Адам эволюциясынын факторлары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Антропогенез. Адам эволюциясынын факторлары

Жоспар

Кіріспе

1.Антропогенездің қозғаушы күштері

2.Адамның әлеуметтік эволюциясында үш негізгі кезеңі

3.Адамның жануарлардан шыққан дәлелдері

4.Қорытынды

Кіріспе

Антропогенез (грек. anthropos - адам, genesіs - шығу тегі) - антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Чарлз Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:
1. ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2 - 3 млн. жыл бұрын.

2. эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын

3. ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі - неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40 - 50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.

Австралопитектер бұдан 4,5 - 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Оларды антропологтар Л.Лики, Р.Лики (Англия), Д.Джохансон, Т.Уайт (АҚШ), т.б. зерттеді. Көне адам тегінің бірі - шамамен бұдан 2 млн. жыл бұрын өмір сүрген презинджантроптар. Ғылымда оларды Homо habіlіs яғни іскер адам деп атайды. Өйткені олар аз болса да тас, ағаш сынықтарына біршама өңдеулер жасап, құрал ретінде пайдаланған. Адам тегінің келесі даму сатысына архантроптар жатады. Олардың сүйектері Азияда (питекантроп, синантроп), Шығыс және Солтүстік Африкада (атлантроп), Батыс Еуропада (Гейдельберг және Вертешселлеш адамдары) табылған. Бұл дәуірдегі адамдар шель мен алғашқы ашель мәдениеттерін жасаған. Ежелгі адамдардан ертедегі адамдар (палеоантроптар - неандерталь адамы), олардан қазіргі адамдардың арғы тегі кроманьон адамы, есті адам (неоантроптар) пайда болған. Морфология ерекшеліктері бүгінгі адамдарға жақын. Антропогенездік зерттеулері есті адамдарда бұрынғы адам тектерінің кейбір белгілерінің қайталануын (рудимент, атавизм), эмбрионалдық, анатомиялық, биохимиялық, т.б. ұқсастықтарды, әлеуметтік ерекшеліктерді (еңбек құралдарын жасау, пайдалану, т.б.), әр түрлі тағамдар әзірлеу, отты пайдалану, ойлау, сөйлеу қабілетін, т.б. жағдайларды анықтады. Бұл кезде жасанды тұрақжай пайда болды, еңбек құралдары күрделене түсті. Әлеуметтік ұйымшылдыққа бейімделу байқалды. Тілдің пайда болуының арқасында әлеум. қарым-қатынас жоғары сатыға көтерілді. Мұның барлығы қосылып табиғи ортаға бейімделуінің арқасында үйлесімділік тапты. Барлық адам баласы биологиялық бір түрге (Homo Sapіens) жататын болып қалыптасты. Демек, Homo Sapіens-тың тарихи дамуы тоқтамай, жалғасып жатыр. Қазақстан жерінде ежелгі адамдар тұрақтары Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау, Жетісу), Батыс Қазақстанда (Маңғыстау, Мұғалжар), Орт. Қазақстанда (Сарыарқа, Балқаш) көптеп табылған.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Антропогенездің қозғаушы күштері
Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық факторлары

Адам -- органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алады. Адам эволюциясындағы мұндай табиғи заңдылықтарды Ч.Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Осындай табиғи әсерлердің нәтижесінде ертеде тіршілік еткен адамтектес маймылдардың денесінде елеулі анатомиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Адамтектес маймылдар бірте- бірте тік жүруге көшіп, қол мен аяқтың қызметі бір-бірінен бөліне бастады. Қолдары еңбек құралдарын жасауға дағдылана түсті. Табиғи сұрыпталу адамдардың жеке топтарының еңбек құралдарын жасауды жетілдіре түсуіне, ұжымдасып аң аулауына, қарттарға қамқорлық жасалуына колайлы жағдай туғызды.

Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде жекелей сұрыпталумен бірге, топтық сұрыпталу жүріп отырды. Бірақ антропогенезді тек қана биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Бұл арада әлеуметтік өмірдің де елеулі орын алатынын Фридрих Энгельс (1820 -- 1895) өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Ол, әсіресе еңбектің, қоғамдасып тіршілік етудің, ақыл-ойдың және сөздің маңызын атап көрсетті.

Еңбек -- адам эволюциясының маңызды факторларының бірі
Кез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады.Фридрих Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалады. Ол:
"Еңбек -- адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз",
-- деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты әлеуметтік қозғаушы күші болды. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын жасай алады. Кейбір адамтектес маймылдар қарапайым құралдарды пайдалана алғанымен, еңбек құралдарын жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады. Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Еңбек етудің нәтижесінде біздің ежелгі маймылға ұқсас ата тегімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Оны антропоморфоз деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне де өзгерістер енгізді. Еңбек -- адам эволюциясына тән негізгі фактор. Маймылдар алғашында ағаш басында өрмелеп жүріп тіршілік еткен. Кейіннен ағаштан жерге түсіп күн көрген. Олардың тіршілігіндегі бұл өзгеріс бірте-бірте екі аяғының көмегімен тік жүріп, өмір сүруіне жағдай жасады. Адамның екі аяғымен тік жүруі -- "маймылдан адамға өтуде шешуші қадам болды" (Энгельс). Тік жүрудің нәтижесінде адамның омыртқа жотасында "S" әрпі тәрізді иіліс-бұрылыс пайда болып, ол Денеге солқылдақтық қасиет берді. Ал аяқтың басы (табан сүйектері) күмбездене түсті, жамбас сүйектері жалпайып, сегізкөзбен байланысы артты, жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене түсті. Мұндай өзгерістер тұқым қуалаушылықтың нәтижесінде, миллиондаған жылдар бойы жүріп отырды. Сондықтан да адам бірден тік жүріп кеткен жоқ. Тік жүруге көшудің де өз қиындықтары болды. Тік жүру жүріс жылдамдығын баяулатты, сегізкөздің жамбаспен тұтаса байланысуы ұрпақ тууды қиындатты. Адам денесінің ауыр салмағы жалпақ табандылыққа жағдай жасады. Оның есесіне қолдың жерден босауы еңбек құралдарын жасауға едәуір жеңілдік туғызды. Қорыта айтқанда, тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең негізгі басқыш болды. Адамның алғашқы қалыптасу кезеңінде қол нашар дамығандықтан, ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте-бірте осындай белгілер тұқым қуалау арқылы ұрпақтарға беріліп отырды. Ф. Энгельс: "Қол -- еңбек ету құралы ғана емес, сонымен бірге -- қол еңбектің өз жемісі", -- деп түсіндірді. Маймылға ұқсас ата тектеріміз алғашында өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой- өрісіне, мінез-қылығына әсер етті әрі еңбек құралдарын жетілдіре түсуіне де септігін тигізді. Адамның еңбек етуге дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметтік әсерлердің ықпалының артуына септігін тигізеді. Биологиялық заңдылықтардың адам өміріне әсері бірте-бірте бәсеңдей түсті.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қоғамдасып тіршілік ету -- адам эволюциясының қозғаушы күші
Кез келген жануарлардың тіршілік әрекеті рефлекстер мен түйсіктер (инстинктер) арқылы ғана жүзеге асады. Жануарлардың топтасып тіршілік етуге көшуі тек табиғи сұрыпталу арқылы ғана жүріп отырды. Адамның ең ежелгі маймылға ұқсас ата тектері де топтасып өмір сүрді. Олардың еңбек етуі де қоғамдық сипатта болды. Сондықтан Ф.Энгельс адамның арғы ата тегін топтасып тіршілік еткен маймылдардан іздестіру керек екенін атап көрсетті. Топтаса жүріп еңбек еткендіктен, олардың арасында өзара қауымдық қарым-қатынас калыптаса түсті. Еңбек қоғам мүшелерінің қауымдасуына септігін тигізді. Олар ұжым болып аң аулауды, жыртқыш аңдардан қорғануды үйренді, қоғамдасып бала тәрбиесіне көңіл бөлді. Ересектер өз өмір тәжірибелерін ұрпақтарына үйретті. Адам бірте-бірте отты пайдалануды және оны сақтауды үйренді. Адамның арғы ата тектері бірте-бірте өсімдіктекті тағамдарды пайдаланудан жануартекті тағамдарды көбірек пайдалануға көшті. Етті тағамдар адам организмін қажетті өте сапалы аминқышқылдарымен қамтамасыз етті. Ол үшін олар аң мен балық аулау құралдарын жасауды жетілдіре түсті. Жануартекті тағамға көшу адам организміне де өзгерістер енгізді. Мысалы, адам ішегінің қысқаруы, шайнау бұлшық еттерінің жетіле түсуі, т.б. Отты пайдалану адамның арғы ата тектеріне көп жеңілдіктер мен мүмкіндіктер туғызды. Қоғамдасып тіршілік ету жағдайы адамның арғы ататектерінің табиғатты танып білуіне, өмір тәжірибелерінің жинақтала түсуіне мүмкіндік жасады. Олардан бір-бірімен ымдау, ишарат және дыбыс шығарып хабарласуды талап етті. Ең ежелгі адам пайдаланған сөздер еңбекпен тікелей байланысты болды. Бірте-бірте көмекейдің, ауыз қуысындағы мүшелердің құрылысы сөйлеуге байланысты өзгерді. Тұқым қуалау және табиғи сұрыпталу арқылы айқын сөйлеу мүшелері қалыптасты. Адам да жануарлар сияқты сезім мүшелері арқылы сыртқы орта тітіркендірулерін қабылдайды. Бұл -- бірінші хабаршы жүйе арқылы жүзеге асады. Екінші хабаршы жүйе адамның жоғары дәрежелі жүйке қызметіне тікелей байланысты. Адамның арғы тектерінің өзара сөзбен қарым-қатынас жасауы адам миының дамуына, ойлау қабілетінің арта түсуіне ықпал жасады. Сөз бірте-бірте тәрбие құралына айналды. Сөз арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас арта түсіп, қоғамдық байланыс дамыды. Адамның арғы ата тектерінің эволюциясында биологиялық және әлеуметтік факторлар бірлесе ықпал жасады. Қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасуына сәйкес адамдар арасында табиғи сұрыпталу өз мәнін бірте-бірте жойды. Оның есесіне әлеуметтік фактор (еңбек ету, сөз) адам эволюциясында негізгі орын алды. Ойлау, сөйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым куаламайды. Тек адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым куалайды. Кейде адам қоғамынан тыс тәрбиеленген жас балаларда (кейбір аңдар асырап алған) ойлау, сөйлеу қабілеттері мүлде дамымайтыны анықталды. Қоғамдық құрылыста әрбір аға ұрпақ өз білімін, өмірлік тәжірибелерін кейінгі ұрпаққа тәрбие, білім беру арқылы жалғастырады. Қоғамның дамуына байланысты адамдардың еңбек ету кабілеті арта түсті. Түрлі шаруашылық салалары дамыды, өнеркәсіп өркендеді, ғылым, өнер, сауда, дін, т.б. өрісін кең жайды. Тайпалардан бірте-бірте ұлттар пайда болды. Жаңа мемлекеттер құрылды. Қорыта айтканда, биологиялық (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) және әлеуметтік факторлардың (еңбек әрекеті, етті тағамды пайдалану, қоғамдық қарым-қатынас, сөз және ойлау) бірлескен жиынтығы антропогенездің негізгі қозғаушы күштері болып саналады .

Адамның әлеуметтік эволюциясында үш негізгі кезеңі
Адамның әлеуметтік эволюциясында үш негізгі кезеңді ажыратады. Оның
* бірінші кезеңі -- қоршаған ортаны танып-білуін өнер туындысы арқылы көрсете білуі. Мысалы, тасқа ойып суреттер салу.
* Екінші кезең -- жабайы жануарларды қолға үйретумен және егіншіліктің дамуымен тікелей байланысты. Осындай әрекеттер арқылы адам өзі өмір сүріп отырған табиғи ортаға ықпал жасай бастады.
* Үшінші кезең -- XV ғасырда қайта өрлеу дәуірінен басталған ғылыми-техникалық прогреспен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде адамның ақыл-ой санасы басты әлеуметтік факторға айналып отыр. Адамзат қазір Жер шарына кеңінен таралып, тіпті ғарыш кеңістігін игеруді де колға алуда. Адамдар қоныстанған жер биосферасы, адамның ақыл-ой санасы басқаратын ноосфераға ұласып отыр.

Адамның жануарлардан шыққан дәлелдері.
Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін, материалдық және рухани қазыналарын зеріттеитін кешенді ғылым антропология деп аталады.Антропология терминін алғаш ғылымға Аристотель енгізді. Жалпы,тірі организмдердің тарихи дамуы кезеңінде ең соңында пайда болған әрі жоғары сатыдағы тұрған тіршілік иесі - адам.Қазіргі кездегі жер бетіндегі адамдардың бәрі де бір ғана түрге - саналы адамға жатады.Адамның шығу тегі туралы көптеген көзқарастар бар.
Адамның шығу тегі жалпы тіршіліктің пайда болуымен тікелей байланыста қарастырылады. Діни ұғымдар бойынша адамды Құдай, Аллаһ тағала, т.б. жаратушы құдіреттер топырақтан, саз балшықтан жаратқан деген пікірлер бар. Ең алғашқы адамның жалпы аты - Адам-ата. Тіршілікті Жаратушы құдірет иесі алдымен Күн мен Жерді, кейіннен суды ,топырақты, Ай мен жүлдыздард ы, жануарларды жаратқан. Ал алтыншы күні Адам - ата мен Хауа - анадан жер бетідегі барлық адам баласы таралған деп түсіндіреді.
Жаратылыстану ғылымдарының пайда болуы және олардың даму кезеңдеріне байланысты адамның пайда болуы туралы басқа да көзқарастар қалыптасты. Әсіресе анатомия, эмбриология, палеонтология, т.б,ғылымдардың деректеріне байланысты адамның шығу тегі туралы ғылыми көзқарастар қалыптаса бастады. Тірі организмдерді алғаш рет швед ғалымы Карл Линнеи ғылыми жүйеге бөліп жіктеге (1735 ж.). Ол өз еңбегінде адамды сүтқоректілер класының, приматтар (маимылдар) отрядына жатқызып, түрін саналы адам деп атады.Француздың жаратылыстанушы ғалымы Ж.Б.амарк та адамның адамтектес маймылдардан шыққандығын қуаттайды. Ағылшын ғалымы Чарлиз Дарвин де өзінің эволюциялық ілімі бойынша адам адамтектес маймылдардан пайда болған деген пікірді қолдады.

Адам мен жануарларда болатын ортақ белгілер. Адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі мүшелердің құрлысында бір - біріне ұқсас белгілер көптеп кездеседі. Ондай белгілердің бірінші тобына - адам денесінде кездесетін рудиментті (латынша арғы тегінен қалған қалдық белгілер ) мүшелерді жатқызуға болады. Қазіргі кездегі адам денесіндегі мұндай рудиментті мүшелер 90 - ға жуық. Ондай мүшелерге теріасты, құлақ маңындағы бұлшық еттерді, терідегі түктерді, омыртқа жотасындағы құйымшақ бөлімін, соқырішекті, т.б. мүшелер жатады. Адамда мұндай кейбір мүшелердің атқаратын қызметі де өзгерген. Мысалы, жануаларларда болатын соқырішек, негізінен, ас қорытуға қатысатын болса, адамда қорғаныштық қызмет атқарады.
Адам денесінде кейде кездесетін жануарларға ұқсас белгілердің екінші тобына атавизмді ( латынша - арғы тегін қайталау ) мүшелер жатады. Ондай мүшелерге кейде құйрықты баланың дүниеге келуі, денесіне қалың түк өсуі, көп емшекті адамдардың тууы, т.б. жатқызуға болады. Адам денесінде кездесетін мұндай рудиментті және атавизмді мүшелер адамның арғы тегінің жануарлардан шыққандығына нақтылы ғылыми дәлел бола алады.

Адам мен адамтектес маймылдардың ұқсас белгілері.Адам мен адамтектес маймылдардың сыртқы құрылысында және мінез - құлығында да көптеген ұқсас белгілер бар. Мысалы, сыртқы орта жағдайларындағы тітіркедіргіштерге байланысты көңіл күйінің өзгеруінен, ұрпақтарыына қамқорлық жасауынан ( сүйіспешілігі, ызалануы ), т.б. айқын аңғаруға болады. Сонымен қатар маймылдарда да орталық жүйке жүйесі және есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Осыған байланысты адам мен маймылда шартсыз, шартты рефлекстер ұқсас қалыптасады. Адамтектес маймылдардың да құйрығы болмайды, саусақтарының ұшы жалпақ әрі онда жалпақ тырнақтары бар. Олардың сезім мүшелері, терісінің құрылысы, қан топтары, жалпы аурулары және олардың денесінде тіршілік ететін паразиттері де ұқсас болады. Хромосомаларының құрылысы да ұқсас келеді. Адамда - 46, ал адамтектес маймылдарда - 48 хромосома бар. Міне, осы айтылған белгілердің бәрі де адам мен адамтектес маймылдардың арғы тегінің бір - біріне жақын екендігін дәлелдей түседі.

Адам мен адамтектес маймылдардың бір - бірінен айырмашылық белгілері.Адамтектес маймылдардың көп белгілері адаммен ұқсас болғанмен, олар адам сияқты күрделі еңбек құралдарын жасай алмайды. Адамның тікелей тік жүруіне байланысты өзіне ғана тән белгілер қалыптасқан. Ондай белгілерге - омыртқа жотасының алға - артқа қарай иілуін, кеуде қуысының жазық пішінділігін, жамбас қуысының кеңдігін атауға болады. Адамның аяқтары қолынан ұзын және миы өте жақсы дамыған. Адам қолының басбармақ сүйегі басқа саусақтарға қарама - қарсы орналасқан. Ресей ғалымы Е. Тетушкин 2001 жылы адам мен адамтектес маймылдардың қан құрамын салыстыра отырып зерттеген. Ол адамдардан гиббодар -17, 9 млн, орангутандар -13,9 млн, горилла -7,2 млн, ал шимпанзелер -5,9 млн жыл бұрын бөлінген деген қорытынды жасады. Ол шимпанзенің қан құрамы мен нәруыздардың 99,6% -ы адамға ұқсас екендігін анықтады.

Дриопитектер - бұдан 25 -14 млн жыл бұрын тіршілік еткен адамтектес маймылдардың бір тобы. Олар көбіне ағаш басында, кейде жерге түсіп тіршілік еткен. Кейіннен дриопитектерден қазіргі адамтектес маймылдар мен адамдардың ежелгі арғы тегі бөлінген. Дриопитектерден адамдардың өз алдына жеке тұқымдас ретінде бөлінуі антропогенездің жаңа кезеңі болып саналады. Адамдар тұқымдасының ежелгі түрлерінің дене құрлысында адамтектес маймылдарға да, адамға да тән белгілер кездеседі.
Дриопитектер тіршілік еткен кезеңдегі тау түзілудің әсерінен жер бетіндегі ауа райы суыта бастады. Тропиктік және субтропиктік орман алқаптары оңтүстікке қарай ауысып, кең көлемді ашық алаңқай жерлер пайда болды. Төрттік кезеңдегі мұздану оңтүстікке қарай жылжып ауа райыының сууына әсерін тигізді. Ағаш басынан ашық алаңқай жерлерде тіршілік етуге көшкен маймылдар ауа райының қатал жағдайына бейімделіп, тіршілік үшін күресулеріне тура келді. Жылдам жүгіре алмайтын әрі жыртқыштардан қорғану қабілеті нашар және денесіндегі түгі сирек адамтектес маймылдар топтасып тіршілік ете бастады. Адамтектес маймылдардың бір тобы бірте - бірте екі аяқпен тік жүріп, қарапайым құралдарды пайдалануға бейімделе түсті. Дриопитектерге туыстық жақын түрлерге рамопитектер мен сивапитектер жатады. Олардың қаңқа қалдықтары Үндістаннан, Оңтүстік Африкадан, Европадан табылған. Рамапитектер бұдан 14 - 8млн жыл бұрын тіршілік еткен.
Кейбір ғалымдар оларды адамтектес маймылдар мен адам арасын байланыстыратын тіршілік иелері деп санайды Олар көбіне ашық жерлерде, екі аяғымен тік жүріп өмір сүрген. Рамапитектерден алдымен проконсулар, одан кейін горилла мен шимпанзе, ең соңынан аустропитектер бөлінген. Бұдан 8 -2 млн жыл бұрын ежелгі адамтектес маймылдардың бір тобынан ежелгі адамдардыңарғы тегі - аустралопитектербөлінген. Ол латынша "оңтүстік, маймыл "деген ұғымды білдіреді. Аустралопитектердің қаңқа қалдықтары 1924 жылдан бастап Оңтүстік Африкадан, Шығыс Африкадағы Олдовай қойнауынан ( Танзания ),Омо өзенінің аңғарынан ( Эфиопия ), Рудольф көлінің маңынан ( Кения ) табылған. Аустралопитектер топтанып тіршілік еткен, бойының ұзындығы 120 - 150 см, салмағы 20 - 50 кг, олар екі аяғымен тік жүрген. Басқа адамтектес маймылдармен салыстырғанда аустралопитектердің тісінің құрлысы адамдарға ұқсас, ал миының салмағы 450 - 650 г болған. Қоегін табу үшін және жауынан қорғану үшін тастан, жануарлардың сүйектерінен, ағаш бұтақтарынан қарапайым құралдар жасап пайдаланған. Олардың еңбек құралдарын жасай білуі адам эволюциясында елеулі рөл атқарды. Аустралопитектерді ғалымдар тікелей адамдар тұқымдасына жатқызады. Қазақстан жерінен аустралопитектердің тікелей қаңқа қалдықтары табылған жоқ. Олардың қоныс мекендері, пайдаланған тас құралдары, аулаған жануарлардың қаңқа қалдықтары. Қазақстанның көп аймақтарынан табылған. Мысалға, Қаратау, Жетісу, Сарыарқа, Балқаш, Маңғыстау, Мұғалжар, Ертіс алқаптарын атауға болады. Қазақстандағы аустралопитектердің қоныстарын 1958 - 1959 жылдары қазақстандық ғалымдар Х. Алпысбайев ( 1979 ж ), мәдени мұраларын А. Медоев ( 1982 ж ) зеріттеді. Жалпы, аустралоиктердің тарихи даму кезеңдерінде олардың бірнеше түрлері тіршілік еткен. Олар бұдан 8 -2млн жыл бұрын тіршілік еткен. Олардың ашық жерлерде тіршілік етуіне байланысты терісіндегі түктері азайған. Алдынғы аяқтарын (қолдарын ) жерге тигізбей тік жүрген әрі жылдам жүгіруге де бейімделе бастаған. Аустралопетиктер өз тіршілігін екі бағытта жалғастырған. Олардың бір тобы әрі өсімдікпен, әрі жәндіктермен қоректенетін Олардың екінщі тобы - Алып аустралопитекер, деп аталады. негізінен, өсімдіктермен қоректенген.
Аустралопитектердің барлық түрлері бұдан 1 млн жылдай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эволюциялық ілім пәні бойынша дәріс
Антропогенездің биологиялық факторлары
Дарвинизм және эволюциялық биологияның қалыптасуы
Классикалық политэкономистердің құн теориясы
В.И. Вернадский мен А.Л. Чижевскийдің еңбектері
Эволюциялық биология
Эволюциялық ілімнің негізгі міндеттері
Дарвиннің эволюциясы
Экология пәнінен барлық мамандықтың студенттерінің өздік жұмыстарына арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Жабық тұқымды өсімдіктер
Пәндер