Эволюциялық идеяның туылуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Эволюциялык идеялардың даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
II Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы алғы шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1 Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 13
2.2 Дарвин мен Уолестің теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Ч.Дарвин анықтаған өзгергіштік түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

КІРІСПЕ

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы - адам баласын сандаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді.
Табиғат жайындағы жаратылыстану ілімі осыдан 300 жыл бұрын діни
көзқарастардың тұтқынында болды. Метафизикалық дәуір деп аталған сол
кезеңдердегі жаратылыс зерттеушілерінің ақыл-ойын өзінше бір дүние тану
қөзқарасы шарпыды. Олар Жер және онда тіршілік еткен тірі табиғат құдайдың құдыретімен жаралған, содан бері олар өзгермей келеді деген ұғымда болды.
XVII ғасырдың ортасында кейбір озат ғалымдар, жануарлар мен өсімдіктер сыртқы ортаның жаңа жағдайларына келгенде өзгеріске ұшырайды деген көзқарас танытты. Бірақ, көптеген діни көзқарастарды жақтаушылардың басым болуы, бұл жаңа бағыттың жеңуіне үлкен қиыншылық келтірді. Органикалық дүниенің өзгеретіні жайындағы жаңа идеяның қалыптасуына ғылыми дәлелдемелердің аздығы да бөгеу болды.
Тірі табиғат эволюциясының ғылыми концепциясын жүз сексен жыл бұрын ағылшын биологы Чарльз Дарвин құрды. 1859 ж. Дарвиннің Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталуы деген негізгі кітабы жарыққа шығуымен ең алғаш эволюциялық идея тиянақты ғылыми негізге ие болды. Бұл теория атақты ғалымның атымен дарвинизм деп аталды. Қазіргі уақытта дарвинизм деген сөз, эволюциялық теория, ілім деген атаумен ауыстырылды.
Эволюция (лат. evolutio-даму) деген терминді XVIII ғасырдың ортасында биология саласына швед ғалымы Шарль Боннэ енгізді. Алғашқы кезде бұл термин тек қана эмбриональды дамумен ғана байланысты болды. Қазіргі кезде эволюция термині тек биологияда ғана емес, ғылымның басқа салаларында да кеңінен қолданылады.
Эволюцияның жеке дамудан (онтогенезден) айырмашылығы, ол алдын ала жоспарланып қойылмаған. Даму процесі дегеніміз - бір жағдайдан екінші
жағдайға өту, тек қана жаңа қасиеттеріне ғана байланысты емес, сонымен
қатар ежелгі тірі ағзаларды ерекшеліктерінің сақталуымен сипатталады.
Тірі ағзалардың және түрлердің эволюциялық қайта құрылымдары күрделенуге бағытталған, бұл әрекет ата - тектен жаңа ағзаға тұқым қуалауға негізделе отырып жүреді. Эволюцияны, материяның ерекше даму формасы деп қарастырғанда оның үш қасиетін атауға болады:
1.Биологиялық эволюция - қайтымсыз әрекет;
2.Эволюция дегеніміз - биологиялық пайдалы белгілердің пайда болуы;
3.Эволюция ұрпақтар жалғастығына негізделген, яғни жаңа пайдалы белгілердің бұрынғы ағзаға үйлесімді енуі.

Органикалық эволюция дегеніміз - үздіксіз және қайтымсыз ұзақ уақыт дамитын тарихи әрекет, яғни тірі ағзалардың сыртқы орта жағдайларына бейімделу жолымен біртіндеп макромолекулалықтан жоғарғы сатыға көтерілуі мен биосфераға дейінгі күрделенуі. Жер бетіндегі тіршіліктің эволюциясы негізінен үш кезеңнен тұрады:
1. Тіршіліктің пайда болу;
2. Тірі ағзалардың нақты топтарының және биосфераның бүтіндей дамуы;
3. Адамның ерекше биоәлеуметтік жүйе ретінде пайда болуы. Эволюция ілімінің ғылыми зерттеу жүйесіндегі орны.
Эволюциялық ілім - жеке биологиялық пән. Эволюциялық ілім басқа жаратылыстану салаларымен, әлеуметтік ғылымдармен, диалектикалық
материализм филасофиясымен тығыз байланысты. Органикалық эволюция
биологияның - палентология, морфология, эмбриология, биохимия, генетика,
экология және басқа барлық салаларына сүйенеді. Түрлердің қайсы бірі
болмасын ,бүкіл биоценоз болсын эволюцияланушы жүйе болып табылады. Олардыңөзіндік құрылымдары бар. Тірі ағзалар молекулалардан, жасушалардан, ұлпалардан, жекеленген мүшелерден, мүшелер жүйесінен тұрады. Тіршілік деңгейлерінің әрқайсысын әр түрлі ғылымдар саласы зерттейді.
Тіршіліктің әр түрлі формаларын зерттеп, эволюцияның себептерін және қорытындысында не болатынын қарастырғанда, эволюциялық теория әр түрлі ғылымдардың да себеп- салдарын қарастырады (молекулалық генетика, биохимия, цитология, гистология, анатомия, физиология).Миллиондаған жылдар бойы жүрген эволюция да өз жағынан қазіргі бірқатар бионикалық - техникалық проблемаларды шешуге де үлесін қосты.

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Эволюциялык идеялардың даму тарихы
Дарвиндік дәуірге дейінгі эволюциялық идеялардың дамуы. Ерте заманғы, орта ғасырдағы тірі табиғаттың дамуы жайлы ұғымдар. Қайта өркендеу дәуіріндегі биологияның дамуы.Ж. Кювье мен Э. Жоффураның идеяларындағы қайшылықтар. ХҮІІІ ғ.органикалық дүние эволюциясындағы көзқарастар. К.Линейдің тірі табиғаттың дамуы жөніндегі еңбегі.
Ежелгi заман философиясындағы эволюционизм элементтерi. Органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы ғылым бiрден пайда болған жоқ. Тiрi табиғаттың дамуы, басқаша айтқанда эволюциясы туралы түсiнiктер, екi кезеңге:
1. Дарвинге дейiнгi;
2. Дарвиннен кейiнгi болып бөлiнедi.
Дарвинге дейiнгi тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашқы идеялар Месопотамияның, Қытайдың, Үндістанның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады.Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат қозғалыста, өзгерісте болады және де біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады, нәтижесінде қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген.
Алғашқы философиялық мектептер кiшi Азия жағалауларындағы iрi қалалар Эфисте және Милетте ашылды. Гераклит - Эфис ойшылы (б.э.д. 530-470 ж.) оның түсінігіше табиғатта барлық нәрсе ықпалды, барлығы өзгередi. Галактиканың алғашқы элементтерi: от, су, ауа, топырақ үздіксіз қозғалыста болады және олар өзара әрекеттесіп, материя дамуының бастамасы болғанын, оның аяғы жоқ шексіз әрекет екенiн айтады.
Ион материалистiк философиялық мектептiң iрi өкілдері Фалес, Анаксимендр, Анаксимен - әлемнiң шығу тегiн табиғаттың өзiмен байланыстырды. Фалес, барлығы табиғи дамудың нәтижесiнде судан пайда болды деп есептедi. Анаксимандр, тiршiлiк судан және топырақтан жылудың әсерiнен пайда болады дедi. Анаксимен, негiзгi элемент ауа, ол сиректенедi және тығыздалады, ол заттардың әр түрлiлiгiн сол әрекеттердiң әсерiнен пайда болатынын түсiндiредi. Ол адам мен жануарлар жер кiлегейiнен пайда болды деп санады.
Механикалық материализмнiң өкiлдерi саналатын философтар Демокрит және Эмпедокл болды (б.э.д. 460- 370 ж.). Демокрит бойынша әлемнiң барлығы көптеген бөлiнбейтiн атомдардан тұрады. Грецияның философы Эмпедокл (490- 430) алғаш рет тiршiлiктiң пайда болу механизмiн түсiндiрмекші болды. Атомдардың жеңілдері бетіне көтеріліп одан ауа, ауырлары астына түсіп одан топырақ пен су пайда болған, ал олардың камбинацияларынан бiр тұтас ағзалар құралады деп жорамалдады.
Биологияның ғылым ретiнде пайда болуы Грецияның ұлы ойшылы Аристотельмен байланысты. Ол өзiнiң еңбектерiнде жануарларды салыстыра зерттеп, салыстырмалы анатомияның, морфологияның, ежелгi эмбриологияның негiзiн салды. Жануарлар тарихы атты еңбегiнде Аристотель ағзалардың жiктелуiн салыстырмалы морфологиялық және физиологиялық зерттеулердiң негiзiнде құрды. Жануарларды ол екi үлкен топқа қаны бар жануар және қансыз жануарлар деп бөлдi, ары қарай бұл топтар одан майда таксондарға бөлiнедi. Ең бiрiншi рет туыс және түр деген түсiнiктердi енгiздi. Аристотель өзi құрған жiктеу әдiсiн қолданып жануарлардың 500 түрiн сипаттап берген.
Жануарлардың бөлiктерi атты еңбегiнде мүшелердiң өзара байланыстылығы(корреляциясы ) туралы ой келтiредi. Мұнда бiр мүшенiң өзгеруi басқа дамүшенiң қызметiнiң өзгеруiне әкеледi дейді. Осы еңбегiнде Аристотель табиғаттың жалпы заңы ретiнде материялы объектiлердiң сатылы дамуын көрсетті: төменгi сатыға - минералдар, өсiмдiктер, зоофиттер ( өсiмдiк жануарлар) және төменгi сатыдағы жануарлар, жоғарғы сатыға - жануарлар мен адамды орналастырды. Бiрақ Аристотель осы сатының баспалдақтары арасында байланыс жоқ деп есептедi. Жануарлардың шығу тегi деген еңбегiнде Аристотель салыстырмалы анатомиялық әдiстi жетiлдiрдi және эмбриологиялық зерттеулердi қолданды. Әр түрлi жануарлардың эмбриондарын зерттеу барысында, Аристотель олардың ата тегi бiр болуы мүмкiн деген ойға келдi.
Ион мектебiнен басталатын материалистiк философия саласы ежелгi уақытта Рим философы және ақыны Лукрецкий Кардың мәлiмдемесiмен аяқталды. Атақты ақын Табиғат заттары туралы поэмасында Лукреций Кар алғаш рет табиғатта жүріп отыратын табиғи сұрыптау туралы түсiнiк енгiздi.
Сонымен, ежелгi заман философтарының көзқарастарында эволюцианизмнiң маңызды элементтерi болды:
1. Тiршiлiк табиғат жолымен пайда болды және олар қарама-қайшылықтың күресi нәтижесiнде өзгередi, сәттi түрлерi тiршiлi кетедi.
2. Тiрi табиғаттың сатылап, бiрте-бiрте күрделенуi туралы идеялары.
3. Ағзалардың бiртұтастығы (корреляция принципi) және
эмбриогенез, жаңа құрылымдық әрекеттер туралы түсiнiктер пайда болды.
Метафизикалық кезең. Креацинизм көзқарастарының таралуы.
Заманындағы осындай материалистік бағыттағы ой - пікірге қарсы
метафизикалық көзқарастар қалыптаса бастады. ҮІ - ХІҮ ғасырлар аралығында Еуропа елдерінде жаратылыстану ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау заманы туды. Батыс Еуропада дамып келе жатқан феодалдық қоғам жағдайында шіркеу, ең алдымен католик шіркеуі ірі экономикалық және саясаттық күшке айналды. Шіркеу діни идеологияны насихаттап, қанауды жақтап феодалға бас июге шақырды. Табиғатты танудың орнына аруаққа табыну, кереметке сену уағыздалды, ғылымның орнына схоластика және діни кітаптарды мадақтады. Ғылыммен айналыспақ түгілі табиғат жайлы кітап оқығандарды да жазаға тартып, тірідей отқа өртеп, қорқытты. Шіркеу догматының шектен тыс уағыздалуы, озық ойлы ғалымдардың да қателесуімен жалғасып жатты.
Қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар.
Сауданың дамуы, теңізде жүзудің кең етек алуына байланысты жаңа елдердің ашылуы ХҮІ ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдары - астрономия,геология, ботаника, зоологияның дамуына себеп болды. ХҮІ - ХҮІІ ғасырлар аралығы биологияның даму саласында сипаттау кезеңі болып есептеледі. Ағылшын философы Ф.Бэкон индукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады. Бұл үндеу табиғат зерттеушілерінің арасында кең қолдау тауып, нәтижесінде түрлі ғылыми салаларда көптеген жаңалықтар ашыла бастады. Мысалы, 1543 жылы А.Везалий адам денесінің құрылысын зерттеп, оған сипаттама берсе, М.Мальпиги 1661жылы қылтамырлардағы қанның қозғалысын анықтады. 1628 жылы У.Гарвей қан айналымы жөніндегі ілімін жариялады. Р.Гук 1665 жылы өзінің ұлғайтқыш құралын жасап, өсімдік жасушасының құрылысын ашты. А.Левенгук 1683 жылы ұсақ ағзалар дүниесін, эритроциттер мен сперматозоидтың құрылысын жан - жақты зерттеді. Тірі табиғаттың тұтастығы және дамуы жайлы көзқарастардың қалыптасуы. Географиялық саяхатттардың дамуына байланысты, өсiмдiктер мен жануарлар әлемi туралы мәлiметтер көптеп жиналды. Барлық белгiлi өсiмдiктер мен жануарларды бiр жүйеге келтiру үшiн белгілі бiр жүйелер бiрлiгi керек болды. Мұндай бiрлiк түр деп аталады. Оның алғашқы анықтамасын ағылшын ботанигi Дж. Рей (1628-1705) бердi. Ол Өсімдіктер тарихы атты еңбегінде 18600 өсімдік түрлерін сипаттап жазды.
Өсiмдiктер систематикасында көптеген жаналықтар енгiзген көрнектi ғалым К. Линней (1707-1778) болды. Ол барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа бөлді. Оның 23 класы гүлді өсімдіктер және 1 класы құпия некелілер, бұған папортниктер, мүктер, балдырлар және саңырауқұлақтар жатқызылды. Ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа топтастырды. К. Линней біріншіден, сол уақытта белгiлi өсiмдiктердiң ситематикасын құрастырды. Екіншіден, бұрынырақ К.Баунинг құрастырған бинар номенклатурасын (қос ат беру, түр және туыс) тәжірибеге енгiзіп, оны жүйелеуге негіз етіп алды. Үшіншіден, К. Линнейдiң iрi жетiстiктерiнiң бiрi таксондар иерархиясын анықтау болды. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отряд класқа біріктірілді. Бiрақ К. Линней эволюциялық көзқарасты жақтамады. Оның ойы бойынша басында қанша түр болса, нетижесiнде сонша қалады, түрлер өзгермейді олардың саны құдірет жаратқаннан аспайды деген сенімде болды. Оның концепциясы креациоизмге тән сипатта жазылды.
Сонымен, түрдiң тiрi табиғаттың негiзгi құрылымдық бiрлiгi болуы мен ситематика биология саласында дарвинизмге дейiнгi кезеңде басты орынға ие болды.
Преформизм және эпигенез.
А. Левенгук жыныс жасушаларды, ал У. Гарвей жұмыртқа жасушасын табуы және ағзалардың жеке дамуы белгілі бір жоспарлы түрде жүретіндігін көрсеттi. Онтогенездiң iштен жоспарлануы преформизм концепциясының негiзi болды. Көптеген белгiлi ғалымдар жыныс жасушаларында миниатюра түрiнде дайын ағза қалыптасқан деп санады. Мысалы, немiс биологы Р. Ганнердiң ойынша тауық жұмыртқасында дайын шөже бар. Преформистердiң көзқарастарының негiзi онтогенез әрекетінiң барысында жаңа туындылар пайда болмайды дедi.
Преформизм концепциясына қарама-қарсы жаңа көзқарасты ағылшын эмбриологы У. Гарвей эпигенездi енгiздi. Гарвей бойынша эпигенез дегенiмiз - материяның даму тәсiлi және ол бiрден пайда болады әрі дамиды. Сонымен, эпигенз концепциясы бойынша, алғашқы бiркелкі материалдан даму нәтижесінде дененің жаңа бөлiктері пайда болады және жүйелi түрде бiртұтас ағза қалыптасады. Орыс ғалымы К. Вольфтың классикалық еңбегiнде эпигенез концепциясын тауық эмбрионының дамуы арқылы түсіндірілді. Вольф жұмыртқада ешқандай дайын тірі ағза жоқ екенiн, iштегі эмбриональды даму барысында бiртiндеп жаңа бөлiктер және мүшелер дамитынын көрсеттi. Бұл метафизикалық көзқарасқа қарсы жақсы соққы болды. Бiрақ, өзi түрдiң тарихи өзгередi деген идеядан аулақ болды.
Ұрықтың iштей салыну гипотезасы. Өсiмдiк бетiнiң көбеюiн зерттеп, Ш Боннэ партеногенез құбылысын ашты, бiрақ бұл әрекеттi материя әдiсiмен ғана түсiндiре алды. Оның гипотезасы бойынша тірі ағзалардың аналықтарында ұрпақтары бірінің ішіне бірі матрешка сияқты салынып қойған. Боннэ даму процесi алдын ала анықталған деген ұғымды ұстанды.
Эволюциялық идеяның туылуы. (трансформизм).
Биология саласында XVII - XVIII ғ. дейін жеткен әр түрлi жетiстiктерi
түрлердiң өзгеруi (трансформизм) туралы түсiнiктiң пайда болуына алғы
шарттар тудырды. Трансформизм идеясын алғаш енгізген француз ғалымы Ж.Бюффон болды. Тірі ағзалардың сыртқы орта жағдайына қарай өзгеретіні
жөніндегі эволюциялық мазмұндағы идеяны трансформизм деп атайды. Климат әсерi, қоректiң асқазан құрылысына әсерi ( күйiс қайтаратын жануарлардың күрделi асқазаны ), адам әрекетімен жабайы түрдi, үй жануарларына айналдыру т.б. пiкiрлер арқылы түрлердiң эволюциясы әр түрлi бағытта жүредi (прогрессивтi өзгерiстер және дегенерация). Бюффон эволюциялық түсiнiкке жаңа бағыт бердi. Философтардан Голбах, Дидро, Мапертюларды атауға болады.

1.2 Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы
Чарлз Дарвин 1809 жылы ақпанның 12-сінде дәрігер отбасында Шрюсбериде туды. Мектепте оқыған кезінде (1816 -- 1826) ол көрнекті қабілеттілігімен ерекшеленген жоқ, алайда өсімдіктер мен жануардың, сондай-ақ әр алуан минералдардың жинақтамаларын жинауды қатты ұнатты. Дарвин мектепті бітірген соң 1826 жылы Эдинбург университетінің медицина факультетіне түсті. Екі жылдан соң әкесінің талап етуімен Кембридж университетінің дін ілімі факультетіне ауыстырылды. Онда үш жылын өткізіп, 1831 жылы бакалавр дәрежесін алды. Балғын Чарлз барынша ынталанған католик болды жөне өмір бойы ауыл дін қызметшісі дәрежесінде қалуды армандады.
Дарвиннің өз айтуы бойынша мектепте және университетте болған кезде ол ешнәрсеге үйренбепті. Дарвин оқыған мектепте тек кана көне тіл, көне география және көне тарих оқытылған. Мұның өзінде антикалық автордың еңбектері оқытылған жоқ. Дарвиннің әкесі өз ұлының дәрігер болуын калады. Чарлздың өзіне сол кезде ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек болмағандықтан, дәрігерлікті оқуға көңілі қаламады. Наркозсыз операцияға екі рет қатысып, оның біреуінде балаға операция жасады. Дарвин бұдан соң өз өмірінде операция жасайтын белімге бас сұқпады. Ол екі университетте өзін қызықтыратын пәндер ретінде геология жөне зоологияға ынтық болды. Дарвин антомология және ботаникаға арналған негізгі еңбектерді оқыды, жинақтама үшін бунақденелілерді көп дана етіп аулап, экспедицияларға катысты. Оны аңшылык баулиды, ол атып алынған құстардың әркайсысын сипаттап жазды. Ч. Дарвин тіпті Эдинбург университетінде-ақ Ж. Б. Ламарктың теориясымен танысты, бірақ ол жас ғалымға ешкандай әсер етпеді.
Дарвин 1831 жылы табиғат зерттеушісі ретінде Бигль кемесімен жер шарын айналған саяхатқа кетті. Байқалған әр алуан өсімдіктер мен жануарлардың, қиырдағы аралдардың ғажайып өсімдіктер бірлестігі мен экожүйесінің молдығы, сондай-ақ экспедиция барысында табылған өліп біткен тірі ағзалардың калдықтары деректі материал болды да, Дарвин соларды талдап, акырында осы заманғы эволюциялық теорияны тұжырымдады. Дарвин бақылағандарының барлығын күнделікке жазып, ағзалар мен минералдардың жинақтамасын жасады, сапарда
болған аумақтардың жаңа географиялық картасын жасауға көмектесті.
Дарвин сапардан оралған соң жер шарын айналғандығы туралы 1839 жылы жарық керген ерекше баяндамамен, ізденіс күнделігімен және Саяхаттар зоологиясы аталған бес томдық монографиямен жұмыс істеді.
Кейінірек үш еңбек: Түрлердің шығу тегі... (1859), Жануарлардың және
мәдени өсімдіктердің өзгеруі (1868) жөне Адамның шығу тегі жөне жыныстық сұрыпталу (1871) бірегей эволюциялық теорияға біріктіріле бастады. Әділдігін айтқанда эволюциялық теория Дарвиннің жалғыз ғана ғылыми еңбегі еместігін атап айтқан жөн. Ол өзінің елу жылға жуық еңбек жолында мыңға жуық ғылыми жарияланымдардың, шағын көлемді мақалалар мен көлемді монографиялардың авторы.
Дарвинизмнің дамуы және эволюциялық биологияның қалыптасуы. Чарлз Дарвиннің эволюциялық теориясының дүниеге келуі мен одан әрі дамуы биология ғылымының барлық салаларындағы келесі табыстарды қамтамасыз ететін заңды құбылыс болып табылады. Дарвиннің эволюциялық теориясы дүниеге келгеннен кейін эволюциялық ұстаным биологияға берік енді. Сол кезден бастап барлық табиғи құбылыстар эволюциялық заңдылықтарды есепке алып зерттелетін болды. Ч. Дарвиннің орасан зор еңбегі оның көбінесе факторлар, тетіктер немесе қозғаушы күш деп аталатын эволюция себептерін ұсынып, дәлелдеуінде. Дарвиннің пікірі бойынша тіршілік үшін күрес, өзгергіштік және табиғи сұрыпталу эволюцияның негізгі факторлары болып табылады. Сондықтан Дарвиннің теориясын табиғи сұрыпталу теориясы деп жиі атайды. 1859 жылғы эволюциялық теория өзгеріссіз калды деп ойламау керек. Ол келесі ұрпақ ғалымдарының еңбектері нәтижесінде өте көп толықтыруларды бастан кешті.
Бірак соған карамастан, оны бұрынғысынша Дарвиннің теориясы немесе
дарвинизм деп атайды.


II Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар
XIX - ғасырдың І-ші жартысында Англиядағы қоғамдық саяси алғышаттар. XIX- ғасырдың І-ші жартысында жаратылыстану ғылымдарының даму дэрежесі. XIX- ғасырдың І-ші жартысында ауыл шаруашылық практикасының даму дәрежесі. Чарлз Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуынына көптеген ғылыми және
қоғамдық экономикалық алғы шарттар себеп болды.
XIX - ғасырдың І-ші жартысында Англиядағы қоғамдық саяси алғы шарттар. Қогамдық - саяси алғы шарттарга XIX ғасырда Англия экономикасының жылдам дамуы жатады. Ғылымның дамуы негізінен саяси-тарихи прогрестің деңгейімен анықталды. Эволюциялық ілімнің отаны Англия. Өйткені XIX ғ. Оратасында капиталистік саяси қатынастар тұрақталды. Англияда капитализмнің жаңғыруы, машина өндірісінің дамуы, Британия империясының колониялы жүйесінің артуы болды. Жеңіл өнеркәсіптің дамуы, ауыл шаруашылығының шикі затына сұраныстың
артуына себепкер болды.Сол кезде Англия өнеркөсіптік және ауыл шаруашылық өндірістердің деңгейі бойынша да, басып алынған және меңгерілген отарлардың саны бойынша да дүние жүзінде көшбасшысы болды. Бұдан басқа, өсіп келе жатқан өнеркәсіптік өндіріс, әсіресе көмір өндіру және шойын мен болат қорыту геологияның дамуына желеу болды.
XIX- ғасырдың І-ші жартысында жаратылыстану ғылымдарының даму дәрежесі. Салыстырмалы морфология және анатомиядагы зерттеулер XVII ғ. алдында пайда болды. Оның негізін салушының бірі неміс ақыны В.Гете. Ол өсімдіктердің өзгеру құбылысының (метаморфоз) мысалында өсімдіктердің әр түрлі мүшелері бір органнан дамиды және ол негізінде сол күйінде қалғанымен, өзгерістердің әсерінен прогрессивті жолмен дамиды деп көретті. Бірқатар жануарлардың дене құрылысының ұқсас болатындығы дәлелденді, ал мұның өзі олардың шығу тегінің бір екенін дәлелдей түсті.
Клетка теориясының қалыптасуы. 1838 ж. Бүкіл тірі жасушалардың құрылысы мен шығу тегінің ортақтығын дәлелдеген Т. Шван мен М. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эволюциялық идеялардың даму кезеңдері
Дарвинизм. Эволюциялық қазіргі идеялар
Биосфералық деңгей
Сабақ оқытудың негізгі формасы және оның маңызы
Адамның шығу тегі
Адам мен омыртқалы жануарлар құрылысының жалпы ұқсастығы
Популяциялардың динамикасының генетикалық факторлары. Мутациялық құбылыстар
Биологияны оқытуда өз организмін таным білуге үйрету
Демэкология немесе популяциялар экологиясы
Егіздер психогенетикасының зерттеу объектісі жайлы
Пәндер