әр түрлі зиянды жәндіктерді жеп, пайда да келтіреді.[[1]]
Көк қарға, (Coracias garrulous),- көк қарға тәріздестер отрядының бір түрі. Биік тау қыраттарын, өзен алқаптарын, орманды даланы және кең таулы алқаптағы кеңсайларды мекендейді. Оның негізгі қорегі құрт-құмырсқалар, қоңыздар, бұзаубас, шегірткелер, шекшек т.б. Көк қарға өзен жарқабактарынан ін қазып не ағаш қуысына, түрлі саңылаулы жерлерге ұя салады. Қайсыбір кездерде басқа құстардың тастап кеткен ұясын пайдаланады, көбіне қара қарғаның немесе сауысқанның ұясын пайдаланады. Ұя салу бірінші жұмыртқадан басталып, 18-19 күнге созылады. Көк қарға Африканың оңтүстігінде қыстайды. Жыл құсы.
Көк қарға жұмыртқасы
Жұмыртқалардың астына ештеңе төсемейді, жұмсақ топырақтың үстіне жұмыртқаларын баса береді.Көк қарға 2-7 жұмыртқа салады. Жұмыртқалардың түсі ақ, азғана жылтарағы болады. Жұмыртқаның көлемі: (33-36) х (25-28) мм. Балапандар жұмыртқадан кезегімен рет бойынша шығады.
Дене тұрғы
Ересек көк қарғаның аналығы мен аталығының түсі бірдей, әдемі құс. Көк қарғаның басы, мойны, кеудесі, бауыр тұсы, қанаттары жасылды-көкті болып келеді, тамағының асты жағы күмістей жалтырап тұрады. Арқасы, қағар қанатының ішкі түстері қоңырқай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елді мекендерде өмір сүретін құстардың биологиясы
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық еңбектерінің ерекшеліктері
О.Әубәкіровтің сықақ әңгімелері
Киелі жануарлар атаулары
Құстарды корғау
Халықтық наным-сенімдердің этнолингвистикалық сипаты
Петр Ильич Чайковскийдің шығармашылығы
М. Әуезов өмірі мен шығармашылық жолы
Қазақ топырағындағы қалыптасқан философиялық ойлардағы адам мәселесі
Пәндер