Өсімдіктердің суыққа төзімділігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. Өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға бейімделуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...5
1.1 Өсімдіктердің жарыққа және көлеңкеге бейімделуі
II.Қоршаған ортаның жағдайына жануарлардың бейімделуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.1 Ағзаның ортаға бейімделу түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Температура факторына жануарлардың бейімделуі
2.3 Ылғалдылық, оның жануарларға әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...6
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

КІРІСПЕ

Бейімделгіштік - адаптация дегеніміз тірі ағзалардың ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез-құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті.
Эволюция нәтижелерінің бірі - тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік.
Қорек талғауға бейімделу. Көптеген жануарлар қорек тапшылығынан және тіршілік үшін күрестің түр ішінде шиеленісуінен пайда болып, дарақтардың бір бөлігі қоректенудің жаңа көзіне ауыады.
Климаттық бейімделу. Ағзалардың төтенше табиғи жағдайларындағы тіршілікке байланысты қандай бейімделу пайда болды.
Қорғаныш рең. Қорғаныш реңді 3 негізгі типке бөлуге болады. Олар: қорғаныш реңі, еліктеу реңі және көрнекілеу реңі.
Қорғаныш реңінің мынадай түрлері бар: бүркемелену реңі - қоршаған ая түсіне ену; бөлшектену реңі - денедегі рең тұтастығы жойылады; көлегейлену реңі - жарық пен көлеңкенің құбыла көрінуі.
Еліктеу рең - қорғанышсыз жануарлар немесе өсімдіктердің біреуі екінші бір едәуір қорғанышы бар немесе жеуге жарамсыз түрге ұқсас болу нәтижесі.
Көрнекілеу реңі - бұл қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қоршаған ортаның жағымсыз факторларына өсімдіктердің бейімделу механизмдері (адаптация).
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Өсімдіктердің қолайсыз орта жағдайларына бейімделуін анықтау.
-Суықтың өсімдікке әсері мен оған бейімделуі.
-Өсімдіктердің қоректік ортаға бейімділуі

Өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға бейімделуі

Климаттық жағдайлар өсімдіктердің өсіп жетілуіне үнемі қолайлы әсер ете бермейді. Қатаң климат жағдайлары өсімдіктердің тіршілігіне қауіп төндіреді. Солтүстік және қоңыржай ендіктерде өсімдіктер аяздан, қысқы құрғақшылық пен температураның ауытқуынан зардап шегеді. Мұндай кезеңдерде күздік астық тұқымдастар мен жеміс ағаштары үсікке шалдығады. Тұзды топырақты жерлердің өсімдіктері тұздар концентрациясының күштілігімен күреседі. Алайда, барлық топырақ - климат жағдайларында да өсімдіктер орта жағдайларына бейімделеді.
Аязға төзімділік. Қыста өсімдіктер көбіне төменгі температура мен жылымық кезіндегі температураның күрт ауытқуынан зардап шегеді. Н.А. Максимов өсімдіктерде төменгі температураның әсерінен өтетін үрдістерді мұқият зерттеді. Ол 1912 жылы өсімдіктердің үсуі мен суыққа төзімділігі деген еңбегінде өсімдіктердің аязға төзімділігі жөніндегі болжамының негізгі мәнін анықтады. Өсімдік жасушаларында мұз қатып, протоплазманың коллоидтық құрылымы бұзылатындықтан, өсімдік аяздан үсіп, тіршілігін тоқтады. Демек, өсімдіктердің бойында су қанша аз болса, мұзда соншама аз қатады, яғни өсімдіктің аяздан зардап шегуі соншама кемиді. Өсімдіктің сусыздануымен қатар, онда қорғаныш заттары - қант пен тұздың жиналуы протоплазма коллоидтары төзімділігінің артуына себепші болады.
Л.И. Сергеев тұжырымдаған келесі көзқарас аязға төзімділік механизмін өсімдіктердің өзгеріп тұратын жағдайларға сәйкес зат алмасуын тез өзгертіп отыруға бейімділігі ретінде түсіндіреді. Өсімдіктердің зат алмасуы мен орта жағдайлары арасында үйлесімді байланыс бар. Бұл үйлесімділіктің бұзылуы Л.И. Сергеевтің пікірі бойынша, өсімдіктердің зақымдануы мен тіршілігін тоқтатуының себебі болып табылады. Сондықтан, ортаның аса қиын жағдайларында ағзаның тіршілікке қабілеттілігін оның төзімділігі емес, бейімделгіштігі анықтайды.
Ағаш тұқымдастардың аязға төзімді болуында транспирация зор роль атқарады. Ағаш тұқымдыс өсімдіктер қыста да көптеген мөлшерде суды буландырып отырады. Мұнда транспирация жапырақтардағы, бүршіктер, перидерма арқылы өтеді. Суды көп буландыратын ағаш тұқымдастар суыққа төзімсіз болады. Қысқы транспирация неғұрлым төмен болса, өсімдік соғұрлым аязға төзімді келеді.
Күзде вегетация мен өсу үрдістерін дер кезінде тоқтатудың зор маңызы бар. Ағаштың өсуін аяқтамаған өркендері толық жетіліп үлгермейді, онда көп мөлшерде су болады. Қысқы аяз түскенде мұндай өркендер үсіп кетеді. Өсімдіктердің аязға төзімділігі олардың тыныштық күйінің ұзақтығы мен тереңдігіне де байланысты. Шабдалы ағашы желтоқсан айында терең тыныштық күйінде болып, бүршіктері өспей тұрғанда -20° аязға шыдайды. Қаңтарда бүршіктері ісіне бастағанда -17-19°, наурызда бүршіктері шашақ түзе бастағанда - 7-8° аязға шыдайды да, ал сәуірде бүршіктері гүл жара бастағанда ол -2-3° аяздан-ақ үсіп кетеді.
Вегетация дәуірінде азот тыңайтқышын кеш енгізу және жиі суару сияқты агрономиялық шаралар вегетация мен өсу мерзімдерін ұзарта отырып, өсімдіктердің аязға төзімділігін кемітеді. Ал вегетация дәуірінің соңында фосфор-калий тыңайтқыштарын енгізу, керісінше, көмірсудың жиналуына және бір жылдық өркендердің тез өсіп жетілуіне жағдай жасай отырып, өсімдіктердің аязға төзімділігін арттырады. Күзгі-қысқы суару арқылы топарықтың ылғалдылығын реттеу жолымен өсімдіктің төзімділігіне әсер етуге болады. Егер, топырақ қыста ылғалды жеткілікті сіңіріп, өсімдіктер қысқы құрғақшылықтан зардап шекпеген болса, жеміс ағаштарының аязға төзімділігі артады. Өсімдіктердің аязға төзімділігін арттыру бағытында да зерттеу жұмыстары жүргізілетінін атап өткен жөн.
Өсімдіктердің аязға төзімділігін арттыру. И.И. Туманов өсімдіктерді төменгі температураға шынықтыру мәселесін зерттеп, аязға төзімділік ұзақ та күрделі даярлықтың нәтижесінде қалыптасатынын көрсетті. Ол аязға төзімді түрлерде табиғи жолмен өтетін қысқа даярлану үрдістерін зерттеу негізінде, өсімдіктердің төзімділігін одан әрі арттыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді жасап шығарды. Ол үшін мынандай шарттар орындалуы тиіс. Қажетті генетикалық табиғаты бар өсімдіктерді ғана аязға төзімді етуге болады. Жылу сүйгіш өсімдіктерді қолдан аязға шынықтыруға болмайды.
Екінші шарт - тыныштық күйінің немесе ұзақ мерзімді яровизация сатысының болуы. Өсімдіктерде өсу үрдісі тоқтап, олар тыныштық кезеңінде тұрғанда ғана аязға шынықтыруға болады. Өсу және аязға төзімділік бір-біріне сиыспайтын ұғымдар. Өсу үрдісі жүріп жататын вегетациялық дәуірде, өсімдіктердің тіпті табиғатынан қысқа төзімді түрлері де нашар шынығады. Қарағайдың, қайың мен жөке ағашының бұтақтары күзде, олар тыныштық күйінде тұрған кезде аязға төзімділігін -36°, тыныштық кезеңінен өткен соң -15 градусқа дейін ғана арттыратыны тәжірибе арқылы анықталған.
Тыныштық кезеңінде тұрған өсімдікті шынықтыру екі фазадан өтеді. Шынықтырудың бірінші фазасы төменгі он температурада өтеді. Бұл жағдайда жасушаларда қорғаныш заттары - қант жиналады. Олардың жәрдемімен протоплазмада өсуді тежейтін немесе толық тоқтататын үрдістер жүреді. Шынықтырудың бірінші фазасы аяқталған соң екінші фазасы басталады. Екінші фаза теріс температурамен баяу салқындату жағдайында өтеді. Бірінші және екінші фазаның барысында протоплазманың су өткізгіштігі артады, мұз болып қатуға бейім судың бәрі жасуша аралығына ағып барады. Барлық суынан дерлік айырылу нәтижесінде протоплазманың құрылымы өзгереді. Төменгі температура бұл құрылымның сақталуына мүмкіндік береді. Шынықтырудың екі фазасынан ойдағыдай өткен өсімдіктерді аязға төзімді етіп шынықтыруға болады.
Өсімдіктердің суыққа төзімділігі. Аязға төзімді өсімдіктермен қатар, тек қана +3°, +5°С суыққа төзімді өсімдіктер де бар. Мұндай температура байқалатын көктемгі үсік кезінде қиярдың, қызанақтың, қауын мен қарбыздың және басқа да жылу сүйгіш өсімдіктердің жас өскіндері зақымданады. Өсімдіктердің суықтың әсерінен зақымдануы оның әсер ету дәрежесі мен ұзақтығына байланысты. Қысқа әсер ететін, неғұрлым төменгі температура ұзақ уақыт әсер ететін төменгі температураға қарағанда қауіпті емес. Көктемгі және күзгі үсіктің қауіптілігі мынада: олар суыққа бейімделмеген, суықтың әсеріне шынықтырылмаған өсімдіктерге зақым келтіреді. Салқын температурада ұстаудан екі-үш күн өткен соң қиярдың зақымданатыны байқалады. Алдымен оның тұқым жарнақтары мен ең алғаш шыққан жапырақтары, одан соң жас жапырақтары солып қалады. 3-6 тәулік бойы салқын температурада ұстау олардың тіршілігіне қауіпті болып табылады. Қызанақ пен асқабақ суыққа едәуір төзімді, соя бұдан да гөрі суыққа төзімді келеді. Суыққа төзімділік дәрежесі өсімдіктердің түрі мен сорттарының географиялық шығу тегіне, даму фазаларына байланысты. Ұзақ уақыт бойы суық температурамен әсер еткенде өсімдіктердегі ыдырау үрдістері синтез үрдістерінен басым болып, өсу мен фотосинтез тоқталатынын, жапырақтардың сумен қамтамасыз етілуі кемитіні дәлелденген.
Өсімдіктерді шынықтыру және оларда суыққа төзімділік қасиеттерді қалыптастыру әдістері белгілі. Қызанақ тұқымын 12 сағат сумен ылғалдап, бұдан соң оған бірде жылумен, бірде суықпен әсер етеді. Тұқым тәуліктің 6 сағатын +15° температурада, 18 сағатын 0°С температура суықта өткізеді. Тұқымды осылайша шынықтыру 1 айға созылады. Шынықтырылған тұқымдардан өсірілген өсімдіктер ерте өніп, жедел жетіледі, үсікке ойдағыдай төзіп, солтүстік жағдайында жақсы түсім береді, ал шынықтырылмаған өсімдіктер толығымен үсіп кетеді. Шынықтыру әдісі басқа да өсімдіктерге қолданылады. Алайда, бұл жағдайда сорттың ерекшелігін, оның ерте пісетіндігін, географиялық шығу тегі мен басқа да қасиеттерін ескеру қажет.
Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі. Табиғатта құрғақшылық жоғары температурамен ұштасады. Мұндай кезде өсімдіктер су тапшылығына ғана емес, сондай-ақ аптап ыстықтан да зардап шегеді. Сондықтан құрғақшылыққа төзімділікпен қатар, өсімдіктердің ыстыққа төзімділігін де ажыратады. Өсімдіктердің көпшілігі үшін тиімді температура 15-35°С шегінде болады. Аптап ыстықтың зақымдаушы әсері жасуша цитоплазмасының коагуляциялануында болып табылады, бұл құбылыс температура 50°С-ге жеткенде және одан артқан кезде байқалады. Алайда, зат алмасу барысында үрдістердің бұзылуы бұдан ертерек, температура 40-45°С-ге жеткенде-ақ басталады.
Ыстыққа аса төзімді өсімдіктер де бар. Ыстық су көздерінде өсетін бактериялар мен көкжасыл балдырлар тобы 70°С және одан да жоғары температураға бейімделген. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде кактустар мен жасаң тұқымдастар ыстыққа аса төзімді келеді, олар 50-60°С температураны да көтереді. Ал мәдени өсімдіктерден сорго, мақта, күріш және үпілмәлік ыстыққа айтарлықтай төзімді.
Транспирацияның жоғары болуы кейбір өсімдіктерге ыстықтың әсерінен қорғануға мүмкіндік береді. Мәселен, суды көптеген мөлшерде буландыра отырып, гемиксерофиттер жапырақтардың қызып кетуін бәсеңсітеді. Суккуленттердің ыстыққа төзімділігінің басқаша негізі бар: жасушалары мен цитоплазмасының мұндай қасиеттері олардың ыстыққа төзімділігін қамтамасыз етеді. Өсімдіктерге жоғары температура әсер еткенде зат алмасу реакциялары үйлесімділігінің бұзылуы улы заттардың жиналуына әкеліп соғады. Ақуыздар мен амин қышқылдарының ыдырауы нәтижесінде түзілетін аммиак осындай заттардың бірі болып табылады. Өсімдіктердің ыстыққа төзімді түрлерінде түзілетін аммиакты органикалық қышқылдар байланыстырады.

Өсімдіктердің жарыққа және көлеңкеге бейімделуі

Гелиофиттер немесе жарық сүйгіш өсімдіктер - күн сәулесі жақсы түсетін ашық кеңістікте өсетін өсімдіктер. Мысалы үшін оларға көптеген шабындық, дала, шөл және шөлейт өсімдіктері, орманның биік ағаштары жатады. Әдетте олардың жапырақтары қалыңдау, мезофилл және эпидермис клеткалары майда болып келеді. Бұған құрғақ аймақтарда (шөл, дала, саванна) өсетін астық тұқымдастары, амаранттар, алабұта тұқымдасына жататын және т.б. өсімдіктер жатады. Фактор ретiнде жарықтың өсiмдiкке әсерiнiң маңызы өте зор және алуан түрлi. Жарық ең алдымен фотасинтез үшiн қажет. Жасыл өсiмдiктердiң өмiрi жарықсыз мүмкiн емес. Өсiмдiктердiң басым бөлiгi үшiн жарық ортаның ең қажеттi факторы. Өсiмдiктiң тiршiлiк үрдiсiне жарықтың интенсивтiлiгi, тәулiк бойындағы жарықтандыру ұзақтығы, сонымен қатар жарықтың сапалылығы ерекше әсер етедi. Әрине барлық өсiмдiктер жарықта ғана өседi деген түсiнiк болуы тиістi емес, кейбiр өсiмдiктер көлеңкенi, ендi бiреулерi мүлде қараңғыны ұнатады.
Өсiмдiктердiң жарық ырғағына бейiмделуi бiздiң планетамыздағы жарықтың жағдайларының алуан түрлi: биiк таулы аймақтар, далалар, шөлейттер сияқты қатты жарықтандырылған мекен ету орталарынан бастап үңгiрлер мен терең сулар сияқты әлсiз жарықтандырылған суларға дейiн болуына байланысты. Әртүрлi мекен ету орталарында тек қана радиацияның интенсивтiлiгi ғана емес, олардың спектральдi құрамы, өсiмдiкке жарық сәулесiнiң түсу ұзақтылығы, әртүрлi интенсивтi жарықтың кеңiстiк және уақыттың таралуы және т.б. факторлар ескерiледi. Соған сәйкес өсiмдiктердiң әртүрлi жарық ырғақтарына бейiмделуi де әртүрлi болады.
Дегенмен өсiмдiктер жарық жағдайларына бiркелкi емес бейiмделген, яғни өсiмдiктiң жарыққа мұқтаждығына қарай З категорияға жiктеуге болады: а) ашық, күн сәулесi жақсы түсетiн жерлерде өсетiн өсiмдiктер - гелиофиттер (бұлар шөл, дала, тундра, биiк таулардың басында өсетiн өсiмдiктер); ә) күн сәулесi толық түсетiн жерлерде де, сондай-ақ көлеңкенi ұнататын өсiмдiктер - факультативтi гелиофиттер (шабындықта, орманның ашық алаңдарында өсетiн өсiмдiктер жатады). Мұндай өсiмдiктер жарықты әртүрлi кезеңде түрлiше қажет етедi; б) табиғатта ашық жерлерде мүлде өсе алмайтын өсiмдiктер - скиофиттер немесе сциофиттер (орманды жерде өсетiн емен желайдары, бойқалақай, күзгi шырыншөп т.б. жатады). Жарық сүйгiш, көлеңке сүйгiш және көлеңкеге төзiмдi деп бөлiнедi. Жарық сүйгiш өсiмдiктер тек толық, ашық жарық жағдайында қалыпты дами алады және көлеңкеленудi қаламайды (көптеген дала шөптерi, қарағай) және басқалар.
Қарағай (Pinus) - қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді.

Сциофиттер немесе көлеңке сүйгіш өсімдіктер - жарық аз түсетін жерде өсетін өсімдіктер. Бұларға фитоценоздың төменгі ярусында өсетін саумалдық (Oxalis acetosella), құсықшөп (Asarum europaeum), жасыл мүктер, плаундар жатады. Жарықтың 0,1-0,2%-да тек мүктер мен селягинеллалар өседі. Плаундардың өсуі үшін күндізгі жарықтың 0,25-0,5% қажет. Ал гүлді өсімдіктер әдетте аспан бұлт кезде жарықтың мөлшері 0,5-1% кем болмайтын жерлерде өседі.Көлеңкесүйгiш өсiмдiктер тек көлеңкелену, шашыраңқы жарық жағдайында қалыпты дамиды.
Ормандағы төменгi ярустағы өсетiн өсiмдiктердiң көптеген топтары осы топқа жатады, әсiресе жапырақты орман өсiмдiктерi (папоротниктер, мүктер, самшит және т.б). Көлеңке сүйгiш ағаш өсiмдiктерi толық жарық жағдайында, бiрақ көлеңкеленуде де өсуге қалыптасқан (самырсын, жөке, вереск және т.б).
Бұл экологиялық топтағы өсiмдiктер жапырағының анатомиялық құрылысымен ерекшеленедi. Жарық сүйгiш өсiмдiктердiң жапырақтарының негiзiн қалың қатты жақсы жетiлген бағаналы паренхималы пластинка және механикалық ұлпалар құрайды. Кейде өте жақсы жарық жағдайында бағаналы ұлпа жапырақтың тек жоғары жағында ғана емес, төменгi бетiнде де дамиды, изолатеральды жапырақ түзедi.
Эпидермис ұсақ қалың қабырғалы жасушадан тұрады, кейде көп қабатты, мықты кутикула қабатымен қапталған. Ондай өсiмдiктердiң жапырағының төменгi бетiнде көптеген лептесiктер болады. Сабағының буын аралықтары қысқарған.
Көлеңке сүйгiш өсiмдiктердiң жапырақ алақаны жұқа, себебi бағаналы паренхима өте әлсiз дамыған немесе мүлдем болмайды. Борпылдақ ұлпа iрi хлоропластан тұратын аздаған жасуша санынан тұрады. Эпидермис бiрқабатты, iрi жасушалы, жиi хлоропласт болады. Эпидермис жасушаларының қабаты жұқа, кутикуласы болмайды. Лептесiктерi терең емес, кейде бiршама көтерiңкi жарықсүйгiш өсiмдiктердiң эпидермисінен iрiлеу, бiрақ олар недәуiр аздау. Сабағы ұзарған, буынаралықтары ұзын. Бұл топқа жапырақты орман шөптерi және шамшат, самшит және т.б. ағаш өсiмдiктері жатады.
Көлеңке сүйгiш өсiмдiктерде аздаған интенсивтi транспирация өткiзгiш шоқтары нашар дамыған. Оларға тағы да механикалық ұлпалардың әлсiз дамуы тән.

Қазiргi кезде папоротник тәрiздiлердiң 10000-нан астам түрлерi белгiлi. Суда өсетiндерi де бар. Австралия мен Жаңа Зеландияда өсетiн ағаш тәрiздi түрлерiнiң биiктiгi 20 м жетедi. Қазақстанда ағаш тәрiздi папоротниктердi тек ботаникалық бақтардан ғана көруге болады.
Қазiргi кезде папоротник тәрiздiлердiң 10000-нан астам түрлерi белгiлi. Суда өсетiндерi де бар. Австралия мен Жаңа Зеландияда өсетiн ағаш тәрiздi түрлерiнiң биiктiгi 20 м жетедi. Қазақстанда ағаш тәрiздi папоротниктердi тек ботаникалық бақтардан ғана көруге болады.


Қоршаған ортаның жағдайына жануарлардың бейімделуі
Тарихи дамуының (эволюция) кезеңдерінде жануарлар қоршаған ортаның әртүрлі факторларына біртіндеп бейімделеді. Бейімделу ғылыми тілде адаптация деп аталады. Бейімделуге, яғни адаптацияға қабілеттілік әрбір тірі ағзаға тән қасиет.
Қоршаған ортада тұрақты қайталап тұратын өзгерістер кезінде (жыл мезгіліне, күн мен түнге т.б. байланысты өзгерістер) жануарлардың қалжырамай тіршілік етуіне олардың бейімделуге қабілеттілігі көмегін тигізеді. Жануарларда болатын тұқым қуалау, өзгеру және табиғи жолмен сұрыпталу қасиеттері жануарлардың бейімделу қабілетін пайда болдырады.
Жануарлардың қоршаған ортаның жағдайына бейімделуінің белсенді, енжар және қолайсыз жағдайдан жалтарыну деген үш түрі бар:
Белсенді жолы: қандай бір фактордың әсеріне ағза өзінің қарсылығын жоғарылату, фактордың қалыпты жағдайдан ауытқуына қарамастан ағзаның тіршілігіне қажетті барлық қызметті қалыпты жағдайда сақтау үшін реттеу жүйелерінің қызметін күшейту т.б. белсенді әрекеттер арқылы жүзеге асады. Мысалы, сыртқы орта шамадан тыс суытқан кезде немесе шамадан тыс ыстық кезде сүтқоректілер мен құстар денесінің температурасын өзгертпей, тұрақты мөлшерде сақтау арқылы жасушаларында жүрілетін биохимиялық реакциялардың бірқалыптылығына жәрдемдеседі.

Енжар бейімделу - жануарлар өзінің тіршілік іс-әрекеттерін ортаның факторларының өзгерісіне бағындыру арқылы бейжай түрде икемделу жолы. Мысалы, тіршілікке қолайсыз жағдайда жәндіктер анабиоз (жасырын тіршілік) күйге түсіп денесінде жүрілетін зат алмасу үрдісін барынша төмендетуі арқылы (жәндіктер мен омыртқалы жануарлардың қысқы ұзақ ұйқыға кетуі) қолайсыз жағдайды бейжай тұрғыда өткізуі.

Қолайсыз әсерлерден жалтарыну - жануарлардың мінезінде және тіршілік айналымының кезеңдерінде қолайсыз жағдайлардан қашқақтау әдеттерінің пайда болуы арқылы қоршаған ортаның қолайсыз факторларына кездеспеуге бейімделуі. Мысалы, жылдың әртүрлі мезгілдерінде жануарлар қоныс аударып қолайсыз мекеннен қолайлы мекенге көшуі. Мұндай мекен ауыстырып көшу жануарлар арасында өте жиі кездеседі. Жылдың суық мерзімінде құстар жылы жаққа қайтып көктемде қайта келуі, және жануарлардың басым көпшілігінің балалап көбею уақыты жылдың жылы мерзіміне сәйкес болуы, кейбір жәндіктер қатерлі жағдайды сезінген кезде өлі заттарға ұқсап қимылсыз, қозғалыссыз (танатоза) күйге түсуі барлығы да қолайсыз факторларға ұшырамау мүмкіндігін тудыратын экологиялық бейімделушілікті көрсетеді.

Бейімделу үш түрлі жолмен жүзеге асады:
*
Морфологиялық бейімделу - жануарлардың дене құрылысы мен пішінінде әртүрлі өзгерістер жүрілу арқылы ортаның жағдайына бейімделуі. Мысал ретінде салқын белдеуде тіршілік ететін құстар мен сүтқоректілердің жүні мен түбіті қыс мезгілі жақындағанда қалыңдап, көктемде күн жылынысымен түлеп, сирейтінін еске түсіріңіз.
*
Физиологиялық бейімделу - ағзада атқарылатын іс-қызметтер жүйесіне өзгерістер жүрілуінің негізінде бейімделеді. Мысалы шамадан тыс ыстық кезде жануарлар демігіп, тыныс алуын жиілету арқылы салқындайды, немесе терлеп, ағзаның ішкі мүшелерінде жиналған ыстықты буландырып сыртқа шығаруы арқылы ыстық ортаға бейімделуі.
*
Этологиялық (мінез-қылықтық) бейімделу. Шөлде, ыстық аймақтарда тіршілік ететін көптеген жануарлар күндіз інде (немесе басқадай салқын, көлеңке жерлерде) тығылып жатып, түнде белсенді тіршілік етеді. Сондай-ақ қысқы ұзақ ұйқыға кету, мезгілге байланысты қорегі мол, жылы мекенге көшу т.б. мінездік құбылыстар арқылы жануарлар фактордың мезгілдік, тәуліктік өзгерісіне бейімделеді

Ағзаның ортаға бейімделу түрлері
Бүркеніш рең, мимикрия - жануарлардың барлық топтарында болатын бейімділіктің бір түрі. Жануарлар эволюция барысында табиғи сұрыпталып, сыртқы орта жағдайына бейімделіп отырады. Осының нәтижесінде жануарлар жауларына жем болмауға, жемтігін көрінбей барып ұстауға, қауіпсіз көбеюге мүмкіндік алады. Бүркеніш рең жасырушы рең, сақтандырушы (үркітуші) рең, қорғаныш рең болып үш топқа бөлінеді.
Жасырушы рең - жануарлардың дене пішіні мен реңінің айналадағы ортаның түсіне сәйкес келуі. Мысалы, шөп арасында жүретін жәндіктердің реңі сол жердің өсімдігі түстес (тропиктік орманда тіршілік ететін жыландарды ондағы шырмауықтардан ажырату мүмкін емес), мәңгі жасыл ормандағы жануарлар жасыл түсті, құмдағы жануарлар сарғыш түсті болады. Кейбір жануарлар (қоян, тиін, сасық күзен, т.б.) қыста ақ, жазда қоңырқай түсті келеді. сақтандырушы (үркітуші) рең - көбінесе улы және шағатын жәндіктерге тән белгі. Улы жылан, сона және аралар әр түрлі жолақты ашық реңді болуына байланысты бірден ерекшеленіп көзге түседі. Бұлардың денесінде улы немесе жағымсыз иісті зат болғандықтан, жаулары жоламайды. Мысалы, бұзаубастың үстіңгі қанаты жасырушы реңді, астыңғы қанаттары сақтандырушы реңді болады. Қауіп төнген кезде, алдыңғы қанаттарын көтереді де, астындағы ашық түсті сақтандырушы реңді қанаттарын жайып, жауын үркітіп жібереді.
Қорғаныш рең - қауіпсіз жәндіктердің пішіні мен түсі, мінез-құлығы жағынан улы, шағатын, қауіпті жәндіктерге ұқсастығы. Мысалы, балшықшы сауысқан, т.б. құс жұмыртқасының түсі мен пішіні қиыршық жұмыр тасқа ұқсас болады. Жауынан қорғана алмайтын усыз, жыртқышқа жеуге жарамды кейбір жәндіктер, улы, жыртқышқа, жеуге жарамсыз жәндіктерге ұқсас келеді. Жануарлардың қимылы, ұшып-қону ерекшеліктері де жауынан бүркемеленудің бір түрі болып табылады. Мысалы, кейбір көбелектер ағаштан үзіліп түскен жапырақ тәрізді ұшады. Өсімдіктер бүркеніші негізінен пайдалы жәндіктерді өзіне тарту не зиянды жануарларды үркіту, сескендіру бағытында дамиды. Бұл организмді түгел қамтымайды, тек белгілі бір органда пайда болады. Мысалы, белозор (Раrnassіa) өсімдігінің гүлі шырынсыз болғанымен, ол бал шырынды өсімдіктерге ұқсас. Жәндіктеронда шырын бар деп қонып, гүлін тозаңдандырады. Орхидеяның гүлі тозаңдандырушы жәндіктердің ұрғашысына ұқсас болғандықтан, олардың еркегі оған қонып, тозаңдандырып кетеді. Бүркеніш реңнің жануарлар тіршілігінде маңызы өте зор. Әр түрлі пішін мен бүркеніш реңдер жануарлардың сол ортаға бейімделгендігінің нәтижесі болып табылады.[[1]]
Жасырушы рең - жануарлардың дене пішіні мен реңі тұрғысынан айналадағы заттарға сәйкес келуі. Мысалы, каллима туысына жататын ересек көбелектің қанаттарының пішіні мен жүйкеленуі жапыраққа ұқсас болуы, дернәсілдері бұтаққа жабысып оқтай түзу болып қозғалмай тұрғанда бұтақтан аумайды. Бүркеніш рең, әсіресе организмнің жеке дамуының алғашкы (бастапқы) сатысында (жұмыртқа, дернәсіл, балапан) және өте баяу козғалатын немесе колайсыз жағдайда тыныштық қалыпқа көшкен жануарлар үшін өте қажет.
Басқа орта жағдайына бейімделу үшін жануарлардың тез арада реңдерін өзгерте қою құбылысы тұқым куалайды. Мысалы, құбылғы, камбала, ешкіемер, т. б.

Сақтандырушы рең улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән. Олардың реңдері бірден көзге түсетін, есте сақталып қалатындай өте ашық, түрлі түсті айқын бояулы болып келеді. Мысалы, ханқыз қоңызы (қызыл, сары, коңыр, күрең қызыл, айкын жолақты, т. б.) улы, ащы, сары түсті күйдіргіш сұйықтық бөлетіндіктен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің қолайсыз орта жағдайларына төзімділігі
Өсімдіктердің қоршаған орта факторларына төзімділігі
Өсімдіктердің куаңшылыққа төзімділігі
Өсімдіктердің сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділік физиологиясы
Активті немесе табиғи иммунитет
Өсімдіктердің мерзімді дамуы және фитоценоздың ерекшеліктері
Төзімділік туралы жалпы ұғым
Қоршаған ортаның жағымсыз факторларына өсімдіктердің бейімделу механизмдері (адаптация)
Өсімдіктің иммунитетінің ерекшелігі
Оңтүстік Қазақстанда жеміс өсіру
Пәндер