Дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама

0.1 Дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... 5

0.2 Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... 8

0.3 Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы биологиялық белсенді заттар ... ... 16

Тәжірибелік бөлім

2.1 Жалбызды халық медицинасында қолдану және оның маңызы ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27

Кіріспе
Қазақстанның дәрілік өсімдіктері Республика териториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңызды.
Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай. Бүлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі. Соның нәтижесінде бүл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр. Соңғы кезде кейбір дэрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нэтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.
Дәрілік өсімдіктер -- қазіргі кезге дейін әртүрлі дәрілік препараттар алатын шикізаттың негізгі көзі болып табылады. Қазіргі кезде олардан 40 %-ға жуық дәрілік заттар жэне препараттар алынады. Адам ағзасындағы ауыр, қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен қолданылуда.
Жүрек-қантамырларының ауруларын емдеуде, олар 80 %-ға дейін, ал бауыр жэне асқазан-ішек ауруларында шамамен 70 % құрайды[12]. Сондықтан мамандар көптеген ауруларға сондай-ақ қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар алуда жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін қарастыруда.
Академик Н.В. Павловтың басқаруымен Қазақстанда пайдалы өсімдіктер тексеріліп еңбектері жарыққа шықты, онда өсімдіктердің қасиеттері туралы жан-жақты айтылған.
Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті ондағы белсенді заттар немесе химиялық құрамы мөлшерінде және олардың дам организміне тигізетін физиологиялық әсеріне байланысты. Биологиялық белсенді заттар өсімдіктердің барлық бөліктерінде немесе оның кейбір бөліктерінде болуы ықтимал. Одан басқа, түрлі белсенді заттардың саны мен сапасы өсімдіктердің өсіп-өну кезеңіне байланысты. Сол себепті, дәрілік өсімдіктердің шикізатын дайындауда оларда қай уақытта жэне қай өсу кезеңінде жинауды білу керек.
Зерттеу мақсаты: Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеті: Дәрілік өсімдіктердің түрлерімен танысу.

І Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама
1.1 Дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
Қазақстанның дәрілік өсімдіктері Республика териториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтапаса да түсінікті.
Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ аеңінен таралған[1].
Ертеде өмір сүрген Әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танп пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.
Әр обылыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін. Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасеттері бар.
Аюбұлақ - биіктігі 0,4-1,2 см, қалын қабығы түктеніп тұратын екі жылдық өсімдік. Жапырағы ұзынша, кезектесіп орналасқан. Гүлі ашық асры түсті, өсімдік сабағының басында масақ тәріздене орналасқан, маусым-тамыз айларында гүлдейді.
Еліміздің Европалық бөлігінде орталық және Оңтүстік аудандарында, көбінесе шабындық, тоғайлы құмды жерлерде өседі.
Алтын тамыр - ірі әрі жуан тамыры бар, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900г дейін жетеді. Тамрының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті кепкен кезде тамырының
сынған жері ашық қызыл түстес болады. Сары түсті гүлдері өсімдіктердің жоғары жағында шоғырланып тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
Шашыратқы - биіктігі 1,5 метірге дейін жететін, шөп тектес өсімдік. Тамыры-жуан, ұзындығы 1метрден асады. Гүлдері көгілдір түсті, жапырақтарының арасында 2-3 тен орналасқан. Шілде-қыркүйек айларында гүлдейді. Қазақстанның Оңтүстік Батысында көптеп тараған.
Жалбыз- биіктігі 20-60сантиметрдей, тік өсетін төрт қырлы сабағы бар көпжылдық өсімдік. Тамыры көлбей тарамдалып, ұзын болып өседі. Гүлдері уақ, қызыл жасыл түсті, бәрі жиналып масақ тәрізді сабақ барысында орналасқан. Маусым айында қыркүйекке дейін гүлдейді.
Елімізде Украйна, Малдова, Краснадар өлкеінде Қйыр Шығыс, Беларуссия, Прибалтика, Қазақстанда өседі[2].
Жантақ - тікенекті көпжылдық дәрілік шшөп өсімдігі.
Сабақтарында кезектесе орналасқан тікенектері бар. Сол тікенектері түбінде кішкене жабырақтары орналасқан. Уақ, қызыл түсті гүлдері болады. Мамыр айында және тамызда гүлдейді.
Еліміздің барлық Оңтүстік аудандарында, Орта Азия, Кавказ. Негізінен далада, құрғақшылық аймақта өседі.
Жантақтың жас шөбінде, әсіресе С витамині өте көп болады. Дәрілікке жантақтың шөбі және тамыры пайдалы.
Тасшөп - биіктігі 3 - 10 сантиметр дәрілік шөп. Сабағы қысқа түктер басқан, жер бетінде жабыса өседі. Жапырақтары қарама - қарсы орналасқан
уақ, ұзындығы 15 мм, ені 7мм, хош иісті. Гүлдері қызғылт түсті, шашыранқы гүл шоғын құрайды. Мамыр қыркүйек айларында гүлдейді.
Еліміздің барлық жерінде таралған. Құмды, қарағай, тоғайлы жерлерде өседі.
Дәрілікке шөбін пайдаланады. Онда эфир майы , С витамині емдік заттары бар.
Бүлдірген - тамырланып жайыла өсетін көпжылдық өсімдік. Гүлдері ірі, ақ түсті. Жемісі ашық қызыл түсті, әдеммі иісті болады. Мамыр - шілде айларында гүлдейді. Жемістері маусым - шілде айларында піседі.
Еліміздің барлық жерлерінде таралған ылғал жеткілікті тоғайлы жерлерде өседі. Дәрілік мақсатта бүлдіргеннің жапырағы жемісі пайдаланады.
Бақбақ - биіктігі 5 сантиметр сындырғанда сүт сияқты ақ түсті. Латек сөлі шығатын көпжылдық шөп. Жапырағы ұзынша келеді, гүлі ашық сары түсті. Сәуір-қыркүйек айларында гүлдейді. Еліміздің солтүстігінде Ылғалды шөп шабындық жерлерде, ашық аландарда, тау бөліктерінде өзен жағалауларында өседі[3].


1.2 Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің түрлері
Еріндігүлділерде халық медицинасы мен медицинада дәрі ретінде пайдаланылатын өсімдік көп. Солардың бірі - көкжалбыз. Ол - биіктігі 1 метрге дейін жететін, жапырақтары ірі, сабағы тармақталған шөптектес өсімдік. Гүлдері төбе жапырақтардың қолтығында масақ тәрізді топтасып өседі. Тостағаншасы үлпілдек түкті, күлтесі - ақ немесе қызғылт түсті, ерін тәрізді. Аталығы - 4. Жемісі -жаңғақша. Маусымнан тамызға дейін гүлдейді. Халық медицинасында тынысалу, асқорыту мүшелері талаураған кезде пайдаланады [5].
Қазақстанда киікшөп деп аталатын кәдімгі жебірдің отаны - Жерорта теңізі. Ол - хош иісті, бұтағы тармақталған көпжылдық бұта. Гүлдері жапырақ қолтығында шоғырланып өседі. Гүлінің екі ерінді, бес тісшелі тостағаншасы болады. Жемісі - 4 жаңғақша. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Кәдімгі жебір - дәрілік өсімдік, қақырық түсіреді. Сондықтан халықтық медицинада оны көкжөтел, бронхит ауруы кезінде ауызды шаюға қолданады. Құрамында эфир майы болғандықтан, тіс пастасына, тазартқыш сабынға қосады.
Сәлбен (шалфей) ерінгүлділер тұқымдастарының ең көп тараған түрі. Олардың 700-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда сәлбен туыстастардың 8 түрі бар. Сәлбен қоңыржай, субтропиктік және тропиктік аймақтарда көп тараған. Олардың дәрілік, эфир майы алынатын және сәндік түрлері бар. Сәлбенді халық тіршілік шөбі деп те атайды. Халықтық медицинада оның жапырағы ойық жаралы емдеуге қолданылады. Тұқымынан алынған тұнба бала көтеруге себепші болады деген ұғымдар болған. Сәлбен қазіргі медицинада да дәрілік өсімдік болып саналады. Жұпарлық сәлбен - эфир майы өндірілетін өсімдік. Жылтыр сәлбен, қызыл сәлбен, айқарылма сәлбен сәндік мақсатта қолданылады. Сәлбен - балды өсімдік. Гүл формуласы: Т(5)К(2+3)А2Ж(2).
Қырынан қарағанда гүлі аузын ашқан адамның кескінін бейнелейтін, үстіңгі 2 күлтесі - жоғары ерінді, астыңғы 3 күлтесі төменгі ерінді еске түсіретін өсімдіктер ерінгүлділер тұқымдасына топтастырылған. Бұлардың жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Жапырағында бөбешік жапырақ болмайды. Ерінгүлділер - бұталы, шөптекті өсімдік. Сабағы - төрт қырлы.
Қазақстанда ерінгүлді өсімдіктердің жебір туыстыларынан - 27, жыланбас туыстыларынан - 22, көкжалбыз туыстыларынан 16 түр белгілі. Бұлар хош иісті болғандықтан, парфюмерия өнеркәсібіне шикізат есебінде пайдаланылады. Ежелгі Мысырда жебірмен мәйіт бальзамдалған. Сан алуан эфир жайы көп мөлшерде хош иісті лаванда, гүлшетен, молдавандық жыланбастан алынады. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатайдың альпілік белдеулерінде өсетін аталықты жыланбастың жер бетіндегі бөліктерінде 0,4%-ға дейін эфир майы болады. Ол - бал жинағыш өсімдік. Ерінгүлділер ағашы тек тропикте өседі. Жарғақты хиптис деп аталатын бразилиялық түрі ағаш тәрізді ерінгүлділердің ең биігі. Оның биіктігі 12-15 метрге жетелі. Ал өзге ерінгүлді ағаштардың биіктігі 5 метрден аспайды. Ерінгүлді лиана аз мөлшерде тропиктік аймақта кездеседі. Оған америкалық салазария туысын, кейбір томағашөп түрлерін және гавайлық стеночипа туысын жатқызуға болады.
Ерінгүлділердің әр түрлі эфир майын көп мөлшерде өндіруде маңызы зор. Олардың көпшілігі медицинада дәрі-дәрмекке пайдаланылады. Мәселен, дәрілік жөтелшөп. Халықтық медицинада демікпені, асқорыту мүшелерінің талаурауын емдеуге және жүйкені тыныштандыруға пайдаланылады. Ерінгүлділер тұқымдас өсімдіктердің тағамға пайдаланылатын да түрлері (кәдімгі жұпаргүл) бар[6].
Жалған шөлмасақ (Pseudoeremostachys) -- ерінгүлділер тұқымдасына жататын түйнекті шөптесін өсімдік. Қазақстанда Қаратаудың, Қле, Талас Алатауының тасты баурайларында, асу аңғарларында өсетін бір түрі -- Северцов Ж. ш-ғы (P. severzovіі) бар. Биікт. 20 см-дей түйнекті жуан тамырлы өсімдік. Сыртын түк басқан тырбыйған сабағы болады. Жапырақ сағағы ұзын, түкті жапырағы жұмыртқа тәрізді, жиегі тілімденген. Қос ерінді, қою көк не қошқыл қызыл гүлдері (8 -- 10) жиналып, жалған күлте бас гүлшоғырын құрайды. Тұқымынан көбейеді. Мамыр -- маусым айларында гүлдеп, маусым -- шілдеде жемістенеді. Жемісі -- төрт қырлы жаңғақша. Северцов -- өте сирек кездесетін, эндемик өсімдік. Қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген [7].
Жалбыз (Mentha) -- ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен, солтүстік қоңыржай аймақтарда таралған. Қазақстанда суармалы жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында, арық бойында, шалғындықта, тоғайда, таулы аймақта (2000 м биіктікке дейін) өсетін 9 түрі бар. Оның бұйра Жалбыз (Menthacrіspa), бұрыш Жалбыз (Mentha pіperіta) және дөңгелек жапырақты Жалбыз (Mentha rotundіfolіa) түрлері қолдан өсіріледі. Кең тараған маңызды түрінің бірі дала Жалбызы (Mentha arvensіs). Оның биікт. 15 -- 60 (110) см. Сабағы тік, бұтақталған, жапырағының жиегі ара тісті үшкір, ирек, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері шар тәрізді жалған күлте бас, немесе масақ гүл шоғырына топталған, қос жынысты, кейде дара жынысты болады. Маусым -- тамыз айларында гүлдейді. Тұқымы -- көп түйірлі жаңғақша. Жалбыздың жапырағында ментол болады. Одан жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай-ақ, жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді. Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды.
Жебір шөп -- ерінгүлділер тұқымдасына жатады. Негізгі сабағы жерге теселіп, бұтақтары тік есетін шала бұта. Жатаған (5 -- 30 см) өсімдік; құмайт беткейлерде, шыршалы орманда бұталардың арасында өседі. Жас өсімдігінен медицина мен косметикада қолданылатын эфир майы алынады, бал береді
Киікоты, Жүпаргүл (Душица) - ерінгүлділер тұқымдас коп жылдық шөптесін өсімдік; биіктігі -- 30 -- 90 см, көпшілігі бал шырынды. Құрамында эфир майлары, илік заттар және аскорбин қышқылы бар. Жапырағы татымдық ретінде пайдаланылады [8].
Жаужапырақ (Мелисса) - ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы; майлы дақыл. Биіктігі 60 см-ге дейін жетеді. Еуразияда 5 түрі, ал Қырымда, Кавказда, Орта Азияда 2 түрі өседі. Сабағы тік, төрт қырлы,аздап түк басқан. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, шеті тіс тәрізді, жоғары жағы үшкірленген, беткі жағы -- қоңыр жасыл, асты -- сүр жасыл, айналасында дақыл нүктелері бар. Гүлдері жапырақ түбінде орналасқан, қызғылт немесе ақ түсті болады. Шілде -- тамыз айларында гүлдейді. Орта Азияда бал арасын ұстайтын жерде егіледі. Бал шырынды, дәрілік өсімдік және дәмдік-татымдық дақыл ретінде өсіріледі. Онда эфир майы, С витамині, тұтқырлық заттар бар. Жаужапырақ тұнбасы ас қорытуды жақсартады, жүйке жүйесіне жайлы өсер етеді
Кәдімгі жұпаргүл -- ерінгүлділер тұқымдасына, жұпаргүл туысына жататын өсімдік. Биіктігі 70 см-дей. Сабақтары төрт қырлы қызын түстес, сыртын түк басқан, бұтақтары тармақтала тік өскен, жапырақтары бір-біріне қарама-қарсы орналасқан, сағақтары ұзын, шеттері бүтін жұмыртқа тәрізді сопақша келген. Жоғары жағынан қарағанда жапырақтары қою жасыл түсті, екі жағында да кішкене қара нүктелері бар. Гүлдері майда, сыпырғы тәрізді жиналған, кызыл, күлгін түсті. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Дала шалғындарында, орман шеттерінде, тастақ беткейлерде, тауда кездеседі, көбіне шайқурай, ақбас жусанмен бірге өседі. Сарқант, Алакөл, Қапал ауданында зерттелген өндірістік қоры 50 тауыдан асады [9].
Алтын тамыр. Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық түрінің тамыры жиналады. Дұрыс жиналып, сақталған бұл өсімдік тамыры 2,5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамын-дағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ыр-ғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырыпта жібереді.
Адыраспан. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол - улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал - дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді.
Арша. Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы.
Ащы мия. Оны ақ мия деп те атайды. Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Бүкіл шөбі мен тұқымы дәрі. Басты ем болатын аурулары: жедел және созылмалы ди-зентерияға; асқазан ауырып, аздап запыран құсқанда; шиқан, сыздауық және басқа жарақаттың іріңдеуіне, жара-ларға; қышыма, бөріткен, ес-кілікті теміреткіге; ақ кір көп келуге. Улы дәрі. Абайлап қолдану қажет.
Ащы қарбыз. Көп жылдық өрмелегіш сабақты өсімдік, ұзындығы он сантиметрдей. Тамыр түйнегі етті, сабағы көп бұтақты, мұртша ширатылып өседі. Басты ем болатын аурулары: кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына; кеуде толып, тынышсызданып ауырғанда; жүрек шаншып ауырғанда; емшек безінің шұ-ғыл қабынуына; жұтқыншақ ауырып, үн қарлығуына. Ащы қарбыз тамыры қанды несеп ауруына ем болады.
Арпа. Бір жылдық шөп тектес дақыл. Халық медицинасында бойға қуат беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек ауруларын, денедегі бөртпелерді жазып, бүйрек-тегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуына ем.
Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады[10].
Женьшень. Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия тұқымдасы панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 сантиметрдей, тамыры жуан, бұтақталған, сыртқы қабы-ғы ақ, қатты. Өте баяу өсіп, 10-11 жылдан кейін жеміс береді. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женьшеньнің тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада ор-ганизмнің жалпы тіршілік қа-білетін, ауруға төзімділігін арттырып, кейбір жүйке және жүрек - қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады.
Мойыл. Биіктігі 3,5-8 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі - қара сүйекше. Дәрілік шикізат - жемісі. Жеміс тұнбасы жас бұзаулардың іш өтуін тоқтатады. Шыбын-шіркей, кене т.б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады. Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбын-шіркейі мол жерге шашылады.
Марал шөп тамыры. Бұғылар күз, көктемде бұл өсім-діктің тамырын тұяғымен қа-зып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері - көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орна-ласқан. Оны мақсыр деп те атайды. Халық ертеден бері алтын тамыр, женьшень тәрізді әл беретін дәрі ретінде пайдаланған.
Қара пышақ, күшәла. Қара пышақ - биіктігі 20-40 сантиметр болатын, көп жылдық шөп тектес, жартылай улы өсімдік, гүлінің ішкі беті қара түсті. Өзбектер оны күшәла деп атайды. Ортаңғы қабыршақ жапырақтың ішінен ұзындығы 5-8 сантиметр болатын, қарындаш тәрізді өзек-ше өсіп шығатын болғандықтан, орыстар оны карандаш дейді. Медицинада осы өсімдік тамырынан дәрі жасап, онымен өкпе туберкулезін емдеп келеді.
Тобылғы. Раушан гүлділер тұқымдас, көп жылдық, шөп тектес өсімдік тобылғының тұнбасы, майы көп ауруға ем. Гүлінің, жапырағының тұнбасымен малдың бүйрек, қуық ауруларын, асқазан - ішектің түйілуін, денесіндегі түрлі ісіктерді емдейді[11].
Тобылғы майын малдың, адамның ісіп кеткен буындарына, сырқырап ауыратын тұстарына жағып, сырқатын жазады.
Қарандыз. Сазды жерде өседі. Түбін дәрі ретінде пайдаланады. Жөтелгенде түбірін аршып ауызға салады.
Жербауырсақ. Жусанға, басқа шөпке жабысып өседі, бауырсаққа ұқсас. Оны қуығы тұтылған адам емге ішеді.
Шырғанақ. Бұтағы тікенді, аса жуан емес, іші сары қатты ағаш. Оны ыстық-суық болып ауырғанда емдік дәрі ретінде қолданады.
Шетен. Биіктігі - 3-20 метрлік, жұқа сұрғылт қабықты, көп жылдық жабайы ағаш. Оның жемісін бауыр, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады.
Итмұрын. Жемісінің құра-мында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөл-шерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.
Орман бүлдіргені. Биіктігі 5-25 сантиметр, көп жылдық шөп тектес. Жемісі шілде, тамызда піседі. Жемісі-дәрумендердің бай қоры. Асқазан - ішек жұмысын жақсартады, адамның тағам-ға деген тәбетін арттырады, ас қорыту органдарының қабынуын басады, бауыр, бүй-рек ауруларына ем.
Өгей шөп. Биіктігі 15-20 см, күрделі гүлділер тұ-қымдас, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Жапырағының астыңғы беті жұмсақ, жылы, үстіңгі беті қатты және суық болғандықтан, халық оны өгей шөп деп атаған. Ха-лық емшілері өгей шөптен жасалған тұнбаны жөтелді басатын дәрі ретінде қолданған. Өсімдіктің құрғақ жапырағын тынысы тарылып, ентігетін адамға темекі тәрізді қағазға орап тартқызып, емдеген.
Долана. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады, бұта не ағаш. Қазақстанда 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында өседі. Жемісі тамыз - қыркүйекте піседі, дәруменге бай. Долананың 50 түрі қолдан өсіріледі, ол - дәрілілік құнды шикізат. Жемісінің құрамында аскорбин, лимон қышқылдары, флавоноидтар, каротин, гиперозид, қант бар.
Долана жүректің бұлшық еттерінің жиырылуын күшей-теді, қажығанда қуат береді, қан қысымын төмендетеді.
Сүйел шөп. Көкнәр тұқымдасына жатады. Халық емшілері сүйелшөп және сүт-ттіген шырынымен бауыр, өт ауруларын, сары ауруды емдеген.
Шай шөп. Халық оны шөп шай, сары мысық-табан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік өсімдіктердің биологиясы
Lamiaceae тұқымдасының құнды дәрілік түрі
Дәрілік өсімдіктердің тарихы
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Зерттеу нысанасы Lamiaceae тұқымдасы Melissa туысының дәрілік мелисса бағалы дәрілік түрі
Шыны майлар мен майға ұқсас заттар
Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспаларды дайындау және жасау тәсілдері
Қазақстанның шикізаттық өсімдіктерін игеру
Дәрілік өсімдіктерге тарихи және әдеби шолулар
Пәндер