Шамалар мен өлшем бірліктер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында «Сандар және өлшемдер» бөлімін оқыту әдістемесі

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: 1-БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТЫЛАТЫН САНДАР МЕН ӨЛШЕМДЕР
3: 6
КІРІСПЕ . . .: 1. 1. Бастауыш сыныпта қарастырылатын сандар мен өлшемдер . . .
3: 6
КІРІСПЕ . . .: 1. 2. Натурал саны мен 0 саны, бөлшектер, сандармен амалдар орындау . . .
3: 11
КІРІСПЕ . . .: 1. 3. Шамалар мен өлшем бірліктер . . .
3: 14
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: 2-БӨЛІМ. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША «САНДАР ЖӘНЕ ӨЛШЕМДЕР» БӨЛІМІН ОҚЫТУ
3: 19
КІРІСПЕ . . .: 2. 1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Сандар және өлшемдер» бөлімін оқытудың оқу мақсаттары . . .
3: 19
КІРІСПЕ . . .: 2. 2. 1-2 сыныптарда «Сандар және өлшемдер» бөлімін оқыту әдістемесі
3: 28
КІРІСПЕ . . .: 2. 3. Зерттеу жұмысының нәтижелері . . .
3: 32
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 39
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
3: 41
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМШАЛАР . . .
3: 42
КІРІСПЕ . . .: Қосымша 1 . . .
3: 42
КІРІСПЕ . . .: Қосымша 2 . . .
3: 46
КІРІСПЕ . . .: Қосымша 3 . . .
3: 48


КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі.

Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н. Ә. Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.

Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Сондықтан «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» - заман талабына сай, келешек ұрпақтың сұранысын толығымен қанағаттандыратын бағдарлама деп білемін.

Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты - білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру, пәндер бойынша бағдарламаны жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мән мәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері бірнеше бөлімдерден тұратын жаңа құрылымы болып табылады:

1. Пәннің маңыздылығы;

2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;

3. Тілдік мақсаттары жүзеге асыру;

4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;

6. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идесының құндылықтары;

7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;

8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;

10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Бағдарламаның міндеттері:

- мұғалімдердің пән бойынша бағдарламаның жаңартылған мазмұнын білуін қамтамасыз ету;

- Пән бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету;

- Пән бойынша жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.

Оқудан күтілетін нәтижелер:

- мұғалімдер пән бойынша жаңартылған бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;

- мұғалімдер пән бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;

- мұғалімдер пән бойынша жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді. Әр сабақтарда сын тұрғысынан ойлауға дамыту үшін әсіресе биология сабақтарына моделдеу, жобалау, эксперименттік сабақтар оқушының қиялын дамытуға бағыттайды. Курсқа келген мұғалімдер сол ортада болғандарын ерекше бір сезіммен айта отырып, қаншалықты баланың дамуына, сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы деп санайды.

Бұдан шығатын негізгі түйін, баланы білуге өз еркімен, шын махаббатпен жетелей білсек, өзіндік ұстанымы, көзқарасы бар шәкірт тәрбиелесек, көздеген мақсатқа жете білгеніміз. Яғни, баланың ынтасын жетелеу қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету, көрнекілікпен көрсету, оны өз беттерінше практикада қолдана білуі қажет деген сөз.

Зерттеу объектісі: бастауыш сыныпта «Сандар және өлшемдер» бөлімін оқытудағы математика пәні.

Зерттеудің мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұныны сай математика пәнінің «Сандар және өлшемдер» бөлімін бастауыш сыныпта оқытудың тиімділігін арттырып, сондай - ақ оқытудың әдіс - тәсілдерін және мүмкіндіктерін теориялық, практикалық тұрғыдан анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

  • Бастауыш сыныптағы математика пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, оңдағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарынанықтау;
  • Математика пәні бойынша «Сандар және өлшемдер» бөлімін оқытудағы әдіс - тәсілдердізерттеу;
  • Математика пәні бойынша «Сандар және өлшемдер» бөлімін оқытудағы тиімді әдіс - тәсілдердіұсыну.

Ғылыми болжам: егер , бастауыш сыныпта жаңартылған білім беру мазмұнына сай тиімді әдіс-тәсілдер анықталып, кеңінен қолданылса, онда оқушыларға «Сандар және өлшемдер» бөлімінің мазмұнын меңгеру жеңіл болар еді.

Зерттеудің теориялық маңызы: Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейлерін арттыру жағдайы қарастырылады.

Зерттеудің практикалық маңызы: Курстық жұмысты жазу барысында педагогикалық әдебиеттер мен көптеген ақпараттық жаңа технологияларға жасалған шолу, талдау жұмыстарының қорытындысы білім процесінде қолдануға, теориялық білімді толықтыруға зор ықпал етеді.

Зерттеу әдістері :

Зерттеу әдістері теориялық және практикалық деп екіге бөлінеді.

  1. Теориялық әдістер: талдау, жинақтау, нақтылау, салыстыру, жіктеу.
  2. Практиканы зерттеу үшін қолданылатын әдістер: бақылау, әңгіме, өзіне - өзі баға беру, педагогикалық тәжірибені зерттеу, педагогикалық тәжірибе жүргізу, эксперимент.

Зерттеу көздері: математика пәнінен жаңартылған білім беру бағдарламасы, 1-2 сыныптардың математика оқулықтары, ғалымдардың еңбектері, интернет көздері.

Зерттеу базасы: БҚО, Жәнібек ауданы, Т. Жароков атындағы ЖББОМ

1-БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТЫЛАТЫН САНДАР МЕН ӨЛШЕМДЕР

1. 1. Бастауыш сыныпта қарастырылатын сандар мен өлшемдер

Математикада әр түрлі, векторлық және скаляр шамалар қарастырылады. Вкторлық шаманы анықтау үшін оның мәнін және бағытын көрсеу қажет болады. Векторлық шамаларға күш, үдеу, электр өрісінің кернеулігі, т. с. с. жатады. Бір ғана сандық мәнімен анықталатын шамалар скаляр шамалар деп аталады. Оларға: ұзындық, аудан, масса, көлем жатады.

Скаляр шамалар қасиеттері:

1) Шамалар өлшемдікпен сипаталады, яғни егер а шамасының қандай да бір е мәні бірлік ретінде алынса, онда а шамасының әрбір мәніне қандай да бір оң нақты санды сәйкесендіруге болады: а=ре , мұндағы p€ R , яғни m(a) =p.

2) Шамалар үздіксіздікпен сипатталады, яғни егер а шамасының бірлік мәні таңап (а) алынса, онда (s, t) аралығынан алынған әрбір нақты сан осы шаманың қандай да бір мәніне сәйкес келеді.

3) Шамалар салыстырмалықпен сипатталады, яғни кез келген біртекті екі шаманы салыстыруға болады. Біртекті шамалар үшін, «тең», «кем» және «артық» қатынастары орын алады, кез келген a мен b шамалары үшін a<b, a=b, a>b қатынастарының біреуі, тек біреуі ғана орындалады.

Егер a мен b шамалары бірлік е шамасы арқылы өлшенген болса, онда a мен b шамалары арасындағы қатынас олардың сандық мәндерінің арасындағы қатынастай болады және керісінше: a=b↔︎m e (a) =m e (b) ; a<b↔︎ m e (a) < m e (b) ; a>b↔︎ m e (a) > m e (b) ;

4) Шамалар аддитивтілікпен сипатталады, яғни тегі бірдей шамаларды қосуға болады, қосу нәтижесінде тегі сондай шама шығады.

5) Шаманы нақты санға көбейтуге болады, нәтижеде тегі сондай шама алынады, яғни кез келген a шамасы мен кез келген теріс емес нақты х саны үшін а шамасының санға көбейтіндісі деп аталатын жалғыз ғана b=xa шамасы бар болады.

Айналамызда бізді қоршап тұрған нақты дүние заттар мен құбылыстардың жиынтығы және олардың арасындағы әр түрлі қатынастар арқылы сипатталады. Нақты дүние ұдайы үздіксіз және әр түлі өзгерістерге ұшырап отырады.

Мәселен, ауа райы, адамның жасы өзгереді, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзгеріске ұшырайды.

Біздің санамызда заттар мен құбылыстар қасиеттерінің бейнелеуі барасында қандай да бір ұғым қалыптасады. Ұзындық, ауадан, масса, уақыт, сыйымдылық (көлем), жылдамдық, температура, баға және т. б шамалардың мысалдары болып табылады. Бұл ұғымдар - тек математикада ғана емес, сондай - ақ физика, химия және басқа да ғалымдарда да қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Көп жағдайда мұны шама ұғымының таза(арнайы) математикалық ұғым болып табылмайиындығымен, сондықтан әр түрлі мағынада көрінетіндігімен түсіндіреді. Шамалар жайындағы жалпы түсініктер оларға тән ерекшеліктерді сипаттауға мүмкіндік береді.

1) Шама нақты объектілер мен құбылыстардың ерекше қасиеттері. Мәселен, заттаржың бойлылық қасиеті ұзындық деп аталады. Бұл сөз нақты объектілердің бойлылығы жайында әңгіме болғанда қолданамыз.

2) Шама заттар мен құбылыстардың, оларды салыстыруға мүмкіндік беретіндей қасиеттері. Сондай-ақ, осы қасиеті арқылы оған бірдей деңгейде ие болатын объектілер жұбын тағайындауға болады. Мысалы, ұзындығы болу қасиетіне ие болатын барлық заттар жиынында ұзындығы бірдей заттар эквикаленттілік класты құрайды.

3) Шама заттары немесе құбылыстарды салыстыруға мүмкіндік беретіндей қасиет болумен бірге осы қасиеттің көмегімен екі эквивалентті емес заттардың қайсысы бұл қасиетке көбірек ие болатындығын тағайындауға мүмкіндік береді. Мысалы, «ұзындығы бар» қасиетіне ие болатын барлық заттар жиынында ұзындығы әр түрлі екі заттың қайсысы ұзынырақ болатындығын тағайындауға болады.

Массанның негізгі бірлігі килограмм және ол 4 о С температурадағы 1 дм 3 судың массасы ретінде анықталған. Бұл 1889 жылы платина-иридийден құйылған цилиндрдің массасы. Бұл эталон өлшем мен салмақты халықаралық бюросында, Севра қаласында сақталған.

1960 жылға дейін секунд тәуліктің 86400 ден 1 бөлігі ретінде, яғни секунд Жердің өз осінен айнала қозғалуы бойынша анықталған болатын.

Жалпы, ғылым мен техниканың дамуы уақыт бірлігін анықтауда өзгерістердің өзгерістердің жиі енуіне себепкер болды.

Аудан бірлігі - шаршы метр (м 2 ), шаршы километр (км 2 ), шаршы дициметр (дм 2 ), шаршы сантиметр (см 2 ), шаршы миллиметр (мм 2 ) .

Көлем бірлігі- текше метр (м 3 ), текше дициметр (дм 3 ), текше сантиметр (см 3 ), текше миллиметр (мм 3 ), литр (л), гектолитр (гл), миллилитр (мл) .

СИ жүйесінде литр текше дициметрдің ерекше атауы ретінде қарастырылады, яғни 1 л = 1 дм 3 .

Жылдамдық бірлігі - метр/секунд, (с/м), километр/сағат, (км/сағ) сантиметр/секунд (см/с) .

Біздің елімізде қолданылатын шама бірліктерін, олардың белгіленуі, атауы, қолдану ережесін мемлекеттік стандарт белгілейді. Мысалы:

Масса бірлігі ретінде, тонна (т), уақыт бірлігі ретінде - минут (мин), сағат (сағ), тәулік (тәул. ), апта, ай, жыл, ғасыр; аудан бірлігі ретінде - гектар (га) ; температура - бірлігі ретінде Цельсия ( 0 С) градусы белгіленген.

Кесіндінің ұзындығы және оны өлшеу

Кесіндінің ұзындығы деп әрбір кесінді үшін төмендегіше анықталатындай оң шаманы айтады.

  1. тең кесінділердің ұзындықтары тең болады;
  2. егер кесінде саны шектеулі кесінділерден құралса, онда оның ұзындығы осы кесінділердің ұзындықтарының қосындысына тең болады.

Кесіндінің ұзындығын өлшеуді былай жүзеге асырады. Кесінділер жиынынан қандай да бір кесіндісін таңдап алады да оны ұзындық бірлігі ретінде қабылдайды. а к есіндісінің бойына оның бір ұшынан бастап е кесіндісіне тең болатын кесінділерді, бұл мүмкін болғанша, өлшеп салады.

Кесінді ұзындығының негізгі қасиеттеріне мыналар жатады:

  1. ұзындықтың таңдап алынағн бірлігінде кез клеген кесіндінің ұзындығы оң нақты санмен өрнектеледі және кез келген оң нақты сан шін ұзындығы осы санмен өрнектелетін кесінді бар болады.
  2. Егер екі кесінді тең болса, олардың ұзындықтарының сандық мәнері тең болады және керісінше, егер екі кесіндінің ұзындықтарының сандық мәндері тең болса, онда кесінделердің өздері де тең болдаы.
  3. Егер берілген кесінді бірінше кесінділердің қосындысы болып табылатын болса, онда оның ұзындықтарының сандық мәні қосылғыш кесінділердің ұзындықтарының сандық мәндерінің қосындысына тең болады.
  4. ұзындықтары үшінb=хатеңдігі орындалса жәнеакесіндісінің ұзындығыебірлікпен өлшенген болса, сандық мәнін табу сандық мәніне көбейту жеткілікті.
  5. Ұзындық бірлігін ауыстырғанда ұзындықтың мәні жаңа бірлік бұрынғыдан қанша есе кем (артық) болса, сонша есе ұзарады (қысқарады) .
  6. Сондай - ақ мыналар орындалады:

Ұзындық басқа да стандарт бірліктеріне мм, см, дм, км жатады. Ұзындықтың бірліктері арасындағы қатынас төмендегі кестемен сипатталады;

1 см = 10 мм

1 дм = 10 см = 100 мм

1 м = 10 дм = 100 см = 1000 мм

1 км = 1000 м = 1 дм = 1 см = 1 мм

Фигураның ауданы және оны өлшеу

Фигураның ауданы деп әрібір фигура үшін төмендегіше анықталатын теріс емес шаманы айтады:

  1. Тең фигуралардың аудандары тең болады;
  2. Егер фигура саны шектеулі фигуралардан құралатын болса, онда оның ауданы олардың аудандарының қосындысына тең болады.

Ауданның тұрмыста жиі қолданылып жүрген стандарт бірліктері: мм 2 см 2 дм 2 м 2 км 2 , сондай - ақ а (ар), га (гектар) .

Фигуралар аудандарының негізгі қасиеттеріне мыналар жатады:

  1. Егер фигуралар тең болса, онда олардың аудандарының сандық мәндері тең болады.
  2. ЕгерFфигурасыF1, F2, . . . Fnфигураларынан құралған болса, ондаFфигурасы ауданның сандық мәніF1, F2, . . . Fnаудандарының сандық мәндерінің қосындысына тең болады.
  3. Ауданның өлшем бірлігін ауыстырғанда фигура ауданның сандық мәні, жаңа бірлік бұрынғыдан қанша есе кем (артық) болса, сонша есе артады (кемиді) .

Заттың массасы және оны өлшеу

Масса - негізгі физикалық шамалардың бірі.

Математикалық көзқарас тұрғысынан алғанда, масса төмендегі қасиеттерге ие болатын оң шама:

  1. Таразыға басқанда бірімен-бірі теңесетіндей заттардың массалары бірдей болады;
  2. Заттар біртұтас болып біріктірілгенде, масса қосылады, бірге алынған бірнеше заттардың массасы олардың массаларының қосындысына тең болады.

Массаның негізі бірлігі - килограмм және ол 4 0 С температуардағы 1 дм 3 судың массасы ретінде анықталған. Массаның бірліктері: мг, г, кг, ц, т. Масса бірліктерінің арасындағы қатынас кестеде берілген:

1 г = 1000 мг

1 кг = 1000 г = 10 6 мг

1 ц = 100 кг = 10 5 г = 10 8 мг

1 т = 10 ц = 1000 кг = 10 6 г = 10 9 мг.

Бастауыш мектепте «масса» және «сыйымдылық» қарапайым деңгейде ғана анықталады. Массаны салыстыруды таразымен, ал сыйымдылықты салыстыруды стандарт шыны, т. б. ыдыстарға құйылған сұйықтар жіне бір ыдыстағы суды басқа ыдыстарға қотарып құю арқылы жүзеге асырудың мүмкіндігін көрсетіп беруге болады. Массаны өлшеу үшін қолданылатын таразы түрлері және кіртастары, негізгі өлшеу бірлігі - килограмм.

Уақыт аралығы және оны өлшеу

Біз күн жүйесіне кіретін Жер планетасында тұрамыз. Күн жүйесінің кіндігі - Күн деп аталатын жұлдыз, ал Жер - планета. Күн ыстық, Жер салқын. Жер күнді өзінің осінде айналады. Жердің күнді айналып шығу уақыты - жыл деп, ал Жердің өз осінен айналып шығу уақыты - тәулік деп аталады. Бір тәулікте 24 сағат, бір сағатта 60 минут, бір минутта 60 секунд бар. Уақытты дәл анықтау үшін секундтың 10 - нан, 100 - ден бір бөлігі қолданылады. Ал секундтың 1000 - нан бір бөлігі - миллисекунд деп аталады.

1 жылда 12 ай бар. Олар: қаңтар (31 күн), ақпан (28 немесе 29 күн), наурыз (31 күн), сәуір (30 күн), мамыр (31 күн), маусым (30 күн), шілде (31 күн), тамыз (31 күн), қыркүйек (30 күн), қазан (31 күн), қараша (30 күн), желтоқсан (31 күн) .

Бұл сандарды қосу арқылы жай жылда 365, кібісе жылда 366 күн болатынына көз жеткізуге болады.

ТӘУЛІК - уақыт бірлігі. Бұл жердің өз осі толық айналуына кететін уақыт.

САҒАТ - уақыт бірлігі. Бұл тәуліктің 24 - тен бір бөлігі.

МИНУТ - уақыт бірлігі. Бұл сағаттың 60 - тан бір бөлігі.

СЕКУНД - уақыт бірлігі. Бұл минуттың 60 - тан бір бөлігі.

МИЛЛИСЕКУНД - уақыт бірлігі. Бұл секундтың мыңнан бір бөлігі.

ЖЫЛ - уақыт бірлігі. Жердің күнді айналып шығу уақыты. Кібісе жылда 366 тәулік, жай жылда 365 тәулік.

АЙ - уақыт кесіндісі 28, 29, 3 немесе 31 күн. Бір жылда 12 ай бар. Олар былай аталады: қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан.

ДЕКАДА - 10 күннен тұратын уақыт аралығы. 30 күннен тұратын айда 3 декада; ал ақпанның 3-ші декадасы толық емес; ал қалған айларда 3 декададан және бір күннен бар.

АПТА - 7 күннен тұратын уақыт аралығы. Күндер былай аталады: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

МАУСЫМ - 3 айлық уақыт аралығы. Қысқа маусым: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Көктемгі маусым: наурыз, сәуір, мамыр. Жазғы маусым: маусым, шілде, тамыз. Күзгі маусым: қыркүйек, қазан, қараша.

КВАРТАЛ - 3 ай бір квартал болып саналады. І-ші кварталға: қаңтар, ақпан, наурыз; ІІ - ші кварталға: сәуір, мамыр, маусым; ІІІ - ші кварталға: шілде, тамыз, қыркүйек; ІV - ші кварталға: қазан, қараша, желтоқсан кіреді.

Шамалар арасындағы тәуелділік

Әр түрлі сандық мәндерді қабылдайтын шама ұғымы бізді қоршаған дүниенің өзгеруінің айнасы болып табылады. Математиканың бастауыш курсы негізінен шамалар арасындағы тәуелділіктің төрт тобын: тауардың құнын, оның саны мен бағасын, бір заттың массасын, заттардың санын және жалпы массаны, тік төртбұрыштың енін, ұзындығын және ауданын, қозғалыс уақытын, жылдамдығын және жолын қарастырады.

Шамалар арасындағы тәуелділікті білу бір ғана есепті шешудің әр түрлі тәсілдерін табуға және оларды күнделікті өмір мен тұрмыс мәселлерінде кеңенен қолдануға мүмкіндік береді.

1. 2. Натурал саны мен 0 саны, бөлшектер, сандармен амалдар орындау

Сан - баста заттарды санаудың мұқтаждығынан пайда болған негізгі математикалық ұғымдардың бірі. Ол кейін математикалык білімдердің дамуына қарай жетілдірілді. Бұл ұғым өте ерте I заманда, күллі математика ғылымы сияқты адамдардың практикалық қызметінің қажеттігінен келіп туды. Ол өте баяу қалыптасты, сөйтіп барған сайын практикалық реті күрделене тускен, ал онан соң теориялық сипаттағы мәселелерді шешу барысында көптеген ғасырлар бойы біртіндеп кеңейіп отырды.

Бұл ұғымның маңыздылығы туралы ғалымдар мынандай пікірлер айтқан. Мәселен, Э. Борель (1871-1956) : "Адамдардың білімі онда санның қандай рол атқаратынына байланысты Ғылым атына ие болуға лайық", - деп жазды.

Натурал сан ұғымының дамуы ерте заманда адамның заттар жиынтығының санын оларды санамай-ак, яғни өзара бір мәнді сәйкестікті тағайындау негізінде қабылдануымен сипатталады. Өте ұзақ дамудың нәтижесінде адам натурал сандарды жасаудың келесі кезеңіне жеті - жиынды салыстыру үшін аралық жиындарды қолдана бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Метрологиядагы физикалық шамалардың өлшем бірліктері
Физикалық шамалар, олардың бірліктері және шкалалары жайлы ақпарат
Метрологияның негізгі ұғымдары
Физикалық шамалар, олардың бірліктері және шкалалары туралы
Физикалық шамалардың бірліктер жүйелері
Физикалық шама
Физикалық шама бірліктері жүйесі
Өлшем бірліктерінің теориясы
Жүйеден тыс өлшем бірліктер
Физикалық шама бірліктер жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz