Күнбағыстың өсіру технологиясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Биология және БОӘ» кафедрасы

Тақырыбы:

Курс:

Топ:

Орындаған:

Тексерген:

Тараз-2016 ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І. Күнбағыстың биологиялық ерекшеліктері . . . 5

1. 1 Күнбағыс тұқымына жарықтың, температураның және ылғалдың әсері . . . 10

1. 2 Күнбағыстың шаруалықта маңызы және өсірілетін аймақтары . . . 12

II. Күнбағыстың өсіру технологиясы . . . 13

2. 1 Күнбағысты себу алдындағы топырақты өңдеу . . . 19

2. 2 Тұқым және оны себуге дайындау . . . 23

2. 3 Күнбағысты жинау . . . 25

2. 4 Өнімді өңдеу және кептіру . . . 30

III. Тәжірибиелік бөлім . . . 31

3. 1 Майлы күнбағыстың облигатты және факультативті потогенге тұрақтылығының селекциясы . . . 33

Қорытынды . . . 35

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 37

Кіріспе.

І Петр Голландияда саяхатта жүргенде күймесінің терезесінен алыстан алтындай жарқыраған ашық гүлі бар, өте биік өсімдікті көзі шалып қалады. Айдаушысына «тоқта» деп бұйрық берген патша өзін қошеметтеп еріп жүрген адамнан: - Бұл қандай өсімдік? - дегенде, ол Бұл өсімдіктің мұхиттың арғы жағынан, Мексикадан әкелінгені, «Күн гүлі» деп аталатынын баяндап береді. Қатты қызыққан патша оның тұқымын Ресейге жібереді. Сөйтіп, Ресейге күнбағыс алғашқы кезде тек әсемдік үшін өсіріле бастайды да, кейіннен, ХVІІІ ғасырда жаппай таралады. Біртіндеп, адамдар мұның әсемдігінен басқа да қасиеттерін іздеуге кірісті, уақыр пен адамның ақыл-ойы бұған жауап тапты. Академик Северин мен атақты агроном Болатов 1779 ж. «Күнбағыс тұқымдасынан май алу» деген мақаласын жазды. Содан бастап күнбағыстан алғаш рет май алған орыстың қарапайым шаруасы Д. И. Бокарев екені белгілі болды. Бокаревтің бұл табысы елден - елге тез - ақ таралып кетті.

Қазіргі кезде күнбағыс - барлық аймақта өсіріліп келе жатқан аса маңызды, күрделігүлділер тұқымдасына жататын, майлы өсімдік. Шынында да, күнбағыс деп аталуы мынандай ерекшеліктеріне байланысты: оның жас себетгүлі күн сәулесі түсетін жаққа қарап тұрады. Егер күн жағынан қарасақ, күнбағыстың себетгүлі айқын сарғыш болып, ал сырт жағынан қарасақ, жасыл болып көрінеді.

Күнбағыс - биіктігі 60 сантиметрден 4 метрге дейін жететін бір жылдық шөптесін өсімдік. Күнбағыстың сабағы тік, іші борпылдақ бос өзекті болады.

Күнбағыстың тамыр - кіндік тамыр, аса тарамдалып, топыраққа терең бойлап өседі. Тамыр жүйесінің өте күшті дамуы күнбағысты құрғақшылыққа төзімді етеді. Жапырақтары ұзын сағақты, жапырақ алақаны жүрек пішінді, жиектері ара тісті иректелген, ірі, ұзындығы 10 - нан 40 сантиметрге дейін жетеді. Жапырақтары сабақтың төменгі жағында біріне - бірі қарама - қарсы, содан кейін кезектесіп орналасады. Күнбағыстың гүлшоғыры - көп гүлді, себет. Мәдени күнбағыстың негізгі белгісі - сабағы жылтыр, ұшында бір себеті бар, ал жабайы өсетін және сән үшін егілетін күнбағыстың сабағы тармақталып өседі және себеттері көп болады.

Күнбағыстың себетгүлінде 1000-ға тарта гүл болады. Олардың ішінде түтікше гүл де, жалған тілше гүл де кездеседі. Түтікше гүлдер гүлшоғырдың 3 ортасына орналасады.

Күнбағыс - жылу сүйгіш дақыл. Оны топырақ қызғаннан кейін себеді. Жарық, температура және ылғал жағдайлары күнбағыс тұқымындағы май мөлшеріне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар оның сапасына да әсер етеді. Күнбағыс тұқымындағы май мөлшері егілетіндерге байланысты.

Курстық жұмыстың көкейкестілігі: Қ. Р - дағы бір өзекті мәселе - тамақ өнеркәсібі мен мал шаруашылығын азықтандырудағы май тапшылығының жылдан-жылға өсуде. Бұл мәселенің алдын-алу үшін құрамы май мөлшеріне бай ауыл шаруашылық дақылдардың егіс көлемдерін арттыру және өндірісте күнбағыс өнімін нығайту үшін экономикалық пайдалы тұқым шаруашылығын іске қосу қажет. Осы аталған мәселелерді шешуде дәнді - майлы дақылдардың ішінде күнбағыс дақылы өзге дәнді- майлы дақылдардың ішіндегі май мөлшері көптігімен артықшылық көрсетеді.

Курстық жұмыстың зерттеу мақсаты: Күнбағыстың биологиялық ерекшеліктерін, өсіру технологиясын, шаруашылықтағы маңызын зерттеу.

Курстық жұмыстың зерттеу міндеті:

• Күнбағыстың биологиялық ерекшеліктерін анықтау.

• Күнбағыстың өсіру технологиясын анықтау.

•Күнбағыстың әртүрлі сорттарының ерекшеліктерін зерттеу.

І. Күнбағыстың биологиялық ерекшеліктері.

Тұқымнан өсімдік майы өндірілетін бір қатар екпе дақылдар майлы дақылдарға жатады: майкене, күнбағыс, мақсары, майлы зығыр, перила, жер жаңғағы, қыша, күнжіт, рапс, арыш, қышабас. Сонымен қатар өсімдік майлары мақта өсімдігі, талшықты зығыр, кене шөп сияқты тоқыма дақылдары мен май бұршақ сияқты дәнді бұршақ дақылының тұқымдарынан да өндіріледі, ал кейбір майлы дақылдарды мал азығы ретінде де өсіреді. Өсімдік майлары тағамға кеңінен қолданылады, сыр, сабын, тері тегін өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Тұқымдарынан май өндіргенен кейінгі қалдығы күнжарасы малды азықтандыруға жарамайды. Жекелеген майлы өсімдіктердің күнбағыс сабақтарынан қағаз, қалың маталарынан өндіріледі. Өсімдік майлары кебетін: перилла, арыш, зығыр; жартылай кебетін: күнбағыс, майбұршақ, мақсары, күнжіт, рапс, қыша; кеппейтін: жер жаңғағы, майкене болып ажыратылады. Қазақстанда өндірістік маңызы бар майлы дақылдарға күнбағыс, майлы зығыр, рапс, арыш, қыша, мақсары және майбұршақ жатады. Олардың егіс көлемі 63 мыңнан 483, 3 мыңға дейін жетті, алайда тұқымдарының орташа өнімі әлі төмен деңгейде қалуда.

Қазақстанда майлы дақылдардың ішінде егіс көлемі бойынша барынша кең тарағаны - күнбағыс. 1996 жылы ол 330 мың га жерде өсіріледі, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 160 мың га, Павлодар облысында 88 мың га болды. Оның жартылай кебетін майы табиғи түрінде де, өнделген түрінде де азық түлікке де кеңінен қолданылады:олиф, сабын өнеркәсіп бұйымдарын жасауда пайдаланылады. Күнбағыстың күнжарысы - өте құңды мал азығы. Суыққа төзімділігіне және жоғары өнімділігіне байланысты. Солтүстік Қазақстан бірқатар аудандар да сұрлемдік жүгеріні ойдағыдай алмастырады.

Егуге рұқсат етілген күнбағыс сорттарының тұқымдарында 47-54 пайыз май болады.

Күнбағыс астра тұқымдасына жатады, барынша кең тараған түрі - мәдени күнбағыс. Күнбағыстың бұл түрі шекілдеуігінің мөлшері, майлылығымен қабықтылығы бойынша үш топқа бөлінеді: майлы, шағылатын және аралық. Өндірістік маңызға топтың сорттары ие.

Мәдени күнбағыс - кіндік тамырлы бір жылдық өсімдік, көптеген ұсақ бүйір тамыршаларының арқасында Қазақстанның кұрғақ далалы аймағында ойдағыдай өсіріледі. Күнбағыстың тік өседі, қуатты, тікенекті түктермен көмкерілген, майлы сорттары бұтақтанбайды, биіктігі 0, 6 -2, 5м дейін жетеді.

Жапырақтары ірі, сағақтары, сабақтары кезектесіп және қарама - қарсы орналасқан, сопақ жүрек пішінді, түкті. Гүл шоғыры - диаметрі 15-20см және одан да жоғары себет. Оның негізін гүл тұғыры құрайды, шеттерінде жыныссыз тілді, ал ортасында, қос жынысты түтік тәрізді гүлдер орналасқан. Себеттің гүлдеуі созылыңқы және 7-10 тәулікке созылады. Жеміс - шекілдеуік ол жеміс қабығыннан және тұқымынан құралады. Майлы сорттардың 1000 шекілдеуігінің массасы 40-80 г және қауыздылығы - 28-35 пайызға жетеді.

Өсіп - жетілу кезеңдері - көктеу, бірінші нағыз жапырақтар жұбы, бүрленуі және гүлдеу және пісу. Күнбағыстың шекілдеуігі +4-5 температурада өне бастайды, ең қолайлы температура +16-18 деп есептеледі және бұл жағдайда күнбағыс көгі 6-8 күнде пайда болады. Өркендер -5-7 температурада үсікті жеңіл көтереді. Гүлдену кезеңіне қарай жылуға қоятын талабы арта түседі де гүлденуі мен кейінгі дамуына +25-27 температура қолайлы деп есептеледі. Күнбағыс жоғары температураға 8-10 сағат бойы тұрақты түрде шыдай алады. Басқа дақылдармен салыстырғанда аз зақымданады, транспирация күшінің нәтижесінде өсімдік бойындағы түктердің жылу сәулелерін шашыратып жіберетіндіктен жолғары температурамен күйікке ұшырамайды. Толық вегетация кезеңінде қажетті белсенді темпереатура жиынтығы 1800-2500 Солтүстік Қазақстан жағдайында ерте және орташада ерте пісетін сорттар үшін бұл көрсеткіш 1900-2000 тең.

Күнбағыс ылғалды көп қажетсінеді, қуаңшылыққа төзімділігі мен ерекшелінеді. Бұл жақсы дамыған тамыр жүйесімен, сабақ пен жапырақтардың түктілігімен түсіндіріледі. Ылғалдың тапшылығы сезілгенде жапырақтардың төмеңгі жағында орналасқан тыныс алатын ұсақ саңылаулар жабынын қырайды да, судың улануын азайтады. Өсіп - өну кезеңдеріне қарай жалпы пайдаланатын судың шығыны төмендегідей себет түзілгенге дейін 20-22 % гүлденуінің соңына дейін 60-62% піскенге дейін 18-20% жетеді.

Күнбағыс - қысқа күндік, жарық сүйгіш өсімдік. Басқа өсімдіктермен көлеңкеленуін, әсіресе жас шағында, сонымен қатар ұзақ бұлынғыр ауа-райы өсімдіктің өсуі мен дамуын әлсіретеді.

Күнбағыстың өсіп дамуына қара және қоңыр топырақтар қолайлы болып табылады, құмдақ, сазанған және сортан топырақтардың жарамдылығы шамалы.

Қазақстанда майлы дәнге күнбағыстың родник СПК Донский буданы өсіріледі.

Қарқынды өсіру технологиясының ерекшеліктері күнбағысты ауыспалы егістікте сұрі жерде өсірілген бидайдан кейін тыңайтылған күздіктерден, жүгеріден, дәнді бұршақ дақылдарынан кейін орналастырады. Бір ескертетін жайт, күнбағысты бұрынғы орнына 7-8 жылдан ерте қайталап орналастыруға болмайды. Топырақ өңдеу жүйесі алғы дақылға өсірілу аймағына, талаптардың арам шөптермен ластануына, т. б жағдайларға байланысты өзгереді. Күнбағысты таза сұрі жерде өсірілген бидай немесе күздіктерден кейін орналастырғанда алдынғы дақылды жинап алысымен танаптар жазық тілгіш терең қопсытқыштармен 20-22 см және одан да тереңге қопсытылады. Жүгері алғы дақылынан кейін әрозиялық қауіпті ескере отырып, танапты терең қопсытуға немесе аудара жыртуға болады. Алғы дақылдардың арам шөптермен ластануы айтарлықтай жоғары болғанда және олардағы егінді жинағаннан кейін, жылы әрі ылғалды ауа райы қалыптасса, сонымен бірге әрозиялық қауіпі болмаған жағдайда негізгі өндеудің алдында арам шөптерді еліктету мақсатында танаптар алдын ала дискіленеді. Қыста 1-2 рет қар тоқтатуда он нәтижесінде. Ерте көктемде топырақтың физикалық пісуіне қарай ине тісті немесе тісті тырмалармен топырақ кесектерін үгіту және оның бетін тегістеу үшін топырақ тырмаланады, арам шөптер де көктеуге еліктенеді.

Себу алдында танаптар 6-8 см тереңдікке қопсытылады және бір мезгілде тығыздалады.

Күнбағыс 1ц тұқым қалыптастыруға орта есеппен 6 кг азот, 3 кг шамасында фосфор және 18 кг калий шығындайды. Бұл көрсеткішттер астық дақылдарына қараған да анағұрлым жоғары. Бұл майлардың деңгейдегі құнарлығымен және колориялы органикалық заттар екендігін түсіндіріледі. Өсіп жетілуі кезеңдерінде қоректік заттарды күнбағыс өсімдігі біркелкі сіңірмейді; азоттың барынша көп мөлшері себетің пайда бола бастауынан гүлдеуге дейін, фосфор көктеуден гүлдеуге дейін және калий себеттің түзілуінен піскенге дейін пайдаланады. Бағдарланған өнімге байланысты қажетті тыңайтқыштар мөлшері баланстық әдіспен анықталады. Фосфорлы және калий тыңайтқыштары күзде топырақты аудара жыртқанда немесе терең қопсытқанда енгізіледі, ал азот тыңайтқыштары көктемде себу алдында қолданылады. Күнбағыстты себумен бірге әр гектарға енгізілген 15-20 кг түйіршіктелген супер фосфот сондай мөлшерде азотпен үстеп қоректендіру жақсы нәтиже береді.

Егуге күнбағыстың бірінші және екінші класты тұқымдары пайдалынады, олар нақты мөлшерде себуге іріктелген болуы керек, себу алдында тұқымды 80%-ті ТМД 3 кг/т улы затымен дәрілейді. Тұқымның сіңіру тередігіне топырақ температурасы +10 - 12 ℃ - \ ℃ - \ ға жеткенде сепкен дұрыс. Қазақстанның көптеген облыстарында бұл жаздық бидайдың себу мерзіміне (мамырдың 1 -2 он күндігі) сәйкес келеді. Қатар аралықтары 70 см және қатарындағы өсімдіктердің ара қашықтықтары 24-30 см етіп теспелі тәсілімен, себу мөлшерін егін жинау алдындағы түпкілікті өсімдік санына есептеп себеді және ол көрсеткіш аймақтар бойынша төмендегідей болуға тиіс, ормандағы және далалық аудандарда 40-45, жартылай қуаншылықты далалық аймақтарда 30-40 және қуаншылықты аудандарда кездеседі.

Тұқым ылғалды топырақ қабатына сіңіріледі (6-7 см) ; топырақ ылғалдығы жеткіліксіз болғанда тереңірек сіңіруге болады (8-10 см) . Себуден соң ілі-шала егістік бұдырлы таптағыштармен тығыздалады. Күнбағысты сепкеннен 4-6 тәулік өткен соң, егіс көгіне дейінгі тамырлау жүргізіледі, ал нағыз жапырақтардың бірінші жұбы пайда болғанда егін көгі тырмаланады.

Өсіп тұрған арамшөптерді қырқу үшін қорғау алаңын 12-15 см қойып қатараралықты 8-10 см тереңдікке қажет болса, екіншісін 6-8 см тереңдікке жүргізеді.

Егістікте арамшөптермен күресті химиялық тәсілмен де жүргізеді, қос жарнақтыларға және біржылдық астық тұқымдастардың біразына қарсы топырақ гербициді прометринді қолдану тиімді. Оны егістен бұрын немесе күнбағыс өскін берер алдында топыраққа негізеді.

Астық тұқымдас бір жылдық арамшөптер топыраққа енгізілген трефланмен де (1, 0-2, 5 кг\га) жойылады.

Жемістерінің байлануын көтеру үшін гүлдену кезеңінде күнбағыс егістігінің әр гектарына 1-2 бал ара ұясын апарып қояды. Күнбағыс егістігінде жинар алдында десикация(қүрғату) жүргізу пісуді 10-12 күнге жеделдетеді, тұқымның бір мерзімде пісуін камтамасыз етеді, механизм күшімен жинауды жеңілдетеді, сұр және ақ шіріктің дамуын тежейді, құрғақ тұқым жиналады, тұқымның шығыны кемиді. Десикацияны күнбағыстың жаппай гүлдеуінен 35-45 күн өткеннен соң (себеттегі дәннің ылғалдылығы 35-30% болғанда) магний хлоратымен (20 кг\га) немесе жаңа дәрмек «Бастамен» (2 кг\га) жүргізеді.

Жинауды десикациядан кейін дәннің ылғалдылығы 14-12% жеткенде, ал тұқымдықта 6-8% болғанда қайтадан жабдықталған астық жинағыш комбайындармен атқарады. Әдетте бұл мерзім ауа - райына байланысты десикацияланғаннан 7-15 күн өткен соң басталады. Тұқым жиналысымен жедел түрде тазаланады, қажет болса құрғатылады. Сақтауға құйылатын тұқымның ылғалдылығы 7-8% -тен аспайды. Өсімдік майлары тоқыма өнеркәсібінде (су өткізбейтін маталар, сиса жасау), кленка өндірісінде, медицина салалсында қолданылады. Олар жеңіл өнеркәсіп өндірісінде, яғни сабын, зәйтүн, линолиум өндіру үшін шикізат қоры болып табылады.

Май бұршақтың күнжарасы мен майкене қоспалары желім, пластмасса және басқа заттар алу үшін қолданылады. Кейбір майлы өсімдіктердің (күнбағыс, зығыр және тағы басқалары) күнжаралары мал үшін концентратты бағалы жем. Көптеген май дақылдары - балды өсімдіктер.

Өсімдік майы - әр түрлі май қышқылдар қосылысынан құрылған күрделі үш атомды спирт - глицеринді эфирлер.

Ақуыз және көмірсу қосылыстарымен салыстырғанда өсімдік майы аз қышқылданатын жоғары кернеулі қосылыс, өйткені 1 г өсімдік майында 9500 каллория болса, ал 1 г ақуыз бен калий сутегінде осыған сәйкес 4400 - 4500 және 4000 - 4200 каллория бар.

Әр түрлі майлы дақылдардың дәніндегі майдың мөлшері мен оның сапасы топырақ, климат, қолданылатын агротехника, әр өсімдіктің сорттары мен түріне байланысты болады. Мысалы, күнбағыс дәніндегі майдың мөлшері 29, 0 пайыздан 56, 9 пайызға дейін ауытқыса, мақсарының дәніндегі мөлшері осыған сәйкес 25, 0-37, 0 пайыз аралығында болады.

Йодтық санының мөлшеріне қарап Л. С. Иванов барлық майлы дақылдарды үш топқа бөлді:

-бірінші топқа техникалық мақсатта қолданылатын, тез кебетін, йодтық саны 130- дан жоғары зығыр, перилла және басқа өсімдіктерден алынатын майлар жатады;

-тамаққа пайдаланылатын, баяу кебетін, йодтық саны 85-тен 130- ға дейінгі күнбағыс, май бұршақ, қыша, рапс, мақсары және басқа дақылдардан алынатын майлар екінші топқа кіреді;

-үшінші топқа тамақ және техникалық мақсат үшін пайдаланылатын, кеппейтін, йодтық саны 85-тен кем майкене және басқа өсімдіктерден алынатын майлар жатқызады.

Өсімдік майларының түрі, дәмі, консистенциясы және басқа белгілері жағынан да бір - бірінен айырмашылығы бар. Қазақстандағы 2006 жылғы майлы дақылдардың егіс көлемі 670, 0 мың, оның ішінде суармалы жерлерде 37, 0 мың гектар болып, олардың әр гектарынан орташа есеппен 7, 0 центнерден жиналып, жалпы өнім 229, 76 мың тонна болды.

1. 1 Күнбағыс тұқымына жарықтың, температураның, ылғалдың әсері.

Алғашқы даму кезеңінде күнбағыс ылғалды онша керек етпейді. Оның себілген дәні топырақтың тұқым сіңіру тереңдігіндегі жылылық 3 \ ℃ \ ℃ жеткенде өне бастайды. Бірақ себілген тұқым тез және біркелкі көктеп шығыуы үшін қолайлы температура +20-25 шамасында болып табылады.

Топырақта бөртіп, бірақ өнбеген тұқымы 13 , ал жер бетінде көктеп шыққан жас өркені 50-60 суыққа үсімейді.

Күнбағыстың гүлдену кезеңіндегі қолайлы температура +20-25 болып саналады. Күшті. дамыған және топырақтың терең қабатында бойлап өсетін тамыр жүйесі болғандықтан күнбағыс құрғақшылыққа да төзімді келеді. Дамуының алғашқы кезеніңде ауа және топырақ құрғақшылығын жақсы көтереді.

Ылғалды ең көп қажет ететін мезгілі күнбағыстың табағы пайда болуы гүлдену кезеңі. Осы мезгілде өсімдік өсу кезеңінде сіңіретін барлық ылғалдың 44 пайызын пайдаланады.

Аталған уақытта ылғал жеткіліксіз болғанда, табақтың ортасындағы дәндер толыспай, жеңіл болып қалады.

Күнбағыстың бір ерекшелігі ол көктеп шыққаннан бастап табақ құрғанға дейін топырақтың 80 см тереңдігіне дейінгі ылғалды пайдаланады. Бірақ одан артық тереңдіктегі ылғалды пайдалану қиындыққа соғады. Сондықтан жаздың екінші жартысында жауған жаңбыр күнбағыс үшін өте пайдалы.

Құрғақшылыққа төзімді болғанымен күнбағыстың транспирациялық коэфиценті 470 - 590 - ке тең, сондықтан одан мол өнім алу үшін топырақтың ылғалдылығын оның далалық су сыйымдылығы 70 пайыздан кем болмау керек . Күнбағысқа егуге қара және қызғыл - қоңыр топырақтар қолайлы. Грануламетриялық құрамы ауыр саздақ және жеңіл құмдақ топырақтар күнбағыс өсіруге жарамайды.

Ауыспалы егістікке күнбағысты күздік және жаздық дәнді дақылдардан, жүгеріден, дәнді бұршақты дақылдардан кейін еккенде жақсы өнім алуға болады. Әр түрлі аурулар, зиянкесттер және арамшөпттер оның ішінде сұңғыла күнбағысқа зиян келтірмеуі үшін оны бір егілген жеріне 7 - 8 жылсыз қайталап себуге болмайды.

Тыңайту. Күнбағыстың 1 тонна дән құрау үшін топырақтан 60 кг азот, 26 кг фосфор және 186 кг калий пайдаланады. Осы сіңірілген элементтерінің орнын толтыру үшін топырақты тыңайту керек. Ол үшін күнбағыстың осы элементтерді қай уақытта қалай пайдалану ерекшеліктерін білген жөн.

Күнбағыстың қоректік элементтерді ең көп қажет ететін кезі көктем шыққаннан бастап, гүлдегенге дейін, ал одан кейін ол бұл элементтерді шамалы мөлшерде пайдаланады. Алғашқы өсіп - даму кезеңінде азотқа онша зәругенге дейін оны көп мөлшерде керек етеді, бірақ бұдан соң оның азотты сіңіру тағы да төмендейді. Калцийді бүкіл өсу кезеңі бойынша пайдаланады, дегенмен оны табақ құрудан толық пісіп жетілгенге дейін көбірек сіңіреді. Егер топырақта азот көп, фосфор жеткіліксіз болса, күнбағыстың өсу кезеңі ұзарып, дәніңдегі майдың мөлшері азаяды. Күнбағыстың жақсы өсіп дамуына топырақтың өзеңдегі калий қоры жеткілікті, сондықтан оған калийлі минаралдық тыңайтқыш берудің қажеті жоқ. Күзде сүдігер жырту алдында әр гектарға 30-40 тонна көң және әсерлі заттар есебінен 60-70 кг фосфор шашып, топыраққа сіңіреді. Себу кезіңде тұқымнан бірге әр гектарға әсерлі заттарға есебінен 10-15 кг түйіршікті суперфосфат сіңірген жақсы нәтиже береді. Азот минералдық тыңайтқышымен күнбағысты әр гектарға әсерлі заттар есебінен 15-20кг мөлшерде үстеп қоректендіру қажет.

Топырақ өңдеу. Басқа дақылдар сияқты күнбағысқа танапты дайындау алғы дақылдарды жинап алғаннан кейін топырақты негізгі өңдеуден басталады. Күзде топырақ өңдеу тәсілі күнбағыстың алғы дақылына, танаптағы арамшөптердің түрлеріне және басқа жағдайларға байланысты.

Дәнді дақылдар мен жүгері алғы егістіктерінен кейін танапта бір жылдық арамшөптер басым болса, топырақты 6-8 см-ден 8-9 см-ге дейін 2-3 рет қопсытады, содан кейін ПН-4-35, ПН- 8-35 және басқада түренді соқалардың бірімен 20-22 см тереңдікке сүдігерге жыртады.

Танапта көп жылдық арамшөптер басым болғанда оны гербицидтермен қоса әр түрлі тереңдікке өлшейді. Алғы дақылды жинап алғаннан кейін аңызды ЛДГ-10, ЛДГ-15 сыдыра жыртқышттармен 6-8 см тереңдікке өңдейді, ал арамшөптер көктеп шыққаннан кейін талапты жазыққа сыдыра тілгіштермен 12-14 см тереңдікке өңдеуге қайталайды.

Арам шөптерді толық жою үшін әр гектарға 1, 5-2 кг 2, 4-Д гербицидін бүркиді. Осыдан 10-15 күн өткенде соң жерді 27-30 см тереңдікке түренді соқалардың көмегімен жыртады.

Егін себер алдында бүркелетін гербицидпен топырақтың беткі қабатында дұрыс сіңуіне және егін себу жұмысы сапалы болуына жағдай жасау үшін танапты НП-8 құралымен тегістейді. Содан кейін әр гектарына 1, 5 кг трефлан, 2-3 кг прометрин немесе 3, 5 кг түйіршікті эптам, Гезабард 50 кг 12, 0-4, 0 кг гербицитерінің бірін енгізіп, топырақтың 8-9 см жоғары қабатымен араластырады. Осы гербицидтер арамшөптерді 60-90 пайызға дейін құртады. Тұқым себер алдында топырақты 5-7 см тереңдікке копсытады.

1. 2. Күнбағыстың шаруашылықта маңызы және өсірілетін аудандары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Себу жұмыстары
Күнбағысты өсіру агротехникасы
Күнбағысты өсіру технологиясы
Күнбағыстың морфологиялық сипаттамасы және оны өсіру жолдары
Жамбылобылысы шу ауданы жағдайында күнбағысты негізгі зиянкестері мен ауруларынан қорғау шараларын ұйымдастыру
Күнбағыс аурулары
Тұқымды себуге дайындау
Май алынатын күнбағыс
Күнбағыс дақылын өсіру технологиясы
Сүрлемдік дақылдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz