Ноқат өсімдігінің сорттары
Мазмұны
І Ноқат өсімдігінің
биологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
1.1Ноқат өсімдігінің
сорттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
1.2. Ноқат өсімдігінің зиянкестерімен
аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ Ноқат өсімдігінің өсіру
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Тұқым себер алдындағы
дайындық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Себу мерзімі,
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
2.3. Тұқымды күтіп –
баптау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..
2.4.Тұқымды
жинау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
ІІІ Тәжірибелік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
3.1.Ноқат дақылының механикалық технологияға бейім жаңа сорты..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Ноқат азық – түліктік және мал азықтық дақыл ретінде де өсіріледі.
Ноқат қуаңшылыққа өте төзімді өсімдік. Тұқымы ең кемі 5 – 8градус
жылылықта көктейді. Көктеген кезде 5 – 6градусқа дейінгі суыққа жақсы
төтеп береді. Ерте мерзімдерде еккенде біржолы тегіс көктеп, өнімді
кешірек мерзімде еккендегіден көп береді. Ноқаттың бір жақсы қасиеті –
жеңіл құмдақ және сортаң жерлерде өсе береді. Сабағы тік, жығылмайды.
Мұның өзі егісті машинамен баптап, машинамен жинауға жеңілдік келтіреді.
Өсу дәуірі сортына және көктеу жағдайына қарай 60 күннен 120 күнге дейін
созылады. Ноқаттың гүл шоғырлары ақ, сары күрең және қызғылттау болады.
Жемісі – боб деп аталады. Ұзындығы – 1,2 – 3сантиметр болады.
Ноқат дәнінің тамақтық және мал азығындық маңызы өте зор. Консерві
өндірісінде шикізат та бола алады. Дәмі жағынан көк бұршаққа жақындау.
Дәнінде 19 – 20пайыз белок, 4 – 7,2 пайыз май, 47 – 60пайыз азотсыз
экстрактивті заттар, 2,4 – 12,8пайыз клетчатка, 2,3 – 4,9пайыз күл бар.
Ноқат дәнінде адамға және мал организміне өте қажетті 50процент амин
қышқылы бар. Мал азығына ноқаттың қоңыр түсті сорттарының дәні
пайдаланылады. Ноқат өте жоғары белокты жемшөп ретінде жүгері немесе арпа
дәндерімен араластырылып беріледі. Сонда сауын сиырлардың сүттілігі,
тауықтардың жұмыртқалағыштығы артады. Малға азық ретінде ноқаттың сабанын
да беруге болады. Ноқаттың әртүрлі формалары мен сорттарының бәрі негізгі
екі топқа жатады: ірі дәнді ноқат – биік сабақты, өсу дәуірі 77күннен
140күнге дейін және ұсақ дәнді – аласа ноқат. Өсу дәуірі 64 – 70күндік,
неғұрлым тез пісетін сорттар екінші топқа жатады. Ноқаттың Краснокутский
195, Кинель 17, Красноградский 4, Юбилейный, Камила 1255 және Тассай деген
сорттары бар.
Топырақта азот пен фосфор жинағыш қабілетіне қарай ноқат жаздық,
күздік дәнді дақылдар мен жүгері үшін таңдаулы алғы дақыл болып табылады.
Ал, өзі арамшөптен таза танапты тәуір көреді, сол себепті оған қолайлы
алғы дақылдар – егісте арамшөп қалдырмайтын күздік бидай, жүгері егісінен
кейін себу тиімді. Ноқатты өсірудегі маңызды шара тұқымды себер алдында
нитрагинмен өңдеу болып саналады. Бұл азот түзілу процесін жеделдетіп,
дақыл өнімділігін 10 – 15центнерге арттырады. Ноқаттың дәні асыл тұқымды
мал төлінің қарқынды өсіп жетілуі және аталықтарының қуатты болуы үшін
беріледі. Ауа – райы ыстық, шөлді аймақтағы халықтар ноқат дәнінің
қайнатпасын сусын ретінде пайдаланады. Ноқатқа арнап топырақ дайындау
әуелі аңызды 6 – 8сантиметр етіп сыдыра, соңынан 25 – 27сантиметр
тереңдікте жырту, қар тоқтату, көктемде ауыр тісті тырмалармен көлденең
культивациялау жұмыстарынан тұрады. Бұл дақыл ерте көктемде топырақ
температурасы 7 – 10градусқа жеткен кезде 10сантиметр тереңдікте себіледі.
Оған кең қатарлы немесе жәй қатарлы тәсіл қолданылады. Себумен бір
мезгілде түйіршікті тыңайтқыштар енгізіледі. Тұқым себіліп болғаннан кейін
танап нығыздалып, арамшөп пайда болған жағдайда көк шыққанға дейін және
өсімдік тамырланып бекіген кезде көк шыққаннан соң тырмаланады, тырмалау
қатарларға көлденең бағытта және екі рет жүргізіледі. Ноқат тұқымы
өнгіштігін ылғалдылығы 13 – 14 пайыздан аспаған жағдайда жақсы сақтайды.
Комбайннан алынған дән ылғалдылығы көбіне жоғары болады, сондықтан
бастырғаннан кейін оны іле бір – екі рет тазалағыш машинадан өткізіп,
түрлі қоспалардан айыру және қажетті ылғалдылыққа дейін құрғату керек.
Ноқат дәні кәдімгі қоймаларда сақталады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Ноқат өсімдігінің биологиясы және
технологиясы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ноқат өсімдігінің биологиясы мен өсірілу
технологиясын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті: Ноқат өсімдігінің сорттарын
Тұқымды күтіп баптау
Себу және жинау
әдістерін зерттеу.
Курстық жұмыстың обьектісі: Ноқат дақылының механикалық технологияға бейім
жаңа сорты.
І Ноқат өсімдігінің биологиясы.
1.1Ноқат өсімдігінің сорттары.
Бұршақ тұқымдасына жататын ноқар өсімдігін кейде нұт, үрме қой бұршақ
немесе екі дәнді бұршақ деп атайды. Дүние жүзінде ноқаттың 27 түрі
кездеседі, ал Совет Одағында бес – ақ түрі бар.
Ноқат – бір жылдық, діңгек тамырлы өсімдік. Тамыры өте тереңге
кетеді. Мәселен, тамыры 140 сантиметрге, ал қосалқы тамырлары 60
сантиметрге жетеді. Сондықтан құрғақшылыққа төзімді және өсіп - өну үшін
суды басқа бұршақ тұқымдастарға қарағанда аз пайдаланады. Тағы бір қасиеті
құрғақшылыққа ноқат өзінің өсу қарқынын бәсеңдетеді, ал ылғал пайда болған
кезде қайтадан өсуін жалғастырады. Өнім де жақсы алынады.
Ноқат дән құру кезінде де ыстық аңызақ желден қорықпайды.
Дегенмен суармалы жерлерде мол өнім алынады.
Тамырындағы азот жинайтын түйнектері 3 – 4 жапырақ шыққанда пайда
болады, ал гүлдеу кезінде ең жоғары деңгейге жетіп, ауадан азот құру
процесіне қатысады. Бұл түйнекшелер жердің үстіңгі қабатында мол болады.
Ноқаттың сабағы тік тұрады, қырлы және жақсы бұтақтанған, биіктігі
30 – 60сантиметр, өсу кезінде жығылмайды. Тең жапырақты, өте ұсақ 11 -17
жапырақшасы болады. Сабағын, жапырағын және дән жарнақшаларын қою түкшелер
басып тұрады. Ол түкшелерден алма, лимон, қымыздық қышқылдары бөлінеді.
Ноқат гүл шоғырлары ақ, сары күрең және қызғылттау болады. Ақ
гүлдіден – сарғылт дәнді, ал басқа түрлерінен қоңыр түсті өсімдіктер
шығады. Қоңыр түсті дәндері малға азық ретінде пайдаланылады.
Өзімен - өзі тозаңданады. Тозаңдану гүлінің жабық кезінде жүреді.
Кейбір жылдары айқасып тозаңданатыны да бар. Жауын – шашынды жаз айларында
ноқат өсімдігі бойлап өседі де, дән салу жағдайы нашарлайды. Ауа райы
құрғақ болған жылдары өсімдік жақсы гүлдеп, мол өнімді дән құрайды.
Жемісі – боб деп аталады. Ұзындығы – 1,2 – 3сантиметр, біреуінде 1
– 3 дән болады. Дәні шар тәрізді, айқын көрініп тұратын тұмсығы бар. Ноқат
қой бас бұршақ деп аталуы содан да болар. Дәнінің беті тегіс, кейде
қатпарланған және ұсақ бұршақтардың 1000 дәнінің салмағы 60 – 100г, ал ірі
дәнділерінің салмағы - 400 – 500г. Қазақстанда аудандастырылған
сорттарының 1000 дәнінің салмағы 200 – 350г.
Гүлдену және пісу кезеңдерінде ноқат айтарлықтай жылу сүйгіш
өсімдік, алайда ол бозқырауға төзімді, егін көгі қысқа мерзімді – 11С
дейінгі бозқырауды көтереді. Өсуі мен жетілуі үшін ноқатқа оңтайлы
температура 18 – 20С. Аймақта өсірілетін орташа мерзімде пісетін сорттарына
қажетті белсенді температура жиынтығы – 1500 – 1700С. Басқа дәнді бұршақ
дақылдарына қарағанда ноқат құрғақшылық пен жоғары температураны жақсы
көтереді. Ноқат қара, қоңыр топырақтарда жақсы өседі. Сортаң және құмдақ
топырақтарды нашар көтереді.
Ноқат тұқымдарында 31 пайызға дейін ақуыз, 60 пайызға дейін
көмірсулары, 4,5 пайызға дейін май, т.б. болады.
Ноқаттың әртүрлі формалары мен сорттарының бәрі негізгі екі топқа жатады:
ірі дәнді ноқат – биік сабақты, өсу дәуірі 77 күннен 140 күнге дейін және
ұсақ дәнді – аласа ноқат. Өсу дәуірі 64 – 70 күндік, неғұрлым тез пісетін
сорттар екінші топқа жатады. Аудандастырылған сорттары – Юбилейный,
Волгоградский 10, Камила 1255, Краснокут 123.
Краснокутский 195 сорты. Краснокут селекциялық – тәжірибе станциясында
шығарылған. Орал және Семей облыстарында аудандастырылған. Транскауказико –
карнеумның бір түрі.Өсімдік шоғы тік, қалың өседі. Өсімдіктердің биіктігі
30 – 40сантиметр, бұтақтылығы, жапырақтылығы орташа. Гүлдері ақ.
Дәні жұмыр, ірі және орташа, ұзындығы 9миллиметр, жалпақтығы
8миллиметр. 1000 дәннің салмағы 230 – 200грамм. Түсі сары – қызғылт, кейде
ақ. Беті аздап қатпарланған.
Өсу дәуірі 73 – 83, 70 – 94 күнге барады. 73 – 85 күнде дәнінен
қайта дән пайда болады. Құрғақшылыққа төзімділігі орташадан жоғары.
Антракнозға төзімділігі орташадан жоғары, аскохитозға төзімділігі орташа.
Пісіп – жетілгенде төгілмейді және үсікке шыдамды. Ең астыңғы бобы төмен
орналасқандықтан комбайнмен шабуға келмейді. Өсу кезінде сабағы жығылмайды.
Қайнатқанда жақсы жұмсап піседі. Дәніндегі белок орташа – 24,8 процент,
кейде 17,6 проценттен 30,3 процентке барады. Өсімдік аурулары мен
зиянкестеріне төзімді.
Кинель 17 сорты. Бұл Кинель мемлекеттік селекция станциясында
өсірілген. Павлодар, Целиноград, Шымкент облыстарында аудандастырылған.
Транскауказико – карнеумның бір түрі.
Өркендері ашық – жасыл. Шоғы тік, қысыңқы. Сабағының биіктігі
40 – 60сантиметр. Жапырақтары 17 – 25 қосжапырақтан құралған, жұмыртқа
тәрізді, шеті тістіс болып келген. Гүлдері ақ, жалғыздап өскен.
Бұршағында бір – екі дәннен болады. Дәні жұмыр, беті тегіс,
түсі – сарғыш. 1000 дәнінің салмағы 250 – 320г. Өсіп – жетілу кезеңінің
ұзақтығы – 76 – 86 күн. Толық піскенде дәні өздігінен
шашылмайды.Қайнатқанда жұмсап пісуі орташадан жоғары. Дәмі жақсы. Дәндегі
белок 22 – 25 процент.Құрғақшылыққа өте төзімді, жылу талғайды, көктемгі
аумалы – төкпелі ауа райына шыдамды. Басқа сорттардан айырмашылығы биік,
ықшам, астыңғы бобтарының өзі жерден едәуір биікке орналасқан. Ауруға
төзімді және бұршақ көбелегі зақымдай алмайды. Мол өнімді. Негізінен
Павлодар облысында аудандастырылған.
Красноградский 4 сорты. Красноград тәжірибе станциясында
өсірілген. Қарағанды облысында аудандастырылған. Транскауказико –
карнеумның бір түрі.
Өркендері жасыл, ірілігі орташа. Шоғы тік, қысыңқы. Сабағының
биіктігі 35 – 45сантиметр. Бұтақтылығы, жапырақтылығы, орташа. Жапырақтары
эллипс тәрізді, 15 – 17жапырақшадан құралған. Гүлдері ақ. Бұршақтары
көбінесе бір дәнді толық піскенде сабан түсті – сары.
Дәнінің формасы жұмырға жуық. Түсі сары – қызғылт немесе ақ, беті
тор мәнерлі. 1000 дәнінің салмағы 260 – 270грамм. Өсіп – жетілуі 80 –
90күн. Қуаңшылық пен аңызаққа өте төзімді. Аскохитоз бен фузариоздан
зияндануы орташа. Дәндегі белок 22 – 24процент. Қайнатқанда жұмсап піседі,
дәмі жақсы. Өнімді мол береді.
Юбилейный сорты. Краснокут селекциялық – тәжірибе станциясында
шыққан. Транскауказико – карнеумның бір түрі. Өркендері ашық – жасыл түсті,
қалың түкті. Шоғы тіке, қысыңқы. Сабағының биіктігі 35 – 45сантиметр.
Төменгі бұршақтары 20 – 25сантиметр биіктен шыққан. Жапырақтары сопақша –
жұмыртқа тәрізді. Гүлдері ақ. Бұршақтары бір – екі дәнді болады. Дәндерінің
формасы жұмырға жуық, түсі сары – қызғылт, беті біраз қатпарлы. 1000
дәнінің салмағы 260 – 300грамм. Қайнатқанда жақсы жұмсап піседі.
Өсіп – жетілу кезеңінің ұзақтығы 73 – 85күн. Құрғақшылыққа, әсіресе
көктеп шыққаннан гүлдеу кезеңіне дейін шыдамды. Көктемгі аумалы – төкпелі
ауа райына шыдамды. Комбайнмен оруға толық бейімделген. Асхохитоз ауруына
төзімді. Фузориозбен аздап қана зақымдалады. Мол өнімді. Негізінен Ақтөбе,
Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Орал және Шымкент облыстарында
аудандастырылған.
Алматы облысының таулы аудандарында ноқат өсімдігін өсіру үшін және
осы өңірге бейімделген сорттарды анықтау үшін үш жыл қатарынан 8сортты
сынаудан өткізген. Олар: Совхозный 14, Кинельский 17, Гибридный 56,
Скороспелый, Золотой, Сверный 2, ВИР – 32 және жергілікті Ақсай.
Барлық сорттардың мың дәнінің салмағы 216 грамнан 322грамм
аралығында. Бұлардың көбі негізінен тағам үшін пайдаланылады, тек Совхозный
14 сорты ғана мал азығы ретінде өсіріледі. Жыл сайын бұл сорттарды
апрельдің екінші жартысында гектарына 80кг немесе 0,4 миллион дәнді кең
қатарлап, аралығын 45сантиметр етіп себеді. Ауа райының құрғақшылығына
қарамай себілген 100 дәнінің орта есеппен сексен төрті өніп - өсті.
Әсіресе, Совхозный 14, Скороспелый, ВИР – 32 сорттарының шығымдылығы өте
жоғары. Ноқат сорттарының дәні сепкеннен кейін 8 – 10 күнде, ал Кинельский
17 және Скороспелый сорттарының дәні 8 күннің ішінде өніп шығады.
Жалпы, Алматы облысының шөл далалы аймағында ноқаттың Совхозный 14,
Кинельский 17 және Гибридный 56 сорттарынан мол өнім алынады. Оның үстіне
белок түзуі жөнінен, биіктігі жағынан бірінші орын алады. Сондықтан шөл
жерлерге, әсіресе Совхозный 14 және Кинельский 17 ноқат сорттарын егіп,
малды аса сапалы жемшөппен қамтамасыз етуге болады.
Ноқаттың Камила 1255 сорты 2000 жылдан бастап Алматы, Жамбыл,
Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында аудандастырылған.
Камила 1255 сорты Милютинский 6 х Юлдуз сорттарынан шығарылған.
Шығарған мекеме – Қазақ егіншілік ғылыми – зерттеу институтй мен Өзбек дән
ғылыми – зерттеу институты.
Сабағы шоғырланып орналасқан, сарғыш түсті, гүлдері дара, ақ, майда,
бұршақ қабы қоңыр сарғыш түсті, дәні ірі, лимон түстес. Өсіп - өну кезеңі
101 күн. 1000 дәнінің салмағы 423грамм. Өнімділігі 23,2цга. Құрамындағы
шикі протеині 21,3 пайыз. Өсімдіктің биіктігі 65 – 80сантиметр. Төменгі
бұршақ қаптарының орналасу биіктігі 27сантиметр.
Бұл дақылды адам тағамында және мал азығына да пайдалануға болады.
Өйткені республиканың жемшөп балансындағы белок тапшылығы жыл сайын
30пайыздан да асып кетеді. Сондықтан да өсімдік белогін алудың бірден – бір
көзі ноқат дақылы болып табылады.
Өсіріліп жүрген бұршақ тұқымдастар ішінде ноқаттың Камила 1255 сорты
айрықша орын алады. Бұл сортың шаруашылық үшін аса бағалы қасиеттерге ие.
Біріншіден, басқа бұршақ тұқымдастарға қарағанда құрғақшылыққа әлде қайда
төзімді, мұның өзі аса маңызды фактор болып табылады. Екіншіден, мал
азығындық қасиеті, агротехникалық мәні жөнінен алғы дақыл ретінде ас бұршақ
пен сиыржоңышқадан кем түспейді. Үшіншіден, комбайнмен жинауға жарамды.
Бұларға қоса ол бұршақ қоңызымен зақымданбайды
Ноқаттың бұл сортының құрғақшылыққа төзімділігі олардың табиғатына
байланысты. Оның қуатты да тереңге жайылатын тамыр жүйесі ылғалмен
жеткілікті қамтамасыз етсе, сабағы мен жапырақтарының түктілігі өсімдікті
аңызақ пен ыстықтан қорғайды. Бұл сорттың өнімділігі жоғары дақыл болып
саналады. Дән мен көк балауса өнімі жөнінен бұршақ тұқымдастар ішінде
алдыңғы орындардың бірін алады. Қоректік заттарының сіңімділігі жоғары – 87
– 97пайызға тең. Бұршақтары жаппай піседі, жарылмайды. Сабағының
қаттылығының арқасында жатып қалмайды. Біркелкі пісіп жетіледі, төменгі
бұршақтар жерден 15 – 25сантиметр биік орналасатындықтан тікелей комбайнмен
жинауға ыңғайлы. Дәндері кәдімгі қоймаларда сақталады.
1.2. Ноқат өсімдігінің зиянкестерімен аурулары.
Негізінен ноқат өсімдігі басқа бұршақты дақылдарға қарағанда
зиянкестерге өте төзімді келеді.Бірақ кейбір жылдары жапырақ шыбынымен де
зақымдалды. Оның личинкалары жапырақ аралығында қуыстар жасап, шыбынның көп
таралған жағдайында жапырақтары сабақтан түсіп қалады. Сонымен жапырақ
шыбыны әсерінен ноқат өсімдігінің өнімі қауырт төмендейді.
Қазақстанның солтүстік облыстарында ноқат егісіне кішкене саршұнақ және
сары саршұнақ өте көп зиян келтіреді. Олар тың жерлерде, тыңайған жерлерде,
жайылымдарда, және жол жиектерінде тіршілік етеді. Саршұнақтардың індері
тұрақты және уақытша болады. Олар күндіз ноқат егісінің көктерімен
қоректенеді. Саршұнақтарды қыру үшін мырыш фосфидын сұлымен араластырып,
уландырғыш әзірлейді. Улы зат сұлы дәніне жақсы жабысу үшін автол майы
қосылады. Әрбір саршұнақ ұясына 20грамм уланған сұлы шашылады. Немесе
1киллограмм пайдаланған автол майына 200грамм мырыш фосфиды араластырылады,
оған бір уыс шөпті батырып алып, әр іннің аузын тығындайды, мұндай жағдайда
20грамм уландырғыш мөлшері кетеді.
Ноқат дақылына көптеген зиянды жәндіктер мен кеселдер түседі. Олар
дақылдарға көп зиян келтіреді, ал олар тым көп таралса, егіс мүлдем құрып
кетеді. Дәнді – бұршақты дақылдардың тұқымдық, егісіне түсетін зиянды
жәндіктер мен кеселдерге қарсы күресу үшін, егісті алдын – ала сақтау және
зиянды жәндіктер мен кеселдерді жою шаралары қолданылады.Қазақстанда дәнді
– бұршақты дақылдарға түсетін мынадай зиянды жәндіктер мен кеселдер
неғұрлым көп таралған.
Өсімдік биті дәнді – бұршақты дақылдарға зиян келтіреді. Бұршақ биті –
күңгірт – жасыл түсті, ұзын аяқты, көп жылдық шөптердің егісінде қыстап,
тамыр сағақтарына жұмыртқа салады. Дәнді – бұршақты дақылдарды өсімдік
битінен сақтау үшін ерте мерзімде егіп, өсімдіктердің өсуі кезінде егісті,
гектарына 40 – 50килограмм есебімен, 5проценттік анабадустпен немесе
нткодустпен, не болмаса, гектарына 15 – 20килограмм есебімен 12проценттік
гексахлоран дустымен тозаңдандыру керек. Сондай – ақ егіске, гектарына 1000
– 1200литр есебімен, сабын қосқан 0,1процент никотинсульфат немесе
анабазинсульфат ерітіндісін бүркеді.
Бұршақ көбелек дәнді – бұршақты дақылдардың көбіне зиян келтіреді.
Өсімдіктер гүлдей бастаған кезде көбелек балауса бұршақтарға, кей кездерде
өсімдіктің сабағы мен жапырақтарына жұмыртқа салады. Жұмыртқадан өсіп
шығатын құрттар дәнге түседі. Бұл көбелектің зиянын азайту үшін
агротехникалық және химиялық шаралар қолданылады. Бұршақ көбелекті қыру
үшін терең зябь жырту, ерте мерзімде егу сияқты агротехникалық шаралар
жүргізіледі. Гектарына 10килограмм есебімен 12проценттік гексахлоран
дустысымен тозаңдандыру – химиялық тәсіл қолданылады.
Мақта көбелегі оңтүстік аудандарда ноқатқа түседі. Оның құрттары
әуелі жапырақтармен қоректенеді, онан кейін бұршақтағы дәнді жейді. Бұл
көбелекке қарсы күресу үшін егісті ДДТ препаратымен тозаңдандырады.
Ақұнтақ кеселі бір жылдық бұршақты өсімдіктердің бәрінің дерлік
жапырақтарында ақшыл тор түрінде пайда болады. Жаздың аяқ шенінде қоңыр
тартып, онда әуелі ашық – сары, онан кейін қара домалақ түйіршіктер –
паразиттің қысқы жемісті денелері пайда болады. Кеселдің қоздырғыштары
егінді жинағаннан кейінгі қалдықтарда қыстайды. Бұл кеселге қарсы күресу
үшін, тұрақты сорттар шығарудан және жоғары агротехникалық негіз жасаудан
басқа, егісті бордос ерітіндісімен бүрку күкіртпен тозаңдату тәсілдерін
ұсынуға болады.
Аскохитоз ноқат өсімдігінің ең негізгі ауруларының бірі болып
саналады. Ауру грибоктары өсімдік қалдықтарының дәнінде қыстап шығады. Оның
таралуы астыңғы жапырақтан басталады. Содан кейін сарғылт теңбіл дақтар
өсімдік сабағын, жапырағын, бұршақ қабын қаптап басып кетеді. Сонымен
аскохитоз ноқат өсімдігінің фотосинтезін төмендетеді, өсуін нашарлатып, дән
құруын азайтады да жалпы түсімге кері әсерін тигізеді. Егер өсімдік
түгелдей зақымдалса, ол солып, соңынан кеуіп қалады. Бұл ауру ылғалы көп
жылдары мол зиян келтіреді. Кесел оған душар болған өсімдіктердің дәндері
мен аңыз қалдықтары арқылы таралады.Тұқымды гранозанмен дәрілеу, аңыз
қалдықтарын жою, тұқымды мұқият кептіру бұл кеселге қарсы күресте жақсы
нәтиже береді. Күресу шараларына аскохитозға төзімді ноқат сортын егу,
ауыспалы егіс енгізу, егіске аурудан таза тұқымдарды пайдалану жатады.
Фузариоз шірік кеселінен азықтық бұршақ дақылдарының және басқа
кейбір бұршақты өсімдіктердің тамырындағы, тамыр сағағындағы тканьдар
қоңыр тартып бұзыла бастайды. Кесел ұлғая келе өсімдіктің жапырақтары мен
сабақтары қарайып, қурайды. Кесел аңыз қалдықтары және тұқым арқылы
таралады. Бұған қарсы шаралары: дұрыс ауыспалы егіс енгізу, тұқымды
дәрілеу, аңыз қалдықтарын жою.
Антракноз кеселі көбінесе өсімдіктің бұршақтарына түседі.
Бұршақтарда дөңгелек, сәл қысыңқы, айналасы көтеріңкі қоңыр жиекті, қоңыр –
қызыл кең жолақты, қоңырқай теңбілдер пайда болады. Теңбілдер көп уақытта
қосылып кетеді, онда бұршақтың қапталы шұрық тесілген болады. Кесел тұқым
және егіннің топырақтағы қалдықтары арқылы таралады.Мұнда фузариоз шірікке
қарсы күрестегі шаралар қолданылады.
Бактериоз жапырақтарда, бейне екі жағынан қысып шығарғандай,
майланып тұрған үлкен теңбілдер пайда болады: бұл теңбілдер көп уақытта
кепкен, жарылған, қураған болады. Бұршақтарда қызғылт жиекті, суланған
жұмсақ теңбілдер пайда болады. Бактериоз көбінесе кесел түскен тұқым және
егіннің топырақтағы қалдықтары арқылы таралады. Мұнда да фузариоз шірікке
қарсы күрестегі шаралар қолданылады.
ІІ Ноқат өсімдігінің өсіру технологиясы
2.1.Тұқым себер алдындағы дайындық
Барлық бұршақ тұқымдастар сияқты ноқат өсімдігі де қос жарнақтыларға
жатады. Бірақ асбұршақ немесе соя өсімдіктері секілді жарнақша жапырақтары
жер бетіне шықпайды. Мұның өзі агротехникалық шаралар жүргізуге, әсіресе
дәнінің шығуын бір шама жеңілдетеді. Өйткені жерді мұқият тегістеудің
қажеті аздау. Бірақ ноқат өсімдігінің алғашқы өсу кезеңі өте баяу өтеді.
Сондықтан арам шөптердің булықтырып тастау қаупі бар. Сол себепті ауыспалы
егісте арам шөптен таза жерлерге егіледі. Құрғақшылық аудандарда негізінен
таза пардан кейін, ал суармалы және ылғалы жеткілікті аймақтарда жаздық
және күздік бидайлардан соң егуге болады. Тұқымды жоғары агротехника
негізінде өсіру керек. Тұқымдық егісті ауыспалы егіс танаптарына дұрыс
орналастыруға ерекше көңіл бөлу қажет.
Ноқат дақылы топырақты мұқият өңдеуді керек етеді. Жақсы қопсытылған
топырақта өсімдіктер қалың тамыр жаяды. Мұндай тамыр топыраққа терең
бойлап, басқа көп өсімдіктер онша ала алмайтын қоректі заттарды бойына
тартады. Оның үстіне, топыраққа ауа жақсы барып тұрса, өсімдіктердің
тамырларын мекендейтін түйнек бактериясының өсуіне қолайлы жағдай туады.
Ноқатты егісті алғы астық дақылдардың орнына егетін болса, арам шөптер мен
екпе өсімдіктер дәнінің тез көктеп шығуына жағдай туғызу үшін, бұл алғы
дақылды жинаудың ізінше танапты дискілі немесе түренді лущильникпен
қопсытады да, 10 – 14күннен кейін негізгі өңдеу жұмысын жүргізеді. Ылғал
жеткіліксіз болса, топырағы желмен үрленетін жерді де қайырмасыз жырту
қолайлы. Қайырмасыз жыртқанда, топырақтың жоғарғы қабатын аздап қопсытады,
бірақ паяны топыраққа сіңірмейді. Зябь жыртумен бірге жерді тырмалайды.
Әсіресе жауын – қары аз аудандарда егіннің шығымдылығын арттыру үшін қар
тоқтатудың зор маңызы бар. Қарды риджер тәрізді қар жыртқышпен немесе
шаруашылықтың өзіндегі басқа құралдармен тоқтатады. Топырақтағы ылғалды
қысқы маусымда қар тоқтату есебінен ғана емес, қар суын тоқтату жолымен де
көбейту керек. Ерте көктемде, егіске шығуға мүмкіндік туысымен, күзде
жыртылған зябьті шлейфті тырмалармен 1 – 2ізден тырмалайды. Мұның өзі
ылғалдың булануын азайтудың үстіне, топырақтың бетін тегістейді, ал мұның
дәнді – бұршақты дақылдарды машинамен төмен қырқып жинағанда көп пайдасы
тиеді. Тұқым себер алдынан зябьті тұқым сіңіру тереңдігінде көлденең
культивациялап, мұнымен бірге агрегаттағы тырмамен тырмалайды. Тығыз
топырақты зябьті, тұқым себер алдынан тырмалаудың орнына түренді
лущильникпен сыдыра жырту керек. Жеңіл топырақты жерде, әсіресе ылғалы аз
аймақта, топырақты буылтық катокпен катоктау жақсы нәтиже береді.
Егіске арналған тұқымды күні бұрын қоспалардан: жетілмеген, зиянды
жәндіктер және кеселдер түсіп зиянданған, жаншылған, ұсақ дәндерден
тазартады.
Тұқымдық участоктерде егуге ірі тұқымды пайдаланады, өйткені олар мол
өнім және жақсы сапалы дән береді. Тұқымның өнгіштігін арттыру үшін,
әсіресе республикамыздың солтүстік облыстарында, тұқымды 2 – 4күн бойына
ауаның жылуымен қыздырады. Егер ноқаттың тұқымында дәнқұрты табылса, мұндай
тұқымды себуден 1 – 1,5ай бұрын газдап зарарсыздандыру немесе, бір тонна
тұқымға 2 – 3килограмм есебімен, 12 проценттік гексахлоран араластыру
керек.
Дәнді – бұршақты дақылдарды аскохитоздан, фузариоздан, түйнек
құртынан зиянданудан алдын ала сақтау үшін тұқымды себуден бұрын химиялық
препараттармен дәрілеу керек.
Тұқымды себуге әзірлегенде қолданылатын маңызды шаралардың бірі –
тұқымды нитрагинмен дәрілеу. Нитрагин өсімдіктің тамырында түйнек
бактерияларының өрбуіне көмектеседі. Бұл бактерия ауаның азотын бойға
тартады, мұның арқасында өсімдіктердің қоректену жағдайы жақсарып, егістің
өнімі 15 – 20, кейде 50 процент артады. Ал, тұқымды кеселдер мен зиянды
жәндіктерден сақтау үшін дәрілегенде, нитрагинмен дәрілеуден кемінде 3 –
4апта бұрын дәрілеу керек.
Заводтық нитрагин дәнді – бұршақты дақылдардың әрбір түріне арнап
жарты литрлік шөлмектермен шығарылады. Жарты литрлік шөлмектегі нитрагин
бір литр суға ерітіліп, онымен 1,5 – 2центнер тұқым дәріленеді. Тұқым
себілетін күні дәріленеді. Тегіс жібітіліп нитрагинмен араластырылады.
Тұқым нитрагин мен көлеңкелі жерде, таза жаймада дәріленеді,
өйткені түйнек бактериялары тікелей түскен күн сәулесінен өледі.
Нитрагинмен дәріленгеннен кейін тұқым кептіріледі, мұнан кейін қапшыққа
салынып, себуге жөнелтіледі.
Дақылдар мен сорттардың араласпауы үшін, белгілі бір дақылдың
немесе сорттың тұқымын дәрілегеннен кейін бұл тұқым салынған машиналарды,
қапшықтарды, алаңдарды мұқият тазартады. Бір сорттың тұқымын өңдегенде,
кездейсоқ араласудан тұқы сапасының нашарламауы үшін, бұл жұмысты жоғары
репродукциядан бастау керек.
Әрбір дақылдың, сорттың, репродукцияның тұқымы себілетін жерге
бөлек апарылады. Жөнелтілетін тұқымға накладной беріледі, онда тұқымның
салмағы, неше бөлектігі, сорты, репродукциясы көрсетіледі.
Мол өнім алудың ең асты жолы – тек аудандастырылған сорт
тұқымдарын ғана себу. Тұқымға арналған дән күз айынан бастап іріктеліп,
тазартылып, кептіріліп қойылады. Ол үшін әрі ірі, әрі ірілігі жағынан
біркелкі болуы керек. 1класқа жататын тұқыдық ноқаттың тазалығы – 99 пайыз,
өнгіштігі – 95 пайыз және ылғалдылығы – 14 пайыз, ал екінші класты тұқымның
тазалығы – 98,5 пайыз, өнгіштігі 92,0пайыз және ылғалдылығы – 14 пайыз
болуға тиіс. Себетін тұқымның негізгі көрсеткішіне 1000 дәннің салмағы орта
есеппен 250 – 260грамм тартуға тиіс.
Ноқат өсімдігін зиянкестерден қорғау және ауруларға төзімділігін
арттыру шарасына тұқымды себер алдында ТМТД препаратымен зарарсыздандыру
жатады. Бір центнер тұқымға 700 – 800грамм ТМТД немесе 200 – 300грамм
меркуран пайдаланылады.
Ноқат дәнінің өнгіштігін көтеріп, тамырындағы бактерия түйнектерінің
қызметін жоғарылатуда нитрогин бктериялық препаратының ролі айтарлықтай.
Ноқат тұқымы себер алдында тек осы өсімдікке арналған нитрогинмен ғана
өңделеді.
Құрғақшылықта өскен ноқат тамырында суармалы жерде өскен ноқатқа
қарағанда бактерия түйнектері аз пайда болады. Тамыр бактерия түйнектерінің
жақсы жетілуіне топырақ температурасы да әсер етеді. Ноқат тұқымын себер
алдында нитрагин және микроэлемент қоспасымен өңдеу нәтижесінде өсімдіктің
биіктігі мен астыңғы бобтың орналасу биіктігі де жоғарылайды. Бірақ ұл
қоспа бір өсімдікке келетін дән санына аса қатты әсерін тигізбейді.
Дегенмен ноқаттың 1000 дәнінің салмағына және гектарына түсетін өнімге бұл
препараттың біршама әсері бар. Әсіресе нитрагин мен 0,05пайыз марганец
қоспасы 1000 дәннің салмағын 9грамм, ал өнімді 1,2центнер арттырады.
Қорыта келгенде ноқат тұқымын себер алдында нитрогинмен, әсіресе
микроэлементтер қосып өңдеу алатын өнімді молайтудың бірден – бір жолы.
2.2. Себу мерзімі, әдісі.
Ноқаттың қай сортының болса да шығымдылығына себу мерзімі ықпал етеді.
Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолайлы мерзімде себілген дақылдан мол
өнім алынады. Ғылыми әдебиеттерде ноқатты себу мерзімі туралы әр түрлі
пікірлер бар. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz