Вегетативтік көбею
Кіріспе
Организм көбейгенде артына өзі сиқты ұрпақ қалдырып, сол организмнің санын көбейтеді, оны табиғатта сақтап қалады.
Организмнің көбеюіне сыртқы ортаның әр қилы жағдайлары әсер етеді. Сондықтан адамзат өзіне тиімді жағына қарай өзгертіп отырады. Зиянды өсімдіктердің көбеюін шектеп, пайдалыларға жағдай жасап, өркендетеді.
Әртүрлі өсімдіктердің көбею мерзімі біркелкі болмайды. Кейбірінің көбеюі сол особьтардың өсу мерзімі тоқтағаннан кейін ғана басталады.(бір жылдық және көп жылдық). Кейбір өсімдіктер көбейе бастағаннан кейінде олардың бойының өсуі тоқтамайды (көп жылдық гүлді өсімдіктерде). қайсыбір өсімдіктердің өсу процессі тоқтағаннан соң бірнеше жылдан кейін ғана көбейеді (бамбук).
Сонымен бірге жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көбеюі бір келкі емес. Соған байланысты өсімдіктер монокарпты, поликарпты деп бөлінеді. Монокарптың - бір жылдық өсімдік (түйежапырақ, бамбук). Вегетациялық дәуірінің ішінде бірақ рет жеміс беріп көбейеді.
Поликарпты - (көп жылдық өсімдіктер, ағаш бұталар) кемеліне келіп, жасы толысымен жыл сайын жеміс беріп көбейеді.
Өсімдіктер жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Тарихи даму барысында алғаш қарапайым жыныссыз жолмен көбею келіп шыққан. Бірте-бірте даму күрделенген сайын көбею жолыда күрделенген деген жорамал. Яғни, жынысты жолмен көбею келіп шыққан жыныссыз көбеюге қараған да жынысты жолмен көбеюдегі пайда болған ұрпақ тіршілік қабілеті күшті келеді. Себебі, жынысты жолмен көбейгенде екі түрлі жыныстық тұқым қуалайтын қасиеттері бірігіп, олардың ұрпақтарында тіршілікке бейімділіктері арта түседі.
Курстық жұмыстың мақсаты: өсімдіктердің көбею ерекшеліктерін анықтау
Курстық жұмыстық міндеті:
- көбею барлық тірі организмдерге тән қасиет екенін анықтау;
- өсімдіктердің жыныссыз және вегетативті көбеюі түрлерін талдау;
- өсімдіктердің жынысты көбеюін қарастыру.
Көбею - барлық тірі организмдерге тән қасиет
1.1 Көбею туралы жалпы түсінік
Барлық тірі организмдер сияқты өсімдіктерге де қоректену, тыныс алу, қимыл, тітіркену, өсу, даму және көбею сияқты қасиеттер тән. Бұл қасиеттер бір-бірімен өте тығыз байланысты. Осының ішінде көбею өзінің биологиялық мәні тұрғысынан басқа қасиеттерден ерекше. Өйткені көбею кезінде негізінен аналық особьке ұқсас жаңа организмдер пайда болады.
Көбею -- тірі организмнің жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталып, табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті. Көбею барысында өсімдіктердің кейбір түрлерінде особь сандарының артып, өз ортасында кең таралып, жаңа кеңістіктерді қамтиды. Бұл прогрессивті түрлерге тән. Ал кейбіреулерінде особь саны тұрақты, олардың таралу кеңістігі, ареалы көлемін ұлғайтпайды не кемітпейді.
Өсімдіктердің келесі бір түрлерін особь сандары, соған сәйкес олардың таралу кеңістігі үнемі кеміп отырады. Бұл регрессивті түрлерге тән. Бұлар табиғи түрінде жойылып кетеді.
Көбеюдің үш кейпін ажыратады. Олар: жынысты көбею, жыныссыз көбею және вегетативтік көбею. Жынысты көбею кезінде жаңа организм әр түрлі жыныс жасушаларының қосылуынан пайда болады. Жыныссыз көбеюде жаңа организм жыныс тұрғысынан жіктеле қоймаған бір жасушаның өзінен жетіледі. Вегетативтік көбеюде жаңа организмге бастаманы вегетативтік мүшелер, олардың бөліктері және түр өзгерістері (метаморфоз) береді.
Көбею - барлық организмге тән тіршілік қасиеттерінің бірі.

Сонымен бірге жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көбеюі біркелкі емес. Соған байланысты өсімдіктер монокарпты, поликарпты деп бөлінеді. Монокарптың - бір жылдық өсімдік (түйежапырақ, бамбук). Вегетациялық дәуірінің ішінде бірақ рет жеміс беріп көбейеді.

Жыныссыз көбею кезінде ұрпақтың саны көп болады, яғни көбею қарқынды жүреді. Организмнің бөліктері бөлініп, өзінше жеке организмге айналатын болса, оны жыныссыз көбею дейді. Жыныссыз көбею екі түрлі болады:
1.Нағыз жыныссыз көбею.
2.Вегетативтік көбею.
1.2 Өсімдіктердің жыныссыз көбеюі
Нағыз жыныссыз көбею - өсімдіктің органының сыртынан кейде ішінен клеткалар пайда болып, олар өзінше дербес өмір сүруге бейімделді. Ондай жеке организмге айнала алатын қасиеті бар клеткаларды спора деп атайды.
Спора - көбіне шар тәрізді, домалақ, кейде өте ұсақ болады. Кейбір спораның бір ұшында талшықтары болады. Бұл талшықтар арқылы споралар ылғалды жерде қимылдайды. Мұндай түрін зооспора деп атайды. Спора түзілетін арнаулы мүшесін-спорангии, ал өсімдіктің өзін спорофит деп атайды.
Жыныссыз көбею споралары немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Споралар (грекше spore-тұқым) құрлық өсімдіктеріне тән, олар өз бетінше қозғала алмайды, салмақтары өте жеңіл болғандықтан, ауа толқыңдары арқылы таралады. Зооспоралар (грекше zoo -- жануар, zoospore -- қозғалатын спора) суда, ылғалға қаныққан топырақта өсетін өсімдіктерге тән, бұлар талшықтармен жабдықталған, соның көмегімен өз ортасында қозғала алады. Споралар арқылы төменгі сатыдағы өсімдіктердің басым көпшілігі (балдырлар, саңырауқұлақтар), жоғары сатыдағы мүк тәрізділер мен папоротник тәрізділер көбейеді. Бұл кейінгілерін тұқым арқылы көбейетіндерден жеке-жеке типке бөлді. Мысалы, мүктер типі, папоротник тәрізділер типі, ашық тұқымдылар типі және т. б. деген сияқты. Ботаниктердің басым көпшілігі осылардың ішіндегі соңғы пікірді құптауды.
Жылбұрындардың даму циклі. Жылбұрын -- өзі аттас келген тұқымдасқа жататын жоғары сатыдағы споралы (архегонийлі) шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Мұны осы күні қырықбуын деп те жүрміз. Жылбұрынның жер астында бұтақтанып өсетін тамырсабағы болады. Одан жер бетіне бұтақтанып өсетін сабақтары шығады. Сабағының буын аралығы қамыстікі сияқты қуыс болады. Жасыл түсті болатын сабағы мен өркендерінің эпидермис жасуша қабықшаларына кремнезем сіңіп қатайып кетеді де, оларға қашырлағыштық қасиет береді. Бұл қасиет инкрустация деп аталады.
Папоротник сияқты, өсіп тұрған тұтас жылбұрын да спорофит болып табылады. Бұның өркендері ұшында айырықша болып өскен масақшалары болады. Олар шоқтанып орналасқан бірнеше ұсақ-ұсақ жапырақтардан -- спорофиллден -- тұрады, оның пішіні алты бұрышы бар қалқанша тәрізденіп келген. Қалқаншаның сабаққа қараған төменгі жағында 8-15 шамасыңда қалталанып біткен бүртіктері болады, олар -- спорангий. Олардың археспорияларындағы жасушалар редукция жолымен бөлінгеннен кейін ядроларында гаплоид санды хромосомасы бар жасыл түсті домалақ көптеген споралар пайда болады. Әрбір спораның жасуша қабықшасы үш қабатты: оның сыртқы қабатынан гигроскопты қасиеті бар ширатылған таспа тәрізді екі өскінше жетіледі. Олар ауа ылғалды болса, спораға жабысып қалады да, ал құрғақ кезде спорадан ажырап, өрмекшінің аяқтары сияқтанып тармақтанады. Осы таспа сияқты бөлімімен құрғақ жеңіл түйіршіктерге жабысып, жел арқылы бір жерден екінші жерге барып түседі. Қолайлы ортаға түссе споралар өсіп, олардан өскінше пайда болады. Бұның түсі жасыл, үстіңгі жағы тілімденіп, телімденіп кеткен, көлемі кіші.
Әрбір телімдердің ұшында антеридий орналасады да, олардан көптеген сперматозоид пайда болады. Жылбұрынның аналық жыныс мүшесі архегоний папоротниктің архегонийіне өте ұқсас келеді де, өскіншенің көп қабатты бөлімінде жетіліп шығады. Ұрықтанған аналық жыныс жасушасынан жылбұрынның жыныссыз ұрпағы пайда болады.
Бұрын барлық жылбұрын өскіншелерін дара жынысты: ұсақтары тек антеридий, ал ірілерін архегоний деген. Кейініректе жылбұрынның кейбір түрлерінің өскіншілері қос жынысты болып келетіні анықталды. Жылбұрын өскіншілерінің дара жынысты болып көрінетін себебі: олардың екеуі бір мезеттің ішінде бірдей жетілмеуі (архегоний бұрынырақ жетіледі), сонымен қатар олардың қоректену қарқыны да бірдей болмайды.
Жылбұрынның папоротниктерден ерекшелігі -- (вегативтік мүшелерін есептемеген кезде) жапырақтарына ұқсамайтындай болып спорофиллдерінің айрықша жіктелуі. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің көбею эволюциясының бағыты: спорофилдерінің әрмен қарай өзара жіктелулері, жыныстарының морфологиялық белгілерінің өзгешеліктері, өскіншелерінің редукциялануы.
1.3 Өсімдіктердің вегетативті жолмен көбеюі
Вегетативтік көбею деп вегетативтік денеден тіршілікке қабілетті бөліктер бөліну арқылы түрдің жеке санының артуын айтамыз. Вегетативтік көбею алуан түрлі және өсімдіктердің барлық топтарында кең таралған. Бір жасушалы балдырлар мен бактерияларда вегетативтік көбею жасушаларының екіге бөлінуі арқылы жүзеге асады. Колониалды балдырларда, олардың жасушаларының вегетативті көбеюінен жас колониялар пайда болады.
Көп жасушалы балдырларда вегетативтік көбею, олардың талломдарының кездейсоқ бөліктерге бөлінуі арқылы жүреді. Жіпшелі көк-жасыл балдырлардың кейбір түрлері (носток, анабена) гетероцисталары арқылы көп жасушалы гормогонияларға бөлінеді. Көбеюдің мұндай қарапайым тәсілі тек төменгі сатыдағыларға ғана емес, суда тіршілік ететін кейбір гүлді өсімдіктерге де (сужапырақ, мүйіз жапырақ, егеушөп) тән. Осылай көбею нәтижесінде XIX ғасырда Еуропаға енген Канада сужапырағы су қоймаларында кең таралғандықтан, жергілікті тұрғындар су чумасы деп атаған.
Саңырауқұлақтарда вегетативтік көбеюдің қарапайым жолы -- мицелийдің жеке учаскелерге бөлінуі, бүршіктенуі (ашытқылар) арқылы жүрсе, арнаулы маманданған түрі кондиилер, оидийлер және хламидоспоралар арқылы жүзеге асады. Оидийлер мен хламидоспоралардың пайда болуы көбеюдің вегетативтік жолынан жыныссыз жолында өтпелі түрі ретінде қарастырылады.
Қыналар, денесінің арнаулы бөліктері -- соредийлері, кейде сирек изидийлері, ал бауыр мүктері өнімтал бүршіктері арқылы көбейеді. Өсімдіктердің вегетативтік көбеюі оның регенерациялық қабілетіне негізделген. Регенерация (латынша регенерацио -- жандану, қалпына келу) -- өсімдік денесінде жетіспейтін мүшелердің немесе тұтас өсімдіктің өсімдік денесінің жеке бөліктерінен, тіпті жеке вегетативті жасушасынан қайта қалпына келуі. Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде өсімдіктердің регенарация қабілетінің өте жоғары болатынын байқаған. Мысалы, жасаңшөп жапырақ эпидермасының бір жасушасынан тұтас өсімдік, сол сияқты көптеген өсімдік топтарының гүл табанынан, гүл желегінен, аталығынан тұтас өсімдіктер өсірілетіні белгілі.
Вегетативтік көбею кезінде аналық өсімдіктен пайда болған жас особьтар жиынтығы клон деп аталады. Гүлді өсімдіктерде клонда тамырсабақтың бұтақталған ескі бөліктерінің біртіңдеп бұзылуынан, каудекс, кіндік тамырдың партикулдануынан, сол сияқты жер беті және жер асты столондарының ұшындағы түйнектер мен жуашықтардан жас өсімдіктер бастамасы ретінде жетіледі. Вегетативтік көбею табиғатта өздігінен жүретін табиғи және адамның қатынасуымен жүзеге асатын -- жасанды деп екіге бөледі. Бұл екеуінің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Өйткені табиғи вегетативтік көбею өсімдіктердің регенерациялық қасиетіне, ал екіншісі түрлі әдістерді қолдану арқылы қолдан вегетативтік көбейтуге негізделген.
Жоғары сатыдағы сабақты-жапырақты өсімдіктер тамыр атпалары, тамыр сабақтары, мұртшалар, желілері (көген сабақтары), түйнектері, столондары, жуашықтары, өнімтал бүршіктері арқылы табиғи вегетативтік жолмен көбейеді.
Көптеген сүректі өсімдіктер және біраз шөптесін өсімдіктердің кейбіреуі тамыр атпалары (тамырдың эндогенді қосалқы бүршіктерінен өскен жас өркеңдер) арқылы көбейеді. Эндогенді бүршіктер жанама тамырлар сияқты жетіледі. Қосалқы бүршіктерден өсіп шыққан жас өркендер көбейіп, тез тарайды. Мәдени түрінде мұндай өсімдіктер тамыр атпалары арқылы көбейтіледі. Тамыр атпалары арқылы көптеген сүйекті жемістер -- қара өрік, шие, алма, сол сияқты терек, тал, көк терек, қандағаш, жөке, ақ қараған, серігүл, сиыр бүлдірген көбейеді. Шөптесін өсімдіктерден -- сүттіген, шырмауық, бақбақ, желкек, қалуен т.б.
Тамыр сабақтары арқылы көбею негізінен көп жылдық шөптесін өсімдіктерге тән. Тамырсабақты өсімдіктерге: жыланқияқ, папоротник, селеу, қамыс, қоңырбас, кияқ, жатаған бидайық, адыраспан т.б. өсімдіктер жатады. Бұлардың жер астындағы өркендерінің буыны және буын аралықтары бар. Буындағы бүршіктерден жас өркендер өсіп, вегетативтік көбеюді қамтамасыз етеді. Қысқарған тамырсабақтарда бүршіктер жиі орналасады да, олардың жер бетіңдегі өркендері де жиі шоқтанып жатады, ұзарған тамырсабақтарда бүршіктер сирек орналасады, сондықтан олардың жер бетіңдегі өркендері де сирек. Ұзарған тамырсабақты өсімдіктер жан-жаққа тарамданып, тез арада жайылып өседі.
Көптеген жатаған өсімдіктер мұртшалары арқылы, ал төселмелі сабақты өсімдіктер желілері арқылы көбейеді. Жатаған өсімдіктерге ақ бас беде, қой бүлдірген, қазтабан, жатаған, сарғалдақ, тас бүлдірген т.б. жатады.
Жатаған өркеннің топырақпен жанасқан буынынан қосалқы тамыр жетіліп, осы жердегі жапырақтың қолтық бүршігінен жас өркен шығып, көбеюін жалғастырады. Жатаған өркендердің буын аралықтары өліп, жас өсімдік пен аналық өсімдіктің байланысы үзіледі. Жас өсімдік те, аналық өсімдік те өз алдына жоғарыдағыдай көбею жолын қайталайды, яғни әрқайсысынан жаңа мұртшалар -- жатаған өркендер жетіледі.
Төсемелі желі сабақты өсімдіктерде оның ылғалды топырақпен жанасқан жерінде жатаған өсімдіктердегі сияқты қосалқы бүршіктерінен жас өркендер пайда болады. Желі сабағы арқылы көбею асқабақ тұқымдастарының өкілдеріне тән. Мысалы, колдан отырғызған асқабақ, қауын, қарбыз, қияр желілеріне өсімдік вегетациясының соңында ылғалды топырақ төгіп, сонымен жанастыру арқылы көбейтуге болады.
Вегетативтік көбею қызметін атқаратын түйнектер -- тамыр мен өркеннің түр өзгерістері. Түйнектердің өзі жер бетіңдегі түйнектер және жер астындағы түйнектер болып бөлінеді. Бұлардың бет жағындағы орналасқан бүршіктерден (көзше) жас өркендер өсіп шығады. Түйнектері арқылы жер алмұрты, цикламен, альпі қоғажайы, нарғызгүл, кольраби орамжапырағы және т.б. өсімдіктер көбейеді. Өнімтал бүршіктер -- кейбір папоротниктерде, мүк тәрізділер мен гүлді өсімдіктерде вегетативтік көбею қызметін атқаратын арнайы мүше. Өсімдіктерде олардың мөлшері тым көп болғандықтан, тұқым сияқты шашылып, қолайлы ортаға түссе, тез өсе бастайды. Мысалы, жасан шөптер тұқымдасына жататын бөлме өсімдігі бриофиллюмның жапырақ жиегіндегі тісшелерінің арасында (ойыс жерінде) қосалқы бөлшектер бар. Бұл бүршіктерден 2 -- 3 жапырағы, 1 -- 2 қосалқы тамыршасы бар кішкентай өсімдіктер пайда болды да, жапырақтан түскен жерінен қаулап өсе бастайды. Осы сияқты өнімтал бүршіктер кейбір шықшылдықтар жапырағына, папоротниктер жапырақ жиегіне, жүйкелеріне тән. Кейбір өсімдіктерде өрімтал бүршіктер түрі өзгеріп жуашық (тісшөпте) немесе түйнекше (мықыр таспада) түрінде кездеседі.
Вегетативтік жолмен көбею- құрылысы күрделі өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы арқылы, сонымен қатар саңырау құлақпен қына сияқты төменгі сатылардың денесінің бір тұтамың арқылы көбеюін атайды.
Табиғи вегетативтік көбею, қолдан вегетативтік көбею.
Табиғи вегетативтік көбею өсімдіктің регенерациялық қасиетіне негізделеді.
Қолдан вегетативтік көбею түрлі хирургиялық әдістермен жүзеге асады.
Жер жүзіндегі өсімдіктердің көбісі табиғатта вегетативтік жолмен көбейеді. Неғұрлым өсімдік төменгі сатыда болса, солғұрлым өсімдіктің регенерациялық қасиеті күшті. Саңырауқұлақ балдырлардың денесінің кездейсоқ үзіліп қалған бөлігі де өзінше жеке өсімдікке айналып кетеді. Немесе плаун, мүк өсімдіктерінде (талломы) немесе өркені қурап қалса да, олардан өсіп шыққан жас бұтақтар өзінше жеке өсімдікке айналып көбейеді.
Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерде (папоротник, қырықбуын) 2 түрлі тәсілмен көбейеді:
1. Мүк пен плаун сияқты өсімдіктердің жер астындағы ересек бөлімдері қурап қалса да, одан өсіп шыққан өркендері арқылы ары қарай өсіп көбейеді.
2. Кейбір папоротниктердің жапырақ бетінде пайда болатын қосалқы бүршіктері үзіліп түсіп, олардан ары қарай өсіп, өз бетінше жеке өсімдікке айналады.
Тұқымды өсімдіктердің бір және екі жылдық түрлері ғана табиғи вегетативтік жолмен көбейе алмайды, ал көп жылдық шөптесін және сүректі өсімдіктердің барлығыда осы жолмен көбейе береді. Оларда мынадай вегетативтік көбеюдің түрлері кездеседі:
1.Өркеннен бөліп көбею
2. Жер бетіндегі өркендерден
3. Жер астындағы өркендерден көбею.
4. Тамыр атпаларынан көбею.
1. Кейбір өсімдіктердің денесінде пайда болатын өркендер бөлініп, өз алдына жеке өсімдікке айналады. Мысалы, балықоты. -ыстан аман қалған бірнеше данасынан жазда аз күннің ішінде тынық судың жарты бетін жауып кетеді. (су өсімдігі).
2. Кейбір өсімдіктер өзінен жер бетіне көктеп шыққан өркендері арқылы көбейеді. Бұларға:мұртшалар томарша өрбіндерінен, сұлама бұтақтарынан көбейеді:
а) Мұртшалар-бүлдірген, қарабүлдірген.
б) Томарша өрбіні дегеніміз-өсіп тұрған сүректі өсімдіктердің дін сабағын арамен кесіп алғаннан немесе дауыл сындырып кеткеннен кейінгі оның орнында қалған томаршадан өсіп шыққан жас шыбықтар (жөке ағаш, тал, қайың т.б).
ә) Сұлама бұтақтарынан көбею ол ылғалды жерге сұлап тү скен бұтақтан түп жағынан қосалқы тамыр, өркендер шығады, өседі. Мысалы, арша, тал т.б. Олардың қосалқы тамыры өркені дін-сабақ қурап қалсада, олар өсу қабілетін жоймай өседі.
3. Кейбір өсімдіктің метаморфозданған өркендері жер астында- топыраққа көмулі жатады. Жер астындағы өркендер топырақ ішімен жылжып, бойлай өсе отырып, әрбір буынынан жер бетіне жаңа өркенін шығару арқылы көбейеді. Мұндай өсімдіктерді тамыр сабақты немесе борықты өсімдіктер деп атайды.
Сонымен қатар кейбір өсімдіктердің жер астындағы өркендері тамыр сабақта емес, вегетациялық дәуірдің соңында, жер бетіндегі бөлігі олардың қурап, сабақ бөлімінің бой конусы жер бетіне тік қарап жатады. Осыдан көктем шыға жер астындағы қалған бөлігіндегі бой конусынан жас өркен шығады. Бұлар пиязшықты өсімдік деп аталады.(бәйшешек, лалагүлдер, нарцистер, сүмбілдер, пияздар, сарымсақ).
4.Кейбір өсімдіктердің жанама тамырларында қосалқы бүршіктерінен өскен өркенді тамыр атпасы деп атайды. Мысалы, теректер, сұр қандыағаш, тал, ақ қарағай, сирень, таңқұрай , қара бүлдірген, алхоры, сүттіген, шырмауық, жантақ, бақ-бақ.
Қолдан вегетативтік көбейтудің бірнеше жолы бар , оның бірі -телу .
Телу - бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін алып екінші өсімдік денесіне ұластыру. Телуді кейде трансплатация деп атайды.
Телітуші, телінуші. Бұлардың әрқайсысын компоненттер деп атайды.
Телуге қойылатын шарттар бар. Солар орындалған жағдайда оң нәтиже береді.
Дәнекерленуі керек телітуші мен телінуші ұлпа көбінесе түрлі флоема, ксилема ағыс жолдары түзілу керек. Телінетін өсімдіктердің систематикалық жағынан жақын алу керек.
Телу тәсілдері:
1 Жанастыра телу
2 Копулировка
3. Қабық сатынан телу
4 Кесінділе телу
5 Беттестіре телу
6 Жарықшақтап телу
Табиғи вегетативтік көбеюді адам өз мақсатына пайдаланып, вегетативтік көбейту жолымен мәдени өсімдіктерді өсіреді.
Қолдан вегетативтік көбейту. Қолдан вегетативтік көбейту ерте заманнан қолданылып келе жатқан әдіс. Қолдан вегетативтік көбейтудің бірнеше жолы бар. Соның бірі -- телу әдісі.
Телу дегеніміз бір өсімдіктің бүршікті бөлігін екінші өсімдіктің денесіне ұластыру. Телуді кейде трансплантация деп те атайды. Өз тамырыңда өсіп тұрған өсімдікті телітуші (подвой) деп, ал оған әкеліп ұластырылатын бүршігі бар бөлікті телінуші деп атайды.
Телу үшін өсімдіктер таңдап алынады да бірнеше мынадай талаптар орыңдалуы қажет: телінушінің өткен жылдары жаппай гүлдеп, мол жеміс берген, ауруға шалдықпаған сау бұтақтары алынады, телітушінің тамыр жүйесі жақсы жетілуі, телінушіден шыққан өркендерді қоректі затпен қамтамасыз ете алатындай қуатты болуы керек; ауруға шыдамды, ортаның қолайсыз әсеріне төтеп берерліктей болуы қажет.
Осындай шарттар орындалғаңда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады, Мысалы, жеміс-жидекті өсімдіктерден жүзімді алайық. Оның аса қауіпті ауруы -- филлоксера. Жүзімнің өнімін төмендетіп жіберетін осы дерт. Ғалымдар мәдени жүзімнің сорттарын жабайы жүзімге телу арқылы бұл аурудан құтқарды. Өйткені жабайы жүзім тамыры филлоксера ауруына төтеп бере алады. Сол сияқты раушан гүлін итмұрынға теліп телітушінің хош иісті, әсем гүлдерін алуға болады. Осы қасиеттеріне бола негізінде ғалымдар лимон, мандарин, алхоры, алманың мәдени сорттарын өзді-өзінің жабайы түріне теліп олардың жаңа сорттарын алды.
Компоненттер бір-біріне тез ұласуы үшін телінуші мен телітушінің түзуші ұлпасы -- камбий, тағы басқа аттас ұлпалары бір-бірімен сәйкес келуі қажет. Компоненттердің арасындағы енген жасушалардан пайда болған қабат біртіндеп айналасындағы тірі жасушаларға сіңіп кетуі, телінетін екі өсімдік жүйелілік тегі жағынан бір-біріне жақын болуы керек. Алшақ болса, оңайлықпен теліне қоймайды және күткен нәтижені бермейді. Мысалы, екі тұқымдасқа жататын өсімдіктерге қарағанда бір туыстың екі түрі өзара тез ұласады.
Телу тәсілдері. Қазіргі кездегі телудің жүзден астам тәсілі белгілі. Олардың көп қолданылып жүргендері -- жанастыра телу, кесінділеп (қалемшелері арқылы) телу және көзшелеп телу.
Жанастыра телу үшін қатар өсіп тұрған екі өсімдіктің бірін телітуші, екіншісін телінуші етіп алады. Екеуінің де жанасар жақтағы беттерінің қабығын шамалы сылып тастап, екеуін өзара жанастырады да сыртынан жұмсақ жіппен орап байлайды. Сүректі өсімдіктерді теліген кезде байлауға жөке ағашының суға салып жұмсарылған тін талшығы пайдаланады. Осы қалыпта қалдырылған компоненттер шөптесін өсімдікте 10 күнде, сүректі өсімдік те бір-екі вегетациялық кезеңде ұласады. Телінушінің ұласқандығы бүршіктердің өркендей бастауынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz