Өсімдіктердің айналадағы ортамен байланысы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І Өсімдіктер мен гүлге жалпы сипаттама.

  1. Өсімдік
  2. Гүлді өсімдіктер және оларды топқа бөлу.

ІІ Өсімдіктердің гүлдеуі мен тозаңдануы.

2. 1. Гүлдеу.

2. 3. Тозаңдану.

ІІІ Тәжірибелік бөлім.

3. 1. Раушангүлділер тұқымдасы.

3. 2. Өсімдіктердің әр түрлі жағдайда тозаңдануы.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер.

Қосымша

Қызықты мәліметтер

Кіріспе

Өсімдік - табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, ол - тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдікте түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі ағзалар пайдаланады.

Гүлді өсімдіктер тіршілік ететін ортасына қарай алуан түрлі болады. Қайда көз жіберсек те орман, тоғай, шалғындық, шөлді- құмды жерлерде өсіп тұрған таңғажайып өсімдіктер әлемі көзге ілігеді. Олардың бір-бірінен қаншама айырмашылықтары мен ерекшеліктері болса да, табиғат пен адам өмірінде маңызы өте зор. Өсімдіктер ғаламшардың кез-келген жерлерінде таралып, тіршілік үшін негізгі рөл атқарады. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес, себебі бүкіл тіршілікке қажетті органикалық зат өсімдіктен түзіледі.

Зерттеу мақсаты :Өсімдіктердің гүлднеуі мен тозаңдануын зерттеу.

Зерттеу нысаны :Өсімдіктердің морфологиясы.

Зерттеу пәні :Өсімдіктердің гүлдену ерекшеліктері.

Зерттеу жұмысының болжамы :Өсімдіктерді зерттей отырып, олардың қалай гүлдейтінін және гүлдің тозаңдануы жайында мәлімет алуға болады.

Зерттеу міндеті :

-зерттеу тақырыбының теориялық негізін талдау.

-зерттеу мәселесінің практикалық маңызын негіздеу.

Зерттеу әдістері : Ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасау әдісі, өсімдіктер систематикасының әдістемелері, бақылау әдісі, эксперимент әдісі, зерттеу нәтижелерін талдау және жинақтау.

Зерттеудің әдіснамалық негізі : зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізіне өсімдіктердің гүлденуі мен тозаңдануы туралы теориялар(Ә. Әметов, Ж. Қожантаева, Ж. Жатқанбаев. )

Курстық жұмыстың құрылымы : жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І Өсімдіктер мен гүлге жалпы сипаттама.

  1. Өсімдік - біртұтас ағза

Өсімдіктердің құрылысын естеріңе түсіріңдер. Барлық өсімдіктер жасушалардан тұрады. Балдырлар жасушасының құрылысы жағынан біртекті. Гүлді өсімдіктердің мүшелері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл және жеміс. Барлық мүшелер әр түрлі жасушалардан құралған. Әрбір жасуша көрші жасушалардан қабықша арқылы бөлінеді. Бірақ бұған қарамастан барлық жасушалар бір-бірімен байланысты болады. Жасушалардың бір-бірімен қалай байланысатынын естеріңе түсіріңдер. Жасушаның қабықшасында толып жатқан ұсақ саңылаулар - шұрықтар бар. Цитоплазма сол шұрықтар арқылы бір жасушадан екіншісіне өтеді.

Өсімдіктердің жасушалары ғана емес, мүшелері де бір-бірімен байланысты (Осы байланыстарды атаңдар) . Ол үшін гүлді өсімдіктер суды қалай сіңіретінін естеріңе түсіріңдер. Тамыр суды топырақтан сорады. Су өткізуші жасуша арқылы сабақ түтікшесімен жапырақ өткізгіш шоғына көтеріледі. Одан су фотосинтездеуші ұлпаның жасушасына өтіп органикалық заттар түзуге қатысады. Су өте көп буланады. Осылайша суды сіңіруге және оның қозғалысына өсімдіктердің барлық мүшелері қатысады.

Демек, әрбір өсімдік - біртұтас ағза, оның барлық мүшелері бір-бірімен өзара байланысты. Сондықтан кез келген бір мүше зақымдалса, барлық ағзаның тіршілігі бұзылады.

Кейде өсімдіктердің тамыры зақымдалып, олар топырақтан су мен минералды тұздарды сіңіре алмайды. Бұл заттарсыз жапырақтарда оргаңикалық заттар түзілмейді. Сусыз жасушада тіршілік әрекеттері тоқталып, өсімдік қурайды.

Сабақ қатты зақымдалған жағдайда да өсімдік өледі. Себебі заттардың тамырдан сабаққа және басқа мүшелерге қозғалуы, сол сияқты органикалық заттардың жеміске, тамырға және басқа бөліктерге ағуы бұзылады. Гүлді жұлған жағдайда тұқым түзілмейді, өсімдік соңына ұрпақ қалдыру мүмкіндігінен айырылады.

Керісінше, өсімдікті баптап күту, тіршілік жағдайын жақсарту жеке мүшелерінің өсуіне және дамуына, яғни барлық ағзалардың өсуіне әсер етеді. Қандай жағдай жасау қажеттігін білу ауыл шаруашылығында өте қажет. Мысалы, адамдар өсімдіктерді азотты, фосфорлы, калийлі тыңайтқыштармен үстеме қоректендіреді. Мұндайда жапырақтардың өсуі жылдамдап, оларда түзілетін органикалық заттардың мөлшері артады. Бұл сонымен қатар басқа мүшелердің жылдам жетілуіне, мәдени өсімдіктер түсімінің артуына үлкен әсер етеді.

Қорыта айтқанда, өсімдік ағзасы біртұтас, оның барлық бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты, ағзадағы барлық тіршілік әрекеттері тек қажетті жағдай жасалғанда жүреді.

Өсімдіктердің айналадағы ортамен байланысы.

Әрбір өсімдік айналадағы орта жағдайларымен байланысты болғандықтан, тіршілік етеді. Өсімдіктер айналадағы ортадан су, ауа, минералды тұздарды сіңіреді, күнінің қызуы мен жарығын пайдаланады. Өлі табиғаттың және тірі ағзаның барлық осы жиынтықтары өсімдіктер айналасындағы ортаның жағдайларын құрады:

Орта жағдайлары
Орта жағдайлары:

Өлі табиғат жағдайлары

Ауа, жарық, минералдар, су, жылу, жер бедері, топырақ

Тірі табиғат жағдайлары

Өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, бактериялар, адам

Өсімдік айналадағы табиғи ортадан тіршілігіне қажетті барлық заттарды алады. Алайда өсімдіктер тек сіңіріп қана қоймайды, олар айналадағы ортаға өздерінің тіршілік әрекеттерінің өнімдерін шығарады. Осылай өсімдіктер тіршілігі тұтасымен айналадағы орта жағдайына байланысты. Орта жағдайының өзгеруі өсімдік тіршілігін өзгертеді.

Жылдың әр маусымында өсімдіктер қалай өзгеретінін өздерің жылда бақылап жүресіңдер. Күзде өлі табиғат жағдайлары қалай өзгеретінін, олар өсімдіктерге қалай әсер ететінін естеріңе түсіріңдер. Күн суыта бастайды, жаңбыр жиілеп, күн қысқарады. Гүлді өсімдіктердің жемістері мен тұқымдары піседі, жапырақтарының түрі өзгеріп, түсе бастайды. Көптеген шөптесін өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктері қурайды. Ал көктемде қандай құбылыстар байқалады? Жер жылынып, қар еріп, күн ұзарады да, өсімдіктер оянады: ағаштардың шырындары қозғала бастайды, жапырақ шығып өсімдіктер гүлдейді.

Өсімдіктің тіршілігі үшін топырақ, оның құрылысы мен құрамының маңызы аса зор. Өсімдіктерге топырақтағы өзгеріс, ылғалдың жетіспеуі немесе артуы, минералды заттардың мөлшері өте тез әсер етеді.

Сондықтан құрғақ жерде өсетін өсімдіктер ылғалды жерлерде кездеспейді, әрбір ортаның өзіне тән өсімдіктері болады. Мысалы, құнарлы жерлерде атқонақ, қоңырбас, қойкөде кездеседі. Дала мен шөлейт жерлерден сексеуіл, изен, көкпек, жолжелкен, бақбақ, қалақай жиі ұшырасады. Сол сияқты сулы жерде, жайылымдарда жиі кездесетін өсімдіктер тобын бөлуге болады.

Өсімдік тіршілігіне ең қажетті жағдай - жарық. Жарықтың әсерінсіз фотосинтез жүрмейді, яғни органикалық заттар түзілмейді, оттегі бөлінбейді, ауа арқылы қоректену бұзылады. Алайда өсімдіктердің жарық сүйгіштігі бірдей емес. Жарық сүйетін, яғни тек жарық мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктер болады. Олар шөл дала, таулы жер, тундра, ормандағы биік өсімдіктер, ашық жердегі шөптесін өсімдіктер: наурызгүл, өгейшөп, айдаршөп, тайтұяқ, саумалдық, қарғакөз, шаңжапырақ және басқа орман өсімдіктері көлеңке сүйгіш өсімдіктерге жатады. Олар көлеңкелі жерде жақсы өседі.

Өсімдіктердің тіршілігі үшін ауадағы оттегі мен көмірқышқыл газының мөлшері өте маңызды. Оттегі тыныс алуға, көмірқышқыл газы фотосинтезге қажет. Ауаның өнеркәсіп қалдықтарынан ластануы, оттегінің жетіспеуі, көмірқышқыл газының артық мөлшері тыныс алу мен фотосинтездің тежелуіне әкеп соқтырады.

Сендер өсімдіктерді неге суару қажеттігі туралы ойландыңдар ма? Су жоқ болса, өсімдіктер тіршілік ете алмайды. «Сулы жер нулы жер» деп халық бекер айтпаған. Су өсімдіктер жасушаларындағы заттардың қорытылуына қажет. Алайда суды көп мөлшерде қажет ететін өсімдіктер: мыңжапырақ, күріш, жүгері, қияр, эвкалипт және басқалар, сол сияқты шөлге төзімді, суды көп қажет етпейтін өсімдіктер: кактус, жантаң, шеңгел, сексеуіл, т. б. - болады.

Өсімдіктің дамуы мен өсуі суық күзде және қыста тежеліп, көктемде жаңаратынын, жалғасатынын білесіңдер. Демек, өсімдіктің тіршілігі үшін жылу қажет. Өсімдіктердің жылу сүйгіш (үрмебұршақ, асқабақ, қызан т. б. ) және суыққа төзімді (сәбіз, пияз, мақта) түрлері болады.

Өсімдіктерге жел-ауаның қозғалысы аса зор әсерін тигізеді.

Жел судың булануын жылдамдатып, өсімдіктерді тозаңдандырады, тұқымдар мен жемістерді тасымалдайды. Желдің жиі соғатын бағытына қарай кейбір ағаштардың пішіні созылып, қайсыбірі жалау тәрізді және жайылыңқы, аласа болып өседі.

Ал өсімдіктер табиғи ортаға әсер ете ме? Бұл сұраққа жауап беру ұшін өсімдіктердің ауа құрамын қалай өзгертетінін еске тұсіріңдер. Фотосинтез нәтижесінде ауада оттегінің мөлшері, көбейіп, ауа көмірқышқыл газынын артық мөлшерінен арылатыны сендерге белгілі. Өсімдіктер суды буландырып, ауаны ылғалдандырады, ыстықты қайтарады, қыста суықты бәсеңдетеді. Ірі ағаштар, бұталар желдің жылдамдығын азайтып, аңызақ желден қорғайды, бөгейді, қыста қарды тоқтатады. Өсімдіктер тамырлары арқылы топырақты судың шаюынан, желдің ұшыруынан сақтайды. Өсімдіктердің қураған бөліктері топырақты органикалық және минералды заттармен құнарландырады.

Демек, өсімдіктер айналадағы ортамен тығыз байланысты, олардың тіршілігі ортаның әсеріне бұтіндей бағынышты, өсімдіктердің өздері де ортаға әсер етіп, өзгертіп отырады.

Өсімдіктердің тірі табиғатпен байланысы

Өсімдіктер айналадағы өлі табиғатпен ғана емес, тірі табиғатпен де (жануарлар, саңырауқұлақтар, адам) тығыз байланысты. Өсімдіктерге, әсіресе, жануарлар үлкен әсер етеді. Жануарлардың көпшілігі өсімдіктермен қоректенеді. Мысалы, көптеген аудандарда ешкілер бұталарды, ағаштарды қатты зақымдайды, жапырақтарын жейді. Бұғы жазда тәулігіне 30-40 кг түрлі өсімдіктекті азықпен қоректенеді, кыста 10 килограмдай өркен мен қабық, күніне 300- 400 ағаш пен бұтаны қорегіне пайдаланады. Желінбей, зақымдалып қалған бұтақтар, сынған, майысқан, қураған ағаштар әлсіз болғандықтан, басқа да зиянкестердің әсеріне оңай ұшырайды.

Малды үнемі бір жерде (шалғын мен жайлауда) жаю өсімдік түрлерініқ азаюына тіпті жойылуына апарып соғады. Өсімдіктерге кейбір жәндіктерде орасан зиянын тигізеді. Шегіртке, колорад қоңызы, орамжапырақ көбелектерінің қуыршақтары, өсімдіктердің жапырақтары, гүлдері, жемістерімен қоректенеді. Орман кемірушілері індеріне шөптесін өсімдіктерді төсейді. Бірақ жануарлар өсімдіктерге тек зиян келтіріп қана коймай, ерекше пайда да келтіреді. Жануарлар өсімдіктердің түқымын таратады және тозаңдандырады. Суырлар, қабандар, тышқандар жерден ін қазып, топырақты қопсытады, інге өсімдік қалдықтарын тасып, топырақтың қүрылымын өзгертеді. Мұндайда өсімдіктің тамырына ауа еркін жетіп, онын өсуіне қолайлы жағдай жасайды.

Әсіресе шұбалшаңның маңызы өте зор. Ол 1, 5 м терендікке дейін ін қазып, былайша айтқанда «жер жыртады», топырақты қопсытады. Сондықтан өз аулаларыңдағы, өсімдіктерді жақсы өссін десеңдер, олардың түбіне шұбалшаңдарды жіберіңдер. Олар топырақты қопсытып, қасиетін жақсартады. Алма ағаштарының ең қатерлі жаулары - жемісжегіш, гүлжегіш көбелектер. Алайда, бұл көбелектер кейбір өсімдіктердің иісіне төзе алмай, бақшадан ұшып кетеді. Міне, осындай өсімдіктерді - ащы жусан мен туймешетенді алма ағашының маңына отырғызған жөн.

Жануарлар өсімдіктерді тек қорекке пайдаланып қоймайды, сонымен қатар оларды мекен етеді. Мұнда жануарлар қоныстанып, ұрпақтарын таратады. Мысалы, құстар ағаштар мен бұталарға ұя салып, ондағы жәндіктер мен өсімдіктердің жемістері және тұқымдарымен қоректенеді.

Өсімдіктерге жануарлар ғана емес, олардың өздері де бір-біріне әсер етеді. Кейбір өсімдіктер басқа өсімдікті тіреуіш ретінде пайдаланады. Мысалы, жүзім, құлмақ, шырмауық басқа өсімдіктерге шырмалады.

Көптеген өсімдіктер манайындағы өсімдікке не жағымды, не жағымсыз әсер етеді. Мысалы, грек жаңгағы, қызанға, картопка, бедеге, алма ағашына, жағымсыз әсер ететін заттар бөліп шығарады. Сондықтан оның айналасында аталған өсімдіктер тіршілік ете алмайды. Эвкалипт ағашы шөптесін өсімдіктердің өсуін тежейді. Гүл шоғын жасауға кез келген өсімдіктің гүлін пайдалануға болмайды, алынған есімдіктер де бір-біріне әсер етеді. Сондықтан нардисс пен раушан гүлін бір ыдыска қоюға болмайды. Ал шырша мен балқарағай, емен мен жөке ағашы бір жерде жақсы өседі, олардан бөлінген заттар бір-біріне жақсы әсер етеді. Әбден піскен қызан қатар жатқан көк қызанның пісіп жетілуін жылдамдатады.

Сонымен, өсімдіктер айналадағы ортамен тығыз байланыста болады. Айналадағы орта өсімдікке, өсімдік ортаға әсер етеді.

Өсімдік бірлестігі дегеніміз - бірдей жағдайда (топырақ, климат) өсетін және өзінің тіршілігі үшін күресіп отыратын өсімдік түрлерінің жиынтығы.

Кез келген есімдік түрінің табиғатта жеке өсуі өте сирек кездеседі. Өсімдіктер су, жарық, топырақ және қоректік заттарды қажетсінулеріне, сондай-ақ өздерінің қажет етулеріне ортак жаулары мен өлі табиғаттын қолайсыз жағдайларына қарсы күресу мүмкіншіліктеріне сәйкес қарым-қатынас жасайтын күрделі өсімдік жамылғысын түзеді. Өсімдіктер жамылғыларының кұрамына қарай өсімдік бірлестіктерін: шалғынды, батпақты, орманды, далалы жерлердің өсімдіктері деп топтастыруға болады. Олар мұнан гері де ұсақ бірлестіктерге бөлінеді. Мысалы, шалғындық жерлер - суарма шалғыңды, құрғақ алқаптық шалғынды, тау шалғынды, ал батпақты жер - шымтезекті, шөпті болып бөлінеді.

Өсімдік бірлестігінің маңызды белгілері, өсімдіктердің жер үсті және жер асты мүшелерінің белдеуленуі, яғни биіктіктері және тамырларының ұзындықтары - әр түрлі болады; өсімдіктердің даму жылдамдығы да әр түрлі; өсімдік жамылғысына кіретін өсімдіктер бір түрден екінші түрге ауысуға икемді болады.

Мысалы, орман ішінде өздерінің тіршілік ету қалыптары бір- бірінен өзгеше болып келетін өсімдіктерден құралған бірнеше белдеу кездеседі. Жоғары белдеудегі өсімдіктердің бөрікбасы жарық сүйгіш, ортаңғы белдеудегі өсімдіктер жарықтың аз ғана мөлшерімен қанағаттанатын ұсақ ағаштар мен бұталардан құралады. Төменгі белдеуде көлеңкеге төзімді жартылай бұталар, қырыққұлақтар мен әр түрлі шөптесін гүлді өсімдіктер болады. Бұлардың түбінде мүктер, саңырауқұлақтар өседі. Осыған ұқсас белдеулік биікшөптер (арпабас, қойкөде, шалғындық жоңышқа) және аласа шөптер (су оты, жұпарбас, ақбас жоңышқа) өсетін шалғындықтар да кездеседі. Шалғындық жерлерден шөптердің өсу кезеңінің ішіндегі даму қарқыны да әр түрлі болатыны байқалады. Шалғындық өсімдіктердің гүлдеуі ерте көктемде басталады да, шөп шабу кезеңінде толық гүлдеп бітеді. Оның реңі жаз бойы өзгеріп, құлпырып тұрады. Бірде сары, (сарғалдақтардан), бірде көк (оймақ гүлдерден), бірде алқызыл (гүлжапырақтан, қызғалдақтан) болып, түстерінің ауысып отыруы шалғындықта үздіксіз өзгерістер болып тұратынын көрсетеді.

Қазақстан жері кең-байтақ және топырағы мен климаты әр түрлі болғандықтан, өсімдікке де бай. Мұнда орманды дала, сардала шөлді, батпақты, таулы жерлер де кездеседі.

Шөлейт жердің топырағында тұз көп, ауа райы құрғақ, жазы ыстық, қысы суық. Сардалада бетеге, ақжусан, изен, шытыр, тырбық кәріқыз, сасыр, қылша, әр түрлі жуалар, қызғалдақтар өседі. Шөлді жердің өсімдігі аз және олар қуаңшылық жағдайға ерекше бейімделген. Су жер астында тереңде жататындыктан, оған жету үшін тамыр жүйелері ұзарады. Су тапшы болғандықтан, буландыру беті тарылады, кейде өсімдіктің жапырағы бүтіндей жоғалып, оның қызметін жаңа өсіп келе жатқан өркендер атқарады. Шөлді жерлерде шөптесін өсімдіктерден бидайық, қоңырбас, селеу, өлең- шөп, жусан, изен, сексеуіл және жүзгіннің кейбір түрлері өседі. Өзен аңғарларында, қолдан суарылатын жерлерде мақта, күріш, бидай, кендір, беде егістері көп егіледі.

Сор топырақты (жер асты суы жақын жататын) жерлерде сабақтары етті болып келетін шөпсораң өседі. Шел аймағында шөптесін өсімдіктер аз, көбіне ерекше пішінді ағашты және бүталы өсімдіктер басым. Шөлді жердің топырағында (қүмды, тасты, сазды) әр түрлі өсімдік бірлестіктері қалыптасады.

Сазды жерлер ерте көктемде жаппай жасыл көрпе жамылған эфемерлер мен эфемероидтерінің молдығымен көзге түседі. Топырақ құрғағанда оның бетінде жусан мен сораңның сирек бұталары қалады. Эфемероидтер көктемде және жаздың басында жеміс беріп, құрғақшылық кезде тұқымын қалдырып қурайтын бір жылдық өсімдіктер. Оларға шөп шытыры, көктемдегі бөденешөп, таспаның бір жылдық түрі жатады.

Эфемероидтер - даму мерзімі қысқа, көп жылдық өсімдіктер. Олар жазғы құрғақшылыққа дейін гүлдеп, тұқым береді де, жер бетіндегі бөліктері қурап, топырақта түйнектері немесе пиязшықтары қалады.

Шөлдер республикамызда Оңтүстік Қазақстан аймағының көпшілік жерін, Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігін алып жатыр.

Даланың өзіне тән айрықша белгілері - орманы жоқ, жері жазық, топырағы қарашірікке бай, қара топырақты болады. Далалық аймақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде өсімдіктер аңызақтан зиян шегеді. Мұндай жерлерде аңызақ жел өсімдіктерді күйдіріп жібереді. Дала өсімдіктерінің тамыры ұзын болғандықтан (3-4 метрге дейін барады), қуаңшылыққа жақсы бейімделген.

Олардың жапырақтары шиыршықталып тұратындықтан, үстіңгі бетіндегі тыныс алу жолдары жабық болады. Далада кәдімгі қурай, ебелек, тікенекті қозықұлақ, бидайық, бетеге, селеу, бетеге боз, сасыр, жусан, кекіре, тобылғы, түйетікен өсімдіктері кездеседі. Далалық жерлерде шөптесін өсімдіктер алуан түрлі болады. Олардың көпшілігі жаздың ыстық күніне дейін гүлдеп, жемістеніп үлгереді. Көктемде қар кетісімен далада қызыл-жасыл, қоңыр- күлгін түрге боялып, шұбарланып тұрады. Көктемнің алғашқы өсімдіктері - ашық түсті жауқазындардың бірі ақ, бірі күлгін, бірі қызғылт-сары болып өседі. Мұнан соң ұйқышөп, аласа бойлы жыланқияқ, үгүлжапырақ, сүмбілгүл, сүттіген, жалбыз, кекіре, жоңышқа және тағы басқалар гүлдейді.

Қара топырақты жерлерге астық, жеміс-жидек, көкөніс өсімдіктері өсіріледі. Далалы алқап Солтүстік Қазақстан аймағын, Батыс Қазақстанның солтүстік бөлігін, Шығыс Қазақстанның оңтүстік бөлігін қамтиды.

Далалы өңірлер Қазақстанның барлық аудандарында және жазықтар мен тау бөктерлерінде де ұшырасады.

Орманның өсімдік бірлестіктерінің құрамы бай және алуан түрлі болып келеді. Мысалы, жапырақты ормандардың құрамына жөке ағашы, үйеңкі, көктерек, қандыағаш, алма, алмұрт кіреді. Қылқанды ормандарда шырша, қарағай, майқарағай, самырсын, өседі кейде біртекті ормандар да (бірыңғай қайың, емен, терек, тал, шегіршін ағаштарынан құралған) кездеседі. Орасан зор қылқанды орман тайга деп аталады, онда қылқандылардың арасынан оқтатекте қайың, көктерек, қандыағаш, тал, мойыл, шетен кездесіп қалады.

Әрбір орманда бірнеше белдеу көрінеді. Жапырақты орманда биік діңді ағаштардың астында әр түрлі бұталардан құралған тоғай өседі. Тоғайда шетен, орман жаңғағы, көктал, шеңгел, итмұрын, бүлдірген, таңқурай, ырғай, бүрген, т. б. өсімдіктер кездеседі.

  1. Жабықтұқымдылар (гүлді өсімдіктер)

Жабықтұқымды өсімдіктер жер бетіне өте көп тараған.

Олардың 2-ға тарта түрі, 300-ден аса тұқымдастары бар. Шығу тегі - ертедегі жалаңаштұқымды өсімдіктер.

Жабықтұқымдылардың жер бетіне осынша кең таралуының себебі неде? Оған құрылысындағы ерекшелігі, тіршілік әрекеті және көбею жолдары себеп болды. Ең негізгі ерекшелігі - гүлінің, жемісінің болуы, гүлінде аналықтың болуы.

Аналықтың аузына түскен тозаң дереу өне бастайды, ал аналықтың кеңейген жері - түйінінде түқым бүршігі дамиды. Ұрықтанған соң түйіннен жеміс, тұқым бүршігінен - тұқым түзіледі. Жеміс тұқымның сыртын жауып, оны сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайтындықтан да жабықтұқымдылар деп атайды. Осылайша гүл өсімдіктің кобеюіне жағдай жасайды. Жабық тұқымды өсімдіктердің гүлдері алуан түрлі болады. Олар тек жел арқылы ғана емес, сонымен қатар бунакденелілер арқылы айқас тозаңданады.

Бунақденелілер арқылы тозаңданатын гүлдерінің гүл серіктері өте ашық түсті, хош иісті болады. Әсіресе бунақденелілер түнде тозаңданатын гүлдер аңқыған иісті, ашық ақ реңді болып келеді. Жабықтұқымдылар ашық түсті, иісті, тәтті шірнесі арқылы гүл тозаңдандыратын бунақденелілерді өздеріне тартады. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер де кездеседі. Жабықтұқымдылардың көп таралуына су мен қоректік заттары жақсы қозғалатын өткізгіш ұлпалардың дамуының үлкен маңызы бар. Тек гүл арқылы емес, өсімді мүшелері арқылы көбею де жабықтұқымдылардың кең таралуыһа әсер етті.

Гүлді өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырақтарының әр түрлі болып келуі олардың құрлықта, суда, батпақта, құрғақ далада, құмда өсуіне себепші болды.

Өсімдіктермен қоректенетін бунакденелілер, құстар, сүтқоректілердің қаулап дамуының да жабықтұқымдылардың көбеюіне көп әсері болды. Себебі бұл жануарлар өсімдіктермен қоректенеді, жауынан қорғану үшін, өсімдіктерді паналайды. Жабықтұқымды өсімдіктерде біртіндеп белгілі бір жағдайға бейімделушіліктер пайда болды. Бірі қоңыржай ендікте өссе, екіншілері шөлде, үшіншілері тундрада өседі. Жабықтұқымдылар - нағыз жоғары сатыдағы өсімдіктер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология ғылымының қалыптасу тарихы
Ересек тобындағы мектепке дейінгі тәрбиедегі балаларды учаскедегі өсімдіктермен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда дидактикалық ойындарды қолдану
Бастауыш сынып оқушыларына дүниетану сабақтарында экологиялық тәрбие беру мәселелері
Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру
Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану
Балалардың табиғатпен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру және олардың маңызы
Балалардың әрекеті
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру теориясы мен әдістемесінің мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz