Жер жаңғақ өсімдігі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Әдебиеттерге
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 4
І Жер жаңғақтың биологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 5
1. Жер жаңғақтың шығу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.. 5
2. Жер жаңғақтың морфологиялық және құрамдық сипаттамасы ... ... ... .. 6
3. Жер жаңғақтың сорттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 8
4. Жер жаңғақтың
қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .. 10
ІІ Жер жаңғақты өсіру
агротехникасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1. Жер жаңғақ егісіндегі топырақтың
қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
2. Жер жаңғақты егу және
жинау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.14
3. Жер жаңғақтың
аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 17
Тәжірибелік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .20
Жер жаңғақты бөлмелік жағдайда
өсіру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .. 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 23
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Кіріспе
Арахис немесе жер жаңғақ (Arachіs) – бұршақтар тұқымдасына жататын
бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Бұл түр маңызды майлы
дақылдар тобына жатады. Арахистің тұқымының құрамында 60% май және 35%
белок болады. Арахис майын маргарин жасайтын, сабын өнеркәсіптерінде, азық-
түлікті ұзақ сақтауға қолданады, сонымен қатар медицинада да пайдаланылады.
Арахис – өсімдігі ерекше өсімдік. Оның дәндерін көргенде олардың
ноқаттың немесе фасолдің дәндері сияқты өркенде орналасады деп ойлауға
болады, бірақ бұл дәндер жердің астында өседі, соған орай оларды жер жаңғақ
деп атайды.
Арахис өсімдігінің гүлдері сары, көбіне әртүрлі түстес сарғыш-қызғылт
болады және өсімдіктің төмен жағында орналасқан жапырақтардың қуысында 1-3-
теп орналасады. Өсімдіктің әрбір гүлі таңертең ашылады және сол күні
түстен кейін қурап қалады. Арахистің маңында көптеген насекомдар ұшып
жүрседе, олар өсімдікті тозаңдыруға қатыспайды десе де болады. Арахис
өсімдігінің барлық гүлдері өзін-өзі тозаңдырады және олар өсімдік
өркендерінде орналасады.
Оңт. Америкада 30-ға жуық түрі бар. Қазақстанда 18 ғ-дың соңында
әкелінген. Arachіs hypogaea түрі өсіріледі. жер жаңғақ – ылғал және жылу
сүйгіш, бір жылдық жаздық дақыл. Өсіп-өну кезеңі 120 – 150 күн. Биікт. 25 –
75 см, түзу сабақты немесе төсемелі сабақты, бүйірінен өскен өркендері бар.
Тамыр жүйесі мықты, тереңге (180 – 190 см) кетеді. Гүлі сары не сарғылт
түсті, гүлшоғыры жапырақ қолтығында орналасқан. Жемісі 1 – 7 тұқымды
бұршақ. Оның құрамында орта есеппен 42% май, 22% белок және 12% көмірсу
бар. Әдетте, әр өсімдікте 600 – 700 жеміс болады. Гектарынан 9 ц-дей тұқым,
20 – 50 ц құрғақ шөп алынады. Жемісінен алынған майы тамаққа, кондитер
өнеркәсібінде пайдаланылады. Сабағы мен жапырағы малға жемшөп. Жер жаңғақ
басқа бұршақ тұқымдастары сияқты жерді құнарландырады. Өсімдік ауруларымен
және зиянкестерімен сирек зақымданады; өрмекші кене зиян келтіреді. Жер
жаңғақ Оңт. Қазақстан облысының суғармалы аудандарында өсіріледі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Жер жаңғақ өсімдігінің биологиясы және
технологиясы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жер жаңғақ өсімдігінің биологиясы мен өсірілу
технологиясын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті: Жер жаңғақ егісіндегі топырақтың қасиеті
Жер жаңғақты егу және жинау
Жер жаңғақтың аурулары
Жер жаңғақтың қасиеті
Жер жаңғақтың сорттарын
анықтау
Курстық жұмыстың обьектісі: Жер жаңғақ өсімдігі.
Әдебиеттерге шолу
1. Арахис немесе жер жаңғақ (Arachis hypogaea) – бұршақ тұқымдасына жататын
жыл сайынғы шөптесін өсімдік. Жоғарыда көрсетілген атауды, жаңғаққа
aracnh деген сөзден беріліген, бұл сөз грек тілінен аударғанда
өрмекші дегенді білдіреді. Бұлай аталу себебі жер жаңғақтың суреті
өрмекшінің торына ұқсайды, соған орай осындай атау берілген.
2. Арахис өсімдігінің, өзекті тамырдан және бүйірлі, жанама тамырлардан
тұратын тамыр жүйесі жақсы дамыған. Сонымен қатар жекелеген тамырлары
1,5 метр тереңдікке дейін жетеді. Әрбір арахис өсімдігінде көптеген
жерасты өркендері болады. Кейібір арахистің сорттарындағы жерасты
өркендері тігінен өссе, ал екінші бір сорттарындағы жер асты өркендері
жатаған болады, үшінші бір сорттарында тік және жатық жерасты өркендері
болады. Жапырақтары күрделі-қауырсынды, ұзын төрт қауырсынды жапырақтары
кезектесіп, бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Әрбір жапырақтың
негізінде екі-екіден орналасқан тұмсық тәрізді бөбежапырақ(прилистник)
болады.
3. Арахис өсімдігінің гүлдері сары, көбіне әртүрлі түстес сарғыш-қызғылт
болады және өсімдіктің төмен жағында орналасқан жапырақтардың қуысында 1-
3-теп орналасады. Өсімдіктің әрбір гүлі таңертең ашылады және сол күні

өркендерінде орналасады. Өсімдік өркенінде орналасқан гүлдердің
көпшілігі жеміс түйнегін салмайды, яғни стерилді болып келеді. Арахис
жемісінің көпшілігі, көбінесе өсімдіктің астынғы жағында орналасқан
гүлдерде қалыптасады.
4. 1903 жылдан бастап американ агрохимигі Джордж Вашингтон Карвер бұл
өсімдікті қай салада қолдануға болатынын зерттеді. Уақыт өте келе бұл
американдық ғалым 300-ден аса арахистен жасалынған азық – түлік пен
тауарларды ойлап тапты, соның ішінде косметикалық заттар, тәтті
сусындар, дәрі-дәрмек, сабын, насекомдарға қарсы улы заттар және
типографилық сия да бар.
5. АҚШ-тың Алабама уиверситетінде зерттеулер жүргізген ғылыми топтың
басшысы доктор Ллойд Уолкер бақылауы бойынша, арахисті көбінесе жоғары
дәрежелі өңдеуден кейін тұтынуға болады, мысалы арахис майы сияқты.
Ғалымдардың зерттеулерінің мәліметтері байынша, арахис құрамындағы
ерекше активті зат исофлавон, қатерлі ісік ауруының, диабет және жүрек-
тамыр ауруларын дамуын төмендете алатын қасиетке ие екені анықталды.
Арахис өсімдігінің жемісін қандай да бір өңдеуден өткізгеннен кейін,
оның қасиетін тексеруге көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі кездегі жаңа зерттеулердің нәтижелері бойынша, адам организміне
ең пайдалы арахис ол қайнатылған арахис болып саналады.
І Жер жаңғақтың биологиялық ерекшеліктері
1. Жер жаңғақтың шығу тарихы
Жер жаңғақтың немесе екінші бір балама атауы арахистің отаны Оңтүстік
Америка саналады. Бұған дәлел ретінде, Колумбтың Американы ашпай жатқан
уақытта жасалынған Перуден табылған ваза. Бұл ваза, формасы арахиске
ұқсайтын және вазаның сырты осы жаңғаққа ұқсас орнаменттерімен әшекейленуі,
оның сол кездің өзінде-ақ жоғары бағаланғанының дәлелі. Ал Испан
жаулаушыларының бұл жаңғақты Америкада кездестіріп, оның азық ретінде үлкен
теңіз саяхаттарында қолдануға болатынын ескеріп, бұл жаңғақтың түрін
Еуропаға алып келді. Сол Еуропаның тұрғындары бұл өсімдіктің түрін түрлі
тағамдарға қосты.Кейінрек португалдықтар архисті Африкаға алып келді. Бұл
жаңғақты сол жердің тұрғындары оның тағамдық қасиетін бағалап, оның басқа
дақылдар өсірілмейтін топырақтарға егуге болатынын аңғарды. Осы өсімдіктің
арқасында топрақта азоттың мөлешері көбейіп басқа дақылдарға алғы дақыл
ретінде пайдаланылды. Сонан соң құл иеленушілік дәуірдің басталуына
байланысты, арахис Африкадан Солтүстік Америкаға да жетті. 1530 жылдары
португалдықтар арахисті Индия мен Макаоға, ал испандықтар- Филиппин еліне
алып келді. Әрі қарай осы елдердің саудагерлері арахисті қытай еліне
жеткізді. Ал қытайлықтар бұл дақылды мемлекетте ашаршылық жылдары аштықпен
күрестегі негізгі дақылға айналдырды. XVIII ғасырда ботаниктер арахис
өсімдігін зерттей келе бұл өсімдікті жер жаңғағы деп атап, бұл өсімдікті
шошқа азығы ретінде ең пайдалы азық деп санады. Ал XIX ғасырдың басында
арахистің өнеркәсіптік өндірілуі Оңтүстік Коралинада басталды. Америкадағы
Азаматтық соғыс кезінде арахис екі жақтың сарбаздарына азық ретінде
қолданылды. Бірақ сол уақытта арахисті кедейлердің азығы деп санады. Оның
себебі көптеген американдық фермерлер арахисті азық-түліктік дақыл ретінде
өсірмеді. Соған қоса 1900 жылға дейін арнайы арахис өңдейтін құралдың ойлап
табылуына дейін, бұл өсімдікті қолымен өндіруге көп күш жұмсалды.
1903 жылдан бастап американ агрохимигі Джордж Вашингтон Карвер бұл

тауарларды ойлап тапты, соның ішінде косметикалық заттар, тәтті сусындар,
дәрі-дәрмек, сабын, насекомдарға қарсы улы заттар және типографилық сия да
бар. Сонымен қатар Джордж Вашингтон Карвер көптеген американдық фермерлерге
топырақты құнарсыздандыратын мақта өсімдігін, арахис өсімдігімен алмастырып
егу керектігін ұсынды. Сол уақытта мақта бізтұмсығы зиянкесінің кесірінен
мақта егісіндегі мақтаның көпшілігі жойылып жатты, сол себепті көптеген
фермерлер бұл ғалымның ұсынысын қабылдады. Қазіргі кезде Алабама штатындағы
Дотанте қалашығында Карверге арнап ескерткіш орнатты, ал осы штаттың
Энтерпрайз қаласында мақта зиянкесі бізтұмсыққа да арнап ескерткіш қойылды.
2. Жер жаңғақтың морфологиялық және құрамдық сипаттамасы
Арахис немесе жер жаңғақ (Arachis hypogaea) – бұршақ тұқымдасына
жататын жыл сайынғы шөптесін өсімдік. Жоғарыда көрсетілген атауды, жаңғаққа
aracnh деген сөзден беріліген, бұл сөз грек тілінен аударғанда өрмекші
дегенді білдіреді. Бұлай аталу себебі жер жаңғақтың суреті өрмекшінің
торына ұқсайды, соған орай осындай атау берілген.

Арахис өсімдігінің, өзекті тамырдан және бүйірлі, жанама тамырлардан
тұратын тамыр жүйесі жақсы дамыған. Сонымен қатар жекелеген тамырлары 1,5
метр тереңдікке дейін жетеді. Әрбір арахис өсімдігінде көптеген жерасты
өркендері болады. Кейібір арахистің сорттарындағы жерасты өркендері тігінен
өссе, ал екінші бір сорттарындағы жер асты өркендері жатаған болады, үшінші
бір сорттарында тік және жатық жерасты өркендері болады. Жапырақтары
күрделі-қауырсынды, ұзын төрт қауырсынды жапырақтары кезектесіп, бір-біріне
қарама-қарсы орналасады. Әрбір жапырақтың негізінде екі-екіден орналасқан
тұмсық тәрізді бөбежапырақ(прилистник) болады.

өркендерінде орналасады. Өсімдік өркенінде орналасқан гүлдердің көпшілігі
жеміс түйнегін салмайды, яғни стерилді болып келеді. Арахис жемісінің
көпшілігі, көбінесе өсімдіктің астынғы жағында орналасқан гүлдерде
қалыптасады.
Арахис өсімдігінің гүлдері тозаңданудан кейін басқа өсімдік гүлдері
сияқты дамымайды. Өсімдік гүлінде қалыптасқан түйнегінің негізі өсіп, ұзын
өзекке айналады да, өзектің соңғы бөлігінде жеміс беретін түйнектің өзі
орналасады. Бұл өзекті ғылыми тілде гинофор деп атайды. Бұл өзек алғашқы 5-
6 күн тігінен өседі де, сонан соң топыраққа қарай бағытталып өседі және
топырақ қабатының 8-10 см тереңдігіне енеді. Топырақ астында арахис
өсімдігі түйінің әрі қарай дамуы жүреді және жемістің пісуі де топырақтың
астында жүреді. Жемісі пісіп-жетілгеннен кейін ұзындығы 5-6 см болатын
цилиндрлі бұршаққа айналады. Әрбір өсімдік бұршағында ашық-қызғылт, қызыл
немесе қою-қоңыр түстес жұқа қабықпен жабылған 2-4 ұзындау келген тұқымы
орналасады. Бәрімізге таныс ноқат тұқымынан арахис тұқымының ерекшелігі,
тұқымы ашылмайды, бұл тұқымның мықты торлы құрылымымен сипатталады.
Арахис өсімдігінің жапырақтары сарғайғанда, плантацияларда олардың
жемісін жинау басталады. Өсімдіктің жемісін қазып алу арқылы жер астынан
алады.
Арахистің дәні өзінің доғары дәмдік қасиетімен ерекшеленеді және
басқада осыған ұқсайтын өсімдіктер сияқты, құрамында май болады. Май – ол
ең негізгі энергияның көзі, бұл заттар адамды адамға қажетті май қышқылдары
және майда еритін А,D және Е витаминдерімен қамтамасыз етеді.
Орташа есеппен арахистің құрамында мынадай заттар: 0,2% су, 29,2%
белок, 50,2% май, ал майдың құрамындағы 80%-ы май қышқылдары құрайды(47,8%
моно май қышқылдары, 28,5 поли май қышқылдары), 10,8% көмірсу, 732 мг
калий, 28 мг натрий, 85 мг кальций, 202 мг маний, 390 мг фосфор, 6 мг
темір, 0,84 мг В1 витамині, 0,13 мг В2 витамині, 14,74 мг РР және D
витаминдері, 6мг С витамині болады. Арахисті тұтыну кезінде ондағы
қанықпаған майлар қандағы холестерин деңгейін едәуір түсіреді. Сонымен
қатар құрамындағы калийдің мөлшері натриден 30 есе көп болуына байланысты
арахис сусыздандырушы қасиетке ие. Өсімдік құрамындағы ерігіштігі жоғары
заттардың көп болуы, арахис белогының толық және жоғары сіңімділігін
көрсетеді. Осыған байланысты, арахис құрамында белок мөлшерінің жоғары
болуына байланысты тамаққа тойымдылық сезімін артырады, бұл салмақ
түсіретін диетаны ұстанудың негізі болып саналады және бұл диетаның түрі
көптеген өнер адамдарының және өз денсаулығын қадағалайтын адамдардың
арасында танымал.
Арахистің жоғары құнды қасиетіне байланысты және одан алынатын өнімді
тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Арахистен жасалған өнім ет
жемейтін адамдарға өте тиімді, өйткені арахис еттін тұтыну мөлшерін
азайтады. Арахис және одан алынатын майдың құрамындағы қанықпаған май
қышқылдарының болуы қандағы холестерин мөлшерін азайтады. Көптеген
зерттеулердің нәтижелері бойынша, арахисті денсаулыққа арналған диетаның
бір бөлігі ретінде, бірқалыпты қолдану жүрек-тамыр аурулардың қаупін
төмендетеді деп есептейді. Сонымен қатар арахистің құрамында фоли қышқылы
болады. Бұл активті зат клетканың өсуімен жаңаруына әсерін тигізеді. АҚШ-
тың Флорида штаты университетінің зерттеулерінің нәтижесінде, арахистің
құрамында антиоксидантты заттардың көп болатынын және бұл заттар адам
клеткасын қауіпті бос радикалдардың әсерінен қорғайтыны анықталды. Бірінші
кезекте антиоксиданттық қасиетке полифенол қосылыстары ие. Бұл қосылыстар
химиялық құрылымы жағынан қызыл шараптағы антиоксидантты компоненттерге
ұқсас, аталған компоненттер жүрек-тамыр ауруларына қарсы профилактика
жасауда тиімділігі жоғары болуымен ерекшеленеді. Кейбір ғалымдардың
пайымдауынша, арахисті қуырғаннан кейін арахистің құрамындағы
антиоксидантты қасиетке ие полифенол мөлшері 20-25%-ға артады, яғни
арахисті қуырғаннан кейін оның ағзаға тиімділігі оданда жоғары болады.
3. Жер жаңғақтың сорттары
Қазіргі таңда жер шарында жер жаңғақтың мыңдаған мәдени сорттары
өсіріледі. Арахис өсімдігінің 4 негізгі топтарына жататын мәдени арахис
сортары ең танымал болып келеді. Олар Испаниялық, Раннер, Вирджиния және
Валенсия топтары. Сонымен қатар жоғарыда аталған топтардың қатарына Қызыл
Теннесси және Ақ Теннесси топтарын да жатқызуға болады. Арахис өсімдігінің
мәдени сорттар топтарын анықтауда қолданылатын негізгі параметрлер: өсімдік
арамотының, майлы құрамының, формасының, көлемінің және ауруға қарсы тұру
көрсеткіштері жатады. Сонымен қатар арахис өсімдігінің әр түрлі мәдени
сорттарын пайдаланғанда, осы сорттар бірі-бірінің орнын баса алады. Арахис
дәндерінің сыртын қауыз немесе қабық қаптайды және көптеген арахистердің
сорттары Вирджиния мен Валенсия типтес болып келеді. Ал арахистің Испандық
типін негізінде жаңғақ конфет, тұздалған жаңғақ және арахис майын жасауға
қолданады. Раннер типті арахисті көбінесе арахис майын өндіруге қолданады.
Аталған арахистің топтары түрі мен өсімдік сабағының биіктігімен
ерешеленеді. Арахистің аталған топтарының көптеген нұсқаулары бар. Бірақ
өсімдіктің екі өсу формасы бар және олар байламдармен және өркендер арқылы
өсу. Өсімдіктің байламдары вертикал бағытта өсетін болса, ал сол уақытта
өсімдіктің жас өркендері жерге жақындап өседі.
Жыл сайын арахистің жаңа мәдени сорттарын, арахис өсімдігіне қолайлы
АҚШ-тың және басқада мемелекеттердің климаттық белдеулерінде өсіру мен
ендіру жұмыстары жүргізіледі. Арахистің жаңа мәдени сорттарын ендіру
кезінде арахис өсімдігін отырғызу нормасы, тұқымсепкіш, егістік жинайтын
комбайндар, кептіргіштер, астық бастырғыштар және оны өткізу әдістері
өзгереді.
Испандық топ.
Испандық типке жататын бойы аласа арахистің сортарын Оңтүстік Африкада
және АҚШ-тың оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс аудандарында өсріліеді.
1940 жылға дейін АҚШ-тың Джорджия штатында өсірілітін арахистің 90%-ы
испандық топқа жататын арахистер болатын, бірақ сол уақыттан бері бұл топқа
жататын арахистердің жемістерінің көлемі арттырылды, өсімдіктің өнімділігі
көтерілді, ауруға қарсы төзімділігі пайда болды, сонымен қатар бұл топқа
төзімділігі жоғары мәдени сорттары ендірілді. Испандық типке жататын
арахистің құрамындағы майдың мөлшері басқа типтегі арахистерден едәуір
жоғары, және қазіргі таңда арахис АҚШ-тың Оклахома және Техас штаттарында
өсіріледі.
Испандық топқа жататын арахистің мәдени сорттары: “Dixie Spanish”,
“Improved Spanish 2B”, “GFA Spanish”, “Argetine”, “Spantex”, “Spanette”,
“Shaffer’s Spanish”, “Natal Common(Spanish)”, “White Kernel Varieties”,
“Starr”, “Comet”, “Florispan”, “Spanhoma”, “Spancross”, “OLin”, “Tamspan
90”, “Spanco” және “Wilco I”.
Раннер тобы. 1940 жылдан бастап АҚШ-тың оңтүстік-шығыс аудандарында
Испандық топқа жататын арахис сорттарын өісретін алқаптардың көлемі
азайды, бұл топтың орнына Раннер тобына жататын арахистердің сорттарын
өсіретін алқаптардың көлемі артты. Қазіргі кезде арахистің осы типке
жататын сортары АҚШ-тың Джорджия, Алабаме, Флорида және Оңтүстік Коралина
штатарында өсіріледі. Арахистің бұл Испан типіне жататын сорттарды Раннер
тобына жататын арахистермен ауыстырылуы, Раннер тобына жататын арахистердің
дәмінің жақсы болуына, дәнді қуыруға жақсы ыңғайланғаны және арахистің
түсімі едәуір арттуына байланысты болды. Ал Испан типіне жататын
арахистерді негізінен арахис майын және тұзды жаңғақ жасайтын өндірушілер
қалады.
Раннер тобының құрамына мынадай мәдени сорттар кіреді: “Southeastern
Runner 56-15”, “Dixie Runner”, “Early Runner”, “Virginia Bunch 67”,
“Bradford Runner”, “Egyptian Giant”, “Rhodesian Spanish Bunch”, “North
Carolina Runner 56-15”, “Georgia Green”, “Flavor Runner 458”, “Tamrun
OL01”, “ Tamrun OL02” және “AT-108”.
Вирджиния тобы. Вирджиния тобына жататын жемісі ірі арахистердің
сорттарын АҚШ-тың Вирджиния, Солтүстік Коралина, Теннесси Штаттарында және
Джорджия штатының кейбір аудандарында өсіріледі. Арахистің осындай жемісі
ірі түрлері кондитерлік өнімдерді тұздауға, арахиспен өңдеуге және
қауызымен бірге қуыру үшін үлкен сұранысқа ие.
Вирджиния тобына жататын арахис өсімдіктері жас өркендер арқылы немесе
буындары арқылы өседі. Өсімдік буындары арқылы вертикалды бағытта өседі.
Арахис өсімдігі 45-55 см биіктікке дейін жетеді және биікке сирек өсетін 80-
90 см қатарларда, 70-80 см дейін жайылып өседі. Арахистің бұршақындары
өсімдік негізінен 5-10 см қашықтықта орналасады.
Валенсилық топ. Валенсиялық топқа жататын арахис өсімдігі – көлемі
үлкен, ауыр қызыл түстес сабағы және үлкен жапырағы болады. Арахистің бұл
тобына жататын сорттарының комерциялық өндірісі АҚШ-тың ең алдымен, Шығыс
Нью-Мексико аумағында орналасқан, бірақ арахистің бұл түрін сонымен қатар
АҚШ-тың Оңтүстік аудандарында, пісіру кезінде артықшылыққа ие түр ретінде,
аз мөлшерде егіледі. Валенсиялық топқа жататын арахис өсімдігінің биіктігі
салыстырмалы түрде биік, биіктігі 125 см құрайды және 75 см-ге дейін
жайылады. Өсімдіктің қыны (стручка) сабақтан және негізгі бұтақтардан
шығатын гинофорға тіреледі. Арахистің қындарының көпшілігі өсімдік
негізінің маңында топтасады және кейбір ғана қындар өсімдіктен алшақ
орналасады. Валенсиялық типке жататын арахистен үштұқымды, тұқымы тегіс
және тұқым арасында сызығы болмайды. Сонымен қатар өсімдіктің тұқымы овал
пішіндес және бұршаққында тығыздалып орналасады. Бұл типке жататын
өсімдіктің тұқымының салмағы – 0,4-0,5 г.
4. Жер жаңғақтың қасиеті
Соңғы зерттеулердің нәтижелері бойынша, қайнатылған жер жаңғақ ерекше
антиоксиданттық қасиетке ие екені анықталды. Аталған өнім, АҚШ-тың
оңтүстігіндегі дәстүрлі дәрі болып саналады, сонымен қатар ресми түрде
арахис тек дәмді тағам ғана емес, сонымен бірге өте пайдалы екенін
американдық ғалымдар ерекше атап өтті.
АҚШ-тың Алабама уиверситетінің ғалымдарының бақылауы бойынша, арахисті
көбінесе жоғары дәрежелі өңдеуден кейін тұтынуға болады, мысалы арахис майы
сияқты. Ғалымдардың зерттеулерінің мәліметтері байынша, арахис құрамындағы

тамыр ауруларын дамуын төмендете алатын қасиетке ие екені анықталды. Арахис
өсімдігінің жемісін қандай да бір өңдеуден өткізгеннен кейін, оның қасиетін
тексеруге көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі кездегі
жаңа зерттеулердің нәтижелері бойынша, адам организміне ең пайдалы арахис
ол қайнатылған арахис болып саналады.
Жоғарыда аталған зерттеулерді жүргізген ғылыми топтың басшысы доктор
Ллойд Уолкер болатын. Жүргізілген зерттеулер бойынша, Оңтүстік Коралинадағы
– пісірілген(қайнатылған) жер жаңғақтан жасалынған тағамның құрамындағы
пайдалы заттар, басқа тағамның құрамындағы пайдалы заттардан 4 есе көп
екені дәлелденді.
Сонымен қатар соңғы зерттеулер, арахистің құрамындағы белокты заттар
тек соя өсімдігінен кем екенін көрсетеді. Арахис өсімдігі сонымен қатар,
өсімдік майының, фоли қышқылының, амин қышқылының, витаминдердің, натридің,
калидің, темірдің және цинктің үлкен қоры болып саналады. Ал белок мөлшері
тек соя өсімдігінен ғана кем түседі. Жер жаңғақ жүйке жүйесіне, жүрекке
және бауырға өте пайдалы. Сонымен қатар бұл өсімдік шаршағанды басады және
ұйқысыздықты жояды, есте сақтау қабілеті мен құлақтың есту қабілетін
жақсартады. Күн сайын 30 грамм арахис жаңғағын қабылдау, жүрек-тамыр ауру
қаупін азайтады.
Арахис жаңғағы – үлкендер мен балалардың сүйікті тәтті тағамы. Бұл
жаңғақта 40-60% май, 25-35% белок және көмірсудің 5-12%-ы болады, сонымен
қатар В және Е тобының витаминдері, ең маңызды орны толмас май қышқылы –
линол қышқылы болады.
Шығыста арахис майын, күнжіт майымен бірге ең бағалы өсімдік майларының
қатарына жатқызады. Арахис майын дүние жүзінде жылына 3 миллион тоннаға
дейін өндіріледі. Бұл өсімдікті қазіргі кезде консервілік өнеркәспте
кеңінен қолданылады, ал оның тұқымын ұнтақталған күйде шиколад және халва
жасауға қоспа ретінде пайдаланады.
Арахис өсімдігі тек қана дәмді ғана емес, сонымен қатар өте пайдалы
және құрамында мынадай адам ағзасына өте бағалы заттар болады. Олар А, D,
Е, В1, В2, РР витаминдері, биотин, толық қаныққан линол қышқылы, өсімдік
майлары.
Кептірілген арахис дәнінде 29,2% белок, 50,2% май және 10,8% көмірсу
болады. Арахис дәніндегі белокты адам организмі жақсы қабылдайды. Арахис
құрамында сонымен қатар минералды заттар да бар: натрий – 26мг, калий – 736
мг, кальций – 85 мг, марганец – 202 мг, фосфор – 390 мг, темір – 6мг.
Арахистің азықтық талшықтары кейбір рак ауруларын алдын алуға көмектеседі,
ал арахисті күнделікті пайдалану жүрек ауруларының қаупін едәуір
төмендетеді. Арахис белок дефицитін орын толтыра алады, сонымен қоса
скелорз ауруын жояды, ұйқысыздық кезінде көмектеседі, жүйке жүйесінің қозу
дәрежесі жоғары болған жағдайда жүйке жүйесін тыныштандырады және адам
организмі әлсізденген жағдайда организмді қалпына келтіруге көмектеседі.
Арахис – ерекше нәрлендіруші өнім. Арахис өзінің баға жетпес қасйетіне
байланысты және осы өсімдіктен алынатын өнімді тамақ өнеркәсібінде кеңінен
қолданылады. Бірақ арахисті көп қолдану белгілі бір проблемаға алып
келеді. Арахис өте күшті аллерген. Сондықтан аллергетиктерге күніне 5
арахис жаңғағынан артық жеуге болмайды.
Арахисте 35%-дан астам белок және 50%-дай холестерині жоқ май болады.
Арахистегі белоктардың аминқышқылдары оптималды арақатынаста болуымен
сипатталады және сондықтанда бұл активті заттар адам организміне тез
қабылданады, ал құрамындағы майлар өтжүргізетін қасиеті бар және гастрит
ауруы мен асқазан язвасы кезінде пайдалы. Арахисті қолдану сонымен қатар
ішкі мүшелерге, атап айтқанда бауыр, жүрек, есту жүйесі, есте сақтау
қабілетін жақсартуға жүйке жүйесінің жұмысын тұрақтандыруға пайдалы.
Сонымен құрамындағы фоли қышқылы клетканың жаңаруына себебін тигізеді.
Америкалық ғалымдардың зертеулерінің нәтижесінде, адам организмдегі
клеткаларды бас радикалдардың әсерініен сақтайтын антиоксидантты заттардың
арахистің құрамында көп болатынын анықтады.
Арахистің құрамындағы максималды антиоксиданттық қасиетке ие ол,
қызыл шараптағы антиоксиданттарға химиялық құрылымы жағынан өте ұқсас,
полифенолды қосылыстар. Жер жаңғақтың құрамындағы дәл осы компоненттер
жүрек, қан тмаырларының, атеросклероз ауруларына профилактика жүргізуге
пайдаланылады, сонымен қатар тез қартаю мен қатерлі ісік аруларын болдырмау
үшін де падаланылады.
Сонымен қоса бұл арахис дәндерін көп пайдалану, яғни арахистен жасалған
өнімдер жоғары калорилі заттар болғандықтан адамға артық салмақ қосуына
немесе адам организмінің май басуына алып келеді.
Арахис өсімдігінің құрамында қуырылған кезде полифенолдың мөлшері,
шикідей кезіндегі арахиске қарағанда 25%-ға артық болады. Бұл өсімдіктің
антиоксиданттық қасиеті басқа өсімдіктер салыстырғанда, арахис қара
бүлдірген мен қой бүлдірген өсімдіктерімен бір қатарда, тек өте көп
мөлшерде антиоксиданттық қасиеті бар заттары болатын гранат өсімдігінен
ғана кем түседі екен.
ІІ Жер жаңғақты өсіру агротехникасы
1. Жер жаңғақ егілетін алқаптың топырағын өңдеу
Арахис өсімдігі үшін, құрылымды қара топырақтар ең қолайлы топырақ
болып саналады. ТМД аумағындағы Украина мемлекетінің оңтүстік өңірінің
топырақтары арахис өсіруге қолайлы болып келеді. Жер жаңғақ өсімдігі
құрылымсыз сұр топырақта және саз топырақта өсірілмейді. Топырақтың жақсы
ауа өткізу үшін және арахистің гинофоры дұрыс дамуы үшін топырақты
оптималды тығыздау қажет, ал өсімдіктің тамыр жүйесі тек топырақтың
көлемдік массасы 0,9-1,25гсм3 болған жағдайда ғана қабатталады екен.
Арахис өсімдігігің өсу кезеңінің басында жай өсуіне байланысты, оның сол
себепті таза топырақты қажет ететіндігі.
Көпжылдық арамшөптермен қатты ластанған топырақта арахис өсімдігінің
өнімділігі төмендейді, дегенмен бұл өсімдіктің өзі егілген топырақты
біршама арамшөптерден тазартуға көмектеседі. Арахис өсімдігіне өзі егілген
топырақтың түсі де әсер етеді, егер топырақтың түсі ашықтау болса онда
арахис бұршағы, қара ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz