Дизруптивті сұрыпталу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Табиғи сұрыпталу, оның факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Өзгергіштік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
3. Табиғи сұрыпталудың қозғаушы факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..9
4. Бейімделушілік-табиғи сұрыпталу әрекетінің факторлары ... ... ... ... 11

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

КІРІСПЕ
Табиғи сұрыптау - тіршілік үшін күресте күштілердің жеңуін қамтитын эволюцияның жүзеге асырылуы үрдісі. Эволюция теориясы 1858 жылы Чарльз Дарвин және Альфред Рассел Уоллеспен ұсынылды. Беймделушiлiктiң қалыптасуы тұқым қуалайтын өзгергiштiк пен сұрыптауға тiкелей байланысты. Өйткенi тұқым қуалайтын өзгергiштiк бейiмделушiлiкке элементарлы эволюциялық материал болса, сұрыпталу - эволюциялық әрекет. Кез келген популяциядағы белгiлi бiр фенотиптiк өзгерiстi бейiмделушiлiк деп қарауға болмайды. Популяция дараларында сол ортаға сәйкес арнайы белгi қалыптасқанда ғана бейiмделушiлiк деп қарауға болады. Бигель кемесімен саяхаттан Англияға қайтып оралғаннан кейін Дарвин түрлердің шығу тегі мәселесін түсінуге дәлел болатындай үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің, сондай-ақ табиғи жағдайдағы өсімдіктер мен жануарлардың өзгерістеріне қатысы бар деректерді жинай береді. Түрлердің шығу тегі жайындағы теориясын қүрудағы еңбегін тэжірибелі бағбандармен және мал шаруашылығындағы адамдармен сөйлесе жүріп, мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының өзгергіштігі жайлы көптеген материалдармен толықтыра түсті. Қолдан сұрыптау тәжірибесін талдай келе, органикалық түрлердің шын мэнінде өзгеріп отыратынын көрсетіп, оны адамның пайдалы тұқымдарды шығаруы - табыстың көзі деп түсіндіреді. Қолдан сұрыптауды баяндау арқылы органикалық дүниенің эволюциясын түсіндіруді алдына мақсат етіп қоя білді.

1. Табиғи сұрыпталу, оның факторлары
Табиғи сұрыптау - тіршілік үшін күресте күштілердің жеңуін қамтитын эволюцияның жүзеге асырылуы үрдісі. Эволюция теориясы 1858 жылы Чарльз Дарвин және Альфред Рассел Уоллеспен ұсынылды. Табиғи сұрыпталуды кейде Қозғаушы сұрыпталу деп атайды. Себебі бұл - бағыттауышы сұрыпталу, тек ғана бір бағыттағы өзгергіштікке бейім табиғи сұрыпталудың бір түрі. Қозғаушы сұрыпталу арқылы популяцияның генофоды толығымен келешек ұрпақтарының дивергенциясыз өзгереді; түрдің осындай эволюциясын Дж. Симпсон, филетикалық эволюция деп атады. Қозғаушы сұрыпталу нәтижесінде популяцияның генофондында фенотиптің бір бағытына өзгергіштік болатын мутациялар жинақталады және таралады.
Табиғи сұрыпталудың формалары
Сұрыптау жолымен мутация залалсыздандырылады, олардың қарама-қарсы бағытталған әрекеті бейтараптанады. Генотип және тұрақты фенотип барысында жеке даму процесі жетілдіріледі. Залалсыздандырылған мутайия резерві пайда болады. Осы сұрыпталудың нәтижесінде орташа нормадағы реакциясы бар ағзалар аз өзгерісті жағдай тіршілігінде доминатты болады, жәндіктермен тозаңданатын өсімдіктер гүлінің формуласы мен пішіні сақталады( гүлдер жәндік тоңандандырушының мөлшері мен пішініне, оның алдыңғы ауыз сору құрылысына сәйкес келу керек)

Тіршілік үшін күрес
Қозғаушы сұрыпталу залалсызданған рецессивті мутациядан тұратын моболизденген резервін ашады. Залалсызданған мутация және оның сәйкес келуін сұрыпталуды іске асырады. Жаңа фенотиппен генотип пайда болады. Осы сұрыпталу нәтижесінде фенотипі мен генотипі бойынша айырмашылықтары бар, жаңа орта формадағы, өзгерген жағдайға неғұрлым сәйкес келетін популяциядағы дарақтар пайда болады. Жәндіктер улы химикаттарға тұрақты келеді.
Дизруптивті сұрыпталу. Бұл жерде қозғаушы сұрыпталу кезінде қандай процесс болды, сондай болады. Бұл сұрыпталу ағзаның орта норма реакциясының ауытқуынан екінші бір ағзаға қысым көрсетіледі.
Жыныстық сұрыпталу - Түрдің көбеюі, ұрпақтарының ары қарай өсіп-өніп тіршілігін қамтамасыз ететін, тіршілік үшін күресте реңдерінің әдемілігімен , әрекеттерінің белсенділігімен , тіршілікке икемділігімен күштілерді жеңеді. Жыныстық сұрыпталудың ағзаға зиянды жері де бар. Мысалы, жұмақ құсы мен қырғауыл аталықтарының әдемі ұзын қауырсындары ұшуына кедергі жасайды, әрі оларды жаулары тез байқайды. Бұғы аталығының үлкен мүйізі қатты жүгіруіне кедергі келтіреді. Жыныстық сұрыпталудың нәтижесінде жетілген мүйіздері, ит тістері, иісті бездері, жарық шығаратын мүшелері жыныстық айырмашылықтарын көрсетеді
Дарвинизмнің дамуы және эволюциялық биологияның қалыптасуы. Чарлз Дарвиннің эволюциялық теориясының дүниеге келуі мен одан әрі дамуы биология ғылымының барлық салаларындағы келесі табыстарды қамтамасыз ететін заңды құбылыс болып табылады. Дарвиннің эволюциялық теориясы дүниеге келгеннен кейін эволюциялық ұстаным биологияға берік енді. Сол кезден бастап барлық табиғи құбылыстар эволюциялық заңдылықтарды есепке алып зерттелетін болды. Ч. Дарвиннің орасан зор еңбегі оның көбінесе факторлар, тетіктер немесе қозғаушы күш деп аталатын эволюция себептерін ұсынып, дәлелдеуінде. Дарвиннің пікірі бойынша тіршілік үшін күрес, өзгергіштік және табиғи сұрыпталу эволюцияның негізгі факторлары болып табылады. Сондықтан Дарвиннің теориясын табиғи сұрыпталу теориясы деп жиі атайды. 1859 жылғы эволюциялық теория өзгеріссіз калды деп ойламау керек. Ол келесі ұрпақ ғалымдарының еңбектері нәтижесінде өте көп толықтыруларды бастан кешті. Бірак соған карамастан, оны бұрынғысынша Дарвиннің теориясы немесе дарвинизм деп атайды.
Бигель кемесімен саяхаттан Англияға қайтып оралғаннан кейін Дарвин түрлердің шығу тегі мәселесін түсінуге дәлел болатындай үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің, сондай-ақ табиғи жағдайдағы өсімдіктер мен жануарлардың өзгерістеріне қатысы бар деректерді жинай береді. Түрлердің шығу тегі жайындағы теориясын қүрудағы еңбегін тэжірибелі бағбандармен және мал шаруашылығындағы адамдармен сөйлесе жүріп, мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының өзгергіштігі жайлы көптеген материалдармен толықтыра түсті. Қолдан сұрыптау тәжірибесін талдай келе, органикалық түрлердің шын мэнінде өзгеріп отыратынын көрсетіп, оны адамның пайдалы тұқымдарды шығаруы - табыстың көзі деп түсіндіреді. Қолдан сұрыптауды баяндау арқылы органикалық дүниенің эволюциясын түсіндіруді алдына мақсат етіп қоя білді.
2. Өзгергіштік.
Дарвин заманында үй жануарлары мен өсімдіктер жабайы түрден шыққаны белгілі болатын. Себебі, жабайы және үй жануарлары арасындағы ұқсастық адамдарды таң қалдырмайтын. Дарвин жабайы жануарлардың қолға үйретілуін, жабайы өсімдіктердің қолда егіле бастауын терең зерттей отырып, доместикация ілімінің негізін қалады. Доместикация немесе жануарларды қолға үйрету кезінде жабайы түрлер тек қолға үйретіліп қана қоймай адамзат қалауымен көптеген өзгерістерге де ұшырайды. Дарвин ол өзгерістер ішіндегі екі ерекшелікке тоқталады. Біріншіден, үй тауықтары, сиырлар немесе бір бақшада өсірілген орамжапырақ, қарбыз болсын бәрі біркелкі болмайды. Олардың ішінен көзге көрінетін де, байқала бермейтін де өзгерістері бар дараларды кездестіруге болады. ХІХ ғасырдың ортасында қара малдың бір-екі түрінен шыққан бірнеше жүз тұқымы, иттердің бірнеше түрден шыққан жүзден астам тұқымы болды. Екіншіден, бір тұқымға жататын жануарлардың өзі бір-бірінен де, тегінен де өзгешіліктері көп болады.
Өзгергіштік және оның түрлері. Мәдени формалар эволюциясының факторлары. Дарвин теориясының негізгі қағидасы - адамның мәдени түрге айналдырған өсімдіктері мен жануарларының елеулі өзгеріске ұшырады деп тануы еді. Мұны жер шарының әр жерінде шығарған үй жануарлары мен құстардың көптеген тұқымдарымен, өсімдік іріктемелерінен көруге болатын еді. Жануарлар мен өсімдіктердің қай түрін алсақ та әрбір дара бір - біріне ұқсамайды. Жануарлар мен өсімдіктердің өзгергіштіктері жайындағы нақтылы материалдарын талдай келіп, Дарвин тіршілік жағдайындағы өзгерістердің қандайы болса да ағзада өзгеріс туғызады, және де әсер етуші факторлар әр түрлі ағзаға түрліше әсер етеді деген қортындыға келді. Бұл өзгерістер кейде көмескі түрде болады, кейде айқын көрінетіндей болады. Осыған орай өзгергіштікті: айқын (топтық) және айқын емес (жеке) деп екіге бөлді. Айқын немесе топтық өзгергіштікте белгілі жануар тұқымының немесе өсімдік іріктемелерінің даралары белгілі бір себептің әсерімен біркелкі өзгереді
Коррелятивтік немесе арақатынастық өзгергіштік дегеніміз - белгілі бір мүшенің өзгеруімен байланысты басқа мүшелердің өзгеруі.
Компенсациялық өзгергіштік дегеніміз - бір мүшелердің және олардың қызметтерінің дамуы басқа бір мүшелердің дамуы мен қызметін тежеп, олардың жетілмей қалуына немесе редукциялануына себеп болады
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі. Үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердегідей анық көріністі болмаса да , табиғи жағдайларда тіршілік ететін ағзаларда да елеулі өзгергіштік белгілері болатыны белгілі. Тірі ағзалардың кез келген ұрпағындағы дарасында басқа дараларынан біраз айырмасы болады. Осы жеке айырмашылықтардың өте үлкен мәні бар, өйткені олар көбіне тұқым қуалайды және бұл келесі ұрпақтарда бірте-бірте жинақталып қорлана түседі. Екінші жағынан, түр көлемінде ағзалардың әр түрлі морфологиялық оқшау топтары жиі пайда болып отырады. Дарвин ондай топтардағы даралардың жиынтығын түршелер деп атады. Ағзалардың табиғаттағы өзгергіштігі түрдің таралу көлеміне байланысты, кең таралған түрлерде түршелер де мол болады. Түрлердің әр түрлі физикалық және биологиялық жағдайларда мекендеуіне байланысты, олардағы топ аралық өзгергіштігі де айқындала түседі. Бұндай әрекеттер ұзақ уақыт аралығында жүретіндіктен, өзгерген белгілер тұқым қуалайтын болады. Яғни, сыртқы орта жағдайына бейімделе отырып қалыптасқан белгілер міндетті түрде тұқым қуалаудың нәтижесінде ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Өзгергіштіктің бұл типінде гендер өзгермейді. Гендердің генотипте бір-бірімен үйлесуі фенотипі ұрпақтарды тудырады. Комбинативтік өзгергіштік жасушаның мейоздык бөлінуінін I профазасында байқалатын хромосомалардың айқасуынан, ұрықтану кезінде гаметалардың кездейсоқ кездесуінен және гомологтік хромосомалардың бір-бірінен тәуелсіз ажырауынан пайда болады. Жыныстық көбею кезінде ата-ана гендерінің алмасуынан жаңа белгілері мен жаңа касиеттері бар даралар түзіледі. Тұқым қуалайтын гендердің үйлесуі ылғи да тиімді, бағалы бола бермейді. Бұл жағдайда табиғи сұрыпталу нәтижесінде жағымсыз, зиянды белгілері бар организмдер еліп отырады.
Сұрыптаушылар жұмыстың мақсатына қарай болашақ ұрпақта гендердің жағымды комбинациясын алу үшін будандастыруға алынатын ата-аналық формалардың қасиеттерін іріктейді. Мысалы, қазақтың арқар-меринос қойы жабайы арқар мен биязы жүнді меринос қойды шағылыстыру аркылы алынған. Мұнда арқардан суыққа төзімді, сүйегі берік, тау жағдайына бейім белгілері берілсе, қойдан жүнінің, етінің сапасы берілген. Бұл белгілер тұрақты болу үшін туыстық будандастыру жүргізеді.
Мутациялық өзгергіштік
Мутация деп хромосомалардың немесе гендердің кенеттен өзгеруін айтады. Мутацияның пайда болуы жөне қалыптасуы мутагенез деп аталады. Ал тұқым қуалайтын өзгерістерді тудыратын факторларды мутаген деп атайды. Мутациялық процестің нәтижесінде жаңа қасиеттерге ие болған дараларды мутанттар дейді. Мутациялық өзгергіштік тұқым қуалайды. Олардың пайда болуы бірнеше кезеңдерді қамтитын күрделі процесс. "Мутация" деген терминді 1901 жылы Голландия генетигі Гуго де Фриз "Мутациялық теория" деген еңбегінде енгізді.
Ч. Дарвин "Үй жағдайында өсімдіктер мен жануарлардың өзгергіштігі" атты еңбегінде (1868) бірнеше тұқым қуалайтын өзгерістерді сипаттады. Жаңа Англияда (АҚШ) 1791 жылы қой өсіретін анкон фермасында аяқтары қысқа, денесі ұзын еркек қозы туылады. Бұл құбылыс ата-анасының біреуінің жыныс жасушасында гендік мутацияның болуы арқылы түсіндірілді. Ч. Дарвин бұл койларды "Жартылай кемтарлар" деп атаған. Малдардың аяқтарының қысқа болуы және жайылым кедергілерінен өте алмауы фермерлерге ұнайды. Фермерлер сұрыптау жұмысын жүргізу нәтижесінде анкон тұқымды қойлар пайда болды.
Қазір анкон гені туралы не айтуға болады? Ол белгілі бір себептермен койлардың қаңқасын анықтайтын ген мутацияға ұшыраған. Оның қай кезде болғанын анықтау қиын, себебі ол рецессивті ген болғандықтан, ұрпақтан-ұрпаққа гетерозиготалы күйінде беріліп отырған.
Дәл осындай мутация 1919 жылы Норвегияда және 1966 жылы Донецк облысындағы Роза Люксембург совхозында цигай қойларында қайталанады. Мұндай мутациялар түлкілерде, қояндарда кездеседі.
Жалпы мутацияны эволюциялық процестің алғашқы материалдық негізі деп есептеген жөн. Мутациялық өзгергіштіктің барлық түрлері тірі организмдерге тән. Организмдердің ерекшеліктеріне: фенотипінің және генотипінің өзгеруіне қарай мутациялар: морфологиялық, физиологиялық, гендік, хромосомалық жөне гелюмдық болып бөлінеді.
Морфологиялық мутацияларға өсімдіктер мен жануарлар мүшелерінің тұқым қуалайтын белгілерінің өзгеруі жатады. Мысалы, өсімдіктердің бойының биіктігі, гүлдер мен гүл шоғырлары түсінің, жапырак тақтасы мен жемістерінің, сондай-ақ тұқым түрлерінің өзгеруін айтады. Жануарларда: терісінің түсі, аяғының қысқалығы, кауырсынның болмауы. Жәндіктерде: денесінің, көзінің түсінің өзгеруі, қанатының мөлшері мен пішінінің езгеруі.
Физиологиялық мутацияларға есімдіктер мен жануарлардың өнімділігінің төмендеуі немесе артуы, сонымен қатар олардың сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына, (суык, ыстыққа) ауруға төзімсіздігі мен тезімділігін көрсететін қасиеттері жатады. Физиологиялық мутацияларға летальді және сублетальді мутациялар кіреді.
Гендік мутациялар
Гендік мутациялар геннің құрамының өзгеруінен туады. Генді ДНҚ-ның бір бөлігі десек, ДНҚ-дағы азотты негіздердің орналасу ретінің бұзылуы нәтижесінде басқа нәруыздар синтезделетінін білеміз. Олай болса, организмдердің көптеген морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық касиеттерінің өзгеруі осыған байланысты болады. Мысалы, өзімізге таныс бұршақ өсімдігі тұқымының түсі сары немесе жасыл, формасы тегіс немесе бұдыр, гүлінің түсі ақ немесе қара қошқыл, т.б. болуы. Жануарлардағы альбинизм (пигментсіздік), дрозофила шыбынының көзінің түсі жағынан ақ, сарғыш, ақ сары болуы, сондай-ақ адамда гемофилия, дальтонизм, фенилкетонурия, т.б. аурулардың болуы осы гендік мутацияларға байланысты болады.
Хромосомадағы бір локустағы мутация нөтижесінде өзгерген гендер әр уақытта аллельді болады. Мутацияның жиілігі өр түрлі аллельдерде бірдей жүрмейді. Бір аллельдік локуста мутацияның жиілігі 10"5 -- 10~7 болады. Бірақ организмде гендердің саны өте көп болғандықтан, мутация да көп болады. Қазір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлар гаметаларында 10%-ға дейін табиғи өзгерістер кездесуі мүмкін.
Хромосомалық мутациялар
Хромосомалар құрылысының (құрылымдық) өзгеруі. Олардың екі типін ажыратады: хромосомалық және хроматидтік мутациялар. Көптеген хромосомалық мутацияларды препарат жасап, микроскоппен көре алады. Хромосомалық және хроматидтік мутациялардың мынадай түрлері бар: транслокация, инверсия, жетіспеушілік (делеция) және сақина тәрізді, т.б.
Транслокация дегеніміз -- екі хромосоманың немесе бір хромосоманың (екі хроматид) хромосома материалымен өзара алмасуы.
Инверсия дегеніміз -- бір хромосоманың ішкі бөлігінің 180° өзгеруі.
Сақина тәрізді хромосомалар -- бұл таякша тәрізді хромосоманың сақина тәрізді болып өзгеруі.
Жетіспеушілік (делеция) деп хромосома иықтарының бөлшектерге үзілуін айтады. Хромосомалық мутациялар гендердің жұмысын өзгертеді. Мысалы, центромерасы бар транслокациялық, инверсиялық мутациялар тұқым қуалайды.[1]
3. Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары.
Эволюция негізнен қозғаушы және тұрақтандырушы сұрыптау арқылы жүзеге асады. Эволюция процесіндегі қозғаушы және тұрақтандырушы сұрыптау ілімін қалыптастырған И.И. Шмальгаузен.
Қозғаушы сұрыптау және оның түрлері. Аты айтып тұрғандай эволюцияның творчестволық күші осы болып табылады. Қозғаушы сұрыптау кезінде қалыптасқан нормадан бейімділігі жоғары өкілдер қалып отырады. Қозғаушы сұрыптаудың генетикалық негізгі популяцияның тұқым қуатын өзгергіштігі. Оның экологиялық себептері қоршаған ортаның өзгеруі. Бұрынғы тіршіліке бейімделігі аз мутанттар жаңа өзгерген жағдайда селекциялық артықшылыққа ие болады, нәтижесінде бұрынғы қалыптасқан норманы ығыстырып шығады. Осыған байланысты популяцияның генетикалық құрылымы да өзгереді. Себебі популяцияда жаңа мутанттар көюейе бастайды. Қозғаушы сұрыптау мына үш бағытта жүреді:
Бағыттаушы сұрыптау қоршаған орта ұзақ уақы бір бағытта өзгергенде пайда болады. Оның мысалы ретінде насекомдардың улы заттарғы бейімделуін айтуға болады. Мутанттар белгілі бір белгісі бойынша сұрыпталып отырса оны тура сұрыптау деп атайды. Бағыттаушы сұрыптаудың нәтижесінде популяция жаңа популяцияларға бөлінбей жаңа қасиетке ие популяция пайда болса оны филетикалық эволюция деп атайды. Насекомдардың улы химикаттарға бейімделуі филетикалық эволюцияның физиология бойынша жүрген көрінісі. Сонымен, бағыттаушы сұрыптау нәтижесінде жаңа адаптациялар және түрлер пайда болады.
Дизруптивті (бөлініп кетуші) сұрыптау кезінде адаптивті өзгеріске бейім жоғарғы не төменгі варианттар қалып, орташа варианттар қалып, орташа варианттар жойылып кетіп отырады. Мұндай сұрыптау да ұзақ уақыт әр түрлі бағытта өзгерген орта әсерінен болады. Нәтижесінде бір популяциядан екі және одан да көп популяциялар пайда болады. Дизруптивті сұрыптау Дарвиннің дивергенция принципімен жүреді, туыс формаларэкологиялық ажырасуға мәжбүр болады да, соңынан жаңа түрлер пайда болады.
Тұрақтандырушы сұрыптау. Механизмі мен нәтижесі бойынша бұл сұрыптау қозғаушы сұрыптауға кері сұрыптау. Мұндайда сол жағдайда қалыптасқан нормадағы өкілдер қалып отырады да, қандай да болмасын ауытқулар элиминацияға ұшырайды. Қозғаушы сұрыптау мен тұрақтандырушы сұрыптау бірөбірімен тығыз байланысты. Шындығында бір процестің екі бөлігі болып табылады. Популяциялар үнемі өзгеріп отыратын қоршаған ортаға бейімделіп отырады. Қалай орта біршама тұрақты күйге көшсе сұрыптау соған бейім форма түзеді. Осылайша қозғаушы сұрыптау тұрақтандырушы сұрыптауға ауысып отырады. Сонымен қозғаушы сұрыптау өкілдерің, популяцияның тарихи дамуын қамтамасыз етсе, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өзгергіштік пен тұрақтылық эволюцияның ажырамас екі бөлігі. Табиғи сұрыптау тіршілікті тек жасап қана қоймай, оның алуан түрлігін де сақтап отырады
Жыныстық сұрыпталу. Көптеген түрлердің жыныстық сұрыпталуына күйттік сайыс және жағынудың күрделі инстинктивті әрекеттері жатады. Көптеген құстар қанатының әдемілігі, балықтардың реңі, өсімдіктерде гүлдер пішінінің әртүрлілігі, құстардың сайрауы, бұғылардың мүйіздерінің үлкен болып бұтақтануы жыныстық сұрыпталудың белгілері, т.б. Сұрыпталудың барлық түрлері тұқым қуалау өзгерістеріне негізделеді.
4.Бейімдеушілік - табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі
Бейiмделушiлiктiң пайда болуы. Эволюция барысында пайда болған жаңа белгiлер қалыптаса отырып, бейiмделушiлiкке әкеледi.
Бұл кейбiр түрлердiң морфологиялық ерекшелiктерiне тең келсе, ол бiртiндеп жаңа түрлер мен популяциялардың түзiлуiне әрi қарай биогеоценоздың өзгеруiне бастама болады. Сыртқы орта жағдайына орай бейiмделушiлiк белгiлерiнiң пайда болуы - эволюцияның негiзгi нәтижесi. Сондықтан эволюцияны бейiмделушiлiктiң пайда болу әрекетi ретiнде қарастыруға болады - адаптациогенез. Бейiмделушiлiк деп белгiлi орта жағдайларында тiршiлiк етiп, тұқымқуалаушылық белгiлерi арқылы ұрпаққа берiлуiн қамтамасыз ететiн нақты морфологиялық қасиеттердiң дамуы мен пайда болуын айтамыз.
Беймделушiлiктiң қалыптасуы тұқым қуалайтын өзгергiштiк пен сұрыптауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гетерогенді және өзгермелі ортадағы сұрыптау жайлы ақпарат
Гетерогенді және өзгермелі ортадағы сұрыптау туралы ақпарат
Ауыл шаруашылығы малдарын сұрыптау және жұптау қағидалары мен әдістері
Биология терминдерінің анықтамалары
Малды сұрыптау және жұп таңдау
Табиғи және қолдан сұрыптау
Эволюциялық ілімнің негізгі міндеттері
Мал тұқымын асылдандыру жұмысы
Эволюциялык идеялар
Популяциялар генетикасы және эволюциялық генетика негіздері
Пәндер