Еуропоидтық нәсіл



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Нәсілдер жайлы жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Нәсілдердің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3. Халықтың нәсілдік және ұлттық құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .11
3.1 Еуропоидтық нәсіл ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3.2 Негроидтық нәсіл ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
3.3 Монғолоидтық нәсіл ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
4. Нәсілдердің таралуы, жиілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Кіріспе
Бүгінгі әлемдегі барлық адам баласы жалпы биологиялық бір түрге, яғни Homo sapіens-ке жатады және ол бір түбірден тарайды;
адамдардың биол. айырмашылықтары табиғи орта мен адамның генетик. құрылымының бір-біріне тигізген әсерінен пайда болған өзгешеліктер болып саналады;
адамзат топтасуында (папуляциясында) көптеген генетик. айырмашылықтар бар. Оны бірыңғай папуляц. тұрғыдан алып қарағанның өзінде адамзат тобында таза Р. жоқ;
адамзаттың нәсіл заңдылықтарына орай оның физ. ерекшеліктері шартты түрде үлкен Р-ларға, одан кейін кіші Р-ларға ажыратылады. Жалпы адамзат кем дегенде үш үлкен Р-ға жүйеленеді;
ешқандай халық, ұлт, тіл, дін, мәдени топ өзінше жеке Р. құрай алмайды. Р. деген ұғым тек биол. мағынада пайдаланылады. Р-ның мән-мағынасын тұжырымдаған декларацияда бүкіл әлемдегі адамзаттың барлығының биол. мүмкіншіліктері бірдей екендігі айтылады.
Олар қалай және қандай затты және рухани өркениетті дамытам десе ерікті екендігі көрсетілген. Қазіргі уақытта әлем халықтарының антропол. жүйелеу әдістемелері бойынша еуропеоид, негроид, моңғолоид секілді негізгі үш үлкен Р. белгілі. Бұлардың әрқайсысы бірнеше кіші Р-ларға ажыратылады (қ. Нәсілдер). Сонымен қатар әрбір үлкен Р. жігінде аралас кіші Р-лар бар. Мыс., еуропа тектес және моңғол тектес Р-лар жігінде ерте заманнан бері олардың араласуынан пайда болған кіші тұран тектес (оңт. сібір) Р. бар. Оның өзі мынадай үш антропол. нұсқаға ажыратылады: қазақстандық антропол. нұсқа (өкілі қазақтар), тянь-шань өңірлік нұсқа (өкілі қырғыздар), алтай-саяндық нұсқа (өкілі хакастар)
Нәсілдер -- бұл саны әртүрлі адамдардың тарихи қалыптасқан топтары (популяциялар топтары), олардың морфологиялық және физиологиялық қасиеттері ұқсас, сонымен бірге олар белгілі бір аумақтарда ғана таралады. Олар тарихи факторлардың әсерлері арқылы дамып және бір ғана түрге (Н. sapiens) жатады. Нәсіл халықтан немесе этностан айырмашылығы белгілі бір аумақта таралған, бірнеше нәсіл жиынтықтарынан құралуы мүмкін немесе керісінше, сол бір нәсілге бірнеше халықтар жатуы және олар әртүрлі тілде сөйлеуі мүмкін.
Нәсілдің бар екенін адамдар біздің ғасырымызға дейін де білген. Сол кездің өзінде олардың қайдан пайда болғаны туралы алғашқы қадамдар жасалған. Мысалы, гректердің көне аңыздарында қара нәсілді адамдарды Фаэтон (Гелиос құдайының баласы) байқаусызда өзінің күн тәрізді арбасымен жерге ақ нәсілді адамдарды жағып жіберу үшін жақын келген кезде пайда болды деп түсіндіреді. Грек философтары нәсілдердің пайда болу себептерін көбіне ауа райымен байланыстырды.
1. Нәсілдер жайлы жалпы сипаттама
Нәсіл (фр. race , итал. razza -- туыс, тайпа) -- тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері -- терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Нәсілдерді зерттейтін ғылымды антропология деп атайды.
Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді.
Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады:
экваторлық, (негроидтер, австралоидтер, негравстралоидтер),
Еуропалық,
моңғолоид.
Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр.
Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады.
Антрополог ғалымдар бұл негізгі нәсілдерден басқа әрбір нәсілдің ішінде жеке нәсіл топтарын ажыратады. Жеке нәсіл топтарын екінші және үшінші реттік нәсіл топтары деп атайды. Бұл топтардыңда өзіне тән сыртқы белгілері болады. Нәсіл (фр. race, итал. razza -- туыс, тайпа) -- тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сырты (дене) пішіндері -- терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді. Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады: 1. экваторлық (негроидтер, австралоидтер, негравстралоидтер), 2. еуропалық 3. моңғолоид Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр. Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады. Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр. Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады. Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді. Моңғолоидтік нәсілдерге тән белгілер Монголоидтік нәсілдердің де ездеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдығы орташа болып келеді.
Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді. Негроидтік нәсілдерге тән белгілер Негроидтік нәсілдердің шаштары бұйра әрі қара түсті, терісінің түсі де қара, сақал-мұрты баяу өседі. Мұрны жалпак, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен, Африкада өмір сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да таралған. Раса (араб. рас -- бас, бастау, шығу тегі) -- бір антропологиялық түрге жататын, шығу тегі белгілі бір географиялық ареалда таралған адамдар тобы. Р. термині 17 ғ-дан бастап Еуропа халықтарында тарай бастады. Оны испандықтар мен португалдықтар (Rasse), француздар (la rasa), итальяндықтар (Razza), немістер (Rassа), ағылшындар (the race) және славян халықтары (paca) биол. мағынада кеңінен пайдаланады. ЮНЕСКО шешімі бойынша (1966 ж.) Р. мәселесінің биол. аспектісі туралы арнайы декларация қабылданған. Онда Р. туралы мынадай негізгі ғыл. қағидалар айтылған: Бүгінгі әлемдегі барлық адам баласы жалпы биол. бір түрге, яғни Homo sapіens-ке жатады және ол бір түбірден тарайды; адамдардың биол. айырмашылықтары табиғи орта мен адамның генетик. құрылымының бір-біріне тигізген әсерінен пайда болған өзгешеліктер болып саналады; адамзат топтасуында (папуляциясында) көптеген генетик. айырмашылықтар бар. Оны бірыңғай папуляц. тұрғыдан алып қарағанның өзінде адамзат тобында таза Р. жоқ; адамзаттың нәсіл заңдылықтарына орай оның физ. ерекшеліктері шартты түрде үлкен Р-ларға, одан кейін кіші Р-ларға ажыратылады. Жалпы адамзат кем дегенде үш үлкен Р-ға жүйеленеді; ешқандай халық, ұлт, тіл, дін, мәдени топ өзінше жеке Р. құрай алмайды. Р. деген ұғым тек биол. мағынада пайдаланылады. Р-ның мән-мағынасын тұжырымдаған декларацияда бүкіл әлемдегі адамзаттың барлығының биол. мүмкіншіліктері бірдей екендігі айтылады.

2. Нәсілдердің шығу тарихы
Нәсілдердің шығу тегі туралы ғалымдар арасында қарама-қарсы тұжырымдар бар. Кейбір ғалымдар жер бетіндегі нәсілдер бір ғана жерде пайда болып, кейіннен басқа аймақтарға таралған деген пікірді қостайды. Оны моноцентризмдік тұжырым деп атайды. Ол гректің Monos -- бір және латынның centrum -- орталық деген сөздерінен алынып, бір орталықтан шыққан деген ұңымды білдіреді. Нәсілдердің пайда болуы туралы келесі тұжырым - полицентризм (грекше полис - көп) деп аталады. Ол тұжырым бойынша нәсілдер әрбір аймақта өз алдына жекелей пайда болады деп түсіндіреді. Көпшілік ғадымдар қазіргі кезде моноцентризм тұжырымын қолдайды. Қазақстандық ғалым Әділ Ахметов өзінің көп жылдық ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде, қазақ халқы мен Солтүстік Америкадағы үндістер арасындағы туыстық белгілердің бар екендігі атап көрсетті. Нәсілдердің шығу тегін, туыстық жақындықтарын, тарихи қалыптасуын және олардың сыртқы орта жағдайарының әсеріне бейімделуін нәсілтану ғылымы зерттейді.
Кейбір кертартпа ғалымдар әр түрлі пиғылдар нәсілшілдік пікірлерді уағыздайды. Олар кейбір нәсілдерді басқа нәсілдерден жоғары, қойып, ақыл-ойы жоғары дамыған, қабілеті, дарынды деп дәріптейді. Енді бір нәсілдерді қабілетсіз, дарынсыз, төмен дәрежелі деп кемістеді. Мұндай пікірлер нәсілдер арасында алауыздық тудырып, нәсілдерді бір-біріне қарсы қояды. Кейбір нәсілшіл ғалымдар кей нәсілдерді биологиялық тұрғыдан сапасыз деп те кемсітеді, осындай дәлелсіз пікірлер арқылы нәсілдердің шыққан тегінің бір екендігін қасақана бұрмалап түсіндіреді.
Соңғы кездегі нәсілдердің қан құрамын зерттеген ғалымдар барлық нәсілдердің қан құрамының бірдей екенін дәлелдеп берді. Кейбір нәсілшіл ғалымдар табиғатта болатын табиғи сұрыпталу, тіршілік үшін күрес зандылықтары адамзат қоғамында да болады деп уағыздайды. Ондай ғалымдар Ч. Дарвиннің табиғатта болатын заңдылықтар туралы пікірін қоғамға да қатысы бар деп арнайы ұрмалап түсіндіруге тырысады. Мұндай теріс пиғылдағы теория ғылымда әлеуметтік дарвинизм теориясы деп аталады. Әлеуметтік дарвинистер адамның бойында ата тегінен алған туа пайда болған қатігездік, жауыздық, мейірімсіздік басым белгілер болады деп түсіндіреді. Мұндай теорияны уағыздаушылар қоғамда күштілер мен мықтылар өмір сүруге тиіс, ал әлсіздер жойылып отырады деген пікірді ұсынады. Әлеуметтік дарвинизм теориясы әрбір қоғамдағы мықтылар мен іскерлер табиғи сұрыпталу арқылы пайда болған деп уағыздайды. Қоғамда сондай өмірге бейім адамдарға бар мүмкіндік жасалуы тиіс деген пікірді қолдайды. Нәсілшіл ғалымсымақтардың пікірінше, қоғамда болатын теңсіздік-табиғи сұрыпталудың жемісі, адамдардың биологиялық теңсіздігінің нәтижесі деп жекелеген адамдарды қорғауға тырысады. Әлеуметтік дарвинизм теориясының ешқандай шындыққа жанаспайтынын кезінде Ф.Энгелс, көрнекті орыс ғалымы К.А.Тимирязев әшкереледі. Соңғы кездегі биология ғалымдарының жетістіктері де әлеуметтік дарвинизм теориясының ешқандай шындыққа жанаспайтынын дәлелдеп отыр. Нәсілдердің шығу тегінің (расогенез) үрдісін дұрыс түсіну үшін, нәсілдердің мәнісін және олардың жіктеуін дұрыс анықтап алу керек. Көп уақыт бойы нәсілдердің анықтамасында типологиялық көзқарас басым болды, осыларға сәйкес нәсілдердің анықтамасын стереотипті (таптаурын) негізде түсіндіру, яғни нәсілдің барлық белгілері қайталанып отырады деп келді. Сондықтан жеке даралық сипаттарын басшылыққа ала отырып нәсілдердің арасында болатын жеке айырмашылықтан нақты дара өзгешіліктер болады деп есептейді. Популяциялық генетиканың дамуына байланысты нәсілдердің табиғатын түсінуде типологиялық көзқарастың дәлелдерінің толық еместігін көрсетті.
Нәсілдерді жүйелеуде тек популяциялық көзқарас ғылыми негіз болып есептеленеді. Нәсілдерді жүйелеудің дұрысы болуы олардың бір-бірінен ажырататын белгілер санының көп болуымен ерекшеленеді немесе нәсілдердің арасында көп белгілерді пайдалану, солғұрлым нәсілдерді жүйелеуде нәтижелі болады. Нәсілдер популяциялардан құралатындықтан, кез келген нәсілге сипаттама беру үшін, жеке адамдарды емес жалпы көп адамдар тобынына қатысы бар нақты деректерге сүйену қажет. Өйткені, әрбір нәсілдің арасында әртүрлі тұқымкуалайтын белгілер көп болғандықтан, осылардың қайсысын алуын пайдалану қиынға соғады сондықтан жеке адамдардың белгілерін бүкіл нәсілге пайдалану мүмкін емес. Сонымен бірге, осындай бір жеке адамдардың белгілерінің жиынтығын бір нәсілге де пайдалануға болмайды. Сондықтан нәсілді жеке бір адамдар деп бір топқа жататын адамдар деп қарау қажет. Мысалы, швед пен орыстың бас сүйектерін салыстырғанда, олардың арасында әр ұлттың өзіне тән айырмашылықтары бар екендігі анықталды, бірақ ол белгілер орташа есеп ретінде беріледі, ал жеке даралардың белгілері бір-бірін қайталайды. Соныменен нәсілдердің айырмашылығын қатып қалған стереотиппен (типологиялық) анықтау дұрыс емес, өйткені нәсілдер топтарының арасында бір-бірінен айырмашылық жасайтын қатып қалған белгілер болмайды.
Нәсілдердің пайда болуы және нәсілдердің алғашқы ошақтары жайлы бірнеше ғылыми болжамдар бар. Полицентризм немесе полифилии (Ф. Вайденрайх, 1947) ғылыми болжамдары бойынша, нәсілдердің пайда болуын төрт орталығы бар. Олар -- Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Азиядағы Үлкен Зонд аралдары, Африкадағы Сахараның оңтүстігі және Еуропа мен Алдыңғы Азия. Еуропа мен Алдыңғы Азияда еуропалықтар мен алдыңғы азиялық неандернальдықтардан еуропеоидтық нәсілдер пайда болған орталық қалыптасты.
Африкада африкалық неандертальдықтардан негроидтық нәсіл пайда болса, Шығыс Азиядағы синантроптардан моңғолоидтық, ал Оңтүстік-Шығыс Азиядағы және Үлкен Зонд аралдарындағы питекантроптар мен ява неандертальдықтардан аустралоидтық нәсілдер пайда болды. Сонымен еуропоидтық, негроидтық, моңғолоидтық және аустралоидтық шығу орталықтары болды. Нәсілдердің шығу тегіндегі ең басты рөлді мутация мен табиғи сұрыпталу атқарған деген көзқарас бар. Бірақ, бұл көзқарасқа қарсы шығушылар болды, өйткені қанша рет бірқалыпты эволюциялық даму бірнеше рет қайталанса да (әрбір эволюциялық өзгерістен жаңа өзгеріс болып саналады), әрбір нәсілдің пайда болу орталығы болғандығы ғылыми тұрғыда дәлелденген емес.
Ф. Г. Дебец (1950), А. Том (1960) дицентризм ғылыми болжамына сәйкес нәсілдердің пайда болғаны туралы екі түрлі болжамды ұсынды. Біріншісі бойынша, еуропеоидтық пен африкалық негроидтық нәсілдердің пайда болған орталығы -- Алдыңғы Азия, ал моңғолоидтық және аустролоидтық нәсілдердің пайда болған орталығы Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия деп есептелінеді. Еуропеоидтық нәсіл Еуропа материгінде және соған іргелес Алдыңғы Азияның аумағында таралды. Керісінше, негроидтық нәсіл тропикалық белдеу бойында таралды. Моңғолоидтық нәсіл алғашында Оңтүстік-Шығыс Азия аумағында, одан кейін Америка құрлығына қоныс аударды. Басқа пікірлер бойынша, еуропеоидтық, африкалық негроидтық және аустролоидтық нәсілдер бастапқы бір тармақ болса, ал азиялық моңғолоидтық және американдық нәсілдер бір тармақтан пайда болған деп есептелінеді. Дицентризм көзқарасын қолдаушылар өздерінің ғылыми болжамының дәлелі үшін моңғолоидтар мен аустралоидтардың тістерінің ұқсастығына сүйенеді. Бірақ бұл ғылыми болжамның да полицентризмнің ғылыми болжамдары сияқты қарсыластары бар.
Моноцентризм немесе монофилии (Я. Я. Рогин, 1949) ғылыми болжамдарына сәйкес, нәсілдердің пайда болуы бастапқы бір ата-тектен, бір орталықтан пайда болған деп түсіндіреді. Өйткені барлық нәсілдердің психологиялық жеке жетілуі мен ой өрістерінің дамуы бірдей болған. Нәсілдер пайда болған аумақ өте ауқымды мыңдаған шақырымды қамтыған. Бұлардың болжамы бойынша, нәсілдердің пайда болған жерлері Шығыс Жерорта теңізінің маңы, Алдыңғы Азия және Оңтүстік Азия болуы мүмкін. Осындай ғылыми болжамдарға сәйкес, бастапқы палеантроптардың бір тармағынан бірнеше сатылық даму барысында моңғолоидтық нәсілі пайда болған. Бастапқы палеантроптар Шығыс Азияға қоныс аударған кезде ондағы архантроптарды жойып жіберді немесе олармен араласып кеткен және олардың қалақ пішінді күрек тістерінің тұқымқуалаушылық қасиетін өздеріне сіңіріп алды. Содан кейін, Азияға қазіргі адам типтес қасиетпен қайта оралды. Қанның араласу нәтижесінде алғашқы моңғолоидтар пайда болды. Олардың біраз бөлігі бұдан 25-30 мың жыл бұрын Шығыс Азиядан Беринг арқылы Америкаға қоныс аударып, америкалық үндістердің негізін қалады. Олар өздерінің бет-әлпет пішінін сақтап, жаңадан басқа қасиеттерге ие болды. Азия құрлығында қалып қалған біраз алғашқы моңғолоидтардан біршама уақыт өткенен кейін нағыз моңғолоидтар пайда болды. Бастапқы палеоантроптардың бір тармағынан еуропеоидтық және аустралоиднегроидтық топтарының негізі қаланды. Еуропеоидтар мен негроидтардың арғы тектері Шығыс Жерорта теңізі және Оңтүстік Еуропаның Испаниядан Воронеж қаласына дейінгі аумақтарды қоныстанды. Кейінірек оқшаланудың, көшіп-қонудың және таралуының нәтижесінде шағын бірнеше нәсілдік топтарға бөлініп кетті.
В. П. Алексеев (1985) нәсілдердің пайда болуының төрт сатысын бөледі. Нәсілдердің пайда болуының бірінші сатысында бастапқы нәсілдердің пайда болу орталықтарында (осы үрдістер жүріп жатқан аумақ) және нәсілдердің батыс (еуропеоидтық, негроидтық және аустралоидтық) және шығыс (азиялық моңғолоидтық және американдық) негізгі тармақтары пайда болды. Бұл кезең шамамен, бұдан 200 мың жыл бұрынғы уақытқа сәйкес келеді. Ол қазіргі адам типтерінің қалыптасу кезеңімен де сәйкес келеді. Сонымен, Ескі Дүниенің батыс және шығыс аудандарында нәсілдердің қалыптасуы қазіргі типті адамдардың қалыптасу уақытымен қатар жүрді, сонымен бірге, адамдардың біраз бөлігі Жаңа Дүниеге қоныс аударуына мәжбүр болды. Екінші кезеңі кезінде нәсілдердің пайда болуының екінші деңгейдегі орталықтары қалыптасты және бастапқы нәсіл тармақтарынан жаңа эволюциялық бірнеше ұсақ тармақшалар пайда болды. Бұл кезең шамамен, бұдан 15-20 мың жыл бұрынғы уақытқа сәйкес келеді. Үшінші кезең де нәсілдердің пайда болған ошақтарының үшінші деңгейі қалыптасты, осы кезең де жергілікті нәсілдер орнықты. Бұл кезең бұдан 10-12 мың жыл бұрынғы уақытқа сәйкес келеді. Төртінші кезеңде нәсілдердің пайда болу ошақтарының төртінші деңгейі қалыптасты. Бұл кезеңде нәсілдердің едеуір жетілген қазіргі адамдарға ұқсас популяциялары орнықты. Бұл кезең қола және алғашқы темір дәуіріне (біздің заманымызға дейінгі IV-Ш мыңжылдықтар) сәйкес келеді.
Нәсілдердің пайда болуының факторларына табиғи сұрыпталу, гендердің араласуы (дрейфі), оқшаулану және популяциялардың араласуы жатады, әсіресе, табиғи сұрыпталу нәсілдердің пайда болуының бастапқы кезеңінде басты маңызды рөл атқарды. Табиғи сұрыпталу әртүрлі бағыттар бойынша көрініс беріп отырады, ал оның дұрыс жүруі белгілердің қаншалықты қажеттілігіне байланысты болады. Мысалы, терінің түсіне меланині бар тері жасушалары жауап береді, олар генетикалық синтез кезінде анықталады. Пигменттің болуы тирозиназаны бақылайтын геннің болуымен анықталады, ол тирозиннің меланинге өзгергенін қадағалайды. Тек, терінің түсін анықтауға осы ген ғана әсер етеді деп айтуға болмайды. Терінің түсін анықтайтын тағы бір ген бар, ол басқа фермент арқылы анықталады, ол терісінің түсі ақ адамдардың жасушаларында болады да, меланиннің санына әсер етеді. Осы ферменттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік нәсілдер құрамы
Заттай мәдениеті
Әлем халықтарының этнологиясы
Ертеде осы жерлерде
Сақ тайпаларының антропологиялық типі
Мектеп бағдарламасында халық географиясын оқыту ерекшеліктері
Антропология ғылымының қалыптасу тарихы
ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫ ЖАЙЛЫ
Қазақстан тарихы туралы
Қазақстан халықтарының этнографиясы пәні бойынша практикалық (семинар) сабақ тарының оқу-әдістемелік нұсқауы
Пәндер