Суккулентті бөлме өсімдіктерін өсіру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I Суккулентті өсімдіктердің түрлері мен емдік қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Суккулентті өсімдіктердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.Алоэ бөлме өсімдігінің дәрілік қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымшалар

КІРІСПЕ
Ертедегі египеттіктер де алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар, жалбыз, тал, аршаның шипа-лық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктікті пайдалана біліп, гүлдер оты-рғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алады.
Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегінің өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олар-дың әрқайсының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған.
Суккулентті бөлме өсімдіктердің түрлері: алоказия, аспидистра, азалия, гузмания, диффенбахия, бегония, шегіргул, алоэ, хамедория, т.б. Өсімдіктің реңсіздігі, нашар өсуі оның қолайсыз жағдайда екендігінің белгісі, мұның негізгі себебі дұрыс күтіп-баптау болып табылады. Жарықтық жеткіліксіздігі, өлшеусіз суару немесе мерзімді суармай қуратып алу, желдің өті, температураның күрт өзгеруі, сондай-ақ артық-кем қоректендіру -- өсімдікті әлжуазданырып, зиянкестер мен аурулардың өршуіне әкеп соқтырады. Дұрыс күтіп-баптаған үй өсімдіктері ауруға шалдықпайды. Бірақ инфекңияның немесе зиянкестердің жаңа кесінділермен немесе өсімдіктермен бірге келіп, таралуы да мүмкін.
Алоэ - емдік қасиеттерімен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған өсімдік. Мәдени өсімдіктер арасында ең көп белгілісі алоэ. Алоэ араб тілінен аударғанда ащы дегенді білдіреді. Сонымен қатар дәрігерлер мыңжылдық деп те атайды. Алоэнің қоспалары Қытайдың мыңжылдық қоспаларында бар. Египетте үйдің кіре беріс жерінде алоэ отырғызылады. Ол денсаулық пен ұзақ өмірдің символы. Халық медицинасында оны қызыл иектің, қабақтың қызаруына, өкпе туберкулезіне, экземді емдеуге, асқазан жарасына пайдаланылады. Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ертінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі - дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.
Зерттеу мақсаты: Суккулентті бөлме өсімдіктерінің алуан түрлілігімен танысу.
Зерттеу міндеттері:
1. Суккулентті бөлме өсімдіктерін өсіру
2. Алоэның емдік қасиеттерін анықтау
Зерттеу обьектісі: алоэ өсімдігі
Зерттеу әдістері: арнайы әдебиеттерді талдау бойынша биологиялық, әдістемелік, дидактикалық білімдерді талдау, салыстыру, болжамдау.

0.1 Суккулентті өсімдіктердің түрлері
0.2
Суккулентті өсімдіктер шөлді шөлейтті аймақта өсетін қсімдіктер.Суккуленттер: қалың жапырақты оттона,кассит рипсалисі,Зимбольт пен Морган очитогі,Вуд церопегиясы,зигокактус.Жасанды тіректі қажет ететін аспалы немесе шырмауық сабақты кейбір өсімдіктерді лиана сияқты өсірген дұрыс.Тіректің ең қарапайым түрі- тік қазықшалар немесе бамбук таяқшалар.Тік қазықшаларға көлденеңінен таяқшалар немесе жіп байлап торкөз жасауға болады. Бөлме лианасының күтімі де жалпы бөлме өсімдіктерінің күтіміне ұқсас.
Азалея (азалия) - мәнгі жасыл,жіңішке бұтақшалы,ұсақ жапырақты және қарапайым түкті,әр алуан реңді гүлі бар жатаған өсімдік.Дүкеннен не оранжереядан алынған бүршігі бар ағашты жарық,қоңыр салқын бөлмеде терезеге жақын қою қажет.Оны қардың,тозандатқыштың еріген мұзының суымен немесе топырағынан мұз сүйрігін қадап суарады.Бұл азалеяның біртегіс бүршіктеуіне және гүлдену мерзімін ұзартуға ықпал етеді.Гүлі түсіп қалған азалеяның ұшын қысқартып,әлсіз және тұтасып кеткен бұтақшаларын кесіп тастайды да,үлкендеу құмыра ішіндегі тың топыраққа қайта отырғызады.
Алоэ - лала гүлділер тұқымдасына жататын жапырақты өсімдік.Отаны - Оңтүстік Африка.Жапырағы шырынды,тіс-тіс,кейбіреуінің түсі алажабақ болады.Үйде өсетін алоэнің ағаш тәріздес,кірпік тәріздес,сондай ақ ақ жолақ жапырақты сәндік түрі болады. Алоэ әсіресе оңтүстік-шығыс жаққа қараған терезе алдында жақсы (көреді) өседі.Алоэны қалыпты мөлшерде суарып тұру керек. Жақсы өсіп келе жатқан алоэны аммиакты селитрамен (1л. суға 1г. селитра) не коровяк тұнбасымен қоректендіру керек.Оны өсіретін топырақ құрамы: 2 үлес шым,1-үлес жапырақ аралас топырақ,0,5 үлес өзен құмы болуға тиіс.Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш көмірі қосылады.Алоэ бұтақшалары (жас сабақтарының ұшы) және сабақтың төменгі буынында өсетін өркендері арқылы көбейтіледі.Өсімдіктен кесіп алынған бұтақшасын бір тәулік кептіріп,содан кейін өзеннің дымқыл құмы салынған құмыраға не жайпақ тәрелкеге отырғызады.
Ағаш тәріздес алоэның жапырақтарынан көз,асқазан,ішек т.б. ауруларды емдейді,экстракт әзірлейді. Оның жапырақ сөлін іріңді жараны,күйген жерді,тері дерттерін(қабынған) емдеуге қолданады.Деген мен,оны дәрігердің кеңесімен пайдалану қажет,өйткені бірқатар жүрек - тамыр ауруларына кері әсер етеді.
Аммарилис (гиппераструм) - амариллис тұқымдасына жататын көп жылдық пияз тектес өсімдік,кейбір түрінің отаны-Оңтүстік Америка.Жапырағы қос қатарлы,ұзынша,жылтыр;бір түсті не теңбіл жолақты 3-6 ірі гүлі жуан гүл сағақта өседі. Амариллис жарықты сүйеді,бөлменің оңтүстік және оңтүстік - шығыс жағындағы терезе алдын ұнатады. Түйнек салып көбейеді,оны қыркүйек-қазанда құмыраға түйінен биіктігінің 23 бөлігіндей тереңдікке бір талдан отырғызады.Топырақ құрамы: 1 үлес жапырақ аралас топырақ,1үлес шым топырақ,1үлес қарашірік және бір (шым), құмнан тұрады.Бой алып өскен кезде қандырып суарып,тыңайтқышпен қоректендіреді.Отырғызғаннан кейін 2-3 жыл өткен соң гүлдейді.Гүл сағағы жапырақ түзілгенге дейін өседі.Гүлдегенен кейін тыныштық кезені басталады; осы кезде Амариллисті температурасы 8-10 градус қараңғы қоңырсалқын бөлмеге орналастырып суаруды сиретеді.Желтоқсанда қайтадан жарық жерге шығарып,өсуін жеделдету үшін суаруды жиілете бастайды.
Аспарагус (спаржа,қояншөп)- лилия тұқымдасына жататын көпжылдық шөп текті өсімдік.Отаны - Оңтүстік Африка. Бөлме сәні үшін қауырсынды және Шпренгер аспарагстері өсіріледі.
Қауырсынды аспарагус - тікенек жапырақты,ұсақ-ақ гүлді,жемісі қызыл,мәнгі жасыл бұта.Жарық талғамайды бірақ жылылықты қалайды.
Топырақ салынған қыш құмыраларда (ыдыстарда) өсіреді; топырақ құрамының бір бөлігі шым топырақ, бір бөлігі қарашірік топырақ,бір бөлігі жапырақ шіріндісі қосылған топырақ болуға тиіс.Бұған өзен құмын қосады. Қыста бір қалыпта, ал жазда қандырып суарады.Құрғақ ауада бұтақшалары түсіп қалады,сондықтан өсімдікке су бүркіп тұру керек. Аспарагус тұқым және бұтағын кесіп алып отырғызу арқылы көбейеді.Аспарагус өсімдігінің тұқымын март - апрель айларында құм араластырып,жапырақ шіріндісі қосылған жұмсақ топыраққа себеді.Көктеп шыққан аспарагустерді кішкентай қыш құмыраларға көшіріп отырғызады.Ал бұтадан көбейткенде ең алдымен әр бұтаны жеке бөледі.Қауырсынды аспарагустің кесіп алынған бұтақшаларын сән беріп тұру үшін гүл дестериерге қосылады.
Шпренгер аспарагусы - ұсақ,нәзік,ақшыл күлгін гүлді,жидек тәрізді қызыл жемісті гүл сабақтары төмен салбырап тұратын көпжылдық өсімдік.Жапырақтары үлкен әрі қатты келеді.Күтімі қауырсынды аспарагустың күтіміндей.Шпренгер аспарагусын аспалы өсімдік ретінде өсіруге қолайлы.
Бегония - сабағы түкті,жапырағы түрлі түсті көпжылдық шөптесін өсімдік.Гүл пішіні де әр түрлі.Бегонияның әсем жапырақты және түйнек түзетін әрқилы түрлері өсіріледі.Оның барлық түрін қыш құмырада,оңтүстік - батысқа немесе оңтүстік - шығысқа қараған терезе алдында өсіріледі.Шоқ сабақты бегониялар (ақ теңбіл,үшкүл,күміс теңбіл, қызыл жапырақты, түкті,ақшыл және т.б.) әсем гүлді, алуан өрнекті жапырақты өсімдіктер. Бегонияның бұл түрлерін көбіне - көп сабақ қалемшесінен көбейтеді.Көктемде өсімдікті шырпып, кесінділерін қалемше ретінде пайдаланып және оларды екі бөлігі жапырақ шірінділері аралас топырақтан, бір бөлігі шымтопырақ пен қарашірік топырақтан, бір бөлігі құмнан тұратын топыраққа егеді. Әсем, түрлі түсті жапырақты бегониялар - топырақ арасындағы тамырсабағынан тік немесе төселмелі сабақтар дамитын, жапырақтары аса әдемі өсімдіктер.Үйде өсірілетін бегонияның едәуір көп тараған түрлері - король бегониясы және оның көптеген формалары, сондай-ақ Беттина Ротшильд, Клеопатра, Масониан және шұбар ала бегония.Бұл өсімдіктер жазда көлеңкелі жерді қандыра суаруды қажет етеді.
Түйнекті бегониялар (боливия бегониясы, Марта, көп гүлді бегония) жапырақтарының түсі күңгүрт жасыл, көлемі ірі,күлтесі ақ,қызғылт,қызыл,сары болып келеді де,өте әсем түске малынып,құлпырып тұрады.Жазда өсімдікті қандыра суарып отырады, органикалық және минералдық тыңайтқыштармен тыңайтады.Күзде жапырақтары құрап түсе бастағанда бегонияны құрғақ әрі салқындау жерге қояды,қыста суармайды.Бегонияны тұқымнан,қалемшесінен және түйнегінен көбейтеді. Түйнекте пайда болған өркендерін алып,қалемше ретінде пайдаланады, ал түйнектің өзін бірнеше бөліке кеседі, бірақ әр бөлігінде өнетін бүршік болуы қажет.Түйнектін кесілген бетіне ағаш көмірі ұнтағын сеуіп, тәулік бойы дегдітіледі.Бұдан соң түйнек қыш құмыраға отырғызылады,бастапқы кезде топырақпен тек төменгі жағы ғана жабылады.Өңген өркеннің биіктігі 5-7 см-ге жеткенде түйнектің қалған бөлігін топырақпен жабады.Бегониялардың кейбірін (шырмауық,шамшат жапырақты,көп жапырақты,тиқыр,көгілдір жапырақты) аспалы өсімдіктер ретінде өсіруге болады.Қыс маусымында аса әдемі гүлдейтін Глюар де Лоррен бегониясын өсірген жөн.
Жасмин - зәйтүн тұқымдасына жататын,сабағы шырматыла,өрмелей өсетін мәңгі жасыл,гүлі әдемі бұталы өсімдік.Бөлмеде гүлі қарапайым (грекше - хош иісті) не түкті ақ гүлді самбак жасмині,сондай - ақ аласа келген дәрілік азов жасмині өсіріледі.Оны күн сәулесі жақсы түсетін жерге қояды.Қаулап өсуі кезінде жиі-жиі суарып,жапырақтарына су бүркіп,тыңайтқышпен қоректендіру қажет; қысты күні сирек суару керек.Жасмин отырғызу үшін сазды-шымды,жапырақ аралас және шымтезекті топырақтарының үлесін бірдей етіп алып,оған құм қосады.Ол қалемшемен көбейеді. Гүлдері көп болуы үшін,ерте көктемде жасминнің өркен жайған ұзын бұтағын қысқартып,оларды қалемшеге пайдаланады да,ұсақ жапырақты әлсіз тармақшаларын кесіп тастайды.Жазда жасминнің өркендерін 6-8 жұп болып жапырақ жайғанда жұлып тастау тиімді.
Кактустер - кактустер тұқымдасына жататын көпжылдық суккуленттер.Америка континентінің шөл және шөлейт далаларында жиі кездеседі.Кактустердің көптеген түрлерінің жапырақтары жойылып,тікенектерге айналған,сабақтары суға толы резервуарға ұқсас.Барлық кактустердің ареалдары бар,олардан гүлдер өсіп шығады, яғни өркен кактустер пайда болады.Өзіне тән сыртқы әсемдігіне құлпыраған гүлі үйлесімді келетін бұл өсімдік бөлмеде гүл өсірумен шұғылданатын әуесқойлар арасында кеңінен танымал.Бөлмені сәндеу үшін оның мына түрлері мен топтары ұсынылады.
Пейрескиялар - жапырақтары ірі бұталы болып өседі,тамыры әлсіз кактустармен будандастыруға қолайлы.Опунциялардың тікенеке қоса ұсақ түрлері (глохидиялар) өсіп шығатын,теріге және киімге оңай қадалатын жалбыз тәрізді өсінділері және ареолдары болады.Олар сәндік үшін өсіріледі.
Целеустер.Бағана тәрізді қырлы сабақтары ерекше төгіліп тұратын ұзын,не қысқа қылтанақтары немесе жалаңаш және көкшіл (цереус,цефоноцереус,эспостоа,ореоц ерсус,лемереоцереус,трихоцереус) түрлері болады.
Кірпі тәрізді кактустер тобы - дөңгелек формалы және тікенектері көп (аты осыдан шыққан) кактустер.Бөлмеде өсіру үшін эхинопсис,эхинокактус,эхиноцереус,р ебуция,айлостера,лобивия және буркемелобивия,пародия,гимнокалициу м,ферокактус,хаматокактус т.б. қолайлы.
Пеларгония - қазтамақтылар тұқымдасына жататын бұталар,жартылай бұталар және шөптесін өсімдіктер.Оның үлкен төрт топ құрайтын алуан түрлі гибридті формасы кезігеді.Ірі гүлді (наралдық) пеларгонияның ақ,түстен бастап қызғыл-күлгін,тіпті қараға дейін,немесе көп түсті,құбылмалы болып келетін түрлері кезігеді.Сүйір жапырақтары қазтаңдайланып біткен,өткір тікенектері бар.
Барқыт тәрізді пеларгония қалқан тәрізді пеларгониядан шыққан және гүл сағақтары ұзын,гүлдері қарапайым,түкті және жартылай түкті болады.Оның сағағының бір ерекшелігі шырмалып немесе жер бауырлап өседі.Пеларгонияны аспалы өсімдік ретінде,сондай-ақ оны балконға егу үшінде пайдаланады.Аймақтық пеларгонияның жапырағы әдемі түрлі-түсті,ал гүлі қарапайым ғана болып келеді.Хош иісті пеларгонияның жапырағында эфир майы бар,сондықтан оның өзіне тән ерекше иісі болады.Жапырағы ашық көп,гүлі ұсақ,ақ және күлгін түсті.

1.2.Алоэ - бөлме өсімдігінің дәрілік қасиеті

Алоэ -- суккулентті (ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар) өсімдіктер тобына жататын гүл. Шыққан жері Оңтүстік Африка аймағы болып саналады. Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Алоэ сөзі араб тілінен шыққан. Мағынасы "ащы" деген сөзді білдіреді. Сондай-ақ, емдік қасиетіне байланысты "Үй гүлдерінің королі" деген де балама атқа ие.
Алоэнің етті, семсер тәріздес жасыл, жалпақ әрі жуан жапырақтары бар. Жапырақтары гүл бойында су қорын сақтауда үлкен маңызға ие.
Алоэ гүлі үйде тек декоративті мақсатта ғана емес, емдік мақсатта да өсіріледі. Емдік практикада алоэнің жапырағы мен шырыны және де алоэ экстракты (механикалық және химиялық әдістермен бұзылған ұлпа) пайдаланылады.
Мәдени өсімдіктер арасында ең көп белгілісі алоэ. Алоэ араб тілінен аударғанда ащы дегенді білдіреді. Сонымен қатар дәрігерлер мыңжылдық деп те атайды. Алоэнің қоспалары Қытайдың мыңжылдық қоспаларында бар. Египетте үйдің кіре беріс жерінде алоэ отырғызылады. Ол денсаулық пен ұзақ өмірдің символы. Халық медицинасында оны қызыл иектің, қабақтың қызаруына, өкпе туберкулезіне, экземді емдеуге, асқазан жарасына пайдаланылады. Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ертінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі - дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.
Алоэ - емдік қасиеттерімен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған өсімдік. Отаны-Оңтүстік Африка. Таралуы: Африка мен Индияның жартылай шөл далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Алоэ-асфоделовтар тұқымдасының суккулентті өсімдіктер туысы, 400 түрі бар. Олар мәңгі жасыл немесе алабажақ, шөптесін, бұта, ағаштектес көпжылдық өсімдік.. Суккулентті, жапырағының жиектері тегіс немесе ара тіст. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да, ол өсімдікті солып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үй өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері
Биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру
Мектептегі факультатив курстарды өткізу әдістемесі
Бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау
Эстетикалық тәрбие теориясы
Ботаникалық бақ
Ламиидтер класс тармағы (Lamiidae)
Алматы облысы бойынша орналасқан туристік обьектілермен танысу
Өсімдіктердің зоналарға бөлінуі. Өсімдік қауымдастығы мен түрлердің экотопикалық араласуы жайлы мәлімет
Жапырак
Пәндер